Әдетте адам өзгелердің пікірінен гөрі,
өзінің дәлелдеріне анағұрлым сенімді болады.
Блез Паскаль
Терминдер мен проблемалар
«Тарих» сөзі еуропалық тілдердің басым бөлігінде негізгі екі мағынаны біл- діреді. Біріншісі – адамзат тарихының өткен кезеңі, екінші мағынасы әдеби баяндау, әңгімелеу жанрына жататын, көбіне ойдан шығарылған оқиғаларға қатысты. Алғашқы мағынасындағы тарих адамзат іс-әрекеттерінің жиынты- ғын қамтитын кең ауқымды өткен тарихты, сонымен қатар «тарих» термині өткен кезең туралы білімді және бұрын өткен уақыт туралы әлеуметтік түсі- ніктердің жиынтығын білдіреді. Осы тұрғыда «тарихи жады», «тарихи сана»,
«тарихи білім» мен«тарих ғылымы» ұғымдары тарихтың синонимдері ретінде де қолданылады.
Бұл түсініктермен сипатталатын құбылыстар өзара байланысты, олардың аражігін ажыратып, қандай да бір межені белгілеу өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады. Алайда осылардың ішіндегі алғашқы екі ұғым көбіне өткен кезең- нің стихиялы түрде қалыптасқанын білдірсе, соңғы екеуі оны мақсатты түрде әрі сын тұрғысынан танып-білу мен оған баға беру тәсілдерін қамтиды.
Өткен кезең туралы білімді білдіретін «тарих» термині айтарлықтай деңгейде әдеби мағынасын сақтайтынын да айта кеткен жөн. Өткенді танып-білу және осы білімді ауызша немесе жазбаша мазмұндау арқылы жеткізу олардың қалыптасу, даму жолдарын, ішкі драматизмі мен маңызын айқындайтын бірқатар оқиғалар, құбылыстар туралы баяндауды қамтиды. Тарих адамзат ілімінің ерекше форма- сы ретінде әдеби шығармашылық аясында қалыптасып, әлі күнге дейін онымен тығыз байланысын сақтап келеді.
Тарихи деректер сипаты бойынша алуан түрлі, оған жазба ескерткіштер, ауызша тарих айту дәстүрі, материалдық және көркем мәдениет туындыла- ры жатады. Кейбір дәуір бойынша дерек өте аз болса, ал өзгелерінде қомақты әрі алуан түрлі. Алайда кез келген жағдайда олар өткенді қалпына келтіре ал- майды, өйткені олардың мәліметтері нақты емес. Ұрпақтар үшін бұл тек өткен
ТАРих дЕгЕн нЕ? 15
дәуреннің келмеске кеткен бейнесінің үзінділері іспетті. Тарихи оқиғаларды, өт- кен кезең туралы мәліметтерді қайта қалпына келтіру үшін деректерді анықтап, мәтінін оқып, мазмұнын талдап және мән-мағынасын айқындау қажет. Өткенді тану оны қайта қалпына келтіру әрекетімен тікелей байланысты. Тарихқа қы- зығушылығы бар кез келген адам сияқты, ғалым да белгілі бір нысанды зерттеп, зерделеп қана қоймай, оны қайта қалпына келтіреді. Кез келген зерттелмеген не анықталмаған құбылысты сөзсіз шындық деп қабылдайтын нақты ғылымдар- дан тарихи білім пәнінің айырмашылығы да осыдан байқалады.
Тарихи білім ерте дәуірде, қоғам мен әлеуметтік сананың дамуы барысында қалыптасты. Адамдар қауымдастығының өткеніне деген қызығушылығы өзін-
-өзі тану және өзін анықтау қажеттілігінен көрініс тапты. Оның негізінде өза- ра байланысты екі себеп жатыр – ұрпақ үшін өзі туралы естелік қалдыру ниеті мен ата-баба тәжірибесіне арқа сүйеу арқылы өзінің қазіргі мәнін түсінуге деген ұмтылысы. Адамзат тарихының барлық кезеңінде түрлі дәуірлер мен өркениет- тердің өткенге деген қызығушылығы алуан түрлі формада ғана емес, әртүрлі деңгейде де аңғарылып отырды. Антикалық грек-рим дәуірінен бастау алатын еуропалық мәдениетте ғана өткенді тану айрықша әлеуметтік және саяси мән- ге ие болды деген ұйғарымды қазіргі ғылымның ортақ әрі әділ пайымдауы деп айтуға болады. Батыс өркениетінің қалыптасу кезеңдерінің барлығында – анти- калық, ортағасырлық, жаңа дәуірлерде – қоғам мүддесі, оның жеке топтары мен индивидтерінің өткенге деген ерекше ықыласы айқын көрінеді. Өткенді сақтау, оны зерттеу мен ол туралы баяндау тәсілдері қоғамдық даму процесі барысында өзгеріп отырды. Тек өткен тарих беттерінен қазіргі заманның өзекті мәселеле- рінің жауаптарын іздеу дәстүрі ғана өзгеріссіз қала берді. Тарихи білім еуропа- лық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі ғана емес, оның қалыптасуының маңыз- ды қайнар көздерінің бірі болды. идеология, құндылықтар жүйесі, әлеуметтік мінез-құлық замандастардың өз тарихи өткенін қалай ұғынғаны мен түсіндіре алғанына сай қалыптасты.
хх ғасырдың 60-жылдарынан бастап тарих ғылымы және тарихи білім жа- ңаеуропалық қоғамда XVIII–XIX ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлер мен таптаурын ұғымдар дағдарысының аласапыран кезеңін басынан өткеруде. Соңғы онжылдықтардың барысында тарихты зерттеудің жаңа бағыттарының қалыпта- суымен қатар, ол арқылы өткенді шексіз түсіндіруге болатыны туралы түсінік- тер мен ой-пайымдар қалыптасты. Өткеннің көпқатпарлығы идеясы біртұтас тарихтың жоқтығы туралы, тек көптеген жекелеген «тарихтың» ғана бар екені жайындағы ойға жетелейді. Адамзат санасының бір бөлшегі болған кезде ғана тарихи факті шынайылық дәрежесіне жетеді. «Тарихтың» көптүрлілігі өткеннің күрделілігінен ғана емес, тарихи білімнің ерекшелігі арқылы да қалыптасады. Тарихи білімнің тұтастығы, таным әдістері мен құралдарының әмбебап кешенін иеленетіні жайындағы тезис көптеген ғылыми қауымдастықтардың тарапынан қабылданбай қалған еді. Тарихшының зерттеу пәні мен интеллектуалдық әдіс- тәсілдерді таңдау еркі бар.
Қазіргі таңда тарихтың мәні туралы пікірталастарда екі мәселе айрықша ма- ңызды болып отыр. Тарихшы шындықты айтуға тиіс ортақ өткен тарих бар ма немесе олар талқылап, зерттеуге арналған көптеген «тарихтарға» бөлініп кете ме? Өткеннің шынайы мәнін тануға әрі ол туралы шындықты айтуға, жариялауға
16 БіРінШі ТАРАу
зерттеушінің мүмкіндігі бар ма? Екі сұрақ та тарихтың әлеуметтік мазмұны мен оның қоғам үшін «пайдасы» жөніндегі көкейкесті мәселеге қатысты. Қазіргі таң- да өзгермелі күрделі әлемдегі қоғам тарапынан тарихи зерттеулерді пайдалану мүмкіндіктері туралы ой-пікірлер ғалымдарды ауық-ауық тарихи сананың ме- ханизмдерін талдауға оралуға, алдыңғы буын өкілдерінің өткенді танумен қалай және қандай мақсатпен айналысқаны туралы сұраққа жауап беруге мәжбүрлеу- де. Бұл курстың мақсаты – тарихи өткенді тану.
Достарыңызбен бөлісу: |