Сонымен проект сабағы деген не?
Проект сабағы бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Оның дәстүрлі сабақтардан теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да өзгешелегі бар. Проектік сабақтың басы – бір мәселе, не ерекше ой – пікірмен (идея) басталып, аяғы презентациямен аяқталады. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен білімгерлер бірігіп жоспар құрып, жұмыс істеу әдістерін таңдайды. Жоспарлау, жұмыстарды орындау барысында білімгерлер өз беттерінше жұмыс істейді. Атап айтқанда:
білімгерлерге өз өмір тәжірибелерін, өз ойларын сабақта пайдалануға мүмкіндік беріледі;
сабақтың бір бөлігін жүргізу білімгерлерге жүктеледі;
білімгерлер өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, құжаттандырады, жұмыстарының қорытындысымен басқа білімгерлерді топ алдында шығып таныстырады, баяндайды.
“Проект” деген сөздің өзі латын тілінен Еуропа тілдеріне еніп – “алғатасталған ой, алға шығып сөйлеуші” деген мағыналарды білдіреді.
Проект сабақтары Еуропа елдерінде, оның ішінде Алмания мемлекетіндегі мектептерде, жоғары оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Өз Отанын танып білу мақсатында мектеп оқушылары мен мұғалімдер арнайы жоспар бойынша, өз туған жерлері, тарихи ескерткіштері, атақты адамдары жайлы материалдар жинайды, зерттейді, саяхаттар жасайды, алған мәліметтерін қорытындылайды, өз елінің экономикасымен, тарихымен, географиясымен, экологиялық жағдайымен танысу үшін арнайы мекемелерге барып, экологиялық, экономикалық, тарихи, лингвистикалық т.б. зерттеулер жүргізеді, ұлы адамдар тұрған үйлерге барып, еңбектерімен танысады, кітапханалардан ұлттық мерекелердің шығу тарихын зерттейді, сұраунамалар жүргізеді, ұлттық мекемелерге іс-шаралар дайындап т.б. қыруар еңбектер атқарады. Мұндай сабақтардың елін, жерін, ұлтын, салт-дәстүрін жақсы білетін ұлтжанды ұрпақ өсіруде маңызы зор екені естен шығарылмайды және осы сабақтарға қажетінше қаражатты аямайды.
Проект сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады. І. Дайындық кезеңі:
а) негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту;
ә) сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу;
б) қосымша материалдар енгізу;
ІІ. Тақырыптарды бөлу;
а) білімгерлерді кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыптар табу;
ә) тақырыптарды талқылау;
ІІІ. Негізгі тақырыптарды нақты кіші тақырыптарға бөлу;
а) сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рольдерді, тапсырмаларды бөлу; кім не істейді, қашан, қалай, қандай құралдар пайдаланады т.б.
Проект сабағына дайындық кезінде жоспарды басшылыққа алған жөн. Бірақ сабақ жоспарынан ауытқуға да болады. Себебі проектік сабақ барысында шығармашылық еркіндік болуы қажет.
ІV. Мәліметтерді жинау;
а) түпнұсқадағы кітап, газет-журнал т.б. мәліметтер;
ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер;
б) белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер;
в) көшеде алынған сұхбат мәліметтері;
г) фото-сурет т.б.
ғ) интернеттен алынған мәліметтер.
V. Жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау;
а) таңдау, реттеу, өңдеу, презентацияға дайындау.
ә) плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, брошюра жазу, слайдтар дайындау, бейнетаспа түсіру, мақала, реферат жазу, т.б.
VI. Презентация:
а) әр кіші топ дайындаған презентациясын басқа білімгерлер алдында айтып түсіндіреді, көрсетеді;
ә) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат, бейнетаспа, слайдтар, топтамалар рольдік ойындар, қабырға газеті, реферат, баяндама, мақала т.б. түрінде дайындау;
б) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат бейнетаспа, слайдтар, топтамалар рольдік ойындар, қабырға газеті, реферат, баяндама, мақала т.б. көмегімен ауызша айтып беру;
в) пікірталас, пікірсайыс, рольдік ойындар, конференция әдістерін пайдалану т.б.
г) қорытындыда қысқаша жұмыс жоспарымен, істің барысымен таныстыру (не істеу жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, егер бастапқы жоспар өзгерсе, неге байланысты өзгерді, бұдан да жақсы істеуге болар ма еді т.б.); Білімгерлерге сабақты бағалау ұсынылады. Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады немесе не ұнамады? Жоспар іске астыма? т.б. /3/
Проект жұмысы мынандай 4 бағытта жүзеге асады.
Тақырып таңдау;
Идея болу. (Бұл тақырыппен біз не істейміз, не көрсетеміз, қайда барамыз?)
Мақсат қою. (Не үшін бұл тақырып таңдалды?, Таңдалған тақырып бойынша не біледі, не білгісі келеді?) Қойылған мақсат анық болу қажет.
Тақырыпқа, идеяға байланысты материалдар жинау, (кітапханаларға бару, қажетті жерлерге бару)
Презентация (Қашан, кай жерде, және кімдер үшін екенін алдын ала хабарлап айту)
Презентацияға 15-20 минут қана беріледі. /4/
Бұндай сабақтарды бір күнде дайындықсыз өткізе салу мүмкін емес. Проект жұмысы әрі қызықты, әрі материалдар көп болу үшін оған арнайы (кемінде екі аптадан кем емес) жеткілікті уақыт берілуі тиіс. Дәстүрлі сабақтарға үйренген білімгерлер бір күнде проектік сабаққа ауыса да алмайды. Проект жұмысы білімгерлерді адами қасиеттерге баулиды. Сондықтан проектік сабақтар жұмысы білімгерлер үшін:
өз бетінше жұмыс істеу, іздену;
шет тілін оқытушысыз қолдана алу;
әр түрлі сөздіктермен жұмыс істеу, аудару;
топтарда, пармен жұмыс істеу;
жұмыс кезінде бірін-бірі қолдап, көмектесу;
басқалардың жетістіктерін бағалау;
бір-бірімен тіл табысып жұмыс істеу;
басқалардың алдында жауапкершілігін түсіну;
өз қабілетін анықтау;
көптеген техникалық құралдармен ( компьютер, фотоаппараттар, видео камералар т.б.) жұмыс істеу;
түрлі бағдарламалармен (Activ Studio, FLP, PPT) жұмыс істеу болып табылады.
Проект сабақтары – бірнеше сабаққа созылатын ұзақ әрекет деп ойлауға болмайды. Сабақтардың ұзақтығы әр түрлі, ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері бірнеше айға созылады, кейбіреулерін мақсатына қарай бір күнде ұйымдастыруға болады. Бұндай сабақтарды өткізер алдында оқытушы ұсыныс жасайды, білімгерлердің инициативасын қолдайды, қажетті материалдарды қайдан табуға болатынын айтып, кеңес береді, сабақтың құрылысын анықтауға көмектеседі. Оқытушының рөлі өзгереді. Егер ол бұрын аудиторияда барлық сұрақтарға жауап білетін басшы, үйретуші ретінде болса, енді белгілі бір жағдайда қолдану керек әдістерді, мақсатқа жетудің жолдарын көрсететін кеңесші рөлінде болады.
XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген шведтік педагог Иоган Пестолици “Оқыту кезінде бас, жүрек, қол” бірге қатыстырылуы қажет деп айтып кеткен екен. Проектік сабақтарда ұлы педагогтің айтып кеткен қағидасы пайдаланылады. Білімгерлер баспен ойлап, жүрекпен түсініп, қолдарымен істеген сабақтар оларды дәстүрлі жалықтыратын сабақтардан құтқарып, еркін кеңістік ашуға мүмкіндік береді. Үлгерімі нашар білімгерлер бір нәрсені дұрыс айтпай қалармын деген қорқыныштан арылып, сабаққа белсене қатыса алады. Білімгерлерге сабақтың соңғы кезеңі – презентация кезеңінде өз еңбектерінің жемісін көру ұнайды.
Ғалымдардың есептеуінше проектік сабақтар кезінде білімгерлер алған мәліметтерінің 90 % есте сақталады. Қытай мақалында айтылғандай, “Мен естігенімді – ұмытамын, мен көргенімді – еске сақтаймын, мен – қолмен істегенімді түсінемін” - білімгерлер өздері жүргізген сабақтарды, өздері тапқан мәліметтерді естерінде жақсы сақтайды.
Проект сабақтарына төмендегідей сипаттама беруге болады:
Оқытушы мен білімгерлердің бірге жұмыс істеуі;
Топпен жұмыс істеу (пармен жұмыс істеу);
Білімгерлердің белсенділігі (жоспарлайды, эксперимент жасайды, іздейді, дайындайды, безендіреді);
Басқа мекемелермен, ұйымдармен мамандармен бірге жұмыс істейді;
Сабақ үстінде де, сабақтан кейін де жұмыс істелінеді;
Білімгерлердің шешім қабылдауға құқығы бар;
Сабақ зерттеулерге, шығармашылыққа бағытталған;
Білім алу, білімгерлердің өз іс-әрекеттері арқылы іске асады;
Өз қателерін өздері түзету арқылы үйренеді;
Теория мен практика байланысты;
Жиналған материалдар сабақтың соңы қандай болатынын анықтайды;
Білімгерлер дербес, өз бетінше жұмыс істейді;
Оқытушының жаңа рөлі (тексерушіден - кеңесшіге);
Сабақтың соңы – презентациямен аяқталады.
Проектік сабақты дайындау кезінде төмендегідей әдістерді пайдалануға болады:
сұраунама жүргізу;
экскурсияға бару;
сұхбат алу;
кітапханада мәліметтер іздеу;
әр түрлі мекемелермен байланысу;
мәліметтерді Интернеттен іздеу;
эксперименттер жүргізу;
мамандармен әңгімемелесу; объектілерді бақылау;
мәліметтерді сұрастыру.
Тақырып бойынша табысты жұмыс істеу үшін төмендегідей дағдыларға машықтану қажет:
жоспарлау; таңдау; пікірлесу;пікір таластыру; дәлелдеу; шешім қабылдау; бірлесіп істеу; зерттеу; іздестіру; жасау (қолмен); ойлап шығару; безендіру; бағалау; қорытынды шығару; құжаттандыру;
Презентацияға материалдарды төмендегіше дайындауға болады:
- брошюролар дайындау; плакаттар дайындау; коллаждар желімдеу; эскиздер салу;
- карталар, кестелер, эмблемалар, декорация, схемалар салу; фотодокументтер дайындау; қабырға газеттерін, үндеулер шығару; викториналар, фотовикториналар дайындау; көрмелер дайындау; мақала жазу; репортаж жасау; бейнефильм түсіру; хат жазу; телехабар түсіру; реферат жазу; есеп жазу; баяндама жазу; слайдтар дайындау.
Проектік сабақ дайындау барысында қолмен атқарылған жұмыстар:
- өлшеу, санау, есептеу; тәжірибелер жүргізу; үлгілерді (заттардың) қолдан жасау, тігу; өлең айту, билеу, аспаптарда ойнау; сурет салу, эскиздер жасау, фотоға түсіру; плакаттар жазу; материалдарды өңдеу; компьютерде теру. /3/
Сабақ дайындау, жүргізу барысында пайдалануға болатын құралдар:
компьютер;
бейнекамера;
фотоаппарат;
магнитофон;
микрофон;
кітаптар, журналдар, сөздіктер т.б.
Проектік сабақтың презентациясында пайдаланатын басқа интерактивті әдістерінің түрлері:
жарыссөздер;
пікір таластарулар;
рөлдік ойындар;
ойындар;
көріністерді сахналау;
Проект жұмысы оқытушы үшін:
көмекші;
бірге істеуші;
бағыт беруші;
партнер (серік);
бақылаушы;
кеңесші.
Жобалау әдiсiн зерттеп өз теориясын ұсынған ғалымдардың бiрi П.Я. Гальпериннiң ақыл-ойдың кезеңдiк қалыптасуы туралы теориясына сүйене отырып, шет тiлiн жобалау әдiсi арқылы оқыту жолын тиiмдiлiкпен ұйымдастыру мүмкiндiгiнің мол екенiн анықтауға болады. /4/ Бұндай жұмыстарды атқарған білімгерлер келешекте икемді, бейімделгіш, ізденгіш, шығармашылық ойлайтын мамандар болып шығары сөзсіз. Проектік сабақтарды дайындау, өткізу барысындағы – қол жеткізетін табыстар – қазіргі біздің жоғары оқу орындарының алдына қойылып отырған мақсатпен – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу – мақсатымен сәйкес келеді. Сондықтан проектік сабақтардың жастарымызға берері мол деп есептейміз. Қорыта айтқанда, интерактивті әдістер арқылы шет тілін жетік меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, сыни көзқарасы бар, бойларында белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі, отансүйгіштік сезімі жоғары, адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар болашақ маманды даярлауға әбден болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |