XIX ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХШЫЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕН ТАРИХ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Тарих – өмір сүрудің ерекше түрі, тарихи сана – ойдың айрықша бейнесі,
ал тарихи білім гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының спектріндегі дербес сала
ретінде қарастырылды.
Хейден Уайт
Романтизмнің тарихи мәдениеті
Ағарту дәуірінің философтары өздерінің еңбектерінде табиғаттағы, қо- ғамдағы және тарихтағы ереже туралы жаңа түсініктерді қалыптастырды. 1770 жылдан бастап әртүрлі елдерде бұл идеялар әлеуметтік әрі саяси ережені тәжірибелік жағынан қайта құрастыруға ұмтылғандарды шабыттандырды. Бұ- ған Франция нақты мысал бола алады. 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталды, 1792 жылы монархия құлап, республика жарияланды. Ал келесі жыл корольдың жазалануымен және якобиншілердің террорлық әрекеттерімен есте қалды. Революциядан кейін наполеонның билікке келуі, империяның жария- лануы, Еуропа картасын алапат өзгерістерге ұшыратқан әскери жорықтар мен жаулап алушылықтар орын алды.
Ұлы француз революциясы өзінің қарсыластары мен жақтастарының ара- сындағы шиеленіске толы талас-тартыстардың туындауына себеп болды. За- мандастарының көз алдарында жүзеге асқан тарих рационал схемаға еш қисы- ны келмейтін нәтижелерге алып келді. XVIII ғасыр ойшылдарының реттелген әлемінің бейнесін әлеуметтік аласапырандар астан-кестен етті. Ақыл, еркіндік және бақыт патшалығының жақын күндердегі салтанат құруы туралы теория- лар өзінің мәнін жоғалта бастады. Революцияның тәжірибесін ой елегінен өт- кізу қоғамға деген көзқарастың өзгеруіне, яғни оған жеке тұлғалардың механи- калық жиынтығы ретінде қарау, ақыл-ойдың әлемді саналы түрде өзгерте алуы және прогреске қабілеті туралы көзқарастарын қайта зерделеуге алып келді.
XVIII–XIX ғасырлардың аралығында Еуропадағы осы жағдайларда кейіннен романтизм деген атауды иеленген идеялық-көркемдік қозғалыс қалыптасады. Әдебиеттегі романтизмді германияда и.В. гете, и.Ф. Шиллер, Э.Т.А. гофман, Фран- цияда В.гюго, П.Мериме, Британияда П.Б. Шелли, д.г. Байрон, В.Скотт, Ресейде
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 131
В.А. Жуковский, А.С. Пушкин сияқты қаламгерлер дамытты. Суретшілер Э.делак- руа, Т.Жерико, у.Төрнер, философтар и.г. Фихте, г.В. гегель, А.Шопенгауэрлер де бұл ағымға өз үлестерін қосты. Өнер мен әдебиеттегі бағыттар мен мектептерге романтизм айрықша ықпал етті, хіх ғасырдың алғашқы жылдарында ғылымда- ғы, қоғамдық ойдағы және философиядағы өзгерістерге өз әсерін тигізді.
Романтизм өзінің мағынасын тарихи білімнен де тапқан еді. Тарих бұл уақыт- та жеке пән ретінде біртіндеп қалыптаса бастады. Егер XVIII ғасырдағы тарихи шығармалардың авторлары көп жағдайларда философтар, антикваршы-коллек- ционерлер, публицистер мен әдебиетшілер болса, хіх ғасырдың бірінші жарты- сында өткенді зерделеу ендігі кезекте маманданған қызмет сипатына ие бол- ды. Еуропа мен дүниежүзінде О.Тьерри, Ф.гизо, Ж.Мишле, А.Токвиль, Л.Ранке, Б.г. нибур, Т.Б. Маколей, Т.Карлейль, н.М. Карамзин сияқты тарихшылардың ең- бектері кеңінен танымал болды.
Романтик авторлар кей кездерде өздерінің көзқарастарын ағартушылардың теорияларына қарама-қарсы қойды. Бірақ романтизм көп жағдайда ағарту- дың интеллектуалдық мұрасына негізделді. Бұл екі бағыттың қайраткерлері де адамның қабілеттерін жоғары бағалады, сұрақтардың жауаптарын табиғи бас- таулардан іздеді. Ағартушылар да, романтиктер де біртіндеп, әртүрлі дәрежеде адамзат қоғамының дамуы мен өзгеруі туралы концепциясын ұстанды. Ағарту- шылық және романтикалық көзқарастардың арасындағы көптеген үндестіктер- ге қарамастан, олардың арасында үлкен айырмашылықтар болды.
Ағарту дәуірінің кейінгі буын өкілдері қатаң философиялық құрылымдарды романтикалық және консервативтік ұстаным тұрғысынан алғаш рет сынға алды. Өз идеяларын қайта қарау мүмкіндігі бұл ағымның ғұмырын ұзартты, сол себеп- тен хіх ғасырдың қоғамдық ойы мен ғылымында ағартудың ықпалы айтарлық- тай күшті болды. Тарихи білім де ерте кәсіби тарихтың бейнесінде оның зерттеу жұмысының ғылыми дәлдігіне қойылатын талабымен анықталып отырды.
Романтизм идеялары әртүрлі елдерде түрліше сипатта көрініс берді. Алғаш- қы романтикалық қозғалыс Франциядағы революцияға қатысты қоғамдық реак- цияның ықпалымен XVIII ғасырдың соңына қарай қалыптасты. хіх ғасырдың аяғына қарай романтизмнің эстетикалық, философиялық қағидалары барлық жерлерге бірдей тарады. 1830 жылдан бастап қоғамдық ойларда романтикалық дүниетанымға сыни тұрғыдан қарай бастады. Бірақ көркемдік шығармашы- лықтың реалистік принциптерінің бекітілуі және тарихи білімде позитивистік идеялардың кең тарауы одан толығымен бас тартуға мүмкіндік бермеді. хіх ға- сырдың екінші жартысында Батыстың мәдениетінде романтизмге деген қызы- ғушылық одан сайын арта түсті.
Романтиктердің көзқарастарының біркелкі емесіне қарамастан, осы идеялық ағымға тән бірқатар жалпы принциптерді атап өтуге болады. Романтизм таби- ғатты қайтадан «ашты» – Бэкон мен ньютонның танымдық заңдарға бағынған рационал механикалық табиғатын емес, бүкіл жаратылыстың негізінде жатқан құдіретті жаратушы күшті ашты. Табиғат адамның ақыл-ойына бағынбай, ереже- лерді тек өзі ғана орнатты. Романтиктердің ішкі үндестікке, еркіндік пен күреске толы ұлы әрі жабайы табиғат туралы пайымдары олардың әлемге қарсы тұрған күшті һәм жоғары сезімге, құмарлықтарға ие, жоғары түйсігі бар, шабытты және шығармашылыққа қабілетті индивид – адам туралы түсініктерімен сәйкес келді.
132 АЛТЫнШЫ ТАРАу
Романтиктер үшін тарихилық принципі өзекті мәселе болды. Ағартушылар та- рапынан бұл принцип даму идеясында көрініс берді: табиғат пен адам қоғамының барлығы адамдардың еркіне тәуелсіз үдемелі қозғалысқа бағынды. Романтиктер- дің шығармаларында мағыналық басымдық өзгеше сипатта болды: тарихтың қоз- ғалысы органикалық процесс ретінде түсіндірілді. Барлық құбылыстарда қосым- ша тарихи өлшем пайда болды: оларды қалыптасу, даму, гүлдену және құлдырау аясында қарастыру керек. Тарих өзгерісті білдірді, одан өз кезегінде әртүрлілік өрбіді. Өткеннің барлық құбылыстары романтик-авторларға қайталанбас, айрық- ша сипатта көрінді. Олардың әрқайсысы өз уақытының, құндылығының, түсінігі- нің, мәдениетінің аясында түсіндірілді. Сөйтіп, романтизмнің тарихи шығарма- ларында бүгінгі мен өткеннің арасында белгілі бір «арақашықтық» қалыптасты. Бұл көзқарас бойынша, адамзат қоғамдастығының дамуының қажетті сатылары сияқты барлық дәуірдің өзіндік маңызы бар. Ағартушылардың пайымдауларында еуропалық орта ғасырлар жайында варварлықтың, жалған сенімдердің және на- дандықтың уақыты ретінде жағымсыз пікірлер айтылған еді. Романтиктер оларға қарағанда тарихтың бұл кезеңін кейде үлгі ретінде қабылдап, өлең жолдарына ар- қау етіп, орта ғасырларға деген қызығушылықты арттыра түсті.
Романтиктердің тұжырымдарына сай, халықтар, мемлекеттер мен мәдениет- тер табиғи жолмен дамып келді. Романтикалық философиялық ой-түйіндері жү- йесінің ықпалымен дүниежүзі тарихының негізін халықтардың тарихында өзін жүйелі түрде жан-жақты аша білген белгілі бір рухтың қозғалысы құрайды деген ой кең тарады (бұл гегель үшін идея болса, Шеллинг үшін – әлемдік рух, Фих- те үшін Құдай жоспарының көрінісі іспеттес эго-принцип болды). Романтиктер Ағарту дәуірінің философ-рационалистері механикалық ғылыми тәртіпті шын- дыққа жасанды жолмен енгізуге талпыныс жасай отырып, оның рухани негізіне жеткілікті дәрежеде көңіл аудармады деп есептеді.
Ағартушылар өткен кезеңнен ортақ әрі әмбебап заңдылықтарды іздесе, ро- мантиктер ұлттық тарихтың өзіндік мәніне айрықша назар аударды. Аталған ерекшеліктер әрбір ұлтқа тән халықтық рухтың ұлттық белгілерімен байланыс- тырылды, ал мемлекет осы рухқа сай дамыды.
Романтизм Еуропа елдеріндегі өрлеу кезеңдерімен, ұлттық мемлекеттер- дің рәсімделуінің аяқталуымен тұспа-тұс келді. Еуропа ұлттық мемлекеттер- дің жиынтығы ретінде хіх ғасырдың алғашқы жылдарында әлі де болса толық қалыптаса қоймаған еді. 1870 жылға дейін италия мемлекеттерінің, герман жерлерінің бірігу процестері біраз қиындықпен жүзеге асты. Сондықтан осы уақыттың ойшылдары үшін ұлт, ұлттық мемлекет, патриотизм сынды ұғымдар- дың өзекті болуы кездейсоқ емес. Олардың еңбектерінде ұлттық бірегейлік, ең алдымен, кез келген елдегі халықтардың өмір сүру ерекшеліктерінде, тілі мен мәдениетінің ішкі бірлігінде көрініс тапты. Тарихшылар халық рухының көрі- нісін зерделеуді өздерінің ең басты міндеті деп санады.
хіх ғасырдың бірінші жартысында тарихқа деген қоғамдық қызығушылық өте жоғары болды. 1823 жылы француз тарихшысы Огюстен Тьеррин «филосо- фияның XVIII ғасырға өз атын бергеніндей, нақты тарих қана хіх ғасырға өзінің атауын береді және ойып тұрып өзінің орнын алады» деген пікір білдірген еді. Аталған білім саласымен шұғылдану әртүрлі формаларда жүзеге асты: атақты тарихшылардың еңбектері оқылып отырды, мерзімді басылымдарда талқылан-
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 133
ды және бірнеше рет қайта басылып шықты. Ашық дәрістер оқу ең көп тараған тәжірибеге айналды. Еуропа мен Америкада тарихи қоғамдастықтар, музейлер құрылды, тарихқа қатысты журналдар шығарылды. Бірқатар елдерде ұлттық тарих бойынша көптомдық деректер жинақтары басылып шыға бастады (бұл сериялардың кейбіреулері әлі күнге дейін жүздеген томдармен шығып келеді). 1826 жылдан бастап «Германия тарихының ескерткіштері», 1835 жылдан бастап
«Франция тарихы бойынша жарыққа шықпаған құжаттар», италияда 1836 жыл- дан бастап «Отан тарихының ескерткіштері» шыға бастады, АҚШ-та 1832–1861 жылдар аралығында 38 томдық «Американың мемлекеттік құжаттары» жарық- қа шықты. Бұл деректерді жариялаудың екінші кезеңі ұлттық өткенге деген ау- қымды қызығушылықпен ерекшеленген, уақыттың талабына жауап берген ал- дыңғы ғасыр эрудиттері әрекетінің жалғасы болды.
халық шығармашылығын зерттеумен байланысты болған сюжеттердің ма- ңызы ерекше болды. халықтың рухы, оған тән қайталанбас дарыны оның тілін- де, фольклорында, хикаяларында, әдет-ғұрыптарында анағұрлым анық формада бейнеленді. Зерттеуші романтиктер тілдің тарихилығына, ұғымдардың этимо- логиясына, тілдің пайда болу мәселесіне назар аударды. деректерді зерделеу осы аталған мәселелерге жауап берді. Романтиктер халық әндерінің, аңыздар- дың, әдет-ғұрыптардың мәтіндерін, яғни бұрын «байыпты» тарихшылар үшін лайықсыз әрі маңызсыз саналған деректерді жинақтап, оларды жариялады. Бұл қызмет мәдени-антропологиялық зерттеулердің негізін қалады.
хіх ғасырдың ортасына дейін тарих пен әдебиет өзара тығыз байланыста болды, бірақ кейіннен ол жеке кәсіби пән ретінде бөлініп шықты. Жаңа әде- би жанр – тарихи роман қалыптасты. Ол білімді қауым арасында айрықша та- нымалдылыққа ие болды. Тарихи романдарға В.Скотт, В.гюго, О. де Бальзак, А.С. Пушкин, дж.Ф. Купер сынды қаламгерлер жоғары баға берді. Тарихи роман тек көркем проза мен поэзияға ғана емес, сонымен қатар ұлттық тарихты жазу тәсілдеріне де ерекше ықпал етті.
Бірнеше ғасырдың тарихшыларына шабыт беріп, еңбектер жазуға рухтан- дырған шотланд жазушысы Вальтер Скоттың (1771–1832) романдары – осының жарқын мысалы. Скоттың туындыларының («Айвенго», «Роб Рой», «Пуритандар»,
«Квентин Дорвард» т.б.) сюжеттері ортағасырлық және жаңа замандағы шотланд, ағылшын немесе еуропалық тарихтың аясында өрбіп отырды. Ойдан шығарыл- ған кейіпкерлер тарихтағы әйгілі қайраткерлермен бірге әрекет етті, ал әдеби сюжет тарихи реконструкция элементтерімен бірікті. Скотт ұлттық тарихты жазу ісіне құрметпен қарап, шотландттардың, англосаксондардың тәуелсіздік үшін күресін өзінің романына арқау етті.
Жазушы шотланд тарихи қоғамының белсенді мүшесі болды, оның шығар- малары әртүрлі куәліктерді мұқият зерделеу жұмыстарына негізделді. Скотт ро- мандардан бөлек «Шотландия тарихы» мен «Наполеон Бонапарттың өмірі» атты тарихи еңбектерін жазып қалдырды.
Вальтер Скоттың романдарында өткен дәуір бейнелерінің нақты сәттерін қайта қалпына келтіруге деген талпыныс байқалады. Сонымен қатар өткен дәуір рыцарьлар мен қарақшылардың даңқты, ерлікке толы уақыты, ерлік- тің, бекзаттықтың, зұлымдықтың, құпиялардың кезеңі ретінде бейнеленді. Шотланд жазушысы мәдениетте романтикалық ортағасырлық бейнені қалып-
134 АЛТЫнШЫ ТАРАу
тастыруға ықпал еткен әйгілі авторлардың бірі болды. хіх ғасырдың алғаш- қы бөлігінде тарихи жазбаның тәсілдер жиынтығы ретіндегі әртүрлі стильдік нормалары және Вальтер Скотт ұсынған, тарихи баяндаудың бір түрі ретінде қарастырылған бағыт қатар қолданылды.
Романтизм дәуірінің шығармалары оқырманның қисынды пайымдау және дәйектемелерді қадағалау қабілетіне ғана емес, сонымен қатар оның қиялына тарихи кейіпкерлерге жанкүйер болу қабілетіне де ықпал етті. Тарихшы ро- мантиктер дәуірлердің арасындағы айрықша және өтпелі айырмашылықтарға қызығушылық танытты. Бірақ сонымен қатар қазіргі уақыт пен өткен кезеңнің арасындағы қашықтық өткен ғасырлардың ерекшеліктерін көркемдік тұрғыдан қайта қалпына келтіру есебінен қысқарып отырды. Мәтінде белгілі бір уақыт- тың күнделікті өмірінің кестелі бейнелері, басты кейіпкерлердің рухани дүние- сі, сезімдері мен ойлары жан-жақты сипатталды. Оқырман баяндалып отырған батырлар мен кейіпкерлерді жақыннан «көре» алды. неміс философы иоганн готлиб Фихте дәл осындай тарихты қолдады: бұл тарих фактілерді хронология- лық тәртіппен баяндамайды, ол замандастарын ғажайып бір күйде тарихи өт- кен уақыттың қақ ортасына орналастырды.
Романтиктер тарихи жазбаларында өмірдің драмасын жан-жақты ашып көрсе- туге тырысты. Ағылшын тарихшысы Томас Карлейльдің (1795–1881) «Француз ре- волюциясы» (1838) атты шығармасында француздардың жақын уақыттағы өткені адамзаттың алапат спектаклі ретінде түсіндірілді. Карлейльдің кейіпкерлері халық пен сол уақыттың көрнекті тұлғалары болды. Баяндаудың сипаттамалық белгіле- рі: халықтың зардап шеккеніне, революцияға дейінгі тәртіптің қаталдығына қар- сылық, француздардың патриотизмі мен рухани өрлеуіне таңғалу, революциялық фанатизмді айыптау, жаза мен террорға қарсылық білдіру, егжей-тегжейлі өңдел- ген тарихи портреттер, сол уақыттағы үміт пен қорқынышты суреттеу – осының бәрі үрейге толы және әйгілі оқиғалардың асқақ бейнесін қалыптастырды.
Романтизмнің тарихшылары мен жазушылары даралыққа, адамның ішкі дү- ниесіне, шығарма авторының өмірлік тәжірибесіне айрықша көңіл бөлді. Олар дара санаға мән берді, онда әлемдегі табиғат күштерінің бейнеленуі мен Құдай құдіретінің көрінісін аңғаруға болады. Әдетте тарихи баяндау барысында кейіп- керлер өздерінің сезімдерімен, құштарлықтарымен ерекшеленіп отырды. Олар өз дәуірінде ойлары мен істері арқылы із қалдырған дарын иелерінің, ұлы тұл- ғалардың романтикалық нақты бейнесін көрсетті. Карлейль осы ұстаным тұрғы- сынан «Батырлар, батырларды дәріптеу және тарихтағы батырлық» (1844) атты шығармасын жазды. Бұл еңбекте тарихты көрнекті тұлғалардың қалыптастыра- тыны туралы идея дамытылады.
Романтикалық тарихнама өкілдері деректерге аса ыждағатпен қарап, айрық- ша мән берді. Оқырман қауым оқиғалардың мән-жайын саралап, оларды толық- тай білуі үшін сақталған мәліметтерді пайдаланды. Баспагерлер өткен кезеңнің кейіпкерлерінің «дауысын» оқырмандарға «естірту» үшін қажырлы еңбек етті. Осындай басылымның мысалы ретінде 1845 жылы Карлейль шығарған Ағыл- шын революциясының қайраткері Оливер Кромвельдің хаттары мен сөйлеген сөздерін атап өтуге болады.
Ағарту дәуірінің рационал тарихнамасына қарағанда, романтикалық тарих- намада танымның сезіну мен уайымдау секілді, яғни адамзаттың ортақ тегіне
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 135
байланысты өткен кезеңнің адамдарын интуициялық тұрғыдан түсіну, уақыт арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды пайымдау сияқты таным формаларына назар аударылды. Поэзия және дін танымның философия мен ғылымнан кем емес маңызды жолдары ретінде қарастырылды. Тарихшы-ро- мантиктер өздері айтқандай, «жанның көзі» арқылы тікелей қабылдай алатын бейнелердің жүйесін жасады. Мұндай жол олардың еңбектеріндегі түрлі қате- ліктерге алып келуі мүмкін еді, алайда өткеннің бейнелері тарихшының тікелей ой-қиялы арқылы жасалса да, айқын әрі әсерлі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |