XIX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық жүйелердегі тарихи процестің интерпретациясы
хіх ғасырда интеллектуалдық мәдениетте әлемдік тәртіпті, қоғамның та- биғатын, тарихи процесті тұтастай түсіндіруге ұмтылған бірқатар жаңа фило- софиялық және ғылыми теориялар қалыптасқан еді. Оларға г.В.Ф. гегельдің, А.Шопенгауэрдың, К.Маркстің философиялық-тарихи жүйелері, Ф.ницшенің сыни идеялары; әлеуметтану теориясының негізін қалаушылар О.Конттың, д.Милльдің концепциялары; Ч.дарвиннің жаратылыстану-ғылыми теориясы айрықша ықпал етті. Бұл құрылымдардың барлығы хіх ғасырдағы тарихи бі- лімнің сипатына өз әсерін тигізді.
неміс философы георг Вильгельм Фридрих гегельдің (1770–1831) «Философия тарихы бойынша дәрістер» (1833–1836), «Тарих философиясы» (1837), «Эстетика бойынша дәрістер» (1835–1838) атты шығармаларында дамытылған идеалистік концепция хіх ғасырдың тарихи және қоғамдық-саяси ойының қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
гегельдің ойынша, оның ұсынған теориясы бүкіл адамзат тарихының мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Онда дүниедегі құдайлық және адамдық бастаулар- дың, рух пен материяның, табиғат пен адамның арақатынасы қайтадан анық- талады. гегельдің көзқарасының қалыптасуына Ағарту дәуіріндегі неміс фило- софтарының еңбектері, романтиктердің туындылары, христиандық мистицизм идеялары мен антикалық философтардың теориялары айтарлықтай ықпал етті. гегель өзінің шығармаларын тарих философиясының саласына жатқызды.
Бұл ұғымның мәні – тарихқа жалпы заңдарды, жекелеген оқиғаларды тізбекте- мейтін, жеке құбылыстарды меңгеретін, тарихи процестің логикасын, адамзат тарихының мәнін тануға бағытталған ақыл-ой тұрғысынан қарау.
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 141
гегельдік жүйенің негізінде диалектиканың әмбебап заңдары жатты. Оған сәй- кес, рухани әрі материалдық өмірдің барлық құбылыстары үздіксіз даму бары- сында болады және жалпы ережелерге бағынады: кез келген құбылыстың әрбір жағдайы қарама-қайшылықты туғызады. Бұл қарама-қарсылықтар өзара күреске түседі, бұл күрес оларды біріктірумен, неғұрлым жоғары деңгейдегі синтезбен аяқталады. Қол жеткен бірлік, өз кезегінде, жаңа оппозицияны қалыптастырады, сөйтіп, ол қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігінің келесі толқыны үшін бастапқы межеге айналады.
гегельдің ойынша, диалектикалық даму принциптері туралы білім шындықтың кез келген жағын – тарихтың барысын, адамдық ойды, табиғаттың құбылыстарын түсіндіруге, тіпті Құдай ойын ұғынуға бір қадам жақындауға мүмкіндік береді. Философиялық жүйе болмыстың барлық құрамдас бөлігін түсінуге бағытталған. Әлемде қандай да бір қозғалмайтын және аяқталған дүние болған емес, кез кел- ген ойдың немесе құбылыстың өз ішінде қайшылығы болады. Мұның өзі олардың дамуына және ой мен тұрмыстың анағұрлым жоғары формаларына қол жеткізу- ге мүмкіндік берді. неміс философы адамның ақылы ақиқатты тану қабілетіне ие, өйткені онда ғаламдық ақыл-сана, әлемдік рух өз көрінісін тапты деп есептеді. Адамзаттың тануға деген ұмтылысының жоғары негізі Құдайдың ақыл-ойы болды. гегель әлемдік тарихты құдайлық бастаманың, әлемдік рухтың өзін-өзі дамыту процесі ретінде сипаттады. Табиғат рухтың кеңістіктегі бейнеленуі болса, тарих уақыттағы бейнеленуі болып саналады. Әлемдік рух өзінің ең жоғарғы дәрежедегі бейнесіне тек адамзаттың болмысында ғана қол жеткізе алады, ал ол, өз кезегін- де, өзінің Жаратушысына ұмтылумен болады. гегельдің ойынша, адам дамудың шегіне жеткенде өзін Құдай рухымен бірліктемін деп түсінеді. Сөйтіп, адамзат мәдениетін қамтыған тарих адамға Құдай арқылы өзін-өзі тануына қызмет етеді.
Осыған байланысты өткенді зерттеу адамдар үшін айрықша мәнге ие болады.
Рух түсінігі құрамдас үш бөліктен тұрады: жалпы, жекелеген және ерекше. Жалпысы Құдай рухының өзі болса, жеке бөлігі оның белгілі бір адамдағы бей- несін білдірді; ерекшенің мағынасында жекелеген халықтың рухы ұғынылды. дүниежүзі тарихының кейіпкері ретінде халықтың өзі қарастырылған. гегельдің пікірінше, әртүрлі кезеңдерде белгілі бір уақыттарда анықталған өзіндік мис- сиясы бар әлдебір халықтар алдыңғы орынға шығып отырды.
неміс философының көзқарасы бойынша, тарихты батырлар немесе ұлы тұл- ғалар жасаған жоқ: билеушілер өз еріктерімен тарихтың барысын өзгерте ал- мады. Тарих рационалды тұрғыдан меңгеруге болатын, жекелеген ерік-жігерге тәуелді емес, объективті заңдылықтарға бағынды. гегельдің пікірінше, халық- тардың тарихындағы осындай ішкі заңдылықтар еркіндікті сезінудегі прогресс болды. Мәселен, еркіндік Ежелгі Шығыстың мәдениетінде пайда болды, бірақ оның қалыптасып дамуына Шығыс деспотизмі кедергі келтірді. Антикалық әлемде адам еркіндіктің құндылығын ұғынды, бірақ сонымен бірге оған қара- ма-қайшы құбылыс ретінде құлиеленушілік те өмір сүрді. гегельдің ойынша, мемлекет адамзат тұрмысын тәртіпке келтірудің айрықша, жоғарғы міндетіне ие болды, ол ақыл мен шынайы еркіндіктің абсолютті мақсаты ретінде ұғыныл- ды. Қазіргі мемлекеттер өз азаматтарына еркіндік орнатуға кепілдік беретін жағдайға жақын келді. Биліктің оңтайлы формасы – конституциялық монархия бытыраған неміс жерлерін біріктіріп және либерализм рухын нығайтуға тиіс еді.
142 АЛТЫнШЫ ТАРАу
Қоғамда бірнеше ондаған жылдар көлемінде гегель еңбектерінің айналасында пікірталастар орын алды. гегель ізбасарлары оның ой-пайымдарынан терең ойлас- тырылған философиялық-тарихи жүйені көрді. Ол адамзаттың өмір сүру қалпы- ның әрбір қырының лайықты орны белгіленген әлемдік тарихи процестің әмбе- бап бейнесін құрастыруға мүмкіндік берді. гегельдің философиялық теориясынан хіх ғасырда тарихи білім үшін маңызды болған қорытындылар шығарылды.
христиандық дүниетанымға сай, неміс философының концепциясында та- рих жоғарғы мақсат – адамзаттың Құдаймен бірігуіне бағытталған ілгерілемелі сызықтық қозғалыс ретінде түсіндірілді. Тарих шынайы заңдылықтарға бағын- ды және адамзат пен Құдайдың ақыл-санасының даму деңгейіне сай белгілі бір сатылардан өтті. Тарихтың қозғалысы тек табиғи, саяси, экономикалық сынды материалдық себептерге ғана емес, сонымен қатар идеяның дамуымен байла- нысты болған себептерге де тәуелді болды. гегель кез келген дамудың ішкі қоз- ғаушы күші, негізгі принципі диалектика деп есептеді. гегельдің пайымынша, диалектикалық қайшылықтар, ең алдымен, сананың саласында, идея шеңберін- де, мәдени және адамгершілік құндылықтар жүйесінде өмір сүрді.
гегельдің философиялық-тарихи жүйесінің сыншылары оның жүйесінде адамның жеке мүмкіндіктерін шектейтін және иррационалдық пен кездейсоқ- тық элементтерін ескермейтін әмбебап, алдын ала анықтама бар екенін көрсет- ті. Өзге ғалымдар әлемде өмір сүретіндердің барлығы гегельдік жүйеде қажет дүние ретінде баяндалатынына, сөйтіп, әділдік те, жамандық та бірдей ақтала алатынына назар аударды.
Философтың мистикалық христиандық идеялары хіх ғасырдың екінші жар- тысында көбінесе Еуропадағы интеллектуалдық ережелерді анықтап отырған сала – жаратылыстану және нақты ғылымдар саласындағы зерттеушілердің та- рапынан бірауыздан қолдау таба алмады.
гегельдің теориясы түрліше түсіндірілді. неміс философы, ірі философиялық- тарихи жүйенің негізін қалаушы Карл Маркс (1818–1883) көп жағдайда гегельдің пайымдарымен келіспеді, оның теориясы хіх ғасырда қоғамдық ықпалға ие бол- ды. хх ғасырдың барысында бұл теорияға тарихшылар, философтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері жиі оралып отырған еді. Маркс концепциясы ережелерінің гегельдік жүйемен байланысына қарамастан, онда тарихи процестің өзгеше түсі- ніктемесі берілді. гегельдің негізгі тезисі кері «төңкерілді». Әлемдегі құбылыстар- дың жалпыға ортақ тәртібін не анықтайды деген сұраққа жауап беру үшін Маркс, ең алдымен, рухтың саласына емес, материалдық өмірдің саласына, өндіріс пен жеке меншіктің қатынастарына назар аударды. Маркстің теориясын гегельдің идеалистік жүйесіне қарама-қайшы материалистік жүйе ретінде сипаттайды.
хіх ғасырдың 50-жылдарының басында еуропалық мәдениетте жаңа интел- лектуалдық ахуал қалыптасты. Бұл кезеңде Еуропа мемлекеттерінде буржуазия- лық революциялар кезеңі аяқталып, жалпы алғанда, парламенттік-конституция- лық жүйе қалыптасқан еді. хіх ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қалалардың және өнеркәсіптік өндірістің қарқынды дамуымен, технологиялар саласындағы, күнделікті мәдениеттегі өзгерістермен ерекшеленді. Бұл процестер қоғамда бел- сенді талқыланған бірқатар күрделі әлеуметтік мәселелерді тудырды.
1840 жылдан бастап ғылымда жаңа бағыт – позитивизм дами бастайды. Жалпы алғанда, уақыттың ортақ рухы ағартушылық оптимизмнің қайта жандануымен
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 143
және қоғамдық прогреске деген сеніммен анықталды. Тарихи білімде танымның ғылыми әдістерінің басымдығы қабылданды, олардың ішінде жаратылыстану ғылымдарының әдістері ерекше беделге ие болды. Тарихи процесті зерттеуші- лердің арасында табиғат пен адам (биологиялық және әлеуметтік жаратылыс ретінде) бағынатын табиғи заңдарға деген қызығушылық арта бастады. Ендігі кезекте басты назар жекені пайымдауға емес, үнемі әрекет ететін жалпыны зер- делеуге бағытталды. Адамдар мен халықтардың есімдері мен атауларынсыз та- рих зерттеу пәніне айналды.
Маркс өзінің ертеректе жазылған «Гегельдік құқық философиясына сын» (1844) атты еңбегінде гегельдің теориясының негізгі ережелерін сынға алған еді. Ав- тордың ойынша, қоғамдық институттар, саяси процестер, заңдық нормаларды рухтың дамуымен түсіндіруге болмайды. Олардың бәрі белгілі бір уақыттардағы адам өмірінің материалдық жағдайының салдары еді. Маркс өзінің шығармала- рында осы идеяны жүйелі түрде дамытып отырды. Еңбектің материалдық жағ- дайларын зерттеу барысы көрсеткендей, әр дәуір техниканың, өндірістің, яғни өндіргіш күштердің түрлі даму деңгейімен ерекшеленді. Маркстің көзқарасы бо- йынша, өндіріс процесі барысында адамдар өз еркінен тыс қарым-қатынастарға түседі. Өндірістің төңірегінде қалыптасқан меншік пен биліктің бұл қатынаста- ры – өндірістік қатынастар қоғамның экономикалық құрылымын құрайды және адамдардың санасын анықтайды.
Сонымен гегельге қарама-қайшы пікірді ұстанған Маркс қоғамдық болмыс қана сананың белгілі бір формаларын қалыптастырады деп есептеді. Экономи- калық базаның үстінде саяси, заңдық, идеологиялық құрылымдар орналасады. Маркстің пікірінше, өндірістік тәсіл уақыт аясында трансформациялана оты- рып, идеялар саласында өзгерістер туғызады. Қандай да бір дәуірде үстемдік ет- кен дүниетаным билеуші таптың идеялары болды.
Маркс үшін тарихи зерттеулердің басты нысаны қоғам – оның құрылымы, әр- түрлі дәуірлердегі әлеуметтік топтардың, таптардың арасында орын алған қаты- настар болды. Философтың қоғамның түрлерін анықтауға, оның өмірін меңгер- ген заңдылықтарды түсінуге деген ұмтылысы бұл зерттеулерді жаратылыстану және нақты ғылымдардың ой-түйіндеріне жақындатты.
Маркстің ойынша, еңбек адамды жануарлар әлемінен ажыратқан еді. Белгілі бір дәуірде еңбек мәжбүрлік сипат алды және өндіріс процесі жеке меншік пен мүл- кінен айыру секілді ұғымдармен байланысты болды. Маркстің пікірінше, барлық өткен дәуірлер өздеріне тән әлеуметтік қайшылықтарымен сипатталды. Мемлекет пен қоғам ғасырлар бойы еркін емес қатынастарды қалпына келтіруге тырысты. Осы идеялардан Маркстің әйгілі тезисі туындады: «Философтар әлемді әртүрлі жолдармен түсіндіріп келді, бірақ мәселе оны өзгертуде болып тұр».9 Алайда өмір- ді тек әділдікті талап етумен ғана өзгерту мүмкін емес. демек жекеменшікті ре- волюциялық жолмен жою қажет болды. Маркстің ойынша, философиялық теория тікелей саяси нәтиже беруге тиіс еді. Осыған орай, Маркс пен оның серігі Фридрих Энгельс (1820–1895) «Коммунистік партия манифесінің» (1848) мәтінін әзірледі.
Маркс пен Энгельстің концепцияларына сәйкес, тарихи процестің негізінде сызықтық қозғалыс, адамдардың еркінен тыс үздіксіз даму идеясы жатты. Бұл таным тарих туралы христиандық түсініктерге жақын болды (дегенмен фило- софтар өздерінің көзқарастарын әлемнің діни бейнесіне қарама-қарсы қойды).
144 АЛТЫнШЫ ТАРАу
Адамзаттың тарихы өткеннен болашаққа, құлдықтан еркіндікке, тапсыз әділетті қоғамға ұмтылды. даму процестерін объективті заңдар басқарды. Әлемдегінің барлығы, гегельдің идеясына сай, диалектиканың әмбебап принципіне бағына- ды, соның нәтижесінде тарихи процестер мен қоғамдық құрылымдардың ішкі механизмдерін зерделеу мүмкін болады. Маркс қоғамның тарихын таптар мен олардың арасындағы күрес тарихы тұрғысынан талдады.
Маркс пен Энгельстің еңбектерінде мынадай заң тұжырымдалған: кез кел- ген қоғамда өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің даму деңгейімен сәйкес болуы қажет. Осы сәйкестік бұзылған кезде, қоғамда қақтығыс туады да, ол ре- волюциямен және өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың анағұрлым жоғары деңгейге өтуімен аяқталады. Еңбек құралдарын, техниканы жетілдірі- луге байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар өзгеріске түседі, ал ол, өз кезегінде, идеология мен қоғамдық институттарды өзгертеді. Бұл процестің әрбір сатысы қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуымен сипаттала- ды, осылайша тарих қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысу процесі ретінде қарастырылады. Маркс пен Энгельстің пікірінше, өткен, бүгінгі және болашақтағы барлық формацияларды бес түрге бөлуге болады: алғашқы қауым- дық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік.
Маркс пен Энгельстің жүйесінде әлем мен тарихқа экономикалық қатынас- тар айнасы арқылы қарау ұсынылған еді. Теория Батыс пен Ресейдің интеллек- туалдық мәдениетіне айрықша ықпал етті. хіх ғасырдың соңына қарай көптеген тарихнамалық бағыттар белгілі бір дәрежеде өздерін марксизммен байланыс- тырды. Олар осы тарихи тұжырымдаманы қабылдады немесе жоққа шығарды, кейде оның жекелеген белгілерін бейімдеп алып отырды. Ұлттық тарихи мек- тептерде бірқатар зерттеушілер – Францияда П.Лафарг, италияда А.Лабриола, Ресейде г.В. Плеханов – нақты елдердің және кезеңдердің тарихымен байланыс- ты мәселелерді К.Маркстің теориясына сай қарастыруға ұмтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |