Гумандық
ұғымын сипаттауда ғылымдар арасында
бірізділік кӛрінісі кездесе бермейді. Бұл салалық ғылымдарға ғана қатысты емес, түрлі дәуірдегі түрлі
кӛзқарастарға да тән. Сондай-ақ гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын
адамгершілік қасиет ретінде қарастырылса, қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде «ізгі – адал, ақ, игі», «ізгілік
– жақсылық, адалдық, игілік» деген мағына беретіндігі жӛнінде айтылады. Қ.Т.Әтемова, М.Ералиева,
Г.Ерғалиева, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектерінде
«ізгі», «ізгілік», «ізгілендіру», «гуманизм»
т.б. ұғымдарға
қатысты зерттеулер кӛрініс тапқан.
«Гуманизм» ұғымы кӛне түркі әлемінде «жәуанмәртлік» термині аясында қарастырылып келгенін
байқадық.
«Жәуанмәртлік»
ұғымы парсы халқының «жувонмард» сӛзінен шыққан «жувон» - жігіт, ал
«мард» - жомарттықты, қайырымдылық пен кішіпейілділікті, яғни ұнамды қасиеттер жиынтығын
білдіреді.
Бұл бағытта А.А.Бейсенбаева, Ж.Таубалдиева, т.б. педагог-ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ аталған мәселе бағытын зерделеу мен оны оқытуда «гумандық педагогика» жӛніндегі ойлар
туындауда.
«Гуманистік педагогика»
ұғымы жӛнінде педагогикалық еңбектерде түрліше беріледі. Мәселен,
мұғалімдер мен жалпы білім беретін мекеме басшыларына арналған психологиялық-педагогикалық
сӛздікте: «Гуманистік педагогика АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдары гуманистік психологиялық идеяны
педагогикалық іске асырушы ретінде туындаған тәрбие теориясы мен практикасындағы заманауи бағыт»
ретінде анықталады. Гуманистік педагогиканың философиялық-идеологиялық бағдары жаңа тәрбие және
«прогрессивизм» идеяларына жақын. Гуманистік педагогиканың зейін ортасында бірегей жеке тұлға
тұрады. Гуманистік педагогика - ӛзінің мүмкіндігі бойынша дамушы, оқу-тәрбие үдерісінде белсенді,
саналы, тең құқылы қатысушы ретіндегі тәрбиеленуші мақұлдайтын ғылыми теориялар жүйесі ізгілік
педагогиканың практикалық аспектісі ретінде Ш.А.Амонашвилидің, Ш.Майғаранованың еңбектерін
атауға болады.
Гуманистік психология
жӛнінде педагогикалық және психологиялық сӛздікте: «Гуманистік
психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп
есептейтін бағыт. Гуманистік психологияның ӛкілдері «шын мәнінде ол адамның асқан қажетсінулерін,
адамның ӛзін-ӛзі кемелдендіруін, білім алуын, эстетиканы зерделейтін ғылым болуға тиіс деп есептеді» -
деп берілген. Педагогикалық еңбектерде тәрбие үдерісінде тәрбиені гуманизациялау қағидасы ретінде
жеке дара да қарастырылады. Болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұны ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға
мүмкіндіктерінің мол екендігін кӛрсетеді. Оның ішінде «Ӛзін-ӛзі тану», педагогикалық және
психологиялық пәндер кешенін атауға болады.
Педагогикалық еңбектерде қалыптастыру,
«қалыптасу»
термин ретінде қолданыс табады. Мәселен,
педагогика және психология бойынша қазақ тіліндегі түсіндірме сӛздігінде:
«Қалыптастыру
– баланың
қоғамда ӛздігінен ӛмір сүруге қабілеттілігін, ӛзінің тағдырына ӛзі үкім ете білуін және ӛз мінез-құлқын
жӛнге сала білуін, сондай-ақ дүниемен ӛзінің қарым-қатынасын түсінуін меңгерту» десе, «қалыптасу» –
үйлесімді мінез-құлықты біртіндеп жасау, кӛңілдегі нәтижеге жақындайтын кезектес қадамдарды бекіту
арқылы мінез-құлықтың қарапайым моделін күрделі модельге ӛзгертеді» - деп түсінік беріледі. Бұл
мазмұндаулардан сыртқы факторлар ықпалынан ішкі мазмұнның ӛзгеруін түсіну керектігі кӛрінеді.
Жалпы қарағанда «қалыптастыру» ұғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық қасиеттерді
179
орнықтыруда кӛрініс табатындығын сипаттайды. Ал ―қалыптасу‖ болса, негізінен ішкі факторлар арқылы
жүзеге асырылатын іс-әрекет нәтижесі ретінде кӛрінеді. Оны жеке тұлға тұрғысынан қалыптану деп те
қарауға болады.
«Қалыптану»
ұғымы адамның қалыптасу үдерісі, оның адами бейнеге ие болуы, білім мен
мәдениетке ұмтылысы мағынасында Ежелгі грекияның атақты пайдейясынан (б.э.д. V-IV ғ.ғ.) бастау
алады. «Антик сӛздігінде» пайдейаға жалпы алғанда – қалыптану дегеніміз – адамның бүкіл қабілеттері
мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын тәндік және руханилық жағынан үйлесімді түрде қалыптасуы»
ретінде қарастырылады. Қалыптану - Әл-Фарабидің ойынша, шынайы ізгілік пен бақытқа апаратын
адамның адамгершілік және ақыл-ой дағдыларын қалыптастыруда сенімді басшылық жасайды. Оның
үйлесімді дамыған тұлға және кемелденуге қол жеткізу туралы ілімі адамның нағыз рухани азат болуына
ықпал етеді. Әрі ғалым, әрі энциклопедист Әл-Фараби оқыту, тәрбиелеу, мадақтау, мақтау, бетіне басу,
мәжбүрлеу, бақыт, білім, дағдылар, әдеттер, қабілеттер және т.б. педагогикалық категорияларға баса назар
аударды. М.Жұмабаев «Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой, ләм іс ізгілік» - деп
атап кӛрсеткен. Ізгілікке ұмтылу жауыздықтан безу адам жаратылысының ӛзінде бар нәрсе. Кімде-кім
ӛзін, туыстарын, ӛз елін сүйсе, әсіресе, бүткіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп
атаймыз, ӛзін-ӛзі соқыр сезіммен мал да сүйеді дей отырып, адамның адам болуы үшін ӛзін сүю,
жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт екендігіне тоқталған.
Сонымен біздің ойымызша,
«ізгілік қасиеттер дегеніміз – адамның ізгі іс-әрекетін сипаттайтын
жақсы әрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық сапалары»
. Ізгілік қасиеттерді
Қ.Әтемованың зерттеуіне сәйкес жеке тұлғалық жақсы мінез-құлықты, жеке тұлғалық мазмұндық, жеке
тұлғалық іс-әрекеттік қасиеттер тұрғысынан қарастыру жӛн.
Ал біз зерттеуімізде болашақ мұғалімдердің, соның ішінде педагог-психолог мамандарының кәсіби
іс-әрекетіне қатысты ізгілік қасиеттерінің мазмұны мен құрылымы тӛмендегілерден тұруы тиіс деп
білеміз: жеке тұлғалық сапалық қасиеттерден; жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді танып, білуге
даярлығынан.
Жоғарыдағы жүргізілген зерттеулер мен талдауларға сүйене отырып, біз
«болашақ мұғалімдердің
ізгілік қасиеттері деп, жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді (жақсы мінез-құлықты, оларды мазмұндық,
іс-әрекеттік тұрғыдан игеруі) меңгеруін және оларды танып білуін, оларға өзіндік бағдар алуын, оқу-
тәрбие үдерісін ізгілік үдеріс негізінде ұйымдастыруға ұмтылысын (даярлығын) түсінеміз».
Мектеп қабырғасындағы оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптасты-рудың іс-әрекетті құраушы
құрылымдарын Г.К.Байдільданова, Н.Д.Иванова тағы басқалар зерттеу жұмыстарына және тұтас
педагогикалық үдерістің тұжырымдамасына талдау жүргізген. Болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау
мәселесін шешуге О.А.Абдуллина, Ю.П.Азаров және т.б. ӛз еңбектерін арнаған. Осы және т.б. педагог-
ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптардың белгіленгендігін,
бүгінгі таңдағы мұғалімнің тұлғалық үлгісінің жасалынғандығын, оның кәсіби даярлығын қалыптастыру
барысында ізденіс жұмыстарының жүргізілгендігін байқауға болады.
Ал болашақ мұғалімдердің, оның ішінде педагог-психологтың ізгілік қасиеттерін қалыптастыру
мәселесі әлі зерттеле қоймағанын кӛрсетеді.
Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау ―болашақ мұғалімдердің
ізгілік қасиеттерін
қалыптастыру
‖ ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. И.П.Подласый мінез-құлықтың қалыптасуының
мынадай үлгісін ұсынады: мінез-құлық нормалары мен ережелері жӛніндегі білімді меңгеруі → сенімнің
қалыптасуы → сезімнің қалыптасуы және бұл тізбектен бӛлек олар-дың әрқайсысы жеке-жеке мінез-
құлықтың қалыптасуына бағытталады. ―Модель‖ термині латынның ―modues‖ сӛзінен шыққан. Ол
―ӛлшем‖, ―әдіс‖, ―бейне‖ деген ұғымдарды кӛрсетеді. Педагогика ғылымында модельдеудің бірнеше
үлгілері кездеседі.
«Модель» - үлгі, сұлба, ӛрнек, ӛң, кейіп деген ұғымдарды да білдіреді. Сондай-ақ ғылыми
зерттеулерде «модель» ұғымының орнына түрлі ұғымдар қолданыс табуда. Ал қазақ тілінің түсіндірме
сӛздігінде: «Модель – бір нәрсенің жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы» ретінде қарастырылса,
«модельдеу – шамалау, жобалау, долбарлау» үдеріс, әрі әдіс ретінде қарастырылады.
Сонымен, зерттеуімізде теориялық модельдеу әдісін басшылыққа ала отырып, зерттеліп отырған
сапалық қасиеттерді педагогикалық үдерістің құраушылары тұрғысынан қарастыру арқылы,
мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың моделін сипаттадық ( Сурет 1).
180
Достарыңызбен бөлісу: |