Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы


ә) Қоғамдық маңызды міндеттерді атқарып, мақсаттарға жетуін



бет5/22
Дата05.11.2016
өлшемі8,3 Mb.
#1056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ә) Қоғамдық маңызды міндеттерді атқарып, мақсаттарға жетуін


қамтамасыз ететін ерекше, өзгеше құрылымдар

б) Адамдардың бір әлеуметтік топтардан басқаларға ауысуы


в) Дәстүрлі қоғамның жаңғыруы


17. Халық маңызды саяси шешiмдердi қабылдауда, билiк жүргiзуде тiкелей қатысуы?

а) саяси демократия.

ә) өкiлдiк демократия.

б) тура демократия .

в) мемлекеттiк билiк.

18. Халықтың еркi депутаттарға және билiктiң жоғарғы органдарына жүктеледi.

а) тура демократия.

ә) өкiлдiк демократия .

б) плебиситорлық демократия.

в) демократия.

19. Қазақстан Президентi қанша жылға сайланады?

а) 8.


ә) 5 .

б) 7.


в) 9.

20. Әскери-саяси блоктарға қосылмау халықаралық қозғалысын құрушы қайраткерлердің бірі, Мысыр президенті

а) Х.Асад.

ә) Ю.Кардави.

б) Г.А.Насер

в) М.Каддафи.


21. Дүниежүзiнде ең алғаш болып өз конституциясына демократиялық қағидаларды енгізген мемлекет?

а) Канада,

ә) АҚШ .

б) Ресей.

в) Германия.

22. Мемлекет қашан пайда болған?

а) Алғашқы қауымдық қоғамда.

ә) құл иеленушiлiк қоғамда .

б) Капиталистiк қоғамда.

в) Адам пайда болғанда.

23. Халықтың үстемдiк етiп отырған саяси билiктi мойындау, оның заңдылығы мен шешiмдерiн растауы?

а) Либерализм.

ә) Легитимдiк .

б) Лобби.

в) Люмпен.

24. Елдiң экономикасын басқа елдердiң экономикасынан оқшаулануға бағытталған ұлттық мақсат?

а) Абсолютизм.

ә) Автократия.

б) Автаркия .

в) Абсентизм.

25. Ешбір мемлекет азаматы болып саналмайтын адамдар

а) мемлекет

ә) ел

б) аппатридтер



в) ұлт

26. Шексiз және дара билеудiң бiр түрi?

а) Деспотия..

ә) Диверсификация.

б) Диктатура

в) депортация.

27. Мемлекет құрылысына қарай қалай бөлiнедi?

а) территориялық, мемлекеттiк.

ә) монархиялық, республикалық.

б) унитарлы, федерация,конфедерация .

в) дұрысы жоқ.

28. Мемлекеттiк билiк атадан балаға мұра болып қалу не деп аталады?

а) республикалық.

ә) монархиялық .

б) унитарлы.

в) дұрысы жоқ.



6-апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының үкіметі.

Қоғамның саяси жүйесі.

1. Үкімет басшысы.

а) Вице Примъер -Министр

ә) Примъер -Министр

б) Министр

в) Төраға

2. Примъер –Министрді Парламенттің келісімімен қызметке кім тағайындайды.

а) Сенат

ә) Президент

б) Мәжіліс

в) Парламент

3. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде конституцияда және үкімет туралы конституциялық заңда белгіленген нысандарда кімнің алдында жауапты.

а) Халықтың алдында

ә) Президенттің алдында

б)Парламенттің алдында

в) Соттың алдында
4. Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қай жылы құрылды?

а) 1995 ж. 1- қаңтар.

ә) 1995 ж. 1-наурыз .

б) 1992 ж. 3- наурыз.

в) 1994 ж. 25- қазан.

5. ҚР-ның тұңғыш Конституциясын қашан қабылданды?

а) 1997 ж 25 қазан.

ә) 1995 ж 30 тамыз.

б) 1993 ж 28 қаңтар .

в) 1991 ж 16 желтоқсан.

6. Саяси ғылымға “саяси жүйе” теориясын енгізген?

а) Платон.

ә) Аристотель.

б) Д.Истон .

в) С.Хантингтон.

7. Саяси жүйе сыртқы ортамен қалай байланысады?

а) "кiрiс"және "табыс".

ә) "табыс" және "пайда".

б) "кiрiс" және "шығыс" .

в) "шығыс" және "пайда".

8. Қоғамның саяси жүйесi деп :

а) Билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық пен тәртiптi қаматамыз ететiн, әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйым мен мекемелердiң жиынтығын айтады

ә) Таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамдардың азамат пен мемлекеттiң арасындағы қатынастар кiредi.

б) Саяси институттар өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелерi негiзiн құрайды.

в) Белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әркеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.

9. Доктрина

а) Ілім, ғылыми немесе философиялық теория, жүйе, басшылыққа алынатын теориялық немесе саяси қағида

ә) Адамдардың шындық өмірге қатынастары аңғарылып, бағаланатын саяси, құқықтық, өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастың жүйесі.

б) саяси институттар,саяси қатынастар,саяси ережелер, саяси мәдениет

в) Белгiлi бiр қоғамға немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сапа мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығы

10. С.Хантингтон анықтауы бойынша саяси жүйенiң неше компонеттерi бар?

а) 7.


ә) 6.

б) 5 .


в) 8

11. Саяси жүйе мынадай құрылымдардан тұрады?

а) саяси институттар,саяси қатынастар,саяси ережелер, саяси мәдениет .

ә) саяси,саяси ұйым, саяси жүйе, саяси қатынас.

б) сая си ұйым, саяси мәдениет, саяси ережелер.

в) саяси институттар,саясат, саяси жүйе,

12. Саяси инстиуттарға:

а) мемлекет,саяси партиялар,кәсiподақтар, кооперативтер, жастар т.б. ұйымдар мен бiрлестiктер жатады .

ә) таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамдардың азамат пен мемлекеттiң арасындағы қатынастар кiредi.

б) саяси институттар өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелерi негiзiн құрайды.

в) белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әркеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.

13. Қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік актілерге сүйене отырып басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір тармағы

а) заң шығарушы билік.

ә) атқарушы билік.

б) сот билігі.

в) халық билігі.


14. Құндылықтарды бөлуге басқаруға қарағанда көбiрек ықпал етушi саяси институттар мен топтардағы индивидтер?

а) жетекшiлiк .

ә) ұйым.

б) қоғамдық.

в) ұйымдастырушылық.

15. Саяси өмiрге қатысты саяси құрылымдағы талаптар қояды?

а) әлеуметтiк және экономикалық бiрлестiктер .

ә) саяси және қоғамдық ұйымдар.

б) әлеуметтiк және құқықтық бiрлестiктер.

в) дұрысы жоқ.

16. Саяси жүйе басқару тәртiбiне қарай нешеге бөлiнедi?

а) 4.


ә) 3 .

б) 5.


в) 6.

17.XVIII ғас буржуазиялық революция алғаш рет қай елде болды?

а) Англияда

ә) Италияда

б). Қытайда

в) Грекияда

18. Саяси зерттеулердің дамуына елеулі түрде ықпал еткен саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды?

а) 1880ж

ә) 1975ж

б) 1903ж

в) 1949ж


7- апта 5,0 балл

13.Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.
1.Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.

2.Қысымшы топтар.

3.Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.

4.Саяси партия ұғымы: Партиялар генезисі және партия жүйелері.

5.Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары.

6.Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клуб тар, бұқаралық партиялар.

7.Партиялардың типологиясы.

8.Партияларды типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).


3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғам-да да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлық-тай маңызы болмады.Еңбекші топтар болса экономикалық бытараңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың мүддесін ара- тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. Екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жал-пыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуына мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы- олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.

Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі- олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес , сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбі-рек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консер-вативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеоло-гияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия- адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты- билікті қолға алып, жүзеге асыру ( көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруі-нің өзі сол жіктеудің арасында дау- жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттілігінен шығады.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат- мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белседігіні арттырып, жинақтау;

б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құры-лымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;

г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;

д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т.т.

Қоғамның қай жігіне ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал- демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық- демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т.б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негі-зінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатысады.



2. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институтциондық тәсіл партияларды топтастыр-ғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксис-тер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.

Бұл мәселені терең зарттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалы-мы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенді-лер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10 % - ынан кемі болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды.

60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар ( универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың еркшелігі- партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси пар-тияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтануымен сипаталады, өзінің барлық мүшелерінен партия-ның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.

2.Сайлаушылар партиясы . Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ- тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялыққ партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді.

3. Парламенттік партия . Ол негізі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін- өзі басқару органы) жіктер ( фракциялар) жасайды. Премьер- Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

4. Қауымдастық партиясы. Ол амалдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.

1.Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы пар-тиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз , тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

2. Социал- демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал- демокра-тиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.

3.Буржуазиялық- демократиялық партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай прин-циптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар босатандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық пар-тиясы, Ұлыбританияның социал- либералдық партиясы және т.б.

4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар- намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық- әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.

5.Фашистік партиялар . Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқық-тары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.

Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партия-лар басқа партияларға төзімділікпен , түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді.

Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның «қарсы қою» деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдары-на мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады.



3. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жік-теудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік- экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси патиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл- адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б Чичерин айтқандай, көппартия-лықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары- онда саяси мәселелер жан- жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппазициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасын-да жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен- өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды бол-дырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемелекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО- да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.

Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның «бөлшектену», «бө-лектену» деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйым-дарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзінідік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмалаған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латын-ның «бірлестік» деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:

а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;

ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей ала-тындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппазицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндай түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді;

б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блоктық құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа социолистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады;

в) егер дербес партия ұзақ уақыт (20-30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал демократиялық партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында. Жапонияда либералдық – демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.

Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.



4. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысы-ның «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан револю-циясынан кейін де біздің өңіріңіздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәсе-лелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін- өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256- санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелерін аударды.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы-қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшы-ларымен мүшелері репрессияға ұшырады.

«Алаш» партия жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунис-тік идеологияның тұрғысынан оны «бурзуазиялық- ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық- демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл бурзуазиялық – ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.

Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлес-тіктер туралы» заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Егер Република аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт- бағдарламаларына, іс- әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:

Ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтыл-ғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқ-сан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жер-ұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.

Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қырқүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақсанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Қазақстанның социал- демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас пар-тиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.

Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құ-рылды. Онда Қазақстанның Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелерін өзін- өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін , саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында- қатаң қаржы саясатын, салық реформасын , меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада- халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдыр-мау.

«Қазақстанның Халық бірлігі» одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «номенклатуралық партия», « үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президен Н.Ә.Назарбаевтың көз-қарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық эконо-микаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серік-тестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды.

2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- демократиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы және т.б. жатады.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе- республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құрал-дарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте- бірте ме немесе тағы басқа ма?

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялық-тың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол- көпте-ген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркени-етті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған.

Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт- бағдары жақын партиялар бір – біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан- жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.

Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатар-дағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгеру үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар тағы нелер кіреді?

2. Алғашқы саяси партиялар қай жерде пайда болды?

3.Макс Вебер саяси партиялардың дамуын қалай түсіндіреді?

4. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері?

5.Саяси жүйенің рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партия-ларды нешеге топтастырады?

6.Саяси идеологиясына қарай партияларды неше түрге жүйелеп жүр?

7. Партиялық жүйе дегеніміз не?

8. «Алаш» партиясы?

9. Тәуелсіздікке қол жетпелі республика аумағында белді рөл атқарған партиялар?



14.Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.
1.Партия жүйелері ұғымы.

2.Партия жүйелерін жіктеу.

3.Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.

4.Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. ҚР саяси партиялардың қызметін заңменен реттеу.

5.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

6.Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және рөлі.

7.Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Демократиялық саяси жүйе азаматтардың бостандық құқықтарын пайдалана отырып саяси партиялар құруына, оларға топтасуына еркіндік береді. Осымен бірге ол саяси партиялардың билікті қолына алу үшін немесе басқалармен билікті бөлісу үшін ашық күресуіне мүмкіндік береді, басқарудың демократиялық сипатын белгілейді. Демократиялық қоғамда партияларға арнаулы конституциялық және заңды дәреже бері-леді, олардың қызмет етуіне заң жүзінде кепілдік беріледі.

Саяси партияның анықтамасы жөнінде саяси ғылымда түрліше түсініктер бар. Негізінен либералдық түсініктер басым болып келеді. Мәсе-лен, саясаттанушы Б. Констан партия дегеніміз ортақ иделогия немесе ортақ бағдарлама негізінде қызмет атқаратын адамдар тобы деп пайымдайды. Көптеген ғалымдар партияны мемлекеттің жүйесінде қызмет ететін институт деп бағалайды. Ал, марксистер партияны белгілі бір таптың мүддесін білдіретін ұйым деп санайды.

«Партия» латын сөзі, оның мағынасы неғұрлым үлкен қауымдастық бір бөлігі дегенді білдіреді. Саяси қозғалыстардың алғашқы туа бастауы XVIII- XIX ғасырлардың тоғысы болып есептеледі. Ал қазіргі заманғы саяси партиялар Европада XIX ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына шықты.

Саясаттану ғылымында саяси партиялардың жіктеліп бөлінуі мен даму тарихында М. Вебердің ұсынған болжамы қабылданған.Олардың сатылары төмендегідей:

Аристократтардың кутериясы (үйірмелері);

Саяси клубтар;

Бұқаралық партиялар;

Ал, іс жүзінде осы сатылардың бәрін Ұлыбританияда екі партия либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялар өтті. Басқа партиялардың тарихи жолы келте, олардың көпшілігі әу бастан ақ бұқаралық партия болып қалыптасты.

Бұл күндері әлемдегі басқарудың барлық формаларында партия бар, ол сол жүйенің туындысы болып есептеледі және соның әрқайсысының ерекшелігіне тән сипаты бар. Олардың бәрі де белгілі бір әлеуметтік топтың еркін өзінше білдіреді. Әдетте бұл партиялар атқарушы өкіметке қарама- қарсы тұру және оған бақылау жасау үшін, ұлттық электротты (сайлаушыларды) қалыптастыру, бірте- бірте саяси бәсекелестікті кеңейтіп, жалпы ұлттық көлемге жеткізу үшін қызмет етеді.

Саяси партиялардың неғұрлым бәріне ортақ бегісі- олар басқару құрылымын азаматтық қоғамның әртүрлі элементтерімен – жеке азаматтармен, топтармен, экономикалық, мәдени, діни және басқа топтар-мен байланыстырушы роль атқарады. Партия адамдардың көпшілігі қолдайтын ортақ мүдделер мен сенім- пікір тұжырымдарын қалыптас-тырады. Сондықтан партия қоғам алдында жауап береді, әрі қоғамның үстінен бақылап та отырады.

Партия саяси жүйенің ашық , конституциялық бөлігі мен формальді емес бөлігі шегінде қызмет етеді. Оның басқа топтардан айырмасы ол үкіметке әсер етуге және оның ішіне кіруге тырысады.

Саяси партиялардың осы және басқа белгілерін, қызметін айта келіп, М. Дюберже оларды жіктеп бөлуде институциялық (ұйымдасу) көзқарасқа сүйенеді. Ол осы негізде партияларды төмендегіше түрге бөледі:

1. Орталықтанған партия, яғни иерархиялық- жоғарыдан төмен қарай ұйымдасқан, күшті басқару орталығына бағынатын, біртұтас бағдарлама жасап, жүзеге асыратын және жаттанды тәртібі бар партия.

2. Орталықтандырылмаған партия, Бұл партия негізінен қоғам-дағы саяси жүйеге кіреді, бірақ партиялық екінші дәрежедегі роль атқарады және саяси өмірде біртұтас ұйым болып саналуға талпынбайды.

3. Кадрлық партия, яғни өз қатарына электораттың 10 процестен азы кіретін шағын партия.

4.Бұқаралық партия, өз қатарына электораттың 10 процестен артығы кіретін және олар осы партия үшін тұрақты дауыс беретін партия.

5. Мүше болу үшін айқын принциптері ( уставы, партияға кіру шар-ты, партия мүшесі үшін парламенттегі тәртібі, жазалау және награда беру әдістері) белгіленген партия.

6. Мүшелікке кіру принциптері жоқ, еркін партия. Бұл партияның мүшесі оның ұсынған кандидаттарына дауыс берсе, партия билейтін сатып алса жеткілікті.



2.Белгілі қоғамның саяси жүйесіндегі партияның шынайы ролі оның қызметінің сипатына, саяси процестерге қатысуының дәрежесі мен өтімділігіне, әсерлігіне қарай белгіленеді және осылар арқылы бағаланады.

Әдетте партия қызметінің үш тобы айқын көрінеді:

Бірінші оп партияның әлеуметтік топтармен, бүтіндей қоғаммен байланысын сипаттайды. Бұған жататындар:

а) мүдделерді айқындау- бағдарлама жасау, үгіт жүргізу, жақтастар тарту;

б) саясатқа тәрбиелеу және жұмылдыру- саяси құндылықтар мен хабарларды жеткізу, қоғамға мүшелер тарту, жастарды саяси өмірге баулу.

в) әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге кірісу, жанжалдасушы жақтардың мүдделерін жарастыру.

Екінші топ- партияның саяси жүйе мен оның жеке институттары жөніндегі қызметі, міндеті:

а) мақсатты айқындап, тұжырымдау;

б) элитаның қалыптастыру және кадрларды іріктеп алу өсіру.

Үшінші топ ішкі артиялық міндеттер- партияның өзінің ішкі ұйымдық және ішкі тұрмыс мәселелері.

Бұл міндеттердің ішінен партия үшін ең маңыздысы мақсатты айқындап, тұжырымдау, мүдделерді белгілеу, саясатқа тәрбиелеу және жұмылдыру, элитаны қалыптастыру және кадрларды іріктеп алып орналастыру.

Жоғарыда айтқанымыздай бұқаралық партиялар XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты. Содан бері көп елдерде қоғамдағы жағдай мүлдем өзгерді. Қарым- қатынас құралдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының кеңінен дамуына, халықтың саяси білім дәре-жесінің өсуіне байланысты саяси партиялардың ағартушылық, білім беру ролі төмендей бастады. Партиялық идеологияның тартымдылығы әлсіреді, қазіргі жағдайда саясатқа құмартатын адамның партияға кіруі міндетті емес бола бастады. Осы жағдайларды ескере келіп, көптеген саясаттанушылар партиялардың мақсатты айқындап , тұжырымдау қызметі қанағаттанарлық емес бола бастады деп бағалауда.

Міне осы жағдай саяси партияларды өздерінің қызметін қайта қарауға итермеледі. Олар енді өзгерген саяси - әлеуметтік жағдайда өз сайлаушыларына, жалпы сайлау науқанына баса көңіл бөле бастады. Бұл жұмыс маманданған партиялық элиталарға байланысты болғандықтан олардың салмағы, ролі артты.

Қазіргі жағдайда саяси партиялардың элитаны қалыптастыру және кадрларды іріктеп алып, орналастыру қызметі алдыңғы орынға шықты. Көптеген партиялар қазір тек өзі үшін ғана емес, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары үшін де, саяси элитаны қалыптастыру үшін де кадр-лар даярлап беретін ұйымға айналды. Партия қатарында көптеген кадрлар қоғамдық саяси қызметке машықтанады, саяси тәжірибе және халық алдында бедел жинайды, жұртшылыққа танылады.



3. Саяси партиялар қайраткерлер мен жақтастардың ұйымдасқан тобы ретінде де, сол сияқты саяси жүйенің құрамды бөлігі ретінде де өмір сүріп, қызмет етеді. Сондықтан партиялық жүйеге талдау жасау- өмір сүріп отырған саяси жүйенің партиялық жүйесіне талдау жасауға әкеп саяды.

Партиялық жүйе- бұл ашық жұмыс істейтін саяси партиялардың арасындағы қатынастың жиынтығы болып табылады. Ол қатынастар билік үшін немесе билікті жүзеге асыру үшін бәсеке- таластық немесе бірігіп күрес жүргізу арқылы көрінеді. Партиялық жүйелерді сараптап бөлуде ол жүйеге кіретін партиялардың санына қарау әдісі кеңінен таралған. Екі партиялық және көп партиялық жүйе деп бөлу неғұрлым жиі кездеседі. Екі партиялық жүйеге кіретін партиялар оның әрқайсысы көлемі жағынан да, билікті өз қолына алу үшін сайлаушылардың қолдау мүмкіндігі жағынан да бір шамалас болып келеді.

Көп партиялық жүйеге, әдетте көп партия кіреді, сондықтан үкіметті коалиция болып құрады. Партиялық жүйелерге жасалған талдау екі пар-тиялық жүйенің артықшылығын көсетеді.

Қазіргі заманда партиялық жүйелерге талдау жасауда Дж. Сарторидің теориясы жетекші орын алады. Ол партиялық жүйенің жеті типін , түрін атап көрсетеді.



Бір партиялық жүйе, басшы партиядан басқа партиялардың өмір сүріп, қызмет істеуіне тиым салады.

Гегемон партия, басқа партиялар, сол сияқты басқа қоғамдық- саяси ұйымдар гегемон партияның басшылық ролін мойындайды.

Басым партия елдегі саяси билікті дербес ұзақ уақыт бойы жүзеге асырады.

Екі партиялық, елде бұлардан басқа ұсақ партиялар болғанмен билік үшін бәсекелестік тек осы екеуінің арасында ғана жүреді.



Шамалы көп партиялылықтың негізгі белгісі – жүйеге қарсы пар-тияның және екі жақты оппозицияның жоқтығы, елде өмір сүріп, қызмет ітейтін барлық партиялардың үкіметке қатысудан үміткерлігі және олардың арасында идеологиялық айырмашылықтың аздығы.

Аса көп партиялылықтың негізгі белгісі- жүйеге қарсы партияның және екі жақты (үкіметке оңынан да, солынан да) оппозицияның балығы, партиялардың идеологиялық жағынан бір- біріне күшті қарсылығы.

Автоматты партиялық жүйе, бұл жағдайда бар партияларды санап жатудың қажеті жоқ. Олар 10, 20 немесе онанда көп болуы мүмкін, мұның маңызы жоқ.

Енді партиялардың болашағы қандай деген мәселеге келсек, бұл қазір сасаттанушыларда қатты ойландырып жүрген мәселенің бірі. Кейбір саясаттанушылар партиялар XIX ғасырдан қалған анахронизм, қажетсіз қалдық, қазіргі заманғы саяси жүйеде оған орын жоқ деп пайымдайды. Француз саясаттанушысы М. Дюберже мынандай пікір айтады әрі қазіргі партияларды қатты сынға алады: саяси партиялардың ұйымы демокра-тиялық көзқарасқа сай келмейді. Олардың ішкі құрылымы автакратиялық және олигархиялық. Партиялардың басшыларын партия мүшелері сайламай орталық тағайындайды, партия мүшелердің ұйымына емес жабық кастаға айналып барады.

Осыған қарамай қоғамның саяси өмірінде де жалпы алғанда саяси партиялар ролінің артып отырғанының куәсі болып отырамыз. Олардың қызметі саяси өмірде де, саяси жүйеге де сипат беретін, ерекшелік енгізетін сияқты. Партия әр түрлі баламалардың арасындағы сайлауды қамтамасыз етеді, мемлекетті басқаруда белгілі ұйымшылдықты кіргізеді, сайлаушылардың көңіл ауанын біліп отырады, қоғам мен саяси билік арасында ұзақ мерзімді делдал, көпір ретінде қызмет етеді.

Классикалық партиялардың алғашқы қадамы әдетте заң шығарушы биліктің ішінен (мысалы, XIX ғасырда консерваторлық және либералдық партиялар) немесе әлеуметтік қозғалыс және онан тыс мүдделі топтар ретінде басталды. Ал Қазақстанда алғашқы саяси партиялар мен қозға-лыстар төменнен, мәселен, Қазақстан Халық конгресі партиясы «Невада- Семей» антиядролық қозғалысы негізінде пайда болды.

Қазақстанда партиялық жүйе Коммунистік партияға балама, ресми емес қозғалыстар мен топтар пайда бола бастаған 1988 жылдан бастап қалыптаса бастады. Олардың кейбіреуі жанбай жатып сөніп қалды. Халыққа ұнаған, тартымды ұрандар мен ұсыныстар ұсынғандары кейіннен саяси партиялар мен қозғалыстарға айналды. Республикадағы болашақ көп партиялық жүйенің бастауы «Азат», «Алаш», халықаралық «Бірлік» қозғалыстарынан Қазақстан социал- демократиялық партиясынан бас-талды.

Қазір Қазақстандағы саяси партиялар ұйымдық жағынан қалыптасты, үгіт жүргізу, жақтастарын тарту және саяси қызметке кірісу дәуіріне көшті. Партиялардың ішінен неғұрлым көзге көрініп, бедел ала бастағандары центристік бағыт (орталық) ұстаған Отан және Аграрлық, Азаматтық партиялары, оппозициялық партия- Қазақстан коммунистік партиясы деп айтуға болады.

Елде саяси партиялардың өмір сүруіне заңдық негіз қалап берген Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еді, ол партиялар-ды саяси өмірдің субъектілері ретінде таныды. Ал 1995 жылғы Конституцияда саяси плюрализм саяси өмірдің негізі деп жарияланды. Еліміздің Ата заңы бойынша мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктердің ісіне, мұның керісінше қоғамдық бірлестіктерді мем-лекеттің қаржыландыруына жол берілмейді.

Конституция еліміздегі Конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиялық және рулық жанжал туғызу мақсаттарын ұстанатын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне , заңда көрсетілмеген әскери құрамалар құруға тыйым салады. Елімізде басқа мемлекеттердің саяси партиялар мен кәсіподақ-тарды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржылан-дыруларына жол берілмейді.

Әзірше Қазақстандағы саяси партиялардың көпшілігі әлсіз, олардың күшті жергілікті, төменгі ұйымдары жоқ. Қабылданатын шешімдерге пар-тиялардың ықпалы болымсыз. Партиялардың бірде- бірі де өздерінің алдына сайлау арқылы билікті жеңіп алып, үкіметтік органдарға бақылау жасау міндетін алдарына қойып отырған жоқ. Кез- келген демократиялық елдегі сайлаудың мақсаты- үкіметті қолға алу болса, бұл біздің республи-камыздағы партиялардың да болашақта өздерінің алдарына қоятын мақсаты болатынына сенуге болатын шығар.

Партиялардың әлсіздігінің негізгі себебі- олардың халықпен, қоғам-мен байланысы нашар. Олар өздерін белгілі топтардың мүддесін жоқ-таймыз деп жариялағанмен әлі қатары аз, халық оларды білмейді, қызықпайды. Мұның бір себебі- біздің халықтың әлеуметтік жіктелу процесі аяқталған жоқ, әлі олар өздерінің топтық мүдделерін айқындап алған жоқ. Сондықтан партиялардың да топтық мүдделерді қорғау туралы айқын саясат жоқ, көбінше олар өздерінің бағдарламаларын идеологиялық құндылықтар негізінде құрды.

Қазақстанда саяси қозғалыстар мен саяси партиялардың жігі енді ғана айқындалып келді. Саяси қозғалыс өмір сүріп отырған жағдайды өзгерту және оны үкіметке ықпал жасау немесе билік үшін күрес арқылы нығайтуға тырысатын қозғалыс. Ал саяси партия – бұл жоғарғы дәрежелі ұйымы бар және өзінің алдына қойған мақсаттарын билік үшін күрес немесе оны жүзеге асыру арқылы іске асыруға тырысатын саяси қозғалыс.

Республикамыздың саяси өміріндегі бір жаңалық өздерін оппозиция-лық деп жариялаған партиямен қозғалыстар пайда болды. «Оппозиция» деген термин саяси процесте азшылықтың көпшілікті сынауы, оның өзінің балама позициясын қорғауы және қоғамның және сайлаушылардың қолда-уы арқылы бақылау жасау құқығын білдіреді.

Оппозицияның бірнеше түрлері болады, олар:

- Битарап оппозиция, мұның мақсаты жұмыс істеп тұрған парламент-тің ішінде өзгеріс жасау;

- Түбегейлі оппозиция, мұның мақсаты – саяси сыбайластықты (консенсусты) мойындамайды, қалыптасқан саяси жүйені ауыстыру немесе қайта құру үшін күреседі.

Парламенттік оппозиция. Бұл үкіметтік бірлестікке кірмеген партиялардан тұрады, олар үкіметке қарсы күреседі.

Парламенттен тыс оппозиция . Бұл оппозиция әлі әлжуаз саяси қозғалыстардан тұрады, олар парламенттік өкілеттіктері болуына тырыс-пайды.

Оппозицияның қоғамдағы ролі оның өзі нәр алып отырған саяси мәдениетке және саяси жүйеде орын алып отырған шектеулерге байланысты. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтіп жатқан біздің қоғамда жаңаның да, ескінің де элементтері орын алуда. Сондықтан Қазақстандық праламенттік парламенттен тыс опозиция әзірше үкімет бағдарламасын сынау , балама ұсыныстарын тұжырымдап жасау, оларды қоғамдық қолдаумен қамтамасыз ету үстінде, әлі бұлардың ешқайсысы-ның да атқарушы билікке ықпалы көрініп жатқан жоқ. Біздің қоғамның демократия бағытымен даму барысында , мемлекеттік билік те өздерінің оппозицияға деген күдік- шілдік көзқарасынан айығады, сол сияқты оппозицияның өзі де қайта түлеп, жетіліп саяси күштердің қатарынан өзіне лайықты орнын алар деп үміттену қажет.

Қазақстанда көппартиялық жүйе әлі қалыптасу үстінде, саяси күштер тұрықты партиялық жүйеге қалыптасқан жоқ, әртүрлі партиялардың арасында саяси ықпалға бәсекелестік жүріп жатыр. Ал елдегі билік бір ғана саяси күштің – атқарушы үкіметтің қолында. Демек Қазақстан саяси партиялардың алдында тұрған міндеттерін күрделі де қиын: ұйымдық нығаю, өз күштерін топтастыру, саяси және қоғамдық күресте тәжірибе жинақтау т.б.

Еліміздің Конституциясында жарияланған идеологиялық және саяси плюрализм партиялардың топтаса беруінің, партиялық жүйе құруының, келешекте демократиялық елдердегі сияқты олардың (бір партияның немесе партиялар коалициясының) парламенттік жолмен, яғни сайлау-шылардың көпшілік дауысын алу арқылы саяси билік үшін күресуіне берік негіз қалады.

Ел Президентінің ұсынысы бойынша 1998 жылдың аяғында Республика Конституциясына енгізілген өзгерістер елімізде партиялық жүйенің қалыптасуына да жаңа серпін береді. Саяси партиялар елімізді гүлдендіріп дамыта берудің түрлі баламалы жолдары мен бағыттарын ұсынды, мемлекеттік басқаруда ұйымшылдықпен тәртіпті нығайта беруге көмек-теседі. Бұл бір сөзбен айтқанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы қоғамның демократиялық жолымен алға баса беруінің, құқықтық мемле-кеттің қалыптасуының айқын көрінісі деп білуіміз керек.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси партияның анықтамасы ?

2. Саясаттану ғылымында саяси партиялардың жіктелуі?

3.М. Дюберже партияларды қандай түрлерге жіктеді?

4. Патиялық жүйе дегеніміз не?

5. Д. Сарторидің теориясы бойынша партиялық жүйенің жеті типі, түрі?

6. Классикалық партиялар

7. Қазақстандағы партиялық жүйе?



3.Теориялық мәліметтер:

1. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үкіметтерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың басқаруымен Қазақстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін- өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөзі де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы « Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256 санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдар- амасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федерактивтік республика, ал оған кіретін мемлекет тәелсіз болу керек; Ресей Республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспа сөз, одақтар еркіндігі қолданылады; Дін мемлекеттен бөлінді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орнында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болу керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы-қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болады да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны « буржуазиялық- ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозызиялық, М. Қойгелдиев) оны ұлттық - демократиялық партия ретінде қарайды. Екіншілері (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев) оны ұлттық- демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық- ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз»деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол бльшивикерге бағдар ұтап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большивиктердің партия ұйымы құрыл-ды. Ал Кеңес үкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясаты мен әкімшіл- әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды.

Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР –індегі қоғамдық бірлес-тіктер туралы» заңы айтарлықтай рол атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Биресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлер ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы қоғамдық – саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген ) бірнеше партиялардың бағыт- бағдарламаларына, іс- әрекеттеріне тоқталмасақ, олар мыналар:

Ұлттық – демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтыл-ғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасу жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жер-ұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасын құрылтай сезъді шығарылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы делегеция қабылдады.

Партияның бағдарламасында республиканың саяси және эконо-микалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.



Қазақстанның Республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тари-хын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозға-лысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйек-те «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатын-дағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болған туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Жалпы алғанда ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы, Қазақс-танның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлт- бостандық партия-лары ұлттық және ұлттық- демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басым-дықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс- әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.



Қазақстанның социал - демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында Батыс еліндегі осы аттас пар-тиялардан бостандық , ынтымақтастық әділеттілік идеяларын ту етті . Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б мақсаттарды көздейді.

Қазастаннның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) сезъі өтіп ,оның мүшелері өзін- өзі әшкереленген идеологиялар-дан бас тартып , соның негзінде қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасына мынандай стратегиялық мақсаттарды қойды: саяси салада шынайы демократияны , құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында - қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада- халықтың осал жігін – аналар мен балалардың әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

«Қазақстанның Халық конгресі» партиясы . 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай сезъінде құрылды. Өзін центристік либеральдық – демокра-тиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орна-туды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және екі Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық нарықтық экономиканы дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінбеушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкер топтарға бағдар ұстайды.

«Қазақстанның халық бірлігі» одағы. 1993 жылғы 6 ақпанда өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияның қарсыластары «номенкультуралық пар-тия», «үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаев-тың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестікпен азаматтық келісімді саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған сеъзінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.

2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы, «Асар» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақс-танның Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы және т.б. жатады.

Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақ жол » партиясы. Оның басшылары - керінде билік қызмет істеген, саяси тәжірибелер бар, қырықтың қырқысына шыққан белгілер азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси – экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарас-тары тұжырымдамалары бар.

Қазіргі электоратты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар республикалық саясы «Отан» партиясы. Отан дүниеге келіп, қалыптасуына Н.Ә. Назарбаев көп жұмыс жасады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партияға мүшелігін тоқтатты. Бұл партиялардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы деп те атайды. Оның іс- әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт –насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әртүрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті орта және шағын бизнесті дамуға, елде әлеуметтік- экономикалық жаңартуға басты назар аударады.

«Отан» партиясына жақын тұрған – Қазақстанның Азаматтық пар-тиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының қызметкелерімен жұмысшы-ларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай- ақ оларды шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентке тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, милінше, соларға тиімді заңдарды қабылдауға ұмтылады.

«Асар» партиясының бағдарламасына қарағанда ол «оңашылдар» («Отан», Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен «солшылдардың» («Ақ жол», Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси- әлеуметтенген мемлекет орнатпақ. Республикамыздың өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жеке-меншікке беруді дұрыс деп санайды.

Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер құрайды. Басым көпшілігі- зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді.

Қалған партияларды көпшілік жұрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт – бағдарларын оқып, байыбына бара бермейді.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

Сонымен қатар республикамыздағы барлық партиялар өздерінің бағ-дарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарық-тық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Күрделілігі сол – көптеген патиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орындалмаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппртиялық туралы айту әлі де ерте сияқты.

Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендегі, құқықтық негіздің әлсіздігі . Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттар жоқ.

Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт- бағдары жақын партиялар бір- біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреулерінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан- жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.

Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіз-дігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдас-тыруға тыйым салаы. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халық-аралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатар-дағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Пратиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

2. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуде немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіледеріне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын көзқара-сын үкімет орындарын тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылар-мен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразы-лықтар себеп болады. Мысалы, жаңа өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияның құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының біріңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әлеуметтік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаның қорғауы т.с.с. жалпы халықтың, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады. Тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтар бар қоғамдық талаптарда да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консерва-тивтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлі- неді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. (Олар жөнінде біз партиялардың жіктелуіне айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз).

Саяси қозғалыс бірқалыпты тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады. Және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы: үгіт – насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы



Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін өзін - өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым- қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемінде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған : партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, корпаративтік бірлестіктер шығармашылық ( творчест-валық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми техникалық, мәдени – ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы милиондаған адамдар өзін- өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қоғамдық саяси мүдделермен сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2) экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

4)Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми техникалық, оқу ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық мәдени, спорттық, қорғаныс, дін, т.б.). Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласына еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партия-лармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал- демократ-тардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға жасауға тырысады.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайлары жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін артыруға басты көңіл бөлді. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулылары ұжымдық шарттарды тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Бірінші – жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде үкіметке жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды.

Екіншісі – үздіксіз ереуілге шығып, үкімітке күшпен қысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді.

Үшіншісі- кәсіподақтардың өз көзқарасын үкіметтің саясатымен сәй-кестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басында социал- демократтар отырған елдерде кеңінен қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктерді көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқа-нымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс- жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құралады. Қысымша топтар өз аттарынан сайлауға қатыспайды.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағандардың бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар , әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелеріді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принцип-тердің негізінде құралады және жұмыс істейді.

Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс- әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан .

Олардың ішінде қоғамық- саяси, экологиялық, экономикалық, әлеу-меттік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәдени – шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар орындаушы клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңіріндегі шығармашылық бірлестіктер, кеңбір орындаушылар мен спорт клубының жан күйлерінің бірлестігі жатады.

Басқа елдер сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: «Невада- Семей» қозғалысы, «Арал- Азия- Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат » комитеті және т.б.

2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға : Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы, славияндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

3) тарихи- ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», »Ақиқат» және т.с.с.;

4) әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», »Алтын бесік», »Жер ұйық», «Шаңырақ» және т.б.

Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындалуына байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс- әрекеттерін әлі атқаруда.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.


4.Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда «Алаш» партиясының құрылуы?

2. Егемендік жылдары дүниеге келген партиялар?

3. Саяси қозғалыс дегеніміз не?

4. Қазақстандағы саяси қозғалыстар?

5.Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не?

6. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар?

7. Қазақстанда кәсіподақтың (қоғамдық ұйымның) дамуы?



7- апта 4,0 балл

Тест.

Тақырыбы: 13.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

14.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

1. Кез - келген демократиялық мемлкеттің аса маңызды құрамды бөлігі.

а) Президент

ә) Парламент

б) Сот

в) Прокуратура

2. Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы мәжілісте неше депутат жұмыс істейді.

а) 105

ә) 107

б) 103

в) 101

3. Парламент қай тiлден алынған ?

а) парсы.

ә) латын.

б) ағылшын .

в) грек.


4. Парламент қандай мағынаны бiлдiредi?

а) сөйлейтін орын .

ә) президент.

б) басқару.

в) заң.

5. Парламент алғаш рет қашан,қай жерде пайда болды?



а) ХІІІ ғ. Англияда .

ә) ХІV ғ. Францияда.

б) ХV ғ. Америкада.

в) ХVІ ғ. ұлыбританияда.

6. АҚШ конгресінің төменгі палатасы

а) өкілдер палатасы .

ә) қауымдар палатасы.

б) сейм.


в) стортинг.

7. Швед парламенті қалай аталады?

а) риксдаг .

ә) конгресс.

б) сейм.

в) стортинг.

8. Польша парламенті қалай аталады?

а) сейм .

ә) стортинг.

б) конгресс.

в) риксдон

9. Норвегияда парламент қалай аталады?

4а) риксдаг.

ә) конгресс.

б) стортинг .

в) сейм.


10. Ресей парламентінің төменгі палатасы

а) дума .

ә) стортинг.

б) конгресс.

в) риксдаг

11. Қазақстан парламентінің төменгі палатасы

а) Мәжiлiс .

ә) стортинг.

б) конгресс.

в) риксдаг.

12. Өкiлдiк қызмет -... ол қоғамдағы мүдделер бойынша жiктеудiң саяси бейнелеуi үшiн қызмет етедi .

а) парламент шешiм қабылдаушы билiк органы.

ә) Парламент қызметiнiң соңғы нәтижесi қандайда бiр құқықтық

б) нормаларды түзу болып табылады.

в) Демократиялық негiзiнде сайланған парламент легетимдеудiң мыңызды институты.

13. Партия латын тiлiнен аударғанда қандай мағына бередi?

а) қосу, алу.

ә) ашық, жабық.

б) бөлу, бөлшек .

в) қосу, бөлу.

14. Алғашқы партиялар қай жерде пайда болған?

а) Греция .

ә) Афина.

б) Рим.


в) Италия.

15. Саяси партиялар европада қай ғасырда пайда бола бастады?

а) ХХ ғ. ІІ-жартысында.

ә) ХІХ ғ. ІІ-жартысында .

б) ХХІ ғ.

в) ХІХ ғ. І-жартысында.

16. Бұл мемлекеттiк билiктi қолға алуға шеберлiк жүргiзуге қатысға бағытталған ортақ мүдде негiзiнде құрылған адамдардың ерiктi одағы?

а) саяси партия .

ә) авторитарлық партия.

б) әмбебап партия.

в) барлығы дұрыс.

17. Мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру үшiн немесе бiрiгiп iс-әрекет жасау мақсатында партиялардың бiрiгуi?

а) әмбебап партия.

ә) коалиция .

б) кадрлық партия.

в) комунистiк партия.

18. Бұл ХІХ ғ. Европа мен Солтүстiк Америкада бiр кезде пайда болған партия?

а) Буржуазиялық партия .

ә) саяси партия.

б) әмбебап партия.

в) дұрысы жоқ.

19. Бұл ұйым жоғары орталықтандырылған барлық мүшелердiң белсендi жұмысты талап ететiн партия?

а) Саяси партия. .

ә) әмбебап.

б) Авангардтық

в) дұрысы жоқ.

20. Қатарында сайлаушылардың 10 %-дан ғана мүшесi болатын мүше саны аз партиялар?

а) Кадрлық .

ә) бухаралық.

б) әмбебап.

в) Коалиция.

21. К.Маркстiң iлiмiн басшылыққа алатын партиялар олар жеке меншiксiз топсыз қалған құруға тырысады?

а)комунистiк партия .

ә) консервативтiк.

б) бухаралық.

в) әмбебап.

22. Партия сөзi қай тiлден шыққан?

а) латын .

ә) орыс.

б) француз.

в) қытай.

23. Парламент сөзi қай елден шыққан?

а) түрiк.

ә) орыс.


б) ағылшын .

в) грек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет