Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Кесте-1. Картоптың қоршаған орта факторларына қойатын талап параметрлері



бет174/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   203
Кесте-1. Картоптың қоршаған орта факторларына қойатын талап параметрлері

Әр түрлі даму кезеңдеріне сәйкес сыртқы орта факторлары

Қойылатын талаптар параметрлері

Минимум

Оптимум



Экстремальды әсер ету шегі

Топырақ температурасы,0С - егукезінде
- көктеу кезінде - түйнек салу кезінде

3-6 5-6
10



15-17 15-17 15-18



<2, > 35
<4, >36
>9-, > 36

Вегетативтік массаның өсу кезіндегі, ауа температурасы 0С
вегетативтік массаның өсуі -гүлдеуі мен түйнек салу кезінде - жиналғаннан кейінгі пісу кезінде -күз-қыс мезгілінде сақтау кезінде
Эффективті температура жиыны 0С, -ерте пісетін сорттар -орта мезгілде пісетін сорттар -кеш пісетін сорттар

10-14 13 10-14


1-2

1000 1200


1400

20-21 18-21 15-16 3-5

1200-1300


1300-1500 1500-1800

<2, > 30
< 12, > 25 <10 0

-
- -



Жарықтылық, люкс

20000

40000-60000

<20000

Күннің ұзақтығы, сағ.

13

14-18

<10

топырақ ерітіндісінің РН

<4,1

5,5-6,5

≤7,4

1 кг түйнек қалыптасуына қажетті судың мөлшері, литр

-



80-100


250-300ц/га өнім алуға қажетті су, т/га

-

1500-200

-

Вегетация кезеңіндегі жауын-шашын, мм

60-70

300




Топырақтың ең аз су сыйымдылығы,%

60

70-80

<40

Топырақ тығыздығы, г/см3

<0,85

0,90-1,00

>1,20

1 т.өнімнің топырақтан алып кететін қоректік элементтер, кг, -азот

-


5

-


фосфор

-

2

-

калий

-

8

-

кальций

-

4

-

магний

-

4

-

Жиналғаннан кейінгі пісіп жетілуі, күн

-

2

-

20

42-45

-

Оптимальды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Нақты жағдайда бір гектарда 40-50мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі.[3]


Суармалы жерлерде, механикалық құрамы ауыр топырақтар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып, аз өнім береді. Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80 %, ал кейбір жылдары 93-95 % дейін жетеді. [4-5].
Картоптың сорттары: Қазіргі кезде Республика бойынша картоптың 30 сорты аудандастырылып өсіріледі, олар вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты шартты түрде бірнеше сорттарға бөлінеді: ерте пісетіндер-көктеп шыққаннан сапалы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер -60 тәулік, орташа мерзімде пісетіндер 70-75 тәулік, орташа кеш пісетіндер 90-120 тәулік. Бұлардың түйнектер құрауы көктеп шыққаннан кейін 20-22 тәулікте басталады. Картоптың негізгі сорттары: Прикульский ранний, Мурманский, Шортандинский (Агнес улученный), Огонек, Весна, Полет, Невский, Тулунский ранний, Лорх, Рекорд, Алатау, Гатчинский, Уляновский, Тениз, Санте, Тоқтар, Арал, Алгериа, Биргит НН, Бирте, Гала, Романце, Сорая, Алладин, Красная зара, Амароза, Латона.т.б.
Қәзіргі таңда КазККШҒЗИ-да картоптың 2000-нан астам тектік қоры қалыптастырылған және отандық 30 картоп сорттары Республикамызда аудандастырылған. Осы тектік қор еліміздің жарқын болашағына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. [6]
Картоптың аурулары: Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, макроспориоз және тағы басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары - саңырауқұлақтар. Картоп бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік қалдықтары көбейеді және нашар сақталады) төмендетеді.
Картоптың итофторозы-қоздырғышы: Phytophthorainfestans omycetes класы, Peronosporales қатары)- картоптың ең көп тараған зиянды ауруы. Саңырауқұлақтың дамуы үшін картоп жапырақтарында шықтан кейін немесе жаңбырдан соң қалатын су тамшысы және ауа температурасы жеткілікті болады. Түнде ауа температурасының төмендеуі аурудың дамуы мен таралуын күшейтеді. Ауру гүлдену алдында байқалады. Жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар пайда болады. Жапырақтардың астыңғы бетінде, зақымданған және сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейін жақсы байқалатын ақ түсті өңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал түйнектерінде ойық, анық шектелген, қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бөлгенде тат түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бөлігіне кіре орналасқан бүлінген бөліктерін көруге болады.Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен шайылып түсетін және топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ спораларымен зақымданады. Түйнектерге саңырауқұлақ споралары жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде мицелий, ал өсімдік қалдықтары мен топырақта споралар түрінде сақталады. Ауру түйнектерден жердің бетіне сұр түсті өскіндер шығады, олар көбіне дамымай өліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен және желмен көрші өсімдіктерге таралады. Көктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың қоздырғыштары топыраққа таралады да, сау түйнектерден шыққан өскіндерді зақымдайды.
Күресу шаралары: Жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен өңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады (түйнектерде жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды). Қоздыратын ауруға қарсы күресу үшін түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен дұрыс (2-1,5 тоннаға – 2 л препарат жұмсалады). Вегетация кезінде -фитофтороз, макроспориоз, т.б. аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 – 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің бірімен (1гектарға 2 – 2,5 л) бүрку қажет.
Темір дақ, немесе түйнек таты- жұқпалы ауруларға жатпайды. Егер түйнекті кессек әр түрлі пішіндегі және мөлшердегі тат дақтарды көруге болады. Түйнек таты темір мен алюминий көп жиналып кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде пайда болуы мүмкін. Топырақтың қатты қызуы ауруды асқындырып күшейтеді.
Күресу шаралары: Аурудың себептеріне байланысты фосфорлық, азоттық тыңайтқыштарды тиімді мөлшерде беру, қышқыл топырақтарды әктеу, ылғалдылықтың тиімді мөлшері аурудың алдын алуға көмектеседі.
Картоптың макроспориозы-қоздырғышы: Macrosporium solani - жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың астында дөңгелек пішінді қара түсті өңез пайда болады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады. Ауру өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда және өткінші жаңбырлар мен түнгі шық мол болғанда қатты дамиды.
Күресу шаралары: Танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет