Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы



бет6/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Екінші аралық бақылау






ОБСӨЖ

Тақырыптар

Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

№15,16

15.Саяси режимдер.
16.Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.


8 апта

4,0

Консультация

Тест


2

№17,18

17.Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
18.Саяси процесс және саяси қызмет.

9 апта

4,0

Үй жұмысы

Тест


3

№19,20

19.Саяси сана және саяси мәдениет.
20.Саяси сана және саяси мәдениет.


10 апта

4,0

Ресферат

Тест


4

№21,22

21.Саяси элита және саяси көшбасшылық.
22.Саяси элита және саяси көшбасшылық.


11апта

4,0

Глоссарий

Тест


5

№23,24

23.Саяси технологиялар
24.Саяси технологиялар


12 апта

4,0

Тест

6

№25,26

25.Саяси технологиялар
26.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.


13 апта

5,0

Үй жұмысы

Тест


7

№27,28

27.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.
28.Саяси болжамдау


14 апта

5,0

Үй жұмысы

Тест


8

№29,30

29.Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.
30.Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.


15 апта

-

Коллоквиум

∑ 30 балл ОБСӨЖ


8- апта 5,0 балл

15.Тақырыбы: Саяси режимдер.


  1. Саяси режим ұғымы.

  2. Саяси режимдердің типтері.

  3. Тоталитаризм саяси феномен ретінде.

  4. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері.

  5. Диктатураның тарихи формалары.

  6. Тоталитарлық жүйенің формалары.

  7. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы.

  8. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері.

  9. Авторитаризм.

  10. Авторитарлық саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешіліктері. Авторитарлық жүйелердің объективтік негіздері.

  11. Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері және формалары.

  12. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режим дер.

  13. Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары.

  14. Демократия ұғымы.

  15. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелердің бірі.

Саяси тәртіп (режим) деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен топқа бөледі.

Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік- саяси құрылысы жатады. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады.

Демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:

1.Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал- айласыз, қулық- сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды.

2.Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жткіліксіз.

3. Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте дмократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады.

Антидмократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік- саяси құрылымды айтады.

Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайда. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.



Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік – саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады.

Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда бурзуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады.



Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең, тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Оны толық түсіну үшін саяси жүйенің құрамдас элементтерін, әсіресе мемлекетті оқып білу керек.

Саяси режим- қарастырылып отырған мемлекетке тән билікті іске асырудың, үстемдік жүргізіп отырған идеология, әлеуметтік қатынастар жүйесі, сонымен бірге саяси мәдениеттің хал- ахуалы.
Тоталитаризм-әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынатын мемлекеттік саяси құрылыстың нысаны. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді.Мұндай тәртіпте өндіріс , экономика, бұқаралық ақпарат құрал-дары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі т.б. тегіс бақылауда . Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмысына тиым саланады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық – полициялық бақылау орнайды.

Унитаризм-мемлекеттік құрылыс принципі, мұнда билік тұтас орталық басқару органдарына шоғырланады, ал жергілікті бөлімдер тек кеңесу құқығымен жеке өкілеттіктермен ғана шектеледі.

Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік – саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші орынға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын әскери күшке сүйенеді. Мемлекеттің сайлау жүйесі шектеледі.

Диктатор- шексіз билікке ие, мемлекетті күш қолдану жолымен дара басқаратын билеуші.

Демократия- халықтың билігін, заңдылықты мойындап, азаматтар-дың теңдігін, құқықтарымен бостандықтарын құрметтеуге негізделген, мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халық бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі ескерілуін және т.б. көздейтін қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

Абсолютизм – шексіз монархия, мемлекеттік басқару нысаны мұнда саяси билік тұтастай бір адамның – монархтың қолына шоғырланады. Мемлекеттің тым орталықтануымен ерекшеленеді.

Монархия- басқару нысаны, мұнда жоғары мемлекеттік билік жеке билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалады. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін.

Олигархия-саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында болатын басқару нысаны немесе сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін.Сондықтан қаржы олигархиясы деп атайды.

Ұлтшылдық - ұлтты ерекшелендірумен, оқшаулау идеяларынан туатын идеологиялық саясат, әлеуметтік тәжірибе, саяси көзқарас. Ұлтшылыдық XVIII ғасырдың аяғында отаршылдық қанау мен әлеу-меттік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде пайда болған. Оның алдын алмаса, кейін халықтар арасындағы өшпенділікке айналып кетуі мүмкін.

Фашизм- реакциялық, агрессияшыл күштердің террорлық диктату-расы. Оның ерекшеліктері: бір нәсілді екіншісінен артық қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, демократиялық құқықтармен бостандықтарды басып – жаншудың шектен тыс әдіс- тәсілдерін пайдалану , қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с. Екінші дүние жүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір жаңарған фашизм бой көрсетуде.

Федерация-1) тәуелсіз бірнеше мемлекеттің бірігіп, одақтас жаңа мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілер міндет-терінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғары билік (заң шығарушы , атқарушы,сот) органдары болады, бірақ олар орталық институттарға бағыналы.

6.Тақырыбы: Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.


  1. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

  2. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.

  3. Тіке және өкілетті демократия.

  4. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы.

  5. Демократия сабақтары.

  6. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.

  7. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары.



  1. Теориялық мәліметтер:

1. Демократия деген сөз гректің «демос»- халық және «кратос»-билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуәідегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конситуциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекет-терде халықтың астамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада- халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық- жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс- тұрыс, іс- әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымды беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарын-да пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі- әділеттілік.Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу - әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптері-не сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптер-дің бәрі түгел болағанда ғана әділдік болады. Бұл- әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман – мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық прин-ципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін- өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.

Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын . Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлау-дың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау- дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.

Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман- аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол- шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты.Ағылшынның көп жылдар Премьер- Министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, «демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда- бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ».

2.Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі- өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды XIX ғ. Аяғында Америка әлеуметтану-шысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. XX ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушы-лары «саяси әлеуметтену» деген ұғым да ойлап шығарды. Г. Алмонд, С. Верба, Д. Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс- әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е. Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс- әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институт-тарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық кбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтейзм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материал-дық құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық . Оған ірі саясаткерлердің , бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін- өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін- өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал- шашын алуы, өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін таза киінуі, сақал- шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық- тесік киім киді, өз диалектілерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік пен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағыттала-ды:

- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс- әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік- саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігі-нің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс- әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт- дәстүрлерді, білімді меңгереді.



3. Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау- жанжалдық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттары-ның арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қа-лыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеу-меттік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтыр-майды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеология-ның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа адамзаттар-дың, олардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау- жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт- дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау- жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде, Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының аза-маттарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либеральдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар боймызға сіңген жоқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.

Сайып келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден қоғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздық көбейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.




  1. Бақылау сұрақтары:

1.Демократия сөзінің мағыналары?

2. Демократиялы принциптерге не жатады?

3. Демократия дегеніміз не?

4. Адамдардың саяси сауатын қалай көтереді?

5. Саяси әлеуметтену мәселесі қай кезде кеңінен көтерілді?

6.Саяси әлеуметтену процесі қандай үш негізгі мәселені шешуге бағытталады?



7. Әлеуметтенудің үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау- жанжал-дық типтері?


Тест.

Тақырыбы: Саяси режимдер

Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
1. Мемлекетке тән билікті іске асырудың, үстемдік жүргізіп отырған идеология, әлеуметтік қатынастар жүйесі, сонымен бірге саяси мәдениеттің хал- ахуалы.

  1. Саяси режим

  2. Стагнация

  3. Сеператизм

  4. Саясат

2. Әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін орнықтылық

  1. Саяси тұрақтылық

  2. Стагнация

  3. Саяси режим

  4. Саясат

3. 1)Саяси қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен нысандар; 2) Саяси қызметтің құралдары жөніндегі білімдер жиынтығы.

  1. Саяси технологиялар

  2. Саясат

  3. Саяси режим

  4. Сеператизм

4. Әрбір адамзаттың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынатын мемлекеттік саяси құрылыстың нысаны. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді.

  1. Тоталитаризм

  2. Толеранттық

  3. Теократия

  4. Технопартия

5.Діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқару нысаны.

  1. Теократия

  2. Тоталитаризм

  3. Толеранттық

  4. Технократия

6.Мемлкеттік құрылыс принципі, мұнда билік тұтас орталық басқару органдарына шоғырланады, ал жергілікті бөлімдер тек кеңесу құқығымен жеке өкілеттіліктермен шектледі.

  1. Унитаризм

  2. Теократия

  3. Тоталитаризм

  4. Технократия

7.Реакциялық, агрессияшыл күштердің террарлық диктатурасы.

  1. Фашизм

  2. Тоталитаризм

  3. Федерация

  4. Ұлтшылдық

8. Тәуелсіз бірнеше мемлекеттің бірігіп, одақтас жаңа мемлекетті құруы. Оған кіретін субъектілер міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі.

  1. Федерация

  2. Фашизм

  3. Теократия

  4. Империя

9.Елдің экономикалық және саяси өміріне, қоғамның басқа саласына мемлекеттің белсенді араласуын көздейтін тұжырымдама.

  1. Этатизм

  2. Электорат

  3. Элита

  4. Республика

10. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге, халықтарға, аймақтарға ықалын күшейтіп, билік жүргізу үшін экономикалық, әскери, дипломатиялық әдістермен жүргізетін саясаты.

  1. Экспансионизм

  2. Шовинизм

  3. Экстремизм

  4. Агрессия

11. Саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз күш қолдану тәсілдерін пайдаланатын әрекет.

  1. Экстремизм

  2. Шовинизм

  3. Экспонсионизм

  4. Агрессия

12.Ұлттық ерекшліктерді дәріктейтін, бұл ұлттың мүддесін басқа халықтардың мүддесіне қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын ұлтшылдықтың өрескел түрі.

  1. Шовинизм

  2. Экстремизм

  3. Экспонсионизм

  4. Агрессия

13. Ұйымдастыру мен басқару принципі, мұнда саяси жүйенің құрамдас бөліктерінің тұрақты байланыстың орнауын және оны реттеп отыратын біріңғай орталықтың болуын көздейді.

  1. Централизм

  2. Эталитаризм

  3. Экстремизм

  4. Экспонсионизм

14. Шексіз билікке ие, мемлекетті күш қолдану жолмен дара басқаратын билеуші.

  1. Диктатор

  2. Демократ

  3. Бюрократ

  4. Аристократ


9- апта 4,0 балл

17.Тақырыбы: Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.


  1. Саяси жүйені жаңалау мәселелері.

  2. Саяси жаңалау ұғымы.

  3. Жаңалау және тоталитаризмнен демократияға өту.

  4. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде.

  5. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.

Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дгенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елдімекендерді қалаландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.

Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.

Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, Х.Линдз) бұған керісінше қарайды. Олардың ойынша, дмократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, биік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі.

Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр.

Әлеуметтік салада сословиелік – касталық бөліністерді жойып, бір жіктеп екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алуан түрлілік тұрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, саяси қатынастарды кеңейту және ардайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді қабылдағанда, кикілжіңдерді шешкенде мәмілеге келе білу және т.с.с.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегнмен, 70 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Португалия, Испания) өздерінің бұрынғы бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 жылы бастап алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады.

Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жатқан да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тк бйбіт жолмен жетуге болады. Оның үш түрі бар.

Біріншіден, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді

Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту.

Үшіншіден, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.

Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.

Республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы- халық еркіндігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.

Елде экономикалық, саяси құқықтық реформалар тынымсыз болып жатады. Ол- өмір талабы. Бірақ солардың бәрі әбден ойланып, терең толғанып қабылданып, іс жүзіне асып жатса, мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп, өмірдің барлық саласында өркениетті қарым- қатынастар қалыптасып жатса, демократиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.

Сайып келгенде, либералды демократиялық жолға түсу- бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлуметтік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады. Біздің мақсатымыз- ата- бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға теезірек түсу.



Саяси жүйе-1) мемлекеттегі саяси партиялардың жиынтығы; 2) саяси партиялардың мемлекет басқаруға қатысының ерекшеліктері; 3) саяси партиялардың іс- әрекеттерінің регламентациясы, олардың ашық, жасырын немесе жартылай жасырын жағдайы.

Саяси даму- әр түрлі саяси күштердің арақатынасы, мұның нәтижесінде саяси іс-қимыл, саяси мәдениет және саяси өмірдің өзі өзгереді.

Cаяси мәдениет- билік пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси білімдердің, құндылықтардың, үлгілердің, нормалардың, іс-қимылдың, т.б. жиынтығы мен сипаты. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың іс-қимылы, осы жүйе шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси бостандық- азаматтардың саяси процеске демократиялық жолмен, жан-жақты және пәрменді қатысуын қамтамасыз ететін заңмен бекітілген құқығы.

18.Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет.


  1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.

  2. Саяси процестің құрылымы.

  3. Саяси процестің өмір сүруінің режимі.

  4. Саяси процесс сатылары (фазалары).

  5. Саяси процестің типологиясы.

  6. Сыртқы және ішкі саяси процестер.

  7. Ашық және жасырын саяси процестер.

  8. Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде.

  9. Саяси әрекеттер сипаттамасы.

  10. Саяси әрекеттердің түрлері.

  11. Саяси жүріс- тұрыс және оның формалары.

  12. Әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы.

  13. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру.

  14. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі.

  15. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңестікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат- мүделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақы-лауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азамат-тардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат- мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат- мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс- әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солар-дың іс- қимылдарымен айқындалады.

Саяси процесті ұйымдастыру түпті ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат таңдалады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін.

Саяси процес- күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамти-ды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік биікті ауыс-тыруы немесе оған дейінгі саяси- құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін- өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастармен институттар құралады, саяси ережелер мен қазы-налар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарас-тары, іс- қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3. Саяси- басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама- қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсылас-тарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындыр-май, реттеп, халықтың талап- тілектерімен мүдделерін үйлестіріп, қоғам-ның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жа-сауы керек. Бұл - саяси мәселе.

4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс- әрекетін бақылау. Оған саяси жү-йе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат- мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі- мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен қозға-лыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси про-цесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгерпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызмет жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс- әрекетінде жаңашылдық, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл атқарады.

2. Саяси тәртіптің дамуы . Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

3. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақтаудың орнына саяси субъектілердің бөлшек-тену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудыр-майды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік- экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйым-дар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс- әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдай-дан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін , қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс өнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институтцияланған түрлері-нен, олардың іс- әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал- әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын , құрылымын өзгертіп, бейімделе икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді.

Саяси билікті ұйыдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Анти-демократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат- мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап- тілек-терін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктерімен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тия-нақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсін-беушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді.



Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көп-шілік халықтың әл- ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеумет-тік кикілжіңдер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада – қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік- саяси өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алды.

Бұл екі жолдың да өз жақтастарымен қарсыластары бар. Революция-лық жолды басшыыққа алушылар – марксистік. «Саяси экономиясына» деген кітапқа жазған алғысөзінде К. Маркс былай деп көрсетті: өндіргіш күштер өз дамуының белгілі сатысында осы дамуына бұғау болатын өндірістік қатынастарға қайшы келеді. Сол кезде әлеуметтік революция заманы туады. Оның қолданушылары реформа қоғамды ішінара, жарым- жартылай ғана өзгертеді, әлеуметтік шиеленісті уақытша бәсеңдетеді деп түсіндіреді.

Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдас-тырушылар алдына белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саяси емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда оның көбіне ауқымы тары-рақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін.

Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс- әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түр-де келеді, анық- айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдығыштығымен сипатталады.

Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс- әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

3. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс ісейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын амалдарды сайлай-ды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Бііншісі- институтционал-данып реттелген демократия. Онада азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі- сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгіленген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы орган-дардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Бұл мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.

Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын пар-тиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағ-дайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді. Сондықтан мемлекет сайлау науқаны шығынының біраз бөлігін өз мой-нына алады. Сонымен қатар жеке адамдар мен ұйымдарға, сайлау алдын-дағы қорға қайырымдылық көрсетудің мөлшері және үміткерлердің өз қаржысынан қанша жұмсай алатын шамасы белгіленеді.

Сайлау алдындағы үгіт сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқта-тылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.

Сайлау жасырын дауыспен беріледі. Сайлаушының бюллетеньді қалай толтырып жатқанын ешкімнің бақылауға қақысы жоқ. Кейбір елдерде сайлау нәтижесін бұрмалауға жол бермеу үшін арнаулы дауыс беру машинасын пайдаланылады.

Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін – рефе-рендум . Бұл заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу.

Референдум жеке аймақта не округте өтуі мүмкін. Онда жергілікті жердің мәселесі қаралады. Мысалы қалалық бюджетке түсетін қосымша салық кіргізу, жаңа зауыт, фабрика, комбинатты салу немесе ондайдың ескісін жабу, үлкен магистральдық жол тарту және т.б. сияқты мәселелерге халықтың пікірін біледі. Мұндай тәсіл АҚШ- та, Швецарияда кең таралған.

Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапайым халық және шешім деген сөзінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа ( ми-тингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.



Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күтердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыз-дық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдас-тырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру ( демонстрация)- белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпші-ліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсылас-қа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік- экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т.б. Ереуіл күрес жүргізу-шілердің ақырғы амалы болып табылады. Себебі, оның зардабы бүкіл қоғамға ауыр тиюі мүмкін. Оның салдарында шаруашылық байланыстары үзіліп, экономикаға нұқсан келеді.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т.с.с. болуы мүм-кін.

Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген , ой- өрісі кең, әлем-дегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға, бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қа-тысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді.Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуде.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шет-телуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға , саяси институттардың ықалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дістүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне жіне т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі- оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

4.Бақылау сұрақтары:
1. Саяси процесс дегеніміз не?

2. Саяси жүйенің даму процесі?

3. Ішкі саяси процесс?

4. Сыртқы саяси процесс?

5. Адамдардың саяси процеске қатысуы қалай жүзеге асырылады?

6. Референдум, плебисцит дегеніміз не?

7. Бұқаралық жиналыс, шеру, ереуіл дегеніміз не?
3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт ппен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылы-мының дүниеге келуі және т.с.с.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат- мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең адымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат- мұраты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекет-тік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап іске асыратын неігізг тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат- мұраттарын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілет-тікті бөлу мәселелері олардың іс- әрекетіне байланысты. Саяси субъекті-лердің өзара қатынастардың, саяси өзгерістердің екпіні,т.т. да солардың іс- қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес- белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырылады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұынғы Кеңес өкіметін-де СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процестің ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси, серке, т.т) процестің теориясын немесе тұғырнмасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат танылады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүйеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т.т ойлас-тырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек.

Саяси процес – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1) Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыс-тыруы немесе оған дейінгі саяси- құқықтық құрылымдарды жаңарған жағ-дайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін- өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2) Саяси жүйенің өзін- өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе , бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетіл-діреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс- қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3) Саяси- басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың , топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама- қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсылас-тарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқын-дырмай, реттеп, халықтың талап- тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл- саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының ( орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері , көмекші топтары және т.б. ақыл- кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми- талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі.

Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партапараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған : шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4) Саяси жүйенің жағдайы мен іс- әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат- мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі- мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен қозға-лыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл- саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін- өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны «төменнен бақылау» десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгер-пей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйрен-шікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс- әрекетінде жаңашылдық, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл атқарады.

2. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдіс-тердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

3. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақталудың орнына саяси субъектілердің бөл-шектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән ту-дырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің құл-дырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік- экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс- әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институциланған түрлерінен, олардың іс- әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал- әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді.

Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демок-ратиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократия-лық түріне халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемокра-тиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеущі партияның, әскери топтың қолында болады.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап- тілектерін секеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік , кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың хал- ахуалы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс- қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.



Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл- ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеу-меттік кикілжіңдер себеп болады. Қайшлықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгеріс-тер біртіндеп жасалады. Революция- қоғамдағы топтар өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады.

Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс- әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық- айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.

Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс- әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

3. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйесінің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екінші-сінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі- инсти-туционалданып реттелген демократия . Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсен-ділігін білдіретін түрі- сайлауға қатынасу . Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыру-ға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамы-рақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт- насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.

Сайлау процесі сайлау округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір неме-се бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сай-лаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.

Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйым-дастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткер-лерді сайлаушылармен кездестіреді, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.

Сайлаушылар өз таңдауын жан- жақты ойланып , саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат – мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластыр-ғаны жөн.

Деократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партия-лардың мүміншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі.

Сайлау алдындағы үгіт сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқтатылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлау ұқсас келетін – референ-дум. Бұл заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасаған тікелей үндеу. Мысалы, онда конституция қабылдау немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекет-аралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді парламент немесе үкімет бастығы қояды.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (ми-тингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.



Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермеушілік , ұстам-сыздық бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдас-тырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация)- белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл – саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік- экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т.б. Ереуіл күрес жүргізу-шілердің ақырғы амалы болып табылады. Себебі, оның зардабы бүкіл қоғамға ауыр тиюі мүмкін. Оның салдарында шаруашылық байланыстары үзіліп, экономикаға нұқсан келеді. Ереуіл жасаушылардың өздеріне де осал тимейді. Сондықтан ереуілге шықпас бұрын оның салдары жөнінде терең ойлану керек. Егер шығатындай болса, ол жоғары деңгейде ұйым-дастыруды, мақсатын, талаптарын, өткізілетін уақытын айқындауды талап етеді. Ереуіл кезінде жазатайым құрбан болу не басқа келеңсіз жағдайлар тууы мүмкін. Олардың отбастарына көмек көрсетуге тура келеді. Солардың бәрі алдын ала жан- жақты ойластырылуы керек.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т.с.с. болуы мүмкін.

Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген, ой- өрісі кең, әлем-дегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға , бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қатысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді. Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуде. Шетелдердің көбінде экологиялық, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар кең етек алды. Мұндай қозғалыстардың біздің елімізде де қолдау тауып жатқаны қуанарлық жәй.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шет-телуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылда-мауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі – оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси процестің құрылымы?

2. Саяси процестің параметрлері?

3. Саяси процестің жіктелуі?

4. Саяси процеске қатысу түрлері?

5. Саяси даму дегеніміз не?

6. Саяси бейімделу дегеніміз не?
3.Теориялық мәліметтер:

1.Саяси жүріс-тұрыс, саяси белсенділік мәселелері көптен бері түрлі зерттеушілердің қызуғушылығын байқатып келеді.Олар не себептен адам саясатқа қатысады, оның саяси жүріс-тұрысы неден және қалай жасалады, саяси қатысудың белгілі бір формасын таңдауға қандай факторлар ықпал етеді,не себептен индивидтер кейбір саяси күштерге, бағыттарға,институттарға өз қолдауын білдіріп отырады деген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Бұл сұрақтарға көптеген жауаптар, көптеген баптар бар. Солардың шеңберінде, көп жағдайда,мәселенің тек бір аспектісі ғана қарастырады.Шын мәнінде саяси жүріс-тұрыс мәселесі айтарлықтай қиын да күрделі ғана емес,сондай-ақ,оны ұғындырудағы түрлі методологиялық баптарды қолданумен байланысты және де негізгі түсініктердің терминологиялық бейтараптылығы тағы бар. Біздің бүгінгі саяси ғылым үшін терминологиялық бейтарап мәселесі ерекше актуальді.Себебі,саяси жүріс-тұрыс феноменін сипаттау үшін “саяси қатысу” , “аяси белсенділік”, “саяси әрекет”, сияқты түсініктер қолданады. Көп жағдайда бұл түсініктер бір-бірінен нақтылы ажыратылмайды.

Осыған байланысты тағы бір мәселе,өзіміздің саяси ғылымда,шетелдік саяси ғылым шеңберінде қолданатын, бұл категорияның мәнін турасынан беретін жалпы қабылданған термин жоқ. Бұл мәселе туралы Е.Б. Шестопал –саяси ғылымда “саяси жүріс-тұрыс” терминін, жеке қатысушылармен көпшілік қатысушылармен көпшіліктік қатысуларды әрекетін, билік субьектілерінің ұйымдастырылған белсенділігі немесе саяси жүйені қолдаған не оған қарсы әрекеттерді деп түсіндіреді.Ол кейбір зерттеушілер, “қарсы” дауыс беру немесе сайлауға келмей қалуды да саяси жүріс-тұрыс формасы деп көрсетеді дейді.

Осы жерде,саяси жүріс-тұрыс неден тұратыны туралы түрлі түсініктерді жүйелеп,олар қалай өлшенеді деген сұрақпен бірге оның анықтамасы мен құрамдарын көрсетуімізге болады. Сонымен саяси жүріс-тұрысты—саяси әрекеттердің түрлі түрлері “іске асқан субьективті себептелген (мотивированның)процесс” деп анықталады. Ал саяси әрекет дегенді,саяси позицияның белгілі бір іспен алдынала себептелуімен және мақсатқа жетуімен байланысты биліктік мүддені жүзеге асырудағы саяси субьектілер әрекет формаларының барлық жиынтығы деп түсінуге де болады.

Саяси жүріс-тұрыс түсінігімен саяси қатысу түсінігі тығыз байланысты.Сондықтан саяси қатысу:- ол саяси субьектілердің саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал жасауға қолданылатын құралы ретіндегі түрлі саяси әрекеттер формасы.Мысалы, әрбір адам саясатқа әр түрлі қатысады:біреулер тек газет оқыса, ал басқа біреулер онымен қоса сайлауға да қатысады,үшінші біреулер белсенді саяси жұмыс жүргізеді.Сондықтан бір әрекетке жұмылыстың өзі әр түрлі болып байқалады. Осындай өзгешеліктерді белгілеу үшін “саяси белсенділік” түсінігі бар. Саяси белсенділік:ол саяси субьектінің саяси процеске толығынан және де саяси әрекеттің бөлек формасы шеңберінде қатысуы.

Ал кейбір индивиттер саясатта еш бір белсенділік танытпауы мүмкін. Мұндай саяси жүріс-тұрыс типін белгілеу үшін абсентизмұғымы қолданады.

Саяси қатысудың кең тараған формасының типологиясы келесідей:



1.Конвенционалдық формалары

  1. Абсентизм.

  2. Саясат туралы газеттен оқып білу.

  3. Саяси оқиғаларды жолдастарымен және таныстарымен талқылау.

  4. Дауыс беру.

  5. Саяси партияның немесе кандидаттың иміджін көтермелеу.

  6. Басқаларға,қалай дауы беру туралы дәлел айту.

  7. Митингілер мен жиналыстарға қатысу.

  8. Билік құрылымына немесе оның өкіліне қатынасу.

  9. Саяси қайраткер ретінде белсенділік.

II.Конвенционалдық емес формалар.

  • Петицияға (жазбаша арнаулы өтініш) қол қою.

  • Рұқсат берілмеген наразылық жиынына қатысу.

  • Бойкотқа қатысу.

  • Салық төлеуден бас тарту.

  • Құрылысты,өндірісті басып алуға және сол жерде отырып,наразылық шеруіне қатысу.

  • Жол қозғалысын бөгеп тастау.

  • Кездейсоқ наразылық шерулеріне қатысу.

Сонымен келтірілген бұл типологияны “саяси қатысу” ұғымын операционализациялаудың варианты,сондай-ақ,саяси процестің жеке субьектілер типологиясы ретінде қарастыруға болады.

2.Саяси белсенділік пен қатысулардың формалары мен факторларын талдаудың көптеген теориялары бар. Жалпы ол теорияларды үш топқа бөлуге болады: әлеуметтік,әлеуметтік психологиялық және рационалды таңдау теориясы.Бұл әрбір баптар,саяси жүріс-тұрыстың,тек өзіне ықпал етуші кейбір факторларына көңіл қоя отырып,оның тек бір аспектілерін қарастырады.Бұл теориялармен танысу,саяси субьектілердің жүріс-тұрысына ықпал етуші түрлі факторларды комплексті түрде жасауға көмек береді.

Саяси қатысудың классикалық социологиялық теориясы “орталық” теориясы.Оның негізін салушылар С.Вебра мен Н.Ни.Олар өздерінің “Америкадағы қатысу” деген еңбегінде саясаттағы қатысудың әлеуметтік мәртебенің кейбір көрсеткіштеріне тәуелділігін көрсетті: Америкада саясиландыру процесінің әлеуметтік -экономикалық стандартты моделі,жоғары дәрежелері топтар өкілдерінен қатысушылар арасынан басым байқалып қызмет істейді.

Саяси жүріс-тұрыс пен саяси қатысудың сипатына дәрежелік көрсеткіштердің ықпал етуі басқа да ғалымдар көп зерттеген.Қазіргі кезде мұндай ықпалдың бар екендігі күмән келтірмейді.нақтылы шындықтың сипаттарын бөліп көрсету және олардың ықпал етуші күші мен ұлттық ерекшеліктері сияқты мәселері қарастырылуда. Мысалы,Батыс Европа мен Ақш та жүргізілген зерттеулерге қарағанда,саясатқа енжарлық байқатушылар—жасы келген адамдар,әйелдер,білімі төмен дәрежедегі адамдар. Саяси жүріс-тұрыстың комформистік типі жоғары жастыларға тән, реформизм-ер адамдарға,орта жастағыларға,білімі жоғары деңгейдегілерге,белсенділік көп жағдайда ер адамдар ортасында,жастарға,жоғары білімділерге тән болса,ал саяси белсенділіктің конвенционалды емес формалары көп жағдайда жастар ортасында кеңінен тараған.

Әлеуметтік психологиялық модельдік топтың бірнеше баптары бар. Олардың бірден-бір бабы адамның ішкі дүниесіне сыртқы шындық туралы субьективтік көзқарасына байланысты саяси қатынасуды қарастырушы когнитивті бап болып табылады.

Саяси қатысудың тағы бір классикалық моделі:-ол құндылықты модель. Бұл модель шеңберінде негізгі көңіл,саяси қатысу процесінде кейбір құндылықтардың саяси субьектілерді ұйғаруға ықпалына қойылған:құндылықтардың ықпалы Р.Инглхарттың еңбектерінде ашып көрсетілген. Оның пікірінше, “постматериалдық” құндылықтары басым азаматтар конвенционалдық емес формаларда қатысуға ынталы. Оның себебі, “постматериалдық құндылықтық типке” сәйкес, адамдар қатысудың дәстүрлі емес, конвенционалды емес формаларына мол ресурстар салуға қабілетті. Жалпы Р.Инглхарттың гипотезасы,құндылықтардың А.Маслоу жасаған қажеттіліктердің иерархиялық тәртіптеріне бағынышты деген идеямен негізделген.

Саяси жүріс-тұрыстың кең тараған мотивтер классификациясының типологиясын Д.Маклелланд және Дж. Аткинс жасаған.Олар негізінен мотивтердің үш тобын бөліп көрсетеді:

1.илікті иемдену немесе адамдар мен жағдайларға бақылау жасау мотиві;

2.жету мотиві (мақсатқа,жеңістікке жету,сәтсіздікке ұшырамау т.б.);

3. аффилиация мотиві (басқалармен жылы достық қатынастар жасау).

Осы типология аворларының пікірінше,келтірілген мотивтердің қайсы бірі басым болса, сонысы саяси жүріс-тұрыстың сондай типін себептейді..


3.Саяси жүріс-тұрыстың бірден-бір формасы саяси наразылық.Қазіргі замандық саяси наразылық жүріс-тұрысты саяси режимнің заңды да дәстүрлі нормаларына сәйкес келмейтін конвенционалды емес форма деп қарастыру басым. Бұл пікірге сәйкес наразылық жүріс-тұрыстың негізгі формалары да көрсетілген:-петициялар,шерулерге қатысу, бойкоттар,мекемені басып алу, салық төлемеу, блокада,заңсыз ереуілдер,күрес,бүлікшілік,көтеріліс, төңкеріс т.б. Мұндай көзқарастың кейбір кемістіктері бар. Біріншіден,Батыс Европа мен АҚШ та өткізіліп жататын мұндай акциялардың тәжірибесі көрсеткендей олар заң нормаларымен ұлттық саяси мәдениет дәстүрлеріне сәйкес бола отырып конвенционалды сиппатта болады. Мысалы,түрлі шерулермен пикеттер заң жүзінде бекітілген тұрғындардың азаматтық және әлеуметтік құқықтарын қорғау мақсатына жүргізіледі.Мұндай акцияларға қатысушылар көп жағдайда билік органдарымен немесе басқа саяси субьектілермен бекітілген келісімдердің бұзылуына наразылық білдіреді.

Олар саяси жүйені түбегейлі өзгертуді талап етпейді,олар тек жүргізіліп отырған саяси бағытты, ,институционалды контексті түзетуге ғана шақырады.Сондықтан, демократиясы тұрақты елдерде,тұрғындардың наразылық белсенділігінің деңгейі өз мәні жағынан көп жағдайда конвенционалды болғандықтан оны азаматтық қоғамның кемелденуінің көрсеткіші деп түсінуге болады.

Екіншіден наразылық жүріс-тұрысты конвенционалды емес деп қарастырушылар наразылық белсенділіктің өрісін тым ықшамдап тастаған. Себебі,олар бұл ұғымнан көпшіліктің жабық сипаттағы әрекеттерін есепке алмаған.Ал шын мәнінде саяси наразылық функциясын,демократиялық саяси режим жағдайында конвенционалды болып табылатын,өзге де саяси жүріс-тұрыс түрлері атқара алады.

Саяси наразылықтың басқа формасы—электоралдық абсентизм.Бұл сайлауға белгілі бір наразылық себептерімен қатыспауымен байланысты. Сол сияқты наразылық жүріс-тұрыстың тағы бір формасы ол—сайлау кампаниясында белгілі бір оппозициялық саяси күшке дауыс беру немесе барлығына қарсы дауыс беру.



4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси жүріс- тұрыс мәселесі?

2. Саяси қатысудың формалары?

3.Саяси қатысудың классикалық социологиялық теориясы?

4.Әлеуметтік психологиялық модельдік топтың бастады?

5. Саяси наразылық?

6. Электоралдық абсентизм?

9- апта 4,0 балл

Тест

Тақырыбы: 17.Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

18.Саяси процесс және саяси қызмет.

1. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды неше түрге топтастырады


а) 5

ә) 4

б) 2

в) 3

2. Саяси идеологиясына қарай партияларды неше түрге жүйлейді.

а) 4

ә) 5


б) 3

в) 2

3. Мемлекеттік мекемлрді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар елдің ішкң және сыртқы саясаты ықпал ете алатын саяси партиялардың жиынтығын.

а) Коппартиялық

ә) Партиялық жүйе

б) Екіпартиялық

в) Бірпартиялық

4. Қай саясаттанушы саяси процестi, саяси жүйенiң қоршаған ортаның ықпалына реакцияларының жиынтығы деп түсiндiрiледi?

а) Ленин. .

ә) Платон.

б) Аристотель.

в) Истон


5. Саяси процес қалай бөлiнедi?

а) тұрақты, тұрақсыз .

ә) ашық, жабық.

б) үлкен, кiшi.

в) шағын, орта.

6. Саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын олардың уақытпен кеңiстiкте жағдайының нақты өзгеруiн ашып көрсетуiн не деп атайды?

а) коалиция.

ә) әмбебап.

б) саяси процес .

в) дұрысы жоқ.

7. Саяси процесс мазмұны жағынан қаншаға бөлiнедi?

а) 4 .


ә) 5.

б) 6.


в) 7.

8. 1991 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясы тарағаннан кейінгі оның заңды мұрагері болып жарияланған партия

а) Социалистік Партия.

ә) Алаш Партиясы.

б) Жалпұлттық Социал-Демократиялық Партиясы.

в) Қазақстанның Коммунистік Партиясы.

9. Азаматтардың топтар билік инситуттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат мүдделерін білдіріп отыратын саяси процесстердің түрі

а) антидемократиялық

ә) жасырын

б) ашық


в) демократиялық

10. Саясатты бүтіндей, оның табиғатын, адам үшін маңызын; тұлғаның, қоғамның және мемлекеттік биліктің өзара қарым-қатынасын зерттейтін және саяси құрылыстың идеалдары мен нормативтік қағидаларын, сондай-ақ саясатты бағалаудың жалпылама критерийлерін жасаушы саясаттанудың арнайы саласы



а) саяси философия

ә) саяси антропология

б) саяси астрология

в) саяси психология

11. Саяси теорияларды, көзқарастарды, институттар м ен оқиғаларды олардың хронологиялық тізбегінде және бір-бірімен байланысында зерттейтін саясаттанудың арнайы саласы

а) саяси психология

ә) саяси философия

б) саяси тарих

в) саяси география

12. Қоғам мен мемлекеттің жігін ажарататын ғалым?

а) И.Кант

б) Т.Кейн



в) Ф. Аквинский

б) Н.Макиавлли



13. Саясаттанудың зерттеу саласы - қатаң ғылыми, эмпирикалық әдістердің көмегімен адамдардың тікелей байқалатын саяси мінез-құлқын зерттеу деп тапқан бағыт

а) бихевиористік

ә) құрылымдық-функционалдық

б) функционалдық

в) жүйелі

14. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаттың авторы

а) Ж.Баласағұн

ә) Әл-Фараби

б) М.Қашқари

в) Қожа Ахмет Иассауи



15. Әл-Фарабидің саясаттануға байланысты енбегі?

а) Жеті жарғы

ә) "Құтты білік"



б) "Азаматтық саясат”

в) "Сот реформасы жайында хат"

16. Саяси ойдың тарихында жалпылама қанша парадигма қолданылды?

а) 4


ә) 3

б) 2

в) 5


17. Ж.Баласағунидің билеушілерге арналған өсиет түрінде жазылған еңбегі

а) "Бақытқа жету"

ә) "Азамат туралы"

б) "Саясат туралы"

в) "Құтты білік"



18. Ж. Баласағуни өзінің “Құтты білік “ дастанында басты назарды қандай мәселеге аударды

а) Билеушінің мінсіз бейнесін қалыптастыруға

ә) Мемлекетті оның бірлігі, оны басқару мәселесіне

б) Халықты біріктіруге

в) Халықтың дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыруға.



10- апта 4,0 балл

19.Тақырыбы: Саяси сана және саяси мәдениет.


  1. Саяси сананың мәні.

  2. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары.

  3. Саяси сананың формасының қалыптасуы: саяси теория, мемлекеттік – партиялық және бұқаралық саяси сана.

  4. Саяси сананың құрылымы.

  5. Қоғамдық пікір.

  6. Саясат және мәдениет.

  7. Саяси мәдениет ұғымы.

  8. Саяси мәдениет тұжырымдамасы.

  9. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-тұрыс, саяси тәжірибе.

  10. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, Діни, жас шамасы.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Адамдар туғаннан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды XIX ғ. Аяғында Америка әлеумет-танушысы Ф. Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты.

Ресей саясаттанушысы Е.Б. Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс- әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуметтену мәселесі XX ғасырдың 50 жылдары кеңінен көте-рілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттілік-терін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. XX ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалыр қатысты. Олар жеке адамның өзін- өзі толық көр-сетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушы-лықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәрібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

- қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

- қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс- әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

- саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік – саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалып-тастыру, саяси іс- әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ереже-лерді, салт- дәстүрлерді, білімді меңгереді.



2. Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтерді, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен (де-мократиялық тәсілмен, қатаң жазалау арқылы мәселені шешу әдісімен немесе саясатқа селқос қараушылық) қалыптасуы мүмкін.

Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.

Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары Д. Истон мен Дж. Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ- жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде оларың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңін көрсетеді: 1) саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2) жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі; 3) дәріптеу, яғни саяси қай- раткерлерге тек жақсы қаиеттерді таңу; 4) институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институтар арқылы (партия, сот, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.

Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мек-тепте мұғалім арқылы әлеуметтену. Ол дау- жанжалдың қалай шешлетінін байқайды, бағыну немесе бағынбауға үйренеді.

Қазақтар «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.

Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы – мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д. Истон мен Дж.Деннис зерттеген 12000 оқушының 95 % -ы «Америка- әлемдегі ең таңдаулы ел», «Америка жалауы- дүниедегі ең жақсы жалау» деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99%-ы оқушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91% - ы ол туға берілгенді-гін дәлелдеуді талап етіпті, 60 % -ы «Тамаша Америка» деген отан сүйгіш әнді орындатып отырған.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс- әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл- адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс- әрекетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.

Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреу-лері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсы бірі қоғамдық өмірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.

Саяси әлеуметтену институттарына, жоғарыда атап көсетілгендей, отбасы, білім жүйесі, сонымен қатар мемлекет, партия, діни ұйымдар жатады. Кейде оған жеке саяси оқиғалар да қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының саяси санасына сілкініс жасап, көп нәрсеге көздерін ашып тастады.

Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылық-тарға деген қатынасын қалыптастырады, бір идеялды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.

3. Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау- жанжалдық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына , мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік орган-дары арасында сыйластық, туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ, Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалып-тасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау- жанжалды түрі топаралық күрес, қарама- қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт- дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау- жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрамыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген жоқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржы-ның тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.

Сайып келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден қоғамның дмократиялануы, хылықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздық көбейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.



4.Бақылау сұрақтары:

1. Адамдардың саяси әлеуметтену процесі.

2. Саяси әлеуметтену институттары.

3. Саяси әлеуметтенудің бірінші сатысы- отбасы.

4. Саяси әлеуметтенудің екінші сатысы- мектеп.

5. Саяси әлеуметтенудің үшінші сатысы- 16-40 жас аралық

6. Саяси әлеуметтенудің төртінші сатысы – 40-60 жас аралық

7. Адамдардың саясатқа араласуы мен оған әсер етуі.

8. Саяси әлеуметтенудің түрлері.
3.Теориялық мәліметтер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет