Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы



бет8/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

11- апта 4,0 балл

21.Тақырыбы: Саяси элита және саяси көшбасшылық.

  1. Саяси элита ұғымы.

  2. Элитаның классикалық теориялары.

  3. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары.

  4. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б.

  5. Саяси элитаның жіктелуі.

  6. Қазіргі элита теориялары.

  7. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

  8. Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде.

  9. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері.

  10. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.


3.Теориялық мәліметтер:

1. «Элита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрып-талған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. Бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінедіде деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита) қатарына кіруге есік ашады.

«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). «Жалпыға бірдей сциология трактатында» (1916) ол «элита-лардың айналу» теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Роберт Михельс (1876-1936) «Саяси партиялар, Демократияның олигар-хиялық үрдістері туралы очерк» (1911) деген еңбегінде «олигархияның темірдей заңын» шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін- өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демок-ратия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға – тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. «Олигархияның темірдей заңы» осы дейді Р. Михель.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) «Билеуші элита» атты еңбегінде АҚШ- тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша , қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Француз саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер «Абсолюттік құқық» деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Фран-цияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы ( күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Сонымен , саяси элита деп қазына – байлықты, қаржы- қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік- саяси процестерге ықпал ету әдіс- тәсілдерін және т.б. зерттейді.

2. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антре-пренерлық түде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда канди-даттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына т.с.с. онша мән беріл-мейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ- та актер болған Рональд Рейган да президентікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялылығымен, үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.

Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс- әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау- жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.

Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді , билеушіні тұйық қоғам-дық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның артықшылығы- саясат-кердің болашақ іс- әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау- жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған наменклатуралық элита жатады.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетінде билік баындағылардың іс- әрекетін сынап, олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне элита деп бөледі. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.

Индияның саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол- жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақ-сүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқараты, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкер-лерінің жоғарғы жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшы-лары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зейнеткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар.

Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін- өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент ап-паратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орын-басарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшыларымен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен, айналысып, байыған-дар баршылық. Олар қаржы- қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағ-лұматтарға иелік етеді.

Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Олар орын-дарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол «сырттан келетін» адамдарға жабық элитаға айналды.

Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азамат-тардан таңдаған жөн.

3. Саяси іс- әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастау-шылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш- жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр- сипатын ғалымдар ерте заманнан – ақ белгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат- жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтарына даналық пен әділеттілік-тің үлгісі болуы керек.

Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық- саяси ұйымға, қозғалысқа , мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман- аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт – бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеег асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін- өзі саяси ұымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың тәртіптің кепілі болу.

Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде мыңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттідік пайда болады. Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялық, парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толыссыз жүріп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен, жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес, қулық- сұмдық, зорлық зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат- мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.

Саяси жетекшіге қарама- қарсы ұғым- саяси бастаушы, көсемсымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс- әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайы талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген) жағдайын пай-далану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.

Саяси бастаушы көбіне білдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.

Өмір дәлелдегендей, кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз бысының іскерлігі, абройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.

Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республика-лардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті. Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі, нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білместік және т.б. себептер өндірістің құлдырауы-на, халықтың әл- ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырды. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Соынң нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.

ТМД елдеріндегі ереуілдер крсеткендей , саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі « сүйікті» деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп, дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс- әрекет жасаса, сырт айналуы оп- оңай.

Саяси көсемді саяси бастаушыдан ( көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес. Оның негізгі еекшелігі- саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.

XX ғасыр аяғында - ақ саясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған. Егер халық көсемнің идеяларын толығымен түсініп, қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп, өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әрқашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың мақсат- мүддесін жай ғана біліп, жинап, құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып, дамытып, дәлелдеп, түзетіп отыруы керек.

Саясаткерлердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімінде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.

Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікте тойтарыс бере алар-лықтай «күшті» болуы үшін мынандай талаптарға жауап беруі керек. Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып, олардың қолдауын қамтамасыз ететін, бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс. Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалған дағдайда ол әрбір сайлаушыға, отбасына, ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.



4. Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

1) тарихи принцип. Мұнда жетекшінің тұрпатын (типін) дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлееуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады:

2) ықпал ету көлеміне қарай жалпыұлттық, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді;

3) таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, бурзуазиның , әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;

4) қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын , оған қарсы шығатындар болып бөлінеді;

5) қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді;

6) бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды. Ол саяси топ бастаушылары бейнесі (имиджі) бойынша былай жіктейді:

1) ту көтерер саяси жетекші . Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндістанда ұлт- азаттық қозғалыстың басшысы болған Махатма Ганди, негірлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқының көсемі Аятолла Хомейни;

2) Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме- дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Мысалы, Л.И. Брежнев, К.У. Черненко, Д.А. Қонаевтар Коммунистік партияның сондай өкілдері болатын;

3) саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде. Мысалы, Американың 40- президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б.Н. Ельцин.

4) өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. Мысалы, Д. Буш, Б. Клинтон, Я.Арафат.

Әрине, өмірде бұл көрсетілген төрт түрі теориядағыдай таза қалпында емес, көбіне аралас күйде кездеседі.

Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлық және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлық жетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялық жетекші болса, алдағы мақсатты белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.

Түріне қарай «формальды», »формальсыз» деп бөліп жүр. Формальды жетекші қатысушылар өздері таңдайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді.

Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:

1) «диагностикалық» міндет: саяси серкелер қалыптасайын деп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; яғни «диагноз» қояды;

2) саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;

3) іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға жұмылдырылады.

Қоғам болған соң, оның өзіне тән қиыншылықтары, қайшылықтары болмай қоймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезінде шара қолданып, өрістетпеуге тырысады. Бірақ бүкіл мәселе оңай шешіле бермейді. Кейде мәселенің түйіні шешілмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бірінші байқап, мәселені көтереді. Олар жағдайды өзгертудің жолын көрсетеді. Егер олардың ұсынған жолы көпшілік жұрттың көңілі-нен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда болуы мүмкін. Оны басқаратын серкелердің шығуы өзінен- өзі түсінікті. Мұндай қозғалыс-тардың өрісі ауқымды болып, түбегейлі жетістіктерге жетсе, қоғамның саяси мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер де болуы ықтимал.

Әлеуметтік жүйенің қандай субъектісі болмасын – жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы басқа ұйымдар сияқты қоғамдық құрамдар - жетекші бола алады. Жетекшіліктің күші өз жақтастарының түпкілікті мақсат мүддесін іске асыра білуінде.

Саяси серке адамдардың көңіл – күйін, ой- арманын, үмітін, ұмтылы-сын, зәрулігін қай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол басқаларға жақын жолдасындай қарап, халықтың мұқтаждығын қанағат-тандырарлықтай қамқоршыл болса, қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.

Нағыз саяси серке шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипаталады. Одан да жақсысы саяси дау- жанжалдардың алдын- ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау- дамайға қатысушылардың өзін- өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелесті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.

Нағыз серке осының бәрін есепке алады. Ол шиеленісті шешудің ең қолайлы тәсілі- оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста бола-тындай жағдайды іздестіру керектігіне олардың көздерін жеткізе білуде. Ол үшін жетекші саяси кикілжіңге қатысушылардың назарын тек өзінің ғана емес, сонымен қатар басқаның да пайдасын ойлайтындай жағдай тудырады. Тіпті, қиын жағдай болса ол, тым болмаса, саяси тепе- теңдікті сақтауға тырысады.

Қоғамдық процесті басқаруға қатысушылардың бәрі бір- біріне ба-рынша қатал, сын көзбен қарайды. Бірақ одан орынсыз күдік, шүбәлану немесе қызғаншақтық тумауы тиіс. Әлемдік тәжірибеде саясаттың қайсы-бір субъектісі болмасын қоғамдық- саяси қажеттілігі, пайдалылығы бар деген ұғым бар. Әрбір субъект , қандай ресми тұлға не топ болсын, егер оның іс- әрекеті заңға сәйкес келмегендігі немесе қоғамға зиян келтіре-тінде құзіретсіздігі дәлелденбесе, саяси қызметке еркін араласа алады.

Серкенің рөлі әсіресе өзгерісті дәуір, өтпелі кезінде зор болады. Мұндай жағдайда оған нақтылы мақсаттарды дұрыс түсініп, жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Сонысымен көзге түседі.

Саяси серкеге қандай қызметтер лайықты? Олардың ішінде негізгілері мыналар: белгілі бір топтың көзқарастарын ескеру, білдіру және қорғау; қоғамның мүддесін өзінен жоғары қою; іс- әрекеттерді ұйымдастыра білу; білімділік; көрегендік; шешендік; саяси мәдениеттілігі, әдептілік, әзіл- оспақты түсіне білуі; өзіне назар аудара білушілік және т.б.

Сонымен қатар әр түрлі дәуір, әлеуметтік топтар мен таптар әр түрлі қасиеттер бар жетекшілерді қалайды. Айталық, футбол командасының капитанына бір қасиеттер жарасса, ғылыми ұжымды басқаруға олар ыңғайсыз болуы мүмкін, ал саяси ұйымдарға жетекшілік етуге үшінші қасиеттер қажет болады.

Саяси қайраткерлердің мәртебесі (статус) бірдей болғанмен, олар өз рөлін әр түрлі түсінуі мүмкін. Біреулері шын мәніндегі саяси серке болса, біразы соларға ұқсампаз болады.

Ұқсампаздар өзінен артық, ақылдырақ біреудің рөлін ойнайды. Ондай саяси қайраткерлер ең алдымен қалай да жұртқа ұнау, қам жейді. Ол халық арасында кең тараған ой- пікірлерді жылдам қағып алады, оның ойынан сөзі жүйрік келеді. Мұндай адамды көбіне популист деп атайды. Ол күрделі мәселелрді сырттай қарағанда тартымды ұрандармен түсін-діруге тырысады. Әдетте, өз бағдарламасына тоқталмай, қарсы жақты, саяси бәсекелесін аяусыз сынайды. Сайлау алдында орындалу, орындалмауына қарамай уәде бергіш келеді.

Саяси серкелікті сөз еткенде қоғамның қозғаушы күшіне тоқталмауға болмайды. Көптеген шетелдердің ғалымдары ондай күшке ұлы тұлғаларды жатқызады. Мысалы, Американың фәлсафашысы Дж. Дьюи: «Қоғам өзі-нің дамуында ұлы көсемдерден серпін, қозғаушы күш алып, бір сатыдан екінші сатыға көтеріледі. Сондықтан ол кездейсоқ себептерге байланысты дамиды» деп пайымдайды. Сол елдің фәлсафашысы Синди Хук «Тарих-тағы батыр» деген еңбегінде тарих ұлы адамдардың еңбегінің нәтижесінде дамиды және оған тек серкелер ғана әсер ете алады деп есептейді. Фрейд батырға табыну жастық шақтан қалыптасады деген болатын. Хук соның сөзін қайталап, бала ең алдымен ата- анасынан, одан соң мұғалім немесе қойған сұрақтарына жауап беретін басқа адамнан тәуелді келеді. Сондықтан тобыр өзін бастайтын көсемді іздейді. Ол отбасында әке қандай рөл атқарады деп тұжырымдайды.

Шетелдерде бұған жақын «элиталар» теориясы бар. Ол жөнінде біз бұрынырақ cөз еткеміз.

Марксистер тарихтың қозғаушы күші халық дейді. Шын мәнінде, ұлы тұлғалар белгілі жағдайда шешуші рөл атқаратынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол объективтік жағдайды өз бетімен қалай болса солай өзгерте алмайды.

Ұлы тұлғаларды шексіз дәріптеу жеке басқа табынуға әкеліп соқ-тырады. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды. Тарих көрсеткендей, қандай башы болмасын оның ақыл- ойы миллиондаған адамдардың тәжірибесіне жетпейді.

Жеке басқа табыну көбіне бірпартиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, оларға жататындар: Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким- Ир- Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т.б. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, адамзаттық, құқықтық мемллекетті орнату қажет.



4.Бақылау сұрақтары:
1. «Элита» терминінің мәні?

2. Саясаттануға элита терминін енгізген кім?

3. Саяси элиталарды қалыптастырудың түрлері?

4. Қазақстандағы элитаның қалыптасуы?

5. Аймақтың элитаға кімдер жатады?

6. Саяси жетекші дегеніміз кімдер?

7. Ұқсампаздар дегеніміз кімдер?

22.Тақырыбы: Саяси элита және саяси көшбасшылық.


  1. Саяси көшбасшылықтың типологиясы.

  2. Саяси көшбасшылықтың түрлері.

  3. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде.

  4. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси лидерлік елеулі жаңалық болағанмен, ол әлі толық жүзеге аспа-ған жаңалық. Осы туралы зерттеу жүргізген Жан Блюндель былай деп. көрсетеді: лидерлік жұртты өзінің оған тән « ғажайыптығымен» таңдан-дырады, ол басқарушылар мен бағыныштыла арасында байланыс туғы-зады, ол көзге көріне бермейді. Сондықтан лидердің еңбегін өлшеп бағалау қиын. Бұл туралы жазылған еңбектер де көбінше баяндау дәрежесінен аспай келеді.

Сонымен саяси лидерлік дегеніміз не?

Мұның анықтамасын беруче саясаттанушылар түрлі тұрғыдан келеді. М.Басстың анықтама кітабында ол тұрғылар бірнеше топқа бөлінген.

Бір інші топ- лидердің жеке басының ерекшелігін және он ықпалын алға тартады, яғни лидердің басқаларды белгілі міндетті орындауға иландыра алу қасиетін атап көрсетеді.

Анықтаманың екінші тобі- лидерлік келісімге келуге мәжбүр ету өнері дегенге саяды.

Үшінші тобы- лидерлікті адамдарды мәжбүр етпей, сендіру, иландыру формасы түрінде қарастырады.

Төртінші тобы лидерліті билікті қатынас ретінде қарастырады, Яни лидер басқарушы мен бағынушы арасында болатын қарама- қарсы әрекеттерді реттеуші.

Бесінші тобы- лидерлік мақсатқа жетудің тетігі, құралы ретінде қарастырылады.

Алтыншы тобы- лидерлік құрылым жасау ретінде, яғни лидерліктің нәтижесі топтық сыбайластық қарым- қатынас жасау деп. баяндалады.

Осының бәрін қорыта келгенде мынандай тұжырым жасауға болады: лидерлік- бір индивид, тұлға топтың қызметіне басқаларға қарағанда он бағыты мен мазмұнына алкен серпін беретін процесс. Басқаша айтқанда, лидер адамдарды айтқанын тыңдататын, соңынан ерте алатын адам.

Саяси лидерлер заңды үкіметте жоғары лауазым иесі болғандықтан өз қызметіне өкілеттік алады. Осыған байланысты қандай адамдардың типі саяси лидер болуға талпынады деген сұрақ туди.

Горольд Лассуэл өзінің осы жөніндегі зерттеуінде мынандай қорытын-ды жасайды: лидер немесе саясаттың адамы өзінің лидер боламын деген жеке мақсатын қоғамдық объектіге көшіріп әкеледі, мунда олар қоғамдық мүдде көзқарасы тұрғысынан пайдаға асырылады. Бұл тұжырым саясаттанушылар арасында кенінен таралды.

Алайда, лидер болуға адамның саясатқа ынталылығы жеткіліксіз. Ол саяси элита болудың таңдауынан өтуге тиіс, ол кез келген қоғамда адамның әлеуметтік тегіне, жағдайына және жынысына да байланысты.

Саяси лидерлердің өмірбаянын зерттеу оларды іріктеудегі басты фактор- әлеуметтік тегі екенін көрсетеді. Әдетте лидерлер бұл лауазымға кіріскен кезде орта жастан жоғары қарай болады. Көптеген елдерде олар әлеуметтік тегі орта таптар болып келеді. Олар көбінше университеттерді немесе колледждерді бітіреді.

Саяси элитаның арасында әйелдер сирек. Элиталар әдетте мемлекеттік қызметтің мектебінен өтеді. Заң қызметі де саясаткерлер шы-нығып шығатын ортаның бірі саналады.

Жан Блондель саяси лидерлер мансабын үш типке бөледі:

1) Саясатта тұрақты жүретін лидерлер. Ол үкіметте көптің көзінде минстрмен тең дәрежеде жүреді.

2) Алғашқы кезде саяси емес мансапты таңдап алған, осы саяси емес мансаптан бірден елдің лидері қатарына көтерілген адам.

3) Бұрын саясатқа түрлі себептермен жолатылмаған, мансапқа саяси режимнің күйреуі себепті келген, сөйтіп саяси мансапқа ие болған адам.

Саяси лидерлік жолы әртүрлі, бірақ оның басты жолы министрлік мансап, көптеген лидерлер осы арқылы жоғары сатыға көтеріледі. Саяси лидердің жоғары көтерілуінде саяси патиялар маңызды роль атқарады. Оған бұрынғы Кеңес одағының тәжірибесі айқын дәлел. Саяси лидердің өрлей беруі көбінше партияға байланысты.

Саяси лидерлік теориясын зерттеуші Фред Принстайн, саясаттағы жеке адамның ролін зерттей келіп, былай деп көрсетеді: Саяси лидердің жеке басының кабілеті саяси жағынан оған қолайлы орта болғанда ғана көрінеді; оның биліктің жоғары сатысына көтерілуі де, төмен қарай домалауы да осыған байланысты, бір сөзбен айтқанда оның нақты қабілеті нақты ситуацияның талаптарына сай келуі керек. Осы тұрғыдан алып ұарағанда нақты саясаткер мен қоршаған ортаның жағдайлары сәтті сәйкес келудің нәтижесі ретінде ғана лидер болады.



2. Горольд Лассуэл өзінің «Психология и политика» деген еңбегінде саяси лидерлердің үш типі бар екенін айқындайды.

Олар:


  1. Үгітшілер;

  2. Әкімшілер;

  3. Теоретиктер.

Осы үш типке мысал ретінде ол дін иесін, Герберт Губерді, К. Марксті келтіреді.

Үгітшінің маңызды қасиеті өмірдегі құндылықты қоғамның эмоциалдық (сезімдік) өмірінде деп біледі. Ол өз есімін адал жолмен, өз саясатын үгіттеу, өз бойындағы биік сезімді ізбасарларына беру арқылы алады. Әкімші өзін- өзі қоршаған ортамен байланысты санайды, ол солар-дың қатынасын реттеп отыруға тырысады. Теоретик- Маркс өз пайым-дауларын кінәрәтсіз, кемшіліксіз ету үшін жылдар бойы оңаша, қайыр-шылық жағдайда еңбек етті. Ол үшін өз пайымдауларын, теориялық тұжырымдарын әлеуметтік қатынастарда пайдаланудан гөрі олардың тео-риялық жағынан аяқталған болуы маңызды болды.

Лидерлікті салалап, жіктеудің үлгісін алғаш рет ұсынғандардың бірі Макс Вебер еді. Оның лидерлерді жіктеуінің негізіне билікті іске асырушы адамдардың беделі алынды. Вебер лидерлікті «бұйрық беру және бағындыра білу» деп түсініп, оны типке, түрге бөлді.

1. Дәстүрлердің қасиетті екеніне сенуге негізделген, дәстүрлік лидерлік (мысал, патриархалдық қоғамдағы басқару);

2. Рационалды, тиімді – жария (немесе бюрократтық) лидерлік, ол өмір сүріп отырған тәртіптің заңдылығына және «ақылға сыйымдылығына» сенуге негізделген;

3. Харизматтық лидерлік, көсемнің табиғатында оның әулиелік, көріпкелдік күші бар деп сену, оның жеке басына табыну. Харизматтық лидерлік, Вебердің пайымдауынша, ел басына қиын жағдай туған кезде пайда болады да, жағдай оңалғаннан, әлеуметтік жүйе тұрақтағаннан кейін ол дәстүрлі немесе бюрократтық лидерлікке айналып кетеді.

Дәстүрлік лидерлік. Вебердің түсіндіруі бойынша мұндай лидерлік жылдар бойы қалыптасқан салт- санаға сүйенеді. Ондай лидер өзінің шыққан тегі- элитаға жататыны арқасында лидер болуға құқық алады. Лидерліктің мұндай түрі индустриялық қоғамға дейінгі қоғамға тән болды. Мыалы, қазақ хандығында билік тұтқасын ұстауға сұлтандар- Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары ғана құқықты болды.

Рационалды тиімді - жария лидерлік индустриалы қоғамға тән. Лидер болу үшін белгілі дәрежеде біліктілік пен талант керек болғанмен, ол заңды, бюрократтық жолдардың көмегімен лидер атанады. Вебер лидерліктің бастау алған осы үш көзін баяндай келіп, оның рационалды- жария түріне артықшылық береді және оның бүгінгі заманның талап-тарына сай келетінін атап көрсетеді.

Саяси лидерліктің қазіргі теориясында лидер өзінің қазіргі дәрежесіне қалай және не себептен жетті деген сұрақтарға баса көңіл бөлінеді. Саяси лидерді іріктеу процесі екі факторға байланыстырылады. Американ саясат-танушы Б. Рокмэннің пікірінше қазіргі саяси жүйеде лидерді іріктеп алу екі жүйе: «гильдин» және «антропренерлік» жүйе бойынша жүргізіледі.

«Гильдин» жүйесі элитаны бюрократтық електен өткізіп іріктеп алады. Бұл жүйе кандидаттың біліміне, лауазымының ерте басталып, үнемі өсіп отыруына ерекше маңыз береді. Кандидат үшін шешуші шарт оның осы жүйеге сіңісіп кетуі, сай келуі және онда қалыптасқан нормаларды жақтап, қолдауы. Іріктеп алу процесін шағын, тұйық топ жүргізеді. «Гильдин» жүйесі лидерлерді оның қатарында қалыптасқан сипатқа сай іріктеп алады. Оның мәні- консенсус , үйлесімдік, сабақтастық.

Лидерлерді іріктеп алудың жоғарыда баяндалған бұл жүйесіне бұрын-ғы Кеңес одағында болған авторитарлық, антидемократиялық, сталиндік жүйелер кірмейді және ол оған қарама- қарсы жүйе еді. Сталиндік номенклатуралық жүйенің элементтері: идеялық сенім, яғни жоғары биліктің принциптеріне құлшылдық, коммизм стеротиптеріне берілгендік, жыныс қатынастары мен моральға қаталдық.

Батыстың бірсыпыра елдерінде лидерлерді таңдап алудың « антро-пренерлік» жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде болашағы бар талапкердің неғұрлым қатаң таңдаудан өтуіне тура келеді. Талапкер көбінше өзін-өзі мансап сатысымен белсене шапшаңырақ жылжытуға тиіс. Кандидатқа қойылатын талаптар көп қырлы. Бұл жүйенің қарама- қайшы жақтары көп, басшылықта тұрақсыздық туғызуы да мүмкін. Лидерлерді таңдаудың бұл жүйесі ең алдымен АҚШ- та кеңінен қолданылады.

3. Еліміздің өтпелі кезең, ескі мен жаңаның араласуы жеке адамның да, сол сияқты саяси институттардың да іс- әрекеттерінің мінезіне елеулі өзгерістер енгізді. Демократиялық қозғалыстың басталуымен байланысты қоғам өмірінің түрлі салалары туалы көптеген саяси шешімдер мен заңдарды дүниеге келтірді. Олардың әсерімен көптеген адамдар саяси өмірге, шешімдер қабылдауға ықпал жасайтын болды. Мұның өзі жаңа саяси институттардың түрлерін көбейту, лидерліктің ролін күшейту қажеттігін туғызды. Біздің елімізде саяси лидерлік проблемасын зерттеу кең өріс алған жоқ. Сондықтан жұрт әлі Президенттен басқа саяси лидерді тани бермейді.

Ал саясаттану ғылымы саяси лидердің кім екенін анықтаудың екі жолы бар деп есептейді: бірінші лидерлер ресми лауазымды адамдар немесе ресми билеуші топтың және шешім қабылдайтын органның мүшесі, екінші, лидерлер ресми лауазымды орында отырмай- ақ, саяси процесте ірі өзгерістер жасаған адамдар болады.

Қазақстан саясаткерлерінің едәуір бөлігі үкіметте жоғары лауазымға ие болу арқылы кездейсоқ лидерлік дәрежеде алады. Өйткені мемлекеттік лауазымды адамның лидер болуы керек. Мәселен, Президент пен Премьер- министр үшін лидерлік талапты іске асыру қиын емес, ал басқалар үшін мұндай мүмкіндік бола бермейді.

Атқарушы биліктің басшысы болу кез келген мемлекетте саясаткерлер үшін ең жоғары орын. Ж. Блондельдің мәліметтері бойынша 1945 жылдан 1980 жылға дейін дүние жүзі мемлекеттерінде үкімет басында болған 1028 еркек пен әйелдің үштен бірі ғана бұл орында бір жылдан бес жылға дейін, алтыдан бірі бес жылдан тоғыз жылға дейін отырыпты. Көпшілік Прези-денттер мен Премьерлердің басқару мерзімі қысқа, ал оған даярлану уақыты ұзақ болып келеді. Олардың көпшілігі өздері шыққан көлеңкеге ауысып жатады. Қандай жағдайда да лидердің жолы ауыр да қауіп- қатерлі.

Лидерлердің тақтан таю себептерінің ең көп кездесетін түрі төмен-дегідей:


  1. Саяси емес себеп (өлім, ауру, зейнеткерлік);

  2. Институционалдық себеп (ерекше тапсырманың аяқталуы, мерзі-мінің бітуі, сайлауда жеңілу);

  3. Үнемі болып тұратын уақиғалар себепті (мемлекет басшысының орнынан алуы, Парламенттің орнынан алуы, дауыс беруде орнынан алыну);

  4. Үнемі бола бермейтін оқиғалар себепті (төңкеріс және басқа күш қолдану әрекеттері).

Бүгінгі Қазақстанда саяси лидерлік институты жаңа қалыптасып келеді. Саяси лидерліктің таңдаулы білім алу, белгілі бір партияның қатарында болу сияқты аса маңызды факторлары әлі қалыптасқан жоқ. Саяси лидерді айқындайтын басты фактор – оның жақтастары, яғни оған билікті алуына кепілдік беретін және олардың алдында есеп беретін адамдары, ұйымы, институты болуға тиіс, лидердің басшылық қызметі осы адамдарға бағытталуға тиіс.

Қазіргі Қазақстан лидерлерінің айқын көрініп тұрған, соңында еретін ізбасарлары жоқ. Мұның себебі, бір жағынан саясаткерлердің билікті қолына алған жағдайда алдына қоятын мақсаты айқын емес, олар қоғамдағы бұрын қалыптасқан жағдайды сақтаймын, мынадай шамалы өзгеріс енгіземін немесе ірі өзгеріс жасаймын деп ашып айтпайды, екінші жағынан түпкі мақсат – билік үшін күрестің өзі шамалы.

Саясаткерлерде осындай тетіктердің болмауы саяси лидерлікті қа-лыптастырудың да сылбыр жүруіне әкеп соғады.

Саяси лидерлікті қалыптастыру тетіктерін жетілдіру саяси институт-тың өз дамуына да әсер етеді, оны жетілдіруге ықпалын тигізеді. Өткені саяси лидерлік өмір сүріп отырған саяси институттың, партияның пайда болуына әсерін тигізеді. Лидердің белсенділігі өзіне байланысты болғанмен саяси институттың өз дамуына да әсер етеді, оны жетілдіруге ықпалын тигізеді. Өйткені саяси лидерлік өмір үріп отырған саяси институттың, партияның қызметін жандандырады немесе жаңа саяси институттың пайда болуына әсерін тигізеді. Лидердің белсенділігі өзіне байланысты болғанмен саяси институт, партия оны қолдап, бағыттап отырады, оның мақсатының саясатқа айналуына, халықпен, азаматтық қоғаммен байланысының нығайюына көмектеседі.

Азаматтардың саяси процестерге жаппай қатысуы, мемлекеттен тәуелсіз саяси партиялар мен бірлестіктердің, мүдделі топтардың көбеюуі номен-клатуралық ресми саясаткерлердің қатарын көбейтіп, жаңа саяси лидерлердің қалыптасына көмекеседі. Мұның үстіне қоғамдық бірлестік-тердің биліктің қиянат жасалуына және азаматтық бостандықтардың бұзылуына қарсы күресі елдегі демократияның қарымын күшейте түседі.

Лидерлікті қалыптастырудың тікелей жолы жетілген партиялық жүйе екенін көрсетіп отыр. Өйткені партия кадрларды даярлайды, іріктеп алады, жоғарылатады, оларға қоғамдық- саяси қызмет тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Болашақ лидерлер партияның кеңселерінде тексеруден, дайындықтан өткізіліп, жоғары ауазымға жолдама алады. Саясат танушылардың бағалауынша партия болашақ саяси қайраткерлер міндетті түрде өтетін қақпа.

Саяси лидерлікті қалыптастырудың тағы бір факторы – орта таптың болуы. Дүниежүзілік тәжірибе саяси лидерлердің көпшілігі орта таптан шығатынын көрсетеді. Бұл- олардың таңдаулы білім алу мүмкіндіктерімен нақты саяси партия қатарында болуымен, мұндай әлеуметтік топтың саяси саяси мәдениеті мен отбасының өзіне тән ерекшелігімен байланысты. Қазақстанда орта тап жаңа қалыптасып келеді, біздің кәсіпкерлер енді ғана өз партиясын құруға әрекет жасап жақында өздерінің бірінші құрылтай съезін өткізді, өз лидері етіп ел Президентін бірауыздан атады. Демек, БҰЛ Қазақстанда орта тап өз партиясын құра бастады деген сөз, енді олардың алдында саяси тәжірибе жинақтап, өздерінің құқықтарымен елдегі саяси процеске ықпалын күшейте беру міндеті тұр.

Республикамызда саяси лидерлік жаңа қалыптасып келеді. Бұл процесс елдегі саяси жүйенің, азаматтық қоғамның, партиялық жүйенің, орта таптың қалыптасуымен бір мезгілде жүре бастады. Саясаттанушылардың алдында еліміз өміріндегі бұл саяси- әлеуметтік процестерге жіті көңіл бөліп, зерттеу беру міндеті тұр.


4.Бақылау сұрақтары:

1.Саяси лидерлік мәселесі?

2. Жан Блондель саяси лидерлер мансабын неше типке бөледі?

3. Горольд Лассуэл саяси лидерлерді неше типке бөледі?

4. Макс Вебер саяси лидерлікті неше типке бөледі?

5. Бүгінгі Қазақстандағы саяси лидерлік институты?

6. Саяси лидерлікті қалыптастыру тетіктері?

7. Дүниежүзілік тәжірибе саяси лидерлердің көпшілігі орташа таптан шығатынын көрсетеді? Себебі не?



Глоссарий

  1. Модернизация

  2. Монархия

  3. Мониторинг

  4. Объективтілік

  5. Олигархия

  6. Оппозиция

  7. Охлократия

  8. Паблик Рилейшиз

  9. Парламент

  10. Патернализм

  11. Пауперизм

  12. Пацифизм

  13. Плебисцит

  14. Популизм

  15. Приватизация

  16. Путч

  17. Реакция

  18. Радикализм

  19. Революция

  20. Рейтинг

  21. Республика

  22. Ресми емес ұйым

  23. Референдум

  24. Реформа

  25. Саясат

  26. Саяси әлеуметтендіру

  27. Саяси бағдарлама

  28. Саяси бостандық

  29. Саяси даму

  30. Саяси жүйе

  31. Сайлау жүйесі

  32. Саяси институт

  33. Саяси интеграция

  34. Саяси коммуникациялар

  35. Саяси жанжал

  36. Саяси дағдарыс

  37. Саяси құндылық

  38. Cаяси мәдениет

  39. Саяси мүдделер

  40. Саяси өмір

  41. Саяси партия

  42. Саяси плюрализм

  43. Саяси процесс

  44. Саяси субъектілер

  45. Саяси тәрбие

  46. Саяси терроризм

  47. Саяси технологиялар

  48. Саяси тұрақтылық

  49. Саяси режим

  50. Сепаратизм

  51. Сөз бостандығы

  52. Стагнация

  53. Сыртқы саясат

  54. Теократия

  55. Технократия

  56. Толеранттық

  57. Тоталитаризм

  58. Унитаризм

  59. Ұлтаралық қатынастар

  60. Ұлттық мәселе

  61. Ұлттық мүдделер

  62. Ұлттық сана

  63. Ұлтшылдық

  64. Фашизм

  65. Федерация

  66. Халық майданы

  67. Харизма

  68. Харизматикалық лидер

  69. Централизм

  70. Шовинизм

  71. Ішкі саясат

  72. Эгалитаризм

  73. Экпансионизм

  74. Экстеремизм

  75. Электорат

  76. Элита

  77. Этатизм


11 апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы 21.Саяси элита және саяси көшбасшылық.

22.Саяси элита және саяси көшбасшылық.
1. Элита терминi француз тiлiнен аударғанда қандай мағынаны бiлдiредi.

а) саясат туралы ғылым.

ә) сұрыпталған, таңдалған .

б) халық билiгi.

в) дұрысы жоқ.

2. Элита терминiн ғылыми айналымға енгiзген ғалым?

а) Платон.

ә) В.Паретто .

б) Аристотель.

в) Макиавелли

3. Қазына байлықты бөлуге және тепе-тең саяси маңызды шешiмдер қабылдауға қатынасы жоғары мәртебесiмен ықпалы бар ұйымдасқан топ

а) саяси топ.

ә) саяси ұйым.

б) саяси элита .

в) дұрысы жоқ.

4. Мемлекеттік билікке ие элита

а) оппозициялық.

ә) басқарушы.

б) ашық.

в) жабық.

5 Үндістан саясаттанушысы Шаран билiк ету қорына байланысты элитаны қандай түрлерге бөледi?

а) маржиналды.

ә) ашық, жабық.

б) дәстүрлi, қазiргi .

в) жауабы жоқ.

6. Саяси элитаның жаңару тәсiлiне қарай қалай бөлiнедi?

а) ашық, жабық .

ә) гильдия.

б) антрапернелiк.

в) дұрыс жоқ.

7. Контрэлитаға жататын...

а) басқарушы элита.

ә) ашық элита.

б) жабық элита.

в) оппозициялық элита.

8. Басқарушы қызметке үмiткердiң ерекше қасиеттерi көпшiлiк жұртқа ұнай бiлу қабiлетi басты орын алуы саяси элиталарды қалыптастырудың жоғары қызметке iрiктеп алудың қайсы түрiне жатады?

а) антрепренерлiк .

ә) гильдия.

б) ашық.

в) маргиналды.

9. "Қоғам iшiндегi байлықты бөуге және жазалауға ықпал етушi үкiмет қызметi" саяси жүйенiң қайсы компоненттерiне жатады?

а) мәдениет.

ә) саясат .

б) жетекшiлiк.

в) құрылым.

10. Саяси элитаның жаңару тәсiлiне қарай қалай бөлiнедi?

а) дұрыс жоқ.

ә) гильдия.

б) антрапернелiк.

в) ашық, жабық .

11. Саяси даму дегенiмiз не?

а) Саяси iс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерiстерге әкелетiн процестердi айтады .

ә) Дәстүрлiк дегендi әдетте рулық, федалдық қғамдарды айтады.

б) қазiргi қоғам индустриалды, жоғары индустрияланғанқғам болып табылады.

в) Дұрысы жоқ.

12. Азаматтардың топтар, билiк институттармен үздiксiз кездесiп мақсат-мүдделерiн бiлдiрiп отыратын саяси процестердiң түрi?

а) Жасырын.

ә) Ашық .

б) Демакратиялық.

в) Антидемократиялық.

13. Ең алғаш рет "саяси мәдениет" ұғымын қолданған ХVIII ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы философы кiм?

а) Аристотель.

ә) Иоган Гердер .

б) В.Паретто.

в) К.Маркс.
14. "саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасындағы қатынасы бар нұсқаулар, мiнез-құлықтың жиынтығы" деп айтқан саясаттанушы?

а) Аристотель.

ә) Е.Вятр

б) Августин.

в) Аквинский.

15. Белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы

а) саяси психология.

ә) саяси идеология.

б) саяси мәдениет.

в) саяси әлеуметтену.

16.Қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тісілдерімен қаруландыратын саяси мәдениеттің қызметі

а) реттеушілік.

ә) теттеушілік.

б) танымдық.

в) тәрбиелік.

17. Саяси мәдениеттiң құрамына мемлекеттегi заңды мақылдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылына жатқызатын типтердiң бiрi?

а) белсендiлiк.

ә) мақұлдаушылық

б) патриархалдық.

в) бақылаушылық.

18. Қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтын, саяси мәдени топтың бiрi?

а) белсендiлiк.

ә) патриархиалық

б) мақылдаушылық

в) бақылаушылық

19. "Азаматтық мәдениет" атты еңбектiң авторлары?

а) Г.Алмонд, С.Верба

ә) Г.Гобба, Г.Гроций.

б) Августин, Аквинский.

в) Маркс, Энгельс.

20. Қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтауды жүзеге асыратын саяси мәдениеттің қызметі

а) біріктірушілік.

ә) қорғау.

б) сабақтастық.

в) тәрбиелік.

21. Таптардың, ұлттардың, мемлекеттің мақсатын қолдайтын коғамдық ойлар

а) экономикалық сана

ә) саяси сана

б) моральдық сана

в) діни сана

22. Белгiлi бiр қоғамға немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сапа мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.Ол :

а) ұйым.

ә) партия.

б) саяси мәдениет

в) мемлекет.

23. Қоғамда үстемдiк еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекше бар саяси бағдарды атайды.Ол:

а) ұлт.

ә) субмәдениет .

б) сайлау жүйесi.

в) ел,халық.


24. Адамдардың шындық өмірге қатынастары аңғарылып, бағаланатын саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастың жүйесі.

а) идеология.

ә) тұғырнама.

б) декларация.

в) доктрина.

25. Ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пiкiрiн анықтау?

а) плебисцит .

ә) мәдениет.

б) саясат.

в) әлеумет.

26. Ғылыми зеттеуге емес қиялға негiзделген iске аспайтын идеологиямен теориялар?

а) саяси утопия .

ә) сенім

б) ел.


в) саясат.
12- апта 4,0 балл

23.Тақырыбы: Саяси технологиялар


  1. Саяси технологиялар ұғымы.

  2. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.

  3. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері.

  4. Саяси технологиялардың құрылымы.

  5. Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы.

  6. Саяси технологилардың типтері.

  7. Саяси технологияларды қалыптастыру және олардың қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының кі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі- өзіндік ігкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп бояу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып, есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, «құлай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі - бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік- экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың «еркін» қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу- осы жолға түскен елдердің әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тзірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.

«Қуалай дамудың» жүзеге асырудың басты амал- әдісі- Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір дңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты- ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.

60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын біріңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

1.Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

2.Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік- экономикалық құрылымы өзгеше.

3.Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік- мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.

Сондықтан 70- 80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бейімделуді дамудың шарты ретінде емес, қызметі ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды.

Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. «Құлай дамумен» қатар «жарым- жартылай», «тығырыққа тірейтін» бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастады.

Кейінгі кезде демократиялануды экономикалық өсудің қажетті шарты ретінде қарау дұрыстыққа жатпайды деп жүр. Бұл жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән берілуде. Онсыз айтарлықтай әлеуметтік- экономикалық жетістіктерге жту қиын.



24.Тақырыбы: Саяси технологиялар

  1. Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері.

  2. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері.

  3. Саяси талдаудың әдістері.

  4. Саяси ақылдасу.

  5. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері.

  6. Саяси шешімдерді қабылдау.

  7. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары.

  8. Дағдарыстық технологиялар.

  9. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары.

  10. қпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары.

  11. Шешім жасау мен қабылдаудың ақпараттық технологияларды. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері.

  12. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылық-тар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамы-мағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құнды-лықтарының бірі саналатын.

Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз.



Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қоласыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарас-тардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағала-ды.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген- марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен- бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен танып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы – қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 ғасырдың 50 жылдарында американдық Ральф Дарендорф « қоғам-ның дау- дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі.

Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг « шиеленістің жал-пы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құбылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айнадысатын конфликто-логия деген ғылым пайда болды. Ол мейрімсіздікке, төзімсіздікке, озбыр-лыққа әкелетін, қоғамды бүлдіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленіс-тердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп , оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады.

Батыстыңң көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктер сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініс-пеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т.т.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салалар-ында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғаш-қы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мйындағанда оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады.

Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасында аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайда, құры-лымды тура басып- жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.

Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау- жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды оппозицияның бар-жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап- тілектері, көзқарастары ескеріледі. Сондықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура қалады деп тегін айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі- араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі- барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалып-тастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.

Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау- дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясатшы Сеймур Липсет ( 1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.

2. Этносаяси жандалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси- әлеуметтік егес, даушарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.

Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швецария), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әр түрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастай-ды.

Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік- таптық сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі- этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына ватономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрінс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:



    • автономия мен өзін- өзі басқаруды қамтамасыз ету;

    • белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

    • өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәрте-беге жеткізу.

Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі- түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті.

Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі- этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет- ғұрпының тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Тіліміз әдет- ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген-дей, мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, қабылдануы және т.б. олардың қаіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.

Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап наразылық тудырады.

Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған дау- жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде. 1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық – мәдени орта-лықтарды қамтиды. Ассамблея елімізде ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамды біріктіру , нығайтуды қамтамасыз ету бағы-тында практикалық ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, «Қоғамдық бірлес-тіктер туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.

Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңір-леріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұт-шылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патрио-тизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.

3. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы- халықтың әл- ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік- экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға , заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.

Біраз жағдайда дау- жанжалдардың алдын- алу үшін билік басындағылар әр түрлі әдіс- айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүд-десін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.

Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

1. Дау- жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбірелер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

2. Кейінгі қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай , «не істесең соны істе» деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау- жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

4.Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

5. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойыдайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Шиеленіс ұғымы?

2. Саяси шиеленіс?

3. Конфликтология қандай ғылым?

4. Шиеленістерді шешудің екі жолы?

5.Этносаяси жанжалдар ?

6. Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі?

7. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы?

8. Саяси жанжалдарды шешудің түрлері?

12- апта 5,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 23.Саяси технологиялар

24.Саяси технологиялар
1. Шиеленiс деп ненi айтады?

а) әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң пiкiрiнiң көзқарастардың қайшы келуiн, елеулi келiспеулердi, өткiр таласты айтады .

ә) өздерiнiң кейбiр амал-әрекеттерiн, үйлестiрiп, белгiлi-бiр мақсаттарды жүзеге асыру үшiн бiрлескен егемендi елдер одағын айтады.

б) Белгiлi бiр саяси тәуелсiздiгi бар бiрнеше мемлекеттiк құрылымдардың бiрiгiп одақтың жаңа мемлекеттiң құруын айтамыз.

в) Халықтың әл ауқатын көтеру,елдiң жоғарғы әлеуметтiк экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз етуiн айтамыз.

2. Қазiргi кезде қоғамдағы шиеленiстер көптеген ғылымдардың назарын аударуда.Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын қандай ғылым пайда болды?

а) Конференция.

ә) Конфликтология .

б) Негiзгi идеология.

в) ұлттық идеология.




3. Саяси шиеленiстiң теориясына әсiресе көп көңiл бөлген кiмдер?

а) меркантелистер.

ә) марксизмдер

б) неоклассиктер.

в) патротизмдер.

4. Шиеленiс деп ненi айтады?

а) әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға

шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң пiкiрiнiң көзқарастардың қайшы келуiн, елеулi келiспеулердi, өткiр таласты айтады .

ә) өздерiнiң кейбiр амал-әрекеттерiн, үйлестiрiп, белгiлi-бiр мақсаттарды жүзеге асыру үшiн бiрлескен егемендi елдер одағын айтады.

б) Белгiлi бiр саяси тәуелсiздiгi бар бiрнеше мемлекеттiк құрылымдардың бiрiгiп одақтың жаңа мемлекеттiң құруын айтамыз.

в) Халықтың әл ауқатын көтеру,елдiң жоғарғы әлеуметтiк экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз етуiн айтамыз.

5. Қазiргi кезде қоғамдағы шиеленiстер көптеген ғылымдардың назарын аударуда.Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын қандай ғылым пайда болды?

а) Конференция.

ә) Конфликтология .

б) Негiзгi идеология.

в) ұлттық идеология.


6. Этносаяси жанжалдарға нелер жатады?

а) этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленiстер .

ә) ұлттық мемлекеттiк құрылым мәселелерi және шиеленiстер.

б) саяси-әлеуметтiк дау-дамайлар,шиеленiстер.

ұлт аралық қақтығыстар мен шиеленiстер.

7. Этносаяси шиеленiстiң пайда болуына түрткi болатын себептерiнiң бiрi ...

а) Этностың өз тiлi, Мәдениетi, дiнi, әдет-ғұрыпынан, әсіре қауiптенушiлiк

ә) Этностық ұлтшылдық басты саяси мүддесiн орнату.

б) ұлттық идеяны көтерiп, этносаяси жанжалдарға әкелетiндер билiкке таласушы топтар мен олардың басшылары.

в) Жалпыға бiрдей ережелерiн, елдiң конститутциалық тәртiбiн және шарт талаптарын басшылыққа алуы

8. Мәмiле деп ненi айтамыз?

а) Дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешiрiмдiк бiлдiрiп, ымыраға келуiн айтады .

ә) саяси жанжалды мәмiлеге келу арқылы бейбiт жолмен шешуiн айтады.

б) Екi жақты бiрiн-бiрi ұғынысып,өзара кешiрiмдiлiк жасап,ортақ келiсiмге келуiн айтады.

в) Бiр жақтың күшi айтарлықтай басым болғанда, екiншi жақ жеңiлгенде немесе толық жойып жiбергенiн айтады.

9. Қоғамдық өмiрдiң нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы iс-әрекет ете алатын, өз жүрiс-тұрысына жауап беретiн, еңбек етiп,қарым-қатынас жасаушы,айналадағыны танып бiлушi жеке адам...

а) субъект.

ә) тұлға .

б) объект.

в) саясаттың субъектiсi.

10. Тарихты көрнекті тұлғалардың шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастыратын...

а) элиталар теориясы

ә) көшбасшылықтың валюнтаристік теориясы

б) социал дарвинизм

в) индустриалды қоғам теориясы

11. Көшбасшылықтың валюнтаристік теориясының әйгілі өкілдері

а) Р.Даль, Д.Кейнс.

ә) В.Парето, Г.Моск.

б) Т.Карлейль, Р.У.Эмерсон

в) М.Вебер, К.Маркс.

12. Беделі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге сүйенетін көшбасшылар

а) дәстүрлі.

ә) рационалдық-заңды

б) харизматикалық

в) авторитарлық.

13. Бұл сайлау жұйесiнiң мәнi әрбiр округтегi депутаттық орын белгiлеген көпшiлiк дауысты жинаған партия кандидаттарына берiледi,ал қалған азшылық дауысты жинаған партия кандидаттары ұсынылмай қалды.

а) белсендi.

ә) тепе-тең.

б) мажоритарлық .

в) бәсең.

14. Мажоритарлық сайлау жүйесi мынадай болып бөлiнедi?

а) абсолюттiк көпшiлiк және бiршама көпшiлiк .

ә) белсендi және бәсең.

б) жаппай және оқшау.

в) кезектi және кезектен тыс.

15. Бұл сайлау жүйесiнiң мәнi партиялар арасында жинаған дауыстарына сай бөлiнедi?

а) тепе-тең .

ә) мажоритарлық.

б) бәсең.

в) белсендi.

16. Ағартушылық заманның қай философы «Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінің авторы болып табылады?

а) Ж.Ж.Руссо.

ә) Ш.Монтескье.

б) Д.Дидро.

в) П.Гольбах.

17. Сайлаушыларға, белсенділерге, үміткерлер мен сайлауды ұйымдастырушыларға саяси, әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және ақпараттық қысымның болмауы:

а) сайлау

ә) еркін таңдау.

б) сайлау еркіндігі .

в) дауыс беру..

18. Тікелей дауыс беру:

а) сайлаушы, лауазымға сайланушы нақты үміткер жайлы шешім қабылдайды, нақты адамға дауыс береді.

ә) нақты сайлаушының шешімі ешкімге белгілі болмауы тиіс.

б) әрбір сайлаушы тек бір ғана дауысқа ие болады.

в) қол көтеру арқылы дауыс беру.

19. Мәжiлiс депутанының өкiлеттiк мерзiмi ...

а) 7 жыл.

ә) 6 жыл.

б) 5 жыл .

в) 8 жыл.

20. Қазақстан парламенті сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi...

а) 6 жыл .

ә)7 жыл.

б) 3 жыл.

в) 2 жыл.

21. Өкiлеттi және басқа мемлекеттiң сайланбалы билiк органдарын құру жолдарын, түрлерiн, әдiс-тәсiлдерiн анықтайтын, тәртiпке келтiрiлген нормалар, ережелер жиынтығын айтады.Ол ...

а) саяси партия.

ә) сайлау жүйесi .

б) сайлау классификациясы.

в) саяси жүйе.

22. "Барлық халық барлық уақытта жалпы халықтың сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес" деген орыс философы:

а) Т.И.Засловская.

ә) А.Ильин

б) В.И.Ленин.

в) Аристотель.

23. Сайлау нәтижелi болуы үшiн қандай факторларға байланысты:

а) экономикалық, әлеуметтiк, рухани .

ә) әлеуметтiк, мәдени.

б) экономикалық, рухани, мәдени.

в) әлеуметтiк, рухани, мәдени.

24. Бұл дауыс беруде белсендi сайлаушыларда бiр ғана дауыс болады, оны белгiлi бiр кандидат үшiн бере алады.

а) Лимиттiк

ә) Кому лятивтi.

б) .Балама

в) Жаппай.

25 Бұл дауыс беруде сайлаушыларға дауыс саны, тiркелген кандидаттар санынан көп болады.

а) Комулятивтi .

ә) Лимиттiк.

б) Жаппай.

в) барлығы дұрыс.

26. Бұл дауыс беруде сайлаушылардағы дауыс саны тiркелген кандидаттар санынан кем болады?

а) Лимиттiк .

ә) Жаппай.

б) Балама.

в) барлығы дұрыс.

27. Бүкiл мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Бұл сайлау түрi ...

а) кезектi сайлау.

ә) оқшау сайлау.

б) жаппай сайлау .

в) кезектен тыс сайлау.

28. Белгiлi бiр себептерге байланысты белгiлi бiр учаскiлерде сайлау өткiзiлу түрi?

а) оқшау сайлау .

ә) кезектi сайлау.

б) кезектен тыс сайлау.

в) жаппай сайлау.

29. Сайлау құқығының демократиялық қағидалары:

а) Жалпыға ортақтық, теңдік, сайлаудың құпиялылығы, тікелей дауыс беру.

ә) артикуляция, агрегация, тұрғындардың алуан түрлі мүдделерін білдіру, билік институттарын бақылау,.

б) саяси жүйені легитимдеу және тұрақтандыру.

в) халықтың саяси әлеуметтенуі, саяси элитаның іріктелуі.

30. Бірнеше партияның келісімінің нәтижесінде сол партия өкілдерінен құрылған үкімет

а) министрлер кеңесі.

ә) электрондық үкімет

б) коалициялық үкімет.

в) үкіметтік кеңес.

31. “Зорлық-зомбылықсыз саяси күрес” стратегиясын жасап, оны өмірлік тәжірибеде сәтті түрде қолдана білген қайраткер

а) И.Тито

ә) Далай Лама

б) М.Ганди

в) Г.Насер.



13- апта 5,0 балл
25.Тақырыбы: Саяси технологиялар


  1. Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар.

  2. Паблик технологиялар (РR).

  3. Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар.

  4. Интернет мазмұны және технологиялары.

  5. Сайлау жүйесі.

  6. Пропорционалды сайлау жүйесі.

  7. Мажоритарлық сайлау жүйесі.

  8. Аралас сайлау жүйесі.

  9. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету.

  10. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы.

  11. Сайлау науқанының стратегиясы.

  12. Сайлау науқанының тактикасы.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама- қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңде әскери- саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның «глобус» - Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс- әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, планетарлық деңгейде қарым- қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізді».

Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.

Біріншіден, ядролық – космостық дәуірде мемлекетте, әсіресе блоктар арасында әскери қақтығыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті.

Әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін. Оған себеп – ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап- қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады.



Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр.

Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда жұртшылықты қатты алаңдатып отырған қатерлі мәселе- планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда.

Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған үшінші үлкен мәселе – «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда экономикалық артта қалу үрдістерінің күннен – күнге артуы. Осы ғасырдың 50-60 жылдары колонялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі.

Төртіншіден, қазіргі уақытта Жер шарында мыңдаған ірілі уақ халықтар, екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген физикалық ортасы, қоғамдық құрылысы, экономикалық укладтары саяси- әлеуметтік және мәдени өмірінің түрлеріне және т.т. бойынша ерекшеленеді. Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы, ішкі саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар ме қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.

Бұдан жаңаша саяси ойлау 80 жылдары пайда болған екен деген ой тумауы керек. Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік фактордың рөлі орасан зор өсуде. Әлеуметтік, экономикалық, таптық, мәдени, діни және т.с.с айырмашылықтарға қарамай басын қосып, ынтымақтасып, одан әрі ғарыштап алға басуға болады.

Ғалымдардың пайымдауынша, ядролық соғысты болдырмау үшін төмендегідей басты принциптерге негіделген әлемдік тәртіп орнату керек:

- жалпыадамзаттық қазыналардың басымдығын мойындау, адам өмірі мен дүниеге адамзаттық ең жоғарғы құндылығы, қазынасы ртінде қарау;

- даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуден бас тарту, барлық дау- жанжалдарды саяси, бейбіт түрде шешудің жолдарын аянбай- талмай іздедестіру;

- халықтар өз тағдырын өз ркінше, дербес, тәуелсіз таңдау құқығын тану;

- қазіргі дүниені біртұтас және өзара байланыстағы адамдардың қауымдастығы ртінде түсіну.

Жүйелі әдістің жан- жақты пайдасы бар. Біріншіден, фирмаларды экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде ұзақ мерзімді капитал жұмсауға мәжбүр етеді (инвестиция жасатады). Екіншіден , экологиялық жағынан зиянды өнеркәсіптер есебінен айналадағы ортаны қорғауды қаржыландыратын арнаулы қор ашылады. «Үшіншіден елдердің» әлеуметтік – экономикалық артта қалуын жою үшін жанталаса қарулануды қысқарту және әскери шығынды едәуір азайту керек.

Сонымен, қорыта келгенде, ғаламдық мәселлердің бір- бірімен тығыз байланыста екендігіне біздің көзіміз тағы да жетті. Оларды ойдағыдай шешу үшін әр түрлі елдердің халықаралық ынтымақтастыққа негіздлген бірлескен амалы қажет. Ғаламдық қорғағанда жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлт пен ұлыстардың қандай бір мақсатымеен салыстырғанда жалпыадамзаттық қазына, мүдде әрқашан басым, биік тұруға тиіс. Барлық халықтар ынтымақтастықты арттыру үшін келіссөздер мен ақылдасу арқылы өзара мақсат – мүдделерінің сәйкес келер жерлерін іздегені орынды. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қызмет етерлік ғылым мен техниканың даму бағдарламаларын жасап, іске асырған абзал. Адамзаттың жарқын болашағы үшін күресте барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы құрыштай бекер еді. Бірақ мұның бәрі өзінен - өзі келмейді. Ол үшін барлық халықтар мен елдер қажымай- талмай жұмыла күресуі керек. Халықаралық қатынастарды адамгершіліктендіру, демократияландыру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет