Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Эпизоотологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері



бет166/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   203
Эпизоотологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері
Эпизоотологиясы: дикроцелия ланцет тәрізді қос сорғышы бар кең таралған гельминт. Дикроцелиоз ауруы барлық еуропа елдерінде Азия елдерінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африка мен Австралияда және Қазақстанда да кең таралған.Қазақстанның оңтүстік өңірінде кең тараған гельминтоз. Дикроцелиоз малға тек қана өрісте жұғады. Тау бөктерінде дикроцелидің аралық иесі ұлулар, сондай – ақ трематодалардың қосымша иелері – құмырсқалар жиі кездеседі. Дикроцели жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзімді келеді. Ұлулар мен құмырсқада құрт ұрпақтары 3 жылдай сақталады. Дикроцелиозбен төрт түлікпен қатар шошқа, және кеміргіштер ауырады.
Патогенезі: Бауырды жайлаған сорғыштар жалжып орындарын ауыстырып отырады, сөйтіп өт арнасын бітеп тастайды. Соның нәтижесінде сұйықтықтың күшеюі бөлініп өт жолы зақымдалады. Бауыр мүшесінде сонымен қатар бүкіл ағзада қан айналу жүйесі бұзылады. Өт жолының зақымдалуы, ас қорыту жүйесі мен ішкі органдарымен ұлпалардың қызметінің бұзылуына әкеледі. Дикроцелиозбен ауырған жануар организміне гельминттер өзінің тіршілік әрекетінде қоректік заттармен, экскреттер мен секретте бөлу арқылы әсер етеді. Дикроцелия және олардың тіршілігіне қажетті өнімдер зат алмасу процесіне өте қатты әсерін тигізеді. Қоректік заттар қарын-ішек жолдарында физико-химиялық және биологиялық заттарды өңдеуінің төмендеуі нәтижесінде зат алмасу бұзылады. Дикроцелиоздың патологиялық процесс зәр шығару жүйесіне де әсерін тигізеді. Зәрдің физико-химиялық әсері өзгереді, нефрит, нефрос ауруының дамуына әкеліп соқтырады. Бауырдың ұлпалары мен оның қызметтерінің бұзылуы патологиялық кезеңдерінің өзгерістері, ауруларының белгілерінің пайда болуы көптеген факторларға байланысты: яғни дамудың стадияларына инвазияларының интинсивтілігіне, нағыз иенің, түрдің ерекшелігіне және олардың иммунитетіне, жануарлардың қорегі мен оларды күтіп баптау деңгейіне байланысты.
Клиникалық белгілері:Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Жануардың жем – шөпке зауқы нашарлайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, іші өтеді, көзге ілінетін мүшелердің кілегей қабаттары ақсарғыш тартады. Дикроцелиоз ауруымен ауырған жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, өт жолының бұзылуы, өсу мен дамудың тежелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет