Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы



бет9/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

26.Тақырыбы: Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.


  1. Дүниежүзілік саясат ұғымы.

  2. Халықаралық қатынастар жүйесі.

  3. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар).

  4. Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар.

  5. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

  6. Геосаясат.

  7. Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.

  8. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдан алу және шешу тәсілдері.

  9. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.

3.Теориялық мәліметтер:

1. Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй- күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси іс- қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат- мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.

Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық- саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.

Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволю-циялықта қоғамдық- саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметті- экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.

Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады.оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады.

Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет- ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар қызмет-терінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді.

Қазіргі қоғам индустриалды, жоғарғы индустриалды (постиндус-триалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл- парасатқа, баяндылыққа негізделеді.

Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модер-низация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.

1. Құрылымдық бейімделу. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік- экономи-калық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгер-уі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады.

2.Азаматтық . Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі- азаматтылық, азаматтық құқықтар.Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да

2. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі- өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, « қуалай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі- бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік- экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәти-жесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәде-ниеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжыт-пай қайталайды дейді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің Білаша үлгісі ретінде Американың «еркін» қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латин Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, би лікті тармақ-тау, он заң шығарушы және атқару органдарын , көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу – осы жолға түскен елдердің әлеу-меттік- экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарте. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшелік-терін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.

Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу «үшінші елдердің» табысты әлеуметтік- экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақ-тастығының нәтижесі ретінде қабылданған.

«Қуалай дамуды» жүзеге асырудың басты амал- әдісі- Батыс мемлекет-терінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әке-леді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты- ақша.Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық инсти-туттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тотатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.

Бірақ жаңа жағдайға өтудің «сызықтық қозғалыс» теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мем-лекет пен азамат қатынастарының үлгі өнегесі ойлаған жерден шыққан жоқ. Нақтылы өмірде демократиялану, либералдық құндылықтардың инс-титуционалдануы, парламент жүйесін орнату және басқа Батыстың билік түрлерін орнату үлгілері мемлекетті басқаруда тиімділік әкелмеді. Керісінше, олар шенеуніктердің сатылғыштығы мен жемқорлығына, бюрократияның қызмет бабын пайдаланып, баю жолын көздеген зорлық – зомбылық, кикілжіңдер өрістеді. Ғалымдардың көбі оны дамып келе жат-қан елдердің мұндай өзгеріске дайын еместігінен деп түсіндірді. Бірақ гәп бұл теоиялық үлгінің біржақтылығында еді.

60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді. Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құры-лым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын біріңғай болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту ба-рысында бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.

1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.

2. Әр түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлері, әлеуметтік- экономикалық құрылымы өзгеше.

3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекше-ліктері. Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік- мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.

Сондықтан 70-80 жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты көзқарас қайта қаралды. Бейім-делуді дамудың шарты ретінде емес, қызметі ретінде қарайтын болды. Бұл саладағы басым бағытқа, мақсатқа әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдардың өзгеруі жатқызылды. Онда Батыстың үлгісін қайталаудың қажет еметігі мойындалды. Бұрын дәстүрлік институттар мен құнды-лықтарды өркениетті жолға түсудің кедергісі деп қараса, енді әмбебап өлшемдер , құндылықтар, мақсаттар сақталса болды, ұлттық түрде бейім-делудің өзі дұрыс деуге шықты

Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды. Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. «Қуалай дамумен» қатар « жарым- жартылай» , »тығырыққа тірейтін» бейімделушіліктер жөнінде де айтыла бастаған.

Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс пен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік- мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айт-қанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін, ұғындыратын ұлттық мінез- құлық байланысты. Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады.

Кейінгі кезде демократиялануды экономикалық өсудің қажетті шарты ретінде қарау дұрыстыққа жатпайды деп жүр. Бұл жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән берілуде. Онсыз айтарлықтай әлеуметтік- экономикалық жетістіктерге жету қиын.



3. Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елдімекендерді қала-ландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.

Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль,Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде ора тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың ( эли-талардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.



Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, Х. Линдз) бұған керісін-ше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық үрдісті тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық қажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең – кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездесетіндіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар.

Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустиалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік- саяси құрылымына, әдет- ғұрпына және т.с.с. байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жоққа шығармайды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай , бейімделу жолына түскен елдердің бәріне тән әмбебап талаптар мен принциптерге жауап беру керектігі мойындалды.

Әрине, бұл көрсетілген әмбебап талап, принциптерді еріксіз сырттан теліп, міндетті түрде айналдыруға болмайды. Бұлар бағдар сияқты. Соған орай әр ел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет- ғұрып, салт- санасына байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи құбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдатпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды – артын байқап, терең саралап іс істеуге кеңес береді.

Көп жылдар бойы Оңтүстік Кореяда авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппинде президент Мар-костың отыз жылдық билігі құлады. 1989 жылы Шығыс Еуропада «барқыттық революция» қантөгіссіз, бейбіт жолмен жүзеге асты. Бұрынғы социалистік елдер бірінен кейін бірі тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті.

Варшава университетінің (Польша) көрнекті профкссоры, саясат-танушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақтан да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тек бейбіт жолмен ғана жетуге болады. Оның үш түрі бар.

Біріншісінде, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді.

Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, Грецияда басқарып тұған полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды.Оған жауап ретінде Туркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінді. Туркия мен Грецияның арасы соғыс жағдайына келді. Греция АҚШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді.

Үшіншіден, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания ( Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т.б.

Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы - тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.

Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.

Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостандық әкеледі, әділдікті, демократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді.

Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығы жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда- саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін бағалау жөн және т.б. десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыспен байланысты.

Егер республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондық-тан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз құқықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден- бір бастауы- халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.

Сайып келгенде, либералдық демократиялық жолға түсу- бүгінгі таңда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құры-лады. Біздің мақсатымыз- ата- бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері.

2. Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қырлары?

3. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты?

4.Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайлары?

5.Демократияға өтудің жолдары?

6. Қазіргі кездегі демократиялық басқа елдерге кең тарауы?

7. Бүгінгі таңдағы дамудың басты бағыты?


3.Теориялық мәліметтер:

1. Алдымен халықаралық қатынастар деген не? Осыған жауап іздейік. Халықаралық қатынастарға басқа мемлекеттермен, халықтармен, халық-аралық және үкіметтік ұйымдармен, мемлекет сияқты арнаулы құрылым-дармен (мысалы, Ватикан) арадағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери идеологиялық және басқа байланыстар мен өзара қарым- қатынастар жатады. Халықаралық қатынастардың мазмұны мен мақсаты мемлекеттер мен және мемлекеттер одағы мен қарама- қайшылық-тарды шешудің өтімді жолдары мен құралдарын тауып, елдер мен халықтар екі жақты және көпжақты тиімді қатынастар орнату, дүниежүзілік қауымдастықта тепе- теңдікті сақтау.

Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларның принцип-теріне сай жүргізіліп дамиды. Олар БҰҰ –ның жарғысында бекітілген және 1970 жылы қабылданған халықаралық құқық принциптерінің Декларация-сында жазылған. Онда халықаралық қатынасқа қатсушылардың тең құқық-тығы, бір- бірінің ішкі істеріне қол сұқпауы , қатынастардың өзара тиімділігі, даулар мен келіспеушіліктерді бейбіт құралдармен шешу және халықтардың өз тағдырын өздері билеуі және т.б. принциптер атап көрсетілген.

Халықаралық қатынастар халықаралық ынтымақтастыққа сүйенеді. Ол белгілі бағыттарда және белгілі дәрежеде дамиды. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық екіжақты және көпжақты байланыстар негізінде жүзеге асырылады және ол саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, әскери салаларды қамтиды. Халықаралық ынтымақтастық информациялық, техноло-гиялық, экологиялық, құқықтық және тағы басқа жаңа салаларды да қамти отырып, барған сайын кеңейе түсіп келеді. Халықаралық ынтымақтастық халықтар, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдар дәрежесінде жүзеге асырылуда.

Халықаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықты нығай-туда халықаралық ұйымдар елеулі роль атқарып отыр. Қазіргі кезеңде мұндай ең беделді және әмбебеп ұйым БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы). Ол 1945 жылы Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, мелекеттер арасында достық қатынастарды дамыту, туындаған роблемаларды шешу мақсатындағы ынтымақтастықты іске асыру үшін құрылды.

Бұл ұйымға 200- ге жуық мемлекет мүше, олардың өкілдері БҰҰ- ның басты органдарында, арнаулы ұйымдарында және 300 көмекші органдарында жұмыс істейді. Оның басты органдары Бас ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық кеңесі, Экономикалық сот, Секлетариат болып саналады. Ао ұйымдарына ЮНЕСКО (білім және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым), МОТ (халық-аралық еңбек ұйымы), МВФ (халықаралық қаржы қоры), МАГАТЕ (атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік), ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және басқалар кіреді.

Аймақтық дәрежеде халықаралық қатынастар Европалық одақ (1991 жылға дейін Европалық экономикалық бірлестік деп аталған) , Солтүстік атлантикалық шарт (НАТО), мұнай экспорттайтын елдер ұйымы және т.б. арқылы жүзеге асырылады. КСРО күйреп тарағаннан кейін пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық байланыстары ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достығы шеңберінде жүргізіліп келеді. Бұлардың арасында шекаралар ашық; жүріп - тұру еркін. Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушылардың жасасқан шарттары бойынша өзара әскери , экономика-лық, экологиялық қауіпсіздікке кепілдік берілген, күш қолданбауға, күш қолданамын деп қоқан лоққы жасамауға міндеттеме алынған.

Европадағы тұрақты жұмыс істейтін қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ОБСЕ) маңызы дүние жүзі халықтары үшін аса бағалы. Бұл ұйым қызметі халықаралық шиеленісті бәсеңдету, дүниежүзілік ынты-мақтастықты күшейту процесінің негізін қалады. ОБСЕ- нің 1975 жылы Хельсинкиде қабылданған қорытынды құжатында мемлекеттердің сыртқы саяси қызметтерінің мынадай негізгі принциптері белгіленген: тәуелсіздік, тең құқықтық, адам құқы мен негізгі бостандықтарын силау, жанжалдар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау, шекаралардың, территориялық тұтастықтың бұзылмауы, халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындау.

Қазіргі халықаралық қатынастар дүниежүзінің геосаяси картасы едәуір өзгерген жағдайда дамуда. Югославияның, одан кейін КСРО- ның тарауынан кейін бір топ тәуелсіз жас мемлекеттер пайда болды, Шығыс Европадағы бірсыпыра мемлекеттер қоғамдық даму моделін өзгертті Бұрыннан екі алып державаның төңірегіне топтасқан блок жойылды, ол мемлекеттердің позициясы өзгерді. Бұрынғы блоктық жүйенің, мүдденің орнына біртұтас бүкіл адамзаттық мүдде бірінші орынға шыға бастады. Екі жүйенің теке тіресі жойылғаннан кейін халықаралық қауіпсіздік проблемасы бүкіл адамзаттың ортақ проблемасына, ортақ ісіне айналды. Сондықтан да қазір әскери күштерді халықаралық құқықтық бақылауға алу, жаппай қырып- жоятын қаруларды өндіруге тиым салу мәсеелерін шешу бүкіл адамзаттың ортақ мүддесі ретінде қолға алына бастады.

Әлі де болса кейбір аймақтардағы шиеленістер, қарулы қақтығыстар тоқталар емес, бұлар әлемдік тыныштық пен прогреске қауіп төндіреді. Сондықтан да дүниежүзілік қауымдастық кейбір масаттардағы әлі де сөнбеген соғыс ошақтарына, ішкі тұрақсыздығы бейбітшілік ісіне қауіп төндіріп отырған мемлекеттерге, кейбір мемлекеттердің терроризм мен наркобизнесті қолдап отырған қылмысты әрекеттеріне айрықша мазасызданып, қадағалауда. Дүниежүзілік қауымдастық келешекте бұл проблемаларды шешіп, дүниежүзінде баянды бейбітшілік орнататынына сенімді. Оның кепілі дамы-ған дүниежүзілік қауымдастық демократиялық елдердің, БҰҰ сияқты ха-лықаралық ұйымдардың беделі мен ықпалының күннен- күнге өсіп келе жатқандығы.

2. Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында бүгінгі халықаралық дипломатиның, қатынастардың дүние жүзі мойындаған ең озық, өркениетті принциптерін басшылыққа алды. Қазақстанның халықаралық өмірге араласуы 1991 жылы басталды. 1992 жылы ол БҰҰ – ға мүше болып қабылданды. Қазақстанды әлемнің 117 мемлекеті танып дипломатиялық қатынас орнатты. ҚР өзінің алдына экономикалық- саяси ынтымақтастықтың аймақтық және халық-аралық құрылымдарына кіруіне талпынды, сөйтіп өзінің дербес егемен тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына сыртқы қолайлы саяси жағдайды қамтамасыз етуге тарысты.

Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саяси қызметінде мынадай жағдайларды: Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасқан геосаяси жағдайын; экономикалық және әскери саяси мүдделерін; Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде ірі аймақтық мемлекет ретіндегі орнын белгілейтін саяси- экономикалық потенциалын есепке алды.

Қазақстан мемлекетінің халықаралық саясатының мақсаттары мен міндеттерін Республика Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы өзінің «Қа-зақстанның суверенді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде жан- жақты тұжырымдап берді. Олар бейбітшілікті сақтау саяси- экономикалық және басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде соғыстан бас тарту, қалыптасқан шекаралардың бұзылмау принципін сақтау, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау, ядролық қарусыз мемлекеттің территориялық тұтастығына және оған қол сұғуға болмайтындығына кепілдік алу, ұлттық қауіпіздікті қамтамасыз ету деп белгіленді. Мемлекетіміздің бұл сыртқы саяси бағытты оның әлеуметтік- саяси жаңару, нарықтық экономиканы қалып-тастыру, ішкі тұрақтылықты сақтау, дүниежүзілік қауымдастыққа кіру жолымен дамуын қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттары мынадай:

Өз күшіне сүйену;

Ақылға сиымды байсалды дипломатиялық қатынас жүргізу;

Әділеттік пен серіктестікке негізделген халықаралық байланыстарды дамыту;

Әділеттік пен серіктестікке негізделген халықаралық байланыстарды дамыту;

Жаппай қырып- жоятын қаруларды қолданбау;

Шекараның бұзылмауы;

Басқа мемлекеттің ішкі істеріне қол сұқпау;

Өзара мүдделердің әділетті тепе- теңдігін сақтау;

Барлық келісімдер мен міндеттерді адал орындау;

Әскери өндірісті қысқарту;

Кезең кезеңмен қарусыздану.

Қазақстан өзінің халықаралық аренадағы қызметін алыс, жақын елдер-мен байланыс қатынасын жолға қоюдан бастады. Алдымен оның шарттық базасын жасады. Бұл жолда Қазақстанды ядролық қаруы бар ислам мемлекеті деп үркіткен кейбір кедергілерді жеңуге тура келді. «Біз халық-аралық байланыстарымызды өрістетіп кейбір саясаткерлер мен ақпарат құралдары туғызған кесапатты кедергілерді бұзып-жарып шығуға тиіс болдық,- деп жазды Н.А. Назарбаев,- Бірнеше мәселені қатар шешуге тура келді. Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыс-тарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндетті жүзеге асырудан басталды».

Қазір Қазақстан шет елдермен ынтымақтастықты екіжақты және аймақтық негізде дамытып, халықаралық ұйымдардың көпшілігінде дер-лік өкілдіктері бар , әлемнің көпшілік мемлекеттер мен дипломатиялық қарым- қатынас орнатты, жүздеген мемлекетаралық келісімдер мен шарттар жасасты.

Қазақстан өзінің сыртқы саяси және экономикалық қызметінің алғашқы күнінен – ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін күресіп, ядролық қару ұстаудан бас тартты. Семей полигонын жапты, ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. БҰҰ- ның, ОБСЕ-нің бейбіт шараларына белсене қатысуда, Евразия Одағын құру, Азия мемлекеттерінің өзара сенімін нығайту шараларын белгілейтін кеңес шақыру инициативасын жасады.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтау жүйесін мемлекетіміздің төңірегінде тұрақтылық зонасын жасау, өзінің қорғаныс құралдарын нығайтумен бірге, аймақтық және әлемдік ұжымдық қауіпсіздік шараларына белсене қолдаумен бірге соғыс жанжалдарын тоқтату үшін ара айқындық жасауда, қарулы күштерді кезең- кезеңмен қысқартуға, жаппай қырып жоятын қаруларға тиым салуға, әскери қызметтің ашықтығын жариялауға күш салуда.

Қазір халықаралық экономикалық және саяси құрылымға терең бойлай кірген Қазақстан өз алдына мынадай міндеттерді қойып, оны ойдағыдай атқарып келеді. Бұлар: еліміздің экономикасына дамыған елдерден инвестиция тарту, дүниежүзілік жетекші саяси және қаржылық институттарымен тұрақты байланыстар орнату арқылы оларды еліміздегі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін көмекке тарту, еліміздің әлемдік коммуникацияға шығуын қамтамасыз ету, экономи-калық ауытпашылықтардың зардабын жою, әлемдік информациялық ке-ңестікке шығу, коррупцияға және қылмысқа қарсы күресті күшейту және т.б.



3. Қазақстан 1992 жылы 2- наурызда БҰҰ тәуелсіз мемлекет ретінде мүше болып кірісімен – ақ бұл халықаралық ұйымның жұмысына бесене қатыса бастады. 1992 жылы күзде Қазақстан өкілдері БҰҰ Бас ассамблея-сының 47-ші сессиясына қатысты. Бас ассамблеясының 49- шы сессиясы-ның шешімі бойынша Қазақстанға ғарыштық кеңестікті бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі көмитеттің толық құқықты мүшесі дәрежесі берілді. Республикамыздың үкіметі халықаралық қаржы қорымен, дүниежүзілік банкпен және басқа халықаралық ұйымдармен жан- жақты байланыс орнатты.

Қазақстан БҰҰ- ның даму программасымен біздің республикамыз үшін аса маңызды салаларда : жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекетті басқару, шетел көмегін басқару, энергетика, сауда, өнеркәсіп және кен өндіру, Арал теңізін қалпына келтіру және басқа салаларда іскерлік байланыс орнатқан. Қазақстан БҰҰ- ның бейбітшілікті сақтау қызметін толығымен қолдап келеді.

Қазақстан өзінің геосаяси жағдайын, көп ұлтты мемлекет екенін, экономикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, Тәуелсіз мемле-кеттер ынтымақтастығымен, әсіресе Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғыс-танмен, Беларуссиямен, Тәжікстанмен, Туркменстанмен өзара қатынасқа, олармен ынтымақты нығайтуға айрықша көңіл бөледі. Ресеймен арада 200- астам келісімге қол қойған, 160 Қазақстан- Ресей біріккен кәсіпорны жұмыс істейді. Сыртқы сауда айналымында 1996 жылы Ресейдің үлесі 55 пайыз болды. Көршілес мемлекеттердің бірлесіп күш- жігер жұмсауы нәтижесінде Қытаймен шекара мәңгі айқындалып, шщешілді. Қытайдың, Қазақстанның, Қырғыстанның, Россияның, Тәжікстанның қатысумен шекарадағы қарулы күштерді едәуір қысқартып, өзара сенімді нығайтуға қол жетті. Қазақстан дипломатиясы Рәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастығы шеңберіндегі кедендік одақ құру, біртұтас экономикалық кеңістік ашу жолына күш жігер жұмсай отырып, бұл жөнінде едәуір ілгері басты. Ресей, Қырғыстан, Белоруссия, Тәжікстан арасында осындай одақ құру жөніндегі шарт жасалды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тағы бір стратегиялық мақсаты Н. Назарбаевтың инициативаясымен қолға алынған Евразиялық одақты, біртұтас экономикалық кеңістікті құру. Ол мынадай принципке құрылып, қызмет атқаруға тиіс. Мемлекетаралық қатынаста алынған мін-деттемелердің мүлтіксіз орындалуы, әр елде қалыптасқан мемлекеттік саяси құрылысты өзара танып, мойындау, аймақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің принциптерін сақтау, өзара экономикалық, саяси құры-лысты өзара экономикалық, саяси құрылысты өзара танып, мойындау, аймақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің принциптерін сақтау, өзара экономикалық, саяси қысым жасаудың түрлерінен бас тарту, өзара соғыс әрекеттерін болдырмау және т.б. Қазақстанның Орта Азия мемлекеттері-мен, оның ішінде Өзбекстанмен, Қызғыстанмен қарым- қатынасының ерекше сипаты бар. Бұлардың арасында Орта Азиялық одақ құрылған. 1997 жылдан бастап Тәжікстан бақылаушы ретінде кірді. Басқаларға да есік ашық.

Қазақстан Европалық одақпен , Солтүстік Атлантикалық бірлестікпен де қарым- қатынасын белсенді түрде дамытып келеді. 1994-1995 жылдары ғана 170-тей герман- қазақстан біріккен кәсіпорыны құрылды, Қазақстанда немістің 60- шақты ірі компанияларының өкілдері жұмыс істейді. Германия мен Франция, Англия Қазақстан экономикасына ірі инвестициялар салушы донор елдердің қатарына жатады. Оларды Қазақстанның қоғамдық- саяси тұрақтылығы, ішкі сыртқы саясатының байсалдылығы қызықтырады.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен өзара байланысы 1991 жылы желтоқсанда қол қойылған екі жақты келісімдерден бастау алып, тұрақты дами бастады. 1992 жылы желтоқсанда АҚШ Бейбітшілік корпусының қызметі туралы келісімге қол қойылып , «Үміт-2» бағдарламасы бойынша қайырымдылық және ізгілік ұйымдары тарапынан ынтымақ-тастық дамыды. 1994 жылы наурызда демократиялық әріптестік туралы Хартияға, қорғаныс және әскери саладағы түсіністік туралы меморан-думға, қорғаныс конверсиясы жөнінде біріккен комитет құру туралы мәлімдемеге, Қазақстан Республикасы үкіметі мен АҚШ үкіметі арасында ғылым мен техника саласындағы іскерлік байланыс туралы келісімге қол қойылды. 1995 жылы наурызда сауда, инвестиция және экономика салаындағы декларацияға қол қойылды. Әскери байланыстарды ұштастырып отыратын Комитет құрылды. Американың мұнай компаниясы «Шеврон» арасында ғасыр келісіміне қол қойылды. Американың басқа компаниялары да Каспий мнайын игеру, оны дүниежүзілік рынокқа тасымалдау жөніндегі келісімдергеқол қойып, Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салып жатыр. АҚШ пен іскерлік байланыстарға Республика Президенті Н. Назарбаевтың 1998 жылдың басындағы бұл елге сапары бұрынғыдан да күшті қарқын берді. Саясат, экономика, әскери құрылыс, ғылым мен техника, экология, денсаулық сақтау саласында жаңа келісімдер жасалды.

Қазақстан Республикасы жан- жақты іскерлік байланыстарды өрістету негізінде Азияда бейбітшілікпен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Қытаймен, Индиямен, Туркиямен, Иранмен, Сауд- Арабиясымен өзара тиімді іскерлік қатынастар орнатты. Қазақстанның Туркиямен экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы қатынасы ерекше. Қытаймен достық көршілік қарым- қатынас барлық бағыттарда- сауда, транспорт, мәдениет және экономикалық байланыс қарқынды дамып отыр. Қытай Қазақстан мұнайын өндіріп, тасымалдауға инвестиция сала бастады. Батыс Қазақстан- Қытай мұнай-газ құбырын салу жөніндегі келісім жасалды. Қазақстан лидерлердің халықаралық қатынастардағы үлкен шеберлігі, жеңісі деп атауға болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан өзінің егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болған қысқа мерзімінің ішінде дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесіне айналып, ақылға сиымды, байсалды, белсенді сыртқы саясат жүргізуі арқасында өзінің ұлттық, мемлекеттік мүдделерін әлемге танытып, мойындатуда, егемендігін, тәуелсіздігін нығайта түсуде. Мұның өзі Республикамыздың халықаралық беделін арттыра түсіп , оны ілгері ниетті адамзат таныған демократиялық құндылықтарды сақтау, аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті қорғау ісіне адал екенін дәлелдеді.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар деген не?

2. Халықаралық ұйымдардың қызметі?

3.ҚР сыртқы саясатында қандай принциптер басшылыққа алынған?

4.ҚР сыртқы саясатының басым бағыттары?

5. Қазақстанның Халықаралық ұйымдарға мүше болуы?

6. ҚР сыртқы саясатының стратегиялық мақсаты?

7. Қазақстан- дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі?



3.Теориялық мәліметтер:

1. Бүкіл ғаламшардағы адамзат дамуының қазіргі жағдайларында жиын-тық әлемдік саяси процесі ретінде халықаралық қатынастардың саясат-тануы мына проблемаларды бірінші кезекке қояды:

а) халықаралық қатынастар жүйесі және оның шығу тегі ұғымы;

б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы таптық және ұлттық мүдделердің рөлі;

в) дүниежүзілік әлеуметтік ілгерілеу;

г) осы заманғы ғаламдық проблемалар және оларды шешу жолдары;

д) халықаралық қатынастарды демократияландыру.

Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер мен мемлекеттер жүйесі-нің арасындағы байланыстар мен өзара байланыстардың жиынтығын сипат-тайды. Халықаралық қатынастар деп саяси, шаруашылық- экономикалық, ғылыми- техникалық, валюта- қаржылық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, ізгілік және коммуникациялық байланыстардың және дүние-жүзілік қоғамның барлық негізгі субъектілері арасындағы қатынастардың жиынтығы ұғынылады.

Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері- мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар. Олардың өзгешелігінің басты белгілері егемендігі (мемлекеттің) және егеменді еместігі (халықаралық ұйымдар, қозғалыстар және т.с.с.) болып табылады.

Негізгі ұғымдардың шектелу қажеттігі туралы. Саясат ғылымында «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», « дүниежүзілік саясат» санат-тары қолданылады.

Сыртқы саясат- халықаралық аренадағы жекелеген мемлеттердің іс- қимылдарының сипаты, сонымен бір мезгілде халықаралық қатынастар ретінде бүкіл сыртқы саясаттардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.

Халықаралық қаынастар жекелеген мемлекеттердің айқындамалары мен іс- қимылдарының, олардың қатынастары мен проблемаларының әншейін жиынтығы ғана емес, керісінше белгілі бір объективті және субъективті факторларға байланысты серпінді түрде дамитын жүйе болады.

Мемлекеттің халықаралық қатынастарымен сыртқы саясаты өзара ықпалдас болады. Бір жағынан, халықаралық қатынастар көбінде белгілі бір тарихи дәуірде жетекші державалардың ішкі саясатын бейнелеп, білдіреді, екінші жағынан, кез келген мемлекет халықаралық құқықтың қалыптасқан өзара қытынастарының, нормалары мен принциптерінің дүниежүзілік шынайылығын, «әлемдік саясат ойыны ережелерін» есепке алуға мәжбүр болады.



Осы заманғы халықаралық қатынастардың сипаттамасынан нені есепке алу керек?

Біріншіден, XX ғасырдың 90- жылдарында түбегейлі өзгерістер болды: КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі күйреді, Варшава Шарте мен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі таратылды, «қырғиқабақ соғыс» жойылды, бұрынғы кеңестік кеңестікте жаңадан жас ұлттық мемлекеттер пайда болды және т.т.

Екіншіден, Шығысқа НАТО ықпалының өрістеу процесі жүріп жатыр. Югославияға қатысты АҚШ- пен НАТО саясаты- НАТО-ның БҰҰ Жарғы-сын бұзғанын дәлелдейтін оқиға, олар ашық түрде соғыс қимылдарының килікті.

Үшіншіден, Ресей мен Шешенстан арасындағы жанжал.

Төртіншіден, адмзат алдында тұрған ғаламдық проблемалар.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тәжірибесінде әртүрлі шемадағы белгілі бір заңдылықтар байқалады.

а) біртұтас ұлттар өздерін дүниежүзілік аренада тең құқықты субъекті-лер деп мәлімдей отырып, халықаралық қатынастарға қатысушылардың мемлкеттілік пен егемендікті барынша жүзеге асыру үрдісі;

б) халықаралық қатынастарға қатысушылар санының барған сайын ықпалдасуының күшейе түсуі, кең көлемді саяси, әлеуметтік- экономикалық және ізгілік ынтымақтастықтың институциялық нысандарының нығаюы үрдісі;

в) жаңа қауымдастықтың орнығуы процесінде диалектикалық тұрғыдан өзара мүдделестікті ескеру негізінде ынтымақтастықты ұлғайту, сондай- ақ әртүрлі мемлекеттердің бәсекелестігімен тіпті тайталасу процестері болған кездегі халықаралық қатынастардың өтпелі жай- күйі.



Халықаралық (дүниежүзілік) саясат халықаралық құқық субъек-тілерінің мүдделерімен келісуіне, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адам-заттың өмір сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, мешеулік пен кедейлікті, аштық пен ауруларды жеңу, әлемде әділетті тәртіп орнату мәселелерін шешуге байланысты осы субъектілердің мақсатты саяси қызметі болып табылады.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік қауымдастықта тарихи, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі 200- ден астам мемлекеттердің өкілдері болып отыр.

Дүниежүзілік саясат құрылымдық жағынан ұлттық мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі, БҰҰ- ының, халықаралық одақтардың, ұйымдар мен мекемелердің ғаламдық қызметі, осыған өкілдік алған мемлекеттер мен халықатардың өкілдері болып табылаы. Дүниежүзілік саясаттың негізгі артықшылықтары адамзат алдында тұрған ортақ проблемаларды шешу қажеттілігімен және осы саясат субъектілерінің ұлттық мүдделеріне байланысты болады.

Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші рөлі мына факторларға байланысты болады:

а) дүниежүзілік саясат субъектілерінің орасан зор ресурстары мен бүкіл қоршаған дүниеге әсер ету мүмкіндіктері бар, сонымен бірге олар саяси, сондай- ақ саяси емес халықаралық процестерді басқарудың қуатты тетіктеріне ие болып отыр;

б) халықаралық қатынастардың ғаламдастыру жөнінде айқын көрінетін үрдісі бар, мұның өзі оларды реттеуге арналған халықаралық саяси тетіктерді жетілдіруді талап етеді;

в) қазіргі заманғы ядролық дәуір бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен өмір сүру проблемаларын айрықша қойып отыр, бұл дүниежүзілік саясаттың басты бағытын белгілейді;

г) осы заманғы әлем сонымен бір мезгілде қарама- қайшылықты және біртұтас, өзара байланысты әрі өзара тәуелді дүние.

Дүниежүзілік саясатта жалпы адамзат проблемалары мен мемлекеттің ұлттық мүдделері мәнді көрінісін табады. Ұлттық мүдде мемлекет қызметінде оның түбегейлі қажеттерін түсіну мен көрсету болып табылады.



Халықаралық саясат екі бірдей процесс: мемлекеттің өз мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру және басқа мемлекеттердің, дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделерін есепке алу болып табылады.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар, дүниежүзілік саяси процесс екіұдай қарама- қайшы әлемнен көп қарама- қайшылықты әлемге көшуімен сипатталады, АҚШ- тың басым айқындамаларын сақтаған жағдайда саяси және экономикалық өзара байланыстар мен қатынастарды ғаламдастыру процесі жүреді. Туындайтын алшақтықтарды шешудің әдісі ретінде халықаралық қатынастарда қауіпсіздікті нығайту мен соғысты жою про-блемасы басты мәселе болып отыр, халықаралық және ұлттық өмірлік қазметінің негізгі салаларын демократияландыру үрдістері көріне бастады.



2. XX ғасырдың 60- жылдары ғаламтану бағыты пайда болды.

Ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

а) халықаралық әлеуметтік- саяси проблемалар: жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде ядролық соғысқа жол бермеу, жанталаса қаруландырудың деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық жанжалдарды реттеу, күш көрсетпеу әлемін құру;

б) халықаралық әлеуметтік- экономикалық және экологиялық проблемалар: дамушы елдердің мешеулігін (аштықты, кедейлікті, сауат-сыздықты) жою, энергетикалық, шикізат және азық- түлік дағдарыстарын шешу, демогарфиялық ахуалды оңтайландыру, өндірістің экологиялық қаіпсіздігін қамтамасыз ету, ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсаттарға игеру;

в) адам проблемалары: негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау, адамның өмір сүруінің қажетті өмірлік жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, адамды саясаттан және халықаралық қатынастардан аластауды жою.

Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің принципіне бағынады. Өркениет басынан кешетін қайсыбір проблемада қауіп- қатердің деңгейіне қатысты даулар пайда болады, бірақ олардың өскелең өткірлігі мен олар сөзсіз шешіледі. Бұл орайда, қаншалықты қуатты болғанымен, бір де бір мемлекет, мемлекеттердің бір де бір тобы бұл проблемаларды дербес шеше алмайды. Бейбітшілік жағдай-ларындағы барлық елдердің өзара іс- қимылдары ғана, жалпыға ортақ өзара тәуелділікті түсіну мен бірінші кезекке жалпы адамзаттық міндеттерді қою ғана халықтардың ертеңі күніне деген, былайша айтқанда өмір сүруіне кәміл сенімін ұялатады.

Қазіргі заманғы әлемнің ғаламдық проблемалары туындауының себептері қандай? Олардың көрінуіне себепші факторлар қандай?

Біріншіден, бұл дүние жүзінде кең өрістеген ғылыми- техникалық революция. Оның өткендігі өнеркәсіп төңкерістерінен айырмашылығы техникадағы, технологиядағы және ғылымдағы бір мезгілдегі сапалық секірістер болып табылады. Мұның өзі әскери істе, өндірісте, көлікте, байланыста, саудада ірі ілгерілеулерді туғызды, адамзат алдынан еңбек қарулары мен құрал- жабдықтарын, материалдық және рухани құндылық-тарды өндіруде принципті жаңа мүмкіндіктерді ашты.

Екіншіден, ғылыми- техникалық революция дүние жүзіндегі аса ірі әлеуметтік өзгерістермен, елдердің индустриялық дамуын шапшаңдатқан қоғамдық ілгерілеу мен тұспа- тұс келді.

Үшіншіден, қоғамдық дамудың барлық жақтарын, ең алдымен энергияның жаңа түрлерін, электрді, атом энергиясын, ғарышты, Дүниежүзілік мұхиттың құпияларын игеру мен оның байлықтарын пай-далануға жеткізетін өндіргіш күштердің дамуын шапшаңдату.



3. Дүниежүзілік тәртіпті қалыптатырудың геосаяси үлгілері туралы. Әлем XXI ғасырда қандай болмақ?

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Б. Клинтон АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде XXI ғасыр- бұл Американың ғасыры деген болатын.

ФГР-ның бұрынғы канцлері Г. Коль XXI ғасырда дүниежүзілік қоғамдастықтың дамуын үш орталық: АҚШ, Германия мен Жапония бастаған Біріккен Еуропа анықтайтын болады деп атап көрсетті.

Жапонияның бұрынғы премьер- министрі Накасонэ әлемдік дамуды тоғыз орталық: капитализмнің дамыған жеті елі, Ресей мен Қытай белгілей-тін болады деп жазды. Кейбір саясаткерлер XXI ғасыр екі үстем держава-лардың – АҚШ пен Қытай тайталасының ғасыры болады деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ынтымақтастық негізінде іргесі қаланатын бірнеше орталықты атап көрсетті.

Бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттер басшыларының болжамдары. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандар да болжамдар жасайды, олар жоғарыда айтқан пікірлер мен қаншалықты бөлісер екен?

Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісінде әлем бір- қарама- қайшы- авторитарлық үлгі ретінде көрінеді, онда АҚШ өзінің еркімен және өзінің ұлттық мүдделеріне және өзінің дүние түсінігіне негізделген «әлемді құрумен» айналысуға мәжбүр болады.

Екінші үлгі- екіұдай қарама- қайшылықты қақтығысты үлгі, онда АҚШ пен Қытай жетекші рөл атқарады.

Үшінші үлгі- көп қарама- қайшылықты әлем- әртүрлі елдердің, ең алдымен саяси ықпал мен қуат орталықтары мүдделерінің теңгерімі есебінің үрдісімен байланысты тайталассыз демократиялық жүйе.

Қазіргі уақытта ең болашағы бар әрі ықтималы көп қарама- қайшылықты әлемнің үшінші үлгісі болып табылады, оны жүзеге асыру дүниежүзілік геосаяси дамудың екі алғашқы нұсқаларының әсеріне байланысты болады.



Дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан қандай орын алады, біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттары қандай?

1991 жылы Қазақстан Егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүниежүзілік саясаттың белортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының бәрінің негізі бар болатын, ең алдымен, оның аумағының орасан зор көлемі, ұшан- теңіз табиғат байлықтары, халқының көп этникалық құрамы, сайып келгенде, бұрынғы КСРО –ның ядролық әлеуетінің көп үлес салмағы болды.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар, орнатылған, 49 шетел елшіліктері мен миссиялары, халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері жұмыс істейді, Республика БҰҰ-ның мүшесі болды.

Қазақстанның сыртқы саясат бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ-ның Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы мәлімдемеде, 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қорытынды актісінде баянды етілген халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін сақтауға бағдарланған.



Құжаттарды талдау халықаралық актілерде әңгіме он прицип турралы болып отырғанын дәлелдейді:

1. Егеменді теңдік принципі.

2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі.

3. Халықаралық ынтымақтастық принципі.

4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі.

5. Күш қолданбау немесе күштеп қоқан- лоққы жасамау принципі.

6. Шекаралардың мызғымастығы принципі.

7. Мемлекеттер аумағының тұтастығы принципі

8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі.

9. Ұлттар мен халықтардың өзін- өзі билеу принципі.

10. Адамның құқықтарымен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі.

Президент Н. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның орнығуы мен дамуы» деген еңбегінде: «ТМД», «АТА», «Азия», «Еуропа»,»Америка» бағыттары деп анықтама берген. Кез келген басқа мемлекет сияқты, Қазақстанның сыртқы саясаты ұлттық мүдделерге негізделді. Геосаяси жағдайды, экономиканы, әскери әулетті, эникалық- саяси құрамды негізге ала отырып, біздің мемлекет дүниежүзілік дипломатияда қабылданған саяси құралдарға сүйенеді.

Бұл тұрғысындағы стратегиялық бағыт аумақтық жағынан жақын «көршіміз» Ресеймен өзара қатынас болып табылады, онымен қатынастар екі мемлекеттің даму тарихы барысында қалыптасып, олардың мүдделері көп ретте үйлесім тапты. Тең құқықтық және сенімді қатынастардың дамуы мен нығаюы Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамта-масыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен ықпалдастық процестерін белсенді түрде ұстанып келеді. Отын- энергетика кешеніндегі ықпалдастық аймақтың барлық мемлекеттерін отынның барлық түрлерімен толық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды, сонымен бірге, табиғи шикізат пен бірлескен инвестициялар негізінде бәсекелік- еркін өнім өндіруді ұйым-дастыруға мүмкіндік беретін сенімді экспорттық және қатынастар ең алдымен осы аймақта Қырғыстанмен және Өзбекстанмен болып отыр.

«АТА» бағыты- бұл Оңтүстік- Шығыс Азияның басқа елдеріне шығатын Пекин- Сеул- Токио бағыты. Оның маңыздылығы бұл елдердің озық технологиялар елдері болуымен анықталады, олар кең көлемді ин-вестициялар мүмкіндігі бар несие көздері болып табылады. Болашақта бұл аймақ Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін біздің өнімдерімізді өткізу және жұмысшы күшін тарту рыногына айналуы мүмкін.

АТА ауқымында Жапония жетекші рөл атқарады және АТА- ны дүниежүзілік экономиканың орталығына айналдыруға ұмтылып отыр. Жапония Қазақстанның аса ірі қаражат құюшысы болады. Жаңадан құрылған экономикалық және әлеуметтік дамудың Қазақстан- Жапония қауымдастығы (1995ж) жұмыс істеуде, оның негізгі бағыттары өнеркәсіп, құрылысты, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамыту үшін инвес-тициялар мен шетелдік жеңілдікті несиелерді тарту болып табылады.

Қытаймен ынтымақтастықты дамыта отырып, Қазақстанның дүние-жүзілік коммуникацияларға шығу мүмкіндігі бар. Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия жылына 4-5 тен 8-9 %- ға дейін экономикалық даму өсімінің жоғары қарқындарын көрсетіп келеді.

«Азиялық» бағыт Туркиямен , Иранмен, Үндістанмен, Пәкістанмен және Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты көздейді. Қауіпсіздік проблемасы азиялық саясатта басым орын алады. Осыған байланысты Қазақстанның Азиядағы іс- қимылдар мен сенім шаралары мәселелері жөніндегі Кеңесті шақыру туралы бастамасы нақты саяси мәнге ие болады және халықаралық өмірдің нақты факторына аналады.

«Еуропалық» бағыт стратегиялық бағыт болып табылады. Мұның осындай бағыт болуы, ең алдымен, мынаған байланысты: Еуропа дүние жүзінің аса ірі саяси, экономикалық және мәдени орталықтарының бірі және Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан Қазақстан еуропалық мемлекеттерді болашағы бар әріптестер ретінде қарастырады. Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық техникалық көмек, инфрақұрылымды және кадрларды оқытып- үйретуді дамыту мақсатында несиелер алу мүмкіндігін береді.

«Америкалық» бағытты да стратегиялық бағыт деп қарастыруа болады. Қазақстан- Америка қатынастары саясат пен экономика саласындағы әріптестік деңгейіне көтерілді. Сауда- экономикалық ынты-мақтастық саласында бірқатар шарттар мен келісімдерге, атап айтқанда, Сауда келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес Қазақстан АҚШ- пен сауда жасауда мейлінше қолайлы ел мәртебесін алды.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы саясаты орнығу кезеңінен ойдағыдай өтті және жаңа тарихи жағдайларда мемлекеттік саясаттың ажырағысыз бөлігі ретінде нық ірге тепті. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық-тағы орны мен оның дүниежүзілік саяси процестегі рөліне қатысты жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере келіп, біздің президентіміздің Қазақстан әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық үрдістерге әсер ететін ірі аймақтық державаның көзқарасымен келісуге барлық негіздер бар.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастардың саясаттануының бірінші кезектегі проблемалары?

2. Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері?

3.Халықаралық саясат екі бірдей процесс?

4. XX ғасыр.60 жылдардағы ғаламтану бағыты?

5. Қазақстанның сыртқы саясатының он принципі?

6. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары?

7. Қазақстанның сыртқы саясатының орнығу кезеңі?



Тест.

13-апта 5,0 балл

Тақырыбы: 25.Саяси технологиялар

26.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
1.Саяси технология дегеніміз:

  1. Жаңалық енгізуді жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен тәсілдер жиынтығы;

  2. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді экономикалық ресурстардан өндіру үшін қолдануға болатын білімдер көлемі;

  3. Күнделікті пайдаланатын шикізатты қайта өңдеу әдістері мен құралдары туралы ғылым;

  4. Басқару процесін орындаудың тәсілдері,тәртібі, регламенті

  5. Қажетті саяси нәтижеге жетуге арналған әрекеттер жүйесі.

2. Билік саласында субъектілердің міндеттерін шешуге арналған белгілі бір білімдер мен іскерліктің жиынтығы – бұл:



  1. Дау- жанжалдың (шиеленістің) меднаторингі:

  2. Саяси маниторинг

  3. Саяси маркетинг

  4. Саяси консалтинг

  5. Саяси менеджмент

3. Әр түрлі субъектілердің өздерінің мақсаттары мен міндеттерін орындаудағы саяси технологияны қолданудың негізгі мәні:



  1. әлеуметтендіру

  2. оптимизация

  3. ресмилендіру

  4. модернизация

  5. Концептуализация

4. Билік институттарының тәжірибелік қызметтерін саяси ұйымдастырумен және саяси жобалаумен (болжамдау, жоспарлау, программалау) айналысатын технология:



  1. Саяси инженерия

  2. Саяси жарнама

  3. Саяси талдау

  4. Саяси мониторинг

  5. Саяси кеңес беру

5.Басқару мен биліктің әр түрлі субъектілерінің ролдік жүктемесін рационалдау және алгоритмизациялауды шамалайтын саяси технологияның түрлері:




  1. Қатал

  2. Тактикалық

  3. Функционалдық

  4. Спорадикалық

  5. Инструменталдық

6. Мақсаттарға жетудегі қолданылатын әр түрлі тәсілдер ауқымындағы саяси технологияның түрі:




  1. Циклдық

  2. Тираждық

  3. Бірегей

  4. Пәндік

  5. Жұмсақ

7.Парасат, субъектілердің тәжірибесі мен оның интуициясы, мейрім, мәдениет стеротині, дағдылары және оның дүниетанымының басқа да индивидуалды ерекшеліктері - іс- әрекет стандарттарының тізбектелген құрылымының негізін салған, саяси технологиялардың қалыптасу әдісі:



  1. Құрылымдық

  2. Волюнтаристік

  3. Талдаушылық

  4. Процессуалды

  5. Девиантты

8. Белгілі бір субъективизм мен озбырлыққа қарсы мәселелерді және анықтаудағы керекті технологиялық әрекеттер құралдары мен тәсілдері болып табылатын қолданбалы оқу пәні:



  1. Шиеленістану

  2. Саяси менеджмент

  3. Саяси консалтинг

  4. Саяси талдау

  5. Саяси маркетинг

9. Белгілі бір оқиғаға өзінің ықпалын тигізетін, әрқайсысының артында белгілі бір мүдделері бар адамдар тұартын, оның шеңбеінде саяси процесс оқиғалар тізбегі ретінде көрінетін саяси талдау әдісі:


  1. Ситуациялық талдау

  2. Корреляциялық талдау

  3. Ивент- талдау

  4. Контент-талдау

  5. Эксперттік баға әдісі

10. Қайсыбір топтарда ортақ саяси талаптарды айқындаудағы әр түрлі микротоптық позицияларды келістіру технологиясы:



  1. Артикуляция

  2. Агрегирование

  3. Индоктринация

  4. Верификация

  5. Вестернизация

11. Қоғамдағы (ұйымдағы) өмір сүріп тұрған заңдар, нормалар, дәстүрлер немесе әдет- ғұрыптардан ауытқитын әрекеттер әдістерінің дәрежесі мен сипаттарын регламенттеу тұрғысындағы технология:



  1. Имплициттік

  2. Айқын

  3. Көлеңкелі

  4. Двианттық

  5. Стратегиялық

12. Қолданбалы саяси талдаудың негізгі пәні:



  1. Объект туралы ақиқат білімнің жетілдірілуі

  2. Байланыстар мен құбылыстардан тұратын нақты саяси жағдай

  3. Объектінің логикалық көшірмесі

  4. Құбылыстың элменттері диахронды түрде қарастырылады.

  5. әлеуметтік тұтастық.

13. Саяси ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің іскерлік әрекеттерінің тәуекелін төмендету негізінде олардың мамандандырылған міндеттерін шешудегі кәсіби көмек түрлері:



  1. анкеттеу

  2. сауалнама

  3. аудит

  4. саяси кеңес беру

  5. құқықтық баға

14. Саяси сипаттағы консультациялық қызмет көрсететін мамандандырылған қазіргі типтегі алғашқа фирма қашан пайда болды.



  1. 1901ж (Лондон)

  2. 1914ж (Чикаго)

  3. 1928ж (Берлин)

  4. 1964ж (Москва)

  5. 1970ж (Нью-Йорк)

15. Әріптестер (партнерлер) арасындағы келісім жасау мен саудаласу технологиясының жалпыға ортақ түсініктемесі:



  1. Презентация

  2. Мониторинг

  3. Логроллинг

  4. Диверсификация

  5. Ассимиляция

16.Халықаралық қатынастар – бұл:



  1. Халықаралық деңгейде мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттейтін саясат

  2. Саясаттағы адамдар, халықтар арасында жүзеге асатын байланыстар

  3. Халықатардың өзара әрекетесу формалары мен қатынастарының жиынтығы.

  4. Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастарының түрі

  5. Қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету тәсілі.

17.Сыртқы саясат- бұл:


  1. Халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым- қатынастарды реттейтіән саясат

  2. Саясатта адамдар арасында жүзеге асатын байланыстар

  3. Халықтардың өзара әрекет формалары мен қатынастарының жиынтығы

  4. Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қаынастар түрі

  5. Қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

18. Халықаралық саясат- бұл:



  1. Мемлекеттер мен халықтардың халықаралық аренадағы өзара қарым- қатынастарын реттейтін саясат

  2. Әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс- әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат

  3. Халықтардың өзара әрекеттестік формалары мен қарым- қатынастар жиынтығы

  4. Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастар түрі

  5. Қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

19. Халықаралық қатынастарының маркстік типологиясының негізінде мыналар жатыр:



  1. Хранологиялық жағынан 3 типке бөлу (антикалық, ортағасырлық, саяси тепе-теңдік, ұлттық принцип және құқық үстмдігі).

  2. «әлмдік державаның» ықпалының басымдығы

  3. Формациялық және таптық өлшемдер

  4. Төрт «ұлы державалар» (Португалия, Нидрландия, Ұлыбриания, АҚШ) үстемдігінің 5 кезеңі.

  5. Екі негізгі түрі: бәсекелестік қатынас пен ынтымақтастық қатынас

20. Батыс елдерінің тәуелсіз мемлекеттердің ісіне тек экспансионистік саясат жүргізу кезінде ғана емес, сонымен бірге адам құқы принципі мен нормаларын бұзғанда және мемлекет ішінде бейбіт тұрғындарға қару қолданған тұста араласуын көздейтін және оны ақтайтын тұжырымдама:



  1. Модернизация теориясы

  2. Либерализм

  3. Трансұлтшылдық (транснационализм) тұжырымдамасы

  4. Конвергенция теориясы

  5. Вестернизация тұырымдамасы

21.Геосаясат тарихына елеулі әсерін тигізген «Хартленд» «орталық жер» тұжырымдамасының авторы.



  1. Ф.Рацель

  2. Х.Макиндер

  3. К. Хаусхофер

  4. Г.С. Трубецкой

  5. Р. Челлен

22.Негізгі субъектісі мемлекет немесе бірнеше мемлекеттер болып таылатын халықаралық қатынастарды қалыптастырудың оның қызметінің тәсілі.



  1. Этатистік

  2. Позитивистік

  3. Жүйелік

  4. Антиэтатистік

  5. Институционалдық

23. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектісінің рөлін, мемлекеттік емес және тіпті саяси емес ұйымдар мен қозғалыстарға жатқызуды жақтаушылардың амалы.



  1. әлеуметтанымдық

  2. таптық

  3. нормативтік

  4. антиэтатистік

  5. институционалдық

24. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі ірі корпорациялардың рөлін көрсету қажеттілігін негіздейтін халықаралық саяси қарым- қатынастар тұжырымдамасы:



  1. И. Галтунгтың әлемдік жүйе теориясы

  2. «өміршең қоғам» теориясы

  3. Халықаралық эквилибриум (тепе- теңдік) теориясы

  4. Конвергенция теориясы

  5. «күш қолдану» тұжырымдамасы.

25. Саясатты үстемдік ету үшін күрес деп түсіндіретін халықаралық саясаттың тұжырымдамасы:

  1. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы

  2. «ұлттық мүдде» тұжырымдамасы

  3. Глобализация тұжырымдамасы

  4. Бейбіт өмір сүру теориясы

  5. «күш қолдану» тұжырымдамасы

26. Ұлттық мемлекеттің түбірлі мүдде- қажеттіліктерінің өз саяси көсемдерінің іс- әрекет қызметінде қөрініс табуы.

  1. Ұлттық саясат

  2. Ұлттық сана

  3. Ұлттық мәселе

  4. Ұлттық қауіпсіздік

  5. Ұлттіқ мүдде

27. «Ұлттық мүдде» тұжырымдамасының авторы



  1. У. Кларк

  2. Ф. Фукуяма

  3. Е. Масуда

  4. Г. Моргентау

  5. А. Белл

28. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп- қатерден қорғалғандығы, мемлекеттің өз егемендігін және аймақтық тұтастығын ақтап қалу және халықаралық құқық субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті.

  1. Ұлттың өзін- өзі басқаруы

  2. Ұлттық мәселе

  3. Ұлттық сана- сезім

  4. Ұлттық қауіпсіздік

  5. Ұлттық мүдде

29.Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі жғдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама



  1. Пацифизм

  2. Геосаясат

  3. Плюрализм (көппікірлік)

  4. Протекционизм

  5. Этатизм

30. Қазақстан Республикасы қашан БҰҰ- ға мүше болып кірді?

  1. 1991ж

  2. 1992ж

  3. 1993ж

  4. 1994ж

  5. 1995ж.


14- апта 5,0 балл

27.Тақырыбы: Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.


  1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып- жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық- түлік проблемалары.

  2. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бізнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері.

  3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

  4. Азаматтың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.

  5. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.

.

Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен хаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады.

Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына – Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай- ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін , егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниезүзілік қауымдастыққа енуіне, рспублика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіреді. Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта айтылғандай, қыруар қазба байлықтарымыз. Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсізде жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізеді. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны коп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қараған.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда – экономикалық, ғылыми- техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендікпен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді.

Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделеріміз көп. Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істердее рөлдері орасан зор Америка Құрама Штаттары, Батыс Еуропа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс- қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпасада түсінікті.

Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелермен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі- тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп отыр. Сондықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.

Екіншісі экологиялық қасіретіміз- Семейдегі ядролық полигон.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері мыналар жатады:

- мемлекеттік мүддені қорғау;

- елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлемдегі барлық елдермн тң құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процстерге белсене қатысу;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен , көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері- қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтар, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл- ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол.



28.Тақырыбы: Саяси болжамдау


  1. Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері.

  2. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері.

  3. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері.Ғылыми болжамның әдістері және құралдары.

  4. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және құралдары.

  5. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері.

  6. Және олардың өлшемдері. (критерилері).

  7. Саяси болжамның функционалдық міндеттері.

  8. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істру (сақтық).

  9. Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі проблемалары.

Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз еттік. Сонымен қатар әлемдік саясат та бар. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс- әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сйікес ұйтанымдар мен мақсаттарды қамтиды.



Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс- әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мелекеттік жүйелер арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.

Қазіргі кезде әлемді саясатты жүргізуде қоғамдық- саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады.

Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы- мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан- жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты.

Мемлекеттік күштердің арасалмағымен байланысты « күш теңдігі» немесе «саяси теңдік» деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар ХVII ғасырда енді.



Сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы.

Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды дейтін.Бірақ қазіргі таңда олай деу ағаттық болар еді. Себебі, соңғы кезде сыртқы саясат ішкі саясатына көбірек әсер етіп отыр.

Мемлекеттердің көпшілігі көп ұлтты болып келеді. Сондықтан мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе ме деген сұрақ туады. Бұл сұрақ екі түрлі шешілуі мүмкін. Біріншісінде мемлекеттік билік өзінің сыртқы саясатында елдегі сан жағынан көп бір ұлттың мүддесін қорғап, басқа халықтарды ескермейді. Екіншісінде мемлекеттік өкімет сол елде тұратын барлық ұлттардың мүддесін көздеп, сыртқы саясатында солардың атынан іс- әрекет етеді.

Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым- «ұлттық қауіпсіздік». Оның мағынасы жер көлемінің тұатстығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қауіпінен қорғаумен ғана шектелмейді. Сыртқы саясатта ежелден қалыптасқан көзқарас бойынша ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін көрші елдерді шама келгенше өзінен асырмау, халықаралық майданда әрекет етуші мемлекеттерді барынша әлсірету көзделетін.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери қауіпті жоюмен ғана тынбайды. Бүгінгі жағдайда адамзатқа соғыстан басқа да көптеген қаіп төніп тұр. Оларға өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерді қалдықтарымен атмосфераны, жер қыртысын, су қоймаларын ластауға әкелген экологиялық күйзелісті, жер жүзіндегі ауа райының өзгеруін, нашақорлық пен маскүнемдікті, халықаралық лаңкестік пен сыбайлас жемқорлықты және тағы басқа көптеген кеселдерді келтіруге болады.

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы- мемлекттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи қатынас жолдары және басқалар жатады. Георафиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына ететін әсерін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа – ағартушысы- Ш. Монтескье.

Географиялық ортаның қоғамға әсері тарихи жағынан үздіксіз өзгеріп отырады. Қазіргі ядролық заманда «тіршілік кеңістігі» үшін күрестің мәні шамалы. Дегенмен, жер көлемінің үлкендігі, қазба байлықтары, жер бедері, теңізге шығу мүмкіндігі т.б. сияқты географиялық жағдайлар мемлкеттің сыртқы саясатын белгілеуде елеулі орын алатындығы күмәнсіз.

Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пн арамдық, адамдар арасындағы қарым- қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктер, ой пікірлері болады. Бұл көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізді.



Тест.

14 – апта 5,0 балл

Тақырыбы:27.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.

28.Саяси болжамдау

1. «Жаһандастыру» терминін ғаламдық үйлестіру жүйесіндегі саяси және басқа да әлеуметтік процестерді қарастыруға мүмкіндік береді, саяси адам санасының жаһандық өлшемін қалыптастырады деп түсіндірген бірінші зрттеуші кім?




  1. С. Хантингтон;

  2. Р. Робертсон;

  3. Ф. Фукуяма;

  4. Т. Левитт;

  5. Г. Алмонд.

2. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауының себебі:


  1. әлемдік өркениеттің біркелкі дамымауы;

  2. апатты жағдайлар

  3. қарулану

  4. әлемдік өркениеттің біркелкі дамуы

  5. азық- түлік мәселелері.

3. Әлемнің интеграция және фрегментация процестерін бірден көрсететін «фрагмегративтік» терминін («fragmegrative» - фрагментация «fragmentation» және интеграция – «integration» әрекеттерінің бір мезгілде болуы) енгізген зерттеуші:




  1. Дж. Розенау

  2. А. Тойнби

  3. Б. Малиновский

  4. Г. Киссинджер

  5. Ф. Бродель

4. Әлемдік динамиканы үлгілеуде қарастырылатын бес бір- бірімен байланысты өзгергіш нәрсе- жағдай (халық, капиталды салу, орнына келмес ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаның ластануы, азық- түлікті өндіру) қандай тұжырымдамада көрсетілген?




  1. орнықты даму тұжырымдамасы

  2. өсу шегі тұжырымдамасы

  3. дүние – жүзілік талдау

  4. Жаһандық даму

  5. әмбебап эволюционизм

5. Капитализмді мерзімі 50- 100 жыл сайын дағдарысқа ұшырайтын, ядро, периферия жән жартылай перифериялардың өзара әрекеттесуінде дамитын, жаһанды жүйенің бірінші тарихи түрі ретінде қарастыратын концепция?




  1. Жаңа институционализм

  2. Марксизм

  3. әлеуметтік постмодерн

  4. дүние- жүзілік талдау

  5. ғаламдық дамудың тұжырымдамасы

6. Тұрақты даму тұжырымдамасының пайда болуының негізгі себебі?




  1. Азық- түлік дағдарысы

  2. Қаруландыру

  3. әлемдік экология проблемасы

  4. Демографиялық өсу

  5. Дүниежүзілік мұхит проблемасы

7. Ноосфераны адамның және биосфераның (коэволюция) мақсатты және келісімді дамуының нәтижесі ретінде қарастыратын тұжырымдама?




  1. өсу шегі тұжырымдамасы

  2. биосферлардың митозы

  3. әмбебап эволюционизм

  4. тұрақты даму тұжырымдамасы

  5. глобалды даму тұжырымдамасы

8. Планетадағы өркениетке және жалпы өмір сүруге қауіп – қатер төндіретін әлемдік соғыс проблемасын болдырмау қай проблемалар қатарына жатады.




  1. Жалпы дүниежүзілік жаһандық проблемалар

  2. Жалпы планетарлық жаһанды проблемалар

  3. Жалпы адамдық жаһанды проблемалар

  4. Экологиялық проблемалар

  5. Азық- түлік проблемалары

9.Адамзаттың ресурстар мүмкіндігін сақтап қалу және көбейті үшін қоғамның табиғатқа деген оптимизациялық, гармонизациялық, гуманизациялық қатынас проблемалары қай проблемалар қатарына жатады?




  1. Энергетикалық проблемалар

  2. Жалпы планетарлық жаһанды проблемалар

  3. Демографиялық проблемалар

  4. ҒТР дамуын басқаратын проблемалар

  5. Ресурсты сақтау проблемасы

10. Қоғам мен тұлға қатынасын, оны азат ету және жан- жақты даму, болашағын жақсарту мәселелерін айқындайтын гуманизация үрдісі қай проблемалар қатарына жатады?




  1. Қоршаған ортаны қорғау проблемалары

  2. Қарулану проблемалары

  3. Жалпы адамдық жаһанды проблемалар

  4. Халықаралық терроризм проблемалары

  5. Апаттық жағдайларды болдырмау проблемасы

11. Экономикадан мәдениетке дейінгі әлеуметтік өмірдің барлық жақтарына үлкен жылдамдықпен әсер ететін ғаламдық тізбектің үлкен тобы қазіргі заманғы жаһанданудың қандай түріне жатады?




  1. Кең- байтақ

  2. Диффуздық

  3. Экспансионистік

  4. Жіңішке

  5. Саяси

12. Жоғарғы экстенсивті жоғарғы қарқындылықпен және жоғарғы жылдамдықпен сәйкестендіретін, бірақ онда заң негізгі ықпал тигізетін күш болып табылатын жаһандық жүйенің қазіргі заманғы жаһандану түрі. Мұндай жаһандануда оның негізгі күші басқарылады және реттеледі:




  1. Негізгі

  2. Диффуздық

  3. Экономикалық

  4. Экстенсивті

  5. Саяси

13. Төменгі қарқындылықпен, төменгі жылдамдықпен, бірақ едәуір әсер күшімен бірлескен, жоғарғы экстенсивті глобалды сабақтастықпен сипатталатын қазіргі заманғы жаһанданудың түрі.




  1. Кең- байтақ

  2. Диффуздық

  3. Экспансионистік

  4. Қарқындылық

  5. Саяси

14. Қарқындылығы, жылдамдығы және күшінің деңгейі төменгі дәрежеде болатын, бірақ жоғарғы экстенсивті жаһанды жүйемен сипатталатын қазіргі заманғы жаһанданудың түрі.




  1. Географиялық

  2. Синкретиялық

  3. Экономикалық

  4. Жіңішке

  5. Саудалық

15. «Өркениеттердің қақтығысы және әлемдік тәртіптің қайта құрылуы» атты кітаптың авторы, қазіргі заманның зерттеушісі.




  1. О. Шпенглер

  2. С. Хантингтон

  3. А. Мальро

  4. Ф.Фукуяма

  5. Ю. Хабермас

16. Саяси болжам дегеніміз- бұл:




  1. Белгілі бір әлеумттік уақыт пен кеңістік шекарасындағы саяси жүйелер, оның институттары мен басқа да саяси құбылыстардағы болатын ықтимал өзгерістерді, жағдайларды түсіндіру;

  2. Негізгі мақсаттар мен міндеттерді түсіндіру

  3. Қоғамның жалпы әлеуметтік- саяси мақсаттар мен құндылықтардың төңірегінде бірігуі, интеграциясы

  4. Саяси құбылыстардың даму барысы

  5. Тұлғаның саяси қалыптасу процесі

17. Болжамдық қызмет нәтижесінің мазмұны:




  1. Белгілі бір саяси жүйенің, оның элементтерінің өзгеретін уақытын көрсете отырып, оның болашақ жай- күйі туралы мүмкін ой- пікір айту

  2. Белгілі бір әлеуметтік уақыт пен кеңістік шекарасындағы саяси жүйелер, оның институтары мен басқа да саяси құбылыстардағы болатын ықтимал өзгерістерді, жағдайларды түсіндіру

  3. Негізгі мақсаттармен міндеттерді түсіндіру

  4. Қоғамның жалпы әлеуметтік- саяси мақсаттар мен құндылықтардың төңірегінде бірігуі, интеграциясы

  5. Идеялық көзқарастардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы.

18.Мүмкін немесе тілекке сәйкес болашақты, жағдайы, шешімді сипаттауы көздейтін болжаудың аспектісі:




  1. Алдын- ала болжау (теориялық- тынымдық)

  2. Алдын-ала көрсету (басқарушылық)

  3. Шапшаңдық

  4. Ұзақ мерзімдік

  5. Ішкі саясаттық

19. Болашақ мақсаттылық қызмет туралы ақпаратты қолдануды көздейтін болжау аспектісі.


А. Алдын- ала болжау (теориялық- тынымдық)

В. Алдын-ала көрсету (басқарушылық)

С.Шапшаңдық

Д.Ұзақ мерзімдік

Е.Ішкі саясаттық
20. Саяси басқарудың құралдарымен шешілетін болашақ мәселелерді айқындау және дәлелдеумен сипатталатын болжам түрі:


  1. Ізденушілік

  2. Шапшаңдық

  3. Қысқа мерзімдік

  4. Нормативтік

  5. Сыртқы саясаттық

21.Алдын- ала берілген нормалар, идеялар, ынталар, мақсаттар негізінде керек жағдайда жетуді алдын- ала болжаумен сипатталатын болжам түрі.



  1. Ізденушілік

  2. Шапшаңдық

  3. Қысқа мерзімдік

  4. Нормативтік

  5. Сыртқы саясаттық

22. Саяси өмірдің және оның жеке буындарының әр түрлі праекторияларының, әр түрлі байланыстарының жеке құрылымдық қатынастарының даму мүмкіндіктерімен байланысты саяси болжам принципі:




  1. Жүйелік

  2. Тиімділік

  3. Альтернативтік

  4. Келісушілік

  5. Верифициялылық

23. Саясат бір жағынан тұта объект ретінде қарастырылатын, екінші жағынан, дербес болжам бағытының жиынтығы ретінде қарастырылатын болжамдау принципі.




  1. Жүйелік

  2. Тиімділік

  3. Альтернативтік

  4. Келісушілік

  5. Үздіксіздік

24.Жаңа ақпараттың түсінуіне байланысты болжамдық зерттемелерді үнемі дұрыстап отырудың қажеттігінен шығатын болжамдау принципі:




  1. Жүйелік

  2. Тиімділік

  3. Альтернативтік

  4. Келісушілік

  5. Үздіксіздік

25. Зерттелген болжамның дүрыстығын анықтауға бағытталған принцип:




  1. Жүйелік

  2. Верифициялылық

  3. Альтернативтік

  4. Келісушілік

  5. Үздіксіздік

26. Мағынасы ішкі және сыртқы саясаттың дамуының перспективті бағыттары бойынша сарапшылардың пікірлерінің белгілі бір келісушілігіндегі ғылыми- болжамдық зерттеулердің әдісі:




  1. Эксперттік баға

  2. Идеяларды генерациялау (өндіру)

  3. Интерполяция

  4. Корреляциялық талдау

  5. Экстраполяция.

27. Мағынасы проблемалық жағдайдың «ми шабуылы» атты шығармашылық мүмкіндігін көтеруде, бастапқыда идеяларды іске асыруда, сосын оны біртіндеп шешуде, осы идеяларға контридеяларды қалыптастырып сынға салатын әдіс:



  1. Эксперттік баға

  2. Идеяларды генерациялау

  3. Интерполяция

  4. Факторлық талдау

  5. Үлгілеу

28.Бар жағдайдың біртіндеп болашақ жағдайға ауысуын көрсететін логикалық тізбектелген оқиғаларды орнатуға тырысатын әдіс:




  1. Эксперттік баға

  2. Сценарийді құрастыру

  3. Экстраполяция

  4. Факторлық талдау

  5. Үлгілеу

29. Динамикалық қатардың перспективаға «батыл» ауысуын көрсететін болжамдау әдісі:




  1. Эксперттік баға

  2. Сценарийді құрастыру

  3. Экстраполяция

  4. Коореляциялық талдау

  5. Үлгілеу

30.Саяси болжаудың негізгі мақсаты:




  1. Қабылданатын саяси шешімдердің тиімділігі мен нәтижелігін көтеру

  2. Оқиғалардың дамуының керек емес нәтижелерін болдырмау

  3. Шарасыздыққа бейімделу

  4. Нағыз құбылыстың мүмкін дамуын тездету

  5. Даму бағдарламасын баяндау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет