ТАРИХ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ?
Тарих – заттар немесе құбылыстар туралы емес, адам, адамзаттың өткені туралы ғылым.
Оларды ұстанатын адамдарға тәуелсіз қандай да бір идеялар бар ма? Тек бір ғана тарих бар – адамның тарихы, бұл тарих – кең
мағынадағы тарих.
Люсьен Февр
Кең мағынадағы тарих өткен заман туралы жүйелі баяндауды білдіреді. Та- рихшылар қандай да бір кезең мен мәдениетке тиесілі екеніне қарамастан, жа- дыда сақтауға лайықты мәліметтерді табады және іріктейді. Авторлар тиесілі мәдениетте қалыптасқан әртүрлі түсініктерді басшылыққа ала отырып, өткен кезеңнің әңгімелері қалай көрінуі керек, қандай ережелерге бағынады, оқыр- манды қандай мәдени құндылықтарға баулиды, тарихи еңбектің мақсаты қан- дай деген сұрақтарға жауап береді. Кез келген тарихи жанрдың мәтінінде, мейлі ол оқиғалардың жыл сайынғы жазбалары болсын, философиялық тарих немесе ғылыми монография болсын, әртүрлі формада ойы, сюжеті мен кейіпкері бола- ды. Автор әңгіменің желісін сөзбен әрлей отырып, баяндаудың белгілі бір тілін таңдайды. Тарихи еңбектің осындай элементтері тарихшының тиесілі болған мәдениетін сипаттайды және оны тарихи білімнің тарихы саласындағы маман- дар зерттеуі мүмкін.
Тарихи дерек
Тарихи дерек – тарих пәнінің аса маңызды ұғымдарының бірі. дерек – зерт- теушінің назарына ілінетін өткеннің куәлігі (мүмкін ол қолжазба, бейне, құжат, әдет-ғұрып, құрал т.б.), ол өткен кезең туралы қандай да бір тұжырым үшін не- гіздеме ретінде қолданылуы ықтимал. Зерттеушілердің жалпы түсініктері бо- йынша, дерексіз тарихты білу мүмкін емес. Оны көбінесе өткеннің тарихи куә- лігін зерделейтін білім саласы ретінде сипаттайды. деректерге талдау жұмысын жасау нәтижесінде алынған ақпараттардың негізінде тарихшы өткеннің өзіндік бейнесін қалыптастырады.
Өткеннің бейнесі көп жағдайда тарихшының деректі қалай анықтайтынына байланысты. Әртүрлі кезеңдегі тарихи білімде деректі бағалаудың түрлі крите- рийлері болған. Мысалы, хіх ғасырдың тарихшы-позитивистері құқықтық, заң- намалық актілер, дипломатиялық материалдар сынды оқиғаны анағұрлым дәл
34 ЕКінШі ТАРАу
сипаттайтын ресми құжаттарға басымдық берді. Сонымен бірге дереккөздердің өзге де түрлері – мемуарлар, жеке тұлғалардың хат алмасулары, басылымдарда- ғы мақалалар – көп жағдайда субъективті түрде қарастырылып келді. Сондықтан оларға толықтай сенім арта алмаймыз, әрі олардың шынайылығы күмәнді.
Ұзақ уақыт бойы тарихи білімде тек жазбаша куәліктер ғана дерек бола ала- тыны, ал өзгелері сенімді ақтай алмайтыны туралы түсінік орын алған еді. Сол себепті ғалымдар кез келген халықтың тарихын олар туралы жазбалардың пайда болу кезеңінен бастау керек деп есептеген. Тек жазбаша деректер мәліметтерге нақтылық береді, ал ауызша әңгімелер әр кезде оған өзгерістер мен толықтыру- лар енгізетін баяндаушының жеке басына байланысты болады деп саналған. Со- нымен қатар көптеген зерттеушілер халық аңыздарын, өлеңдер мен жырларды құнды дереккөздер ретінде қолдануға болады деп есептеді. Өйткені олар өзінен кейін ешқандай із қалдырмаған өткеннің құбылыстарының мәнін айқындауға мүмкіндік береді. хх ғасырда бұл көзқарас жазу дәстүрі болмаған халықтардың фольклорын зерттеу нәтижесінде дәлелін тапты. Этнологтар ауызша дәстүрдің бұрынғыдан анағұрлым тұрақты, қатаң канонға негізделген сипаты бар екенін анықтады. Әрине, халықтың ауызша жеткізу дәстүрінің шығармаларын пайда- лану айрықша тиянақтылықты және жан-жақты талдауды талап етеді. дегенмен барлық деректерге, соның ішінде жазбаша деректерге де қатысты осындай көз- қарас ұстану өте орынды.
деректердің аясын кеңейтудің шешуші факторы – тарих ғылымындағы өз- герістер, яғни оның пәнінің қайта анықталуы мен ғылыми зерттеудің әдістерін жетілдіру болды. Тарихшылар саяси оқиғалармен ғана айналысқан кезде, тек заңнамалық актілерге, дипломатиялық құжаттарға және т.б. ғана назар аудар- ған еді. Кейінірек экономикалық саланы зерттеу үшін, әртүрлі шаруашылық құжаттарға, есептерге, қолхаттарға, қаржылық есептерге, салыққа қатысты жаз- баларға, рухани өмірдің бейнесін қалпына келтіру үшін – әдебиет пен өнер шы- ғармаларына, ал күнделікті тарихты зерттеу үшін – тұрмыстық заттарға, киім- кешектерге т.б. жүгінуге тура келді. Қазіргі заманауи тарихи білімде деректерге деген иерархиялық көзқарас айтарлықтай сынға ұшырады.
хх ғасырдағы француз тарихшысы Льюсен Февр: «Тарих, сөзсіз, жазбаша деректердің негізінде жазылады. Егер олар бар болса. Бірақ жазбаша деректер болмаған уақытта да тарих жазылады және жазылуы керек. Әдеттегі гүлдер бол- маған кезде, тарихшы тапқырлық қабілетіне сай кез келген жерден бал жинай алады. Бұл сөздер мен белгілер, пейзаждар мен кенеп маталар, даланың кон- фигурациясы мен арамшөптер, айдың тұтылуы мен қамыттың формасы, тас- тың геологиялық талдамасы мен семсерлер жасалған металдардың химиялық сараптамасы болуы мүмкін. Бір сөзбен, адамға тиесілі, байланысты, оған қызмет ететін, оны білдіретін, бар екенін көрсететін адамзат тұрмысының қызметі, тал- ғамы және тәсілдерін бейнелейтіннің барлығы» деген пікір білдірген еді.1
Басқаша айтқанда, дерек ретінде өз заманының мәдени мәні сақталған кез келген тарихи мәліметтер зерделенеді. Әртүрлі деректер – жазбаша және бей- вербал, яғни сөзбен берілмеген – тарихшы тарапынан ерекше мәтін ретінде
«оқылуы» мүмкін. Мәтіннің әрбір элементінің мағынасы қозғалмалы, ауыспа- лы, ал дерек қалыптасқан тарихи-мәдени контекспен байланысты. Зерттеушінің міндеті – өткеннің идеялары мен оқиғалары туралы мәліметтерді анықтау ғана
ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 35
емес, белгілі бір жағдайдың, іс-әрекеттің, заттың, сөздің қандай мағына бергенін түсіну, яғни өткеннің құндылықтар жүйесін ұғынуға талпыну.
Тарихшының деректерден қандай ақпаратты алатыны осы мәліметтерден із- деген дүниесіне тікелей байланысты. дерек «өз атынан сөйлемейді». Ағылшын тарихшысы әрі философы Р.дж. Коллингвудтың сөзімен айтсақ, «Әлемдегінің барлығы – белгілі бір заттың әлеуетті куәліктері». Алайда тарихшы белгілі бір сұ- рақтарды қойған жағдайда ғана ол зат куәлік беруші қызмет атқара алады. Егер ол дұрыс сұрақ қоя білсе, онда «оның қабылдайтын барлық заттарының ішінде кез келген мәселе бойынша пайымдауға куәлік ретінде қолдана алмайтын дү- ниелер болмас еді. Тарихшылардың осы күнге дейін пайдасыз деп есептеген белгілі бір фактілерді, тарихи дәлел үшін куәлік ретінде қолданатын тәсілдерді іздеп табуы – тарихи білімді байытудың ең басты жолы. Қабылданатын барлық дүние әлеуетті әрі ол тарихшының дәлелдері үшін куәлік ретінде қызмет етеді».2 Белгілі бір құжат зерттеу міндеттеріне байланысты әртүрлі оқылуы мүмкін. деректің соңғы, түпкілікті оқылымы болмайды. Сондай-ақ әрбір зерттеуші куә- ліктерді өзінше түсінеді, оны түсіндіреді, өзінің танымдық жүйесіне, құндылы- ғына бейімдей отырып пайдаланады. интерпретацияны тарихи мамандықтың
ережелері мен нормалары шектей алады.
хіх–хх ғасырлардағы тарихи білімде деректерді сын тұрғысынан талдау әдіс- тері жасалды, ол деректердің мазмұнына терең бойлауға, олардың түрлі мәндік деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Тарихшының іріктеліп алынған деректермен танысу жұмыстарына кіріскен кездегі бірінші міндеті – мәтінді дұрыс оқу мен мазмұнын игеру, оның шығу тегі (авторы, уақыты, құрастырылу орны, мақсаты) мен шынайылығын анық- тау. Әдетте деректің сыртқы сынына жататын бұл операцияларда зерттеушіге палеография, эпиграфика, текстология, сфрагистика, дипломатика мен тарих ғылымының басқа да қосалқы пәндері көмектеседі. Сыртқы сынды аяқтағаннан кейін зерттеуші деректе сақталған мәліметтердің толықтығын, шынайылығын және дәлдігін тексеруге кіріседі. Жұмыстың бұл кезеңі деректің ішкі сыны неме- се герменевтика деп аталады.
деректі түсіну үшін оның пайда болуының әлеуметтік-тарихи шарттарын және нақты жағдайларын ескеру қажет. Барлық деректерде авторлардың түсі- ніктері, ұстанымдары мен идеалдарының нышандары, олардың жеке көзқарас- тары мен дәуір мәдениетінің қырлары көрініс береді.
Кез келген деректі зерделеу барысында зерттеуші оны талдайды. Яғни уақыт тұрғысынан оның семантикалық өзгерістерін, сондай-ақ бірқатар кемшілікте- рін ескере отырып, алғашқы мән-мағынасын қалпына келтіруге тырысуы керек. Өткеннің мәліметтері тарихшыға жетер ұзақ жолда өзіндік сұрыптаудан өтеді, осындай әрбір кезеңдерден кейін ақпараттар азая береді. Осылайша жекелеген фактілер түпкілікті жоғалып кетуі мүмкін. дегенмен кейбір мәліметтердің жет- кіліксіз тұстарын деректердің түрлі категорияларымен толықтыруға мүмкіндік бар. дәуірдің сипатты құбылыстары мен процестері, оның маңызды оқиғалары сияқты, әдетте замандастарының алуан түрлі куәліктерінде тіркеледі, демек, ке- йінгі ұрпақтар үшін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Барлық кезеңдердегі тарихшылар өздерінің еңбектерінде өткеннің шын- дығын ғана жазуға ниет білдіргенін айтады. Алайда жазылғанның барлығы
36 ЕКінШі ТАРАу
өткеннің барысын нақты сипаттай бермейді. Бұл авторлар тарихты «көшіре» білмегендіктен немесе «көшіре» алмағандықтан шындықты ойлап тапты немесе бұрмалады деген ұғымды білдіре ме?
Шындық пен ойдан шығарылған дегеннің мәнін әр уақытта тарихшылар әр- түрлі түсінген. Мәселен, әдебиетті жасайтын құбылыстың жалпы қырларын, си- паттарын ашатын типтік бейне шындық болып саналуы мүмкін. Бұл жағдайда тарихшылар өтпелі сипаттағы мардымсыз материалдарға ғана қол жеткізеді. Оқырман қауымды сенімге бағыттайтын моральдық құндылық мәселелері шы- найылық ретінде түсіндірілуі ықтимал. Тарихи баяндаулардағы шындықтың та- биғаты туралы түрлі түсініктерді білумен қатар, оның авторының дүниетанымы мен пікірін де ескеру қажет. Ортағасырлық жылнамашы үшін әулиелердің жа- саған ғажайыптары белгілі бір шындықтың құрамдас бөлігі болды. Жаңа заман тарихшысы үшін адамзат моралінің дамуы мен прогрестің жақын уақыттағы салтанаты туралы түсініктер айтарлықтай қалыпты деп қабылданды. Сондай- ақ баяндаудағы мағыналық басымдық және мәтіндегі басымдық пен үнсіздікті анықтайтын идеологияның элементтері – барлық деректерге тән сипат.
Осы тәрізді барлық жайттарды өткеннің куәліктерімен жұмыс жасау бары- сында ескеріп отыру қажет. А.Я. гуревичтің сөзімен айтқанда: «Тарихшы дерек- термен үнемі күресіп отырады, себебі, бір жағынан, танымның жалғыз құралы болса, екінші жағынан, табиғатын мүмкіндігінше тереңірек зерттеуді қажет ете- тін кедергі іспеттес... Ол қажет болған жағдайда тарихи деректердің авторлары- ның түсінік аясына, олардың шығармашылығының ажырамас бөлігі саналатын мәдени мәселелер мен ой-пікірлерінің жүйесіне бойлауы керек».3
Достарыңызбен бөлісу: |