Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы


Тақырыбы: 1.Кіріспе. 2.Саясаттану- ғылым



бет4/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Тақырыбы: 1.Кіріспе.

2.Саясаттану- ғылым

1. Саясаттануды ғылымға қатаң негіздеген, әсіресе тәжірибелік (эмперикалық) әдіс – тәсілге сүйенген, нәтижсін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінетін ғалымдар.

а) социологтар

ә) бихевиеористер

б) практиктер

в) философтар

2. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән – мағынасын түсініп білу үшін неше әдістерден пайдаланады.

а) 5


ә) 6

б) 4


в)3

3. Саясаттанудың атқаратын қызметтері (функциялары).

а) 6

ә) 7


б) 5

в) 4


4. Саясаттану ғылымы саясаттың нше жағын қарастырады.

а) 2


ә) 3

б) 4


в) 5

5. Саясаттану ең алдымен қандай ғылыммен тығыз байланысты.

а) психологиямен

ә) философиямен

б) тарихпен

в) социологиямен

6. Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим философы.

а) Монтеске

ә) Гоббс

б) Цицирон

в) Руссо

7. Саясаттану қандай ғылымдармен тығыз байланысты?

а) Математикамен

ә) техникалық ғылымдармен.

б) өнермен.

в) қоғамдық ғылымдармен

8. "Саясат" еңбегiнiң авторы?

а) Сократ.

ә) Платон.

б) Аристотель .

в) Цицерон.

9. Адамды “саяси жануар” деп атаған көне грек ойшылы

а) Платон.

ә) Аристотель.

б) Сократ.

в) Элейлік Зенон.

10. Саясаттану ұғымы қай тiлден алынған?

а) орыс.


ә) грек.

б) парсы.

в) француз.

11. Саясаттанудың негiзiн қалаушы данышпан ғалым:

а) Ф.Аквинский.

ә) Сократ.

б) К.Маркс.

в) Аристотель .

12. Аристотельдiң саяси ғылым ретiнде жазған еңбегi:

а) "партия".

ә) "саясат" .

б) "қоғам және мемлекет".

в) "үкiмет туралы үзiндiлер".

13. Көне Үндістанда саяси билік қай варнаның үлесінде болды?

а) брахмандардың.

ә) вайшьялардың.

б) кшатрилердің.

в) будда сопыларының.

14. Аристотельдiң саяси ғылым ретiнде жазған еңбегi:

а) "саясат" .

ә) "партия".

б) "қоғам және мемлекет".

в) "үкiмет туралы үзiндiлер".

15. Саясаттану (политология) сөзі қай тілден алынған?

а) неміс


ә) латын

б) грек

в) Француз

16. Саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну қашан пайда болды?

а) Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың басында.

ә) Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында

б) Б.з.б. бірінші мыңжылдықтың соңында.

в) Б.з. I ғасырында.

17. Саясаттанудың негізін қалаушы деп кімді есептейді?

а) Платон

ә) Сократ

б) Аристотель

в) Конфуции

18. "Саясат", "(Политика)" деген еңбектің авторы:

а) Платон

ә) Сократ

б) Аристотель

в) Конфуции

19. Ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесі қандай еңбекте зерттелген?

а) Саяси ой

ә) Саяси білім

б) Саясат

в) Мемлекет жүйесі
20. Саясаттану ең алдымен қандай ғылыммен тығыз байланысты?

а) Тарихпен

ә) Психологиямен

б) Саясаттанумен

в) Философиямен

21. Қоғамның өзін-өзі саналы түрде реттеуінің құралы

а) заң

ә) психология

б) саясат

в) арнайы жарлықтар



2- апта. 4,0 балл

3.Тақырыбы: Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.

1.Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, досизм, легизм).

2.Каутиль Маккиавелизмнің негізі.

3.Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон).

4.Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл- Фараби, Ганджеви, Низами. Әлішер Науаи) .

5.Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер).

6.Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н. Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).

7.Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо).

8.Т. Джефферсон мен А. Гамильтонның саяси көзқарастары.

9.ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік- саяси идеялар мен ағымдар: либерализм , консерватизм, марксизм.

10.ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой- пікірлер (В. Парето, Д. Истон, Т.Алмонд, М. Дюверже және т.б.).
Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.

Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің

бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”,

“Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.Мемлекет пен заңдарға деген

мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.


  1. Мемлекеттің дұрыс формасы-- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдігі/, олигархия /азғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдігі/,

демократия /көпшілік билігі/, тирания /бір адам билігі/.

Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы

қояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс;

1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде

жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде

дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы


  1. адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір

  2. сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”

“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып,

мемлеект- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлеектке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да

мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.

Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға

қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді.

Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім

қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң

болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың

қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің

әрі қарай дамуына жағдай жасады.
Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саси ойлар.

Саяси ілімдер тарихында орта ғасырлар ойшылдарының еңбектері мен

идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен

тығыз байланысты.Әрі олардың саяси тұжырымдары діни сипатта болды.

Солардың бірі, Аврелий Августин (354-430 ж.ж. )Христиан философиясының

негізгі қағидаларын дәріптеп уағыздаған.Ол “Құдай қала” туралы атты еңбегінде саяси ой-пікірлерін білдірді.А.Августин барлық әлеуметтік,мемлекеттік,құқықтық

ұйымдармен заңдар адам күнәсінің нәтижесі деп санады.Себебі оның ойынша адамдарға баста екі жолмен өмір сүруге мүмкіндік берілген. Бірі құдай жолымен

екіншісі адам жолымен. Біріншіні қалағандар құдаймен мәңгілік патшалық құрып

бақытты өмір сүрсе, екіншілер жын-шайтандармен бірігіп азапқа түседі.

Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) “Құдайшылдықтың жиынтығы деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын

жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға

сүйенеді деп есептеген.

ХV-ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада “қайта өрлеу дәуірі” деген атқа ие.

Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойының жарқын жұлдызының бірі италиандық

Н.Макиавелли /1469-1527ж.ж/ болып табылады.Оның “Патша” /1513ж./, “Тита Ливлийдің бірінші декадасы туралы ой толғаныстар” /1519ж./, “Флоренция тарихы” /1532ж./ т.б. Атты құнды еңбектері бар. Н. Макиавеллидің саяси ілім

тарихы дамуына қосқан үлестері;

1.схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негізін салды;

2.саясаттану ғылымының негізін салды;

3.феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып , Италияда бір орталықтанған,

тұтас монархияның абсалюттік формасын қалыптастыру үшін күресті;



      1. “мемлекет” және “республика” ұғымдарын енгізіп, оларға қазіргі заманғы

мән берді;

    1. папалық тақ пен шіркеуді әшкереледі;

    2. “мақсат әрбір тәсілді ақтайды” қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырады.

Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.

Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік,

олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді

қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы.

Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге итермеледі.Бұл мемлекет шығуының

қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік,

атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу.

Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, мемлекет формасы мен билігі” , “Азамат жөнінде “, “Дене туралы” , “Адам туралы”.

Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты

ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы

туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны

қолдайды.

Б. Спиноза /1632-1677 ж.ж/ голландиялық философ-материалис. “Этик, геометриялық тәртіпте дәлелденген”, “Діни -саяси толғау”, “Декарт философиясының қағидалары” атты еңбектердің авторы.

Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келісім теориясын жақтады, бірақ оны өзінше түсіндірді. Мемлеект пен заңдарға деген қажеттілік табиғи себептерге негізделген- құмарлық пен ақыл -ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсіз әрі күшті, бірақ көпшілік

адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Міне осылар құқық пен мемлекет

қажеттілігін тудырады. “Егер адамдар табиғатынан ақиқат, санасы көрсетіп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет етпеген

болар еді. Бірақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбір адам өз пайдасына, табысына ұмтылады, әрі көпшілік ақыл-ойға емес, қызығушылығын ұстап тұра алмайды”.

Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сеніп тапсырылмайды,онда олар табиғатының әлсіз жағын қанағаттандырумен айналысып кетеді. Заң көпшілік жиынымен қабылдануы тиіс.Ең саналы,әрі күшті, берік мемлеект республика,

әсіресе демократиялық. Ол абсалютті монархияны сынады. Спиноза монархияны

өкілдік мекеме басқаруы арқылы шектеу мүмкіндігін айтты. Деиократия еррекшелігі билік пен заңдар халыққа қарсы емес, оның бостандығын шектемейді және әркімге берген еркіндікті қамтамасыз етеді деп санаған.




    1. ХIХ ғасырдағы саяси ілімдер мен бағыттар.

ХIХ ғасырдағы Батыс Европадағы қоғамдық- саяси өмір бұржуазиялық

тәртіптің әрі қарай бекуімен ерекшеленеді. ХVIIIғасырдың соңында Франциядағы буржуазиялық революция Европада капитализмнің күшті дамуына жол ашты.Бұл капиталистік құрылыс өз идиологиясы либерализмді қалыптастырды. Ол ХIХ ғасырдағы ең ықпалды саяси ағым болды. Оны жақтаушылар әртүрлі қоғамдық топтардан шықты. Бірақ негізгі әлеуметтік базасы кәсіпкерлер,шенеуніктер,университет профессорлары, ерікті мамандық иелері болды.

Либерализм ағымы екі негізгі тезистерден қалыптастырады:

1. жеке бостандық; әрбір индивид пен жеке меншік бостандығы.

2. жеке адамның шығармашылық деңгейін дамытушы ғана емес, сонымен бірге қоғам көркеюін, мемлекет дамуын қамтамасыз етуші құндылықтарды өндіру.
Ағылшын либерализмі.Ағылшын либерализмінің көрнекті өкілі И.Бентам /1748-1832 ж.ж./ утилитаризм теориясының негізін салушы. Негізгі элементтері: “Үкімет туралы үзінділер”, “Деонтология немесе мораль туралы ғылым”, “Заң қағидалары”. И.Бентам либерализмінің ең негізгісі- индивид бостандығы туралы ереже.

И.Бентам қоғам мен мемлекет қоғамдық келсім негізінде пайда болады деген идеяны сынады.Мемлекеттік билік ұйымдары туралы мәселеде ол демократиялық бағытта болды.Ол монархия мен мұрагерлік аристократияны жақтамады, мемлеекттік құрылыстың республикалық формасын қолдады.Биліктің үш тармағы—заңшығарушы,атқарушы,сотбилігі болу керек деп есептеді.Бірақ олар бір-біріне тәуелсіз болуы керек дегенмен келіспеді.Демократиялық республикалық құрылысты жақтаған И.Бентам Англияға бір палаталы парламеттік жүйені енгізіп,лордтар палатасын жою керек деп санаған. Демократия тек қана мемлекеттік билікте ғана жүргізілмесе, ол бүкіл саяси жүйені қамтуы керек, ол үшін сайлау құқығын кеңейтуді ұсынды.



Дж. Милль /1806-1873 ж.ж./ либералды-демократиялық идеяны әрі қарай дамытушы.Оның негізгі еңбектері: “Бостандық туралы”, “Өкілдік басқару”, “Саяси экономика негіздері”. Ол И.Бентам утилитаризм идеясының жақтаушысы болды, бірақ кейін одан бас тартты. Өйткені ол барлық нәрсені экономикалық пайдамен өлшеуге болмайды деп есептеді.
Француз либерализмі. Жаңа буржуазиялық қатынастың идеялық негізін салушы дарынды ойшылдар қалыптасты.Оларға Б.Констан мен А.Токвиль жатады.

Б. Констан /1767-1830 ж.ж/ оны зерттеушілер либерализмнің рухани әкесі деп есептейді. Б. Констан саяси ілімінің негізгі көзі – жеке бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі проблемасы. Мұнда бостандық дегеніміз антикалық дәуірдегі бостандықтан ерекше болады. Б.Констан үшін адамның материялдық және рухани автономисы, оны заңның сенімді қорғауы бірінші кезекте тұрады.Оның ілімі бойынша бұл құндылықтарға мемлекет құрылысы мен мақсаты тәуелді болуы керек.

А.Токвиль /1805-1859 ж.ж/ “Америкадағы демократия туралы”, “Ескі тәртіп және революция” атты еңбектерінде демократияның практикалық аспектілерін зерттеді.Оның пікірі бойынща демократия “теңдік” және “бостандық” құндылықтарымен тығыз байланыста ғана мүмкін.Демократия үшін шексіз орталықтанған биліктің қажеті жоқ.

Марксизм класиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған,дегенмен әлеуметтік -экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшінең маңызды болған құндылықтар “теңдік” , еркіндік”, “әділеттік”,”еңбек” жалпыадамзаттың негізгі құндылықтардың қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қателік болғанын тарих дәлелдеді.К.Маркс /1818-1883 ж.ж./ пен Ф.Энгельс /1820-1895 ж.ж./ капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.

В.Парето /1848-19”32 ж.ж./ саяси ілімінің негізгі идеялары-саяси элита теориясы мен билік құрылымы туралы. ”Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита ұғымын саяси ілімінге енгізген.Саяси өмір дегенімізэлиталар арасында күрес және олардың орын алмасуы.Билікке қолы жеткен соң, олар күресті де тоқтатады,өз табыстарына қанағаттанып тынышталады.Сөйтіп өз ізденістері, шығармашылығын жоғалтады.Осы жағдайда жаңа бір күш-қуатты элита өмірге келеді, сөйтіп,билік басындағы элитанықұрту үшін бар жігерін салады. Бірақ оларда оңай кетпейді,бұл елде төңкеріс,революцияға алып келеді.Бұл қоғам үшін пайдалы. Оның ойынша қоғам дамуыәлиталар алмасуы арқылы жүреді.

Г.Моска /1858-1941 ж.ж./ “Саяси ілімінің негіздері” деген еңбегінде сасат дегеніміз екіь қарама-қарсы топтың үстемдік жүргізуші элитаның және бағынышты көпшіліктің күресі төңірегінде болатын жағдайлар.Ол демократияны жақтамады.Демократия дегеніміз көпіре сөйлеушілердің билікке жету үшін саясаттан хабары шамалы көпшіліктің өз қулықтарына пайдалануы.

Р.Михельс /1876-1936ж.ж./ саяси партия консепциясының негізін салушы.Демократия дегеніміз ұйымдарсыз, басқару аппаратынсыз және кәсіпқой жетекшісіз мүмкін еместігі партия қызметкерлеріне қызмет орны мен артықшылықтарды бекітіп береді, сөйтіп партиялық көпшіліктен оларды ажырытады деп санады.

М.Вебер /1864-1920ж.ж./ немістің көрнекті ойшылы, сасаттанушы ғалым.Оның саяси ілімінің негізгі идеясы—плюрализм Оның зерттеуінің негізгі мақсаты-қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материялдық және идеологиялық мүдделерін , діни көзқарастарының мәнін ашу. Дін капитализмге қажет белсенді күш деп есептеді. Сонымен бірге, ол қоғамның таптық құрылымына,таптық шиеленіске, билік қатынасына ерекше көңіл бөлді.

4.Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының тарихы.

1.Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен даму.

2.Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор - қазақ халқының саяси ой- пікірлерінің қайнар көзі.

3.Тәуке хан заңдары.

4.“Жеті жарғы” - маңызды саяси- құқықтық құжат.

5.ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев).




  1. Теориялық мәліметтер:

1.Абай Құнанбаев (1845-1904ж.) қазақ тарихындағы ұлы тұлға, оның өмірі мен шығармашылық қызметі халқымызды мәдениеті мен ой- санасының, саяси көзқарасының дамуындағы жаңа бетбұрыс, биік белес болды.Ол өзінің поэтикалық және басқа шығармаларында ру- феодалдық өмірдің көлеңкелі жақтарын сынға алды, оларды айыптады. Қазақ халқын оқып білім алуға, еңбек етіп, қайыршылық өмірден, қараңғы-лықтан, құлшылық бағынушылықтан, рушылдық жанжалдардан құты-луға шақырды. Абай шығармалары халқымыздың ұлттық, адамгершілік, азаматтық санасын қайрады. Ол өзінің қара сөздерінде халықтың халықтың тарихы мен озық салт- дәстүрлерін кеңінен таратып, әділдік, адамгершілік, билік білімділік, парасаттылық жайында ұрпағына мәңгі сабақ боларлық нақыл сөздер қалдырды. Мәселен, Абай билік туралы «Бас- басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің» дейді. Ұлы ойшыл өзінше «Би ережелерін» тұжырымдайды. Онда биліктің әділ, халық мүддесіне сай, әйелдің, баланың құқын сақтау, мүлік дауын дұрыс шешу сияқты қазақ арасындағы өзекті мәселелер қозғалады. Бір сөзбен айтқанда Би ережелері жайындағы пікірлерін Жеті Жарғының жалғасы, сонымен өзектес ойлар деп айтуға болады.

Абай Құнанбаевтың идеялары адам үшін оның өмірін жақсарту, бостандығы мен ақыл- парасатын биіктете беру арқылы халқына қызмет етудің ең жоғары көрінісі болып табылады.

2. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық даму моделінің өзгеруі қоғамдық- саяси ойдың дамуына, халықтың ой- санасына түбегейлі өзгеріс туғызды, жаңа серпін берді. Тоталитарлық жүйенің уысында, шектеуінде ұзақ болған Қазақстан жұтшылығы елдің тарихы мен қазақ халқының озық ойлы өкілдерінің қоғамдық- саяси пікірлерімен жеткілікті таныса алмай келді. Олар большевиктік «цензура» дегеннің қара сандығында тығулы жатты.

Еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет болғаннан кейін 90- жылдары Қазақстан жұртшылығы, өзінің тарихына ерекше ынта қойды.

Осы ғасырдың 30-шы жылдары тоталитарлық жүйе заңсыз, жазықсыз айыптап, жойып жіберген қазақ интеллегенциясының өкілдері Ә.Бөкейханов (1866-1937ж.),А.Байтұрсынов (1873-1938ж), М. Тынышбаев (1879-1937ж), С. Асфендиаров (1889-1938ж), С. Сейфуллин (1884-1938ж), Т. Рысқұлов (1895-19942) және басқалар қазақ халқының болашағы, тағдыры, мемлекеттігін қалпына келтіру жөнінде салиқалы қоғамдық- саяси пікірлер айтты, өз жоспарларын жүзеге асыру жолында барлық кедергілерге, қауіп- қатерге қарамай күресті.

Алаш партиясының көсемдері Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев және басқалар қазақтың тәуелсіз дербес мемлекетін құрудың жан- жақты жоспарларын жасап ұсынды. Олар Қазақстанда парламенттік- президенттік автономиялы республика құруды, Қазақстанда барлық ұлттар азаматтарының тең құқықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.Осы идеяға негізделген Алашорда бағдарламасында: Россия демократиялық федерациялық Республика ( демократиялық өкімет, федерация- ұсақ мемлекеттердің одағы) болуға тиіс. Федерацияға кірген әрбір мемлекет өзін-өзі басқаруға, олардың құқықтары бірдей болуға тиіс,- деп жазылған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым С. Асфендияровтың да саяси пікірлері қазақ мемлекеттігін құру идеяларымен қабысып жатыр. Ол өзінің «Қазақстан тарихы», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс» деген еңбектерінде көлемді тарихи материалдарды қорыта отырып, Қазақстанның қоғамдық- саяси дамуына терең сипаттама береді.

Ғұлама ғалым, қазақ әәдебиетінің классигі М. Әуезовтың (1897-1961) көркем шығармалары мен публицистік туындыларында да республи-камыздағы қоғамдық құбылыстар мен процестерге жан- жақты талдау жасалған. Оның «Абай жолы» роман- эпопеясында қазақ қоғамы тарихының, әлеуметтік- экономикалық, саяси өмірінің көп қырлы картинасы берілген. Ұлы жазушыны өзінің саяси көзқарасы туған халқының болашақ тағдырын ойлап, айтқан қоғамдық- саяси пікірлері үшін тоталитарлық жүйе қудалады. Бірақ ұлы жазушыны өз бағытынан, халқын сүйген ұлтжандылығынан тайдыра алмады. Ол туған халқының өткен өмірін де, бүгінгі өмірін де ерекше ыстық сүйіспеншілік сезіммен жырлап, жазып, күресіп дүниеден өтті.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың (1912-1993ж). идеяларымен пайымдауларының да ел өмірі үшін қоғамдық маңызы бар. Ол « Ақиқаттан аттауға болмайды» деген естелік кітабында өзінің кеңес дәуіріндегі қоғамдық-саяси өмірге деген көзқарасын, бағасын береді. Мұны Кеңес дәуіріндегі Ұлттық саяси элитаның пайымдауы деп қарауымыз керек.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз егемендік алған жылдар-дың ішінде өзінің қоғамдық – саяси көзқарастарының байсалдылығы-мен, кеңдігімен бүкіл әлемге танылды. Ол « Ғасырлар тоғысын--да»,»Тәуелсіздігіміздің бес жылы» және басқа көптеген еңбектерінде еліміздің мемлекеттігін құрып, нығайта беру, президенттік биліктің қажеттілігін, кәсіби парламентті нығайту жолдарын, егемен еліміздің жарқын болашағын жан- жақты дәлелдеп берді.

Н. Назарбаев қажеттілігін дәлелдеп берген Евразиялық одақ құру идеясы да өміршеңдігін көрсетіп, өзіне жол ашып келеді. Бұл идеяның негізіне ұлттық – мемлекеттік құрылыстың даму процестерін мемлекеттік емес интеграциялық процестердің дамуымен ұштастыру қажеттігі алынған «Теңдікке, еркіндікке және прагматистік мүдделерге негіздел-ген интеграционизм- Евразияның лайықты болашағы міне осы жағдайда ғана дүниежүзілік экономика мен XXI ғасыр саясаты әлемдік әмбебап факторға айнала алады».

90-шы жылдардан бастап республикамыздың ғылыми жұртшылығы, әдебиет пен мәдениет қайраткерлері де Қазақстанның мемлекеттік- саяси, мемлекеттік- құқықтық проблемаларына ден қоя бастады. Жазушы, мемлекет қайраткері Ә. Кекілбаевтің, М. Қозыбаевтың, А. Нысанбаевтың, Е.Арыновтың, И. Тасмағанбетовтың, А. Карповтың және басқалардың еңбектерінде мемлекеттік құрылыстың заңдық, конституциялық негіз-дері, Қазақстанның егемендігінің саяси- әлеуметтік, экономикалық негіз-дері, елімізді, қоғамымызды демократиялық жолмен жаңартып , гүлден-діре берудің, білікті, икемді, күшті заң шығару, атқарушы, сот органдарын қалыптастырып, жетілдіре берудің жолдары жан- жақты сарапқа салынып, талданған.

3. Қазақстандағы бұл процестің өзіндік ерекшеліктері бар. 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бастап Республика-мыз демократияға өтудің шешуші кезеңіне қадам басты, бұрынғы саяси және экономикалық институттарды өзгертті. Осы кезеңде жаңа саяси жүйелер құрылды: жаңа сайлау жүйесі жасалды, президенттік және парламенттік сайлаулар өткізілді, демократиялық саяси институттар жұмыс істеп жаңа саяси элиталар қалыптаса, қоғамда демократиялық процестер мен демократиялық ұйымдар дүниеге келе бастады.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін де оған тоталитарлық жүйеден мұраға қалған көп партиялық жүйенің болмауы сайлаушылардың өз қалауын баламалы жағдайда білдірмеуі, биліктің бір орталыққа шоғырланған автократиялық сипаты оның демократиялық жолға түсуін қиындатып келді.

Тәуелсіз Қазақстанның демократияға өту тәжірибесі оның барлық дәрежедегі сайлауларды уақытында өткізіп тұру, жалпыға бірдей дауыс беру құқын қатаң сақтау жасырын дауыс беру, талапкер жақтардың бәсекесі партиялармен ассоциялардың қатысуы, атқарушы биліктің заң алдында жауапкершілігі сияқты міндетті процедулары бар екенін көрсетеді. Әлі де болса демократиялық плюрализмнің кейбір олқылық-тары байқалады, елдің экономикасы дамып, халықтың саяси белсенді-лігі артқан сайын мемлекеттік биліктің өктемдігі азайып, саяси демократия дамып , күшейе береді.

Кеңес империясы күйрегеннен кейін оның орнына келген тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде президенттік жүйе президенттік лауазымнан кейін пайда болды. Тәуелсіз елдер алдымен өздерінің президентін сайлап алды. Саясаттану ғылымында »Президент» пен «Президенттік жүйе» туралы түсініктердің шегін белгілеп алудың қажеттігі туды.



Президенттік жүйе- бұл экономикалық, әлеуметтік,саяси, халықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жетіліп, өзгеріп отыратын конституциялық институт. Осымен бірге ол ең жоғарғы сайлап қойылатын саяси институттар әрі саяси және қоғамдық құрылым. Президенттік жүйе өз құрамына үкіметті, министрлер мен ведомстваларды, бюрократтық аппаратты қамтитын атқарушы билік жүйесінің биік шыңы әрі көп салалы мемлекетті жүйенің бір бөлігі.

Президенттік жүйе билік институты ретінде президенттік сайлау тәртібін, оның билік басында болу мерзімін, президенттің өкілеттігін, оны орнынан тайдыру (импичмент) процедурасын, президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, сот билігімен қарым- қатынасын қамтиды.

Ал президенттің мемлекеттегі ролі ол мемлекет басшысы болып сайланғанмен мемлекеттің заң жүйесінде белгілеген сипанына қарай Парламенттік немесе Президенттік республика екеніне қарай белгіленеді.

Парламенттің республикада- Президентті мемлекет басшысы ре-тінде парламент сайлайды. Оған жеткілікті шектелген өкілеттік береді. Ол үкіметті тағайындай алмайды.

Президенттік республикада- мемлекеттік басшылықтың негізгі тұтқаларын өз қолында ұстап отырған күшті президент болады. Ол мемлекет басшыларының дәстүрлі қызметі сыртқы қатынастардың жүргізілуімен , мемлекеттердің атынан әрекет жасауымен, заңдарға қол қоюымен, кешірім жасау және т.б. құқықтармен бірге оған ең жоғарғы атқарушы билік тапсырылады. Ол үкіметті құрады және оған басшылық жасайды. Осы арқылы бүкіл мемлекеттік аппаратты басқарады. Барлық мемлекеттік ( сот органдарында ) лауазымдарды тағайындау Президентке байланысты. Президентті халық сайлаған-дықтан ол парламенттен тәуелсіз, оған және осымен бірге заң шығару процесіне ықпал жасай алады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады. Президенттің осы және басқа қызметі мен міндеттері оны мемлекеттігі басты тұлға етіп белгілейді.

Алайда конституциялық құрылыс мемлекет басшысының құқық-тық дәрежесін жоғарыдағы парламенттік және президенттік респуб-ликамен шектелмейді. Осымен бірге басқарудың «аралас» түрі де пайда болды. Бұл басқарудың республикалық түріне жатады, мұнда прзиденттік және парламенттік басқару аралас жүреді.

Президенттік, Парламенттік және аралас республиканың бір- бірінен айырмашылығы ең алдымен мемлекет басшысы Президентті сайлау тәртібіне байланысты болады.

Парламенттік республикада Президент бүкіл халықтың тікелей сайлауында жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мысалы, Францияда, Австрияда, Мексикада Президент осылай сайланады. Кейбір елдерде Президент жанама жолмен, яғни оны өкілдігі бар адамдар сайлайды. Мысалы, АҚШ- та, Индияда Президент осылай сайланады.

Президент кейбір елдерде референдум арқылы сайланады. Мысалы, Сирияда, Египетте Президент осы жолмен сайланады.

Парламенттік және Президенттік республикалардың бір- бірінен екінші өзгешелігі Үкіметті құруда және оның кімге бағынып, кімнің алдында жауапты екенінде.

Парламенттік республикада Үкімет парламенттік негізде қалыптас-тырады да, оны Премьер- Министр басқарады. Үкімет парламент алдында есеп береді, сонымен бірге жеке министр де парламент мүшесі болып табылады. Парламеттік республикада атқарушы үкіметтің өзі іс жүзінде заң шығарушы биліктің жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл екеуінің арасында келіспеушілік өте сирек кездеседі. Мұндай басқарудың артықшылығы осында. Ал бұл жүйенің кемшілігі ретінде партиялық жүйенің , осыған сай парламенттік коалицияның солқыл-дақтығын, осының салдарынан үкіметтің тұрақсыздығын айтуға болады.

Президенттік республикада үкімет парламенттен тыс жолмен құ-растырылды. Оның мүшелерін парламенттің келісімімен Президент тағайындайды және соның алдында жауап береді. Президент үкіметті таратып жібере алады. Төтенше жағдайларда елге Президент басшылық етеді. Президенттік жүйе, парламенттік жүйеге қарағанда елдегі саяси тұрақтылыққа күштірек кепілдік береді. Өйткені ол Конституцияда белгіленген мерзімге сайланады.

1990 жылы 25- наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш демократиялық сайлауы болды . Ал 24- сәуірде оның бірінші сессиясының ашылған күні Қазақ ССР- ның тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды. Сөйтіп республиканың саяси жүйесін қалыптастырудың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың кезеңі басталды.

Бұл үшін жұрт таныған легитимді, күшті, топтастырушы билік қажет болды. Парламентте сайланған Президенттен бүкілхалық сайлаған Пре-зиденттің ролі мен беделі әлдеқайда жоғары болатыны дүниежүзілік тәжірибеден белгілі болғандықтан 1991 жылы 1- желтоқсанда Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,75 пайыз дауыс алды.

Прежиденттік жүйе Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конституцияда белгіленген мемлекет басшысының құқықтары мен міндеттері белгілі белгілі дәрежеде шектеулі болатын, әлі бізде дәстүрлі формадағы президенттік басқару жүйесі жасалды деп айтуға болмайтын еді. Ал Республиканың 1995 жылы қабылдаған Конституциясы еліміз Президентінің мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазым иесі, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі, конституциямыздың, адам және азаматтың құқы мен бостандығы бұзылмайтындығының символы мен кепілі ретіндегі жаңа дәрежесін белгілеп берді.


  1. Бақылау сұрақтары :

  1. Абай Құнанбаевтың әлеуметтік – саяси көзқарасы ?

  2. Қазақ жеріндегі зиялылардың саяси ой- пікірлері?

  3. Алаш партиясының көсемдері?

  4. М. Әуезовтың шығармаларындағы қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы көзқарастары?

  5. Д.А. Қонаевтың идеялары мен пайымдауларының маңызы?

  6. Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық- саяси көзқарастары.

  7. Тәуелсіздіктің нәтижесінде қол жеткен Қазақстандағы мемлекеттік басқару механизмі?

2- апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 3.Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.

4.Қазақстан саяси ойларының тарихы.
1. Христиан дініне көп еңбек сіңірген ғалым.

а) Аквинский

ә) Августин

б) Макиавелли

в) Гроций

2. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах.


а) Макиавелли

ә) Августин

б) Аквинский

в) Гроций

3. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы

а) Гроций

ә) Кампонелло

б) Макиавелли

в) Гоббс

4. Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі. Нидерланд ғалымы.

а) Гоббс

ә) Гроций

б) Августин

в) Аквинский

5. Мемлекет пен құқық туралы ілімді геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысқан ғалым.

а) Гроций

ә)Гоббс

б) Августин



в) Аквинский

6. Әділдік, адамгершілік, билік, білімділік, парасаттылық жайында ұрпағына мәңгі сабақ боларлық нақыл сөздер қалдырған.

а) Ыбырай

ә) Шоқан


б) Абай

в) Шәкәрім

7. Экономикалық, әлеуметтік, саяси, халықаралық жағдайлардың өзгерулеріне байланысты жетіліп, өзгеріп отыратын конституциялық институт.

а) Президенттік жүйе

ә) Парламенттік жүйе

б) Республикалық жүйе

в) Монархиялық жүйе
8. Президентті мемлекет басшысы ретінде парламент сайлайды.

а) Прзидентті рспубликада

ә) Парламенттік республикада

б) Конституциялық монархияда

в) Монархияда
9. Теологиялық теорияның негiзiн салушы?

а) Платон мен Аристотель

ә). А.Августин мен Аквинский .

б) Аквинский мен Макиавелий.

в) Порето мен Чичерин

10. Итальян социологы, “Саяси ғылымның негіздері” атты еңбектің авторы

а) В.Парето.

ә) Г.Моска.

б) Р.Михельс.

в) Саванарола.

11. Христиан дiнiнiң саяси теориясын жасап шыңында жеткiзген?

а) Томас Гоббс.

ә) А.Августин .

б) Цицирон.

в) Ф.Аквинский.

12. Орта ғасырда батыста қалыптасқан саясаттын діни-этикалық түрінің негізін салушы:

а) Дж. Локк

ә) Никколо Макиавелли

б) Фома Аквинский

в) Ш.Л. Монтескье



13. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан кім?

а) Фома Аквинский

ә) Никколо Макиавелли

б) Т.Джеферсон

в) Т.Пейн

14. Саясаттану дегеніміз?

а) саясатпен тәрбиені ұштастырып қоғамның дамуына оңтайлы үлес қосатын пән.

ә) саясатпен басқа ғылымдарды салыстырып зерттейтін ғылым.

б) саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы карым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.

в) адам және қоғам арасындағы байланысты жүзеге асыратын пән.

15. Әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік беретін, елдегі саяси тұрактылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектесетін әдіс?

а) Жүйелеу.

ә) Салыстырмалы

б) Социологиялық

в) Тарихи

16. Саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейтін әдіс?

а) Социологиялық

ә) Салыстырмалы

б) Жүйелеу

в) Тарихи

17. Саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайтын әдіс?

а) Салыстырмалы.

ә) Жүйелеу.

б) Социологиялық

в) Тарихи

18. Саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекгі, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың, байланысын айқындай отырып қарастыратын, әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап ететін әдіс?

а) Жүйелеу

ә) Тарихи

б) Социологиялық

в) Салыстырмалы

19. Жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда, адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделетін, саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білетін әдіс?

а) Тарихи

ә) Жүйелеу

б) Социологиялық

в) Бихевористік

20. (XIX ғас. дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси кұбылыстын түрін іздейтін әдіс?

а) Диалектикалык-материалистік

ә) Социологиялық

б) Нормативтік

в) Бихеваристік

21. Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас танымдық тәсіл болып есептелген әдіс?

а) Социологиялық

ә) Диалектикалық-материалистік

б) Салыстырмалы.

в) Бихеваристік

22. Саясаттанудың зерттеу объекттісі?

а) Қоғамдық өмір

ә) Қоғамның саяси тарихы

б) Саяси тарих

в) Саяси өзгерістер
23. Саясатта түбегейлі, батыл шараларды қолдануды жақтаушы

а) мәмілегер

ә) демократ

б) экстремист

в) радикал

3- апта. 4,0 балл

5.Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының тарихы.
1.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.

2.Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Досмұхамедовтың, Т. Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М. Жұмабаевтың, С. Торайғұровтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтің және т.б. саяси идеялары.

3.Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой- пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

Теориялық мәліметтер:
1. Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелді дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениет-тіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс- Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениетіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.

Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т.т.) қолында болды. »Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқорлық көрсетеді, ал оның қол астында-ғылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр- салтына берік берілгендікті білдіретін . Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама- қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына арстократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.



Платон. Б.з.б 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты- Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды). Деп атап кетті. Сол аспен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.

Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үзіндік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін- академияны ашты.

Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист»,»Парменид» және т.б.

Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке- дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілік-пен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажет-тіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай- бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәл-сафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып- білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды.Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта дегейді ұнатты.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжндерді, дау- жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгер-лерде жеке меншік де санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс.

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимокра-тия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды.

Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адам-гершілік, аброй, ар-намыс, деп санады.

Ертедегі гректердің саяси ой- пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342-340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ барді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.

Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Ри-торика» деген еңбектері бар.

Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал- қауым отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.

Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен, парасаттылығын жоймайды.

Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жнен меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43) өмір сүрді. Оның «мемлекет туралы», «Заңдар туралы »,»Міндеттер туралы», деген еңбектері көпке әйгілі.

Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі-адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.

Цицерон мемлекеттің құрылымы түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтарымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық- зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға »тобырдың зорлығымен есалаңдығына» әкеліп соқтыруы мүмкін.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық – саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
2.XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа Көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектерімен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық- заң неге ерік берсе,соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл- ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын- оқтын хылық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарын-дағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.

XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағаллауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополия--лардан толық тәелді болатын. 1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды.

АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.

Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама Штаттарының «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрып, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік дек-ларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдадың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.

Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тұмауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.

Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.

Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты- қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты - жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.

Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікі сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.

Т.Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттары-ның Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке құқы бар; халық- өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет- халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Қант (1724-1804). Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған.

Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны «категориялық императив» деп атайды. Оның мәні- әрбір адамның іс- әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.

Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындыты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым- қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.

XVIII ғ. Аяғы- XIX ғ. бірінші жаратысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі- алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыру) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариат-тың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.

Пролетариат күресінің алғашқы кеезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен- Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген қарғыс, жаза деп санайтын . Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді. Ол еңбек ету құқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист- социолистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама- қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар матерриалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.

Утопист- социолистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.



3.Қазақ хандығы мемлекет ретінде XV ғасырдың орта шенінде құрылды. Мұхамед Хайдар Дулати Қазақ хандығының бастауы Жәнібек және Керей сұлтандардың Жошы әулетінің ханы Әбілхайырмен жауласып, өздерінің соңдарына ерген тайпалармен бірге Арал төңірегімен Жетісуға, Моголстанның жеріне орналасуынан басталды деп баяндайды.

Тарихи уақиғалардың барысына қарағанда қазақ хандығы сол замандағы ел билеуші хандар мен сұлтандардың өзара қырқысуы, сонымен бірге сыртқы жауларға қарсы күрес жағдайында дүниеге келеді. Қазақ хандығы Қасым ханның, оның баласы Хақ- Назар ханның ұсында (XVI ғ.) іргесін бекітіп, Тәуке ханның тұсында (1680-1718ж.) одан әрі нығайып, халықаралық тұрғыда танылып, іргелі дербес мемлекетке айналады. Қазақ хандығында жүргізілген бірсыпыра саяси реформалар Тәукенің атымен байланысты. Олар Тәукенің заңдары немесе «Жеті жарғы» деп аталады. Олардың мәтіні қазақ билерінің аузынан жазып алған орыс шенеунігі Левшиннің жазбаларымен біздің заманымызға жетті.

Бұл заңдарды дүниеге келтірген Тәуке ханмен бірге қазақтың Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би бастаған жеті биі екен. Оған негізгі көз болған қазақ халқының ежелгі дәстүрі, Тәукеге дейінгі хандардың жазылмаған заңдары, монғолдардың Шыңғысхан кезінен бастау алған құқықтық ережелері болса керек.

« Жеті жарғы» әкімшілік- қылмыстық, азаматтық заңдарды, салық, дін және басқалар туралы ережелерді қамтиды, ол қазақ қоғамындағы саяси өмір туралы мағлұмат береді. «Жеті Жарғы» бойынша жоғарғы билік ханның қолында, ол сонымен бірге жоғарғы сот. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ханның өзі бас болып, барлық сұлтандар, рулардың ағамандары мен билері жыл сайын күзде бір жерге жиналып, ақылдасып отыруды ұсынады. Жеті Жарғыда биліктің экономикалық негізі анықталған. Ол бойынша сұлтандардан басқа барлық адамдар ханға жыл сайын өз байлығының жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеп отыратын болған.

«Жеті Жарғыда» жеке адамға қарсы жасалған қастандық, қылмыс үшін жауапкершілік белгіленген, жеке адам деп қару ұстауға жарайтын ер адам танылған. Сол сияқты біреудің мүмкін, малын ұрлаған, отбасы-неке қатынастарына қиянат жасағандарға да жауапкершілік шаралары белгіленген. Жеті Жарғыда «Қанға- қан, қолға қол, көзге- көз» сияқты кек алу правосы сақталған. Бірақ олардың орнына құн төлеу мүмкіндіктері де қарастырылған. Күн мөлшері айыпкер мен зәбірлену-шінің әлеуметтік орнына қарай белгіленген. Мәселен, ердің құны 1000 қой, әйелдің құны 500 қой. Сұлттанның құны 7 адамның құнына теңестірілген. Құлдың құны бүркіттің немесе тазының құнына теңестірілген. Мал -мүлік ұрлағандар оның құнына үш тоғыз мөлшерінде асырап қайтаруға тиіс делінген. Өлім және басқа жазалармен бірге барымта қайтару енгізілген. Кей жағдайда қылмыс үшін ауыл, ағайын тұтас жауап беретін принцип те сақталған.

Отбасы – неке қатынастары жөніндегі қылмыстар үшін жауапкер-шілік те жан- жақты белгіленген. Мәселен, ата- анасына тіл тигізген баланы құрым кигізіп, қара сиырға теріс мінгізіп ауылды аралатып алып жүріп, масқаралау рәсімі сақталған.

Сот билігін Хан, билер, ру басылар шешу белгіленген, қылмысты анықтау үстінде екі жақтан екі ара ағайын қатыстырылған. Соттар мен ара ағайынға өндірілген айыпты оннан бірі тиісті болған. Кінәні мойындату үшін 2- ден 7 адамға дейін куә тартылған. Сот жарлығын орындату тартыста жеңген жаққа тапсырылған.

Жеті Жарғының кейбір маңызды жақтары осындай Мұны белгілен-ген шаралар хан, билер, ру басылар билігін күшейте берумен бірге қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті күшейту, ру аралық тартыс-тарды, соғыстарды азайта түсу, тежеу, жол бермеу шаралары белгіленген. Тәуке хан тайпалар, рулар тобының көші – қон аймақтарын белгілеп беріп отырған.

«Жеті Жарғы» Қазақ мемлекетінің қалыптасуы жолында айтулы кезең болды, ол қоғамдағы саяси- әлеуметтік өмірдің мұнан кейінгі дамуына елеулі ықпалын тигізді. Тәуке хан билік жүргізген дәуірден кейінгі кезеңде хандықтың ішіндегі күрес- тартыс және сыртқы жаулардың шабуылы күшейе түсті. Жоңғар шапқыншыларының қазақ жеріне шабуылы ерекше күшейді. Міне осындай жағдайда кіші жүз ханы Әбілхайыр өз үстемдігін күшейту арқылы қазақ жүздерінің саяси бытыраңқылығын жоюға тырысты. Бұл үшін ол сырттан қолдау іздеді. Оны Ресей патшасымен одақ құру деп білді. 1731 жылы Әбілхайыр Ресей патшайымы Иоаннадан громатта алды. Мұндай одақты ол Жоңғар шапқыншылығынан қорғанумен бірге Россиямен экономикалық, сауда байланыстарын күшейтемін деп есептеді.

Қазақстанда XVIII ғасырда өмір сүріп, қызмет еткен саяси, әскери, мемлекет қайраткерлерінің ең көрнектісі орта жүз хыны Абылай еді. Ол 1771 жылы бүкіл үш жүздің ханы болып сайланды. Абылай ең алдымен елдің бөлшектенуін жойып, бүкіл үш жүздің басын біріктіру арқылы алдымен Жоңғар шапқыншыларын талқандауды, екіншіден Қазақстанның екі бүйіріне қадалып тұрған орыс, Қытай империясы-мен тату көршілік саясат жүргізу арқылы елдің тәуелсіздігін, дербестігін сақтап, нығайта беру үшін күресті. Абылай өзінің бұл мақсатына көзі тірісінде едәуір дәрежеде қол жеткізді: Қазақ мемлекеттігін нығайтты, өз төңірегіне ел қорғаны батырларын, үш жүздің Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билерін, Бұхар жырау сияқты от ауыз жырауларын топтастырды. Абылай өзінің басқару, жауынгерлік қызметінде солардың ақыл- кеңесіне, іс- қимылына сүйенді.



4. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой- пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл әл- Фараби.

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботонигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеу-шісі Әбу Насыр Мухаммедибн Тархан әл – Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу- тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде- ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын.

Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160- тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақым-ды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары»,»Саясат туралы» деген еңбектері бар.

Ұлы ойшыл «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір- біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады.

Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл- парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.

Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы , білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс- әрекетін, ерік- қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырым-сыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.

Әл- Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтат-ты Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс- әрекетінің, жұмысының, танымсыз ізденуі мен оқу- үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.

Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. «Бақытқа жету жолында барлық халық бір- біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген сөздері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой (Әл- Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1972, 305-б).

Бабамыздың «Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап» деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалады.XI-XII ғасырларда ол көне грек, латын және т.б. тілдерге аударылып әлемге аян болды. Батыстың кейінгі зерттеушілері бұл трактатты орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады.

Әл- Фарабидың бай мұрасы Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның әр түрлі салаларын дамытуға игі әсерін тигізді.



Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) -аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы дерек-тер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біраз оның негізгі еңбегі «Құдатғу білік» («Бақытқа жеткізуші білік», кейбіреулер «Бақыттылық жәйлі ілім» деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.

Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан «Құдатғу білікте» мемлекетті орталықтандыру , оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселе-леріне басым көңіл бөлінген. Ол- тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән- мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез- құлқы, салт- санасы, әдет ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма . Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.

Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Оның басты шығармасы «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы»). Ол еңбегінде әділдікті, имандылықты, шыншыл-дықты, мейрімділікті жырлайды.

«Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер



Қамқоршы бол жаныңды да пида етер »,- деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

«Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер,

Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар»,- деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.

«Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын,

Ғазиз жаның – аманаты Алланың.

Харамдықпен, ұқ, жиған мал – жалғанын,

Қарыш атты жылан қылар малыңды»,-
деп дүние қорлық, байлық соңына түспеуді, армандықпен мал жимауды уағыздайды, парақор әкімдердің о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.

Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын жырау Асанқайғы Сәбитұлы (XIVғ.аяғы-XVғ. басы). Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекет-тің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Оны Ш. Уалиханов « көшпелі-лер философы» деп атаған. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік үшін талас-тартыс, дау- жанжал туғанда, оны ұшықтырып, өрбітпей реттеудің жолын , «ымыраға келу» теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жер шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған боларлық қолайлы жер- «Жерұйықты» (« Жиделібайсын » деп те айтады) іздеген, халқының болашағын ойлаған. «Жерұйықтың» суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс- жидек, жұт болмайтын, қайғы- қасіреттен аулақ құтты қоныс; ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, жаугершілікті білмейді. Асанқайғының мұндай жерді іздеуі әйгілі утопиялық социолистер Томос Мордың «Утопиясы» мен Т. Кампанелланың «Күн қаласындағы» саяси идеялармен үйлесіп, жымдасып жатыр. Асанқайғы Жәнібек ханға арнауында:

«Ай», хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай.

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп- жеп.

... Оны неге білмейсің?!»-
деп шабылып жатқан халқын ойламай, өз күнін күйттеп жатқанын, қызметкерлердің елді талап ішіп- жеп жатқанын ханның бетіне басып, шенейді.

Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым- қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекет-тігінің тұтастығына, сырқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тауке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет- ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал- мүлік дауы, ұрлық- қарлық, айып- жаза, алым- салық және т.б. қаралады. «Жеті жарғы» нормалары қаулаған дау- дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсеңдетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

Тәуке хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кеңесінде халықтың өзекжарды мәселелерін: көшқон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану және т.с.с жүйелі түрде талқылып отырды.

Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі, өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды.

Бұл кезде қазақтың ұлы ғылымы, ағартушы- демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уалиханов (1835-1865) өмір сүрді. Ол атақты Абылай ханның шөбересі еді.

Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат- мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық - зомбылығынан орғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.

Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп - төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе- олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай- манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шекеп, бұқара халықтың демократия-лық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.

Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді.

Шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл- ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа- экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек , өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл- ауқатын жақсартуға тырысады. Прогрес дегеніміз де осыған сай келеді»- дейді. (Ш. Уалиханов. Таңдамалы. Алматы, 1995, 127-бат)

Бұл еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсылық білдіріп, қазақтар арасында өз тілінде өтетін, ертеден етене тыныс билер сотының сақталуын талап етті. Оның ашықтығын, жариялылығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалады.

Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт деді. Ол еркіндікті де дұрыс пайалана білу керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.

Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбрай Алтынсарин (1841-1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп- төстеушілердің қысым- қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш- жігерін олардың білімін көтеруге арнады.

Ыбрай «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халқы-ның болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс.

Ыбрай адамдарды іс- әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп- өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу және т.б. қажеттіліктер деп есептеді. Сондықтан да адамдар оларға талпынады.

Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан ол 1887 жылы Ырғызда 20 орындық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Ұлы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында XIX ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.

Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушы-сы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1904) та өмір сүрген еді.

Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтата-тындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзінді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз- өзіне есеп беруге шақырды.

Абай қандай адамның болмасын әлеуметтік жағдайын жақсартып, рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына қызмет етеді деп санады. Оның әрі ол:



«Жалға жүр, жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса сыйламай тұра алмас ел»,-
деп еңбектің қандай түрі болса да пайдалы, одан арлануға болмай-тындығын үйретті.

Абай еңбекшілердің хал- ахуалын, өмірін жақсарту үшін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек деп түсінді. Сондықтан ол қазақтар-дың прогресті, дамуын егіншілік, қолөнері, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады. Данышпан атамыз:


«Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған»,-
деп көрегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда болсын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қолөнері- қазақтың әулиесі сол» деп жоғары бағалайды.

Ақын өзгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты түзетуге тырысты. Ол үшін «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – ойлап қой» деп ақыл берді. Әсіресе, жастарға үлкен үміт артты. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды.


«Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос»,-

деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігі-не назар аударды.

Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған – ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыз-дың айтқан өсиеттері, ақыл- кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

Қазақ халқының саяси санасының дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұма-баев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт- азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық білесуін мұрат етті.

Қазақстан мен Ресей рухани мұрасына байланысты туған саяси теорияның бірі- Еуразиялық идея. Оның негізін 1921 жылдың 3 маусымында Софияда орыс эмигранттарының діни- философиялық үйірмелерінің мәжілісінде Н.С. Трубецкой мен П.Н. Савицкийлер салған. Бұл идеяны белгілі орыс ғылымы, тарих, география ғылымдарының докторы, академик Л.Н.Гумилев (1912-1992) одан әрі дамытып, осы геокеңестіктегі ұлттардың мәдени дәстүрлерінің тарихи тағдырын ұғынуларына жәрдемдесті. Олар Еуразиядағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл идеяның негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі « материалдық база» немесе « мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен рухтың биіктігі деп түсінеді.

КСРО ыдырап, қоғамның демократияланып жатқан жағдайында Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылдың 28 наурызында Мәскеудің Мемлекеттік университетінің (МГУ) профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев көтерді. Оның мақсаты Кеңес Одағының құлауына байланысты күйреген сауда- экономикалық және адами байланыстарды қалпына келтіру, өзара түсіну, бірлесе қимыл жасау. 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси- экономикалық, интеграциялық ( жинақтаушылық) ұйым- Еуразия экономкалық қауымдас-тығы құрылды. Бұл мемлекеттердің басшылары Кедендік одақ және біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде келісім жасады.


Бақылау сұрақтары:

1. Ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет адам қоғамы сияқты біркелкі дамиды ма?

2. Ежелгі Римнің саяси ойдың даму тарихында қандай із қалдырды?

3. Буржуазиялық революция Еуропа көлемінде алғаш рет қай елде болды?

4. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілдері?

5. Америка халқының демократия жолындағы азаттық күресінің өкілдері?

6. Жаңа замандағы саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының өкілдері?

7. Қазақ хандығының саяси жүйесі?

8.Қазақ халқының рухани мұрасы?

9.Қазақстан мен Ресей рухани мұрасына байланысты туған саяси теория?




  1. Теориялық мәліметтер:

1. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан Діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негіді болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік- католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен он жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай аброй, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ- сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы кеді.

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп. Санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, Яни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп. Екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп. Атайды. Біріншісі, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, Жан- шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты- « ортақ игілікке» жету адамдарға лайықты, ақылға сиымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық- сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Алғашқы исламның үйретуінше Діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың орынбасарлары- халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделен шектеліп нағыз билік ақсүйек – сұлтандарға ауысты.

XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар – намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланған-дықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік- саяси қозғалыс – реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама- қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.

2. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Николо Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шығарма-лары «Патша»,»ТитЛивийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар»,» Флоренцияның тарихы».

Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды.Шындықтың белгісі сенім емес, тәжіриббе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым- қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мелекет ерікті болса ғана қуатты, абройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң опасыз, қаһар облмай қайырымды адал, қамқоршыл мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір- ақ реет қолда-нылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, « мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.



3. Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.

Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік,

олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы.

Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге итермеледі.Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік, атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу.



Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, діні және азаматтық мемлекеттің пішімі мен билігі» (1651) атты кітап жазған, “Азамат жөнінде “(1642), “Дене туралы” (1655), “Адам туралы”(1658).

Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты

ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы

туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны

қолдайды.

XVII-XVIII ғасырлардағы саяси ойлардың дамуын талдағанда оның бір зор биік жетістігін айтпай қалуға болмайды. Ол-адамзаттық қоғам жайлы ойлар. Бұл түсінік XVII ғасырда Г. Гроцкийдің, Т.Гоббстың, Дж. Локктың еңбектерінде кездессе, оны XVIII ғасырда Руссо, Монтескье, Гумбольдт сияқты ойшылдар әрі дамытып, адамзаттық қоғамның мемлекеттен айырма-шылығын кеңінен анықтады.

Ағартушы дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі Томас Гоббс (5.04.1588, Ұлыбритания, Малисбери-4.12.1679, Хардуик)-ағылшын философы.

Т. Гоббс зайырлы мемлекеттің жоғарғы билігі мен тәуелсіздігі туралы идеяны негіздей отырып, Англиядағы монархияны қалпына келтіруді қуаттады. Мемлекеттік биліктің үш түін ғана мойындап, әсіресе, монархиялық өкіметке іш тартты.

Әйтсе де, король билігі құдайдың шапағатынан нәр алғандығы туралы теорияны теріске шығарды. Король билігінің қайнар бастауы қоғамдық келісім болуға тиіс деп пайымдады.

Т. Гоббс мемлекет- үлкен механизм, жүйе, адамдардың құмарлығының қозғалысы мен қақтығысының нәтижесінде құрылған.

Т. Гоббс бойынша «Адам адамға қасқыр». Сондықтан жаппай соғысудың табиғи жайынан шығу үшін қоғамдық келісім шарт қажет. Адамдардың жаңа өзара қатынасының формасы мемлекет. Бұл бірінші табиғи заң. Екінші- келісімді сақтау қажет, қарапайымдылық көрсету керек, өткендегі өкпені кешіру қажет, басқаларға құрметпен қарауға тиіс. Үшінші заң- мороль заңдары. Олар- мәңгілік, өзгермейді. Гоббс мемлекеттік билікке сөзсіз бағыну қажет деп санайды.

Т.Гоббс абсолиттізмді жақтайды. Ол жоғарғы билік жеке адамның (монархия) қолында, аздаған таңдамалылардың ( аристократия) иелігінде болуға тиіс деп санады, демократияны ұйымдастыру мүмкін деді. Бірақ барлық жағдайда толық билік жеке адамның немесе органның қолында болуы керек.

Т. Гоббстың еңбектерінде бостандық ұғымы заңмен тыйым салынбаған нәрсенің бәрін істеуге еріктілік ретінде түсіндіріледі.

Заңдардың мақсаты- кез келген іс- әрекетті тежеу емес, оған дұрыс бағыт- бағдар беру дейді. Т. Гоббстың ілімі өзінен кейінгі философиялық және социологиялық ой- пікірлердің жүйелі түрде дамуына әсерін тигізді.


Бақылау сұрақтары:

1. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны?

2. Орта ғасырда христиан дініне көп еңбек сіңірген философ?

3. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах?

4.Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те кімдерге көшу керек деді?

5. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі бурзуазиялық саяси ғылымның негізін салушы?

6. Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі Нидерланд ғалымы Гуго Гроций қандай мәселелерді шешуге әрекеттенді?

7.Томас Гоббс мемлекет пен құқық туралы ілімді қандай ғылымға айналдыруға тырысты?



6.Тақырыбы:Салыстырмалы саясаттану
1.Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні.

2.Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде.

3.Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.

4.ХХ ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі.

5.Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

6.Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың методологиясы.

7.Салыстырмалы зерттеулердің типтері.

8.Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау жасау.

9.Әр түрлі қоғамда би лікті бөлу саяси зерттеулердегі салыстыру объектісі.

10.Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі.


Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б.жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсінуге болады.

Жоғарыда аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.



Реферат тақырыптары.


  1. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

  2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл- Фараби, Назами, Әлішер Науаи.

  3. Қазақстанда саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.

  4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі

  5. Саясат өнер ретінде

  6. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы формасы ретінде

  7. Саяси биліктің легитимдік типтері.

  8. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде

  9. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық- саяси институт ретінде.

  10. Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.

  11. Қазақстандық конфессия аралық келісім тәжірибесі.

  12. Қазіргі саяси жүйелер.

  13. Мемлекеттің мәні және оның шығуы.

  14. Мемлекеттің белгілері, оның функциялар мен мақсаттары.

  15. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.

  16. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.

  17. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.

  18. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары.

  19. Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы

  20. Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.


3-апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы:5.Қазақстан саяси ойларының тарихы.

6.Салыстырмалы саясаттану
1. Биліктің патерналистік тұжырымдамасының авторы:

  1. Платон

  2. Аристотель

  3. Конфуций

  4. Каутилья

  5. Сократ

2. Тоталитаризмнің идеялық негізін қалушы:

  1. Платон

  2. Аристотель

  3. Шан Ян

  4. Цицерон

  5. Вольтер

3. Шығыстың ойшылы, «Мйрімді қала туралы трактат» атты еңбктің авторы:



  1. Ибн- Рушда

  2. Навои

  3. Низами

  4. Әл- Фараби

  5. Конфуций

4.Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі:



  1. Аристократия

  2. Тирания

  3. Олигархия

  4. Полития

  5. Демократия

5.Діни және ақсүйектер сферасын бөлуге келетін «екі патшалық» туралы ілімді қалыптастырған орта ғасырдағы саяси ойшыл кім?

  1. Томас Мюнцер

  2. Мартин Лютер

  3. Ян Гус

  4. Жан Кальвин

  5. Фома Аквинский

6. Орта ғасырдағы ойшылдардың қайсысы Батыс елдерінің басым көпшілігінде қоғамдық – саяси өмірдің ерекше сипаты болып табылатын протестанттық этиканы даралықпен (индивидуалдықпен ) үйлестірудің негізін қалаған?



  1. Жан Кальвин

  2. Гуго Гроций

  3. Исремия Бентам

  4. Аврелий Августин

  5. Фома Аквинский

7.Жер бетінің мәселелеріне белсенді араласу қай діннің теориялық принципіне жатады?

  1. Христиандық

  2. Ислам

  3. Индуизм

  4. Иудаизм

  5. Буддизм

8. Саясат туралы ілімнің негізін салушы:

  1. Каутиья

  2. Аристотель

  3. Сюн-цзы

  4. Мо- Цзы

  5. Лао-Цзы

9.»Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген имморализмдік саясаттың аталуы.

  1. Макиавеллизм

  2. Бонапартизм

  3. Волюнтаризм

  4. Ұлтшылдық

  5. Сепаратизм

10. Утопиялық социализм теориясының негізін салушы:

  1. Т. Кампанелла

  2. Т. Мор

  3. Ж.Ж. Руссо

  4. А. Радищев

  5. О. Конт

11. Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы:



  1. Д. Локк

  2. Т.Гоббс

  3. Ж. Боден

  4. Э. Берк

  5. М. Вебер

12.ХІХ ғасырдағы Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

  1. А. Құнанбаев

  2. Ы. Алтынсарин

  3. Ш. Уалиханов

  4. Шортанбай

  5. Ш. Құдайбердиев.

13. Либерализм идеологиясының негізін салушы:



  1. Г. Спенсер

  2. Ж.Боден

  3. Г. Тард

  4. Д. Локк

  5. Э. Гидденс

14. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы.



  1. Д. Локк

  2. Э. Дюркгейм

  3. Ш. Монтескье

  4. К. Маркс

  5. Э. Берк

15. Қазақ ойшылы, «Түркстан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)»

  1. А. Байтұрсынов

  2. Т. Рысқұлов

  3. А. Бөкейханов

  4. М. Шоқаев

  5. М. Дулатов

16. Салыстырмалы саяси зерттеулер қандай терминмен анықталады.

  1. Аксиология

  2. Логистика

  3. Компаративистика

  4. Беллетристика

  5. Казуистика

17. Рационалды таңдау теориясының жетістіктерін салыстымалы саясаттанудың мәселелеріне қолданатын тәсіл.

  1. Неоинституционализм

  2. Патримониализм

  3. Абсентеизм

  4. Дискриминация

  5. Обструкция

18.Салыстырмалы саясаттануды қажетті зерттеуге итрмелейтін қоғамның бір фномені:

  1. Таптар

  2. Қоғамның өз ішінде әр түрлі қоғамдардың болуы

  3. Саяси сана

  4. Партиялар

  5. Саяси институттар

19.Саясаттанушылар – компаративистер даму деңгейіне қарамастан барлық қоғамдарда бәріне ортақ элементтер мен параметрлер бар деп тұжырымдайды. Ол принцип қалай аталады.



  1. Партикуляризм

  2. Концептуалды гомогенизация

  3. Конформизм

  4. Патримониализм

  5. Абсентеизм

20. Компаративистиканың нгізгі аналитикалық өлшем бірлігі:

  1. БҰҰ

  2. Ұлттық мемлекет

  3. Еуропалық одақ

  4. Партия

  5. Саяси норма

21.Мүдделі топтардың теориясын негізделген кім?

  1. Ф. Хайек

  2. Р. Арон

  3. А. Бентли

  4. Д. Истон

  5. Г. Алмонд

22.Ең алдымен бірлестікке, содан кейін ойларымен және талаптарымен өзара байланысқан топтарды Ж. Блондел мүдделі топтардың қандай типіне жатқызған?

  1. Әдет- ғұрпы бойынша құрылған топтар

  2. Қауымдық топтар

  3. Ассоциативтік топтар

  4. Ассоциативтік емес топтар

  5. Формальды емес топтар

23. Мейлінше шектелген белгілі бір мүдделерді жүзеге асыру үшін адасдардың саналы түрде құрған топтарын Ж. Блондел мүдделі топтардың қандай типіне жатқызған.

  1. Қорғау және қолдау тобы

  2. әдет- ғұрпы бойынша құрылған топтар

  3. Ассоциативтік топтар

  4. Ассоциативтік емес топтар

  5. Формальды емес топтар

24.Партияның әрбір сайлау округында депутаттық орынды көп дауыс алуымен иеленетін сайлау жүйесі қалай аталады.

  1. Пропорционалды

  2. Мажоритарлы

  3. Преференциалды

  4. плюралды (коппікірлік)

  5. Тоталитарлы.

25. Қай елде мажоритарлық сайлау жүйесі бар

  1. Грекия

  2. АҚШ

  3. Италия

  4. Австралия

  5. Дания

26. Партиялар арасында алған дауыс пропорциясына сәйкес мандаттарды бөлетін сайлау жүйесі:

  1. Пропорционалды

  2. Мажоритарлы

  3. Преференциалды

  4. плюралды (коппікірлік)

  5. Тоталитарлы.

27.Қай елде пропорционалды сайлау жүйесі бар?

  1. Үндістан

  2. Түркия

  3. Канада

  4. Австралия

  5. Жаңа зеландия

28. Салыстырмалы саясаттанудағы салыстыру объектісі- бұл:

  1. Партиялар

  2. Саяси институттар

  3. Саяси құбылыстар (бихебиористік тәсілдердің көмегімен зерттелетін)

  4. Мемлекет

  5. Саяси нормалар

29.Теңдікті мүлік теңдігі арқылы нгіздейтін қоғамдық саяси (салыстырмалы саясаттанулық) теория:

  1. Этатизм

  2. Тоталитаризм

  3. Эгалитаризм

  4. Либерализм

  5. Консерватизм

30.Республика президентін алғашқы балама сайлау Қазақстан қай жылы өтті?

  1. 1991ж

  2. 1993ж

  3. 1994ж

  4. 1995ж

  5. 1999ж

4- апта. 4,0 балл

7.Тақырыбы: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.
1.Саясат ұғымы және оның пайда болуы.

2.Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері.

3.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.

4.Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет.

5.Саясаттың негізгі түрлері: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. түрлері.

6.Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

7.Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.

8.Саясат өнер ретінде.

9.Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.

10.Саясат әлеуметтік күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде.

11.Ішкі және сыртқы саясат.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекет-тер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөнінде кейінгі тақырып-тарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объек-тісі – адамға тоқталайық.

Мәселе түсінікті болу үшін әңгімені «тұлға»,»субъект», «объект» деген терминдер нені білдіреді, содан бастайық.



Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптас-тырған, саналы іс- әрекет ете алатын, өз жүріс – тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым- қатынас жасаушы, айналадағыны танып- білуші жеке адамды айтады.

Субъект ( латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс- әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс- әрекеті неге бағытталса, соны айтады.Басқа сөзбен айтқанда, объект- зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.

Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс- әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін , саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады

Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс- әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтіміз содан.

Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс- тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т.б өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.

Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білуі керек. Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.

Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі; ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын ( шешімдер қабылдамайтын) азамат.т.б

Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық- құқықтық заңда айқындалады.

Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы консти-туциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға жиналыстар мен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға , сайлауға және сайлануға т.с.с. құқылыққа) тікелей байланысты.

Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік- мәдени, саяси- құқықтық алғышарттар қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны тұрмыс жағадйы, белгілі бір дірежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек.Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократия-лық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демок-ратиялық негізде ындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Ленин айтпақшы, сауатсыз адам саясаттан тыс қалады, ол саяси амал- айла, қулықтың құрбаны болады. Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуға саяси – құқықтық алғышщарттар да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық саяси тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының қалыптасуында, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т.б. жатады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғышарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.



2. Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны- барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (қоланушы) етіп бөлу. Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы – қаражатына, елдің әлеуметтік экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар негізінен абсолюттік позитивтік құқықтарды басшылыққа алатын құқықтар болып есептеледі. Мұны, әсіресе, АҚШ-тың конституциялық құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады.

Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты , жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтар мен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді. Мысалы, бұған әлеуметтік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылық және т.б. жатады. Негативтік құқықпен салыстырғанда позитивтік құқықты қамтамасыз етіп, іске асыру қиын. Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешқандай іс- әрекеттің керегі жоқ. Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны. Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т.б. құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқауына тура келеді. Ондай мемлекетте жергілікті жағдай, қара-жаты, мүмкіншіліктері болуы керек.

Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен ара-ластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар- намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір- қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне, тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.

Экономкалық құқыққа және адамның тұтыну заттарын, жеке мен-шігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Бұрынғы Одақ кезінде жеке меншікке тыйым салынып, оған капиталистік ситеманың, буржуазиялық жолмен баюдың, қанаудың белгісі деп қарап, дамуына жол берілмегені мәлім. Бұл адамдардың жұмысқа деген ынтасын, ықыласын түсірді, жауапсыздықты туғызды, материалдық байлық жетіспеді, ақыры, елді аздырып- тоздыруға әкеліп соқтырды.

Әлеуметтік құқық әрбір адамға лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғануды қамтамасыз етуді білдіреді. Мұнда пәтер – үйге, дем алуға, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортаның жайлы болуына, азаматтарды қартайғанда, сондай- ақ ауырып сырқағанда және еңбек етілу құқықтары жатады.



Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағыт-талады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар тығыз байланысты. Бұл міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.

«Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен» салыстырғанда жеке адамның көпшілік мақұлдаған міндеттері жоқ.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына, ар-ождан бостандығына құқығы бар. Заң мен ст алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне, өзінің жеке отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абройын, беделін нығайтуға, арттыруға бағытталған және біздің мемлекетіміздің белгілерін құрметтеу сезімін дамытуға әсер етеді, адамдарды ұлтжандылыққа баулиды.

Республикамыздың Негізгі Заңын сөз еткенде оған демократиялық елдерде көрсетілген құқықтар мен бостандықтардың кейбірі кірмей қалған ғой деген ой тууы мүмкін. Шынында, ол солай да. Бірақ бұл жерде еліміздің өтпелі кезеңде тұрғанын, демократиялық жолға жаңа қадам басқанымызды, көп кепілдікті беруге республикамыздың әлі материалдық жақтан, я басқа жақтан болсын, әлі шамасы келмейтінін естен шығармау керек. Келешекте олар да төлқұжатымызға кіретініне сенеміз.

Адам құқығының іске асып, орындалуының өте зор маңызы бар. Ол бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ол арқылы адам ардақталып, асқақтатылады, мерей мәртебесі көтеріледі. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болады. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды.

Жалпы дүниежүзілік мөлшерде алсақ, адам құқын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бей-бітшілікті сақтауға кепіл бола алады.Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субъектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды. Адам құқығының қамтамасыз етілу деңгейі қоғамның даму дәрежесімен демократиялылығын көрсетеді.

3. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдар-дың арақатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік береті, мемлекет пен адамдардың арақаты-насының принциптері жатады.

Бұл мәселеге адамдар өте ертеде – ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафашылары (философтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады.

Феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді.

Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.

Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихты өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олардың ішіндегі ең құндылары АҚШ –ның Тәуелсіздік Декларациясына негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікк, жеке меншікк, бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі-халық, үкімет – халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс ; өкіметтің заң шығарушы , атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т.с.с. жатады.

АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық декларациясын қабылдады.Онда адам құқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. Бұл Декларация және басқа адам құқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі заңдық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтьаулары тиіс.

Табиғи- тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанынан тән. Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуї немесе оларды ешқашан еш адамнан тартып Ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттіліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.

Заңдылық- позитив тік бағытты қолдаушылар, керісінше, азамат-тардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санай-ды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепі келтіріп, шарт бола алады.

Марксизм- де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етюді. Бірақ заңдық- позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік- экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп. Сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмай-ды деп уағыздайды.

Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи- тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген , ол тек конституциялық- құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқыға барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы (тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар- намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата- аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Саясаттың субъектісі?

2. Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін нелерді білуі керек?

3. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін нелер қажет?

4. Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің түрлері?

5.Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі?

6. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының халықаралық декларациясының тәртіптері?

7. Қазіргі кездегі әлемдік саяси ғылымда адам құқығына деген көзқарас қандай?



8.Тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде.
1.Билік ұғымы.

2.Билік тұжырымдамалары.

3.Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.

4.Саяси биліктің түрлері.

5.Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары түрі ретінде.

6.Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары.

7.Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері.

8.Биліктің легитимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды – жариялы, партриархалдық, азаматтық және белсенділік.

9.Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестіктің қажеттілігі.

10.Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.



  1. Теориялық мәліметтер:


1. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мем-лекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау- дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу келу және т.б.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастыры-лып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, коммисия-лар, кеңестер, префектуралар және т.б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеу-меттік топ,тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылы, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке « иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісі-нен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунік-ті, ұйым немесе мекеменің, саяси әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады.Олардың іс- әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі.Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің субъекісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т.б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753) болды.

Заң шығарушы билік ( парламент) заң шығарумен , оны бекіту, өзгер-ту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтай-ды, үкіметті тағайындайды, бюджетті екккітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасай-ды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығару-шы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады.Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалау-шылықтан cақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конс-титуциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады.Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға жәнесот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады.Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.

Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.

Билік санын көбейіткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне бесенді араласуына, адамдардың басшылығымен жауапкершілігін тәрбие-леуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұңдаса, шынында да, төртінші билік емей немене?

Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап- тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағын-да аппараты бар Бас бақылаушы да болады.

Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.

Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.

Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі- ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.

Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.

Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда:1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынас-тары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси ассоциациялардағы билік, биресми топтарды және т.б. басқару);2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата- аналар, корпарациялар және т.б. билігі жатады;3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшілік-тің және т.б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүеиежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі; 4) билік-тің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес ( монархия-лық корольдік, патшалық және т.б.- президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық және т.б. билігі) болып топталады;5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т.б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық және т.с.с. билігі болып жүйеленеді.

2. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп,біріңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірі-луінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адам-дарға міндетті заңдарды шығаруға жеке- дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, бюіріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т.б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Леги-тимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығымен шешімдерін растауы.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитим-діктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең біріншісі-әдет- ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт- дәстүрлерге сүйен-ді. Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет- қасиет-терімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді.

Үшінші түріне Вебер ақыл- парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт- дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байла-нысты емес, қазіргі саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демокра-тиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды.Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет.

Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс- әрекеттер жатады.

Қолғамдық өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырыл-ған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т.б. бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді. Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануымен шоғарлануынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдардың өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс- тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т.б. сияқты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.

3. Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке- дара, бір билеушінің қолында болып , ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, имератор, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын.



Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары елгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парла-мент немесе соның негізінде құрылған колегия сайласа, оны « парламент-тік президент» дейді. Ол- салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі.

Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағына-ды Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты өрбітпей үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді өздерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.

Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бір партия-лық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі.

Парламенттің мезгіл- мезгіл үкіметтен есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге , үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе- үкіметке сенім білдіріле ме, жоқ па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады.



Унитарлық ( латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал- әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды.

Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяи тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Бірақ біз ол жөнінде «Қоғамның саяси жүйесін» талдағанда қараған болатынбыз. Сондықтан оған қазір тоқталмаймыз.


4. Бақылау сұрақтары:

1.Билік дегеніміз не ?

2. Саяси биліктің өзіндік қызметтері?

3. Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің « субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдар туралы түсінік?

4. Мемлекеттік биліктің түрлері?

5. Биліктің саяси және мемлекеттік түрлері?

6. Мемлекеттік биліктің заңдылығы?

7. Мемлекеттік басқару түрі?



Глоссраий.

1.Абсентеизм

2.Абсолютизм

3.Автаркия

4.Автократия

5.Автономия

6.Авторитаризм

7.Адам құқығы

8.Альтернативтік басылым

9.Альтернативтік сайлаулар

10.Альтернативтік қозғалыстар

11.Анархизм

12.Анархия

13.Анархо-синдикализм

14.Аномия

15.Аристократия

16Азамат

17.Әлеуметтік саясат

18.Билік

19Билік тармақтары

20.Биосаясат

22.Бихевиоризм

24.Блок партиялар

26.Бойкот

28.Бонапартизм

29.Бюрократия

30.Верификация

31Волюнтаризм

32.Геосаясат

33.Геноцид

34.Геронтократия

35.Дендеология

36.Демографиялық саясат

37.Демократия

38.Деспотизм

39.Диверсификация

40.Диктатор

41.Диктатура

42.Дискриминация

43.Егемендік

44.Идеялық

45.Идеология

46.Иерархиялық жүйе

47.Иновация

48.Институализациялау

49.Интернационализм

50.Коалиция

51.Коммунизм

52.Компромисс

53.Конвергенция

54.Консенсус (пәтуаластық)

55.Консерватизм

56.Конфедерация

57.Конформизм

58.Корпоративизм

59.Корпоративтік

60.Коррупция

61.Космополитизм

62.Көппартиялылық

63.Қоғамдық пікір

64.Көпшілік санасы

65.Қоғамдық- саяси қозғалыстар

66.Қоғамдық саяси-ұйым

67.Құқықтық мемлекет

68.Легитимдік

69Либерализм

70.Лидерлік

71.Лоббизм

72.Мажоритарлық жүйе

73Маргиналдар

74.Мемлекет

75.Менталитет

76.Меритократия

77. Милитаризм

4- апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 7.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.

8.Билік саяси феномен ретінде

1. «Элита» термині қай тілден алынған

а) Ағылшын

ә) Француз

б) Неміс

в) Орыс

2. «Элита» теориясын кім негіздеді

а) Вальфредо Парато

ә) Гаэтано Моска

б) Роберт Михельс

в) Райт Миллс

3. «Саяси партиялар», «Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк» деген еңбгінде (1911) Олигархияның терірдей заңын шығарған кім.

а) Роберт Михельс

ә) Райт Миллс

б) Вальфредо Парато

в) Гаэтано Моска

4. «Билеуші элита » атты еңбегінде АҚШ- тың ХХ ғ. ортасындағы элитасына талдау жасаған кім.

а) Роберт Михельс

ә) Райт Миллс

б) Вальфредо Парато

в) Гаэтано Моска

5. Қазына – байлықты, қаржы – қаражатты бөлуге байланысты т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топ.

а) Қоғамдық топ

ә) Саяси топ

б) Әлеуметтік топ

в) Саяси элита

6. Қазір қай ғылымдағы білімнің элитология деген арнайы саласы нені зерттейді.

а) Элиталардың қалыптасуын

ә) Элиталардың құрылымын

б) Элиталардың ерекшеліктерін

в) Элиталардың мәдниетін

7. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың неше түрі бар.

а) 3

ә) 2

б) 4

в) 5

8. Саяси іс- әрекетті жүзеге асыруда нелердің орны ерекше.

а) Саяси мағлұматтардың

ә) Саяси үгітшілердің

б) Саяси тұрақтылықтың

в) Саяси жетекшілердің

9.Қызметті атқару тәсіліне қарай жетекші нешеге бөлінеді.


а) 2

ә) 3

б) 4

в) 5

10. Өзінен артық, ақылдырақ біреудің орнын ойнайтын саяси қайраткерлер.

а) Бейімделгіштер

ә) Ұқсампаздар

б) Әуесқойлар

в) идеяшылдар

11. Патриархалдық лидерлік.

а) Дәстүрлі

ә) Рационалды

б) Харизматтық

в) Қарапайым

12. Бирократтық лидерлер.

а) Дәстүрлі

ә) Рационалды

б) Харизматтық

в) Қарапайым

13. Табиғатында әулиелік, көріпкелдік күші бар деп сену, жеке басқа табыну лидерлігі


а) Рационалды

ә) Дәстүрлі

б) Харизматтық

в) Қарапайым

14. Элита терминi француз тiлiнен аударғанда қандай мағынаны бiлдiредi.

а) саясат туралы ғылым.

ә) сұрыпталған, таңдалған .

б) халық билiгi.

в) дұрысы жоқ.

15. Элита терминiн ғылыми айналымға енгiзген ғалым?

а) Платон.

ә) В.Паретто .

б) Аристотель.

в) Макиавелли

16. Қазына байлықты бөлуге және тепе-тең саяси маңызды шешiмдер қабылдауға қатынасы жоғары мәртебесiмен ықпалы бар ұйымдасқан топ

а) саяси топ.

ә) саяси ұйым.

б) саяси элита .

в) дұрысы жоқ.

17. Мемлекеттік билікке ие элита

а) оппозициялық.

ә) басқарушы.

б) ашық.


в) жабық.

18 Үндістан саясаттанушысы Шаран билiк ету қорына байланысты элитаны қандай түрлерге бөледi?

а) маржиналды.

ә) ашық, жабық.

б) дәстүрлi, қазiргi .

в) жауабы жоқ.

19. Саяси элитаның жаңару тәсiлiне қарай қалай бөлiнедi?

а) ашық, жабық .

ә) гильдия.

б) антрапернелiк.

в) дұрыс жоқ.

20. Контрэлитаға жататын...

а) басқарушы элита.

ә) ашық элита.

б) жабық элита.

в) оппозициялық элита.

21. Басқарушы қызметке үмiткердiң ерекше қасиеттерi көпшiлiк жұртқа ұнай бiлу қабiлетi басты орын алуы саяси элиталарды қалыптастырудың жоғары қызметке iрiктеп алудың қайсы түрiне жатады?

а) антрепренерлiк .

ә) гильдия.

б) ашық.


в) маргиналды.

22. "Қоғам iшiндегi байлықты бөуге және жазалауға ықпал етушi үкiмет қызметi" саяси жүйенiң қайсы компоненттерiне жатады?

а) мәдениет.

ә) саясат .

б) жетекшiлiк.

в) құрылым.

23. Элита терминi француз тiлiнен аударғанда қандай мағынаны бiлдiредi.

а) халық билiгi.

ә) саясат туралы ғылым.

б) сұрыпталған, таңдалған .

в) дұрысы жоқ.

24 Саяси элитаның жаңару тәсiлiне қарай қалай бөлiнедi?

а) дұрыс жоқ.

ә) гильдия.

б) антрапернелiк.

в) ашық, жабық .

25. Саяси даму дегенiмiз не?

а) Саяси iс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерiстерге әкелетiн процестердi айтады .

ә) Дәстүрлiк дегендi әдетте рулық, федалдық қғамдарды айтады.

б) қазiргi қоғам индустриалды, жоғары индустрияланғанқғам болып табылады.

в) Дұрысы жоқ.

26. Азаматтардың топтар, билiк институттармен үздiксiз кездесiп мақсат-мүдделерiн бiлдiрiп отыратын саяси процестердiң түрi?

а) Жасырын.

ә) Ашық .

б) Демакратиялық.

в) Антидемократиялық.

27. Іс- әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекет.

а) Саяси биліктің мазмұны

ә)Саяси биліктің құрылымы

б) Саяси биліктің субъектісі

в) Саяси биліктің еркшлігі

28. Биліктің неше түрі бар.

а) 4


ә) 3

б) 2


в) 1

29. Заң шығарумен , оны бекіу, өзгерту нмесе жоюмен айналысатын биліктің түрі.

а) Соттық билік

ә) Атқарушы билік

б) Заң шығарушы билік

в) қоғамдық билік

30. Үкімет пен әкімшілік қандай билік түріне жатады.

а) Қоғамдық билікке

ә) Заң шығарушы билікке

б) Соттық билікке



в) Атқарушы билікке

31. Адамдардың құқығын қорғайтын, заңды бұрмалаушылықтан сақтайтын, парламент не президент қабылдаған заңдарды, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайтын билік түрін.

а) Қоғамдық билікке

ә) Соттық билік

б) Атқарушы билік



в) Заң шығарушы билікке

32. Таптық, топтық жеке адымның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіретін билік.


а) Қоғамдық билік

ә) Саяси билік

б) Ммлекеттік билік

в) Конституциялық билік
33. Барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

а) Ммлекеттік билік

ә) Саяси билік

б) Қоғамдық билік



в) Әлеуметтік билікке

34. Монархиялық мемлекет нешеге бөлінеді.

а) 3

ә) 2

б) 4

в) 5
35. Ертедегі Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Иракта), Үндістанда басқарушының билік көзі неде деп ойлады?

а) билеушіде

ә) Құдайда

б) адамда



в) халықта

36. Ежелгі гректерде ең алғашқы билік жүргізуші кімдер болған дейді?

а) патшалар

ә) ешкім билік жүргізбеген

б) құдайлар

в) халықтың өзі
37. Жеке бастың өктемдігімен ұштасып жататын, антидемократиялық саяси режимдерге тән билік жүйесі.

а) анархизм.

ә) авторитаризм .

б) аристократия.

в) бюрократия.

38. Жеке адамның құқығы деп...

а) белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.

ә) кiсiгi белгiлi игiлiктi алуды қамтамасыз ететiн адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердiң өзара қатынастарын айтады .

б) саяси құндылықтардың қоғам мен жеке адам үшiн маңыздылығы.

в) субъектiнiң танымдық және басқа iс iрекетi неге бағытталса,соны айтамыз.

39. Негативтiк құқықтарда ...

а) ең бастысы адамдардың өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабiлеттiлiгiн көтере бiлудi бiлдiредi.

ә) бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтық, шектеудiң

жоқтығын бiлдiредi .

б) мемлекеттiң қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығын бiлдiредi.

в) жеке адамның тұтыну заттарын, жеке меншiгiн, жұмыс күшiн, iскерлiгiн,еркiн пайдалана алуын бiлдiредi.

40. Бұқараның пікірінше ерекше сыйға, қайталанбас қасиетке және ерекше басқару қабілетіне ие тұлға

а) дәстүрлі.

ә) харизмалық.

б) рационалды-заңдық.

в) демократиялық.

41. Эволюция барысында қоғамда басқарушы орындарға барлық әлеуметтік топтардан іріктеліп алынатын қабілетті адамдарды ұсыну қағидасының үстемдік ететіндігі туралы тұжырымдама

а) автократия.

ә) меритократия

б) плутократия.

в) демократия.


42. Көпшiлiк билiгi немесе халық билiгi

а) Аристократия.

ә) темократия.

б) Олигархия.

в) демократия .

43. Ақсүйектер билiгi

а) Аристократия

ә) тирания.

б) демократия.

в) олигархия.

44. Белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi:

а) саяси билiк .

ә) мемлекеттiк билiк.

б) экономикалық билiк.

в) математикалық билiк.

45. Харизма қандай мағынаны бiлдiредi:

а) бұқараның пікірінше ерекше дарыны мене қайталанбас қасиеті бар, айырықша басқару қабілетіне ие тұлға

ә) саясат туралы ғылым.

б) халықтың билiгi.

в) мемлекеттiк билеушi.

46. "Билiк және қоғам" еңбегінің авторлары:

а) Августин мен Аквинсий.

ә) Лассуэл мен Каплан .

б) К.Маркс пен Энгельс.

в) Аристотель мен Платон.

47. Еш бiр мемлекет азаматы болып саналмайтын адамдар?

а) ел.

ә) аппатридтер .



б) мемлекет.

в) ұлт.


48. "Қоғам iшiндегi байлықты бөлуге және жазалауға ықпал етушi үкiмет қызметi" саяси жүйенiң қайсы компонеттарiне жатады?

а) құрылым.

ә) мәдениет.

б) саясат .

в) жетекшiлiк.

49. Саяси билік формальды түрде немесе іс жүзінде бай топқа жататын мемлекеттік құрылыс

а) охлократия.

ә) плутократия.

б) демократия.

в) олигархия.


50. Охлократия

а) халық билігі

ә) Саяси билік формальды түрде немесе іс жүзінде бай топқа жататын мемлекеттік құрылыс

б) Көне гректің мемлекет туралы ілімдеріндегі “қара тобырдың” билігі

в) Саяи билік шағын топтың (байлардың, әскерилердің және т.б) қолында болатын режим.

51. Қоғамның ең жоғары құндылығы не?

а) өркениет.

ә) Адам .

б) саясат.

в) Мемлекет.

52. Жер аумағы әкімшілік-территориялық бірлестіктерге бөлінетін мемлекеттік құрылыстың формасы

а) федеративтік мемлекет.

ә) унитарлық мемлекет.

б) конфедерация.

в) одақтық мемлекет.

53. Мемлекет басшысы діни басшылықты да қоса атқаратын басқару формасы.

а) олигархия

ә) республика

б) теократия

в) плутократия



5- апта 4,0 балл

9.Тақырыбы: Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.

1.Этнос және ұлт.

2.Ұлт этностың жоғары типі.

3.“Ұлт” категориясын түсіндірудегі екі амал: Этно-лингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық.

4.Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

5.Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

6.Ұлт мәселесін шешудің принциптері.

7.Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

8.Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. 9.Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі). Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси інститут ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

10.Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.

11.Конфессиялар диалогы және Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Әлеуметтік – этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым- қатынастарын реттеу, дамыту мәселесі қоғам өміріндегі күрделі құбылыс. Оның себебі әлемде 3 мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған-дары бар олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да жоқ емес. Қазіргі кезде дүние жүзі халықтарының 90 пайыздан астамы көп ұлтты мемлекеттер құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олар-дың ішінде 180- нен астамы БҰҰ-ның мүшесі, ал 187-сі егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38-і дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келді 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17- ге жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этникалық топтардан тұрады. Дүниежүзіндегі 320- дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллион адамнан асады. Неміс ғалымдарының есептеуінше әлемде бүгінгі күндері 5661 түрлі тіл бар көрінеді. Оның 1400 қолданыстан қалған не жойылу алдында тұрған тілдер болса, ал 4200 өз алдына дербес тіл ретінде танылған. Жоғарыда келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың дамуы жайындағы мәселелерге айрықша назар аударуды талап ететіндігін көрсетеді. Қауымдастықтың нәсілдік түрі тиісінше адамдарды бет- әлпеті, өңіне қарай біріктіреді, ал көз жанары, түсіне қарай тағы да басқа бір қасиеттерін орайластырады. Сөйтіп, адамдар нәсілдік және жағырапиялық орта ерекшелігіне сәйкес алдымен тайпалық, ұлттық қауымдастыққа топтасады. Осыған байланысты, адамдардың әрбір тобы олардың қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрі деп аталады.

Адамдар өміріндегі аса қажетті өзара араласу мен қауымдастықтың тұтастық белгісі- тіл ортақтастығы болып табылады. Тіл- халықтың жан жүрегі, оның этникалық сана- сезімінің қасиетті мұрасы. Тіл- адамдар арасындағы өзара қарым- қатынас байланысын нығайта түсетін құрал. Адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрінің негізгі белгілеріне жататын экономикалық байланыстың ортақтығына, тілдің ортақтығы, жер мен мәдениет ортақтығы- қауымдастықтың қалыптасуы-ның қажетті шарты болып саналады.

Ал нәсілдік тұрпатқа келер болсақ, бұл- адамдардың ұзақ уақыт бойы биологиялық жағынан жағрапиялық түрліше жағдайға икемделуі.

Кейбір ғалымдар адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түрлерінің үш түрі бар деп тұжырымдайды. Бұлар: рулық- тайпалық, ұлыстық, ұлттық. Енді біреулері осындай қауымдастықтың 4 түрі бар дегенді айтады. Олардың айтуы бойынша ру, тайпа, ұлыс, ұлт.

Орыстың белгілі этнографы С. А. Токаревтың пікірінше адамдар қауымдастығының әлеуметтік- этникалық түріне: тайпа, демос, ұлыс, ұлт жатады.

Соңғы көзқарастар бойынша әлеуметтік- этникалық қауымдастықтың негізгі түрлері: рулық- тайпалық, ұлыс және ұлт. Шындығында, түрлі халықтардың ұзақ ғұмыр кешуі, дамуы қарқынына сәйкес адамдар қауымдастығының – этникалық түрі де түрліше, бұл дамудың әлеуметтік – экономикалық жағдайларының ерекшеліктеріне тікелей қатысы болған.



2. Этнос белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық- тұтастық құбылысты айқындайды. Бұған өзіндік белгілер ретінде тілдің, мінез- құлықтың мәдениеттің ерекшелігі, сана- сезімнің бірлігі сияқты ортақ ұқ-састықтар тек тіл, халық өнері, дәстүр, салт, ғұрып, әдет- ғұрпы т.б. белгілермен ерекшеленеді.

«Этнос» гректің сөзі. Ол «тайпа», «халық» деген мағына білдіреді. Этнос дегенді екі түрлі мән мағынада ұғынған жөн. Біріншіден, этникос атау тұрғысында, екіншіден, этникалық әлеуметтік организм (құбылыс). Бір тұрпатты этносқа қай жерде тұратынына қарамастан аталған этностың барлық топтары жатады. Ал әлеуметтік этнос организм міндетті түрде ұлттық мемлекетпен астарлас болып келеді.

Ондаған мың жылдар бойы адамдардың рулық- тайпалық этникалық қауымдастығының құрылысы үстемдік құрғанды. Дегенмен өндіргіш күштерді дамыту қажеттілігі бірте- бірте алғашқы қауымдық ұжымдарды нығайта түсуді талап еткен.

Алғашқы рулық- қауымдық құрылыс дәуірінің соңында тайпаның дамуы кезінде тайпалық өзіндік басқару жүйесі болады. Бұл жүйе тайпалық кеңес арқылы басқарылады. Оған әскери азаматтар, көсемдер тартылды. Сонымен тайпа ерте кездегі тұрпаты бейнелейтін біртұтас этностық құрылым, бұл алғашқы рулық- қауымдық құрылысқа, ондағы рулық қатынастарға тән белгілерді жоймаған. Бұл этностың тұрпаттық рулық жиынтығы, олардың мәдениет жағынан пайда болуы, әдет- ғұрпы өзіндік аты- жөні жағынан ортақтығы бар.

Өндіргіш күштердің дамуы, жеке меншік пен таптардың пайда болуы рулық- қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеліп, біртіндеп тайпалық қауымдастық сатыға этностық тұрпатқа, яғни ұлыстық түрде астаса бастады.

Бұл қауымдасу рулық- тайпалыққа қарағанда адамдардың өзара бірлесіп, топтасуын нығайта түсті. Ұлыстың сырттай жиынтық қалпы, яғни өзіндік даралануы, көршілес қауымдастықтардың қалыптасуынан басталады.

Алғашқы рулық- тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында мүдделер-дің ортақтастығы көптеген тайпаларды одақ түрінде бірігуге әкелді. Мысалы тайпалардың одақтарға бірігуін Солтүстік Америкадағы, Мексикадағы, Оңтүстік Америкадағы ирокездердің, ацтектердің, зулус-тардың бірігу процесі дәлелдейді. Осы одақтардың құрылуын тайпалар арасында шаруашылық және мәдени байланыстармен ұштасып кетуіне, қандас- туыстық байланыстың аумақтық байланысқа ұласуына себеп болады.

Көне орыс ұлыстарының негізін қалаушы тайпа- орыстың тайпалық одағы еді. Орыстық тайпалық одақ өз берік одақ болмай шықты. Көне орыс ұлыстары IX-X ғасырларда пайда болып, олардың мәдениет, экономикалық байланыстары, тілі, шығыс славяндардың жері ортақ болды. Осы тұрғыдан алғанда ұлыстық бірігу, даму- этностық тұрпаттың тарихи қалыптасуының екінші сатысында пайда болды. Сонымен қорыта айтқанда, ұлыстың адамдардың әлеуметтік- этникалық қауымдастығы рулардың, тайпалардың тайпалық одақтардың бір- бірімен қосылып, құрылуының нәтижесі жердің, тілдің, экономикалық өмірдің, мәдениеттің ортақтығымен сипатталады, ал мұның өзіндік ерекшелігі саясат субъектісі болып табылады. Сөйтіп ұлыстық қауымдастық ұлттың қалыптасуының негізі болып табылады.

Ұлт- өндіргіш күштер дамуының, өзіндік қатынастардың аса жоғары сатысының жемісі, адамдардың әлеуметтік- экономикалық және саяси бірігуінің нәтижесі болып табылады. Ұлт дегеніміз- бұл адамдардың анағұрлым тұрақты берік қауымдастығы, бұл рулық - тайпалық қауым-дастықтан айрықша, ұлыстық қауымдастықтың неғұрлым тұрақты белгісі. Ұлт адамдардың, түрліше тайпалар мен ұлыстардың әртүрлі этникалық топтар мен нәсілдік тұрпаттардың қосылуынан қалыптасқан. Мысалы, неміс ұлты әртүрлі тайпалар мен ұлыстардан құралған. Оларфриздер, готтар, батавалар, ангалар, вариндер, вандалдар, алемандар, бүргүндер, маркомандар, гауттар, франкілер, хавкилер, тюрингілер, сақсылар тағы да басқа антропологиялық және нәсілдік тұрпатқа жататын ұлыстардан тұрады.

Ұлыбританияда, Индонезияда, Италияда, Испанияда, Францияда да осы ұлттардың қалыптасуына түрліше тайпалар мен ұлыстардың бірлесуі ықпал жасаған. Ал америка ұлты күллі Европалық елдерден лек- легімен қоныс аудара келушілерден пайда болған. Ал қазақ ұлты да түрік тілдес тайпалар мен ұлыстардың бірігуі барысында пайда болды. Сонымен, ұлттың қалыптасуында басты рөлді туыстас тайпалар мен нәсілдік қатынастарының жақындығы ғана емес, керісінше, жер аумағындағы ортақтастық, экономикалық және саяси өмірдің ортақтастығы, экономикалық және саяси байланыстар ықпал еткен. Сондықтан да ұлтқа анықтама беруде бірінші кезекте этникалық ортақтастық емес, әлеуметтік- этникалық қауымдастығы алға тартылады.

Ұлт- объективті тарихи құбылыс. Ол адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы. Сайып келгенде, ұлт этностың, тұрпаттың үшінші сатысының жемісі. Яғни, өз ерекшелігімен анағұрлым дамыған әлеуметтік- этникалық қауымдастық, ол тарихи ұзақ кезең барысында қалыптасқан, тіпті десеңіз ұлттар мен нәсілдерді қосып « тұтастай араласып » кеткен қауымдастық. Бұл этникалық қауымдастықтың тұрақты белгілері негізінде пайда болады, оған ортақ-экономикалық байланыстар, жер аумағы, тіл мемлекет және ұлттық сипат , бұл ұлттың мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігінен көрініс тауып отырды Ұлттық белгілері ретінде бағаланатын осы белгілі мән- мазмұнда ықпал етеді. Сонымен, ұлт деп жер, тіл, эконо-микалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктер мен психологялық , құрылым-ның ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік- этникалық бірлестігін айтады.

3. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы – этносаяси қауымдастық, ол демо-кратиялық, ол демократиялық қайта құрулар, ұлттық өмірді интернационал-дандыру негізінде қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы базасында ұлттардың, ұлыстардың және этникалық топтардың дамуының нәтижесі. Халықтар өздерінің ұлттық белгілері мен ерекшеліктерін тұтастай сақтай алған. Ортақ аумағы, экономикасы, әлеуметтік таптық құрылымы, мәде-ниетті, өркениетті қоғам құру, бағыты, жалпы адамзаттық белгілері, тұрмыстағы әрбір ұлттарға тән қасиеттер сайып келгенде осы ерекшеліктердің бәрі Қазақстан халықтарының сана- сезімін өсіріп, бірлігін нығайтудың маңызды бөлігі бола алады.

Аталмыш жаңа теориялық тұжырымдама қоғамдық санада даралана бастады. Біздің мемлекетіміздің әрбір ұлты мен ұлысы, ұлттық немесе этникалық топ- Қазақстан халқының этносаяси қауымдастығының құрамды бөлігі болып табылады. Осы қауымдастықта әр халық- өзара тең өмір сүре отырып, араларындағы бауырластық бірлігі арқасында Қазақстан халқының жалпы дамуына белсенді үлес қосуда. Қазақстан халқының өркениеттік даму жолындағы демократиялық қоғамдары республика халықтарының жан- жақты түрлерін тездетеді.

Мемлекетімізді нығайту міндеті көбінесе барша халықты қоғамды ортақ низамдар мен құндылықтар төңірегінде топтастырумен астасып жатыр. Өзіңнің ұлттық тағдырыңды айқындаудың еркіндігі мен бостан-дығы сайып келгенде мәдени құндылықтар мен низамдардың ортақтығы болып қана қоймай, әркімнің еркін дамуына мүмкіндік беретіндей болуын талап етеді.

1995 жылы елімізде құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы арқылы біздің қолымызға ұлттық саясатты жүзеге асырудың құралы берілгенін, азаматтық қоғамның іргелі институты шаңырақ көтергенін өмірдің өзі көрсетіп берді. Ассамблеяның қызметі халықаралық ұйым-дардың, соның ішінде ЕҚЫҰ сияқты ұйымның жоғары бағасын алып кеңінен танылды. Бүгінгі таңда 25 республикалық және аймақтық 185 облыстық және қалалық ұлттық, мәдени орталықтар түрлі ұлттар адам-дарының мүддесін білдіріп, өкімет орындарымен жұрттар арасындағы сындарлы үндесуді қамтамасыз етеді, сол арқылы біздің ортақ ұлттық шаңырағымызды нығайтуға жәрдемдеседі.

Республикамызда тегіне немесе діни нанымына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететін құқылық негіз қаланды. Мемлекеттің этносаралық саясатының негізіне де осы қағидат алынды. Біздің елімізде эностардың құқықтарына қысым жасайтын қағида түзетін бірде- бір заң жоқ.

Мемлекетімізді орнатудың негізіне адамдардың баршасының азамат-тық және саяси ортақтастығы алынып отыр. 120- дан астам этностардың өкілдері өмір сүріп жатқан Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің бірден- бір дұрыс жолы нақ осы көзқарас болды.

Елімізде үйлесімді тіл саясатын жүргізуге қол жеткізілді. Қазір респуб-лика азаматтарының әсіресе, жастардың мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы ықыласы табиғи қалпында ыңғайын тауып жатыр. Мұның өзі ешбір зорлаусыз- ақ адамдардың қазақ тілін білуге деген ықтиярының негізінде іске асып келеді. Екінші жағынан, бізде ұлттық , мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер мен тіл курстары нысанында этно- мәдени білім беру желісі жасалды. Бұл желі іс жүзінде Қазақстанның барлық ұлыстарының тілдерін, тіпті сирек саналатын ассириялық тілді де қамтып отыр. Республиканың барлық өңірлерінде жыл сайын Қазақстан халықтары тілдерінің фестивалін өткізу дәстүрге айналған.

Тәуелсіздік жылдарының ішінде біздің бұқара санасындағы бетбұр-ысқа қолымыз жетті. Тоталитарлық қоғамның дүниетанымдық бағдар-ларының күйреуі мен жаңа демократиялық құндылықтардың әрі жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің дүниеге келуіне байланысты адамдар санасындағы көзге түспейтін түбегейлі түлеу негізінен алғанда іске қосыл-ды.

Қазақстанның рухани түлеуін және ең маңыздысы- дінаралық келісім мен жатсынбаушылық қамтамасыз етілді. Арождан бостандығына кепілдік беретін заңнамалық негіз қалыптасты.

Қазақстанда 46 діни қауымдастық пен діни ағымдарды қамтитын екі жарым мыңнан астам діни бірлестіктер бар. Қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы тарихи тұрғыда бойына сіңірген рухани саладағы жатсынбау-шылық сезімі келешекте азаматтық және дінаралық бітімшілікті сақтауға негіз болып қаланатынына сенім мол. Қысқасы, бұл көпұлттық қоғамның кемшілігі емес, қайта артықшылығы екені нақты істермен дәлелденді. Қазақстан қоғамы либералдық құндылықтарды қабылдап алды және демократия мен нарыққа баламаның жоқ екенін таныды.

Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге бағыт-талған, қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік, құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Қазіргі кезде Батыс саясаттанушылары этникалық саясат деген жаңа бағытты зерттеумен айналысуда. Ол дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау- жанжалдарды, ұлттық шиеленістерді түсіндіруге оларды шешу жолдарын анықтап беретін жалпы теория.

Ұлттық саясат әр елде, әр кезеңде әртүрлі болуы мүмкін. Бүгінгі күндері бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар мәлім.

Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана- сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуін айтады.

Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлу-шілікті айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықты бекітіп «екінші» халықты теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді.

Геноцид деп адамдарды шығу тегіне байланысты дербес өмір сүруін болдырмауға, бір ұлттың өкілі болу құқын жою мақсатында қырып, оны тып- типыл ету үшін жүргізілетін қудалауды айтады. Мұнда ұлттық немесе нәсілдік топқа енуді желеу етіп, бір халыққа жаппай кінә тағу. Мәселен, мұндай саясатқа 1915 жылы Түрік мемлекетінің армияндарды, Германияның еврейлері мен цығандарды қыруы жатады. Сонымен бірге, 30 жылдардағы қазақтардың тең жартысының қырылуы да осындай саясаттың салдары болып табылады.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік- этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым- қатынастары?

2.Адамдар өміріндегі аса қажетті өзара араласу мен қауымдастықтың тұтастық белгісі?

3.Этнос дегеніміз не?

4.Ұлт дегеніміз не?

5. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқының өзіндік ерекшелігі?

6. Ұлттық саясат дегеніміз не?

7. Ассимиляция?

8. Сегрегация?

9. Геноцид?



10.Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі
1.Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.

2.Д. Стон, Г.Алмонд пен К. Дойчтың саяси жүйе теориялары.

3.Саяси жүйенің құрылымы.

4.Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйшелер.

5.Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация, функциялары.

6.М. Вебердің, Г. Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері. (критерийлері).

7.Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модерни стік және постмодернистік).

8.Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметтік емес ұйымдар.

9.ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.

10.ҚР партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.




  1. Теориялық мәліметтер

1.»Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.

Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарға пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған – Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйшіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің , мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға , мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу , қабылданған шешімдерді , заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемок-ратиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап- тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды. Сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла- тәсілмен басып- жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек- талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше анағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді.

Шығыс- саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап- тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап- тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдыра-ды. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп «кіріс» пен »шығыс» әрдайым бір- біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.

Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және «кіріс» пен « шығыстың» әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақ қызмет атқарады.

Д.Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XXғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Аерикасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қыбылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік- экономикалық және мәдени- діни ортада өзінің көптеген қызметтерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті.

Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді- институционалдық және бағдарлық - баса айтты.

Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсінді.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д.Истон мен Г. Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс- тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2) қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды , игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуіне бесіншісін- ішкі жағдайын басқара алатын өзін- өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін- өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.

Саяси жүйе өмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институтционалданған түрі. Сондықтан ол конститутцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат- мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік- саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.

5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады.Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал- әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалар мен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.

2. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар ; 2) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.

Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, коорперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс- тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.

Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсалығын сақтауға, мәдени тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.

Қоғамның саяси жүйсіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіресе, феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын – сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындары-ның әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатты қудаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын, еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен қатар биліктен алшақ, ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми- техникалық қоғамдар, көптеген ерікті, спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамет пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси қызметкерлер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси- басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ықпал еруінен де байқалады.

Саяси жүйенің көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өзеріне тән арнайы әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен қызметтерді атқарады. Олар бір- бірімен тығыз байланыста болады.

Саяси жүйенің басты қызметі- қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау- дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан- жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.

Cаяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, оларды басқарады. Қоғам дамуының мақсатын дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Әдетте, мақсаттарды саяси партиялар зерттеп дайындайды. Парламенттік сайлауда жеңген партияның саяси бағыты мемлекеттің еріксіз мәжбүр ететін күштеріне (әсер, милиция) сүйеніп жалпыға міндетті мемлекеттік жарлық сипатын алады. Мемлекеттік басқару органдары қоғамды қабылдаған шешімдерді орындауға жұмылдырады, қоғамдық процестерге әсер ететін негізгі тетікке айналады.

Біз осыған дейін бір мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҰ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты («Шығыс пен Батыс» қатынастары) болуы да мүмкін.

3.Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымы-ның өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.

Ал У. Ростоу және т.б. « экономикалық өсу сатысы» деген тұжы-рымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам;3) алға басу(жылжу) қоғамы;4) индустриалдық және 5) индустрияланғаннан кейінгі ( постиндустриалдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.

Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі.Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс- әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдары жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демокра-тия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды;3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық- консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономи-калық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағ-дайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын- аммерикалық, құрылықтық- еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым- жартылай индустриялан-ған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің ағылшын- америкалық түрі ондағы саяси мәде-ниеттің біріңғайлылығымен , бірлестілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат мұратын және оған жетудің жолдарымен әдіс- тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық құндылықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығы-мен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.

Құрылықтық ( континенталдық)-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті,ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.

Индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт- дәстүрлер, діни әдет- ғұрыптар шоғырланған. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері жете тармақталмаған. Олар бірінің ісіне бірі араласа береді. Бұл елдерде авторитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған. Бұған Азия, Африка, Латын Америкасының көптеген елдері жатады.

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементерінің іс- әрекетіне бақылау жасайды.

Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлылығын көрсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыққа ала отырып қарастырған жөн.




  1. Бақылау сұрақтары:

  1. «Жүйе» ұғымын XX ғ. 20 ж. ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи кім болды?

  2. Қоғамды жүйелік түрде алғаш талдаған ғалым?

  3. Саяси жүйе теориясы қашан пайда болды?

  4. Саяси жүйенің қызметтері?

  5. Саяси жүйенің негізгі төрт бөлігі?

  6. Саяси жүйенің жіктелуі жөніндегі ғылымдардың пікірі?

  7. Батыс саясаттанушыларының саяси жүйені жіктеуі?



3.Теориялық мәліметтер:

1. «Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұсыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару ақасында дамиды.

Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен ( эконо-микалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйе тероиясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипат-тайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғам-дық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің , мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтарымен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Шығыс- саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап- тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап- тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарла-маларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп «кіріс» пен «шығыс» әрдайым бір- біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылдан-ған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.

Д. Истонның идеялары Г. Алмонд одан әрі дамытты. XXғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Амери-касы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни иституционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеумет-тік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат- мүддесіне сәйкес адамдар-дың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік- саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрылдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүгізеді.

5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекет-терден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал- әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көріністі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.



2. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.

Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партия-лар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жы-ныстық , кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат- мүдделерді білдіріп, қоғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп-ті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс- тұрыс, іс- әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Мемелкеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.

Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркен-детудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады.Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени- тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын бас-қарады. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.

Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіре-се, феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішін-дегі ең озбыры католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын- сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатты қудаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономика-лық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйнетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тіртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғыр-намаларда, бағдарламаларда, шешімдерде саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

Саяси жүйенің басты қызметі- қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау- дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан- жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағы-дай атқарады.

Біз осыған дейін бір мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҰ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты («Шығыс пен Батыс» қатынастары) болуы да мүмкін.



3. Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайд, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайда-ланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.

Ал У. Ростау және т.б. «экономикалық өсу сатысы» деген тұжырымда-маны алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жыл-жу) қоғамы; 4) индустриалдық және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постин-дустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және фео-далдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализиді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.

Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне биік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс- әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық сала-сын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басын-дағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парла-мент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтарымен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұра-ды, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтармен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) комму-нистік жүйе. Ол әлеуметтік иеліктің тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық- консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақ-талады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмен-дегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын- америкалық, құрылықтық- еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым- жартылай индустрияланған, тотали-тарлық.

Саяси жүйенің ағылшын- америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің біріңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдында қойған саяси мақсат – мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс- тәсілерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сияқтық либералдық құнды-лықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.

Құрылықтық (континенталдық)- еуропалық саяси жүйенің саяси мәде-ниеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.

Тоталитарлық жүйеде жіктеудің саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс- әрекетіне бақылау жасайды.

Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын көрсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыққа ала отырып қарастырған жөн.
4.Бақылау сұрақтары:

1. «Жүйе» ұғымын кім және қашан ғылыми айналымға енгізді?

2. Саяси жүйе теориясын қашан және кім ойлап тапты?

3. Саяси жүйенің қызметтері?

4. Саяси жүйенің негізгі төрт бөлігі?

5.Саяси жүйе саяси тәртібіне (режиміне) қарай нешеге бөлінеді?

6. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйе нешеге жіктелді?

7. Құрлықтың ( континентальдық) еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары?



5- апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 9.Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.

10.Қоғамның саяси жүйесі

1. Әлемде қанша ұлт, халық және ұлыстар өмір сүреді.

а) 2,5 мыңнан астам

ә) 3 мыңнан астам

б) 2 мыңнан астам

в) 1,5 мыңнан астам
2.Әлем халықтары неше мемлекетке топтасқан

а) 225


ә) 200

б) 275


в) 250
3.Неміс ғалымдардың есептеуінше әлемде бүгінгі күндері қанша түрлі тілдер бар.

а) 4661


ә) 5661

б) 3661


в) 2661
4. Белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық тұтастық құбылыс.

а) Қауым



ә) Ру

б) Этнос


в) бірлестік
5. «Этнос» термині қай тілден алынған .

а) Грек


ә) Латын

б) Неміс


в) Орыс

6. Бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана -сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

а) Ассимиляция

ә) Сегрегация

б) Дегригация

в) Социализация

7. Халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті

а) Геноцид

ә) Сегрегация

б) Ассимиляция

в) Социализация

8. Адамдарды шығу тегіне байланысты дербес өмір сүруін болдырмауға бір ұлттың өкілі болу құқын жою мақсатында қырып, оны тып типыл ету үшін жүргізілетін қудалау.

а) Геноцид

ә) Сегрегация

б) Ассимиляция

в) Социализация

9. Саяси әрекеттердің түрлі түрлері іске асқан субъектівті себептермен процесс.

а) Саяси әрекет

ә) Саяси жүріс – тұрыс

б) Саяси қатысу

в) Саяси белсенділік
10. Саяси позицияның белгілі бір іспен алдын – ала себептелумен және мақсатқа жетумен байланысты биліктік мүддені жүзе асырудағы саяси субъектілер әрекет формаларының барлық жиынтығы.

а) Саяси қатысу



ә) Саяси жүріс – тұрыс

б) Саяси әрекет

в) Саяси белсенділік
11. Саяси субъектілердің саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал жасауға қолданылатын құралы ретіндегі түрлі саяси әрекеттер формасы.

а) Саяси қатысу



ә) Саяси белсенділік

б) Саяси әрекет

в) Саяси жүріс – тұрыс

12. Саяси субъектіні саяси процеске толығынан және де саяси әрекеттің бөлек формасы шеңберінде қатысу.

а) Саяси әрекет

ә) Саяси қатысу

б) Саяси белсенділік

в) Саяси жүріс – тұрыс
13. Ұлт деп жер, тiл, экономикалық, мәдениет ерекшелiктерi мен психолигиялық ортақтығы кезiнде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтiк-этникалық бiрлестiктерiн айтады .

а) адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге

ә) бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтiк құқықтық әрекеттердiң ерекше түрiн айтады.

б) белгiлi бiр топтың жиынтығы.

в) бiр немесе бiрнеше әлеуметтiк белгiлерiмен бiрлескен алдамдардың жиынтығы.

14. "Этнос" сөзi қандай мағынаны бередi?

а) мемлекет.

ә) тайпа, халық .

б) президент.

в) бiртұтас, бiрiккен.

15. Адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтiк құқықтық әрекетердiң ерекше түрiн...

а) әлеуметтiк топ.

ә) ұлт.

б) этникалық саясат.

в) ұлттық саясат .
16. "Этнос" сөзi қай тiлден алынған және қандай мағына бередi?

а) Гректiң тайпа,халық деген сөзi .

ә) орыстың ел деген сөзi.

б) немiстiң тайпа,ру деген сөзi.

в) гректiң адам деген сөзi.

17. Ассимиляция дегенiмiз не?

а) Бiр халықтың өз тiлiн, мәдениетiн,, сана-сезiмiн жоғалтып екiншi халыққа сiңiп кетуiн айтады .

ә) ұлттық ерекшелiктi сақтау.

б) ұлттық жетiстiктердi насихаттау.

в) бiр ұлттың мәдениетiн екiншi ұлтқа мойындау.

18. Этносаяси жанжал тудыратын мәселенiң бiрi ...

а) Этносаяси жанжал.

ә) Этностық ұлтшылдық.

б) Этникалық ұлтшылдық .

в) Этносаяси шиеленiс.

19. Мәмiле деп ненi айтамыз?

а) Дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешiрiмдiк бiлдiрiп, ымыраға келуiн айтады .

ә) саяси жанжалды мәмiлеге келу арқылы бейбiт жолмен шешуiн айтады.

б) Екi жақты бiрiн-бiрi ұғынысып,өзара кешiрiмдiлiк жасап,ортақ келiсiмге келуiн айтады.

в) Бiр жақтың күшi айтарлықтай басым болғанда, екiншi жақ жеңiлгенде немесе толық жойып жiбергенiн айтады.



20. Қазақ хандығының тарихында өшпес із қалдырған:

а) Асан қайғы

ә) Жошы хан

б) Қасым хан, Абылай хан, Тәуке хан

в) Шыңғыс хан

21. Саясатта шектен шыққан көзқарастар мен шараларды жақтаушылық

а) экстремизм

ә) радикализм

б) ревизионизм

в) пацифизм



22. Ш.Уәлихановтың экономикалық, әлеуметтік саяси реформаға үлкен мән берген еңбегі?

а) "Білім туралы"

ә) "Бақытқа жету туралы"

б) "Азаматтық туралы"

в) "Сот реформасы жайында хат"

23. Дәстүрлі мемлекеттердің артта қалушылығын жеңудің динамикасын аша түсетін алуан түрлі кестелер мен талдау модеьдерінің жиынтығы

а) саяси мәдениет теориясы

ә) саяси технологиялар әдісі

б) саяси жүйе теориясы

в) саяси жаңару теориясы
24. Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілрмен бірлескен адамдар жиынты.

а) Мәдени топ

ә) Саяси топ

б) Әлеуметтік топ



в) Қоғамдық топ

25. Еңбектің қоғамдық бөлінуі нгізінде жұмыс істейтін әлуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығы.

а) Қоғамның саяси құрылымы

ә) Қоғамның әлеуметтік құрылымы

б) Қоғамның мәдни құрылымы

в) Қоғамның мемлекеттік құрылымы

26. Қоғамның құрамына кіретін бгілі бір топтардың жиынтығы

а) Саяси жіктелу

ә) Мәдени жіктелу

б) Әлеуметтік жіктелу

в) Тарихи жіктелу

27. Адамның саяси ілімдерді, режелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасымен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс- әрекетке дайындалу процессі.

а) Мәдени әлеуметтену

ә) Қоғамдық әлеуметтену

б) Саяси әлеуметтену

в) Жан- жақты әлеуметтену
28. Бiр немесе бiрнеше әлеуметтiк белгiлерiмен бiрлескен адамдар жиынтығы?

а) әлеуметтiк жiктеу.

ә) әлеуметтiк құрылым.

б) әлеуметтiк топ .

в) этникалық бiрлестiк.

29. Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi негiзiнен жұмыс iстейтiн әлеуметтiк топтар мен олардың өзара қатынас жүйесiнiң жиынтығы ?

а) әлеуметтiк топ.

ә) қоғамдық әлеуметтiк құрылым .

б) әлеуметтiк жiктелу.

в) этникалық бiрлестiк.

30. "Страт" қандай мағынаны білдіреді?

а) топ.


ә) қабат.

б) ұжым.


в) ұйым.

31. Қоғамның құрамына кiретiн белгiлерi бiр топтардың жиынтығы?

а) әлеуметтiк құрылым.

ә) әлеуметтiк жiктеу .

б) әлеуметтiк топ.

в) этникалық бiрлестiк.

32. К.Маркстің пролетариаттың ең төменгі қабатын айқындау үшін енгізген термині

а) компьен.

ә) люмпен.

б) буржуа.

в) охлократия.

33. Әлеуметтік топ -...

а) Салыстырмалы тұтастықпен ерекшеленетін, тарихи және әлеуметтік әрекеттің дербес субъектісі ретіндегі нақты өмір сүретін, эмпиризмдік белгіленетін жеке адамдар жиынтығы

ә) Негізінде өзара әрекеттестіктер жатқан бірлестік

б) Араларында белгіленген қатынастар, байланыстар іскс асырылатын

адамдар

в) Қоғамның тұрақты дамуын камтамасыз ететін ерекше, өзгеше құрылым.

34. "Әкiмдер, қорғаушылар,өндiрушiлер" деп адамдарды 3 топтарға бөлген кiм?

а) Вебер.

ә) Платон .

б) Аристотель.

в) Августин.

35. Адамға нақты саяси жүйеге бейімделуге және де онда белгілі бір қызметтерді атқаруға мүмкіндік беретін қасиеттермен ептіліктердің қалыптасуына алып баратын қоғамның қалыптасып қалған саяси мәдениетінің стандарттарын біртіндеп игеру процесі

а) саяси қатысу.

ә) саяси мәдениет.

б) саясилану.

в) саяси әлеуметтену.

36. Адам мен билік институттары арасындағы психологиялық тұрғыдан қалыпты өзара әрекетті бейнелейтін саяси әлеуметтенудің түрі

а) гармониялық .

ә) гегемонистік.

б) кері әлеуметтену.

в) әлеуметтену.

37. “Өзінікінен” өзге барлық әлеуметтік және саяси нормаларға теріс көзқараста болатын әлеуметтенудің түрі

а) гармониялық.

ә) гегемонистік.

б) кері әлеуметтену.

в) әлеуметтену.

38. Білімдерді таңдауға және меңгеруге, билікпен өзара әрекеттесудің нормалары мен тәсілдеріне адам тарапынан болатын ықпалды сипаттайтын әлеуметтенудің түрі

а) кері әлеуметтену (ресоциализация).

ә) гегемонистік

б) гармониялық

в) әлеуметтену

39. Саяси қатынастарға :

а) таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамдардың

ә) мемлекет,саяси партиялар, кәсiподақтар, кооперативтер, жастар т.б. ұйымдар мен бiрлестiктер жатады.

б) саяси институттар өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелерi айтады азамат пен мемлекеттiң арасындағы қатынастар кiредi негiзiн құрайды.

в) белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әркеттердiң ұқсастық жиынтығын.

40. Саяси ғылымдардың американдық ассоциациясы қай жылы құрылды?

а) 1857ж

ә) 1903ж

б) 1949ж


в) 1880ж

41. Мемлекет деген атауды, ғылымға, әдебиетке алғаш енгізген ғалым?

а) Н.Макиавели

ә) Жан Жак Руссо

б) Томас Джефферсон

в) Ш.Л.Монтаскье


42. Н.Макиавеллидің еңбегі?

а) Құдай қаласы

ә) "Тәуелсіздік декларация"

б) Өмірлік бейбітшілік

в) "Патша", "Флоренцияның тарихы"
43. «Жүйе» ұғымын ХХ ғ . 20 жылдарында ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы.

а) Истон

ә) Фон Борталанфи

б) Алмонд

в) Шарон

44. Қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы.

а) Әлеуметтік жүйе

ә) Саяси жүйе

б) Тарихи жүйе

в) Мәдени жүйе


45. Саяси жүйе атқаратын қызметтердің саны.

а) 3


ә) 4

б) 5


в) 2
46. Мемлекет (Ұйымдар, Мекемелер), саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер.

а) Саяси қатынастар

ә) Саяси институттар

б) Саяси ережелер (нормалар)

в) Саяси мәдениет
47.Қоғамдық жүйенің екінші бөлігі.

а) Саяси ережелер (нормалар)

ә) Саяси қатынастар

б) Саяси мәдениет

в) Саяси құрылым

48. Саяси жүйенің үшінші бөлігі

а) Саяси қатынастар

ә) Саяси мәдениет

б) Саяси ережелер нормалар

в) Саяси институттар


49. Саяси жүйенің төртінші бөлігі.

а) Саяси қатынастар

ә) Саяси ережелер (нормалар)

б) Саяси мәдениет

в) Саяси институттар
50. Марксизм ілімі бойынша қоғамның дамуы неше формациядан тұрады.

а) 4


ә) 5

б) 3


в) 2

51. Саяси жүйе басқару тәртiбiне қарай:

а). демократиялық,монархиялық.

ә) федералдық, конфедерациялық.

б) демократиялық,авторитарлық, тотаритарлық

в) республикалық,тотаритарлық.

болып бөлінеді

52. Саяси жүйе басқару тәртiбiне қарай:

а) демократиялық,монархиялық

ә) федералдық, конфедерациялық.

б). демократиялық,авторитарлық, тотаритарлық .

в) республикалық,тотаритарлық.



53. “Тақсыр” атты еңбектің авторы

а) Аристотель

ә) Платон

б) Н. Маккиавелли

в) Т. Гоббс

54. Алғашқы болып саяси зерттеулерді дербес ғылыми бағыт ретінде негіздеген

а) Ж.Ж. Руссо

ә) Н. Кузанский

б) Н. Макиавелли



в) Т. Гоббс

55. Көне гректерде саяси ғылымға мол үлес қосқан ойшылдар?

а) Сократ, Платон

ә) Анексимен, Анексимандр

б) Платон, Аристотель

в) Фалес, Сократ

56. “Ақпараттық қоғам” тұжырымдамасының авторы

а) Фукуяма

ә) О.Тоффлер

б) Ж.Делез

в) Э.Эриксон

57. Платонның пікірінше мінсіз мемлекеттің басында тұруы тиіс адам

а) тайпа көсемі

ә) әскери басшы

б) философ

в) етікші

58. “Республика туралы”, “Заңдар туралы” атты еңбектердің авторы

а) Сенека

ә) Цицерон

б) Н. Макиавелли

в) Ф. Аквинский

59. "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" атты еңбектердің авторы?

а) Аристотель

ә) Платон

б) Сократ

в) Фалес

60. Т. Гоббстың мемлекеттің мәні жайлы еңбегі

а) “Левиафан”

ә) “Жаңа Атлантида”

б) “Тақсыр”

в) “Саясат”

61. А.Августиннің теократиялық көзқарасы оның қай еңбегінде келтірілген?

а) "Патша"

ә) "Билеушілердің басқаруы туралы"

б) "Құдай қаласы туралы"

в) "Теологияның жиынтығы"

62. Фома Аквинскийдің христиан дінінің саяси теориясын жасап және оның саяси көзқарастары келтірілген еңбегін атаңыз?

а) "Саясат туралы"

ә) "Тит Ливлидің бірінші он күдігі жөнінде ойлар"

б) "Билеушілердің басқаруы туралы"

в) "Құдай қаласы"

63. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі қай ғалымның есімімен байланысты?

а) Имануил Кант

ә) Томас Пейн

б) Томас Джефферсон

в) Сен-Симон, Фурье, Оуэн.

64. Томас Джефферсон қандай маңызды кұжат жазды?

а) "Тәуелсіздік декларациясы"

ә) "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы теорияның идеалары"

б) "Өмірлік бибітшілік"

в) "Категориялык императив"

65. Саяси ілімнің атасы ретінде есептеліп жүрген орта ғасырлық мұсылман ойшылы

а) әл-Кинди

ә) әл -Марвази

б) Ибн Халдун

в) әл-Омари



6- апта 5,0 балл

11.Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам

1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

2.Мемлекеттің шығу және оының мәні.

3.Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары.

4.Мемлекеттің типтері.

5.Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.

6.Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.

7.Азаматтық қоғам ұғымы .

8.Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы.

9.Азаматтық қоғамның құрылымы.




  1. Теориялық мәліметтер:

1. Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру- ру, тайпа- тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

Қоғам таптарға өлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір- бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.



2. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Арисотель еңбектернің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы- Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптаса-тын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте- мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауым-дастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар,қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет- ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық,саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі- әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

- ұлттық- этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмеді;

- жеке тұлға мен азаматтық абройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел- жұртқа келіп- кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана- сезімі, жүріс- тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдар-ды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалып-тастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конститутцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалды, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократия-лық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдыңғы бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан- жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымас-тығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жааптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылық-тың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекет-те адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.

Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы- қарарларымен кіргізіл-мейді. Ол үшін мемлекет жан- жақты дамып, пісіп жетілуі керек.



3. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

Мемлекеттің егемендігі. Ол- ішкі және сыртқы істерін ақарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.

Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.

Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бірұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.

Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де, өз еркінде. Ал мемлекет-тің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.

Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестік-терден ерекшелендіреді.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері ( функциялары) болады.



Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми- техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;

ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл- ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;

б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с басшылық етеді;

в) мәдени- тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу- ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштердіқұрып, ұстап, пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; ә) өзін- өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым- қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті- қоғамның тұрақтылы-ғын орнатып, қылыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

4. Бақылау сұрақтары :

1. Аумақтық (территориялық) бөліну?

2. Азаматтық қоғам қалай пайда болды?

3. Азаматтық қоғамның құрамы?

4. Азаматтық қоғам экономикасының негізі?

5. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы?

6. Қай кезде құқықтық мемлекет қалыптасады?

7. Мемлекеттің белгілері?

8. Мемлекеттің негізгі қызметтері?

9. Мемлекеттің тәуелсіздігі?



12.Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам
1.Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. ”Әлеуметтік” мемлекет және оның эволюциясы.

2.Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары.

3.Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Кеңес империясы күрегеннен кейін оның орнына келген тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде президенттік жүйе президенттік лауазымнан кейін пайда болды. Тәуелсіз елдер алдымен өздерінің президентін сайлап алды. Саясаттану ғылымында «Президент пен Президенттік жүйе» туралы түсініктердің шегін белгілеп аудың қажеттігі туды.

Президенттік жүйе- бұл экономикалық, әлеуметтік, саяси, ха-лықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жетіліп, өзгеріп отыратын конституциялық институт. Осымен бірге ол ең жоғарғы сайлап қойылатын саяси институттар әрі саяси және қоғамдық құрылым. Президенттік жүйе өз құрамына үкіметті, министрлер мен ведомстваларды, бюрократтық аппаратты қамтитын атқарушы билік жүйенің биік шыңы әрі көп салалы мемлекеттік жүйенің бір бөлігі.

Президенттік жүйе билік институты ретінде президенттік сайлау тәртібін, оның билік басында боу мерзімін, президенттің өкілеттігін, оны орнынан тайдыру (импичмент) процедурасын , президенттің халық пен атқарушы билікпен, парламентпен, сот билігімен қарым- қатына-сын қамтиды.

Ал президенттің мемлекеттегі ролі ол мемлекет басшысы болып сайланғанмен мемлекеттің заң жүйесінде белгілеген сипатына қарай Парламенттік немесе Президенттік республика екеніне қарай белгіленеді.

Парламенттік республика – Президентті мемлекет басшысы ретінде парламент сайлайды. Оған жергілекті шектелген өкілеттік береді. Ол үкіметті тағайындай алмайды.

Президенттік республикада- мемлекеттік басшылықтың негізгі тұтқаларын өз қолында ұстап отырған күшті президент болады. Ол мемлекет басшыларының дәстүрлі қызметі сыртқы қытынастардың жүргізілуімен , мемлекеттердің атынан әрекет жасауымен, заңдарға қол қоюымен, кешірім жасау және т.б. құқықтармен бірге оған ең жоғарғы атқарушы билік тапсырылады. Ол үкіметті құрады және оған басшылық жасайды. Осы арқылы бүкіл мемлекеттік аппаратты басқарады. Барлық мемлекеттік (сот органдарында) лауазымдарды тағайындау Президентке байланысты. Президентті халық сайлағандық-тан ол парламенттен тәуелсіз, оған және осымен бірге заң шығару процесіне ықпал жасай алады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады.Президенттің осы және басқа қызметі мен міндеттері оны мемлекеттегі басты тұлға етіп белгілейді.

Алайда конституциялық құрылыс мемлекет басшысының құқықтық дәрежесін жоғарыдағы парламенттік және президенттік республикамен шектелмейді. Осымен бірге басқарудың «аралас» түрі де пайда болды. Бұл басқарудың республикалық түріне жатады, мұнда президенттік және парламенттік басқару аралас жүреді.

Президенттік, Парламенттік және аралас республиканың бір- бірінен айырмашылығы ең алдымен мемлекет басшысы Президентті сайлау тәртібіне байланысты болады.

Парламенттік республикада Президент бүкіл халықтың тікелей сайлауында жасырын дауыс беру арқылы сайанады.

Президент кейбір елдерде референдум арқылы сайланады. Мысалы, Сирияда, Египетте Президент осы жолмен сайланады.

Парламенттік және Президенттік республикалардың бір- бірінен екінші өзгешелігі Үкіметті құруда және оның кімге бағынып, кімнің алдында жауапты екенінде.



Парламенттік республикада Үкімет парламенттік негізде қалып-тастырылады да, оны Премьер- Министр басқарады. Үкімет парламент алдында есеп береді, сонымен бірге жеке министр де парламент мүшесі болып табылады. Парламенттік республикада атқарушы үкіметтің өзі іс жүзінде заң шығарушы биліктің жалғасы болып табылады. Сондықтан бұл екеуінің арасында келіспеушілік өте сирек кездеседі. Мұндай басқарудың артықшылығы осында. Ал бұл жүйенің кемшілігі ретінде партиялық жүйенің, осыған сай парламенттік коалицияның солқылдақтығын, осының салдарынан үкіметтің тұрақ-сыздығын айтуға болады.

Президенттік республикада үкімет парламенттен тыс жолмен құрастырылды. Оның мүшелерін парламенттің келісімімен Президент тағайындайды және соның алдында жауап береді. Президент үкіметті таратып жібере алады. Төтенше жағдайларда елге Президент басшы-лық етеді. Президенттік жүйе, парламенттік жүйеге қарағанда елдегі саяси тұрақтылыққа күштірек кепілдік береді. Өйткені ол Конститу-цияда белгіленген мерзімге сайланады.

1990 жылы 25-наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш демократиялық сайлауы болды. Ал 24- сәуірде оның бірінші сессиясы-ның ашылған күні Қазақ ССР-ның тұңғыш Президенті болып Н. Назар-баев сайланды. Сөйтіп республиканың саяси жүйесін қалыптастыру-дың демократиялық саяси институттарын, жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырудың кезеңі басталды.

Президенттік жүйе Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конститу-цияда заң жүзінде бекітілді. Рас бұл Конституцияда белгіленген мемлекет басшысының құқықтарымен міндеттері белгілі дәрежеде шектеулі болатын, әлі бізде дәстүрлі формадағы президенттік басқару жүйесі жасалды деп айтуға болмайтын еді. Ал Республиканың 1995 жылы қабылдаған Конституциясы еліміз Президентінің мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазым иесі, халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі, конституциямыздың, адам және азаматтың құқы мен ботандығы бұзылмайтындығының символы мен кепілі ретіндегі жаңа дәрежесін белгілеп берді.

2. Қазақстанда Президент қызметі тұңғыш рет 1990ж.24 сәуірде Жоғ. Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғ. Кеңес 6 жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Қ Р-ның тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаєв сайланды. Конституцияға 1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды. Мемлекет басшысы ретіндегі Қ.Р. П- нің өкілеттігін былайша топтастыруға болады: Ел Парламентінің қызметімен байланысты құқықтарымен міндеттері: Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған Заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Үкіметке сенімсіздік білдірілгенде, Премьер- Министрді тағайындауға келісім беруден Парламент қатарынан екі рет бас тартқанда, Парламент палаталарының арасында немесе Парламент пен мемл. Биліктің басақа да тармақтарының арасында болған елеулі пікір алшақтығынан саяси дағдарыс туғанда Парламентті тарата алады.

Ел Үкіметінің қызметімен байланысты құқықтарымен міндеттері: Парламенттің келісімімен Үкімет басшысын- Республика Премьер- Министрін қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады; Премьер- Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Үкімет құрамына кірмейтін орт. Атқарушы органдарын белгілейді, таратады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды отырыстарына төрағарлық етеді; Үкіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облыстар, респ. маңызы бар қалалар әкімдері мен Астана әкімі актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Үкімет басшысының ұсынуымен Республика-ның мемл. бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызмет-керлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесін бекітеді; Өз бастамасы бойынша да, Үкіметтің мәлімдемесі бойынша да, сондай- ақ, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да Үкіметтің өкілеттігін тоқтату не оның орнынан түсуі туралы шешім қабылдайды және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатады; Парламенттің келісімімен ҚР Ұлттық банкінің Төрағасы, сондай- ақ, Парлемент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қаіпсіздік камитетінің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қорғаныс пен сырқы қарым- қатынастар саласындағы құқықтары-мен міндеттері: Президент ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; Жоғарғы қолбасшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әскери доктринаны бекіте-ді; Қауіпсіздік Кеңесін құрады және оны басқарады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында не оның жекелеген аумағында әскери жағдай енгізеді; ішінара не жалпы жұмылдыру жариялайды; Сыртқы саясатқа басшылықты жүзеге асырады және халықар қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді; келіссөздер жүргізіп , ҚР-ның халықар қатынастарын бекіту грамо--таларына қол қояды, шет мемлекеттердің елде тіркелген дипломат және өзге өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Президенттің Конституцияда бекітілген басқа да өкілеттіктері бар: Президент өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, нормативке сай мазмұнда да, бейнормативтік мазмұнда да жарлықтар және құқықты қолдану құжаттары болып табылатын өкімдер шығарады; Сондай- ақ, Конституцияның 54-бабының 4- тармағына сәйкес Парламент Прези-дентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен, бір жылдан аспайтын мерзімге Заң шығару өкілеттігін беру мүмкін, сонда Конституцияның 61-бабының 2- тармағына сәйкес, Президент Заң күші бар Жарлықтар шығарады.

2000ж. 27 маусымда ҚР Парламенті палаталарының біріккен отыры-сында Елбасының өмірлік мәртебесін анықтаған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы» ҚР-ның конституция-лық Заңы қабылданды.

3. Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемл. билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Бұл өкілеттікті президен Парламентте бекітілетін заңдарды қарау, басқа мемл. органдармен өзара байланыс жасау процесінде пайдаланады.

ҚР Конституциясында белгіленген тәртіппен президент ҚР-ның егемендігін , оның тәуелсіздігін, мемл. тұтастығын қорғау шараларын қолданады, мемл. биліктің барлық тармағының келісімді жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз етеді. Ол конституцияға және заңдарға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықар қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.



Қ.Р. П-н конституцияға сәйкес (41- бап) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмілетке толған аза-маттары жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. 40 жасқа толған, мемл. тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын (41- бап), соттылығы жоқ, тумысынан республика азаматы президент болып сайлана алады.

Бір адам қатарынан екі реттен артық мерзімге президент болып сайлана алмайды. (42-бап). ҚР П-нің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі тамыз айының алғашқы жексенбісінен кешіктірмей тағайын-дайды және ол жеті жылдан кейін тиісті жылдың алғашқы жексен-бісінде өткізіледі. Оның өткізілу мерзімі Парламенттің жаңа құрамы-ның сайлауымен бір мезгілге сай келмеуге тиіс. Қ.Р. П-нің кезектен тыс сайлауы президент қызметінен келтірілген, не қайтыс болған күн-нен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Сайлаушылар-дың 50 % -дан астамы қатысса, сайлау өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 % - ынан асамын жинаған кандидат сайланды деп саналады. Егер бір де бір кандидат көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған ең көп дауыс санын жинаған 2 кандидат жіберіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. Қ.Р. П-н сайлау мәселелері конституциялық заңмен реттеледі. Ел Конституциясында Қ.Р. П-н сайлаудың парламенттен тыс тәсілі белгіленген. Мұның өзі президент басқаратын республикаға тән сипат. Мұндай жағдайда мемлекет басшысы өз мандатын. Тікелей халықтан алады. Бұл президенттің мемлекеттік істер үшін жауап-кершілікті өз мойнына барынша толық алуына мүмкіндік береді. Қ.Р.П-нің өкілді органның депутаты болуға өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ, сондай- ақ, ол өз өкілеттігін атқару кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қ.Р.П.-нің құзыреті ҚР Конституциясының 44,45- баптарында белгіленген. Қ.Р.П. Қазақстан халқына салтанатты түрде ант берген сәттен бастап өз өкілеттігін атқаруға кіріседі және бұл өкілеттік жаңадан сайланған Қ.Р. П.-нің қызметіне кіріскен кезінен бастап, сондай- ақ, қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген жағдайда, не науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі анықталған жағдайда, не қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Мұндай жағдайда Президент өкіметтігі қалған мерзімге Парламент Сенатының төрағасына, оның бұл өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Парламент Мәжі-лісінің төрағасына, оның да өкілеттікті қабылдауы мүмкін болмаған ретте Республика Премьер- Министріне көшеді. Президент өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның ҚР Конституциясына өзгерістер мен толық-тырулар енгізу жөнінде бастама көтеруге құқығы жоқ. Қ.Р.П. өзінің міндеттерін атқаруы мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады және осы іс- әрекеті үшін оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны Парламент қызметтен кетіре алады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттары санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғ. сот қорытын-дысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палата депутаттарының кемінде төрттен үшінің дауысымен қыбылданады. Айып тағылған кезден бастап 2 ай мерзімде түпкілікті шешім қабылданбаса, Прези-дентке тағылған айыптың , күші жойылады. Кезектен тыс сайланған Қ.Р. П- нің өкілетігі кезекті Президент сайлауында сайланған Қ. Р. П. қызметіне кіріскенге дейін жалғастырылады. Бұл сайлау кезектен тыс сайлаудан кейін 7 жыл өткен соң, желтоқсанның алғашқы он күнінде өткізілуге тиіс.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Президенттік жүйе?

2. Парламенттік республика?

3. Президенттік республика?

4. Қазақстанға Президент қызметі қашан енгізілді?

5.Үкімет қызметімен байланысты құқықтар мен міндеттер?

6.Қазақстан Республикасының Президенті?

7. Қандай жағдайда президент міндетін кімдер атқаруы мүмкін?



6- апта 5,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 11.Мемлекет және азаматтық қоғам

12.Мемлекет және азаматтық қоғам

1. Мемлекет басшысын халық немесе арнайы сайлау коллегиясы сайлайтын басқару формасы

а) Монархия.

ә) Республика.

б) Диктатура

в) Тирания


2. Белгiлi бiр аумақ шеңберiнде адамдардың әлеуметтiк топтар мен бiрлескен қатынастармен қызметiн ұйымдастыратын бақылайтын қоғамдық саяси жүйесiнiң негiзгi элементiн не деп атайды?

а) экономика. .

ә) мемлекет

б) саясат.

в) әлеуметтану.

3. Мемлекет басқару түрiне қарай нешеге бөлiнедi?

а) 6.

ә) 2.


б) 3 .

в) 8.


4. Белгiлi бiр саяси тәуелсiздiгi бар бiрнеше мемлекеттiк құрылымының бiрiгiп одақтың жаңа мемлекет құруы не деп аталады?

а) ұйым.


ә) конференция.

б) федерация .

в) унитарлы.

5. Мемлекет құрылысына қарай қалай бөлiнедi?

а) дұрысы жоқ.

ә) монархиялық, республикалық.

б) территориялық, мемлекеттiк.

в) унитарлы, федерация,конфедерация .

6. Монархия қанша түрге бөлiнедi?

а) 2 .


ә) 3.

б) 8.


в) 10.

7. Мемлекеттiк билiк атадан балаға мұра болып қалу не деп аталады?

а) монархиялық .

ә) республикалық.

б)унитарлы.

в)дұрысы жоқ.


8. Унитарлы қай тiлден шыққан сөз?

а) грек.


ә) латын .

б) түрiк.

в) орыс.

9. Көне гректің мемлекет туралы ілімдеріндегі “қара тобырдың” билігі:

а) полития.

ә) олигархия.

б) охлократия .

в) демократия.

10. Жаңа заманның қай ойшылы өкіметті заң шығарушы, атқарушы және

одақтық федерацияға беледі?



а) Р.Декарт.

ә) Дж.Беркли.



б) Т.Гоббс,

в) Дж.Локк.

11. Қоғамдағы болып жатқан оқиғаларды танып бiлуге,болашақты болжауға мүмкiндiк беретiн саясаттану қызметiнiң қай түрiне жатады:

а) реттеушiлiк, басқараушылық қызметi.

ә) бағалау қызметi.

б) болжау қызметi.

в) танымдық қызмет .

12. Саяи билік шағын топтың (байлардың, әскерилердің және т.б) қолында болатын режим

а) охлократия.

ә) тимократия.

б) олигархия.

в) тирания.

13. Тирания бұл ...-

а) бiр адамның озбыр билiгi .

ә) ақсүйектер билiгi.

б) көпшiлiк билiгi.

в) халық билiгi.

14. Демократия қай тiлден алынған:

а) латын.

ә) грек .

б) араб.

в) парсы.

15. Демократия қандай мағынаны бiдiредi?

а) мемлекет басшысы.

ә) ел тапшылығы.

б) халық билiгi .

в) үй қожалығын басқару.

16. Азаматтық қоғам - ол...

а) Жеке меншік пен құқыққа сүйенген (негізделген) қоғамдық қатынастар жүйесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет