ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих, археология және этнология факультеті
Археология, этнология және музеология кафедрасы
| факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді
№____хаттама « ____»_______2014 ж.
Факультет деканы _____________
Ж.Қ.Таймағамбетов
|
| « ____»________ 2014 ж. |
«5В041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы
СИЛЛАБУС
№7 базалық-кәсіптік модулі бойынша
VM1403 – 2 DECH 1415 – Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы
1 курс, қ/б, күзгі семестр, 3 кредит
Дәріскер, семинар жүргізуші: Тургунбаев Е.М.- т.ғ.к., доцент
Телефондары: 87011278877 ұялы
e-mail: raushanmir @mail.ru
каб.: этнология музейі
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: студенттерге көне адамдар және олардың алғашқы қоғамы туралы түсінік беру. Бұл пән тарихи пәндер арасында ерекше орын алады. Адамзат дамуының тарихи эволюциясы және қалыптасуы, алғашқы тұрмыстық кезең адамдарының даму жолдары мен алғашқы қоғамның қалыптасу шарттарын түсіндіру.
Міндеті: студенттерге осы пән бойынша археологиялық, этнологиялық, жазба және т.б. деректер негізінде тарихилыққа дейінгі эволюциясы тарихын оқытуда негізгі білімдерді көрсету. Адамзаттың алғашқы тұрмыстық кезеңі біздің тарихымыздың және мәдениетіміздің бір бөлігі болып табылатынына аса зор мән беру.
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері
- Жалпы құзырет:
құралдық: Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы тарихына қатысты білімдерді, зерттеулерді, оның адамзат қоғамындағы алатын орны және ерекшеліктерін игеру, түсініктер мен терминологияны игеру;
тұлғааралық: тұлғаның жеке басының осы пәнге деген қабілеттілігін арттыру, оларды кәсіби қызметімен байланысты зерттеу мекемелерінде алдында тұрған кәсіби міндеттерін шешуде пайдалана білуі қажет. Сын айту, өзін-өзі сынауға, мәселені талдап, сараптау жасауға, зерделеуге қабілетті болуы керек;
жүйелік: пән бойынша алған музейтану салалары мен бағыттары бойынша алған білімдерін формациялау, сараптау, бағалау жүйесі арқылы өзектендіруге қабілетті болуы керек;;
Достарыңызбен бөлісу: |