Құзыреттер(оқытудың нәтижелері): «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша білім алатын студенттер «Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы» атты пән негізінде адамның шығуы және адамзат қоғамының қалыптасуы, семьялық-некелік қатынастардың эволюциясы , антропогенез процесінің аяқталуы негізінде еңбек құралдарының және өндірістік қатынастардың дамуы, рухани және материалдық мәдениеттің пайда болуы, қауымдық, рулық, тайпалық бірлестіктердің қалыптасу мәселелері, гоминидердің еңбек қатынасы, жеке-меншіктің шығуына, нәсілдердің, ойлау мен сөйлеудің шығуы, мүліктік теңсіздік, таптық жіктелудің нәтижесінде ең алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуына дейінгі адамзат қоғамының ерекшеліктерін игеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |