Тарих indd


XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ОЙ ЖӘНЕ КӘСІБИ ТАРИХНАМА



бет45/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
репина док

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ОЙ ЖӘНЕ КӘСІБИ ТАРИХНАМА


Тарихи заңдар тек идея жүзінде, постулаттар ретінде өмір сүреді.
Сол секілді жаппай құбылыстар саласында да...
қандай да бір заңдар жоқ, тек өзара ұқсас эмпирикалық қорытындылар ғана бар...
Шындығында, бұл жалпыламалар фактілерді анықтау мен топтау барысында жолсілтер ретінде қызмет етеді және үнемі ықтималдықтың жоғары деңгейін болжайды.
Бірақ әрбір жорамал әрдайым фактілік материалдың негізінде арнайы тексеруді қажет етеді.


Эдуард Мейер

XVII–XVIII ғасырлардағы тарих философиясы мен тарихи ойға негізделген көптеген тенденциялар кейіннен хіх ғасырдың ортасында қалыптасқан тари- хи таным мен тарихи білімнің мазмұны мәселелері төңірегінде дамыды және хх ғасырдың бірінші жартысында интеллектуалдық ахуалды анықтау ісін жал- ғастыра берді. хіх ғасырда прогресс идеясы сенімнің нышанына айналды. Бұл ілімнің түп-тамыры XVIII ғасырда қалыптасқан тарихтың рационалдылық жо- лындағы адамзаттың прогресі ретіндегі концепциясы болды. Алайда хіх ғасыр- да білім жаратылыстану ғылымдарымен, ал жаратылыстану ғылымдары техни- калық прогреспен теңестірілді.


Тарих адамзат қоғамының төменгі формаларынан жоғарыға қарай дамуы- ның үдемелі процесі ретінде қарастырылды. Тарихи процесті және оның барлық құрамдас бөліктерін объективті талдау мүмкіндіктері мойындалды. деректерді сынауға және зерттеу әдістерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Сонымен бірге тарихшылар арасында өткенді зерделеу мен оны бағалау тәсілдерінде күр- делі идеялық айырмашылықтар болды. Философиялық мектептің әрбір бағыты дамуды анықтайтын белгілі бір факторға негізделді және аталған негіздің нә- тижесінде тарихи процестің жалпы теориясы құрылды. Бұл абсолютті рух, Құ- дайдың көрегендігі, адам ақылының прогресі немесе өндіргіш күштердің дамуы
150 ЖЕТінШі ТАРАу

болуы мүмкін. Бірақ барлығын қоғамдық дамуды қамтамасыз еткен әлдебір анықтаушы бастаудың өмір сүретініне деген сенім біріктірді.


хіх ғасырдың екінші жартысындағы өзінің танымдық мүмкіндіктеріне сенім артқан тарихнаманы бекерге классикалық деп атамады. Осы кезеңде оның әлеу- меттік мәртебесі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл уақыттағы тарихи ойдың жетекші бағыттарына тарихтың ғылымилығына сенім арту, тарихи білімнің деректерді сынауға және қоғамдық пайда, адамгершілік, құқық, ерік-жі- гер бостандығы, мемлекеттік институттар ұғымдарында көрініс тапқан өткенді тану критерийлері бар объективті әрі нақты ғылым ретінде көрсету тән болды.
хіх ғасырдың соңы мен хх ғасырдың бірінші жартысында тарихтың ғылым ретіндегі біліктілігі мәселесіндегі қарама-қайшылықтар (номотетикалық және идеографиялық деп аталатын әдістерді жақтаушылар арасындағы конфликт) алдыңғы орынға шығады. гуманитарлық білімнің арнайы мәселелеріне назар аудару талпыныстары туындады, дара, индивидуалдық және қайталанбас құбы- лыстарға, тарихи тұлғалардың қызметі мен оқиғалық тарихқа деген қызығушы- лық арта түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет