Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы



бет7/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
1. Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп- сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс- әрекеттеріне бағыт- бағдар беретін әлеуметік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлкеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі- мемлкеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;

2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат- мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс- әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;

3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл – күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс- әрекетке итермелейтін психоло-гиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет- ғұрып, дығды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп- салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мын- мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір- біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгеріп отырады.

Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар , таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл- күйдің, әдет- ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірдің танып- білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынауына, өмірді бағалауына баса назар аудары-лады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл – күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапйым саяси сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір- біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.

Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей , әр түрлі іс- әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқа-рады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл- күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау- дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.

Саяси сананың құрамдас бөлігі- саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея- бейне және логос- білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиете француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән- мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс- әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат- мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырым-дамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат – мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс- әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адмдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс- әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік пронресс, тұлға және билік және т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс- әрекетіне беғыт- бағдар көрсетеді.

3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс- әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.

4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс- әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс- әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптас-тырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс- әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйек-тілік енгізеді.

Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға тұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүеге асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары біріңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну- әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология- сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс- әрекеттеріне мән- мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін , халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін - өзі құрбан етуге дейін барады.

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, дек-ларацияларында манифестерінде, жарғыларында, сондай- ақ түрлі наси-хаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халық-тың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.

Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтер- саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын- жазушылар, т.т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.

Саяси идеологиялар мазмұнын, мақсаты жағынан прогрестік, либер-алдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық және т.с.с. болып бөлінеді.

Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, «еркіндік», «теңдік», »достық», »еге-мендік», »демократия», »адам құқығы», »азаматтық қоғам», »құқықтық мемлекет» сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық- саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондықтан К. Маркс идеялар хылық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан- бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп- жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.

XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) «Идеологияның ақыры» деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми- техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте- бірте өшеді- міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У . Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамы-татын, қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар . Сондықтан ескірген « идеологиясыздандыру»

( деидеологизация) тұжырымдамасының орнына «қайтадан идеология-лану» (реидеологизация) ой- тұжыымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, « идеологиясыздандыру» теориясының негізін қалаған Д. Белдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс- жазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г. Лассуэлл (1902-1978) БАҚ- тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті:1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды « редакциялау», таңдау және түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.

БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Солардың негізінде тыңдаушыларды Үкіметтің, Парламенттің партиялар мен қозғалыстардың іс- әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, көзқарастары қалыптасады.

Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытын-дылары жарық көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комис-сиялар құрылады саяси шешімдер қабылданады.

Қазіргі дүниеде БАҚ- қа жол ашу – ықпалды оппозиция қалыптас-тырудың қажетті шарты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумақтық тұтастықты, халық топтары арасында алауыздықты аумақтық тұтастықты, халық топтары арасында алауыздықты тұтандыруға жол берілмеуі керек. Саяси оқиғаларды шынайы бейнелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады, қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абройын жоғары ұстау, еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей- қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ- ты халық санасын күңгірттендіріп, өздерінің айла- шарғыларын асырып, қулықтарын білдір-мей жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құралы етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді брмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік- өсек, лақаптарды тарату, шындықты толық жеткізбеу, т.т.

БАҚ- тың рөлі, әсіресе Президент , Парламент сайлаулары кезінде артады. Олар үгіт- насихат, жарнама, т.т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді.

Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал- дмокра-тиялық және фашистік идеологиялар жатады.



2. Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынның либералис- еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушы-лар: Дж. Локк (1632-1704), Ш.Л. Монтескье (1689-1755), А.Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-1826), А. Токвиль (1805-1859), Дж Милль (1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойыннан шықты. Либерализмнің мұратары (идеалы) қазіргі саяси демо-кратия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.

Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтарымен бостандықтарының қасиеттілігімен ажыра-мастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негіз-деледі: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкер-ліктің еркіндігі, экономикалық іс- әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті- меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.

Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбыр-лықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі- адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мем-лекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либерал-дық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін- өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасын-дағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан ли-берализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және жаңарған либера-лизм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет « түнгі сақшы» деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылар мен бағынушылар арасындағы рөлдің қатаң бөлінуі барлық саяси күштердің мәмілеге келу тезисімен алмастырылды. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін қорғайтын «плюралистік демократия» идеясы, олардың саяси өмірге араласуы, шешімдерді демок-ратиялық жолмен ашық қабылдау, т.т. алға тартылды. Мұның бәрі либерализм саясатының мәнін және Батыс демократиясының идеология-лық негізіне айналды.

Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф.Фон Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт және т.б. жатады. Оның идеологиясына көптеген партиялар сүйенеді. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бері билік басында сол елдің ең үлкен партиясы – либералдық- демократтар партиясы отыр. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және т.б. елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. Мұның бәрі жаңарған либерализм идеологиясы әлемдік халықтардың саяси өмірінде елеулі рөл атқарып отырғанын байқатады.



Консервативтік (латынның консервативус- қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық балықтың, бүліншілікпен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни- монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлкет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады. Консерва-торлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық- аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет- ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет- ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.

«Саяси идеологиялар» деп аталатын немістердің оқу құралында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: «ол- дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәланумен қарау принциптерінің жиынтығы».

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуын түрлілік және саяси демократия пинциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой- пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адам-ның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсеңдетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызмет-тері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп беріп, Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырды. Оның үстіне ол XX ғасырдың 70 жылдарында экономикалық құлдырауды тоқтатудың жолын таба білді. Бұл оның абройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа дәуірдегі қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса назар аударылды. Жаңарған консерватизм либералдық және социалистік сипаттағы бірқатар адамгешілік түсініктерді біріктіріп қабыл алды. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д. Белл, З. Бжезинский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына бұрынғы АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы премьер- министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР –дің канцлері Г. Коль және т.б. кіреді.

Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англия пайда болды. Ал XX ғасырдың 80 жылдары консервативтік партиялардың мерейі үстем болып, Англия, АҚШ, ГФР және т.с.с. елдерде олардың өкілдері билік басына келді.



Коммунистік (латынның коммунис- жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден- бір күш- жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінеді. Револю-циялық ағымды В.И.Ленин (1870-7924) басқарды. Ол марксизмді демок-ратиялық революцияда пролетариаттың басшылық ету керектігі, партия-ның рөлі, буржуазиялық- демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал- демократы Э. Бернштейн (1850-1932) мен немістің тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің (1854-1938) еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық- саяси бағытқа- социал- демократияға айналды.

XX ғасырдың аяғында марксизм күйзеліске ұшырайды, коммунистік идеологияның ықпалы күрт төмендеп кетті. Бүгінгі таңда ол Қытай, Корея Халық- Демократиялық Республикасы, Кубада сақталды.

Жоғарыда көрсетілгендей, социал- демократиялық идеологияның теориялық негізін салған Э. Бернштейн. 1899 жылы оның «Социализмнің алғы шарттары және социал- демократияның мақсаты» деген еңбегі жарық көрді. Онда ол капитализмнің өзін- өзі дамытуға мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті. Соның негізінде классикалық максизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді.



Социал- демократия идеологиясы. « демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары- еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демокраия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік- реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.

Қазір социал- демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қорша-ған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.

Социал- демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70- ке жуық партиялар кіреді. «Социалистік интернационалдың принциптер Декларациясында» (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.

«Демократиялық социализм» тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швецария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Соц-иал- демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.

3. Фашизм (Италияның фашизмо- бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше (1844-1900), Дж. Джентилле (1875-1944), О. Шпенглер (1880-1936). Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс- әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халық-тың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айрылған, азғынданған қаң-ғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.

Бұл идеологияның басты ерекшеліктері- еңбекшілерді басып- жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшіл-дік, экономиканы мемлекеттік – монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің «Менің күресім» (1925) деген кітабында аяндалады. Онда соғыс таратушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан «артық-шылығы» дәріптеледі.

Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстар-ды тудыруға ықпал етеді.

Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші- жаңарған либерализм. Оған айғақ- экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргі-зілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік прин-циптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы- қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн сияқты.

Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға ұмтылысы бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермеші-лікті дұрыс көргендей. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеология-лардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, баяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің жағ-дайымызға лайықты, тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, тауып, байсалды жүргізген абзал.

Кейбіреулер кеңес өкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеоло-гияға тойдық қой, енді идеологиясыздану керек дегенді айтады. Ол дұрыс-тыққа жатпайды. Себебі, идеологиялық құндылықтарды басшылыққа алма-ған, оған сүйенбеген тарихта ешбір саяси жүйе болмаған. Сондықтан да болар, белгілі Америка саясаттанушысы Д. Истон «идеологияның ақыры» деген тезисті іс жүзінде консервативтік- демократиялық идеологияның бүтіндей билеуін бүркелемейтін аңыз деп санады. Ал немістің осы мәселе-лер жөніндегі ірі маманы К. Мангейм құлатылған идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопия пайда болады деген.

Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, ұғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрлым алдағы болатын болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың әдет- ғұрып, салт- сана әлеуетін (потенциалын) көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде. Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейрімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық , кәсіпкерлік, табанды-лық, ержүректілік, сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.

Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патрио-тизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі- оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.



4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси сана дегеніміз не?

2. Саяси сананың негізгі мәселесі?

3.Саяси сана қандай деңгейлерден тұрады?

4.Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің бірі?

5. Либералдық идеологияның негізгі принципі?

6. Консервативтік идеология?

7. Коммунистік идеялар?

8. Социал- демократия идеологиясы?

9. Фашизм идеологиясы?



20.Тақырыбы: Саяси сана және саяси мәдениет.


  1. Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

  2. Саяси мәдениеттің типологиясы.

  3. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдың, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.

  4. Саяси әлеуметтену ұғымы.

  5. Демократиялық саяси мәдениетті қалыптастыру.

  6. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтену проблемалары.

3.Теориялық мәліметтер:

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып- білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай- күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс- әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құры-лымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы), қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты), кәсіби, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зилылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақыт-та әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады. Мысалы студент, қазақ, үлкен қаланың тұрғындары, т.б.

Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеу-меттік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.

Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс- қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Еңббектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік тооптар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады.

Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымының негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.

В.И. Ленин «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынандай анықтама береді: «Таптар деп адамдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйсінде олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал- жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастыру-дағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың рөліне қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын айтады».



Әлеуметтік жіктелуге ( стратификациялануға ) қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді (топтарды) қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Әлеуметтік жіктелу теориясы, міне, осы талаптарға сай кететін әдістемелік және теориялық құрал. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшеріне, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады.

Қоғам үздіксіз дымып, өзгеріп отырады ғой. Марксистік тапқа бөлу теориясы ол өзгерісті байқап, көрсетуге икемсіз болатын. Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден, бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.

Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға жуық табысты пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны марксистік- лениндік таптар мен тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса, бұрынғы КСРО- дағы әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің бет пердесі ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идеологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бұрмалауға тырысты.

2. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық даму моделінің өзгеруі қоғамдық- саяси ойдың дамуына, халықтың ой- санасына түбегейлі өзгеріс туғызды, жаңа серпін берді. Тоталитарлық жүйенің уысында, шектеуінде ұзақ болған Қазақстан жұтшылығы елдің тарихы мен қазақ халқының озық ойлы өкілдерінің қоғамдық- саяси пікірлерімен жеткілікті таныса алмай келеді. Олар большевиктік «цензура» дегеннің қара сандығында тығулы жатты.

Еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет болғаннан кейін 90- жылдары Қазақстан жұтшылығы, өзінің тарихына ерекше ынта қойды.

Осы ғасырдың 30-шы жылдары тоталитарлық жүйе заңсыз, жазықсыз айыптап, жойып жіберген қазақ интеллегенциясының өкілдері Ә. Бөкей-ханов (1866-1937ж.), А. Байтұрсынов (1873-1938ж), М. Тынышбаев (1879-1938ж),Т. Рысқұлов (1895-1942) және басқалар қазақ халқының болашағы, тағдыры, мемлекеттігін қалпына келтіру жөнінде салиқалы қоғамдық- саяси пікірлер айтты, өз жоспарларын жүзеге асыру жолында барлық кедергілерге, қаупі- қатерге қарамай күресті.

Алаш партиясының көсемдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев және басқалар қазақтың тәуелсіз дербес мемлекетін құрудың жан- жақты жоспарларын жасап ұсынды. Олар Қазақстанда парламенттік- президенттік автономиялы республика құруды, Қазақстанда барлық ұлттар азаматтарының тең құқықтығын қамтамасыз етуді ұсынды. Осы идеяға негізделген Алашорда бағдарламасында: Россия демократиялық федера-циялық Республика (демократиялық өкімет, федерация – ұсақ мемлекет-тердің одағы) болуға тиіс. Федерацияға кірген әрбір мемлекет өзін- өзі басқаруға, олардың құқықтары бірдей болуға тиіс,- деп жазылған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым С. Асфендияровтың да саяси пікірлері қазақ мемлекеттігін құру идеяларымен қабысып жатыр. Ол өзінің «Қазақстан тарихы»,»Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс» деген еңбектерінде көлемді тарихи материалдарды қорыта отырып Қазақстанның қоғамдық- саяси дамуына терең сипаттама береді.

Ғұлама ғалым, қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтың (1897-1961) көркем шығармалары мен публицистік туындыларында да республика-мыздағы қоғамдық құбылыстар мен процестерге жан- жақты талдау жасалған. Оның «Абай жолы» роман- эпопеясында қазақ қоғамы тарихы-ның, әлеуметтік- экономикалық, саяси өмірінің көп қырлы картинасы берілген. Ұлы жазушы өзінің саяси көзқарасы, туған халқының болашақ тағдырын ойлап, айтқан қоғамдық- саяси пікірлері үшін тоталитарлық жүйе қудалады. Бірақ ұлы жазушыны өз бағытынан, халқын сүйген ұлтжандылығынан тайдыры алмады.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың (1912-1993ж.) идеялары мен пайымдауларының да ел өмірі үшін қоғамдық маңызы бар. Ол «Ақиқаттан атауға болмайды» деген естелік кітабында өзінің кеңес дәуіріндегі қоғамдық- саяси өмірге деген көзқарасын, бағасын береді, Мұны Кеңес дәуіріндегі Ұлттық саяси элитаның пайымдауы деп қарауы-мыз керек.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміз егемендік алған жылдар-дың ішінде өзінің қоғамдық – саяси көзқарастарының байсалдылығымен, кеңдігімен бүкіл әлемге танылды. Ол «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіз-дігіміздің бес жылы» және басқа көптеген еңбектерінде еліміздің мемле-кеттігі құрып, нығайта беру, президенттік биліктің қажеттілігін кәсіби парламентті нығайту жолдарын, қоғамның тұрақтылығын, бірлігі мен топтасқандығын сақтау жолдарын, егемен еліміздің жарқын болашағын жан- жақты дәлелдеп берді.

Н.Назарбаев қажеттілігін дәлелдеп берген Евразиялық одақ құру идея-сы да өміршеңдігін көрсетіп, өзіне жол ашып келеді. Бұл идеяның негізіне ұлттық- мемлекеттік құрылыстың даму процестерін мемлекеттік емес интеграциялық процестердің дамуымен ұштастыру қажеттігі алынған . «Теңдікке, еркіндікке және прагматистік мүдделерге негізделген интеграционизм- Евразияның лайықты болашағы міне осы жағдайда ғана дүниежүзілік экномика мен XXI ғасыр саясаты әлемдік әмбебап факторға айнала алады».

90-шы жылдардан бастап респубюликамыздың ғылыми жұртшылығы, әдебиет пен мәдениет қайраткерлері де Қазақстанның мемлекеттік- саяси, мемлекеттік- құқықтық проблемаларына ден қоя бастады. Жазушы, мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаевтың, М. Қозыбаевтың, А. Карповтың және басқалардың еңбектерінде мемлекеттік құрылыстың заңдық, конститу-циялық негіздері, Қазақстанның егемендігінің саяси- әлеуметтік, экономи-калық негіздері, елімізді, қоғамымызды демократиялық жолмен жаңартып, гүлдендіре берудің, білікті, икемді, күшті заң шығару, атқарушы, сот органдарын қалыптастырып, жетілдіре берудің жолдары жан- жақты сарап-қа салынып, талданған.



3. Біз егеменді ел болдық. Бірақ оған көп болған жоқ. Мұндай аз уақыт-тың ішінде әлеуметтік құрылыс жылдам өзгере қоймайтыны белгілі. Оның тамыры әріде, Кеңестік қоғамнан басталады. Сондықтан сөзді де содан басталық.

Бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде марксистік идеологияға сәйкес КСРО- да мынадай әлеуметтік- таптық құрылым бар деп есептелді:1) мемлекеттік немесе жалпыхалықтық меншікпен байланысты жұмысшы табы; 2) колхоздық- кооперативтік меншікпен байланысты шаруалар; 3) ешқандай меншікпен байланысты емес зиялылар (ол лениндік анықтама бойынша тапқа жатпады оны жік деп атады).

КСРО заманының әлеуметтік жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткен белгілі әлеуметтанушы- Т.И. Заславская. Ол 1991 жылы Кеңес қоғамының 70 жылдық даму кезеңін қорытындылай келіп, оның әлеуметтік құрылымын 3 топқа: жоғарғы тап, төменгі тап және оларды бөліп тұрған жік деп бөледі. Жоғарғы татың негізін партияның, әскери, мемлекеттік және шаруашылық бюрократиясын біріктіретін номенклатура (жоғары партиялық, өкімет органдарының шешімі бойынша басқарушы қызметті атқаратын қызмет-керлер) құрайды.

Төменгі тапқа Заславская мемлекеттің жалдамалы еңбеккерлерін: жұ-мысшыларды, шаруаларды, зиялыларды жатқызады. Олардың меншігімен саяси құқықтары жоқ. Бұл таптың өмір салты жеткіліксіз табыспен, ішіп- жеу, тұтыну құрамының мардымсыздығымен , үй- жайының тарлығымен, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесінің шамалылығымен, нашар денсаулы-ғымен сипатталады.

Жоғарғы және төменгі таптардың арасындағы әлеуметтік жікке номенклатураға қызмет ететін орта деңгейдегі басшылар, идеология қызмет-керлері, партиялық журналистер, арнаулы емтиханалардың дәрігерлері, жазушылар, артистер, дипломаттар, КГБ, МВД-ның қызметкерлері, әскер мен флоттың командирлері және т.б. кіргізеді. Сырттай қарағанда бұл жік шетелдердегі орташа тап сияқты болып көрінеді. Ал, шын мәнінде, олай емес. Себебі, Батыста орташа таптың негізін саяси және әлеуметтік тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жеке меншік құрайды. Ал біздің қызмет көрсетуші жіктің жеке меншігі болған жоқ, ол қоғамдық меншікті басқарып, оған иелік еткен жоқ. Сондықтан ол жоғарғы таптан толық тәуелді болатын.

Біздің Қазақстанға келсек, еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі кезеңде меншік иесі жоғарғы тап пайда болды.Оның негізін баяғы партия-лық кеңестік номенклатура қалайды.

Қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әртүрлі меншіктің дамуына, саяси алуандыққа, көппартялыққа өтуге байланысты әлеуметтік бөліну күшейе түсуде. Республикамызда бұрыннан белгілі жұмысшылар мен ша-руалардан басқа фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және ұжымдық меншік иелері, жеке саудамен айналысатын құрылымдар және т.с.с. пайда болуда.

Республикамызда бастамашылыққа, өзін- өзі басқаруға жл ашылуда. Сонымен қатар ол кәсіби дайындығына және жеке басының қасиетіне жоғары талап қояды.Өтпелі кезеңде көпшілік халықтың, әсіресе, ғылым қызметкерлерінің , дәрігерлер, мұғалімдер, зейнеткерлер, студенттердің әл- ахуалы көп төмендеп кетті. Өмір деңгейі төмен топтардың күнделікті бағаның өсуінің алдында қорқынышы зор. Егер олар әлеуметтік қамсыз-дандырылмаса, еліміздің жылдам демократиялық дамуы қиынға түседі. Мамандығы төмен, нашар қамсыздандырылған, саяси сауаты аз адамдар неше түрлі реакцияшыл шовинистік, ұлтшылдық пиғылдағы партиялар мен элементтердің соңынан еріп кетуі мүмкін.

Көрсетілген қиындықтарды бір сәтте өзгертуге, әрине, болмайды. Ол үшін орынды саяси, экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізу қажет. Қазіргі өркениетті елдердің даму тарихы көрсетіп отырғандай, қоғамның тірегі, елдің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін- орташа тап.

Өзінің білімділігі, іскерлігіне байланысты ол қоғамның демократиялық дамуына, нарықтық экономиканың қалыптасуына негіз болады. Сондықтан біздің басым бағытымыздың бірі- осы орташа таптың буынын бекітіп, күшейту. Ол үшін ұсақ және орта кәсіпшілікті қолдау, еркін кәсіпшілікті дамыту, халықтың кәсіптік білімін арттыру және т.б. көптеген қомақты істер тындыруға тура келеді.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы?

2. Әлеуметтік жіктелу дегеніміз не?

3. Ұлттық саясаткерлердің ой- пікірлері?

4. Евразиялық одақ құру идеясы?

5. Бұрынғы Кеңес Одағындағы әлеуметтік- таптық құрылым?

6. Тәуелсіз Қазақстандағы әлеуметтік- таптық құрылым?

7. Қазақстандағы әлеуметтік жіктелу процесі.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Белгілі бір елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін, оны мұнан гөрі кең, жалпы ұлттық мәдениеттің ажыратуға болмайтын бөлігі ретінде қарастыру керек. Өйткені саяси мәдениеттің аса маңызды элементтері сол халықтың жалпы ұлттың мәдениетімен, ұлттық, тарихи, діни дәстүр-лерімен, ой- санасымен, әдет- ғұрпымен тығыз байланысты. Ал саяси мәдениет белгілі бір елде ресми және ресми емес қалыптасқан саяси нормалар, ережелер, принциптер мен дәстүрлер, олар мемлекет қайраткер-лерінің ғана емес, сол сияқты қатардағы азаматтардың да саяси мінез- құлқы мен қызметін жеткілікті дәрежеде қатаң белгілеп, бағыттап, орнымен шектеп отырады. Жалпыға бірдей, мәселен, Европа және Шығыс, Америка саяси мәдениеті жоқ. Әр елдің саяси мәдениетінің өз моделі бар, ол өзінің ұлттық ерекшеліктерімен көрінеді.

Саяси мәдениеттің әртүрлі қырларын – қоғамның әлеуметтік құрылымы мен мәдениетінің арасындағы байланысты, дәстүрлердің саяси процеске тигізетін әсерін, адамның саясаттағы ролін зерттеп, пайымдау ертеден – ақ қолға алына бастады. Қазіргі «Саяси мәдениет» деген атауға кіретін пайымдауларға көптеген ойшылдар – Платон, Аристотель, Макиа-велли, Монтескье, Токвилла, Маркс, Вебер, Ленин, Бердяев және басқалар кезінде көңіл бөлді. «Саяси мәдениет» деген терминнің авторы неміс философы И. Пердер (1744-1803) еді.

Қазір ғылыми әдебиетте саяси мәдениетке берілетін түсініктер өте көп. Оларды негізгі төрт типке, түрге бөлуге болады:1) Психологиялық тип, бұлар мәдениетті саяси объектілерге бағдар беретін жүйе ретінде қарастырады; 2) «Бәрін қамтитын» тип мәдениетті әрі бағдар, сонымен бірге жеке адамның саяси мінез- құлқы ретінде қарастырады. 3. « Объек-тивті тип» мәдениетті жеке адамның мінез- құлқын шектеуші ретінде қарастырады. 4. «Эвристік» тип мәдениетті талдай білу мақсаттары үшін сыртқы қаңқа ретінде қарастырады.

Саяси мәдениетке берілген анықтамаларды да екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтағылар саяси мәдениет жеке адамның саяси көзқарасының, мінез- құлқының бағдары дегенге әкеп саяды. Екінші топ саяси мәдениетті кең мағынада түсіндіреді. Ол- қоғамның жалпы мәде-ниетінің саясатқа байланысты аса маңызды элементтері ретінде қарастырады.

Ал шын мәнінде саяси мәдениет деген түсінікті саяси қатынастар мен саяси қызмет шеңберімен шектеп қоюға болмайды. Оның ауқымы бүкіл саяси өмірін, билік пен басқару, адамдардың саясатқа қатысу пробле-маларын, сонымен бірге бұлармен байланысты саясат пен құқық, саясат және экономика, саясат және адамгершілік мәселелерін қамтиды. Демек, саяси мәдениет қоғамның рухани өмірінің аса маңызды өзекті элементтері ғана емес, кез- келген қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды элементі, ол саяси жүйенің қызметі процесіндегі саяси қатынастардың өзегі деп айтуға болады.

Нақты өмірде саяси мәдениет үш қызмет түрінде көрінеді:



Рухани көрініс - саяси тәжірибе, дәстүр, мінез, құндылық, көзқарас, пікір, саяси сезім мен эмоцияны білдіру, саяси ойды білдіру ретінде көрінеді.

Зат түрінде - саяси институттардың, ұйымдардың түрлері, саяси қыз-меттердің құралдары, ғылыми ойдың заттандырылған жетістіктері ретінде көрінеді.

Қызмет түрінде - саяси қызметтің тәсілдері, стилі, әдістері, құралдары, саяси процестердің түрлері ретінде көрінеді.

Жоғарыдағы талдаудан көрінгендей саяси мәдениет аясына саяси қызметтердің, қоғамға саяси басшылық жасаудың принциптерімен нормалары, өмір сүріп отырған саяси институттар мен жүйелер саясаты, адамдардың саяси саналылығының дәрежесі олардың қоғамдық даму заңдарын қаншалықты меңгергендігі, саяси басшылық өнеріне халықтың қалың көпшілігін тарту, олардың саяси күрес пен ынтымақтастық тәжірибесін меңгеру дәрежесі, адамдардың әлеуметтік- саяси қатынас қызметі кіреді.

Саяси мәдениеттің қорлануы мен даму барысында белгілі дәрежеде саяси тәжірибе жиналады, іс- әрекеттің және саяси уақиғаларды қабыл-даудың дәстүрлі әдістері қалыптасады.

Саяси тәжірибе бірте- бірте дәстүрге ұласып ол жаңа жағдайдағы іс- қимылдың жаңа міндеттерін шешудің үлгісіне айналады. Сондықтан дәстүр саясаттың әр түрлі субъектілерінің сапасы мен қызметтерін ұйымдастырушы қабілетіне ие болады. Дәстүрдің ұйымдастырушылық ролі әлеуметтік- психологиялық факторларға да байланысты. Адамдар оны көптеген ұрпақтардың жинақталған даналығы, жинақталған ұжымдық тәжірибе деп, олар әлеуметтік сенімділігінің кепілі деп санайды. Осындай сенім жүйенің тұрақтандырушы факторы болып саналады.



Саяси мәдениет дәстүрлі: Өзінің мазмұны жағынан мінез- құлықтың үлгісі, идеялар, құндылықтар болып, түрі жағынан ауызша және жазбаша, ал саяси процестің орны бойынша саяси билік жүргізудің дәстүрі, саяси қатынастың дәстүрі, қызметі бойынша салт- дәстүр, рәміздері болып келеді. Осылардың ішінен саяси салт- дәстүрді ерекше атап көрсету керек. Олардың қатарына ұлттық және мемлекеттік маңызды бар уақиғалардың маңызын жаңғыртып, мерейтойлар, шерулер өткізу, гүл шоқтарын қою, құрметті қарауылдарға тұру, мемлекеттік ән- ұранды орындау, мемлекеттік туға, елтаңбаға құрмет көрсету, бас ию, саяси лидерлерге құрмет көрсету ырым- дәстүрлері жатады.

Бұл шаралардың саяси мәдениет туралы қалыптасқан, жұрттың бәрі мойындаған ортақ анықтама әлі жоқ. Сондықтан бұл туралы қазіргі көзқарастардың бірсыпырасын айта кетуге тура келеді. Мәселен саясаттанушы Е. Вятр мынандай анықтаа береді: Саяси мәдениет- билік пен азаматтардың арасындағы өзара қатынасқа байланысты ережелердің, құндылықтар мен мінез- құлықтың, актілердің жиынтығы дейді. Бұдан шығатын қорытынды саяси мәдениетке:

Саясат туралы білім, фактілерді білу, оларға көңіл аудару;

Саяси құбылыстарға баға беру, билікті қалай жүзеге асыруға байланысты салиқалы пайымдаулар;

Саяси тұғырдың сезімдік жақтары, мәселен Отанға деген сүйіспен-шілік, оның жауларына мейрімсіздік жатады.

Саясаттанушылар Г. Армонд және С. Вебер саяси мәдениеттің саяси жүйеге, оның әртүрлі бөліктеріне сүйенетінін атап көрсетеді.

Д. Диваин (АҚШ) саяси мәдениетті кең тараған тарихи жүйе, белгілі бір қоғамдық саяси жүйенің мүшелері ұстанатын іргелі мінез құлықтық, саяси құндылықтар ретінде анықтайды Бұл анықтамалардың бәріне ортақ нәрсе саяси мәдениет хылықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі және ол өзіне қоғамдық- саяси институттар мен саяси процестерге байланысты элементтерді қамтиды деп көрсетеді. Қорыта айтқанда саяси мәдениетті саяси жүйенің, оның институттарымен ұйымдарының бірлігін қамтамасыз ететін құндылықтар мен нормалардың жүйесі деп бағалауға болады.

2. Белгілі саясаттанушылар Г. Алмонд және С. Вебер «бес» демократияның (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Германия және Мексика) салыстыра талдау жасай келіп, саяси мәдениеттің үш негізгі түрін бөліп көрсетеді.

Бірінші түрі – профинциалық саяси мәдениет. Бұл экономикалық жағынан артта қалған елдерге тән. Мұнда саяси бағыт діни немесе эконо-микалық бағытттан ажыратылмаған, үкіметке қатынас белгілі бір норма-лармен белгіленбеген, халықтың саяси білім жоқ, көпшілігі сауатсыз.

Екінші түрі- тәуелді ( поддандық) саяси мәдениет- мұндай қоғамның мүшелері маманданған саяси институттардың бар екенін біледі және оларға деген белгілі сезімдері бар, оларға баға бере алады және оларға бағыт ұстай алады. Бірақ олармен қарым- қатынасы мүлде енжар болымсыз сипатта.

Үшінші түрі- «Қатысу саяси мәдениеті» ( партиципаторлық). Бұл мә-дениет жағдайында қоғам мүшелері өмір сүріп отырған саяси жүйеге, оның негізгі элементтеріне иек артады, яғни «кіруге» де, «шығуға» да, саяси өмірге саналы түрде белсене қатысуға ниетті.

Саяси мәдениеттің бұл түрлері өмірде таза күйінде кездесе бермейтінін ескере келіп ғалымдар саяси мәдениеттің ерекше, аралас түрін- « азамат-тық мәдениет» деген түрін ұсынады. Аралас мәдениет АҚШ-қа және ішінара Ұлыбританияға тән. Азаматтық мәдениет саяси институттардың консенсусымен, мүделердің плюрализмімен, азаматтардың біліктілігімен және өзара сеніммен сипатталады. Азаматтық мәдениет аясында көптеген адамдар саясатқа белсене қатыса алады, осыған қарамай көптеген адамдар саясатқа енжер қарайды.

Саяси мәдениетті саралаудың бұған баламалы түрлерін Е. Вятр, К. Гаджиев ұсынды. Олар саяси мәдениеттің саяси жүйеге байланысын негізге ала отырып, оның авторитарлық- тоталитарлық және либералдық- демокра-тиялық түрлеріне сипаттама береді.

Авторитарлық саяси мәдениеттің идеялы күшті мемлекет және бақылаусыз билік арқылы азаматтарға демократиялық құқық пен бостандықты қамтамасыз ету. Тоталитарлық саяси мәдениеттен автори-тарлық саяси мәдениеттің бір ерекшелігі ол азаматтарды саяси өмірге белсене қатысуға бағыттамайды. Тоталитарлық саяси мәдениет лидердің жеке басына табынуға алып келеді, азаматтарды лидер ұсынған принциптерге сай саясатқа белсене қатысуға бағыттайды. Мұндай жағдайда азаматтардың сырт көзге саясатқа «белсене» қатысуы өз пікірлерін білдірудің демократиялық бостандығы, саяси шешімдерді плю-ралистік жолмен қабылдау болып табылмайды.

Либералдық- демократиялық саяси мәдениет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, жеке адам мен биліктің қатынасын заңдар арқылы қамтамасыз етуге негізделген.

Әрбір қоғамдық- саяси жүйенің өзіне тән ерекше іргелік саяси мәдениеті болады. Әр елде ол өзіне тән ұлттық ерекшеліктерімен көрінеді. С. Коэннің атап көрсеткеніндей, егер сол елдің өзінде тумаған болса бірде- бір саяси жүйе тұрақты өмір сүре алмайды. Сол саяси жүйеде өзінің саяси мәдениеті дамиды. Осы негізде саяси мәдениетті екі түрге- тұйық және ашық мәдениет деп бөлуге болады. Біріншісі дәстүрлерге сай үлгі бойынша қалыптасады, екіншісі өзгеруге бағытталған жаңа эле-менттерді тез қабылдайды.

Белгілі бір саяси жүйеде түрлі шағын, кірме саяси мәдениеттер де қалыптасуы мүмкін. Олар әртүрлі негізде қалыптасады. Осындай шағын мәдениеттің (субмәдениет) бірі ұлттық- этникалық негізде қалыптасқан мәдениет. Бұл этникалық азшылықтар біртұтас орналасқан аудандарға тән. Мұндай аудандар Индияда, Қытайда, Ресейде, АҚШ-та және басқа елдерде баршылық. Осымен бірге әрбір елде жұмысшылардың, шаруалардың, орта таптың және т.б. шағын мәдениетін атап көрсетуге болады.

Қазіргі саясат туралы ғылымда ұлттық- саяси мәдениеттің шеңберінде жеке адамдарды саяси мінез- құлқына қарай саралау әдісі қолданылып жүр. Мәселен, саясаттанушылар жеке адамдардың төмендегідей типін көрсетеді:



  1. Индифферентті - бұл саясатқа ешқандай сезімдік, танымдылық жағынан қатысы жоқ және саясатқа тартылудан қашатан адам.

  2. Моралист - өлердей найырза немесе асыра мақтаушы – бұл саяси уаққиғаларды есіткенде ол туралы біліктігі шамалы болса да қатты әсерленетін адам.

  3. Автомат- қандай уақиғаны болса да тез қабылдап, тез өзгеріп отыратын, өзінің позициясы, дара пікірі жоқ адам.

  4. Саяси үгітші – басқалардың сезімін оята алатын саяси лидер.

  5. Саяси әкімші- істі және уақиғаларды құбылта пайдалана алатын адам.

  6. Саяси теориетик- идеяларды құбылта пайдалана алатын адам.

  7. Бюрократ - өз өмірі жағдайына әбден тоятап, сірескен адам.

  8. Бояма консерватор – консервативті идеяларды сөз жүзінде қолдайды, ал іс жүзінде радикал адам.

  9. Автаритарлы адам – ресмидоктариналарға төзімді, басқаша ойлайтындарға жау болатын адам

  10. Демократияшыл адам- саяси белсенді, білікті, іске берілген, шыншыл азамат.

Жеке адамдарға берілген бұл сипаттамалар олардың саяси мәдениетінің дәрежесін білдіреді. Міне осыған байланысты саясаттан-ушылар қоғамдағы саяси жүйенің әртүрлі институттарына, әлеуметтік топтарына, жеке адамдарына саяси мәдениеттің әртүрлі дәрежесі тән екенін білдіреді. Олар жеке тұлғалар саяси мәдениеті дамуының төмендегідей дәрежелерін анықтап белгілеген.

1. Саяси индифферентті дәреже саяси өмірге мүлде әзірліксіздігімен сипатталады, саяси түсініктер, идеялар, құндылықтар жүйесінен хабарсыз жеке адам. Мұндай адамдар кез- келген топтың, не беделді адамның соңынан көзсіз еріп, белгісіз саясаттың айдынына батып кете береді.

2. Саяси сезім дәрежесі қоғам шешіп жатқан проблемлемаларға, қарама- қайшылықтарға , дағдарыстағы ситуацияларға белсене жана-шырлық көрсетумен сипатталады. Саяси сезімнің бұл дәрежесі жеке адамның қоғам алдындағы парызы мен міндетін сезінуден туады.

3. Өз бетімен саяси іс- қимыл жасау дәрежесі саяси өмірге қатысу, қоғам істерін басқару негізінде қалыптасады. Жеке адам іс- әрекетінің мемлекеттік және қоғамдық проблемаларды шешудегі маңызын түсіну сезіміне көтеріледі.

4. Өз бетінше саяси ойлау дәрежесі саяси практиканы, саяси күрес пен саяси басшылық тәжірибесін үнемі мақсатты түрде ой- елегінен өткізіп, сараптау барысында қалыптасады. Бұл дәрежеге толық түрде ең алдымен маман саяси және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, журналистер және т.б. жетеді.

Саяси мәдениет саяси жүйеге, бүкіл қоғамға белгілі қызмет атқарады.

Бұлардың ішінен негізгісі ретінде тәрбиелілік қызметін атап көр-сетсек, ол саяси адамды қалыптастырады, оның міндеті- азаматтыққа, азаматтық этикаға тәрбиелеу. Азаматтық қоғамның, ұлттың, мемлекеттің мүддесі үшін қызмет істеуге, азаматтардың құқын қорғауға баулу. Саяси мәдениет азаматтық инициатива көрсетуге, саяси мақсатқа жетудің дұрыс жолын таба білуге, әр адамның қоғамның тең құқықты азаматы екенін сезінуге, өз құқықтарын жауаптылықпен пайдалана білуге, қоғамдық істерді басқаруға қатысуға, әлеуметтік- саяси ассоциацияларға бірігуге, адамгершілікке, әділеттікке қарсы әрекеттерге төзбеуге, бостандық, әлеуметтік әділеттік үшін күресуге тәрбиелейді.

Саяси мәдениеттің эврикалық қызметі саясатта өзін тиімді (рационал-ды) ұстай білуіне қажетті біліммен қаруландырады. Бұл жерде әңгіме қоғамдық дамудың барысы , әлеуметтік басқарудың әдістері мен тәсілдері, құралдары, саяси жүйенің қызметі, ұлттық- этникалық қатынастарды реттеудің тетіктері туралы лайықты біліктілік жөнінде болып отыр.



Саяси социализация қызметті жеке адамды белгілі саяси жүйеге, саяси мәдениеттің басым моделіндегі құндылықтар жүйесіне тартады, қосады, оның саяси жүйенің ресми институттары насихаттап отырған саяси білімдерді меңгеруін қамтамасыз етеді.

Саяси мәдениеттің интеграциялық байланыстырушы қызметі әлеуметтік топтар мен азаматтарды саяси мәдениетке топтар мен азамат-тарды саяси мәдениетке кіретін саяси құндылықтардың төңірегіне топтас-тырады. Осысаяси құндылықтарды жалпыға ортақ құндылық ретінде қоғамның көбірек бөлігі таныған сайын интеграциялық қызмет соншалықты нәтиже бергенін көрсетеді.

Саяси мәдениеттің регуляциялық (реттеушілік) қызметі оның басқа қызмететрімен тығыз байланысты. Бұл қызмет демокартиялық саяси жүйесінде ерекше маңызға ие болады. Мұндай қоғамда дағды, салт- сана және дәстүр қоғамның саяси өмірін реттеп отыруға шешуші ықпал жасайды. Саяси мәдениеттің бұл қызметі адамдардың арасындағы қатынасты да үйлестіругеықпал етеді, сонымен бірге құқықтық жүйе қалыптасқан елдерде қоғамдық тәртіпті сақтауға негіз болады.

Саясат субъектілерінің ара қатынасы саяси мәдениетке кіретін құндылықтармен анықталады. Сондықтан ол нормативті құндылық, акциологиялық құндылық қызметін атқарады. Бұл жерде құндылық деген сөз өмірдегі белгілі бір құбылыстың саяси маңызын білдіру үшін қолданылады. Сондықтан бұл жағдайда құндылықтар ретінде биліктің бөлінуі, көп партиялық жүйе концепциясы, демократияның түрлері, саясатқа қатысудың принциптері мен әдістері, жеке тұлға мен топтар саяси көзқарастарының типтері, қоғам мүшелерінің саяси мәдениетінің дәрежелерін саралау әне т.б. алынады.

Саяси мәдениеттің тағы бір елеулі қызметі тарихи және саяси сабақ-тастықты, саяси процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Жалпы мәдениет сияқты, саяси мәдениет те бүгінгі және келесі ұрпақты байланыстырады, оларға ортақ тіл силайды, саяси құблыстарға бірдей баға беруді ұсынады.

Саяси мәдениеттің қызмет аясына жоғарыда аталғандармен бірге азаматтардың саяси талап- тілектерін, мүдделерін қанағаттандыру да кіреді. Бұл жерде әңгіме әр түрлі әлеуметтік және азаматтық топтардың саясатқа қатысуға деген ынта- жігерін арттыру туралы болып отыр.

Қорыта айтқанда, саяси мәдениет бүтіндей қоғамның саяси жағдайын анықтайды, қоғамның, саяси субъектілердің тығыз байланысты, бір- біріне тәуелді, ықпалды, көп дәрежелі жиынтығы екенін көрсетеді. Саяси мәдениет тарихи қалыптасқан жүйе, ол бірнеше ұрпақтың тәжірибесін, ақыл- ойын, салт- санасын өз бойына сіңірген жүйе, ол бүгінгі өмірде саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметінен көрінеді.

Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйемен, оның қоғамдық- саяси қатынастарымен біте қайнасып кеткен. Сондықтан ол осы жүйемен, осы саяси қатынастармен бірге дамып, өзгереді, сөйтіп мұның орнына жаңа саяси мәдениет келеді.

Біздің қоғамда, Қазақстан Республикасында да осы жан- жақты жаңару процесі жүріп жатыр. Демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет құрумен бірге, оның саяси мәдениеті де қалыптасу үстінде. Сондықтан мемле-кетіміздің саяси жүйесіне кіретін бүкіл ұйымдар мен институттардың міндеті азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, олардың саясатқа белсене араласуына жағдай жасау болып отыр.

3. Жоғарыда біз саяси мәдениетке саяси сана мен саяси іс- әрекеттер жатады дедік. Кең мағынасында бұл дұрыс. Сонымен бірге ол- күрделі мәселе. Сондықтан өз кезегінде олар нені қамтитынын тереңірек білген жөн. Енді соған келейік.

Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп , билік өкілеттілігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігімен тиімділігі жөніндегі және т.с.с. түсініктерді қамтиды.

Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол «еркіндік», »теңдік», »әділдік», »әлеуметтік қор-ғанушылық», »автономия», »төзімділік» және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі - кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі – еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды. Үшіншісі- әлеуметтік қорғанушылықты (тіпті, ол тоталитарлық тәртіптің күшімен орнаса да) бәрінен артық көрінеді. Төртіншісі – автономияны қалайды және т.с.с. Мысалы, қойылған сұраққа жауап берген американдықтардың 74 % - ы еркіндікті бірінші орынға қойса, 20 % - ы теңдікті жақтапты. Ал еуропалықтар болса, тең жартысы бостандықты, соншасы теңдікті жоғары қойған. Бұдан біз кімдер қандай саяси бағдар ұстанатындығын байқаймыз.

Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі- адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сышыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекет-ке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алай-ық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін. Мысалы, ағылшын сайлаушылары саяси серкеге емес, партияға бағдар алады. Ал, АҚШ-та мемлекет басшысын сайлағанда партияға емес, президенке үміткердің тұлғасына бағдар ұстайды. Үндістанда да солай, кімді жақсы білсе, соған дауыс береді.

Саяси мәдениетте әдет- ғұрып, жүріс- тұрыстың да орны зор. Мысалы, екі жапондық кездессе бір- біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын білетін адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрға-нын бірден байқайды. Себебі, ол төменірек иіледі. Ал бұрынғы КСРО – да өтірік айту етек алған. Өтірік «халық жауы» деп соттау, интерна-ционалдық борышымызды өтейміз деп Чехословакияның, Польшаның, Венгрияның, Ауғанстанның ішкі ісіне араласып, әскер кіргізу, сайлау кезінде сайлаушыларды алдау және т.с.с.

Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Ән ұран, Ата Заң, ақша белгілері және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси саяси жүйенің және оның инсти-туттарының қазмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси- әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерт-теудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бұл әрекеттердің үлгілері біркелкі емес. Мәселен, саяси шиеленістерді алайық. АҚШ- та әлеуметтік – саяси кикілжіндерге қалыпты жағдай, тіпті, қоғамның ілгері дамуы үшін керек нәрсе деп қарайды. Сондықтан онда саясатшы дау- дамайдан қашпайды. Ол шиеленісті шешуге, саяси қопарылысқа жеткіз-беуге, оны басқара білуге үйренеді.

Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптас-тыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын және т.б.), адамның саяси өзін- өзі ұстау үлгілерін (мысалы, Кеңес өкіметі кезінде Павлик Морозовтың әкесін ұстап беру «ерлігі») қалыптастырады Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның рөлі тіпті жоғарылай түседі. Себебі, ол демократиялық жағдайда азаматтық қоғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.

Мемлекетпен қатар (көп жағдайда сонымен тығыз байланыса отырып) саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларының таныс-тырады, партияларға және партиялық системаларға белгілі бір көзқа-расты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның рөлі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып партиялық- мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбіне партия бүкіл билікті қолына алған бірпартиялық системада орнайды.

Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды (шіркеу, мешіттерді) қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тудырып, бағыт беріп, адамдарға саяси сана мен өзін- өзі ұстаудың негізгі үлгі- өнегесін жасайды. Мысалы, олардың көбі қазір зорлық- зомбылыққа, озбырлыққа, күш көрсетуге қарсы. Мұндай жағ-дайларды олар көпшілік алдында айыптап, бетке басады. Сондықтан біраз елдерде олармен мемлекет басшылары санасуына тура келеді. Діннің рөлі, Ватиканды айтпағанда, әсіресе Италия, Иран, Польша сияқты елдерде кең өріс алған.

Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын көпшілік ақпарат құралдары : баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция жағдайында теледидардың рөлі орасан өсті. Бүгін әлемде, өз елінде болып жатқан жаңалықтарды ішкі және сыртқы саясат бойынша қабылданып жатқан шешімдер саяси сананы қалыптастыруға зор әсерін тигізетіндігі сөзсіз.

Бұл салада бизнес әлемі де белгілі рөл атқарады. Дамыған капита-листік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді. Мысалы, АҚШ- та және т.б. елдерде, әсіресе сайлау алдында көпшілік дауыс алу үшін саяси қайраткерлерді қайткенде жағымды жағынан жариялап, оның озық қасиеттерін суреттеп, жарнама жасауға баса назар аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, саудагерлер өз тауарын тиімді сату үшін қанашалықты тырысса, сондай көріністі мұнда да байқау-ға болады.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қаты-насушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның рөлі әсіресе АҚШ-да өзгеше көзге түседі. Онда мемлекет пен университеттер, зерттеу орталықтарының арасында үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен. Үкімет кабинеті ауысқанда үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен. Үкімет кабинеті ауысқанда, отставкаға кеткенде жоғары төрелер академиялық қауымға келеді (олардың көбі кезінде сол қауымнан көтерілуі мүмкін). Ал сайлауда жеңген партияны қолдаған көрнекті саясатшылар, экономистер, юристер үкімет үйіне көшеді (мысалы, У. Ростоу, Г. Кис-синджер, Э. Бжезинский сияқтылар солай болған). Басқа сөзбен айтқанда, гуманитарлық ғылымдардың ірі өкілдері қоғамдық санада және қызметте бір прнциптерді, нұсқаулар, ережелерді дайындап, екіншілерінің күйреуі-не жол ашып, саяси ұсыныстарды дайындайтын теоретиктер ғана емес, оларды іске асыруға да белсенді араласады.

Кейбір елдерде саяси мәдениетті қалыптастыруға әскер қатысады. Мысалы, бұрынғы Пруссияның немесе фашистік Германияның , тіпті бұ-рынғы Кеңес Одағының саяси мәдениетінің біраз жақтары осыған айғақ бола алады. Онда армия жұмысының кейбір принциптері ережелері , өнегелері азды- көпті болсын саяси өмірге ауады (мәселен, жеке дара басшылық ету, бұрық бойынша жұмыс істеу, асқан құпиялылық, күш қолдануға бейімділік, казармалық тәртіп және т.с.с.).



4. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгілер мен ережелерге байланысты әр елдің саяси мәдениеті өзгешеленеді, ерекше-ленеді. Батыс саясаттануында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд пен С. Вербаның «Азаматтық мәдениет» (1963) деген кітабында келтірілген. Онда Англия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктері мен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын атап көрсетеді. Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас- ынтасының жоқтығымен сипат-талады. Азаматтық тұрпатында адамдар саяси институттардың шешім-дерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл тұрпатында азаматтар саясатқа зер қойып, оның жұмысына бесене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар «таза» күйінде емес, бір- бірімен аралас түрінде кезеседі. Зерттеушілердің айтуынша, солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ыңғайлысы азаматтық мәдениет көрінеді.

Мәдениеттің өзгешілігі болмысты ұғынудың, оны бағалаудың, соған байланысты әрекет ету тәсілінің ерекшеліктеріне әкеледі. Белгілі бір жағдайға сай келетін саяси жүйелер басқа жағдайларда күйзеліс тауып жатады, белгілі бір әрекеттер бір халықты ойдағыдай жетістікке жеткізсе, екіншісін сәтсіздікке ұшыратады. Мұның бәрі көп жағдайда саяси мәдениетке байланысты екен. Егер біз неше түрлі әлеуметтік болмыста өмір сүріп, еңбек етуіміз мәдениеттің әрекеттестігінен десек, артық айтқандық болмайды.

Саяси мәдениеттің жоғарыда айтылған тұрпаттарынан басқа жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдас-тыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады. Мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Басқа сөзбен айтқанда, субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерек-шеленетін саяси бағдарды айтады.

Сонда субмәдениеттің пайда болу себебі қандай? Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты. Мысалы, америкалық зерттеушілердің байқауынша, негрлердің субмәдениеттік өзгешелігіне олардың қатардағы адамдардың саяси белсенділігіне сенбеушілігі жатады. Олар саясат ақ нәсілдердің ісі деп есептейді.

Кейбір ерекшеліктер әйелдердің саяси субмәдениетінде де кездеседі. Мәселен, батыстың әйелдері консервативтік бағыттағы партиялар мен ұйымдарды қолдайды (бұл әйелдердің әлеуметтік қатынастарының төмендігінен, ерлерге қарағанда қоғамдық қозғалыстарға аз араласқанды-ғынан, қалыптасқан әдеттен шықпауға тырысушылықтан болса керек).

Айтарлықтай айырмашылық жастардың саяси субмәдениетінде де кездеседі. Батыстың жастарын алсақ, олар адамдар арасындағы қарым –қатынас пен өмірдің сапалылығы сияқты құндылықтарды алға тартса, қариялар материалдық молшылықпен қамтамасыз етілуді ұнатады.

Ал Қазақстанда болса оқуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардың арасын-да жартылай ауылдық, жартылай қалалық саяси субмәдениеттің пайда болуын байқаймыз.

Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Ал әтүрлі саяси субмәдениеттер, керісінше, қоғамдық- саяси өмірді тұрақсыздан-дырудың көбі болуы мүмкін. Қоғамдағы жағдай көбінде әр түрлі болғандықтан, субмәдениеттің де сан түрлілігі қалыпты құбылыс. Сондықтан олардың мүдделерін үйлестіріп,бастарын қосып, бірлестіре жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін қоғам терең ойластырылған мәдениет саясатын жүргізуі керек. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан- жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы – қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.

Халық арасында мәдениет саясатын жүргізгенде мына мәелелерге ерекше мән берген жөн: сол елдің Конституциясын, өзінің саяси құқығын , бостандығы мен міндетерін білуі; мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлкетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде де хабардар болу, саяси билік пен саясат жөнінде жалпы білім беру ; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан саясаттың, ережелер, принциптер, идеялардың мәнін түсіну және т.с.с.

Мәдениет саясатын жүргізудің жолдарымен тәсілдері мол. Оған ең алдымен оқу- ағарту жүйесін жетілдіру, халықтың білімін көтеру жатады. Бұл жолда әсіресе қоғамдық ғылымдардың рөлі зор. Олар адамдарға өздерінің саяси қатынастарының қожасы болуына , әлеуметтік тұрмы-сының заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ғылымдар халықтарға өмірді жаңа негізде құруға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, әлеуметтік, экономикалық процестердің болжамын жасауға кең өріс ашады.

Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді мең-геріп, саяси құбылыстар мен процестерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады.

Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында , іс- әрекетінде өткен дәуірдің де, бүгінгінің де, бүгінгінің де, болашақтың да мәдениеттің көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал.

Қазір біздің Қазақстан – егеменді ел. Алғашқы Ата Заңымызда демократиялық зиялы мемлекет құру жолында көптеген бостандықтар мен еркіндіктер берілген болатын.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқық-тары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір- қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмайды. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Ата Заңымызда бұдан басқа да құқықтар мен еркіндіктер берілген. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси әдениеттің даму деңгейін де аңғартады.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси мәдениет жалпы ұлттық мәдениеттің ажыратуға болмайтын бөлігі?

2.Қазіргі ғылымы әдебиетте саяси мәдениетке берілетін түсініктер?

3. Саяси мәдениеттің дәстүрлі әдістері?

4.Белгілі саясаттанушылар Г. Алмонд және С. Вебер саяси мәдениеттің неше негізгі түрлерін бөліп көрсетті?

5.Саяси мәдениетті саралаудың Е. Вятр, К. Гаджиев ұсынған баламалы түрлері?

6.Қазіргі саясат туралы ғылымда ұлттық-саяси мәдениеттің шеңберінде жеке адамдарды саяси мінез- құлқына қарай саралау әдісі?

Реферат.


  1. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.

  2. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котерилер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.

  3. Партиялардың типологиясы.

  4. Партияларды типтеудің өлешемдері (критерийлері)

  5. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.

  6. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріне қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.

  7. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.

  8. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.

  9. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы

  10. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде

  11. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.

  12. Саяси мәдениет тұжырымдамалары

  13. Қазіргі элита теориялары

  14. Бюрократизм саяси феномен ретінде

  15. Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде

  16. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлімі ретінде.

  17. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.

  18. Азаматтың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуының болжамы.

  19. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.

  20. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі тенденция тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.


10- апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 19.Саяси сана және саяси мәдениет.

20.Саяси сана және саяси мәдениет.
1. Билік пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси білімдердің, құндылықтардың, үлгілердің, нормалардың, іс- қимылдың, т.б. жиынтығы мен сипаты.

а) Саяси мүдделілер

ә) Саяси мәдениет

б) Саяси құндылық



в)Саяси өмір

2. Саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көзқарастар, ұғымдар.

а) Саяси мүдделілер

ә) Саяси құндылық

б) Саяси мәдениет

в) Саяси өмір

3. Қазіргі ғылыми әдебиетте саяси мәдениет негізгі неше типке, түрге бөлінеді.

а) 5

ә) 4


б) 6

в) 7

4. Мәденетті саяси объектілерге бағдар беретін жүйе ретінде қарастыратын тип.

а) Объективті

ә) Бәрін қамтитын

б) Психологиялық

в) Эвристік

5. Мәдениетті әрі бағдар , сонымен бірге жеке адамның саяси мінез - құлқы ретінде қарастыратын тип.

а) Психологиялық

ә) Бәрін қамтитын

б) Объективті

в) Эвристік

6. Мәдениетті жеке адамның мінез- құлқын шектеуші ретінде қарастыратын тип.

а) Психологиялық

ә) Эвристік

б) Объективті

в) Бәрін қамтитын
7. Мәдениетті талдай білу мақсаттары үшін сыртқы қаңқа ретінде қарастыратын тип

а) Эвристік



ә) Объективті

б) Бәрін қамтитын

в) Психологиялық

8.Нақты өмірде саяси мәдениет неше қызмет түрінде көрінеді.

а) 4

ә) 2

б) 3


в) 5
9.Саяси тәжірибе, дәстүр, мінез, құндылық, көзқарас, пікір, саяси сезім мен эмоцияны білдіру, саяси ойды білдіру ретіндегі қызмет көрінісі.

а) Рухани көрініс



ә) Зат түрінде

б) Қызмет түрінде

в) Қарапайым түрінд

10. Саяси институттардың, ұйымдардың түрленуі, саяси қызметтердің құралдары, ғылыми ойдың материалдандырылған жетістіктері ретіндегі қызмет көрінісі.

а) Зат түрінде

ә) Қызмет түрінде

б) Қарапайым түрінде

в) Рухани көрініс

11. Саяси қызметтердің тәсілдері, стилі, әдістері, құралдары, саяси процестердің түрлері ретіндегі қызмет көрінісі.

а) Қарапайым түрінде

ә) Зат түрінде

б) Рухани көрініс

в) Қызмет түрінде

12. Қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет- ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, т.с.с. жиынтығы

а) Нақты саяси сана

ә) Күрделі саяси сана

б) Қарапайым саяси сана

в) Теориялық саяси сана
13. Жағдайлардың мән маынасын, олардың айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейтін сана.

а) Нақты саяси сана



ә) Қарапайым саяси сана

б) Күрделі саяси сана

в) Теориялық саяси сана

14. Саяси идеология қашан дүниеге келді.

а) Ағартушылық дәуірінде

ә) Ренесанс дәуірінде

б) Рационализм дәуірінде

в) Глассицизм дәуірінде
15. Ең алғаш рет "саяси мәдениет" ұғымын қолданған ХVIII ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы философы кiм?

а) Аристотель.

ә) Иоган Гердер .

б) В.Паретто.

в) К.Маркс.
16. "саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасындағы қатынасы бар нұсқаулар, мiнез-құлықтың жиынтығы" деп айтқан саясаттанушы?

а) Аристотель.

ә) Е.Вятр

б) Августин.

в) Аквинский.
17. Белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы

а) саяси психология.

ә) саяси идеология.

б) саяси мәдениет.

в) саяси әлеуметтену.

18.Қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тісілдерімен қаруландыратын саяси мәдениеттің қызметі

а) реттеушілік.

ә) теттеушілік.

б) танымдық.

в) тәрбиелік.

19. Саяси мәдениеттiң құрамына мемлекеттегi заңды мақылдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылына жатқызатын типтердiң бiрi?

а) белсендiлiк.

ә) мақұлдаушылық

б) патриархалдық.

в) бақылаушылық.

20. Қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтын, саяси мәдени топтың бiрi?

а) белсендiлiк.

ә) патриархиалық

б) мақылдаушылық

в) бақылаушылық

21. "Азаматтық мәдениет" атты еңбектiң авторлары?

а) Г.Алмонд, С.Верба

ә) Г.Гобба, Г.Гроций.

б) Августин, Аквинский.

в) Маркс, Энгельс.

22 Қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтауды жүзеге асыратын саяси мәдениеттің қызметі

а) біріктірушілік.

ә) қорғау.

б) сабақтастық.

в) тәрбиелік.

23. Таптардың, ұлттардың, мемлекеттің мақсатын қолдайтын коғамдық ойлар

а) экономикалық сана

ә) саяси сана

б) моральдық сана

в) діни сана

24. Белгiлi бiр қоғамға немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сапа мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.Ол :

а) ұйым.

ә) партия.

б) саяси мәдениет

в) мемлекет.

25. Қоғамда үстемдiк еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекше бар саяси бағдарды атайды.Ол:

а) ұлт.

ә) субмәдениет .

б) сайлау жүйесi.

в) ел,халық.


26. Адамдардың шындық өмірге қатынастары аңғарылып, бағаланатын саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастың жүйесі.

а) идеология.

ә) тұғырнама.

б) декларация.

в) доктрина.

27. Ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтық пiкiрiн анықтау?

а) плебисцит .

ә) мәдениет.

б) саясат.

в) әлеумет.

28. Ғылыми зеттеуге емес қиялға негiзделген iске аспайтын идеологиямен теориялар?

а) саяси утопия .

ә) сенім

б) ел.


в) саясат.

29. Еврейлерге қарсы бағытталған оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрi?

а) дұрысы жоқ.

ә) ұлт.


б) саяси бейiмделу.

в) Антисемитизм .

30. Саяси мәдениетке :

а) белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әркеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады .

ә) саяси институттар өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелерi негiзiн құрайды.

б) таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамдардың азамат пен мемлекеттiң арасындағы қатынастар кiредi.

в) мемлекет,саяси партиялар,кәсiподақтар, кооперативтер, жастар т.б. ұйымдар мен бiрлестiктер жатады.

31. Ең алғаш рет "саяси мәдениет" ұғымын қолданған ХVIII ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы философы кiм?

а) Иоган Гердер .

ә) Аристотель.

б) В.Паретто.

в) К.Маркс.

32. "саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасындағы қатынасы бар нұсқаулар, мiнез-құлықтың жиынтығы" деп айтқан саясаттанушы?

а) Аристотель.

ә) Е.Вятро .

б) Августин.

в) Аквинский.

33. Ұлтшылдықтың шектен шыққан асқынған түрі

а) шовинизм.

ә) фашизм

б) ұлтшылдық

в) интернационализм



34. Қазіргі заманғы саяси ойда кең тараған, әрі ықпалды мектеп

а) трансұлттық мектеп

ә) идеалистік мектеп

б) реалистік мектеп

в) неореалистік мектеп




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет