Тарих және құқық факультеті деканы


Варварлардың қоғамдық құрылысы



бет4/36
Дата25.11.2016
өлшемі3,96 Mb.
#2539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Варварлардың қоғамдық құрылысы.

Марксистік тарихнамада «варварлар» деп рулық құрылыстың белгілі бір сатысында тұрған тайпаларды айтады. Риммен байланысқа келген варварлардың ірі этникалық группалары кельттер, германдықтар, славяндар.



Кельттер және олардың Европада қоныстануы.

Рим ең алғаш рет кельт (галл) тайпалары мен қақтығысқа келді. Кельттер қоныстанған негізгі аудандар: Солтүстік Италия, Галлия, Испания, Британия және Ирландия. Б.э.д. 390 ж. галл тайпалары Солтүстік Италия жеріне басып кіріп, Римді өртеген еді. Б.э.д. ІІ ғ. кимвр тевтан тайпалары Римге қауіп төндірді. Бірақ күшейген Рим б.э.д. 121 жылдан бастап қарсы шабуылға шығып Оңтүстік Галлияның бір бөлігін (Нарбон Галлиясын) басып алды. Ю.Цезарь б.э.д. 58 жылдан 51 жылға дейінгі аралықта бүкіл Трансальпілік Галлияны Римге қаратқан болатын. Бұл кезде солтүстік-шығыстан жылжыған герман тайпалары кельттерді біржолата солтүстік батысқа ығыстырып, Рейн өзеніне жетті.

Б.э. І ғ. ортасында кельт тайпаларынан бостандығын сақтап қалған Ирландия жеріндегі тайпалар болды. Солтүстік Италияның, Испанияның, Галлияның, Британияның кельт тайпалары Рим қол астына көшті. Римдіктер жаулап алған Галлия тез романизацияланды. Галлия жерінде рим құлиеленушілері бекіді. Кельт ақсүйектері рим мәдениетін меңгеріп, тез арада Галдар римдіктермен араласып, Галл-рим халқы қалыптасты. Галлдар рим дінін, дәстүрін меңгерді, көптеген қалалар пайда болып, ірі жериеленушілік дамыды. Цезарь өзінің «жазбаларында» жердің ең құнарлы бөлігін басып алып, күшейген ру-тайпалық ақсүйектер туралы айтады. Галл қауымының қатардағы мүшелері ақсүйектерге тәуелділікке түсті. Ақсүйектер әскери жасақ құрып, әскери күшке де ие болды.

Б.э.д. І ғ. аяғында Август тұсында Рим Испанияны түгелдей жаулап алып, жергілікті халықты романизациялады, Бірақ бұл аудандағы Рим ықпалы Галлияға қарағанда әлде қайда әлсіз болды.

Б.э.д. І ғ. ортасында (Клавдий тұсында) Рим Британияны жаулап алды, бірақ Шотландия, Ирландия, Уэльс Рим қарауына кірмеді. Британиядағы Рим ықпалы Галлияға қарағанда, тіпті Испанияға қарағанда алыстығына байланысты өте әлсіз болды. Тіпті Ү ғ. басында Рим легиондары Британия жерін тастап шығуға мәжбүр болды. да, Британия тәуелсіздікке қолын жеткізді.

Сонымен кельттер орта ғасырлық Европаның қалыптасуында үлкен роль атқарған екен.



Ертедегі германдықтар.

ХІХ ғ. 70 жылдарында К.Маркс пен Энгельс ертедегі германдықтардың қоғамдық құрылысын зерттеуді қолға алағн кезде, бұл мәселе буржуазия тарихнамасында пәре-пәресі шыққан мәселе еді. ХҮІІІ ғ. аяғынан бастап германдықтарда қауымдық жериелену болды ма, әлде герман тарихының басынан-ақ оларда жерге жеке меншік орнады ма деген мәселе талас туғызды. Бірақ Морган, Ковалевский, Маурер зерттеулерінен кейін буржуазия тарихында «қауымдық теория» жеңген сияқты еді. Энгельс те «бұл ұзақ талас толастады-ау деген еді».

Бірақ Ф. де Куланжының 70 жыл. «История общ. строя древней Франций» деген монографиясның шығуымен байланысты талас қайта жанданды.

Варвар шапқыншылығының ролі туралы.


  1. Роман теориясы Европаның қалыптасуындағы германдықтар рөлін мүлде жоққа шығарды.

Рим жерін германдықтар емес, қайта Римдіктер болды деуі. Т. 1. 169 бет.

Сөйтіп Ф. де Куланж Франция тарихындағы германдықтар ролін жоққа шығарды. Алайда Ф. де Куланж тек Рим цивилизациясын жоғары көтеріп қоймай ғана,варвар шапқыншылығының ролін мойындамады. Ол германдықтар дамудың өте төменгі сатысында тұрғандықтан Римге ықпал жасамады деді. Т. ІІ. 347-348 беттер.

Бірақ Ф. де Куланж осындай төмен сатыда тұрғанмен, германдықтарда демократиялық тәртіп, аграрлық өмірде коллективтік принциптер болған жоқ деп дәлелдемекші болды.

Семиялар арасында меншік жағынан айырмашылық болды, сондықтан оларда топтарда боды деді.

Герман теориясы «іріп-шіріген» Римнің құлауында германдықтар шешуші роль атқарды дейді. «Германдықтардың ұлттық рухы ыдыраған Рим дүниесін жеңді» дейді. Мыс, Допш германдықтарда ежелден қолөнер, тауар-ақша қатынасы, қалалр дамыды деді. Допш германдықтарда да жерге жеке меншік болды, вотчиналық жүйе үстемдік етті деді. Германдықтар крепастниктік шаруаларды қанап күн көрген ұсақ вотчина иелері.

Мынандай мәселені шешу керек болды. «Рим империясы құлады ма?» (яғни әлеуметтік-экономикалық төңкеріліс болды ма?).

Ф. де Куланж бірден-бір мынандай тұжырымға келеді. «Галлияны еш уақытта да варварлар жаулап алған жоқ, ол аудан империяға қосып алынды». Т.ІІ-7-15 бет.

Империя германдықтарды жаулап алып, өзіне бағындырды. Германдықтардың келуі еш өзгеріс туғызған жоқ, себебі олардың өзі өздерімен бірге құлдарын, крепастной шаруаларын ала келді. Т.ІІ-673 бет.

Ф. де Куланж «саяси да, әлеуметтікте төңкеріліс болмады, төңкеріліс жасауға германдықтардың әлі келмеді» дейді. Ал олай болса жаулап алды, ревалюция болды демей, Германдықтай жолымен рим дүниесіне қосылып бірікті.

Германисттер де осыған жақын позиция ұстады. Допш, антикалық қоғамның орта ғасырмен ауысуын күшпен ауысты деп қате пікір. Допш-германдықтарда да антикалық дүниеге тән әлеуметтік экономикалық қатынастың барлық белгілері де болды, олар ұзақ уақыт Риммен араласып, оның мәдениетін, қоғамдық қатынасын меңгерді.

Буржуазия тарихнамасы империя құрған жоқ, ол өмір сүруін тоқтатқан жоқ деді. Осындай саяси өмірде қарама-қарсы тенденцияның байқалуы терең саяси дағдарысты көрсетеді.

Идеологиядағы дағдарыс.

Қаналушылардың діні ретінде І ғ. пайда болған хрестиан діні ІІ ғ. бастап үстем таптың дініне, ресми идеологиясына айналды.

Қаналушы бұхараның әлеуметтік күресі түрлі өрістеді. (хрестиан дінінің негізгі догмаларынан ауытқу).


  1. Александрияда Египетте арианшылдар шықты.

  2. Шығыс провинциаларда монофизитизм христы тек діни бейне емес, онда адам табиғатына тән қасиет жоқ.

  3. Агностиктер-алғашқы хрестиан қауымының теңдігін, адамдар теңдігін орнатуға ұмтылғандар.

Әлеуметтік дағдарыс.

Саяси, экономикалық, идеологиялық дағдарыс әлеуметтік күрес шиеленісуі барысында тереңдей түсті. Мыс, 30-40 жылдары (ІҮ ғ.). Галлияда багаудтардың (бага-кельт сөзі «күрес»), 368 ж. Британияда, Ү ғ. Испанияда халық қозғалысы басталды. Халық бұхарасының таптық күрестері мен көтерілістері рим құлиеленушілік қоғамын іштей жеп, оның негізін қиғанмен, қаналушы бұхара көтеріліс арқылы құлдық құрылысты жоюға қабілетсіз болды.

Энгельс «Жанұяның жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» еңбегінде бұхара халықтың ауыр жағдайына сипаттама бере келе, олардың арасында ревалюциялық элементтерде болды дей келе, Энгельс халық бұқарасы әлеуметтік ревалюцияны жүзеге асыруға қабілетсіз болды дейді.

Хрестиан діні мәселесіне арналған еңбектерінде Энельс Рим халық бұқарасы әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болмады, ал олай болса олардың көздеген мүдделері де әртүрлі болды дейді.

Әрбір әлеуметтік таптың немесе жалпы халық бұхарасының күрес программасы болмады.

Энгельс кейінгі рим империясының қаналушы табы, әсіресе негізгі қаналушы бұхара-құлдар әлеуметтік ревалюцияны жүзеге асыруға қабілетсіз болды, дей келе «Ерте дүние құлдықты көтеріліс жолымен мою дегенді білмейді», дейді.

Рим империясына соңғы соққы берген, яғни құлиеленушілік қоғамға соңғы соққы берген варвар тайпалары болды. (вестготтар, бургундар, вандалдар, славяндар).

Варвар тайпаларының қоғамдық экономикалық құрылысы.

Маркстік тарихнамада «варварлар» деп рулық құрылыстың белгілі бір сатысында тұрған тайпаларды айтады. Риммен байланысқа келген варварлардың ірі этникалық группалары кельттер, германдықтар, славяндар.



Цезарь мен Тацит герман тайпалары туралы.

Герман тайпалары б.э. басында Рейн мен Виса аралығында, Алпі мен Дунай аралығында қоныстанған, Герман тайпалары мен римдіктер б.э.д. І ғ. Цезарьдің Галлияны жаулап алған кезде қақтығысқа келген. Германдықтар туралы мәліметті Цезарьдің «Записках о Галльской войне» деген еңбегінен және б.э. І ғ. өмір сүрген рим тарихшысы Тациттің (54-120) «Германцы» деген еңбектерінен аламыз. Цезарь және Татцит еңбектерін салыстыра отырып, германдықтардың қоғамдық құрылысындағы өзгерістерді байқаймыз. Сонымен Цезарь.



  1. Цезарь мәліметі бойынша герман тайпалары негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған. Егістік жүйесі-ауыспалы егістік болған, бірақ олар бір жерге берік әлі қоныстанбаған. Астық, сұлы еккен, бірақ егіншілік қосалқы роль атқарды.

  2. Жериелену және жартылай жер пайдалану жүйесі қандай? Цезарь бойынша жер ру қауымының ортақ пайдалануында болған. Жер ру меншігінде. Ру қауымы жерді бірлесе отырып пайдаланып, бірге өңдеп, алынған өнімді бірлесе пайдаланады.

  3. Цезарь еңбегін оқыған кезде ешқандай топтардың болмағанын байқаймыз. Құлдар туралы да ештеңе айтылмайды. Цезарь ру «ақсақалдары», «көсемдері», «құрметті адамдар» туралы айтқанымен, олар мүліктік жағынан қатардағы германдықтан ерекшеленбейді.

  4. Германдықтардың негізгі шаруашылық ечейкасы қаум болды. Маркстік-Лениндік ілім бірін-бірі ауыстырған қауымның үш формасы туралы айтады.

а) Қандас-рулас қауым.

б) Егіншілік қауым.

в) Көршілес қауым.

Германдықтарда осы қауым формаларының біріншісі үстем болған.



  1. Саяси құрылысы. Үкімет халық қолында Цезарь бейбіт кезеңде тайпаның жоғарғы басқару органы халық жиналысы болды дейді. Ал соғыс кезінде әскери қолбасшылар тағайындалған. Сонымен б.э.д. І ғасырда германдықтарда мемлекет болмады.

Тацит.

Тацит өзінің «Германдықтар туралы»деген еңбегінде б.э. аяғындағы германдықтар туралы мәлімет береді. Германдықтар бұл тарихи кезеңде Цезарь дәуірінен қоғамдық дамуы жағынан біраз ілгері кеткен.

Маркс, Энгельс «Цезарь мен Тацит дәуірінің аралығы көшпелі өмірден отырықшылыққа көшу кезеңі болды дейді».

Маркс, Энгельс Соч. 19. 453 бет.



  1. Басты шаруашылық түрі-егіншілік болды. Сұлы, бидай, қара бидай, бау-бақша өсірумен айналысқан. Бірақ мал өсіру де үлкен роль атқарған. Бұл кезеңде, қолөнер, сауда, қыш-құмыра өндірістері дамыған.

  2. Меншік формасы. Шаруашылықтың негізгі ячейкасы-егіншілік қауымы болды. Жерді пайдалану тәртібі де өзгерген. Тацит «Жер әр кімнің лауазымына қарай бөлінді» дейді. Сонымен Тацит дәуірінде бұрын барлық ру мүшелерінің меншігіндегі жер коллектив болып өңделмейді. Жер қауымға кірген семьялар арсында бөлінетін болды, және де ауқатты семьялар жердің едәуір бөлігін өз қолына алды. Ал жайылым, шабындық, жерлері бұрынғысынша қаым меншігінде қала берді. Үй маңындағы жер жеке семьялардың жеке меншігіне көшті.

  3. Тацит дәірінде де таптар болмады. Өндіріс те бұрынғысынша ерікті қауым мүшелері басты роль атқара берді. Бірақ әлеуметтік жіктелістің бастаоғаны байқалады. Тацит құлдар туралы айқын айтады. Құлда ешқандай экономикалық, саяси права жоқ, қожайын тілесе өлтіріп отырды. Құлдықтың сипаты-патриархалдық болды. Бірақ оларды рим құлдарымен қатар қоюға болмайды. Олардың өз баспаналары, өз шаруашылығы болған. Тацит айтуынша олар рим колондарына ұқсас.

Ру ішінен-ру ақсүйекткрі оқшауланып шыға бастады.

  1. Саяси құрылысы

а) Халық жиналысы әлі де басты басқару органы.

б) Бірақ халық жиналысында көсемдер мен корольдер сайланды. Корольді тегіне қарап сайласа, көсемді қабілетіне қарап сайлады. Тацит еңбегінде бұлардың функциясы дәл аныталмайды, шамасы соғыскезінде ерекше праваларға ие болған сияқты.

в) Б.э. І ғ. аяғында германдықтардың қоғамдық өмірінде әскери жасақтар үлкен роль атқара бастаған. Цезарь дәуірінде әскери жасақтар тек соғыс кезінде құрылса, енді олар тұрақты әскери отрядттар бола бастады.Әскери жасақ көсеммен бұрын тұстас болса, енді оған тікелей бағынды.

Мемлекет туралы мәселе.

Сонымен тұрақты әскери жасақтың шығуы король үкіметін дүниеге әкелді. Бірақ король билігін халық жиналысы шектеп отырды. Цезарь дәуіріне қарағанда басқару жүйесі күрделі болғанымен әлі әшкере үкімет жоқ. Бұндай саяси жүйені әскери демократия деп атайды.

а) Халық жиналысы

б) Король үкіметі.

В) Әскери көсемдер.

Энгельс. Шыңыс жинағы. 21 том. 164 бет.

Біз мемлекеттің алғашқы белгілері байқала бастаған деп айта аламыз, бірақ әлі мемлекет құрылмады.

Энгельс. «Жанұяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» еңбегінде.

«Әскери демократия рулық құрылыста мүмкін бола алатын басқарудың ең жетілген ұйымы» дейді.

Сонымен Тацит дәуірінде ерте герман қоғамында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда бола бастады.

К. Маркс пен Энгельс құлиеленушілік құрылысты күйреткен әлеуметтік ревалюцияның алғы шарттары рим және герман қоғамының қойнауында пісіп жетілді дейді. Сондықтан да олар Батыс Европадағы феодализм дамуында роман-герман синтезін мойындайды.

Энгельс Рим құл иеленушілік құрылысының құлауындағы варвар тайпаларының шапқыншылығына үлкен мән бергенмен, оны басты себебі деп есептемейді.

395 жылы Рим империясы екіге бөлінеді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлайды. Византия 1453 жылға дейін өмір сүрді.

Балқан түбегіне келіп қоныстанудың екі кезеңін бөліп айту керек.

1)Ү ғ. аяғы мен ҮІІ ғ. басына дейінгі кезең. Бұл кезеңде славян шапқыншылығына Рим қатты қарсылық көрсетеді. Славяндар осы кезеңнің аяғында бірте-бірте орын теуіп, қоныстана бастайды.

2) ҮІІ ғ. басынан , империя қарсылық көрсету әрекетін тоқтатады да славяндар Балқан түбегіне түбегіне тереңдеп ене бастайды. Балқан түбегінде қоныс тепкен славяндар рулық құрылыста өмір сүрді. Ру қауымы-задруга деп аталды.

Энгельс «Оңтүстік славяндар задругасы семья қауымының ең жетілген үлесі. Бір әкеден тараған 2-4 ұрпақ өз әйел балаларымен бір үйде тұрып, егістік даланы бірлесіп өңдеп, бірге тамақтанып, бірге киінеді. Қауымды қожайын басқарады, оның жасы үлкен болуы шарт емес. Жоғарғы биік семья кеңесінің, қауым мүшелерінің жиналысының қолында болды».

К. Маркс, Ф. Энгельс. Т.21, стр 62.

Энгельс «задруга село қауымына, немесе маркаға өтудің өтпелі сатысы болды дейді». Маркада жеке семьялар жерді бөлек-бөлек өңдеп, алғашқыда мезгіл-мезгіл қайта бөліп отырса, кейін егістік жер мен шабындықты біржолата бөлісіп алады.

63 бет.


Бірнеше көршілес қауым тайпаны құрды. Әрбір тайпаның «жұп» деп аталатын ерекше округы боды. «Жұп» басында «жұпан» тұрды. Жұпандардан болашақта княздар және славян мемлекеттерінің патшалары қалыптасып шықты.

ҮІ ғ. Византия жеріне басып кіру барысында славяндардағы жіктелу процесі тездей түсті. Бұл кезде белгілі көсемдер бөлініп шығып, славяндар басып алған территорияларда әкімшілік праваларын күшейте бастайды. Бірнеше ғасырларға созылған үздіксіз соғыстар оларды байытып, күшейтті.Әлеуметтік эвалюция салдарында ертедегі славяндар «әскери демократия» деп аталатын кезеңге аяқ бастады. Славяндар бұл кезеңде мемлекет қалыптасуының табалдырығында тұрды.

Шығыс Рим империясымен қақтығысқа келу бір жағынан славяндардың қауымдық құрылысын ыдырата түссе, екінші жағынан империяның құлиеленушілік құрылысында ыдыратты. Шығыс империяда феодалдық тәртіптің орнауына, славяндар сөз жоқ өз ықпалын тигізді.

Энгельс «568 жылы рим империясына басып кіру негізінен тоқталғанмен славяндар әлі де ұзақ уақыт қозғалыста болды».

3 Дәріс.

ІҮ-ғ және Үғ. Басында франктер Шығыс Галлияны жаулап алды. Олардың алғашқы королі Хлодвиг деген Меровингтер тұқымынан шыққан адам болатын, сондықтан да 481жылдан ҮІІ ғ. аяғына дейінгі кезеңі дейді. Осы дәріс барысында біз Франктерде ерте феодалдық мемлекеттің құрылуының әлеуметтік шарттары қандай деген сұраққа жауап іздейміз. Меровингтер мемлекеті туралы мәліметті Гр. Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франция тарихы» деген еңбегінен аламыз, және негізгі тарихи дерек ретінде «Салий ақиқатын» пайдалану қажет.

«Салий ақиқатының» мазмұнын талдай келе:

а) Франктердің шарушылығы.

б) Жер қатынасы. Қауымдық меншік үстемдігі қалайша қорғалады. Қауым формасы.

в) «Салий ақиқаты» мәліметтері негізінде Франк қоғамының әлеуметтік құрылымы (ерікті франктер, құлдар, литтер, римдіктер).

Міне осы мәселелерді анықтай келе, Аллодтың шығуы және ірі жер иеленушіліктің қалыптасуы деген мәселені қарастырамыз.

Батыс Европадағы феодалдық қатынастардың даму проблемасы.

Европада феодалдық қатынастардың дамуы екі дүниенің-антикалық құл иеленушілік дүние мен варвар тайпаларының қоғамының синтезінен басталады. ІҮғ. басында герман тектес варвар тайпалары-галлеардың Рим империясының территориясына басып кіре бастайды. Ол тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген ат алды.

Міне осы екі дүниенің бір-бірімен кездесуін тарихнамада қалайша түсіндіреді ?

І. Батыс Европалық тарихнамада екі бағыт пайда болды.

а) Герман теориясы.

б) Роман теориясы.



Герман теориясының өкілдері орта ғасырлық Европаның қоғамдық және саяси құрылысы рим правосының, мекемелерінің, әлеуметтік институттарының эвалюциясы процесінде қалыптасты десе, екіншілері орта ғасыр тарихының негізі Рим мемлекетін жаулап алған варвар тайпаларының қоғамдық құрылысының тарихи эвалюциясы нәтижесінде қаланды дейді. Бір-біріне қарама-қарсы бұл екі теория ХҮІІІ ғ. пайда болған еді.

Герман теориясының негізін салған граф Анри де Буленвилье, феодалдық құрылыс герман шапқыншылығы негізінде қалыптасты дейді. Францияда қалыптасқан феодал тобының тегі-осы сырттан келген герман тайпалары, ал жергілікті халық-қаналушы бұқараны қалыптастырды.

Сонымен Буленвилье біріншіден жаулап алу фактісін мойындайды, екіншіден феодалдық институттардың пайда болуын варвар тайпаларының қоғамдық саяси құрылысының дамуымен байланыстырады.

Екінші Роман теориясының негізін салған «үшінші сасловие өкілі» аббат Дюбо болды. Дюбо жаулап алу фактісін түгелдей жоққа шығарды, ол орта ғасыр тарихы рим (раман) традицияларының әлеуметтік, саяси, экономикалық институттарының дамуы негізінде салынды дейді.

1876 жылы фр. тарихшысы Фюстель де Куланжының «Общественное учреждение древей Франции» деген еңбегінің І-томының шығуына байланысты екі теория арасындағы талас жаңа кезеңге келіп кірді. Ф. Де Куланж феодализм генезисінің романдық консепциясын одан әрі толықтырып, бекітті.

Германдықтардың жаулау фактісін жоққа шығарып, герман тайпалары бейбіт түрде келіп рим тұрғындарымен қатар қоныстанды, ал олай болса Батыс Европа феодализімінің негізін кейінгі Рим империясының саяси институттарынан іздеу керек. Рим қоғамдық саяси институттары таза эвалюция барысында феодалдық институттарға айналды.

Екі теория өкілдерінің өз-ара таласына қарамастан олардың зерттеу әдісі (методология) жағынан бір платформада тұрды.

1). Екі теория да антикалық қоғамнан орта ғасырға өтуді кейінгі герман және кейінгі рим қоғамының (германдықтар) дамуы нәтижесі деп түсіндіреді.

2). Екі теория да антикалық қоғамның орта ғасырға өтуін терең әлеуметтік төңкеріліс деп түсінбеді, екі теория да бұл проблеманы таза саяси-юридикалық тұрғыдан түсіндірді.

3). Екі теорияда да ұлттық субьективтік белгілер тән. Неміс ғалымдары орта ғасырдың негізін герман қоғамының дамуынан іздесе, француз ғалымдары герман тайпаларының рөлін түгелдей жоққа шығарды.

Герман теориясы алғашқыда көптеген мәселелер жөнінде прогрессивті бағыт ұстады. Қандай, 1) Олар жаулап алу фактісін мойындады.

2) Феодалдық қатынастардың қалыптасуында қоғамдық институттардың эвалюциясын мойындады. ХІХ ғ. екінші жартысында екі бағыт та ортақ методология платформасы негізінде бір-бірімен қосылып кетті.

Мысалы, ХХғ. 20-30 антикалық қоғамның орта ғасырға өту проблемасын Австрия ғалымы Альфонс Допш зерттеді. Допш жаулап алу фактісін мойындай отыра , кейінгі Рим империясының қоғамдық қатынастары арасында ешқандай сапалы айырмашылық жоқ, ал олай болса антикалық қоғамның орта ғасырмен ауысуында ревалюциялық секіріс (скачок) болған жоқ, яғни ол тарих дамуындағы сапалы секірістерді мойындамайды.

Енді феодализм генезисін материалисттік тұрғыдан қалай түсіну керек.

К Маркс пен Ф. Энгельс ашып, В.И. Ленин одан әрі толықтырып дамытқан тарихты материалисттік тұрғыдан түсіну тұңғыш рет феодализмнің дамуын және оның мәнін ашуға ғылыми негіз салды. «Неміс идеологиясы», «Коммунисттік партия манифесі», «Капитал», «Анти Дюринг» сияқты еңбектерінде К. Маркс пен Ф.Энгельс феодалдық өндіріс тәсіліне терең сипаттама береді. Феодализм теориясының маңызды құрамдас бір бөлігі «Феодалдық рента» туралы ілімді В.И. Ленин «Россияда капитализмнің дамуы», «ХІХ ғ. аяғындағы Россиядағы аграрлық мәселе», «1905-1907 ж.ж. тұңғыш орыс ревалюциясындағы социал-демократтардың аграрлық программасы», «Мемлекет туралы» т.б. еңбектерінде одан әрі дамытты.

К. Маркстің «Хронологические выписки», «Наброски ответа на письмо В. Засулич», «Марка», «Франкский период», «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерінде орта ғасырлық Европадағы өте күрделі процестерді түсіндіреді. Маркс, Энгельс Европадағы феодализм дамуы проблемасын тарихты материалисттік тұрғыдан түсіну позициясына қойып, антикалық тарихтың орта ғасырмен ауысуын құл иеленушілік формацияның феодализммен ауысуы дей келе, бұл ауысудың мәні роман немесе герман права, саяси институттарының жай эвалюциясы емес, оның мәні бұл ауысудың терең, экономикалық әлеуметтік алғы шарттарында дейді. Құлдық формацияның феодализммен ауысуының басты алғы шарттары ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим құлдық қоғамының немесе ерте герман алғашқы қауымдық қоғамының ескі өндіргіш күштері кедергі жасаған жаңа прогрессивті өндіргіш күштердің дамуы нәтижесінде жасалды. Құлиеленушілік қоғамның феодализммен ауысуын жай эвалюциялық даму деп түсіндірмей оның терең әлеуметтік төңкеріс екенін дәлелдеді.

К. Маркс, Энгельс, В.И. Ленин феодализм генезисін жаңа өндіріс қатынастарының, жаңа әлеуметтік-саяси жүйенің құрылуы деп түсініп, қоғамның екі антогонистік топқа-феодалдарға және феодалға тәуелді шаруалардың қалыптасуы дейді.

Феодализм генезисін зерттеу барысында совет тарихнамасы 20-30 жылдары Батыс Европалық тарихнаманың ғылыми тезистерін жоққа шығарды.Әсіресе Альфонс Допштің «Вотчиндік капитализм» концепциясын әшкерлеуде совет медиевистерінің үлкен буыны А.Д. Удальцов, Е.А. Косминский, Н.П. Грацианский, С.Д. Сказкин үлкен үлес қосты. «Вотчиндік капитализм» теориясы бойынша ерте орта ғасырдағы экономикалық қатынастардың капиталистік қатынастардан өзгешелігі аз. Сөйтіп Допш кейінгі Рим империясының қоғамдық қатынасынан ерте орта ғасырлық қоғамдық қатынастардың өзіндік сапалы өзгешеліктері бар екенін жоққа шығарып, тарихта сапалы секіріс, төңкерілісті жоққа шығарған тезисін ұсынды.

Феодализм генезисін зерттеу барысында А.Д. Удальцов (1883-1958) «Из аграрной истории Королингской Фландрии» 1955 зерттеуін жазып бұл еңбегінде қауымның шығуын түсіндірді.

Н.П. Грацианский «Бургундская деревня в Х-ХІІ в.в.» деген еңбегінде феодализм генезисін зерттеудегі Допш концепцияларына қарсы уәж айтады. Батыс Европадағы феодализмнің пайда болып, дамуын түсінуде А.И. Неусыхиннің «Возникновение зависимого крестиянства как класса раннефеодального общества в Западной Европе в ҮІ-ҮІІІ в.в.» деген монографиясының маңызы зор. Неусыхин көптеген зерттеу материялдарына сүйене отырып ерікті қауым мүшелерінің тәуелді шаруаға қалайша айналғанын түсіндіреді.

«Судьбы свободного крестиянство в Германии в ҮІІІ-ХІІ в.в.» деген монографиясында феодализм процесінің одан әрі қалайша дамығанын түсіндіреді.

Совет тарихшылары феодализм қалыптасуының әр халықтардағы өзіндік ерекшеліктерін еске ала отырып, жалпы осы процестің маңызды мынандай мазмұнын ашты.


  1. Ерікті қауым ыдырап, қауымдық меншік қалыптасып келе жатқан ақсүйектер қолына көшті, жерге феодалдық меншік пайда болды.

  2. Ерікті шаруалар-қауым мүшелері өздерінің жер участоктерінен (аллодтарын) айырылады да феодалға тәуелді шаруаға айналады.

Сонымен совет тарихшылары негізгі мазмұны меншік қатынастарының өзгеруі және тікелей өндірушілердің жағдайының өзгеруі болатын феодалдық қатынастың шығуының ғылыми негізін салды. Олар феодалдық қатынастың шығуын тап тартысымен қатар жүретін терең әлеуметтік ревалюция деп түсіндіреді.

Егер маркстік-лениндік ілім бойынша Батыс Европада феодализм Рим империясының және варвар тайпаларының қоғамық қатынастарының синтезі негізінде (көтеген Европа аудандарында) қалыптасатын болса, осы екі дүниеге деген жеке- жеке сипаттама берейік.

Сонымен ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим империясы ІҮ-Ү ғасырларда Рим империясы терең экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық дағдарыс кезеңіне келіп кірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет