2.3 Кірспе Курс мақсаты: Құқықтық білім беру әдістемесі пәнін оқыту мақсаты студенттерге құқықтық білім беру және тәрбиелеу формаларын,әдістерін меңгертіп,қажетті іскерлік пен дағдылар қалыптастыру.
Курс міндеті:
Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп, студенттерді кейінгі кәсіби қызметіне қажетті білім, іскерлік, дағдылармен қаруландыру;
Студенттердің уақытын ескере отырып, олардың өзіңдік жеке оқу жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды жақсарту;
Оқу және зерттеу процесінің байланысын күшейту студентердің шығармашылық қабілетін белсендіру;
Теориялық білімдерді белсенді практикада пайдалануға жүйелеу
Курс пререквизиті:курсты меңгеру үшін студенттің оқыту және тәрбие теориясы туралы алғашқы түсінігі болуы тиіс.
Курс постреквизиті: курсты оқу нәтижесінде студенттер төмендегілерді меңгеруі керек:
- Құқық негіздері пәні бойынша қажетті оқыту теориясы,сабақ түрлерімен,оқыту әдістерімен кеңірек танысады.
Құқықтық тәрбие формалары мен әдістері жөнінде кеңірек мағлұмат алып, білімін мектепте қолдануға үйренеді.