Тарих indd


АНТИКАЛЫҚ ТАРИХНАМА: ТАРИХИ БІЛІМНІҢ



бет17/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
репина док

АНТИКАЛЫҚ ТАРИХНАМА: ТАРИХИ БІЛІМНІҢ


ПАЙДА БОЛУЫ
Тарих – уақыттың куәгері, ақиқаттың нұры, жадының тынысы, өмірдің тәлімі, көненің хабаршысы.


Цицерон

Қалыптасқан анықтама бойынша, антикалық тарихнама – ежелгі дәуірде жазылған грек пен латын тілдеріндегі тарихи шығармалардың жиынтығы. Бұл тарихнама дәстүрінің жоғарғы шегі жазу мәдениеті пайда болғанға дейінгі ке- зеңмен, ал төменгісі анағұрлым аморфты әрі біраз қиындықтар арқылы айқын- далатын постримдік ортағасырлық дәуірмен анықталады. Бұл кезеңді хроноло- гиялық тұрғыдан б.з.д. 1000 жыл мен б.з. 500 жылдардың аралығы деп белгілеуге болады.




Жаңа білімнің бастауы


Тарих өзінің бастапқы дамуы барысында көркем прозаның жанры болды. Оның пайда болған жері – кішіазиялық иония, нақтырақ айтсақ, архаикалық дәуірдегі грек мәдениетінің әйгілі орталығы болған Милет қаласы. ионийдің әйгілі философтары табиғат әлемін (космосты) біртұтас, ал адамзат қоғамын оның бір бөлшегі деп қарастырды. Алғашында олар эпикалық дәстүрді жалғас- тыра отырып, поэтикалық формада жазды, бірақ кейінірек сыни және ғылыми ойдың дамуына ерекше ықпал еткен жаңа әдеби жанр пайда болды. Б.з.д. VI ға- сырда космос, құдайлар, гректерге белгілі елді мекендер мен халықтар туралы эпосқа тән көптеген ұғымдар қайта зерделенді. Оның орнына дәстүрлі поэзия мен мифологияға қарама-қайшы жаңа үлгідегі туындылар – прозалық сипат- тамалар пайда болды. Аталған туынды авторларының мүддесі айналасындағы шынайы өмірге ғана емес, бүгінін түсінуге жәрдемдесетін өткен өмірге де ба- ғытталған еді.
Мифтер мен эпостар өткенді қалпына келтірудің негізі болды. дәстүрлі хи- каялардың прозалық жазбасы оларды тек қайталап баяндауды ғана емес, соны- мен қатар сын тұрғысынан зерттеуді – іріктеу мен оның мағынасын қайта түсі- нуге деген ұмтылысты білдірді. Осылайша алғашқы жылнамалар, елді мекендер мен қалалардың этнографиялық сипаттамалары пайда болды. Бізге жеткен бұл туындылардың үзінділерінен белгілі болғандай, олардың авторларының басты
48 ҮШінШі ТАРАу

назары қалалардың негізін қалаушылардың шежіресіне, түрлі халықтардың қо- нақжайлығы мен әдет-ғұрыптарына бағытталды. Барлық авторларға тарихи хи- каялар, көне аңыздар мен мифтер сәл ғана көркемделген шындықты сипаттай- ды және ақиқатты анықтау үшін, тылсым дүниелер мен шындыққа жанаспайтын әсірелеуді жою керек деген аңғал түсінік тән болды. Егер фактілер мағынасыз болып көрінсе, оларға өзгеше, ақылға қонымды түсініктеме беруге тырысты. Бастысы «ақиқатқа жетуге» ұмтылу, сондай-ақ қандай жағдай болмасын, аңыз- дардан тексеретін мәлімет алу болды. Мұндай жұмыс қос мағына беретін «та- рих» сөзімен анықталды: белгілі бір оқиғаны көзімен көргендердің куәлігі мен ол жайында сұрастырып, жан-жақты мәлімет жинау. Мұндай шығармалардың авторларын логографтар (грек. logos – сөз, шығарма) деп атаған. Кейінірек бұл термин көптеген мағыналарға ие болды, бірақ алғашында ол прозаны поэзияға қарама-қарсы қою үшін қолданылды. Әдеби жанр ретінде әңгіме-логос мысал- дан, ертегіден және мифтен өзгеше болды.


Логографтар мәліметтерді ауызша әрі жазбаша деректерден алды. Ауызша деректер қалалық фольклордың новеллалары, Құдай мен батырлар туралы эпос- тық хикаялар болып саналады. Ал жазбашаға лауазымды тұлғалар мен Олим- пиада ойындары жеңімпаздарының ауа райы туралы жазбалары, сонымен қатар саудамен айналысатындарға және суда жүзушілерге арналған құрлық пен теңіз саяхаттарының сипаттамасы жатады. Осы негізде логографтар көлемі бойынша анағұрлым ірі әрі кең тынысты еңбектер жазды: шығу тегі әртүрлі әңгімелер ха- лық, ел, қала, ақсүйек рулардың шежіресі сынды ортақ тақырыптар төңірегінде топтастырыла бастады.
V ғасырда логографтар тұтастай бір елдің өткені туралы әңгімелерді жинақта- ған көлемді туындыларды жариялады: харон Парсы елінің, Ксанф Лидияның си- паттамасын құрастырды. Бұл авторлардың жазушылық әдістерінің бір ерекшелігі фактографиялық сипатта болды. Яғни олардың белгілі бір материалдармен жұмыс істеу тәсілдері оқырман қауымды нақты әрі шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету ниетіне бағытталды: бір тақырып төңірегіне жеке-жеке әңгімелерді, олардың арасындағы ішкі байланыстарын ашуға және жинақтауға тырыспай, тек механи- калық түрде ғана топтастыруға тырысқан әрекеттері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет