Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет173/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Денсаулық журналы 2006, №2010
2.Жас ерекшелік физиологиясы, Дүйсенбин А.
3.Валеология журналы 2009, №6
4.Психология журналы 2006 ж, №6,7
5.Өзін-өзі тану журналы 2010, №3


Аннотация. В этом предложении учащийся "переходного возраста" начало школьного возраста (периода).
Annotation. In this article "the transitional" stages of teenagers are considered.


УДК 633.36:631881:541:144,7


ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА КАРТОП ӨСІРУДІҢ КЕЙБІР
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Мәлікқызы Г., Тулеубаев Ж., Мырзалиев Қ.
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Жуалы ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігінде 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,2 мың км, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр, жері негізінен таудың қызыл-қоңыр және қара топырағынан тұрады. Басты өзені – Теріс, оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Климаты - қоңыржай континенттік, қысы салқын, жазы ыстық, қуаң. Қаңтарда орташа температура – 2°С, шілдеде + 18°С. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ. Қаңтарда –8°С, шілдеде 24°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-500 миллиметр шамасында. Ауылшаруашылық дақылдарының ішінде Жуалы ауданында ең көп өсірілетін бұл - картоп дақылы, өйткені Жуалы табиғаты картоп өсіруге өте қолайлы..


Алқа туысы:(Картоп –SOLANUM) оның 1,5 мыңдай түрлері бар, ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қорек болатын және әртүрлі техникалық заттар алатын сорттары белгілі. Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл ретінде әр түрлі тағамға пайдаланылады
Картоп біздің елімізде негізгі тамақ өнім­дерінің бірі болып табылады және өзінің мәні жағынан наннан кейін екінші орын алады. Оны негізінен картоп тамақ, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіпте шикізат ретінде пайдаланылады, сол сияқты малдар­ды азық­тан­дыру рационына да кіреді. [1-2,4-6] Бұл тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда көп таралған түрінің бірі және экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп - S. Tuberosum, ол бір жылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүл серігі актинамофты, күлте жапырақшаларының түсі ақ, ашық сия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасына конус түзіп орналасады. Гүлінің формуласы: *Cа(5)Со(5) А5 G(2). Екі ұялы шырынды жемісі болады, тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы- столондары болады, олар тамырдан оңай ажыратылады. Столондардың түйнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су болады.
Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, оның ішінде 80-85% крахмал және 3% дейін белокты заттар болады. Картоп белогы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогынан анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванелин, лизин, трифтофон, тағы басқа) көп. Картоп түйнегі адам организімінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С,В,А,Р,К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі.
Мәдени сортты картоп қоңыржай-климаттың өсімдігі, температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында тұрақты мол өнім алынады. Тыныштық күйінен өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-50 температурада өне бастайды. Бірақ бұл температура да оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7-80 дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура +16-180 деп есептеледі.
Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-180С немесе +22-250С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +60-тан төмен және +230-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26-290-та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды. Жоғарғы температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 420С-тан жоғары температурада жер бетіндегі өсімдік қарайып өліп қалады.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы БТЖ (+100-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-16000С, орташа мерзімді пісетін сорт үшін 1600-18000С ортада кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-20000С. Бұл көрсеткіштер Солтүстік Қазақстанда 1800-22000С аралығында, ал негізінен 16000-ден 26000-қа дейін өзгереді. Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады.
Тәжірибелік бақылаулар көрсеткендей жапырақтардың ассимиляциялық бет аудандарының қалыптасуына сорттың өсіп-даму ерекшелігі мен вегетациялық кезеңдегі ауа-райы әсер етеді. Картоптың өсуі мен активті ассимиляция үшін ауаның орта тәуліктік оптимальды температурасы күндіз +С, ал түнде +С болғаны тиімді, ал +С-тан жоғары температура картоп түйнектері солып немесе түйнек салуы мүлдем тоқтайды. [1-6 ]. Температура жоғарылаған сайын картоптың вегетациялық кезеңі қысқарып, түптегі түйнектер саны мен протейн мөлшері азайып, ондағы С-витамині мен фосфор, калий, нитраттар мөлшері көбейеді. Картоптың ерте пісетін сорттарының өнімі толық дамуы үшін эффективті температура жиынтығы С, орта ерте пісетін сыртқы үшін +С, орта кеш пісетін сорттар үшін +С, ал кеш пісетін сорттар үшін +С болуы қажет.
Картоп жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтары сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтанның жан-жақты жарықталуын қамтамасыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Өйткені фотосинтез процесі мен дақылдың өнімділігі өсімдіктің жарықталыну жағдайына байланысты болады. Өсімдіктің жарық режимі – жарықталыну интенсивтілігінен, сәуленің спектрлік құрамы мен күн ұзақтығынан тұрады. Картоп дақылы үшін оптимальды жарықталыну шамасы 40-60 мың люкс. Фотосинтез процесі үшін картоп дақылы өзіне келіп түсетін барлық күн сәулесінің энергиясын пайдаланбайды, ол тек ғана толқын ұзындықтары 380-720 нм аралығындағы көрінетін сәулелер спектрінің энергиясын қолданады, бұл энергия жапырақтың жасыл пигменті мен хлорофильде жұтылады, оны радиацияның фотосинтетикалық активтілігі (ФАР) деп атайды.
ФАР энергиясы шамамен Күн радиациясының жалпы энергиясының жартысына тең болады, ал қалған жартысы жылулық сәулелену энергиясын құрайды, бұл энергия фотосинтез процессіне қатыспай топырақты, ауаны және өсімдік мүшелерін қыздыруға жұмсалып, жылулық режимді қамтамасыз етеді. Бактериялық фотосинтезге пайдаланылатын сәулелердің толқын ұзындығы 350-900 нм. аралығында болады. Фотосинтез процесі қалыпты өтуі үшін жарықталыну интенсивтілігі 450-600 Вт/ болуы керек. Жарықталыну әлсіз болғанда жапырақтағы хлорофиль мөлшері азайып, фотосинтез өнімділігі мен дақылдың өнімділігі кемиді, өсімдік сабағы жіңішкеріп, ұзарып, ерте құлап жапырақтың онсызда әлсіз жарықталынуын нашарлатады. Жарықтың шамадан тыс көп болды, инфрақызыл сәуле есебінен жылуды арттырып, ауаның температурасын С-тан да арттырып, өсімдіктің қатты қызып, транспирацияға кететін ылғалдың көп шығын болуын туғызады. Бұл өсімдіктің ерте солып қалуына себепші болады.
Өсімдік жамылғысы мен агротехникалық тәсілдер күн радиациясының қуатын өзгертетін негізгі фактор болып саналады, олар жапырақ массасының дамуын ретке келтіріп, күн сәулесінің режиміне елеулі түрде ықпал ете алады. Оптимальды жағдайда картоптың фотосинтез өнімі 7-9 гр//тәулік болып бұлыңғыр және өте ыстық ауа райы кезінде нөльге дейін төмендейді.
Фотосинтетикалық әрекет картоп өнімінің негізі болып саналады. Фотосинтетикалық өнімнің максимальды мәніне жету үшін экзогендік факторлар – ылғал, жарық, минералды қоректену мен температура жағдайларының оптимальды мәндері үйлесімді болулары қажет, өйткені дақылдың өнімділігі тек ғана өсімдік сабағы мен жапырағына байланысты емес, сонымен қатар фотосинтездің энергиясына да байланысты.
Картоптың жақсы өсіп дамуы үшін өте көп мөлшерде қоректік заттар мен элементтер қажет. Тамыр жүйелерінің жер бетіне жақын орналасуына байланысты, жер бетіндегі сабақтары мен жапырақтарының жақсы өсіп дамуына және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бес химиялық элементтерге өте тәуелді болады. Олар: азот (N), фосфор (P), калий (K), кальций (Ca) және магний (Mg). Картоптан орташа 100ц өнім алу үшін: 50 кг таза азот, 20 кг таза фосфор, 90 кг таза калий, 40 кг таза кальций және таза 20 кг магний қажет. Вегетациялық өсіп даму кезеңдерінде қоректік элементтерге тәуелділігі топырақтың құрамы мен құнарлығына, климаттық жағдайларына, және агротехникалық іс-шаралардың дұрыс орындалу сапалары мен мерзімдеріне байланысты болады. Картоптың өсіп даму кезеңдерінде қоректік элементтерге тәуелділігін сабақтары мен жапырақтарының сыртқы көріністеріне қарап анықтауға болады. Картоптың қоршаған орта факторларына үлкен талап қояды, кейбір қоятын талап параметрлері 1-кестеде келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет