Романтизмнің тарихнамасында әртүрлі ағымдар болды. Олардың арасындағы идеялық айырмашылықтар көп жағдайда авторлардың идеологиялық ұстаным- дарымен байланысты еді. хіх ғасырдың бірінші жартысында тарихтың қоғамдық маңызы арта түсті. Тарих мемлекеттердегі әлеуметтік және саяси құрылымдарды қайта құру жолдары туралы сұрақтардың жауаптарын іздеп табуға көмектеседі деген ой туды. Тарихшылардан өзгерістердің қажеттігін дәлелдейтін шығарма- ларды және өткенмен сабақтастықты сақтауға бағытталған еңбектерді күтті.
хіх ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қоғамда консервативтік позиция өкілдерінің ықпалы өте мықты болды. Ойдың бұл бағыты Француз революция- сын өте кереғар бейнеде бағалаған XVIII ғасырдың соңындағы авторлардың ең- бектерінен бастау алды.
Англияда консервативтік романтикалық идеялардың жаршысы публицист әрі саяси қайраткер Эдмунд Бёрк (1729–1797) болды. Оның «Франциядағы рево- люция туралы ойлар» (1790) атты шығармасы Еуропада бірнеше рет қайта басы- лып шықты.
Э.Бёрктің кітабында оның замандастары үшін маңызды болған сұрақтар қойылды. Француз революциясы тудырған апаттардың себептері неде? Ортақ мүдде үшін ойластырылған іс неліктен монархияның құлауына, жазалауға, ха- лықтың одан сайын кедейленуі мен күйзеліске ұшырауына алып келді? Автор- дың ойынша, революциялық өзгерістер идеясы қателік болды. Кез келген мем- лекет өзінің құқықтарымен, әлеуметтік тәртіптерімен, «ата-баба даналығын» мұра етіп және басқарудың ең тиімді формаларын біртіндеп жасай отырып, та- биғи жолмен ғана дамуға тиіс еді. Бұл аталған ой-пайымның артында қоғамның органикалық табиғатының идеясы, еркіндік пен үйлесімге қол жеткізу үшін қа- лыптасу мен есею сатыларынан өтіп жатқан жеке тұлғалар, халық пен мемлекет туралы түсініктер тұрды.
Э.Бёрктің пікірінше, ағарту идеясы дағдарысқа алып келді. Қоғамға қатысты механикалық көзқарас, әлемнің рационал өзгерістерінің шексіз мүмкіндіктері- нің бекітілуі – «ақылдың ғасыры» атанған бұл теориялар автор тарапынан траге- диялық қателік ретінде баяндалды.
Францияда XVIII–XIX ғасырлар аралығында Ж. де Местр, Л.Бональд, Ф.Р. Ша- тобрианның еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде революцияға деген консерва- тивтік романтикалық көзқарас тарихтың діни, болжамдық бейнесіне негізделді.
136 АЛТЫнШЫ ТАРАу
граф Жозеф де Местердің (1753–1821) көзқарасына сай, ең күшті мемлекеттік тәртіп шіркеуге, Рим папасына бағынышты монархия болды. Мемлекеттегі би- лік пен тәртіп қолдан жасалған конституциямен емес, халықтық рухпен, адам- дарға үстемдік еткен қағидалармен, мінез-құлықтармен және әдет-ғұрыптармен белгіленді. де Местрдің «Франция туралы толғамдар» (1796) атты шығармасы революция халықтың жалпы күнәсінің зардабы, тәкаппарлығы үшін тартқан жа- засы деген ойға негізделген еді. Жазушы-романтик, публицист Франсуа Рене де Шатобриан (1768–1848) «Христиандықтың данышпандығы» (1802) атты тракта- тында адамзаттың тағдырын өзгерткен тек бір ғана революциялық оқиғаны – христостың келуін білетінін жазды. Әлемді өзгертуге деген өзге де талпыныстар адамзаттың өзіне беймәлім және тек Құдайға ғана бағынышты күштерге иелік ету ұмтылыстарынан туындаған болатын. Автор романтикалық жазбаның тәсіл- дерін пайдалана отырып, орта ғасырдың өзіндік ерекшелігін қайта жаңғыртуға талпынды. Оның пікірінше, бұл христиандық өнерді шабыттандырып, адамгер- шілік қасиеттерді ізгілендіре түсті.
Осылайша консервативтік романтиктердің қоғамдық идеалы өткеннің қой- науында жатты. Замандастарының күшімен жүзеге асқан өзгерістер, азаматтық бостандықтар мен құқықтар туралы идеялардан бас тартып, «рыцарьлар мен әу- лиелердің уақытына», қоғамдық үйлесім дәуірлеріне, сенімнің тазалығына на- зар аударуға тиісті болды.
Романтизмнің алғашқы теориялары қалыптасқан германияда тарихнамада- ғы консервативтік романтикалық идеялар анағұрлым толық нұсқада көрсетіл- ген еді. Ең алдымен, бұл Пруссия мен солтүстік герман мемлекеттеріне қатысты болды. Өзін сол уақыттағы буржуазиялық мәдениетке қарама-қарсы қоя оты- рып, неміс романтиктері ортағасырлық өткен кезеңге көшіп кеткен сезімдер мен мистика әлемі ретінде қарады. Олар қоғамдағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін ортағасырлық кезеңдерде сақталған патриархаттық қатынастардың фор- маларын қолдауды, дәстүрлерді дамытуды, мистикалық, бастапқы мән ретіндегі халықтың рухын тануға ұмтылу қажет деген ой-пікірлерді өздерінің еңбектерін- де дәлелдеуге тырысты.
Романтикалық жазба құқықтың тарихи мектебі өкілдерінің еңбектерінде – Фридрих Карл Фон Савиньи (1779–1861) мен Карл Фридрих Эйхгорнның (1781– 1854) зерттеулерінде көрініс тапты. Олардың туындыларында заңдардың ұзаққа созылған табиғи дамуы мен ұлттық мәдениет пен халық рухына сәйкестігі тура- лы тезис берілген еді. Савиньи өзінің «Біздің заманымыздың заңдылыққа және құ- қық туралы ғылымға бейімділігі жөнінде» (1814) еңбегі арқылы кез келген елдегі құқық ақылдың саналы жұмысының өнімі деген пікірді ұстанушыларға қарсы шығады. Тарихшының пікірінше, құқықты тіл және дәстүрмен қатар ұлттық да- налықтың туындысы ретінде қарастыру қажет. Сондықтан жаңа құқықтық ере- желерді өз қалауынша құрастыру мүмкін емес. Реформалар мен революциялар табиғатқа қарама-қайшы құбылыс ретінде түсіндірілді. Аталған бұл идеялардан бөлек, құқық мектебінің зерттеушілері тарихи деректерді дәстүрлердің іздері сақталған құнды жәдігер ретінде қарастыра отырып, оларды егжей-тегжейлі зерделеу мәселесіне айрықша назар аударды.
Тарихнамадағы романтикалық бағыттар қоғамдағы либералдық өзгерістер- ді жақтаушылардың еңбектерінде де көрініс берді. хіх ғасырдың 20-жылдары
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 137
Францияда (наполеонның жеңілісінен соң және 1815 жылы Бурбондар монар- хиясын қалпына келтіргеннен кейін) шиеленісе түскен қоғамдық-саяси күрес 1830 жылғы буржуазиялық Шілде монархиясының орнауына, одан кейін 1848–1851 жылдардың аралығында революцияға ұласуына, республиканың құрылуына, ақы- рында жаңа монархияның билікке келуіне алып келді. Бұл аталған жағдайларда О.Тьерридің, Ф.гизоның, Ф.Миньенің, А.Тьердің қызметтерімен байланысты бол- ған либералды тарихи мектеп қалыптасты. Орта ғасырлар мен жаңа заманның саяси тарихына ерекше көңіл бөлген бұл зерттеушілердің еңбектерінде ағарту- шылар мен романтиктердің жемісті идеялары көрініс тапқан еді. Либералды та- рихнаманың өкілдері Ағарту дәуірінен мұра болып келе жатқан басқарудың дво- ряндық аристократиялық жүйесін сынап, рационал танымның мүмкіндіктері мен адамзат қоғамының прогресті қозғалысы туралы пікірлерді қабылдады. Бұл көз- қарастар демократияның жаңа принциптері – сөз бостандығы, ар-ұждан, баспа, халықтың сайлау жүйесі арқылы басқаруға қатысу еркіндігі туралы пайымдармен толықтырылған еді. Романтиктерден кейін тарихшы-либералдар да қоғамның органикалық дамуы, тұлғаның батырлық рухы мен оның ұлтпен бірге қол жет- кізген бостандығы жайында жазды. Прогрестің мүддесі үшін реформалар ғана емес, революциялық іс-әрекеттер де дұрыс, дегенмен ең дұрысы байыппен жүзе- ге асырылған өзгерістер деп саналды. Тарихнаманың либералдық романтикалық бағытының өкілдері орта ғасырларға зор қызығушылық білдірді. Алайда олар бұл уақытты аса дәріптемей, оны үшінші сословиенің, ұлттардың қалыптасу дәуірі ре- тінде баяндады.
Олардың зерттеу жұмыстарының өзегі, Огюстен Тьерридің (1795–1856) сөзі- мен айтқанда, «азаматтардың тарихы, бағыныштылардың тарихы, халықтың та- рихы» болды. Француз тарихшылары әдетте халықтық рух ұғымына мистикалық сипат беруге аса құлықты болмады. халықтар өздерінің ерекше мәдениеті және рухани жүйесі бар индивидтер ретінде сипатталды. халық ұғымының астарында көбінесе үшінші сословие – буржуа мен шығу тегі ақсүйек емес адамдар жатты. Мұндай түсіндірменің айрықша саяси мәні болды. Тьерри өзінің «Нормандардың Англияны жаулау тарихы» (1825) және «Франция тарихы туралы жазбалар» (1827) атты шығармаларында қазіргі ұлттардың тарихы жайында сөз қозғай отырып, ағылшын және француз тарихының өткен кезеңдеріндегі жаулаушылық сәтте- ріне баса назар аударады. Автордың пікірінше, галлияны германдар жаулап ал- ғаннан бастап Францияда екі ұлт өмір сүрді – қожайын-германдықтар мен бағы- нышты-франктер. Бұған ұқсас ой-пайымдар XVIII ғасырда А. де Буленвилье мен Ж.Б. дюбо арасындағы германистер мен романистердің пікірталастарынан бас- тау алады. Бірақ тарихшы осы айтыстардан өзінің қорытындысын жасайды. Әр- бір ұлт (соғысушы «нәсілдер») билігін сақтап қалу үшін немесе бостандыққа қол жеткізу жолында күрес жүргізді. Тьерридің пікірінше, XVIII ғасырдағы Француз революциясы және хіх ғасырдағы алапат оқиғалар үшінші сословиенің салта- нат құруымен аяқталатын осы күрестің бейнесі болды. Бұл теория, белгілі бір дәрежеде, кейінірек хіх ғасырда жасалған таптардың ымырасыз күресінің идея- сын болжаған еді. Батыс дүниесінің негізіне принцип ретінде енген күрес идея- сының өзі романтикалық сипатта болды. Франсуа гизоның (1787–1874) «Фран- ция тарихы бойынша тәжірибелер» (1823), «Еуропадағы өркениет тарихы» атты еңбектерінде де германдық жаулаушылықтың нәтижесінде француз тарихы
138 АЛТЫнШЫ ТАРАу
жеңілген тараптың жеңімпаздармен үздіксіз күресін бейнелейтін тарих деген оймен үндеседі. гизоның пайымынша, оның ең басты бөлігі «сословиелер ара- сындағы күрес», яғни әлеуметтік топтардың арасындағы қайшылықтар болды.
хіх ғасырдың 30–40-жылдары француз тарихнамасында демократиялық романтикалық ағым көрініс бере бастады. Тарихшы Жюль Мишле (1798–1874) өзінің «Франция тарихы» (17 томдық, 1833–1867), «Француз революциясының та- рихы» (7 томдық, 1847–1857) атты шығармаларында халықты басты кейіпкерге айналдырады. «Қуатты түйсік» қозғау салған халық ұлттың ең үздік сапаларын бойына сіңірді. Мишле революция тарихын «төменнен» – адамдардың ұжымдық үміттері, қорқыныштары мен сенімдерін түсіну, сезіну және жанашырлық таны- ту жолдарымен сипаттауға тырысты. Мишле Француз революциясын зерттеуші тарихшылардың арасынан алғашқы болып архивтік құжаттармен жұмыс жасау- ға назар аударды.
Француз тарихшыларының еңбектерінде өткеннің қайталанбас көрінісін қал- пына келтіруге назар аударылған. Ағартушылардың антикалық риторикасының орнына егжей-тегжейлі сипаттау, кейде жеңілдетілген көркемдік формадағы та- рихи баяндау келді. Мишленің революцияға арнаған шығармасы стилі жағынан эпостық поэмаға ұқсас болды. Француз тарихшы-романтиктерінің еңбектерінде деректермен мұқият жұмыс жасау және мәтіннің ғылымилығы мен көркемді- гін ұштастыру сипаты байқалады. Ерте кәсіби тарихнама үшін маңызды болған эрудиттік білімнің, әдеби саяси тарих пен идеяның ғылымилығы принциптері жақындастырылды.
Ресейде романтикалық тарихнама тарихшы әрі жазушы, он екі томдық «Ресей мемлекетінің тарихы» (История государства Российского) (1816–1829) еңбегінің авторы николай Михайлович Карамзиннің (1766–1826) еңбектерінде жан-жақ- ты сипатталған еді. Ол алғашқы болып Ресей тарихын жалпы оқырман қауымға қолжетімді етті, шығарма тамаша әдеби тілмен жазылды және «тартымды оқу- ға» бағдарланды. Еңбектің негізінде мемлекетке гүлдену мен ұлттық әл-ауқатқа кепілдік беретін абсолютті монархияның артықшылықтарын дәлелдеу концеп- циясы жатты, сондай-ақ бұл жерде Ресей мен Батыс бір-біріне қарама-қарсы қо- йылмады. Романтикалық идеяларға сәйкес, автор әртүрлі халықтар тұтас тарихи бейненің белгілі бір бөліктері екені, әрқайсысы адамзаттың белгілі бір қалыпта- су кезеңін бейнелейтінін арқау етті.
хіх ғасырдың 30–40-жылдары Ресей тарихшылары қалай болғанда да идео- логиялық таластарға тартылды: оларға Ресейдің даму жолдары, оның Еуропа- ның мемлекеттерімен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап беруге тура келді. Бұл мәселенің өзектілігі – ресми халықтық мемлекеттік идеологиясымен, соның ішінде Ресей мен Батыс елдерінің тарихи даму жолдарының түбегейлі айырмашылықтары жөніндегі тезиспен күшейтілгенінде еді. Тарихшы әрі пуб- лицист Михаил Петрович Погодин (1800–1875) Ресей мемлекетінің айрықша жолы туралы идеяны негіздеуге тырысты. Ол 1832 жылы Мәскеу университе- тінде оқыған дәрістерінде Франциядағы әлеуметтік-саяси күрестің қажеттігін германдық жаулаушылықпен түсіндірген Тьерри мен гизоға сілтеме жасады. М.П. Погодиннің ойынша, Ресей мемлекеті тарихының айырмашылығы оның жаулаушылық жолымен емес, варяг билеушілерінің бейбіт негізде шақыры- луының нәтижесінде құрылғанымен ерекшеленеді. Бұл «патшаның халықпен
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 139
бірігуіне», помещиктер мен шаруалардың арасындағы патриархаттық үйле- сімді қатынастардың орнауына жол ашты.
Осыған ұқсас дүниетанымды өздерін славяншылдарға жатқызған А.С. хомяков, и.В. Киреевский, П.В. Киреевский, К.С. Аксаков, и.С. Аксаков сынды тарихшылар, әдебиетшілер, философтар да ұстанған еді. Славяншылдар Ресейдің тарихи ке- ңістіктегі орны туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Ресейдің өзіндік болмысы туралы идеяны, «орыс рухы» үшін, К.С. Аксаковтың сөзімен айтсақ, енді тек же- тістіктерге жету, тазару және өркендеу ғана күтіп тұрған, жоғарғы бастаудың иесі саналатын орыс қауымына Еуропаның үлгілерінің тигізер зардаптары жайындағы ойды дамытты. Бұл ағымның жақтастары халықтың тұрмысын, болмысын, оның мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптарын зерттеуге ұмтылды.
Батысшыл-либералдар саналған н.В. Станкевич, и.С. Тургенев, А.и. гер- цен сияқты әдебиетшілер мен публицистер, Т.н. грановский, П.н. Кудрявцев, С.М. Соловьев, Б.н. Чичерин сынды тарихшылар осыған қарама-қайшы көзқарас- ты ұстанды. Батысшылдардың ойларынша, Ресейдің ғасырлық артта қалу мәселе- сін шешу үшін мемлекеттік басқарудың, әлеуметтік әрі экономикалық өмір сүру құрылымының батыстық үлгілеріне көңіл аудару қажет. Мәскеу университетінің профессоры Тимофей николаевич грановский (1813–1855) романтикалық және ағартушылық идеяларды сабақтастыра отырып, өзінің ортағасырлық Еуропа та- рихы бойынша оқыған қоғамдық дәрістерінде адамзаттың ортақ құндылықта- рына, жалпы тарих мәселелеріне назар аударды. неміс философ-романтиктері сияқты, ол адамзат тарихының мәні «адамзаттың рухын дамытуда» деп есептейді. Тарихшының пікірінше, Ресей мемлекетінің еуропалық елдердің даму логикасы- на сәйкес үлкен либерализмге бет бұруы кезек күттірмейтін мәселе болды.
уақыт өте келе тарих пен әдебиет бір-бірінен бөліне бастады. Әдебиетшінің еңбегі секілді, тарихшының еңбегі де кәсібилене түсті. деректі зерттеу барысын- да айрықша дәлдіктің қажеттігі тарихнамада тарихи-сын әдісінің жасалуымен байланысты болған жаңа бағытты қалыптастырды. Бұл бағыт, ең алдымен, Бер- лин университетінің профессоры, Жерорта теңізі елдерінің, Пруссия, Франция, Англияның, папалықтың, халықаралық қатынастар тарихына арналған алпыс- тан астам туындыларының авторы Леопольд Фон Ранкенің (1795–1886) есімімен байланысты болды. хіх–XX ғасырларда жиі тілге тиек етілген «тарихшы тарих- ты тура сол қалпында жазуға тиіс» деген тезис осы Ранкеге тиесілі еді. Мұның астарында өткеннің құжаттарымен барынша ұқыпты әрі мұқият жұмыс жасау, нақтылықты ағартушылардың абстрактілі теориялары мен романтиктердің көр- кемдік бейнелерінен жоғары қою деген мағына жатыр.
Ранкенің еңбектері романтикалық тарихнаманың туындыларына ұқсайды. нақтылық, тарихи ақиқат принциптері этикалық әрі эстетикалық мәнге ие бол- ды. Ранке тарихтың барысы Құдайдың жоспарына сай анықталады, сондай-ақ өткен кезеңнің әрбір бөлігі Құдай жоспарының нұры іспетті қайталанбас дүние деген пікірді ұстанды. Тарихи реконструкцияны «дәл сол қалпында болғандай» етіп жасаудың құндылығы Құдай идеясының айрықша түрде жүзеге асуын қал- пына келтіруге деген талпынысында жатыр.
Ранкенің пікірінше, тарихшы деректермен және фактілермен жұмыс істеу- ге тиіс. неміс авторы үшін куәліктерді іріктеп алудың басты критерийі – оқи- ғалардың маңызы. Өзінің еңбектерінде ол ең алдымен елдердің халықаралық
140 АЛТЫнШЫ ТАРАу
қатынастары мен саяси тарихын зерттеді, анағұрлым шынайы, ресми деректерді қолданды. Зерттеу жұмысының объективтілігіне ден қою арқылы эмпирикалық зерттеулерге ерекше назар аударды. Ранке Берлин университетінде студенттер- мен жұмыс жасаудың жаңа формасы саналған семинарды енгізді. Онда германия- ның орта ғасырлар тарихы бойынша деректерге сын тұрғысынан талдау жүргізу жұмысы ұйымдастырылды. Ранке негізін қалаған мектеп хіх–хх ғасырлардағы тарихи білімге зор ықпал етті, оның ізбасарларының түсінігінде тарих таным ны- саны бола алады. Өткен кезең өз қызметін атқарды, оны енді жалғыз шынайы тә- сіл – ғылыми танымның қалыптасқан рәсімдеріне сүйене отырып, қайта қалпына келтіру қажет болды. Осылайша тарихқа ғылыми білім мәртебесі берілді.
Тарихи деректерді сыни тұрғыдан талдау әдістемесі антикалық кезең зерттеу- шісі Бартольд георг нибур (1776–1831) тарапынан әзірленді. Бартольдтың пікі- рінше, тарихшы мәтіннің шынайылығын анықтауы, оның шығуы туралы, құжат мазмұнына көрсетілген дәуірдің ықпалы жайындағы сұрақтарға жауап бере алуы, оқиғаның нақты желісін анықтау үшін және дерек шынайылығын сын тұрғысы- нан бағалау үшін қолда бар мәліметтерді салыстыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |