183
Виета» (8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных
неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы кӛшбасшы –
Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық
оқулықтары кӛптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың кӛпшілігі: 1) оқыту, 2)
жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм бойынша жасалған. Ӛздерінің қарапайымдылығына
қарамастан бұндай бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы кӛмекші ретінде қызмет етуде.
Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Сондықтан
нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және
оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ескеру қажет.
Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға келесілерді жатқызуға
болады: «Математика 5-11 классы. Практикум», «Все задачи школьной математики», «Математика 5-11.
Новые возможности для усвоения курса математики», Ұлттық ақпараттандыру орталығының
«Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.
Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану: оқушылардың
мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға; математикалық ойлауын
қалыптастыруға; оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға; ӛзін-ӛзі басқаруға; есте сақтау
қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Арнайы ӛңделген компьютерлік бағдарламалар
қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы,
анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын
пайдалануы тиіс. Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының ӛзара
қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Ӛзін-ӛзі
оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы
тікелей немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық ӛзара әсердің болуында.
Сондықтан дербес және ӛзін-ӛзі оқытуға арналған бағдарламаларды жасағанда сұхбаттың жалпы
құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын, тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін,
сұхбаттың басқа да элементтерін ӛте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты, басқа техникалық
оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни оқушының
сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге,
мәліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек. Егер оқушы мен компьютер
арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай
қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды ӛз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету.
Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі ӛспей қалады. Ал әлдебір
мәселені ӛздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: