Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Кесте-1. Иксод кенелерін зерттеудің көлемі мен нәтижесі. (2012ж)



бет192/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   203
Кесте-1.
Иксод кенелерін зерттеудің көлемі мен нәтижесі. (2012ж)

Аудандар

Жинақталған және зерттелген кенелер (дана)

Анализдер саны (үлгі)

Оң шешімін берген анализдер саны

КҚҚБ

КЭ

туляремия

Сарысу

3830

388

6

-

5

Талас

6843

670

10

13

10

Мойынқұм

23381

2333

55

28

20

Нәтежесі

34054

3391

71

41

35

2013 жылы облыстық санитар-мамандар малды өңірден 36 000 кенені жинап, сараптамадан өткізген, соның 28-інен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері анықталған. Бұл сақтық шараларын барынша күшейтуге себеп болды.
2013 жылдың басынан бері 334 адамды кене шақса, соның 84-і осы эндемикалық Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарының аймақтарында тіркелген, бірақ олардың ешбірінде де Конго-қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері байқалмаған. (Кесте-2)


Кесте-2. Облыс аумағында адамдарды кене шағу ақпараты (2012-2013 жыл)



Аудандар

Кене шаққан адамдар саны

КҚҚБ-нің табиғи аумағына жататын жерлер







02.08.2012 жыл

02.08.2013ж

1

Мойынқұм

38

38

2

Сарысу

43

38

3

Талас

8

8

4

Барлығы

89

84

КҚҚБ-нің табиғи аумағына жатпайтын жерлер

5

Тараз қ

217

203

6

Байзақ

14

11

7

Жуалы

0

0

8

Мерке

1

1

9

Жамбыл

14

13

10

Т.Рұсқұлов

11

11

11

Талас

11

11

12

Шу

0

0

13

Барлығы

268

250

14

Облыс бойынша

357

334

2013 жылдың шілде айында Сарысу ауданы Жайылма ауылында 17-жасар студент қызды кене шағып – өлімге ұшыраған. Студент қызды кене малды ауылда қонақта болғанда шаққан, алғашында дәрігерлер оны ішек инфекциясынан емдеген, алайда қан тоқтамай денесінде бөртпе пайда болған. Науқаста 6-шілде күні Конго-Қырымы қанды безгек ауруының алғашқы белгілері байқалып, ертеңінде зертханалық тексеріс нәтижесінде бұл диагноз расталған. Ал 7 шілде (2013ж) күні сағат 23.00-де студент қыз Сарысу ауданының ауруханасында көз жұмған. Адам өлімі орын алғаннан кейін, тұрғындар бұл мәселеге айтарлықтай мән бере бастаған.


Кене шаққан адамдардың басым бөлігі қой қырқымы кезінде ұшырайды. Сондықтан қойды қырқудың алдында оны дәрілеген суға тоғытып алу қажет. Кененің бір қасиеті, өсімдіктің ұшар басына шығып алып, жанынан өткен кез-келген жануар денесіне бірден қонып, жабысып алады. Оны теріден айыру өте қиын. Кенені кетірудің ең бір тиімді жолы – малды дәріленген суға тоғыту, онда мал судың ішіне толығымен батып, кене 100% жойылады. Суға қосылған дәрілік препарат малға ешқандай залал тигізбейді. Кене өте сезімтал жәндік, дәрінің иісін сезе салысымен жорғалап, қаша бастайды, уланбайды. Малды тоғытқан соң олардың үстінен бұрқырап тұрған кралиннің иісінен кене жоламайды.
Қазіргі кезде кенемен күресудің ең тиімді, арзан түрі тоғытпа салу. Облыс аудандарында тоғытпалар салу, ескілерін қайта жөндеп жаңғыртуға олардың жобалық-сметалық құжаттарын жасауға жете мән берілмей келеді.
Кене кең таралған эндемикалық аймақтағы тоғытпалар саны өте аз. Мысалы Талас ауданында бар болғаны 3 мал тоғыту орны бар, ал Сарысу ауданында қазіргі таңда 260 мың ұсақ мал бар, соған бар болғаны 2-тоғытпа жұмыс істейді. Бұлар мүлде жеткіліксіз екендігі көзге көрініп тұр. Оның үстіне малды жылына 3-рет дәріге тоғыту керек.
Мойынқұм ауданында 11 ауылдың округте 4-тоғытпа бар. Осы үш аудандағы малдың санын ескерсек ең кемінде 18-тоғытпа керек.
Жамбыл облысының Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарына қарасты 49 елді мекен-қазіргі кезде осы қауіпті –дерттің табиғи ошағы болып табылады. Бұл аудандарда 70 мыңнан астам халық тұрады. Облыстағы ветеринарлар әр елді мекенде бір тоғытпадан болса ғана кенемен күрес бір қалыпқа келетінін айтады. Сонда 49 нысан керек екен. Қазіргі кезде кенемен күрестің ең тиімді тәсілі-тоғытпаны пайдалану.
Осы саладағы проблеманы шешудің бір жолы-ол тозығы жеткен нысандарды кәсіпкерлерге беру. Мысалы Талас ауданы Бостандық аулы маңындағы тоғытпаны жөндеу қой шаруашылығына инновациялық –кешендік қызмет көрсететін сервистік орталық әр қойды 100- 120, ал қозыларды 50-70 тенгеден тоғытпақ. Сонда Кеңес ауылдық округінде 48 мың қой бар болса, 120х48.000=5.760.000 тенге – қаржы туседі, егер оларды маусым кезінде 3 рет тоғытатын болсақ 17 млн. 280.000 тенге түседі екен.
Қой тоғыту – қойға қотыр түспеу үшін, сондай-ақ әр түрлі ауру тарататын кенелерге қарсы алдын-ала жүргізілетін шаралардың бірі. Қойды  креолин, гексахлоран, неоцидол, гексалин сияқты дәрілердің бірі қосылған арнайы жасалған арықтарда (тоғандарда) немесе табиғи тоғандарда тоғытады. Арықтың ені 0,80 – 0,90 метр, тереңдігі 1,20 – 1,50 метр, ұзындығы 15-20 метр шамасында болуы қажет. Үш айға толмаған қозы, буаз саулық, терісінде жарақаты бар қой тоғытылмайды. Қой тоғыту негізінен қойды қырқар алдында жүргізіледі.
Бұл әдістің елеулі кемшілігі, қойды тоғыту үшін суға қосылатын дәрілердің бағасының қымбаттауы, қәзіргі кезде диазинон, неоцидон дәрілерінің бір литрі 6000-7000 тенгеге дейін қымбаттаған. Қойларды өлшемі 1,0х1,5х20м тоғытпаны толтыру үшін қажетті 8 тонна суға 3,5-4,0 литр дәрі кететінін ескерсек, оған 21-22 мың тенге қажет.
Екінші кемшілігі малы бар жеке меншік иелері малдарын тоғыту алаңдарына апармай, табиғи су тоғандарына, өзендер мен көлдерге апарып тоғытады. Бұл ең алдымен су көздерімен, қоршаған ортаны ластау болса, өзен суына щомылдырып-тоғытып алынған малдың бірде-бір паразиті жойылмайды.
Сол себепті малдарды арнайы дайындалған дәрімен толтырылған тоғаттарға түсіру кенемен күресудің ең тиімді шараларының бірі болып саналады.
Ветеринария саласында кенелермен күресудің қойды тоғытудан да тиімді әдісі бар. Ол ивермитин деген препарат арқылы егу жұмысын жүргізу. Екпе жұмысы ішкі және сыртқы 17 паразитке қарсы күреседі. Бағасы 70 теңгеден аспайды. Бір айта кетерлігі, бұл баға он жылдан бері өзгеріссіз қалған. Аталған екпені мейлінше жылына екі мезгіл жүргізген жөн. Күзде мал қораға тұрақтайтын мезгілде және өріске шығар уақытта. Екпе қабылдаған мал тез оңалады, жазда шыбын-шіркей үйір болмайды.
Аталған препаратты барлық төрт түлікке де жүргізуге болады. Әсіресе, препараттың сиыр малында кездесетін оқалақ ауруына және ешкіде болатын қышыма-қотыр дертіне пайдасы зор. Себебі, ешкінің қышыма-қотырға шалдығуы аса қатерлі. Ол бірден адамға жұғады. Сондықтан кенеге қарсы қолданылатын осындай тиімді әдістерді насихатап, қолдану қажет.
Иксод кенелеріне қарсы шаралар жүйесінде ең нәтижелі және қауіпсізі экологиялық әдіс. Оның мәні дәрі – дәрмексіз табиғатта иксод кенелерінің өсіп - өнуіне қолайсыз жағдай туғызып, популяцияның әлсіретіп, азып – азаюын тездету. Көпшілік кене түрлері даму сатыларын табиғатта өткізеді. Олардың көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, балаңқұрттары сонда пайда болады. Сондықтан кенелерді өз биотобында жою тиімді әдіс. Ол үшін жер жыртып егін ексе немесе көп жылғы шөптер өсірсе, олардың тіршілігіне тән жағдай өзгеріп, даму процесі бұзылып, кене тұқымы құриды. Өйткені, ол жердің өсімдік және жануарлар құрамы, кенелерге тән тіршілік жағдайы (температура, ылғалдылық, ыңғайлы орта т.б.) өзгеріп, өмір сүруге қажет мүмкіндіктер азаяды.
Халқымыздың ауыз әдебиетінде төрт түлікке тікелей қатысты мынандай экологиялық қағидалар көптеп кездеседі. Мысалы, «қойдың басын құмға, сиырдың басын нуға, түйенің басын сорға көм», «Жазда жайлауды же, қыста қойнауды же», «Жайылым тапса-мал семіреді», « Қонысына қарай мал өсер», «Қонысты болса төл семіреді» т.б, көптеген даналық экологиялық тұжырымдар жайлымдарды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетеді.
1. Жамбыл облысында бунақденелер арқылы тарайтын қоздырғыштар мен аурулардың ішінде ең көп кездесетіндері Қырым-Конго геморрагиясы, олардың қоздырғыштары арбовирустар тобына жатады.
2.Жамбыл облысының табиғи климат жағдайы яғни жылы ауа райы бунақтылардың және көптеген қоздырғыштардың өсіп-өнуіне және кенінен таралуына қолайлы жағдайлар туғызады.
3.Қырым геморрагиясымен ауырған адам және оның туыстары оған үлкен мән беріп, дәрігерге тез хабарлау керек, өйткені бұл ауру өте жұқпалы және өлімнің пайызы жоғары. Бұл ауру адам денсаулығына әсіресе жүйке мен қан жүйелеріне үлкен өзгерістер жасайды, күні бүгінге дейін науқастан толық және тез сауықтыратын емдеу тәсілі жоқ.
4..амбыл облысында кенеге қарсы қанша дәрі қолданғанымен оны толық жою мүмкін емес, дәріден 10-15 %-ы ғана жойылады. Сондықтан кенені жоюдың ең бір тиімді жолы-малдарды дәріленген суға тоғыту немесе егу әдісін қолдану.
5. Иксод кенелері тарататын ауруларды алдын алу әдістерінің тиімдісі әрбір түліктің өз ерекшеліктеріне сәйкес жыл маусымдарында көшіп-қонып жайлымдарды жиі ауыстырып отыру, оларға демалыс беру, оны дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйретеді.
6. Халқымыздың ауыз әдебиетінде төрт түлікке тікелей қатысты мынандай экологиялық қағидалар көптеп кездеседі. Мысалы, «қойдың басын құмға, сиырдың басын нуға, түйенің басын сорға көм», »Жазда жайлауды же, қыста қойнауды же», «Жайылым тапса-мал семіреді», « Қонысына қарай мал өсер», «Қонысты болса төл семіреді» т.б, көптеген даналық экологиялық тұжырымдар жайлымдарды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетеді.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет