XIX ғасырдың екінші жартысындағы философиялық жүйелердегі тарихи процестің интерпретациясы
Маркс пен Энгельстің «біз бір ғана ғылымды білеміз, ол – тарих ғылымы» деген әйгілі сөздері хіх ғасырдың екінші жартысындағы интеллектуалдық мә- дениетті айтарлықтай дәл сипаттаған еді. Қоғамда тарихтың өткен туралы шы- найы білімді бере алу мүмкіндігі, өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге көмектесе алатыны жайындағы түсініктер тарихи білімнің жоғары мәртебесін дәлелдеді. Ресейлік публицист әрі сыншы В.г. Белинский көбінесе хіх ғасырды тарихи ғасыр деп атай отырып, барлық іс-әрекет тарихи негізден және тарихи негізде өрбитінін атап көрсеткен еді.
Сонымен қатар жекелеген еңбектерде тарихи процесс туралы үстем түсінік- терді қайтадан ой елегінен өткізу туралы немесе тарихтың мәдениеттегі орнын қайта бағалау жөніндегі идеялар айтылған болатын. Мұндай шығармалар әдетте сынға ұшырады немесе замандастары тарапынан қабылданбады.
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 145
1869 жылы Ресейде николай Яковлевич данилевскийдің (1822–1885) «Ресей және Еуропа: славян әлемінің герман-роман әлеміне қатысты мәдени әрі саяси қатынастарына көзқарас» (Россия и Европа: Взгляд на культурные и политические отношения славянского мира к германо-романскому) атты философиялық-тари- хи еңбегі жарыққа шықты. хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырда бұл шығарма туралы пікірлер әр алуан болды: оны күлкілі деп те, егжей-тегжейлі зерттелген деп те, О.Шпенглер мен А.Тойнби концепцияларының ізашары деп те атады. н.Я. данилевскийді орыс самодержавиесі мен панславизмінің идео- логы, сондай-ақ өркениеттік теорияның негізін қалаушы, өз заманының озық ойлы данышпаны деп те атады.
«Ресей және Еуропа» (Россия и Европа) кітабының басылып шығу қарсаңында гуманитарлық, қоғамдық ғылымдарда фактілерді зерделеуге негізделген объек- тивті білімнің беделі арта түскен еді. Түрлі пәндердің аясында жұмыс жасайтын ғалымдар табиғат әлемінде қызмет ететін және қоғамның өмірін басқаратын заңдар арасында параллельдерді жүргізе отырып, жаратылыстану-ғылыми дә- йектемелерге жиі көңіл бөле бастады. н.Я. данилевский ботаника, зоология, эт- нография салаларында іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысты. Білімнің бұл салаларының ішінен ол өркениеттердің тарихын зерделеу үшін қолданған тәсіл- демелер мен түсініктерді алды.
Ғалымның ойынша, жалпыадамзаттық өркениет ешқашан болған емес, сол себептен тарих барлық халықтарды қамтыған біртұтас процесс, жалпыға ортақ прогресс деп пайымдау қате болар еді. Оның орнына жекелеген мәдени-тарихи түрлердің дамуы туралы айту орынды болады. Мұның астарында діни, әлеумет- тік, тұрмыстық, өндірістік, саяси, ғылыми, көркемдік, тарихи дамудың жеке-дара түрлері ұғынылған еді. Табиғи түрде қалыптасқан халықтардың топтары олар- дың таратушысы болып саналды. Мәдени-тарихи түрлерге немесе өркениеттер- ге флора мен фаунаның алуандығы секілді табиғи және тарихи факторлардың ықпалымен қалыптасқан сипаттар тән болды. н.Я. данилевскийдің пікірінше, барлық халықтар өзге өркениеттердің көлеңкесінде қала отырып, өзінің даму түрін қалыптастырды деуге болмайды.
Зерттеуші он мәдени-тарихи түрлерді атап көрсетті: египеттік, қытайлық, ассирия-вавилон-финикиялық, үнділік, ирандық, еврейлік, гректік, римдік, жа- ңасемиттік (арабтық) және герман-романдық (еуропалық). Автор оларға өзінің дамуының толық циклінен өтіп үлгермей, жойылып кеткен мексикалық немесе перулық түрді де қосты. Олардың әрқайсысы өзінің тарихи миссиясын орында- ғанына қарай, олардың орнына келесі түр алмасып келіп отырды. н.Я. данилевс- кийдің пайымынша, европалық түр көп ұзамай өзінің орнын жаңа – славяндық түрге беруге тиіс болды.
Мәдени-тарихи түр «оқшау» (қытайлық және үнділік секілді) немесе «жалғас- тылықпен», өзінің қызметінің нәтижелерін келесі өркениетке қалдыра отырып дамуы мүмкін. Алдыңғы өткен мәдениеттердің мұраларын қабылдаған Батыс әлемі дәл осы жолмен жүріп өткен еді және, философтың пікірінше, бұл жайт Батыстың қарқынды даму прогресін түсіндіруге мүмкіндік береді.
н.Я. данилевский мәдени-тарихи түрлерді сипаттай отырып, жаратылыстану ғылымдарының терминологиясы мен ережелеріне жүгінеді. Шығармада тарихи ағза ретіндегі өркениеттің өмірі бағынған кейбір жалпы заңдылықтардың бар
146 АЛТЫнШЫ ТАРАу
екені айтылады. Кітапта тарихи дамудың бес заңы аталған. Оларға сай, мәде- ни-тарихи түрді жекелеген тілдермен немесе ұқсас тілдердің топтарымен сипат- талған халық немесе туыстас халықтардың тобы құрады. Елдің саяси тәуелсіздігі өркениеттің дамуы үшін маңызды рөл атқарды. Егер өркениет халықтың атал- ған түрін, яғни «этнографиялық элементтерін» құраған, әртекті болған және бір емес, бірнеше мемлекеттерді құрған жағдайда ғана өзінің дамуының шарықтау шегіне жетеді. Әрбір түрдің өркениетінің өмір сүру кезеңі салыстырмалы түрде қысқа болды, өркениеттің бастауының өзі өзге мәдени-тарихи түрдегі халық- тарға берілмеді.
Сонымен өркениеттердің барлығы шектелген, өзара ықпалдасуға қабілетсіз деп пайымдалды. Мәдени құндылықтар халықтардың бір тобынан екіншісіне берілмеді. Осы аталған пайымдардан бірнеше салдар туындап отыр.
н.Я. данилевскийдің пайымынша, әлемдік тарих көне, орта ғасырлар және жаңа заман деп шартты түрде бөлінді. Кез келген өркениет қалыптасу, гүлдену мен құлдырау, құлау тәрізді кезеңдерден өтеді. Тарих барлық адамзат үшін ортақ мән-мағына беретін мұндай оқиғаларды білген емес. Зерттеушінің пікірінше, Рим империясының құлауына Қытай мен Үндістанның ешқандай қатысы жоқ.
Белгілі бір дәрежеде жоғары дамыған мәдениеттерді атау немесе барлығы үшін прогрестің ортақ критерийлерін табу мүмкін емес. дегенмен н.Я. данилевский тарих жүзеге асыруға ұмтылған мақсатты тұжырымдады: бұл – адамзаттың бар- лық бағыттарындағы тарихи іс-әрекетін жан-жақты зерттеу. Ғалымның ойынша, жалпыадамзаттық өркениеттің үлгісіне барлық мәдени-тарихи түрлердің бірізді немесе бірлескен дамуы арқылы қол жеткізуге болады.
н.Я. данилевский шығармасының өте күшті идеологиялық астары болды. Біртұтас өркениеттік «стандарттың» жоқтығы туралы тезис автордың еуропо- центристік концепцияны сынауына себеп болды. Роман-герман әлеміне бар- лық халықтар үшін және, ең алдымен, Ресей үшін үлгі болу мәртебесі берілмеуі керек. Ғалымның пікірінше, Ресей мен Батыс арасында үнемі өзара түсініс- пеушілік пен жақтырмаушылық орын алып келді. Мұны Еуропа мен Ресей ха- лықтарының әртүрлі мәдени-тарихи түрлерге жататынымен, олардың біреуі дүниежүзілік сахнадан кетсе, екіншісі енді ғана тарих сахнасына шыққанымен түсіндіруге болады. Автордың пайымынша, Ресейдің мемлекет қайраткерлері мен интеллектуалдардың еуропалық мәдени нормалар мен құндылықтарды қабылдауға ұмтылуы қателік еді, мұндай қабылдау шындығында мүмкін емес- тін: Ресейдің өзіндік даму жолы мен мәдени бағдары болды. Концепция славян- дық мәдени-тарихи түрдің өрлеу заңдылықтарын негіздеуге, оның бірегейлігін және халықтар арасында алуы қажет ерекше орнын көрсетуге лайықталып құ- растырылған.
н.Я. данилевский «Ресейдің алдында өздерінің жеке өркениетін құруға тиісті славян халықтарын біріктіру міндеті тұр» дейді. Ол славяндықты мәдени-тари- хи түр, яғни эллинизммен, латындықпен, еуропашылдықпен ұқсас құбылыс деп санады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін басшысы Ресей және астанасы Царьград- та (Константинополь) болатын бүкілславяндық одақ немесе славян конфедера- циясын құруға тиісті еді.
Достарыңызбен бөлісу: |