Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет175/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203
Картоптың зиянкестері: Колорадтық картоп қоңызы -қоңыздар отрядына жатады. Қоңыздың ұзындығы – 9-12 см. Қанаттары қызыл, қоңыр, үстінде 12-14 қара дағы бар. Дернәсілінің 3 жұп аяғы бар, ашық сары түсті, ұзындығы 15-16 мм. Қоңыз топырақта 20-60 см тереңдікте қыстайды. Топырақ 14-15ºС жылығанда топырақ бетіне шығады. Ұрғашы қоңыздар жапырақтың астыңғы бетіне 20-80 данаға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасы 10-15 күнде құртқа айналады. Құрттары картоп жапырақтарымен 20-30 күн қоректеніп, қуыршықтары топырақтың астына 10-15 см тереңдікке түсіп кетеді. Қуыршақтан 20-25 күнде ересек қоңыз шығады. Бір жылда 3-4 ұрпақ береді.
Күресу шаралары: Картоп ішінде колородтық қоңыз табылса, бромды метилмен түтіндеу қажет; және мына препараттарды қолдануға болады -валатон 50 % к.э.(1,0-1,5 л/га м дилор 80 % с.ұ.-1,7-2,3 кг/га).
Картоп күйесі. Көбелек құртының ұзындығы - 10-13мм, сарғыш-қызғылт немесе сарғыш-жасыл реңді болып келеді. Дене ортасын бойлаған ақ жолақ бар. Басы күңгірт қоңыр немесе қара, көкірегіндегі сақина қара, ортасында ақ жолақ болады. Көкірек аяқтары қара. Картоп күйесінің көбелегі қанатының өрісі 12-15 мм дейін болады. Еркектері ұрғашыларына қарағанда 2,0-2,5 мм-ге кіші. Алдыңғы қанаттары сұр, ортасында ұзыннан орналасқан қара жолақ бар, соны бойлаған қанаттар шеттеріне жақын ірі күңгірт нүктелер болады. Алдыңғы қанаттардың шеттері ашық сұр. Артқы қанаттары сұр түсті, шеттері сарғыш реңді. Жұмыртқасы сопақ, ұзындығы - 0,3 мм, ені - 0,35-0,56 мм ақшыл, жұмыртқаның бір шеті кейде ісіңкірек болады. Ересек құрты немесе қуыршағы топырақта қыстап шығады. Ерте көктемдегі көбелек ұшып шығады. Көбелегі, әсіресе түнде, таңертең жақсы ұшады. Көбелек жапырақтарының астыңғы бетіне 150-200 жұмыртқа салады. Бір жазда 10-13 ұрпақ береді.
Күресу шаралары: Картоп күйесі таралған жерлерде фозалон және гардон препараттарын бүрку тиімді деп есептеледі. Одан басқа 0,3 пайыздық севин және карбофос, хлорофос ерітінділерін қолданады. Картоп түйнектерін бромды метилмен түтіндендіруден өткізу керек. [4].
Жуалы ауданында картоп дақылының аумағы жылдан-жылға өсіп келеді, 2013 жылы 1800 гектарға егу жоспарланған. Картоп өсіруді қолға алған шаруашылықтар көп, олар Нұрлыкент, Қызыларық, Ақтөбе, Көкбастау ауылдық округтердің диқандары және Түктібай ауылындағы «Зылиха» шаруа қожалығы.
Бұл қожалық иелері Қарағанды облысындағы «Астра-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан картоп өсірудің инновациялық жобасын, ал Германиядан жаңа технологиямен картоп жинайтын техникасын алып келді. Соның себебінен, бұрын әр гектардан 120-170 центнер картоп жинаса, жаңа технологиямен оны 250-350 центнерге жеткізді. Картоп егілген жерге бір-екі жыл жоңышқа немесе бидай егіп, жерді тыңайтып отырады.
«МТЗ-1221» трактор тіркемесіндегі көп функционалды германиялық GRIMME картоп орналастырғышпен картоптар егіледі. Картопты екі түрлі әдіспен шаршы ұялап және бір-бірлеп отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. Қазіргі өндірістен шығатын картоптың қатар аралығын 60 - 70 және 90 см етіп отырғызылады. Кейбір картоп отырғызатын машиналар органикалық тыңайтқыштар себетін Ау-4 қондырғысымен жабдықталады. Ол картоп отырғызғыштықтың артына тіркеледі. Қазуға түскен картоп тікелей қоймаға тасымалданады.
2011 жылы Нидерланды мемлекетіндегі картоп тұқымын дайындайтын фирмамен келісім шартқа отырып, 50 тонна элиталық картоп сатып алды. Бұл ауылда голландиялық тәсілмен жасалған, «Сантэсін» картоп сақтайтын қойма бар. Ондағы желдеткіш, жылытқыш сияқты шетелдік құрылғылар картоп сақтауға қажетті температураны ұстап тұрады. Картопты сақтау тәртібі көп жағдайларға, оның ішінде түйнектердің сапасына, ауаның температурасы мен ылғалдығына және басқа факторларға байланысты. Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-180С, ылғалдылығы 95% болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп түйнегі желдетіліп тұруы керек.
«Зылиха» шаруа қожалығы 2013 жылы картопты ерте 12-13 сәуірде екті, себебі көктем ерте шығып, күн ыстық болды. Жалпы картоп егілген жердің аумағы - 3,5 гектар шамасында. Биылғы егілген сорттар – Латона, Амороза – ақ картошка, ал Красная зара, Алладин - қызыл картошка.
Аудан шаруашылық қожалықтары 2013 жылы Қырғыз елімен бір келісімге келе алмаудың салдарынан Көксайдың суын тиімді пайдалана алмады. Картоп тиісті алты рет ішетін суының, тек үш суын ғана ішті. Картоптың ауруына қарсы Акробат, Рендамилголд дәрі-дәрмектері мен Целитра тыңайтқышы –пайдаланылды.
Өнімді тамыздың 29-шы жұлдызынан бастап жинай бастады. Жалпы 2013 жылдың өнімі шамамен 207 центнер болды, бір сеткада шамамен – 26-30 кг картоп шықты. Қызыл картошканың бір түбінде – 4-5 дана, ал жалпы массасы – 1кг 200 гр шамасындай болды. Ақ картошканың бір түбінде – 8-9 дана, ал жалпы массасы – 700-800 гр болды.
Өнім жиналған кезде бір сетка картоптың бағасы – 1100-1300, ал 1 кг картоп – 40-45 теңге болды. Қазіргі таңда картоп бағасы қымбаттады. Яғни, бір сетка картоптың бағасы – 1700-1800, ал 1 кг картоп – 80-85 теңге болатын болса онда түскен пайда екі есеге артады. Егер судан тапшылық көрмегенде бұл алқап гектарына 400-450 центнерден өнім берер еді. (Кесте-2)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет