Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет66/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   203
ӘОЖ 159.9
Б 73


АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІ БЕЛЕҢ АЛЫП КЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ


Болтаев А.Д., Алтаева Ү.А., Зәуірбекова Ұ., Белгібаева А., Мауленова Қ.И.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі - бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар [1].


Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы үнемі қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгеруі тиіс. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінгені абзал.
Отбасының атқаратын белгілі кызметтері бар:
- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасауы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылыктарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпына келу (рекреативті - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету). Міне осы арқылы отбасындағы ауызбіршілікті,ынтымақты сақтауға болады.
Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Ал қазіргі таңда толық емес отбасы өте көп, бұл біздің қоғамымыздағы өзекті мәселе. Қазіргі кездегі ажырасу санының көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең үлкен міндет болып табылады.
Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсерін тигізе отырып, олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсер ететіні белгілі. Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.
Ажырасу кезінде үлкен эмоционалды күйзелісті әйелдер мен жасөспірімдер көп сезінеді. Әйелдер үшін қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен кейінгі үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі [2].
Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай,сонымен қатар, олардың балаларына, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларына өзінше кері әсерін тигізеді.
Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет