Тарих және құқық факультеті деканы



бет36/36
Дата25.11.2016
өлшемі3,96 Mb.
#2539
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: Практикум арқылы «Салий ақиқаты» бойынша мүліктік және әлеуметтік жіктеліске қатысты негізгі баптарды талдау.

Әдістемелік нұсқаулар: топтық талдау.

Әдебиет:

1. Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы.

2. Маркс Ф, Энгельс Ф. Шығармалар жинағы 19 том, ҮІІ, ҮІІІ тараулар.

3. Неусыхин А.И. Возникновение зависимого крестьянства как класса раннефеодального общества в Западной Европе ҮІ – ҮІІІ в.в. М., 1956.

4. Қожабергенова Х.И. Орта ғасырлар тарихы оқу құралы. Орал 2004. б. 11 – 25.

5. Орта ғасырлар тарихы. Алматы 1976. 1 т.

6. Хрестоматия по И.С.В. \ Под ред. С.Д. Сказкина. М., 1961. Т. 1.
ОЖСӨЖ № 7

Тақырыбы: 1 – 7 апта аралығында орындалатын реферат тақырыптарын беру, реферат талаптарын түсіндіру.

Мақсаты: студенттерге реферат жазуға қойылатын талаптар туралы айта отырып, жеке жұмысты қалай орындау керек екендігі туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: әр студентке төмендегі тақырыптар бойынша реферат тақырыптарын беру:


  1. Б.з.д. І ғ. ортасынан б.з. І ғ. аяғына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысының эволюциясы. (Тацит және Цезарь еңбектері бойынша).

  2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердегі жанұя, жерге меншік және қауым.

  3. «Салий ақиқаты» және «Рипуар ақиқаты» боынш Франк қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік жіктеліс.

  4. «Егіншілік заңы» бойынша ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. Византия қауымы.

  5. ҮІІ–ІХ ғ.ғ. Франк қоғамында тәуелді шаруалар табының қалыптасуы.

  6. Каролинг дәуіріндегі Франк мемлекетіндегі ірі феодалдық вотчина.

  7. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық құрылыс.

  8. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Француз шаруалары және Жакерия көтерілісі.

  9. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. ағылшын шаруалары және Уот Тайлер көтерілісі.

  10. Флоренциядағы Чомпи көтерілісі.

  11. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Итальян гуманизмі.

  12. Гуситтер соғысы.

  13. Эразм Готтердамский еңбектеріндегі католикалық шіркеуді және феодалдық қоғамды сынау.

  14. Германиядағы шаруалар соғысы.

  15. ХҮІ ғ. Англиядағы қоршау.

  16. Англиядағы реформация.

  17. Швейцариядағы реформация.

  18. ХҮІІ ғ. 1 жартысындағы Француз абсолютизімінің теориясы және практикасы.

  19. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. ағылшын абсолютизмі.

  20. Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.

  21. Отыз жылдық соғыс.

  22. Жүз жылдық соғыс.

  23. Орта ғасырлардағы католикалық шіркеу.

  24. Христиан діні және оның негізгі тармақтары.

  25. Византия мәдениеті.

Әдістемелік нұсқаулар: жеке жұмыс.

Әдебиет: әр студент өз тақырыбына қатысты әдебитетті каталогтан табады.
Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты мен міндеттері.

Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.

Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:

-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;

-үй тапсырмаларын орындау;

- семинар сабақтарына дайындалу;

-семестрлік тапсырмаларды орындау;

-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.

Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.

Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.



Өткен материалдарды қайталау.

Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.

Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.

Дәріс мазмұнымен танысуға кіріспес бұрын мынаны орындау керек:

-жұмыс орынын анықтау(егер үйде немесе жатақханада қажетті жағдай жоқ болса, онда оқу залының қызметіне жүгінген жөн) қажет;

-дәріс конспектісі болуы қажет;

-оқып жатқан пән бойынша оқу бағдарламасы болуы керек;

-дәріс бойынша берілген әдебиеттердің болғаны жөн;

Жұмыс істеу әдістері.

- жақында еске сақталған мәліметтер бойынша мақсатты түрде дәріс материалдарын қайта өңдеу(кейінге қалдыруға болмайды, дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

-конспектімен жұмыс істеу барысында әдебиетке сілтеме істеген жөн, қажетті толықтыруларды енгізу мен қате кетсе түзету енгізу(бұл емтиханға даярланғанда қажетті болады);

-тақырыппен жұмыс істеу материалды толық түсінгенше және есте сақтағанша жүзеге асады. Ол оқулықтар мен әдебиеттерде көрсетілген мысалдар мен міндеттерді өңдеген соң аяқталады;

-егерде тақырыппен жұмыс істеліп болған түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар туындаса, онда оларды келесі дәріс барысында оқытушыға қоюға болады;

Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.

-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;

-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;

-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.

Семинар сабақтарына дайындық.

Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:

-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;

-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.



8. ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНДЕ ЖОСПАРЛАНБАҒАН
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДАР
Курс бойынша реферат тақырыптары.


  1. Б.з.д. І ғ. ортасынан б.з. І ғ. аяғына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысының эволюциясы. (Тацит және Цезарь еңбектері бойынша).

  2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердегі жанұя, жерге меншік және қауым.

  3. «Салий ақиқаты» және «Рипуар ақиқаты» боынш Франк қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік жіктеліс.

  4. «Егіншілік заңы» бойынша ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. Византия қауымы.

  5. ҮІІ–ІХ ғ.ғ. Франк қоғамында тәуелді шаруалар табының қалыптасуы.

  6. Каролинг дәуіріндегі Франк мемлекетіндегі ірі феодалдық вотчина.

  7. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық құрылыс.

  8. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Француз шаруалары және Жакерия көтерілісі.

  9. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. ағылшын шаруалары және Уот Тайлер көтерілісі.

  10. Флоренциядағы Чомпи көтерілісі.

  11. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Итальян гуманизмі.

  12. Гуситтер соғысы.

  13. Эразм Готтердамский еңбектеріндегі католикалық шіркеуді және феодалдық қоғамды сынау.

  14. Германиядағы шаруалар соғысы.

  15. ХҮІ ғ. Англиядағы қоршау.

  16. Англиядағы реформация.

  17. Швейцариядағы реформация.

  18. ХҮІІ ғ. 1 жартысындағы Француз абсолютизімінің теориясы және практикасы.

  19. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. ағылшын абсолютизмі.

  20. Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.

  21. Отыз жылдық соғыс.

  22. Жүз жылдық соғыс.

  23. Орта ғасырлардағы католикалық шіркеу.

  24. Христиан діні және оның негізгі тармақтары.

  25. Византия мәдениеті.

10. ЖОҚ

11. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
- білімді бағалау кестесі.

- жазбаша бақылау тапсырмалары.

- тест сұрақтары.

- өздігінен дайындалу үшін арналған сұрақтар.

- емтихан сұрақтары

«Білімді бағалау схемасы»







Бағалау критериясы

Бағалау түрі

%

барлығы

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

100

30




Дәріске қатысу

100

15

2

Жеке жұмыс

100

2

3

Бақылау жұмысы

100

2

6

Зертханалық сабақта белсенділік

100

15

7

Бақылаудың басқа т үрлері

100

N




Аралық бақылау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа мәні




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2







Емтиханға жіберілу рейтингісі

Аралық бақылау *0,6







Қортынды бақылау (емтихан)

100*0,4







барлығы

Емтиханға жіберілу рейтингісі + Қортынды бақылау



Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7 (8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі. (максималды көрсеткіші – 40 % )

Пән бойынша қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.



Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

40

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Р

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы).

Студенттерге қойылатын талаптар: әрдайым жұмыс үстінде болғанда ғана жақсы бағаға қол жеткізуге болады. Бұл баға барлық семестр бойы жиналады деген сөз. Сондықтан да сіздер сабақ уақытында белсенділік танытуларыңыз қажет. Жоғары баға тапсырылған жұмыс дұрыс, нақты жауап берілгенде ғана қойылады.

1. Сабаққа қатысу.

Сабаққа қатысу міндетті түрде. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік жинақта көрсетілгендей толық түрде тапсырылады. Себепсіз қатыспаған сабақтар, курстың жартысынан асып кетсе, курстан шығарылады.



2. Аудиторияда өзін-өзі ұстауы.

Студент сабаққа кешікпеуі, сабақ үстінде сөйлемеуі, газет-журнал оқымауы, ұялы телефоны айырылуы, сабақ барысына белсенді қатысуы керек.



3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалып, оқытушымен келісілген уақытта тапсырылуы керек. Үй тапсырмасы кешіккен студенттен қабылданбайды. Сіздердің тапсыруларыңызға қарап баға қойылады, ол өз кезегінде қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



4. Аралық бақылау.

Семестр кезінде 7 және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі.



Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны мен хронологиялық шегі. «Феодализм» түсінігінің шығуы мен мазмұны. Феодалдық қоғамдық жүйе, оның ерекшеліктері.

  2. Орта ғасырлар тарихының жалпы тарихи дамудағы орны. Орта ғасырлар тарихы дерекнамасы және тарихнамасы.

  3. Кельт, герман тайпалары және олардың шаруашылығы. Тайпалардың қоғамдық – саяси құрылымы.

  4. Рим империясы территориясына герман тайпаларының басып кіру себептері. Варварлық корольдіктердің құрылуы.

  5. Франк тайпаларының Галлияны жаулап алуы. Меровинктердің, Франк мемлекетінің құрылуы.

  6. Франк қауымы және оның ҮІ – ҮІІ ғ.ғ. эвалюциясы. Рулық байланыстардың ыдырауы.

  7. Франк қауымындағы әлеуметтік жіктеліс, ірі жер иелігінің қалыптасуы.

  8. Ежелгі германдықтар шаруашылығы. (егіншілік жүйесі, мал шаруашылығы, қолөнер, алмастыру белгілері).

  9. Шығыс Рим (Византия) империясының құрылуы, оның даму ерекшеліктері. Славян отаршылдығының салдары. Феодализмнің дамуы.

  10. «Салий ақиқаты» дәуіріндегі франктердің қоғамдық құрылысы.

  11. Ұлы Карл империясының ыдырауы. Батыс Европа елдерінде феодалдық құрылыстың бекуі. Меровингтер дәуірі.

  12. Батыс Европадағы өндіргіш күштердің дамуы. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі.

  13. Қалалардың пайда болу себептері. Тауар – ақша қатнастарының дамуы. Рента коммутациясы.

  14. «Егіншілік заңы» бойынша Византия қауымы.

  15. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Францияның экономикалық дамуы. Аграрлық қатынастар және Француз шаруаларының жағдайы.

  16. Францияның саяси орталықтануының негізгі кезеңдері, себептері. Сословиелік монархия және оның мәні.

  17. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Англияның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. Ағылшын феодализмінің ерекшелігі.

  18. Парламент, оның құрылымы мен таптық мәні. Сословиелік монорхияның қалыптасуының ерекшеліктері.

  19. Франк мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы.

  20. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Батыс Европадағы аграрлық қатынастардың эвалюциясы. Аграрлық қатынастар эвалюциясының алғы шарттары мен себептері. Феодалдық жер рентасы ұғымы.

  21. Феодалдық жер рентасы эвалюциясының алғы шарттары мен себептері, оның нәтижелері.

  22. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Германия. Германияның аграрлық дамуының ерекшеліктері. Германияның саяси дамуы. Габсбургтер династиясының билігі.

  23. Каролинг дәуіріндегі феодалдық вотчина.

  24. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Италия. Италияның әлеуметтік – экономикалық және саяси даму ерекшеліктері; қала коммуналарының құрылуы мен олардың қала – мемлекеттерге айналуы. Деревнядағы тауар – ақша қатынастрының енуі мен шаруалар жағдайы.

  25. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Чехия. Чехияның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. Феодалдық қатынастар. Ірі жер иеленушіліктің өсуі.

  26. Неміс отарлауы, оның салдарлары. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі.

  27. ХІІІ – ХҮ ғ.ғ. Орта ғасырлық қолөнер цехтары. Қолөнер цехтарының бірігуінің себептері. Цехтық өндірістің ыдырауы. Шебер көмекшілері мен шеберлер күресі

  28. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Италия мен Португалия. Арабтар шапқыншылығының салдары Реконкиста оның негізгі кезеңдері, оның нәтижелері. Кастилия мен Арагонның және біріккен испан корольдығының құрылуы. Португалияның әлеуметтік – экономикалық дамуы.

  29. Ерте өрлеу және Италиядағы гуманизм. Тарихнамадағы өркендеу мен гуманизм мәселесі. Гуманисттік идеологияның туындауының алғы шарттары мен себептері.

  30. ХІІІ – ХҮ ғ.ғ. Француз шаруаларының жағдайы және Жакерия. Сервтердің жағдайы.


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Европадағы халықаралық қатынастар. Өндіргіш күштердің дамуы мен капиталистік қатынастардың туындауы.

  2. Капиталдың алғашқы қорлану процесі. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Батыс Европадағы халықаралық қатынастардың дамуы және оның сипаты. Халықаралық байланыстың өріс алуы. Шығыстың батысқа ықпалы. ХІҮ – ХҮ ғ.ғ. халықаралық аренадағы күштердің ара салмағының өзгеруі.

  3. ХІІІ – ХІҮ ғ.ғ. Ағылшын шаруалары және Уот Тайлер көтерілісі. себептері, кезеңдері. Көтерілісшілердің бағдарламалары. Көтерілістің сәтсіздікке ұшырауының себептері. Уот Тайлер көтерілісінің тарихи маңызы.

  4. Абсолютизм түсінігі. Абсолюттік монархияның таптық мәні.

  5. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. Батыс Европа елдерінде абсолюттік монархиялардың қалыптасуы.

  6. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. Англия. Англияның экономикалық дамуы. Капиталистік мануфактураның таралуы. Тюдорлардың саясаты.

  7. Ағылшын абсолютизмі, оның ерекшеліктері.

  8. Роберт Кет көтерілісі.

  9. Ұлы географиялық ашулар мен отарлық жүйесінің пайда болуы. Магеллан дүниежүзін айналып шығуы. Испандықтармен португалдықтардың дүниежүзін басып алуы. Ұлы географиялық ашулардың алғы шарттары Христофор Колумб және оның Американы ашуы.

  10. ХҮІ ғ. аяғы мен – ХҮІІ ғ.б. Германиядағы Реформация. Лютер, Мюнцер ілімдері. Реформация туралы түсінік.

  11. Швейцариядағы реформация және Европадағы контрреформация. Швейцар реформациясының алғышарттары. Цвингли, Кальвин ілімі. Контрреформация себептері.

  12. ХҮІ ғ. Англиядағы қоршау, себептері және кезеңдері,барысы, қортындылары. Англиядағы Реформация.

  13. ХҮІ ғ. Нидерландыдағы буржуазиялық ревалюция. Революцияның себептері. Құрама провинциялар республикасының құрылуы.

  14. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. І жартысындағы Италия.. Италияның саяси, әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік мәдени дамуы. Қайта өрлеу кезеңі. Гуманисттер.

  15. Германиядағы шаруалар соғысы, себептері, кезеңдері, барысы, жеңілу себептері. Соғыстың тарихи маңызы.

  16. ХҮІ-ХҮІІ ғ. Испания Испанияның әлеуметік-экономикалық және саяси дамуы. Мануфактураның дамуы. Коммунерос қозғалысы. ІІ Филипп саясаты. Испан абсолютизмінің ерекшеліктері.

  17. ХҮІ ғ. Нидерланды буржуазиялық революциясы. Алғышарттары мен себептері, кезеңдері, барысы, қозғаушы күштері. тарихи маңызы.

  18. Орта ғасырлардағы Европа мәдениеті

  19. ХҮІ – ХҮІІ ғ.ғ. І жартысындағы Франция. Францияның саяси, әлеуметтік – мәдени дамуы. Ришельенің саяси өсиеті.

  20. ХҮІ ғ. және ХҮІІ ғ. б. ж. Польша. Польшаның саяси, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік - мәдени дамуы.

  21. Франциядағы гугенот соғыстарының және феодалдық қайшылықтардың салдары.

  22. Үкметтің феодалдық ақсүйектермен күресу шаралары және мемлекетті одан әрі орталықтандыру саясаты.

  23. Абсолюттік монархияның әлеуметтік мәні және тарихи ролі.

  24. ХҮІ және ХҮІІ ғ. І жартысындағы халықаралық қатынастар.

  25. ХҮІ ғ. халықаралық қатынастардың сипаты. Италияндық соғыстар. Европадағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі.

  26. ХҮ – ХҮІІ ғ.ғ. І жартысындағы Европаның саяси картасы.

  27. ХҮІ – ХҮІІ ғ. Европа мемлекеттерінің сыртқы саясятының негізгі бағыттар. Европада Италияның сыртқы саяси басымдылық кезеңі.

  28. Отыз жылдық соғыстың себептері, алғы шарттары. Отыз жылдық соғыстың барысы, кезеңдері. Әскери қимылдар театры. Соғыстың аяқталуы, тарихи маңызы.

  29. Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетімен Батыс өркениетін салыстыру.

  30. Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.



Емтиханға дайындық сұрақтары.

1. Европа елдерінде феодалдық қатынастардың қалыптасуы мен ерте феодалдық мемлекеттердің құрылуы.

2. Варварлық тайпалар туралы үлкен мәлімет беретін дерек

3. Парламент –

4. Поместьенің негізгі бөлігіне мыналардың қайсысы жатады:

5. Христиан шіркеуі жерді қандай жолдармен алды ?

6. Феод дегеніміз-

7. Феодалдық бытыраңқылықтың басты себебі:

8. Иммунитет дегеніміз

9. Еретиктер дегеніміз –

10. Верден шарты-

11. Ұлы Карлге императорлық атақ қашан берілді?

12. Ұлы Карлге императорлық атақты кім берді?

13. Вестгот корольдігі қайда пайда болды

14. Король билігінің тайпа көсемінің билігінен айырмашылығы неде ?

15. Франк мемлекетіндегі бенефициалдық реформаның мәні –

16. Англиядағы виландар дегеніміз –

17. Вотчина дегеніміз –

18. Госпиттар қандай шаруалар категориясы

19. «Шаруа феодал жерінде жұмыс жасап, өз еңбегімен тапқан өнімін қожайынга беруге тиіс» бұл үзімдіден қай рентаның түрін байқауға болады?

20. Вандал королдығы қай жерде пайда болды

21. «Ника» көтерілісі қашан болды

22. Германиядағы Саксон династиясының билігінің негізін кім салды

23. Хғ. неміс феодалдарының Шығысқа жорығының мақсаты неде болды

24. 841-842жж. Саксониядағы шаруалар көтерілісі қалай аталды

25. Хғ. Германияны біріктіру процесін неліктен Саксон герцогтары жүзеге

асырды

26. Корольдік банн дегеніміз-



27. Германияда Хғ. Шіркеу саясатын жүргізген кім

28. Саксон династиясы корольдері жүргізген Шіркеу саясатының мақсаты

29. Апорлар дегеніміз кімдер

30. Англиядағы дат қысымшылығын тоқтатқан король

31. Фолкленд дегеніміз

32. Италиядағы мәңгілік мұрагерлік аренда қалай аталды

33. Ерте орта ғасырлардағы Италян деревнясының басты ерекшелігі

34. Англиядағы корольдік жер сйлығы қалай аталды

35. Англо-сакс корольдіктері қай ғасырда бір ерте феодалдық мемлекетке бірікті

36. Англо-сакс корльдіктерін біртұтас мемлекетке біріктірген король

37. 300 жыл бойы сыртқы шапқыншылық аренасына айналған ел

38. ҮІІІғ. ірі араб мемлекеті қай Европалық мемлекеттің территориясында құрылды

39. Франк мемлекетінде бенефициалдық реформаны кім жүргізді.

40. Испан халқының араб-маврларға қарсы азаттық күресі қашан басталды

41. Индульгенцияны сатуды айыптап, папаны ең басты парақор деп атап, халықты елден шетелдіктерді қууға және католик шіркеуінің байлығын алуға шақырған кім ?

42. 4-ші Крест жорығын ұйымдастырған және Константинопольді тонаған кім

43. Қалалықтардың феодалдармен күресі қалай аталды ?

44. Уот Тайлер көтерілісінің жеңілуінің себебі:

45. Гильдия-

46. Сословиелік монархия-

47. Дамыған орта ғасырдағы қалалардың шаруашылық-экономикалық негізі:

48. Католик шіркеуінің жазалау ұйымы, арнайы трибунал, шіркеу соты қалай аталды?

49. Крест жорығының ең басты себебі-

50. Жүз жылдық соғыстың ең басты себебі

51. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуына әсер еткен басты себеп:

52. Мыналардың қайсысы одақтастар

53. 1429 ж. -

54. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы қабылданған жыл

55. Жүз жылдық соғыс қай жылы бітті?

56. Орта ғасырда болған мына көтерілістердің ішінде қайсысы 1380ж. болды

57. Артығын алып таста:

58. «Утопия» кімнің шығармасы?

59. ХІҮ Людовик тұрғызған Франциядағы атақты архитектуралық

ескерткіш.


60. Ағылшын парламенті қашан құрылды

61. Францияда Бас Штаттар қай кезде құрылды

62. Жүз жылдық соғыстың болған уақыты

63. Жүз жылдық соғыс кімдердің арасында болды

64. Реконкиста дегеніміз

65. 337ж. Бас Штаттар жариялаған реформалар жүйесі қалай аталды

66. Коммунерос қозғалысы дегеніміз –

67. Проний дегеніміз не

68. Вормск конкордаты қашан қабылданды

69. Вормск конкардаты не ушін қабылданды

70. 1265ж. қандай оқиға болды

71. 1380ж. қандай оқиға болды

72. Франциядағы корольдік округтар қалай аталды

73. ХІ Людовик –

74. Францияда Валуа династиясының билігі қашан басталды

75. Испан рыцарлары қалай аталды

76. Біріккен Испан мемлекеті кімнің тұсында құрылды

78. «Берекесіз Герцогиня» кімнің шығармасы

79. ХҮғ. Англияда қалыптасқан «жаңа дворяндар» қалай аталды

80. 1356ж. қабылданған «Алтын булла» заңының мәні

81. Отыз жылдық соғысың неше кезеңі болды?

82. Кальвинизм пайда болған Европа елі:

83. Испаниямен күресте 7 солтүстік провинцияның біріккен одағы қандай

келісім бойынша жүзеге асты?

84. Испания мен Франция арасындағы 1494-1559 жж. болған соғыс қандай

бітіммен аяқталды?

85. Бага революциясының пайда болуына не әсер етті?

86.«Дүниежүзілік империя» құру мақсатын ұстап, Испанияға армия үшін финанс қаражаты мен адам континенті қажет деп есептеп салықты күшейткен, 1519 ж. император титулын сатып алған кім?

87. Германияда шаруалар соғысы кең етек алған, өздерінің табанды талаптарын қоя білген қай аудан?

88. Англияда реформация қалай аталды?

89. Роберт Кет бастаған шаруалар көтерілісі қашак болды?

90. «Тезис хаттар» кімнің шығармасы?

91. «Жеңілмейтін Армаданы» ағылшындардың талқандаған жылы:

92. Англияда 45 жыл билік құрған королева

93. Жаулап алынып және жекешілігін жойған елдер қалай аталады?

94. Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесіндегі әлемдік сауда орталығы:

95. Түрік османдардың Европаға бастап кіруі

96. Като-Камбризи бітімімен аяқталған соғыс кімдердің арасында болды

97. 1559 ж. Римде папа бұйрығымен католиктерге оқуға тиым салынған кітаптар тізімі қалай аталады?

98. Соғыс барысында бұл мемлекет өзінің ұлттық тәуелсіздігін жоғалтып, империяның вассалына айналып, толықтай империя құрамына еніп, езгіге түсті. «Отыз жылдық соғыс барысындағы қай елдің тағдыры туралы айтылған ?»

99.Ұлы геграфиялық ашылулардың себептері:

100. Нидерланды буржуазиялық революциясы мен азаттық соғыс неден басталды?

101 Европаның көптеген елдерін шарпыған «бағалар революциясы» қай уақытта болды?

102. Англияның шұға өнеркәсібінің дамуына не әсер етті

103. Англиядағы жалдамалық халықтың қандай тобынан пайда болды?

104. «Сикстен Мадоннасы» кімнің шығармалары?

105. Лютерандық ұйымы қай кезде пайда болды?

106. Мануфактура дегеніміз не?

107. Абсолюттік монархия неге сүйенеді?

108. Герман реформациясындағы халықтық бағыттың өкілі кім?

109. ХҮІ ғ. реформация барысында пайда болған хрестиандықтың бағыты:

110. Қосымша құнның көзі неде?

111. Адамға деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа негізделген дүниетаным қалай аталады?

112. ХҮІ ғ. Германия дамуы жолын көрсетуші 2 тенденция:

113. Вормск конкордаты қай елдердің арасында жасалған

114. Англияда 1485 ж. билігін бастаған Теодорлар әулеті қай уақытқа дейін болды?

115. Реформация-

116. «Алтын буллаға» қол қойған кім?

117. Италияның өркендеуінің астанасы:

118. Кәсіпкер- көпес өндіріс процесіне араласып, тар мамандықтағы қолөнершілердің үлкен тобын өзіне бағындырып, әлсіз өндірушілерге мардымсыз жалақы төлемейтін мануфактураның түрі қандай?

119. 1542 ж. папа құрған ерекше инквизиция қалай аталды?

120. Нидерландия буржуазиялық революциясындағы көтерілісшілер қалай аталады?

121. Француз абсолютизмінің негізгі ерекшелігі?

122. Капиталдың қорлануының бір жағы:

123. «Халық дегеніміз-қашыр. Ол ауыр жұмысқа үйренген жандар. Жұмыс істегеннен гөрі ұзақ демалғаннан бұзылады. Сондықтан да қашырдың жүгі онан күшіне қарай болуға тиіс»- дегенді кім айтқан?

124. Отыз жылдық соғысты туғызған қандай себеп:

125. Франциядағы гугеноттық соғыс қай кезеңде болды?

126. Испаниямен сауда-финанс байланыстарын орнатқан Италияның ХҮІ ғ.

ең ірі банк орталығы:

127. Англиядағы сыртқы экспорттың 80% құраған товар түрі:

128. Ричард Ченслер Москва компаниясын қашан құрды?

129. Алькабала дегеніміз не?

130. Француздардың Италиядағы қауіпті бақталастары қай ел болды?

131. Көпес, байып алған қолөнерші, немесе цехтік шебер үлкен мастерской құрып, қажетті құрал-саймандарды, шикізатты өзі сатып, жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанау арқылы дамитын мануфактура мануфактураның қандай түріне жатады?

132. Германиядағы шаруалар соғысы неше ауданды қамтыды?

133. Германиядағы шаруалар мен кедейлердің көтерілісінің алдындағы

міндеттер қандай?

134. Нидерланды буржуазиялық революциясы неше кезеңге бөлінеді?

135. Абсолютизм дегеніміз не?

136. Капиталдың пайда болуының тарихи алғышарты қандай?

137. Лютерге қарағанда «арзан шіркеу» идеясын не ғұрлым табанды түрде

жақтаған Швейцариядағы реформатор:

138. Жер шарын алғашқы рет айналған саяхат жылдары

139. Франциядағы азамат соғысы дегеніңіз не?

140. Төмендегі анықтаманың қайссысы «секуляризация» ұғымына сәйкес

келеді


141. Ришельенің басқарған жылдары:

142. Францияны ХІІІ Людовик қай жылдары басқарды?

143. Вестфаль бітімінің жасалуы қай соғыстың аяқталуын көрсетеді?

144. Испаниядағы товар сатудың 10% проценттік салығы қалай аталды

145. ХУғ. Ұлы географиялық ашулардың басталуында Христофор Колумб экспедициясын қаржыландырған қай ел

146. Нидерланд буржуазиялық революциясы қашан болды

147. Франциядағы азамат соғысының 1585-1589жж. кезеңінің шарықтау шегі қалай аталды

148. Тарихта «Варфоломей түні» деп аталған қандай оқиға

149. «95 тезис» кімнің шығармасы

150. Ағылшын абсолютизмінің ең шарықтау шегі қай король кезінде болды


12. www.window.edu.ru.

www.portal-slovo.ru.

www.switchelca.front.ru.

www.old.portal-slovo.ru.

www.bankknig.com.

www.ozon.ru.

www.shop.top-kniga.ru.

www.school.itop7.com

www.lesson-history.narod.ru

www.infobank.kz
13. ЖОҚ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет