Дикроцелиоз ауруын емдеу жолдары, профилактикасы Емдеу жолдары: Күйіс малының дикроцелиозына қарсы белгіленген ұсыныстар бойынша бірнеше антгельминттиктер қолданылады.Ірі қара малға дене салмағының массасына жарты литрге 0,3 г политрем беріледі. Фенбендазолды мал үйірінің қоректеріне кг - массасына 22,2 мг қосып беріледі. Тиабендазолды малдың кг – массасына 200-300 мг дозада суспензия түрінде дикроцелиозға қарсы беріледі. Фасковерм – дене салмағының 10 кг-на 1 мл дозада бұлшықетке салынады.
Роленол (құрамы 5%-ды клозантел) 1 мл 10кг тірі салмаққа есебінен бұлшық етке бір рет егіледі.
Клозантекс1 мл 10 кг тірі салмаққа есебінен бұлшық етке бір рет егіледі.
Рамектин (құрамы 12,5% рафоксанид және 1% ивермектин) 1мл 50кг тірі салмаққа есебінен тері астына бір рет егіледі.
Фазинекс-триклабендазол. Қолданылатын түрлері 2,5-5%-дық немесе 10%-дық суспензия, таблетка немесе ұсақ түйіршіктер. Қойдың жынысы жетілген сорғыштарына қарсы 1,5-2,5 г/кг мөлшерінде, құрттың басқа сатысына 5-10-12,5 мг/кг; ірі қараға 6-12 мг/кг есебінде қолданылады. Қойға 5%-дық, ірі қараға 10%-дық фазинекстің шыламасын жұтқыздырады.
Клозатерм-ірі қара малдарға қолданылады. Препаратты қолданғанда малдың сүтін 14 күннен кейін ғана пайдалануға болады. Бұл препаратты жемге араластырып беруге де болады. Жылға дейін жарайды. Ашылған күннен бастап – 28 күнге жарайды, температурасы – 5-25°С сақталады.
Панакур 22,2% түйіршікті дәрісін 0,15г/кг тәулігіне 1 рет, қойлар мен ешкілерге 0,1г/кг тәулігіне 2 рет беру керек. Фармакологиялық құрамы: Паразит құрттарға және олардың дернәсілдерін жоюға панакур әсерін тигізеді. Қолданылуы мен дозасы. Панакурды қорегімен бірге әртүрлі дозаларда қолданылады.Құрамы және шығарылу формасы: Панакур түйіршікті ұнтақ, ақ түсті, иіссіз түрінде шығарылады. Препарттаны 222 мл фенбендазол заты болады. 1000г-нан банкілерде шығарылады. Жылқыларға 1 кг 34мг, қойлар мен шошқаларға 1 кг 22 мг панакур беру керек.
Альбеннің құрамыныда 20% альбендозол және қосымша компоненттерден тұрады. Препарат массасы 1,8г таблетка түрінде шығарылады. Фармакологиялық құрамы: Альбен жыныс жүйесі толық жетілген антигельмент түрінде қолданылады. Препараттың механизмдік әсері құрттардың көмірсуларының алмасу қызметін бұзып, құрттардың өлуіне әсер етіп, жануарлардың ағзасынан сыртқа шығуына көмектеседі.
Бендаз плюс 535 антигельминтті препарат. Әрбір таблеткада 360 мл альбендазол және 175 мл оксихлозанид және қосымша компоненттерден тұрады. Фармакалогиялық құрамы: Альбендазол трематодтарға және жұмыртқаларына осы антигельминтті қолданады. Осы препаратты қолдану арқылы зәр және қалдық заттар арқылы шығарылады. Қолданылуы: бендаз плюс 535 аш қарынға қолданылады. Ірі қара малдарда дикроцелозға бендаз плюс 535 жануарлардың 35 кг салмағына 1 таблеткадан беріледі. Ал қойлар мен ешкілерге жануарлардың 45 кг салмағына 1 таблетка беріледі.
Альбендазол. Құрамы: Альбендазол 1 мл (10%) 100мг және қосымша компоненттер (қоюландырғыш, консервант, дистельденген су). Әсері: Альвет – суспензия – трематодтардың антигельминт препараттары ретінде көптеп қолданылады. Құрттардың олардың жұмыртқаларының көбейіп кетпеуіне альвет-суспензия көмегін тигізеді. Альвет – суспензия гельминттердің фумарат қызметтерінің редуктаза белсенділігін төмендеуіне, глюкозаның тасымалдау процесінің бұзылуына әсерін тигізіп, құрттардың өлуіне әкеп соғады. Препаратты қолданылуы: жануарларға қорек берер алдында аш қарынға трематодтарға қарсы альвет-суспензияны береді. Препаратты қолдану реті: ұсақ ірі қара малға 10% суспензия түрінде келесі дозада беріледі.
Трематозол.Құрамы: Препараттың 1 мл-де 95 мг- оксиклозанид, 200 мг – пирантел помоат бар.Фармакологиялық құрамы: оксиклозанид және пирател помоат деген екі белсенді заттардың комбинкациялануы, иеден трематодтар мен нематодтар қоздырғыштарына антигельмент ретінде үлкен әсерін тигізеді. Трематодтар ірі қара малдарда, қойлар мен ешкілерде паразит құрттар трематодтар кездеседі, соларға антигельмент ретінде беріледі.
Оксиклазанид – трематодтардың дернәсіліне, жыныс жүйесі толық дамыған трематодтарға әсері жоғары антигельмент болып табылады (Dicrococotlium lаnceatum).
Қолданылуы: «Трематозол» ірі қара малдарға, қойларға, ешкілерге паразит құрттары пайда болған кезде қолданылады. Препаратты таңертеңгі сауыннан кейін ғана ірі қара малдарға беріледі.Дозасы: Ірі қара малға – дене салмағының 10 кг массасына 1 мл-ді суға араластырып береді. Егер де организм паразит құрттар мен зақымдануы жоғары болған кезде, дәрінің мөлшерін 25%-ға дейін дозаны көбейтеді. Қойлар мен ешкілерге дене салмағының 10 кг массасына 1,5 мл-ден беріледі. Алдын – алуы: Ірі қара малдарға «Трематозол» препаратты дегельминтизациялау нәтижесінде 14 күнге дейін қорек ретінде, ал сүтін – екі сауынға дейін пайдалануға болмайды. Егер де ертерек малды соятын болса, онда етін тамаққа пайдаланбай, ет қоректі жануарларға немесе өндіріс орындарына жіберіледі.