Тарих indd



бет15/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
репина док

Жалпы тарих


Таным процесінде тарихшы үнемі пәнді зерттеудің көлемі мен бағытын таңдайды. Мұндай таңдау белгілі бір тарихи өткенді түсіндіруге мүмкіндік бе- реді. Тарихнамада «ірі» оқиғаларды жазудың бірқатар тәжірибелері бар. Олар- да, авторлардың ой-пайымы бойынша әлемдік тарихи кеңістік пен уақыттағы адамзат болмысының түрлі аспектілері қамтылады. Тарихты жазудың негізде- рі қалыптаса бастаған ерте кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі аралықта ғалымдар адамзат тарихын тұтас бір сипатта көрсету ниетінен бас тартқан жоқ. Мұндай жобаның ірі міндеттері мен олардың орындалмауының алдын ала белгілі болуы жалпы (дүниежүзі) тарихты жазуға бел шеше кіріскендерге ешқандай кедергі бола алмайды.
Бүкіл адамзаттың тарихын жазу идеялары антикалық авторлардың еңбекте- рінде көрініс тапты. дегенмен оның ортақ негіздемелерін іздеп табу нәтижесінде
42 ЕКінШі ТАРАу

Жерорта теңізі халықтарының тарихы жазылды, ал эллиндік әлем, өз кезегінде, олардың «үлгі» аларлық орталығы болды. «Варварлық» аймақтар сол өлшем бо- йынша қарастырылды.


Еуропалық ортағасырлық мәдениетте жалпы тарихты жазу тәжірибеле- рі христиандық ғалымдардың (Кесариялық Еусебиус [Евсевий Кесарийский], Аурелиус Аугустин [Аврелий Августин], Реймстік Рихерус [Рихер Реймский] т.б.) Ескі және Жаңа өсиеттің негізінде адамзаттың өткені, бүгіні мен болашағының сабақтастығы әрі тұтастығы идеясын дәлелдеу ниетімен байланысты болды. Осы бейнеде жалпы немесе дүниежүзі тарихы барлық халықтың жабайылықтан (пұтқа табынудан) христиандыққа қарай беталысының процесі ретінде көрініс береді. Құдайдың жоспары бойынша, христиандық тарихтың орталығы – «Құ- дайдың таңдаулысы» болған халық, ал «варварлардың» немесе «өзге діндегілер- дің» өткені толығымен әмбебап әлемдік тәртіпке сәйкес жалпы тарихтың логи- касына бағындырылды.
Әлемнің рационал ғылыми бейнесінің қалыптасуы жағдайындағы жаңа за- манда, XVI ғасыр мен XVII ғасырдың соңындағы гуманистер (мысалы, Боден, Боссюэ, Рейли және т.б.) мен XVIII ғасыр философтарының (Вольтер, Монтескье, гиббон және т.б.) ізбасарлары ұсынған жалпы тарихтың схемасы бүкіләлемдік- тарихи процестің өзге негізде – әлемдік рухтың дамуы немесе әмбебап ақылдың прогресі арқылы жүзеге асатынын меңзеді. Мұндай концепцияларда адамзат- тың орталығы Еуропа болды, өзге халықтардың өткені «үлгілі» тарихи тәжіри- беге сәйкес қарастырылды. Жалпы тарихты жазудың мұндай еуроцентристік принципі (зерттеушілер тарапынан сынға ұшырағанына қарамастан) хіх ғасыр мен хх ғасырдың бірінші жартысындағы кәсіби тарихнамада біраз өзгерістер- мен қабылданған еді.
хіх ғасырда Еуропада ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесі аяқталды. Соған байланысты ғалымдардың тиянақты ғылыми өңдеулері мен ұлттық та- рихты жалпылау нәтижесінде жазылған еңбектерінің өзіндік соңғы әрі нақты өнімі болған ортақ жалпы тарихты қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырыла бастады. Мұндай позицияны Леопольд фон Ранке ұстанды. Ол жалпы тарихтың жазылуында белгілі бір идеалдың (Құдайлық жоспар) жүзеге асуын көрді. Бұл идеалға ұлттардың, тілдердің, азаматтық институттардың, діндердің өзара бай- ланыстарын, соғыстардың себептері мен салдарын және басқаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде ғана қол жеткізу мүмкін болды.
Жаңа және қазіргі заманның тоғысында жалпы тарихтың концепциялары өзінің тартымдылығын жоғалта бастады. Бұл, өз кезегінде, ұлттық-мемлекеттік және жергілікті тарихтың концепцияларын жасаудағы қоғамдық талаптар мен қажеттіліктерге байланысты туындады. Алайда тарихнаманың кәсібиленуіне байланысты ғалымдардың назарын біртіндеп басқа салаларға аударуға түрткі болған ішкі себептер де бар еді. Олардың қатарына тарихи білімнің маманда- нуының кең өріс алуы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тарих секілді жекелеген салалардың қалыптасуы жатады. Пәннің түсіндірмелік аппаратына
«мәдениет» пен «өркениет» ұғымдары нық бекіді, олардың көмегімен адамзат тарихын жаңа ауқымда және өзге ракурста қарауға мүмкіндіктер туды.
Я.Буркхардт, К.Лампрехт, й.хейзинга, н.и. Кареев, Л.П. Карсавин және XIX ға- сырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы өзге де әйгілі
ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 43

кәсіби тарихшылардың еңбектерінде ұлттық, аймақтық әрі жергілікті тарихқа мәдени-тарихи тәсілдемені қолдану жалпы тарихтың концепциясына айтар- лықтай ықпал етті. Тарихшылардың әлемдік-тарихи процестің мазмұны мен даму қарқыны туралы түсініктері біраз күрделенді.


Жалпы тарихтың мазмұны мен сыртқы келбетін өзгерту үшін тарихи уақыт пен кеңістіктегі ұзақтығымен ерекшеленетін күрделі қоғамдар ретінде жергілікті өркениеттердің концепцияларын әзірлеудің маңызы зор болды (н.данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс т.б.). Мұндай концепциялар адамзат тарихының
«күрделі» теорияларында еуроцентристік және сызықтық прогресс принциптері- нің әлсіреуіне септігін тигізді.
хх ғасырдың ортасында жалпы тарихтың концепциялары айтарлықтай жа- ңаланды әрі экономикалық өсудің, модернизацияның қоғамдық теориялары- мен нығая түсті. Батыс елдері тарихи, әлеуметтік-саяси, мәдени дамудың үлгі- сіне айналды. дегенмен жалпы тарихты жазудың жаңа қадамдарында әлемдік процестерге батыстық емес аймақтардың тарихи тәжірибесін енгізу ұмтылысы ғана емес, сонымен қатар оны біртұтас әлемнің ажырамас бөлігі ретінде көрсету белең алды. Жалпы тарих модернизациялық схеманың негізінде құралды, оған сәйкес қоғамның үш формасы болды: индустрияға дейінгі (дәстүрлі), индус- триялық, постиндустриялық.
хх ғасырдың екінші жартысында әлемдік экономикадағы, саясат пен мәде- ниеттегі күрделі өзгерістер, сонымен қатар ғылымды, ақпараттарды түсіну, қо- ғамдық әрі гуманитарлық таным табиғаты, жалпы тарихты жазу идеялары дүние- жүзі (әлем-жүйелік) тарихының жаңа теорияларына (Ф.Бродель, и.Валлерстайн, у.Макнилл және басқалары) жол берді. Әлемдік-тарихи процестің сызықтық тәсі- лі мен әмбебап қоғамдық заңдардың қоғам сынына ұшырауына байланысты, та- рихшылар адамзаттың «үлкен» тарихын жазуға, әлемнің басқа да аймақтары мен халықтары үшін еуропалық және батыстық «үлгілердің» дүниежүзілік рөлі тура- лы түсініктерді қайта зерттеуге септігін тигізді. дүниежүзі (әлем-жүйелік) тари- хының жаңа концепцияларында сызықтық дамудың және прогрестің үйреншікті схемасынан мүлде өзгеше әртүрлі тарихи-мәдени әлемнің өзара тәуелділік прин- циптері бекітіледі.
Бүгінгі әлемнің (жаһандану процесінде көрініс тапқан) экономикалық, сая- си, ақпараттық бірлігін ұғыну мәселесі әлемдік қауымдастықтың қалыптасқан жалпы және ұлттық-мемлекеттік тарихының әмбебап концепцияларынан өз- геше жаһандық тарихты жазу қажеттігін туғызды. Сонымен қатар жаһандық тарихтың күрескерлері «әлем-жүйешілдердің» көптеген құрылымдарын пай- далана отырып, көпмәдениеттілік идеясына баса назар аударуға құлықсыздық танытады. Жаһандық тарихта бұл идея әлемнің түрлі аймақтарында өмір сү- ретін әр алуан халықтардың бірлігі мен ұқсастықтарын іздеу дағдысына бағы- нады. Кішкентай нәрседен үлкенді көруге ұмтылу макротарих саласының ма- мандарына «Еуропа», «Латын Америкасы», «Африка», «христиан әлемі», «ислам әлемі», «адамзат» т.б. үйреншікті ұғымдардың мазмұндарын жаңаша түсінді- руге әрі олардың бүкіләлемдік тарихи процестегі орнын айқындауға мүмкіндік береді.

44 ЕКінШі ТАРАу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет