Дәрілік өсімдіктермен емдеу жолдары.
Дәрілік зоря– биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры ірі, жуан, сырт жағынан қарағанда сары, іш жағынан қарағанда ақ түсті. Тамырын жылдам кесіп қараса, сары түсті сөлдің бөлінетіндігін байқауға болады. Сабағы жұмыр, іші қуыс, жоғарғы жағында жайыла өседі. Жапырақтары теріс қаратып қойған жұмыртқа тәрізді, қалың жасыл түсті. Қауырсын тәрізденіп екі жерінен тілімделген, жоғарғылары да қауырсынтәрізді, шеттері ірі. Ұстап қарағанда жапырақтары қолға салқындау болып сезіледі. Ол жапырақтары құрамындағы эфир майларына байланысты. Гүлдері ашық сары түсті, күрделі, шатыр тәрізденіп тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Дәрі үшін оның тамырын жинайды. Құрамында эфир майлары, смолалы заттар, қант, крахмал, илік заттар бар. Зоря ішек құрттарын, сорғыш құрттарды түсіру үшін қолданылады. Өсімдіктің грамм тамырын стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады, 1 ас қасықтан 3 рет беру керек.
Түймешетен (Tanacetum) –күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық өңірінде тараған 15 түрі бар. Орманды, далалы, кейде сортаң топырақты жерлерде, тастақты төбешік баурайларында өседі. Оның биіктігі 30 – 150 см. Сабағы тік, көп болады. Жапырақтары қауырсын тәрізді тілімделген, кезектесіп орналасады. Сары түсті ұсақ гүлдері бір-бірден орналасып, себет гүлшоғырын құрайды, олар сабақтың ұшында жетіледі. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – дәнек.Түймешетен гүлінің құрамында танацет, галлус, т.б. органикалық қышқылдар, илік және бояғышзаттар, шайыр, эфир майы мен май болады. Улы өсімдік.Медицинадаішекқұртынтүсіретін, бауыр және өт жолдарынем дейтін дәрі ретінде қолданылады. 1 сағат бұрын 1 л суға 5гр салып 15-20 мин қайнатып, оның марля арқылы сүзіп алып, 5-6 күн тұнбасын күніне 3 рет қорек алдында 200мл-нан береміз.
Кермек Жусан –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.
Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Дәрілік мақсат үшін оның жер үстіндегі бөлігінің жоғарғы жағын гүлденген кезінде орып жинап алады, дәмі ащы болып келеді. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, абсинтин, анабсинтин, С витамині, смолалар, крахмал бар. Халық медицинасында жусан мұнымен қатар микробтарды жоятын, қабынуға қарсы әсер ететін, ішек құрттары мен сорғыштарды түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Тұнба 10 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 2 шай қасықтан күніне 3 рет қорегін беру алдында жарты сағат бұрын ішеді. Кермек жусаннан жасалған дәрілерді үздіксіз ұзық уақыт қабылдау уландыруға әкеліп соғатындықтан, емдеу аралықтарында 1 айдан үзіліс жасап отырған жөн.
Құлмақ – қос үйлі, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Халық медицинасында құлмақты паразит құрттарды түсіру үшін осы өсімдіктердің тұнбасын дәрі ретінде пайдаланылады.Өсімдіктің аналық гүл шоғырының 10 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, күніне 1 ас қасықтан жануарлардың қорегіне салып 3 рет беріледі.
Дермене– биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік.
Өсімдік улы деп есептеледі. Дәрі үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігінің жоғарғы жағын және гүл корзинкаларын толық ашылып кетпей тұрған кезінде жинап алады. Құрамында сантонин, майлар, ащы заттар, эфир майлары бар. Дермене құрамындағы сантонин организмдегі жұмыр құрттар, сорғыш құрттарды түсіреді. Дермене шөбін 1 л суға 100гр салып 15 мин қайнатып, оның марля арқылы сүзіп алып, жануарға 7-10 күн тұнбасын күніне 3 рет 200мл-нан қорегіне салып береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |