Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы



бет10/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

15- апта

29.Тақырыбы: Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.


  1. Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде

  2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.

  3. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңде даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

3.Теориялық мәліметтер:

1. Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1920-24ж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комисарлары Советі (Халкомсов), 1925-36ж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1946-95ж ҚазКСР Мин.Каб. деп аталды. Қ.Р. Ү. Мемл. Биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, к-ттерден тұратын орт. Атқарушы органдар, обл ауд. және қалалық әкімшілік-терден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәтібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995ж. 18 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Үкіметі тура-лы» (1999ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституциясы Заңымен бегіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституциясы заңның, ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер- Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер – Министрі өзі тағайындал-ғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьр- Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке таға-йындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрайды. Қазақстан Үкіметі- алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер- Министрмен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституция заңда белгіленген тәртіп-пен ант береді. Премьер- Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Прези-дентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

Үкіметке мынадай негізгі конституциялық өкілеттіктер берілген: ол мемл. әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шарларды талдап жасау; мемл. бағдарламаларды әзірлеу; әлеуметтік- экономикалық және ғылыми- техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, іске асыру; Республика Президенті белгілеген тәртіппен респ. бюджетті және оған енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру; мемл. валюталық, қаржы және материалдық қорларының құрылуымен пайдалануы кезінде заңдылықтың сақталуына мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиция саясаты жүзеге асыру; баға құралуы-ның мемл. бақылау жасау; құрылымдық және инвестиция саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемл. саясатын әзірлеп, ұйымдастыру; мемл. реттейтін баға қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен қызмет көрсету-лердің номенклатурасын белгілеу; мемл. меншікті басқаруды ұйымдас-тыру, оны пайдалану шараларын әзірлеп, жүзеге асыру, мемл. меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеумт. қорғалуы мемл. әлеу. сақтандыру жүйесі мен шарттарын айқындау; мемл. аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп іске асыру; аймақ-тарды әлеум. экономи. дамытудың аймақаралық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; ғылым мен техниканы дамыту жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемл. саясатты айқындап іске асыру;табиғат қорлары мен қоршаған тибиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзірлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформаларыдың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ҚР-ның қауіпсіздігімен қорғаныс қабілетін, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР- ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзірлеп, іске асыру; келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халыққар және аймақтық ұйымдармен қарым- қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экон. саясатты іске асыру шараларын әзірлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықпен өзара іс- қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдар мен және президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституц. заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты



2. ҚР-ның Премьер- Министрі үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды , қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз құзіреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды, олар өздеріне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшін Премьер- Министрдің алдында жауап береді. Парламент-тің әрбір палатасы үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары негізінде және солардың орындалуы үшін өз құзіреті шегінде бүкіл мемл. аумағында міндетті күші бар Үкімет қаулылары мен Премьер- Министрдің өкімдерін шығарады, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл қаулылар мен өкімдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентінің актілеріне қайшы келмеуге тиіс. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарла-масын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамасы, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3- сінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет заңдық ұсыныстар енгізуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжілісіне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемл. к-ттер, агенттіктер, бірінші басшылар қатысады. Қ.Р.Ү. Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланып, қызметке кіріскен ҚР Президентіне үкімет мүшелері жазбаша қол қойған өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкіметі туралы конституция заңда республика Үкіметінің, оның мүшелерінің тиісті өкілетті мерзімінен бұрын орындарынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы ҚР Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені ҚР резиденті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды дегенді білдіреді. Премьер- Министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сондай- ақ, президент өз бастамасымен де Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін және оны жүргізбей отырған үкімет мүшелері атқарып отырған қызметінен босатылуға тиіс.

Министрліктің және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкімет мүшелері: тиісті мемл. органдарға башылықты жүзеге асырады; өз құзіреті шегінде дербес шешімдер қабылдайды; ҚР Премьер- Министрінің алдында өздеріне жүктелген бағынышты мемл. органдардың қарауына жататын мемл. басқару аясындағы істің жайы үшін дербес жауап береді; ҚР заңдарының , ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ )өз қызметінің мәселелері жөнінде парламент палаталарына есеп береді. Үкімет құрамына кіретін орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметінің сипатына қарай салалық құзіретті органдарға, салааралық құзіретті органдарға , бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше атқарымдарын іске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады.

3. Қазіргі кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы орган-дары жұмыс істейді: экономика салалары бойынша: Эконом. және бюджеттік жоспарлау ми, Көлік және коммуникациялар мин, Энергет және минералдық қорлар мин, Индустрия және сауда мин, Қоршаған ортаны қорғау мин, Мемл. материалдық резервтер жөніндегі агенттік, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік; әлеуметтік мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин, Ақпарат мин, Білім және ғылым мин, Еңбек және халықты әлеум. қорғау мин, Денсаулық сақтау мин, Туризм және спорт жөніндегі агенттік, Көші- қон және демография жөніндегі агенттік; әкімшілік – саяси қызмет бойынша: сыртқы істер мин, Ішкі істер мин, Қорғаныс мин, Әділет мин, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік, Қаржы полициясы агенттігі.

Орт. атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқаруының тәртібі « Қазақстан Республикасының Үкіметі руралы» конститут. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкіметінің 1997ж. 13 наурыз-дағы 321- қаулысымен бекітілген ҚР-ның мин. (мемл. к-ті) туралы үлгі ережемен және әрбір мин., агенттік, к-т туралы ережелермен реттеледі. ҚР-нда ұйымдық- құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрліктері; ҚР-ның агент-тіктері ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар. ҚР-ның Министрлігі мемл. басқарудың тиісті саласына басшылық жасайтын, сондый-ақ заңдарда көрсетілген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министлікті Премьер –Министрдің ұсынысымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің ұмысына басшылық жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз қызметін жүзеге асыруы үшін жауап береді. Ол лауазымы бойынша Қ.Р. Ү.-нің құрамына кіреді. Минис-трліктің құрылымы мен штат санын Үкімет бекітеді. Министрлікте министрдің орынбасарлары (вицеминистрлері), сондый- ақ, министрліктің басқа да басшы қызметкерлері құрамында министр басшылық ететін алқа- кеңесші орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамына министр бекітеді. Мин. өз құзіретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәтіппен ҚР-ның барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады. Министрліктің қызметі тек мемл. бюджеттен қаржыландырады. Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және бір- біріне әкімш. бағынышты емес, бірақ олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп қызмет атқару немесе әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің бірлескен іс қимылдарын қажет ететін (мыс, респ. мақсатты бағдарла-маларды іске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөніндегі мәселелерді шешу туралы) шарттар мен келісімдер жасаса алады.

ҚР-ның агенттігі де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Премьер- Министрлің ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдас-тырады және таратады. Ол тиісті мемл. басқару саласына, басшы-лықты,сондай- ақ заңдарда белгіленген шекте салааралық үйлестіру мен өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Агенттіктердің және Үкімет құрамына кірмейтін басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы- төраға бекітеді. Әдетте, оның құрылымы депатаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің құқықтық актілері болып табылады. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы атқарушы органдар туралы ережеледі, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бғынышты мемлекет мекемелердің штат санының лимиттерін Үкімет бекітеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемл. қызмет жөніндегі агенттік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік, Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп к-ті үкімет құрамына кірмейді, оларға ҚР Президентіне тікелей бағына-тын және оған есеп беретін мемл. орган мәртебесі берілген .

Орт. атқарушы органның құрылымдық к-ті тиісті орт. атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оны тиісті орт. атқа-рушы орган басшысының ұсынуымен үкімет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлімше орт. атқарушы құзіретінің шегінде арнайы атқару және бақылау- қадағалау міндеттерін жүзеге асырады, сондай - ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың ішкі саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкімет бөлімшенің басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Ның құрылымын, құзыретін және басқа мемл. органдармен өзара іс- қимылының тәртібін үкімет белгілейді.

ҚазАКСР халық комиссарлары: В.А. Радус- Зенькович (1920-21); М.К. Мырзағалиев (1921-22); С.Сейфулин (1922-25); Н.Нұрмақов (1925-29); О.Ж. Исаев (1929-38).ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағалары: Н.Д. Оңдасынов (1938-46,ҚазКСР Халық комиссары, 1946-51, ҚазКСР Мин. Кеңесінің төрағасы); Е.Б. Тайбеков-1951-55); Д.А. Қонаев (1955-60, 1962-64), Ж.А. Тәшенов (1960-61);С. Дәуленов (1961-62); М. Бейсебаев (1964-70); Б.Ә. Әшімов (1970-84); Н.Ә. Назарбаев (1984-89); Ұ.Қараманов (1989-92); ҚР Премьер- Министрлері: С.А. Терещенко (1992-94);Ә.М. Қажыгелдин (1994-97); Н.Ө. Балғымбаев (1997-99); Қ.К. Тоқаев (1999-2001); И.Н. Тасмағамбетов (2001-03); Д.Ахме-тов (2003- жылдың шілдесінен).

4.Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы?

2. Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктері?

3. ҚР-ның Премьер- Министрі?

4. Қазіргі кездегі Қазақстандағы салалар бойынша Республикалық орталық атқарушы органдар?

5. Орталық атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметін атқарудың тәртібі?

6. ҚР- ның агенттігі?

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті?




30.Тақырыбы: Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.


  1. Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

  2. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары.

  3. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Кез- келген демократиялық мемлекеттің аса маңызды құрамды бөлігі – парламент, ол биліктің дербес әрі кемелденген саласы. Саяси ғылым демократияның тәжірибесін қорыта келіп, қазіргі парламенттің мән- мазмұнына төмендегідей сипаттама береді. Сипаттама белгілі бір елдегі парламентке ғана тән емес, бұл жалпы тенденция.

Біріншіден, парламент халықтың егемендігінен, демократиялық сайлау негізінде туған билік. Белгілі қызметтерді атқару мүддесі үшін парламент-ке билік заңды негізде беріледі.

Екіншіден, биліктің бөліну жүйесінде парламенттің билігі биліктің басқа бөліктерінен оқшауланған, бірақ осымен бірге олармен ықпалдасуға мәжбүр болатын билік.

Үшіншіден, парламенттің билігі нормативтер арқылы кепілдік берілген конституциялық билік.

Төртіншіден, парламенттік билік белгілі қызметтер атқарумен байла-нысты. Бұл қызметтердің кепілдік көлемі және сипаты болады, осы қыз-меттердің өзі парламенттің қаншалықты өкілеттігі бар екенін және олардың негізгі түрі төмендегідей.

Бесіншіден, парламенттік билік партиялар парламентте бір- бірімен билік үшін күресіп жатқан жағдайда саяси партиялық жүйенің арнаулы бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманғы парламенттің атқаратын қызметтерінің сипаты мен көлемі әр елде әр түрлі, олардың негізгі түрі төмендегідей.

Парламенттің ең басты қызметі заңдарды,заңдық нормаларды жасау, олар қоғамның бүкіл өмірін, азаматтардың құқықтарымен бостандықта-рын, міндеттері мен парыздарын белгілеп береді.

Парламенттің негізгі қызметінің бірі- өкілеттік, ол халықтың билік басындағы өкілі, сондықтан оның мүшелері қоғамның саяси тұрғыдан әртүрлі топтарының өкілдері болып саналады. Парламент депутат топтар-дың арасындағы айтыс- тартыстарды ашып көрсетіп, оларды мүмкін болға-нынша келістіріп, ортақ шешім алып отыруға тиіс. Парламент өзінің өкілет-тік қызметін демократиялық сайлау жүйесі негізінде жүзеге асырады. Бұған партиялардың қызметі арқылы кепілдік беріледі.

Парламент осымен бірге билік жүргізу қызметін атқарады. Ол қоғамның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы туралы баламалы шешімдер қабылдай отырып, қоғамның және оның құрылымдарының даму бағытын белгілеп береді.

Парламент жоғарыдағылармен бірге заңдардың орындалуын бақылау және ол үшін жауапқа тарту қызметін атқарады. Мәселен, ерекше жағдайда Президентке импичмент жариялар, үкіметке сенімсіздік білдіру, депутат-тарды оларға ешкім тиіспеушілік құқынан айыру, міндеттерін орындаудан шеттету және т.б.

Қазіргі заманғы парламент жариялылықтың үлгісін көрсетуге, оның басқалар үйренетін мектебі болуға тиіс. Парламент мәжілістерінде, оның қабырғасында үкімет әртүрлі баламалы шешімдерін ұсынушы партиялардың өкілдері, тәуелсіз депутаттар, парламенттік фракциялар өз позицияларын бүкпесіз ашық, жан- жақты дәлелдеп, сауатты, баяндап беруге , мәлімдеуге тиіс. Парламент мүшелері мен ондағы партиялар фракциялары мен өкіл-дері жариялылық принципін пайдаланып, бұқараның ақпарат құралдары арқылы да шындықты халыққа жеткізе беруге тиіс. Парламенттік жария-лылық төтенше жағдайларда және қатаң келісілген жағдайда ғана шектелуі мүмкін.

Қазақстанда парламентаризмнің қалыптаса бастағанына көп уақыт болған жоқ, бірақ соның өзінде ол кейбір өкінішті жағдайларды, қателіктерді басынан кешірді. Демократиялық сайлау нытижесінде шақырылған тұңғыш бір палаталық парламент 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейін ғана жұмыс істеп, мерзімінен бұрын тарады.

Осыған қарамай ол бірсыпыра заң актілерін қабылдап үлгерді. Ең алдымен өз қызметінің заңдық негізін қалады. Парламент 1990 жылы қазанда Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы декларация, 1991 жылы желтоқсанда « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдады.

Алайда билік құрылымы ретінде Кеңестердің жағдайы Коммунистік партияның басшылық ролімен тығыз байланысты әрі соған тәуелді бола-тын. Бұл партия тұғырдан тайып, бұрынғы дәрежесімен беделінен айыр-ылғаннан кейін барлық буындағы Кеңестер жүйесі де күйрей бастады.

1994 жылы наурызда сайланған Қазақстан парламенті де қысқа өмір сүрді. Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының шешімі бойынша 1994 жылы 7 наурызда өткен парламент сайлауы және оның қорытынды-лары Конституцияның талаптары сай емес және онда сайланған депутат-тардың легитимдігі жоқ деп табылып, XIII шақырылған Жоғарғы Кеңес таратылды.

Біздің республика сияқты унитарлық мемлекетте екі палаталық парла-менттің артықшылығы, біріншіден ол атқарушы және заң шығарушы биліктің арасында неғұрлым тұрақты тепе- теңдікті сақтаумен бірге екі палата бірін- бірі тежеп, бақылап отырады, екіншіден заңдардың неғұрлым сапалы, мінсіз қабылдануына көмектеседі, Мәжілісте қабылданған заң жобасы сенеатта екінші рет мұқият сүзгіден өткізіп жетілдіріледі.

Қорыта айтқанда, парламенттің негізгі міндеттері: заңдарды қабылдау, республикалық бюджетті талқылап, қабылдау, оның орындалуы туралы үкіметтің есебін тыңдау, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілеу, Республика Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу, Конституциялық заңдар қабылдау, парламенттік дағдарыс болған жағдайда Президенттің инициативасы бойынша оған бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беру, парламент мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдауымен үкіметке сенім-сіздік білдіру, республикалық референдум өткізу үшін инициатива білдіру, соғыс және бітім мәселесін шешу және т.б.

Республика парламенті заң шығару қызметімен бірге атқарушы билікке, үкіметтің қызметіне бақылау жасау міндетін де атқарады. Парламент сондай- ақ конституциялық қызмет - Конституцияны қайта қа-рау және республикаға опасыздық жасаған ең жоғары лауазымды адамдарды жауапқа тарту қызметін де атқаруы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыра-тын ең жоғарғы өкілдікті орган. 1995ж. 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екі рет (1995ж. және 1999ж.) сайланды. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конститу-цияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттары-ның құқықтық жағдайы конституция. Заңмен белгіленеді. ҚРП құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғ. Палата- Сенат және төм. Палата- Мәжілістен тұрады.

Сенат әрбір облыстан, респ. мәндегі қаладан және ҚР астанасынан екі адамнан, тиісті облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының бірлескен отырыстарында сай-ланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік мерзіміне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаттарын сайлау- мәслихат депутаттарының бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкімш. Аумақтық бөлінісін ескеріп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бірдей болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыа бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25- ке толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Респ. және жергілікті бірлестіктер арқылы, сондай- ақ, өзін- өзі ұсыну жолымен азаматтар Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.

Парламент депутаты Конституцияға сәйкес, Парламенттің бірінші сес-сиясында, оның Палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға ант береді. Парламент депутаты императивтік мандатқа қандай да болсын аманат пен мапсырмаға тәуелді емес. Ол Парламентте өзінің сенімі бойынша дауыс береді. Парламент депутаты қол сұғылмаушылық құқықты пайдаланады. Қандай да бір қылмыс жасағаны дәлелденген жағдайда Конс-титуцияда көзделген тәртіппен, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент депутатының өкілеттігі оның кәсіпкерлік қызмет атқаруы, коммерц. ұйымдардың басқарушы органының немесе қадағалау-шы кеңесінің құрамына кіруі, сондай- ақ жергілікті өкілді органға депутат болып сайлануы себепті тоқтатылады. Әр Палатаның өзінің өкілеттілік күші жүретін қызмет аясы бар, сонымен бірге олар бірқатар өкілеттіктерді бірлесе отырып жүзеге асырады.

Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкімш.- аумақтық құрылымына қатысты мәселелерді шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады; палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдайды; палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын жасақ-тайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54- бап) көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.

Констиуцияның 55- бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мы-налар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағай-ындау және қызметтен босату, Президенттің Бас прокурорды және Ұлт-тық қауіпсіздік к- тінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергі-лікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президент қызметтен кетіру туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т.б.



3. Мәжілістің ерекше құзырына мыналар жатады: тиісті заң жобала-рын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын төраға орынбасарларын, хатшыларымен мүшелерін сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау; әділет біліктілік алқасының құрамына 2 депутат ұсыну; ҚР Президентіне қарсы мемл. опасыздық жаса-ды деген айып тағу, т.б. (ҚР Конституциясы, 56-бап).

Парламент Палаталардың бірлескен отырыстарын: Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституц. заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; респ. бюджетті және Үкімет пен Респ. бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп к-тінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджеттке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Президенттің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық білдірген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді ( бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді); Президенттің баста-масы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен Президентке бір жылдан аспайтын өкілеттік береді; Президенттің Премьер- Министрді; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім береді; Премьер- министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баянда-масын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. (Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен Үкімет бағдарламасының екінші рет қабылданбауы Үкіметке сенімсіздік білдірген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірі-нің бастамасы бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіреді; соғыс және бейбітшілік мәселелірн шешеді; респ. референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т.б.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

4. Парламент пен оның палаталарының заң актілері, егер Конститу-цияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайын-дауға екі мәрте келісім бермесе, Парламенттің Палаталарының арасын-дағы немесе Парламент пен мемл. биліктің басқа тармақтары арасындағы келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда- Президент Парла-ментті тарата алады. Бірақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы 6 айында, сондай – ақ, алдыңғы таратудан кейінгі 1 жыл ішінде Парламентті таратуға болмайды.

Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты к-ттерде ақарылады, олардың саны әр Палатаға жетеуден аспауға тиіс. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе- тең негізде бірлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты к-тінде алдын- ала қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейін- Мәжілістің жалпы отырысында- талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Ал Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және констиуция. заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу мәселелері бойынша қарсылық білдіруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жоба-сын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды. Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тілді еркін игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргізеді.

Тұтастай алғанда, Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын азайтып, өара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір біріне бағынбайды, бір- біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртібінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет аясы міндеттері бар . Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бірлесіп қызмет атқаруға міндетті.

Парламент Сенатының әр кездегі төрағалары: Ө. Байгелді (1995-99), О. Әбдікәрімов (1999 жылдан); Парламент Мәжілісінің төрағалары: М. Оспанов (1995-99), Ж. Тұяқбай (1999 жылдан).


4.Бақылау сұрақтары:

1.Кез- келген демократиялық мемлекеттің аса маңызды құралды бөлігі?

2. Қазіргі заманғы парламенттің атқаратын қызметтерінің сипаты мен көлемі?

3. Қазақстандағы парламентаризм?

4. Парламенттің негізгі міндеттері?

5. ҚРП құрылымы?

6. Парламент Палаталардың бірлескен отырыстары қандай қызмет атқарады?

7. Парламенттің ағымдағы қызметі кім тарапынан атқарылады?



15 – апта.

Тақырыбы: 29.Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.

30.Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.
Коллоквиум сұрақтары.


  1. Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі- ЮНЕСКО міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік- гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні.

  2. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады.

  3. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді.

  4. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

  5. Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық блім саласы ретінде саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бір інші жартысында ғана қалыптасты.

  6. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі идеялардың өзіндік катализаторы іспетті ерекше артып отыр.

  7. Қазақстанда өзге де ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып дами бастады.

  8. Саясаттанудың объектісі мен пәні.

  9. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процес тер жөніндегі ғылым.

  10. Саясаттанудың пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.

  11. Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде.

  12. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.

  13. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер.

  14. Антропологиялық амал.

  15. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік және т.б.

  16. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

  17. Саяси ғылымдардың құрылымы, оның парадигмалары.

  18. Саяси ғылымдардың және практиканың байланысы.

  19. Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы.

  20. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, досизм, легизм).

  21. Каутиль Маккиавелизмнің негізі.

  22. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон).

  23. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар (әл- Фараби, Ганджеви, Низами. Әлішер Науаи).

  24. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер).

  25. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н. Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).

  26. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо). Т. Джефферсон мен А. Гамильтонның саяси көзқарастары.

  27. ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік- саяси идеялар мен ағымдар: либерализм , консерватизм, марксизм.

  28. ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой- пікірлер (В. Парето, Д. Истон, Т.Алмонд, М. Дюверже және т.б.).

  29. Қазақстан саяси ойларының тарихы.

  30. Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы мен даму.

  31. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.

  32. Фольклор - қазақ халқының саяси ой- пікірлерінің қайнар көзі.

  33. Тәуке хан заңдары.

  34. “Жеті жарғы” - маңызды саяси- құқықтық құжат.

  35. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев).

  36. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Досмұхамедовтың, Т. Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М. Жұмабаевтың, С. Торайғұровтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтің және т.б. саяси идеялары.

  37. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой- пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

  38. Салыстырмалы саясаттану

  39. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні.

  40. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде.

  41. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.

  42. ХХ ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі.

  43. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

  44. Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың методологиясы.

  45. Салыстырмалы зерттеулердің типтері.

  46. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау жасау.

  47. Әр түрлі қоғамда билікті бөлу саяси зерттеулердегі салыстыру объектісі.

  48. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі.

  49. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.

  50. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.

  51. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері.

  52. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар.

  53. Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет.

  54. Саясаттың негізгі түрлері: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. түрлері.

  55. Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

  56. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.

  57. Саясат өнер ретінде.

  58. Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасы.

  59. Саясат әлеуметтік күштер мен мүдделердің бәсекелестігі ретінде.

  60. Ішкі және сыртқы саясат.

  61. Билік саяси феномен ретінде.

  62. Билік ұғымы.

  63. Билік тұжырымдамалары.

  64. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.

  65. Саяси биліктің түрлері.

  66. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары түрі ретінде.

  67. Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары.

  68. Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері.

  69. Биліктің легитимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды – жариялы, партриархалдық, азаматтық және белсенділік.

  70. Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестіктің қажеттілігі.

  71. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.

  72. Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.

  73. Этнос және ұлт.

  74. Ұлт этностың жоғары типі.

  75. “Ұлт” категориясын түсіндірудегі екі амал: Этно-лингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық.

  76. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар.

  77. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

  78. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.

  79. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

  80. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде.

  81. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі).

  82. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси інститут ретінде. Қазақстан халқы этно-саяси қауымдастық ретінде.

  83. Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.

  84. Конфессиялар диалогы және Қазақстандық конфессияаралық келісім тәжірибесі.

  85. Қоғамның саяси жүйесі

  86. Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д. Стон, Г.Алмонд пен К. Дойчтың саяси жүйе теориялары.

  87. Саяси жүйенің құрылымы.

  88. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйшелер.

  89. Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару және коммуникация, функциялары.

  90. М. Вебердің, Г. Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері. (критерийлері).

  91. Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модерни стік және постмодернистік).

  92. Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар және үкіметтік емес ұйымдар.

  93. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.

  94. ҚР партиялық саяси және сайлау жүйелерін одан әрі дамыту проблемасы.

  95. Мемлекет және азаматтық қоғам

  96. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

  97. Мемлекеттің щығу және оының мәні.

  98. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаттары.

  99. Мемлекеттің типтері.

  100. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы.

  101. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.

  102. Азаматтық қоғам ұғымы .

  103. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы.

  104. Азаматтық қоғамның құрылымы.

  105. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері.

  106. ”Әлеуметтік” мемлекет және оның эволюциясы.

  107. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары.

  108. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

  109. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

  110. Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.

  111. Қысымшы топтар.

  112. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.

  113. Саяси партия ұғымы: Партиялар генезисі және партия жүйелері.

  114. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары.

  115. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клуб тар, бұқаралық партиялар.

  116. Партиялардың типологиясы.

  117. Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).

  118. Партия жүйелері ұғымы.

  119. Партия жүйелерін жіктеу.

  120. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.

  121. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары.

  122. ҚР саяси партиялардың қызметін заңменен реттеу.

  123. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

  124. Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

  125. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.

  126. Саяси режимдер.

  127. Саяси режим ұғымы.

  128. Саяси режимдердің типтері.

  129. Тоталитаризм саяси феномен ретінде.

  130. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері.

  131. Диктатураның тарихи формалары.

  132. Тоталитарлық жүйенің формалары.

  133. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы.

  134. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері.

  135. Авторитаризм.

  136. Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешіліктері.

  137. Авторитарлық жүйелердің объективтік негіздері.

  138. Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері және формалары.

  139. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режим дер. Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары.

  140. Демократия ұғымы.

  141. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелердің бірі.

  142. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

  143. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.

  144. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

  145. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия.

  146. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.

  147. Тіке және өкілетті демократия.

  148. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы.

  149. Демократия сабақтары.

  150. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары.

  151. Саяси жүйені жаңалау мәселелері.

  152. Саяси жаңалау ұғымы.

  153. Жаңалау және тоталитаризмнен демократияға өту.

  154. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары.

  155. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде.

  156. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.

  157. Саяси процесс және саяси қызмет.

  158. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.

  159. Саяси процестің құрылымы.

  160. Саяси процестің өмір сүруінің режимі.

  161. Саяси процесс сатылары (фазалары).

  162. Саяси процестің типологиясы.

  163. Сыртқы және ішкі саяси процестер.

  164. Ашық және жасырын саяси процестер.

  165. Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде.

  166. Саяси әрекеттер сипаттамасы.

  167. Саяси әрекеттердің түрлері.

  168. Саяси жүріс- тұрыс және оның формалары.

  169. Әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы.

  170. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру.

  171. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі.

  172. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

  173. Саяси сана және саяси мәдениет.

  174. Саяси сананың мәні.

  175. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары.

  176. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік – партиялық және бұқаралық саяси сана.

  177. Саяси сананың құрылымы.

  178. Қоғамдық пікір.

  179. Саясат және мәдениет.

  180. Саяси мәдениет ұғымы.

  181. Саяси мәдениет тұжырымдамасы.

  182. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары.

  183. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе.

  184. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

  185. Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

  186. Саяси мәдениеттің типологиясы.

  187. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдың, азаматтық, белсенділік.

  188. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

  189. Саяси әлеуметтену ұғымы.

  190. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру.

  191. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары.

  192. Саяси элита және саяси көшбасшылық.

  193. Саяси элита ұғымы.

  194. Элитаның классикалық теориялары.

  195. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары.

  196. Саяси элиталардың функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі.

  197. Қазіргі элита теориялары.

  198. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

  199. Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде.

  200. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері.

  201. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.

  202. Саяси көшбасшылықтың типологиясы.

  203. Саяси көшбасшылықтың түрлері.

  204. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде.

  205. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.

  206. Саяси технологиялар

  207. Саяси технологиялар ұғымы.

  208. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.

  209. Саяси технологиялардың мәні, ерекшелікті белгілері.

  210. Саяси технологиялардың құрылымы.

  211. Саяси технологиялардың қоғамдық- саяси өмірді танып білудегі маңызы.

  212. Саяси технологилардың типтері.

  213. Саяси технологияларды қалыптастыру және олардың қазіргі дүние жүзінде рөлінің артуы.

  214. Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері.

  215. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері.

  216. Саяси талдаудың әдістері.

  217. Саяси ақылдасу.

  218. Ақылдасудың сатылары және тәсілдері.

  219. Саяси шешімдерді қабылдау.

  220. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары.

  221. Дағдарыстық технологиялар.

  222. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары.

  223. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары.

  224. Шешім жасау мен қабылдаудың ақпараттық технологияларды.

  225. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері.

  226. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.

  227. Үгіт- насихат типті ақпараттық технологиялар.

  228. Паблик технологиялар (РR).

  229. Ақпараттық саяси рыноктағы компьютерлік технологиялар.

  230. Интернет мазмұны және технологиялары.

  231. Сайлау жүйесі.

  232. Пропорционалды сайлау жүйесі.

  233. Мажоритарлық сайлау жүйесі.

  234. Аралас сайлау жүйесі.

  235. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету.

  236. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы.

  237. Сайлау науқанының стратегиясы. Сайлау науқанының тактикасы.

  238. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

  239. Дүниежүзілік саясат ұғымы.

  240. Халықаралық қатынастар жүйесі.

  241. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде.

  242. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар).

  243. Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар.

  244. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

  245. Геосаясат.

  246. Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.

  247. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдан алу және шешу тәсілдері.

  248. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипати.

  249. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.

  250. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып- жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары.

  251. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бізнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері.

  252. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

  253. Азаматтың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау.

  254. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.

  255. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

  256. Саяси болжамдау

  257. Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.

  258. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері.

  259. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері.

  260. Болжамдаудың кезеңдері және типтері.

  261. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары.

  262. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және құралдары.

  263. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері. Және олардың өлшемдері. (критерилері).

  264. Саяси болжамның функционалдық міндеттері.

  265. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істру (сақтық).

  266. Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі проблемалары.

  267. Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.

  268. Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.

  269. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде

  270. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.

  271. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңде даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

  272. Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

  273. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары.

  274. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.

1)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет