ӘОЖ 374 Р18
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІ МЕН ДЕРБЕС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ОҚУ – ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ЕСКЕРІЛУІ
Алиева П.С., Күмісбекова Ж.Н., Бұзаубақова К.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген . Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған. Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігінет тән ерекшеліктері мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг еседі.6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 кг 36 кг –ға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызға тең болады. Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді.7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжрибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу,есептеу,оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті мәдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді. Рефлексиялы түрде, яғни өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалыпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және өзгерістерді қадағалай алуы. «Бұған дейін қолымнан келеді» .»Бұған дейін жасай алмадым», «Бұрын қандай болдым-қазір қандаймын», бұларқол жеткізілгендер мен өзгерістердің, терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс -әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арадаістелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекеттің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынай өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларын құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақтыларында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды, әрі ойнағанда да аса маңызды әлеуметтік дағды қалып тастырады. «Балалар қоғамының» ролі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көзжеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып – білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, сбеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың қалқып жүретінін білетін болады. Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, сол ғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Баланы бәрі қызықтыруы мүмкін:
Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі «неге?», «Қандай?» «Нелікетен?», деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенген, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол тек ойша араласып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады..
Мектепте оқыта бастағанда баланы ойлау жұүйесі өзінің эгоцентризмі мен белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімнің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді. Бала қоршаған тортаны зерттеуге бағытталған танымдықұ белсенділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалоғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса,ол ода.н екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді
Жасауғада осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған «іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді. тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді. Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып, ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін түсіндіреді және оны қалай жасау кертігінің әдісін де айтады. Балалар альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарандашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы бұрышына, міне , мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі бір деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да баиқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады. Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезіде-ақ өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқұа жаққа ауып отыруы оны тез шаршатудан сақтайды. Бұл ерекшелікойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін кңөрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар интеллектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді. Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайдағы өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырп көру арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады, Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балалрға заттардың, бейнелердің белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көру береді., алайда онв арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді., әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әр түрлі оқиғалар, «өлеңдер» ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерлерінің сапалық жақтары арқылы жаңа беинелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлекісіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәнің бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасып ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын. Ең басты – тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру.Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістетеу кезінде санаға тсетін салмақ, мазмұнды басқару әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызымет ретінде жаттықтырады. Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешетін, өз басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі әкеге ие бола алады.
Қиял өз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып, көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы, ол балашақтағы өз-әіс-әрекеттеріне мазмұн болатын жағдайларға бейімделе алады. Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен роль атқарады, қияладың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайыв өмірде көбірек қателеседі. Қиялдап шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілетінің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әректеі ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қбілетін меңгердің және дамытудың айқындаушылық маңызы бар. тСөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынандай түрлері болады: біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден оқи, және жаза алу. Оқи білу де жаза білуі де – тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, граматикасына, орфогафикасына сүйенетін сөйлеу дағдылары . үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады. Яғни,әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үтірінген сөздермен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым граматикалық түрлері мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Тіл меңгеу базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байтып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оныцң сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады. Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқвныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелері мен алиасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын дегендіктен емес, негізінен ата-аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың имұңға батып, қайғы-қасіретте қалуы оны қатты алаңдатады. Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқада сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.Кейде тіпті баланың көңіл-күйін жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады. Баланы тыңдап отырғаннан да, мектепке баруға ниетпен қалай да көндірген дұрыс.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалрадың 5-8 пайызының , қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес.Алайда бұл жағдай баланың эмоцианалдық, ақыл-ой, интелектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді. Мұндай мінез-құлық жүйкеге күш түсіруінен пайда болуы да мүмкін және ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді. Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды орындауда қатты қиналады, себебі оларға өз назарын бір жерге аударып , тыныш отыруы өте қиын. Мұндай балалар, әдетте ата-аналармен мұғалімдердің ерекше назарында болуы керек.
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенділіктің себебі, әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зертеушілер оның себептерін, күнделікті ішіп жүрген тағамнан\, баланың өзінің ерік жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктерінен іздейді. Бүгінгі таңда келеңсіз жайттардың алдын алу мен емделудің түрлі тәсілдері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер белсенді балалрды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамына қантты, жасанды дәмдеуіштермен тағамға қосылатын заттарды алып тастау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді. Осы және осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың бойындағы ерекше белсенділікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына,сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез-құлқының жақсаруына себеп болады. Әрине, емделудің бірыңғай тәсілі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |