Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет55/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сӛздік.- Алматы, ―Мектеп‖, 2000. 
2. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 2008.
3. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
4. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық кӛзқарастары.- Алматы, 2000.
5. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 2010.
6.Мұқанов М. Ақыл- ой ӛрісі.- Алматы, 2009.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2001. 
Аннотация. 
В статье рассматриваются проблемы разводов молодых семей и виды, формы, основные 
причины семейных проблем.
Annotation. 
In article problems of stains of young families and types, forms, the main reasons for family 
problems are considered. 
 
 
 
 
 
 
 
 


76 
ӘОЖ 159.9 
Б 73
 
ЖАСТАРДЫҢ НЕКЕГЕ ПИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ 
МӘСЕЛЕСІНІҢ АЛҒЫ – ШАРТТАРЫ 
 
Болтаев А.Д., Бҥйембаева Ш.Б., Мауленова Қ.И., Абсаматова Қ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Қазіргі кезде отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. 
Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында ӛзіне ұнайтын мінез қырларын табуға 
тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың 
психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.
ҚР отбасы және неке туралы Заңына байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті 
жағдай - екі қарсы жыныстың кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі . Қазіргі таңда ата–
аналар да негізінен осы жас мӛлшерін дұрыс деп есептеп отырып, бұл жас кезеңіне дейін ұл қыздарын 
үйлендіруге асықпайды. Себебі, әрбір ата–ана ӛз балаларының оқу бітіріп, ӛз бетінше ӛмір сүруге дайын 
болған кезінде ғана жеке отбасылы болуын қалайды. Олай болса, қазіргі күнде орта мектепті 17 – 18 
жасқа, ал жоғарғы оқу орнын негізінен 22 – 23 жасқа толғанда бітіретіндіктен, оның үстіне ӛзіне ӛмірлік 
жар таңдау жастардың ӛз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен салыстырғанда әжептәуір 
жоғарылады. Жинақталған деректерге қарасақ, қазіргі жастардың арасында алғашқы неке құру жасы 
негізінен 18–25 аралығында болып отыр. Кейбір әлеуметтік және психологиялық жағдайларға байланысты 
бұл аралықтан әрлі–берлі ауытқуы да мүмкін. Кӛп жағдайда қыздар негізінен 20 жасқа дейін тұрмыс 
құруды дұрыс деп санаса, ер азаматтар Отан алдындағы борышын, яғни, әскер қатарында қызмет еткеннен 
кейін барып отбасылы болуды қалайды. Мұның ӛзі қазіргі заман талабына байланысты қалыптасқан 
заңдылық іспеттес десек қателеспеген болармыз. Соңғы кездегі дерек кӛздеріне сүйенсек, неке құратын 
жастар негізінен бірге оқу немесе жұмыс істеу арқылы ұзақ бірін–бірі біліп, ӛзара сынасып, ұнатысу, бір-
бірінің қырларын ұғынысудың нәтижесінде отбасын құру арқылы ӛз тағдырларын ұштастыруға келіседі. 
Әдетте жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достық қарым-қатынасты екеуінің де ата-аналары 
хабардар болады. Сондықтан болашақ отбасын құруға ниеттенген қыз да, жігіт те әке–шешесімен 
ақылдасып, олардың келісімін ала отырып, ӛздері де ӛзара уәделеседі. Әрине, шешім қабылдауда шешуші 
дауыс әрқашан жастардың ӛзінде қалатыны сӛзсіз. Алайда, осы жайттарды ескере келе, жастардың 
отбасыға және некеге деген қатынастары әртүрлі болып келеді. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы 
заман талабына сай ӛзгеріске ұшырап, жаңа сипатта және бағытта кӛрініс тауып отырады. Бұл әсер етуші 
факторлардың динамикасына тәуелді болып табылады. 
Кӛптеген отбасы мәселесімен айналысқан мамандар жастардың некеге және отбасыға деген 
қатынастарын талдады (А.Зейнеп, Д.Б. Оспанова). Отбасы жағдайы және онда жүргізілетін тәрбие 
мәселесімен айналысқан зерттеушілер отбасының және некенің тұрақтылығының басты шарты 
тұлғалардың адамгершілік деңгейі деп есептейді. Шын мәнісінде адам санасында белгілі адамгершілік 
қасиеттердің даму деңгейі отбасы сферасы үшін маңызды болып табылады. Дегенмен, қазіргі таңда 
жастардың отбасын құруға деген жетекші мотивтерінің бірі махаббат екені белгілі. Осы отбасын құрудың 
басты мотиві махаббат болса, жастар бұл ұғымның мағынасын әртүрлі түсінеді, сезінеді және бағалайды.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста 
тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық 
және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ кӛптеген психологиялық зерттеулер бойынша, 
материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі 
әсерін тигізбейді. Отбасы ӛміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі 
түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, 
нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық. 
Некедегі қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында 
кӛкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Ӛмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық 
білім мен мәдениеттің тӛмендігінен кӛптеген отбасы бӛгеттерден шыға алмай, кері кетіп некенің 
ажырауына немесе отбасындағы жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау кеңінен етек жайып 
барады. Қазіргі таңда неке құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. 
Жастар жолдас таңдағанда, оның бойында ӛзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Отбасын 
құрудың маңызды факторларының бірі — жастардың ӛнегелі санасының деңгейі. Дамыған ӛнегелі сана, 
жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты 
ойланып таңдағанында құрылатын некеге сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және 
олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді. 


77 
Неке жүйелік ықпал кӛзқарастарында қарастыра отырып, ол жерде ӛтіп жатқандарды бір мезетте 
оның ерекшелігі, шағын топ және әлеуметтік институт ретінде талдауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде 
«отбасы» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік 
қозғалыстар отбасылық ӛмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді. Отбасы қалыптасу үшін 
некенің қалыптасуы қажет. Олай болса, неке және отбасы дегеніміз не? 
Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын 
құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат - екінші адамға бағытталған 
сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сӛзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі
маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. 
Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, кӛмекке келуге қабілеттікке, бір-
біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе 
қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның 
бойында ӛзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. 
Ғалым Т.А. Флоренская «махаббат» ұғымының үш түрлі мағынасын бӛліп кӛрсетті.Бұл ұғымдарға 
сипаттама беретін болсақ, біріншіден, махаббат- жыныстық құмарлық, екіншіден, махаббат-сүйікті болу 
қажеттілігі, үшіншіден, махаббат ӛзгеге бағытталған доминантты қарым-қатынас. Келесі кезекте біз осы 
ұғымдардың мағынасына талдау жасап кӛрелік. Гипертрофиялық жыныстық құмарлық ретінде махаббат 
адамның барлық ӛмірлік күшін тартымды етіп, ӛзінің нәпсісінің құлы етуге дейін апарады. Бұл жағдай 
адамның рухани және психологиялық дамуының тосқауылы бола отырып, ішкі және сыртқы 
шиеленістердің тамыр жаюына себептігін тигізеді. Балалардың психикасының дамуына ерлі–
зайыптылардың жағымсыз, әрі дӛрекі қарым–қатынасы қатты әсер етеді. Т.А.Флоренскийдің пікірінше, 
мұндай адам отбасын құруға қабілетті емес, оларда тек жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруда 
әріптесті алмастыру ниеті ӛте күшті басым болады. Соңғы кездегі психологиялық зерттеулерде 
отбасындағы жоғарыдағы айтылған жағдайды ―сериялық моногамия ‖ ретінде сипаттайды [1]. 
Сүйікті болу қажеттілігі ретінде махаббат балалық шақтан бастап туындайды. Бірақ кӛбінесе 
адамның сүйікті болуға деген қажеттілігі тек ӛзіне ғана бағытталған болуы да ғажап емес. Жоғарыдағы 
айтылған тек біржақты қажеттіліктер балалық шақта ӛзіне және ӛзгеге қанағаттанбаушылық пен жоғары 
мазасыздық сезімін ұялатуы мүмкін. Осы орайда, эгоцентрикалық және невротикалық қажеттіліктер ӛзіне 
деген махаббатты талап етеді. Сүйікті болу қажеттілігінің жоғарлауы сәтсіздікке қарай итермелейтін 
реакцияларды туындатады. Махаббат қарым-қатынасындағы тұрақсыздық, ӛзгені жақсы кӛре алмау
қабілеті, сүйікті болу қажеттілігінің күшеюі қарқынды қызбалықты туындатады. Мұндай адамдар 
отбасылық ӛмірде үнемі қарым-қатынасты анықтаумен болады. Отбасылық ӛмірге қатысты 
жауапкершіліктерді, міндеттерді кӛбінде атқармайды. 
Махаббаттың үшінші сипатында, яғни, басқаға доминантты қарым-қатынаста жақсы кӛру 
қабілетінің жоғары болуы ӛзіне және отбасына сенімділік тудырады. Сүйікті адамының ӛзін 
жалықтырмағандығы қарым-қатынасты тереңдете және нығайта түсетіні анық. Бұл жағдайда сүйіктілер 
әрдайым бірге болуды қалайды, оларды тек ажал ғана ажырата алады деп санайды. 
Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ 
кӛптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары 
отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасылық ӛмірге мотивациялық дайындық махаббат 
сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын 
отбасыға жауапкершілік сезімі, балаларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты кӛрсетеді [1]. 
Болашық ерлі – зайыптылар ӛскен отбасыларының атмосферасын, құрылудағы отбасының дамуына 
елеулі әсерін тигізеді, ол не сәтті не кӛптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күзеліске ұшырауы 
мүмкін. Отбасын құруға психологиялық дайындық бұл – жеке адамның басқа адамдармен қарым-
қатынасты тез орната білу, отбасылық ӛмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас кӛзқарас, 
отбасыда сау рухани – психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің 
тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері. 
Неке мәселесін зерттеуде психология ғылымында бірнеше мектептер мен бағыттар орын алуда. 
К.Витакер пікірінше отбасы бірлестігінен барып туындайтын тұлға ӛзіндік жеке даралық жетілуге әкеледі 
десе, ал В.Сатир отбасындағы қалыпты қарым-қатынас арқылы тұлғалық алға дамуы мен жетілуі 
қарқынды жүзеге асырылады деген ойлары ӛзара байланысты. Жүйелі отбасы терапиясы 
бағытында отбасы бүтін бірлік — биологиялық және психологиялық ағза ретінде қарастырылады. Олай 
болса, «Қосарлы байланыс» — коммуникацияның бұрмаланған түрі ретінде адамның екі түрлі жолдау 
алғандағы оның арасындағы қарама-қарсы ойды түсіне алмауы. Сондықтан отбасындағы екі адамның 
ӛзара байланысы психологиялық сәйкестік тұрғысында да мазмұн алуы тиіс[2]. 
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста 
тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Оның ішінде негізгілері: бүгінгі ғана бағдар емес, 
сонымен қатар оның дамуының ертеңгі күнгі болашағын, үйренуші іс-әрекетінің әртүрлілігіне тірек 


78 
болатын (оқу, оқудан тыс, ойын, еңбек, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық-саясаттық, кӛркем ӛнер, спорт), 
тұлғаралық қатынастың ерекшеліктері, қоғамның отбасыға деген талады; оны тудыру процесінің 
күрделілігі отбасыдағы шаруашылық-экономикалық қатынастың күрделенуі; Отбасыны тәрбиелеу 
потенциялы негізге алынады. Отбасылық қарым-қатынастың үйлесімді дәрежеде дамуы жастарды 
отбасылық ӛмірге дайындалуының психологиялық ерекшеліктеріне тӛмендегідей тұжырым жасауға 
болады: 
- ӛсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық ӛмірге дайындау-адамның жас ерекшелік дамуының әр 
кезеңінде жүру қажет және тәрбиелеудің жалпы мәселесінен бӛлінбеуі керек. 
- жастарды отбасылық ӛмірге психологиялық дайындау мәселесінің қалыптасуы бірнеше 
аспектілерден, яғни қазіргі қоғамда некеде және Отбасыда жастардың ролін дұрыс түсінуде, оларда неке 
қиюға бейімділік және нұсқаулардың қалыптасуының ерекшеліктерімен байланысты. 
- қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік-отбасылық 
қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. 
Қазіргі кезде некелік-отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың адамгершілік-этикалық, 
психологиялық-педагогикалық дайындықтарының, тұрмыс мәдениетінің жоғары деңгейде болуын талап 
етеді. Адамның қалыптасуы оның бала күнінен басталады. Сондықтан жас буынның жеке бас 
қасиеттерінің ойдағыдай дамуы үшін олардың ӛз қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін түсіне білуіне 
кӛмектесіп, жол-жоба кӛрсету ӛте маңызды. Бұл оңай міндет емес. 
Кӛптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті 
құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы ортақ тұрмыспен ӛзара 
моральдық жауапкершілікпен және ӛзара кӛмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. 
Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және 
баланы тәрбиелеп ӛсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы 
некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Бірақ кей 
жағдайда ол махаббат емес материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ауысып кетеді. 
Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, 
қызығушылықтардың ортақтығына, кӛмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен 
қарауға негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет