Пайдаланған әдебиеттер:
1.М.Қожабеков, Г.Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер». Алматы, Қазақстан, 1982
2.Л.К.СафинаЕ.П.Петров «Жасыл аптека».
3.М.Қожамуратов «Пайдалы өсімдіктер» Алматы, Қайнар, 1986.
4.Ә.Әметов «Ботаника» Алматы 1990.
4.Б.Мусакулов «Ботаника» Алматы 1980.
5.А.Мухидинов «Өсімдіктер систематикасы» Алматы 1980.
6.«Денсаулық» жуналы №2 2007
Аннотация. Алабота лекартвенное растение, распространенная во всем земном шаре.
Annotation. Аlabota is a medical plant which is spread all around the world.
Б33
502.3
"ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ" ӨТПЕЛІ
Бегалиева С., Желеубай Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
№44 Ш.Смаханұлы атындағы орта мектеп, Тараз қ.
Қазақта:"Қыз – қуыршақ,бала-құлыншақ"-дейді.Біздің қоғамның күрделі дамуы қауіпті экологиялық орта оқушылардың денсаулығына да өз әсерін тигізуде.Оқушылар "өтпелі кезеңді" мектеп жасында басынан кешіреді."Өтпелі кезең" әр балада әр түрлі деңгейде өтеді.Осы кезеңде мұғалімдер тарапынан түсінушілік,психологиялық көмек керек.Ең басты міндет дұрыс тәрбие беру.Тәрбиені мектептен бұрын оқушы өз отбасынан алады.Сонымен бірге қазақ мәтелі: "Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің" деген ұлағатты сөзі осы тәрбиенің бпстауы болып табылады.Көптеген ғплымдардың пікірінше,бала мінез құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда,әсіресе ұл балаларда байқалады делінген.Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын оқушылардың арасында "жасару" тенденциясы байқалады.Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л.С еңбектерінде талқыланды,сондай-ақ А.С Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Мінез-құлқы ауыр оқушылар көбінесе ашуланшақ болып келеді. Баланы үй-іші көп еркелетсе,онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып,күйіп-пісетіні кездеседі.
Керісінше күтпеген жағдайда"жақсы" "өте жақсы" деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. Мазасыз түрге жататын балалпр тыныш,қайырымды жағдайды қажетсінеді.Сонымен бірге тәртіп бұзушылық салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық.Кейбір оқушылар қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып,тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды.Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді.Бұл мінез көбіне менменсуден,бала мінезінің дұрыс тәәрбиеленбеуінен болады.Тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес.,оның үй ішіндегі жағдайларға да,айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр түрлі болып кетуіне байланысты. Бала үнемі жақсы,жайлы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі,оқуы,өсуі қажет.Сонда балада жағымды "МЕН" бейнесі қалыптасады,өзіне деген сенімділігі,өзіндік сезімі қалыптасады. Мұндай "МЕН" бейнесі кез-келген баланы жақсы жағдайға,нәтижеге жетуіне,дұрыс дамуына мүмкіндік береді.Мектеп қабырғасында баланың бар қылығы мұғалімдердің көз алдында өтеді.Мұғалім ата-анамен тығыз байланыста болуы керек.Әр ұстаз шамасынша сабағында өрескел тәртіп бұзған,талаптан тыс мінез көрсеткен,болмаса бәсең сабаққа үлгерімі нашарлаған оқушының ата-анасымен жүзднсіп,пікір алысып,тәрбие жұмысын жүргізуі тиіс.
Абайдың тағылымындағы көңіл бөліп, назар аударатын және бір мәселе – баланың бойына өзі жақсы көген адамынан жақсы, жаман мінездердің тез даритындығы. Жақсысынан жаманы тезірек дариды. Сондықтан,ата-ана мен мұғалімнің баланың кімге еліктеп, кіммен достасып, шүйіркелесіп жүргеніне назар аударуы қажет. Сонда ғана біз "Баланың жақсысы қызық, жаманы - күйік" деген Абай сөзінің шынайылылығын сезініп, өзін күйікке қалдырмайтын ұл мен қыз тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |