ӘОЖ 59
Ж 26
ЛАНЦЕТ ТӘРІЗДІ СОРҒЫШТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ТУДЫРАТЫН АУРУЫ МЕН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Абжапарова А.С., Жаңабай Г.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгілері білінбейді. Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгілері айқындала түседі. Жануардың жем – шөпке зауқы нашарлайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, іші өтеді, көзге ілінетін мүшелердің кілегей қабаттары ақсарғыш тартады. Дикроцелиоз ауруымен ауырған жануарларда пайда болатын белгілер: анемия, өт жолының бұзылуы, өсу мен дамудың тежелуі.
Дикроцелиоз ауруы Азия елдерінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африка мен Австралияда және Қазақстанда да кең таралған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде соның ішінде Жамбыл облысында тараған гельминтоз. Өзен-көл жағасында орналасқан аудандарда, Шу, Қордай, Рысқұлов және Меркіде малдар дикроцелиозға көп шалдығады.
Дикроцелиозды химиялық жолмен дәрі-дәрмектер арқылы және биологиялық жолмен өсімдіктерді қолдану арқылы емдеуге болады.
Паразит құрттармен күресу жолдарында олардың биологиялық ерекшеліктерін, эпизоотологиялық, диагностикалық және дұрыс антигельминттерді таңдау керек. Егер де бір антигельминтті пайдалана беретін болса, онда паразит құрттарға әсер етпей, дегельминтизацияланбайды.Жамбыл облысының паразит фаунасы және паразитоценоздың қалыптасуы оның климаттық жағдайларына және бейімделулеріне байланысты.
Ланцет тәрізді сорғыш жалпақ құрттар типіне жатады.Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы (билатеральды) жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес).Ланцет тәрізді сорғышдигенетикалық сорғыштар класс тармағы – Digenea өкілі.
Ланцет тәрізді сорғыштың морфологиясы
Ланцет тәрізді сорғыш - бұл құрттың денесінің артқы жағы дөңгелек келген, ал алдыңғы жағы үшкірлеу, ұзындығы 5-15мм, ені 1,5-2,5мм. Жартылай мөлдір ақшыл денесінде жатыр түтіктері көрінеді. Кутикуласының қылтандары болмайды. Сорғыштары бір-біріне жақын орналасқан. Ішек тармақтары қарапайым, дененің соңғы бөлігіне дейін жетпейді. Жұмыртқасы сопақша, мөлшері 38-45х22-30, скорлупасы қалың қақпағы кішкене, жетілмеген кезінде сарғыш, кейіннен қою қоңыр. Қой, сиыр, ешкі, қоян, шошқа және сирек адамдардың бауырында паразиттік тіршілік етеді[4].
Құрылысы мен физиологиясы. Дене формасы жапырақ тәрізді. Сорғыштары ойыстау болып, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштары арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады.
Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальды ортаңғы ішек өңештен басталып, дененің бүйірімен артқа қарай созылып тұйықталған екі тармақтан құралады.
Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында немесе екі бүйірінде негізгі түтіктері орналасқан, олардан ұштарында толқындалған алаулы жұлдыз тәрізді клеткалары бар көптеген тарамдар шығады. Негізгі түтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесіжұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғы жағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үш ұзына бойы нерв бағаналары тарайды. Ұзына бойы бағаналар сақина тәрізді өсінділермен өзара байланысып, ортогон типіндегі нерв жүйесін түзейді.
Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған[4].
Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған.
Көбеюі және дамуы.Олардың салған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады.Дикроцелияның жұмыртқасының мөлшері (0,038-0,045 х 0,022 – 0,030мм) қара –қоңырқай түсті бір жақты қақпақшалы, қарапайым ассиметриялы болып келеді. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі толқынды эпителимен жабылған личинка-мирацидий шығады. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі мүшесіне енеді. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады. Бұл көбею қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі – редия деп аталатын ұрпаққа айналады. Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, редияның ішінде жаңа ұрпақ – церкариялар пайда болады. Ары қарай дамуы үшін церкариялар екінші аралық иесіне – құмырсқалардың (Formica туысынан) ішегіне түсуі тиіс. Құмырсқаларда церкария соңғы метацеркария сатысына айналады.
Дикроцелияның иесі. Дикроцелиоз паразиттік тіршілік етуіне байланысты дамуы үш иеде жүреді - дефинитивті (нағыз), аралық және қосымша.
Дефинитивті (нағыз) ие. Нағыз иеге түрлі сүтқоректілер (ірі қара малдар, тіпті адамдар да бола алады), дикроцелияның толық пісіп жетілуі нағыз иеде жүреді.
Аралық ие. Былқылдақ денелілер моллюскалар, ұлулар бола алады. Өйткені олардың ағзаларында партогенетикалық жолмен дамыған паразиттердің церкариялары қалыптасады. Былқылдақ денелілердің негізінен 25 мың түрі бар оларға тәжірибе жасау барысында 90 түрден паразит табылған. Сондықтан дикроцелияның дамуына моллюскалар өте ыңғайлы.
Қосымша ие. Бұны көбінесе құмырсқалар атқарады. Олардың организмдерінде трематодтың бесінші дернәсілдік сатысы метацеркария дамиды. Нағыз иеде метацеркария ауруды тудыруға өте қабілетті болып келеді.
Нағыз және аралық иедегі басқа құрттармен дикроцелияның қарым қатынасы.
Дикроцелия жануарлар организмінде тікелей және жанама түрде басқа гельминттер мен микроорганизмдердің түрлерімен байланысқа түседі. Негізгі иенің организмінде дикроцелия фасциоламен және бауырдағы және өт жолында паразит тіршілік етіп жатқан паразиттермен байланыста болады. Дикроцелия бауырда тіршілік етуіне байланысты ішектің микрофлорасының құрамын өзгертуге әсер етеді. Иеде болатын түрлі паразиттерге әсер етеді.
Дикроцелия жұмыртқалары мен дернәсілдерінің сыртқы орта жағдайларына төзімділігі. Жұмыртқаларының төзімділігі. Дикроцелияның жұмыртқаларының өзіндік ерекше құрылысы бар. Ол топырақтың жағдайларына бейімделуі ұзақ уақытты қажет етеді. Карбол қышқылы, концентрациясы 5% формалин ерітіндісі, тіпті 96% этил спирті де дикроцелия жұмыртқаларының тіршілігін жояды. Дикроцелияның жұмыртқалары құрғақшылыққа төзімді 18-20° бір апта бойы құрғатса да тіршілігін жоймайды. Тоңазытқышта сақталған бауырда дикроцелиоз - 235 күн, ал мұздатқышта - 40 күн, тұзды ерітіндіде - 3 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Дикроцелияның жұмыртқалары төменгі температуралардың ауытқуларына төзімді. Құрғақшылыққа да, ыстық климатқа да дикроцелияның жұмыртқалары кемі 3,5-12 айға дейін тіршілігін жоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |