Тарих-кафедрасы


Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі



бет3/7
Дата19.10.2023
өлшемі44,35 Kb.
#186612
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ ЭТНОЛОГИЯ 2

2. Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі


Үндіеуропа тілдері шоғыры


Еуразиядағы ең ірі, жан-жақты зерттелген тілдер шоғыры — Үндіеуропа тілдері шоғыры. Оның құрамына енетіндердің өзі бірнеше топқа, топтар тармаққа бөлінеді. Атап айтқанда:

  • тек қана өлі тілдерден тұратын хетто-лувий (анатолы) тілдері тобы. Бұл топқа сына жазулы және иероглифті ескерткіштері сақталған хетто тілі, сына жазулы ескерткіштері сақталған лувий, лидий, ликий, сидет, писидий, т.б. өлі тілдер жатқызылады;

  • үнді тілдері. Оған веда, санскрит, месопотамдық, көнеүнді, пракрит, оның ішінде пали, т.б. (өлі тілдер) және хинд, бихар, маратх, ория, бенгал, ассам, сингал, синдх, раджастхан, гуджарат, бхил, кхандеш, непал, гархвал, парья, сыған (тірі тілдер) тілдері жатады;

  • иран тілдері. Оған авеста (зенд), көне парсы, мидия, пехлеви, парфян, соғды, хорезм, бактрия, т.б. (өлі тілдер), парсы, тәжік, пушту, курд тілдері, лур және бақтияр диалектілері, белуж, тат, талыш, гилян, мазандеран, парач, ормур, кумзар, осетин, памир (оның ішінде, шуғнан, рушан, бартан, орошор, сарыкөл, жазғұлам, ішқашым, мұнжан, вахан, идг), т.б. тілдер жатады. Кейбір Еуропа ғалымдары ежелгі сақ тілін де осы топта болған өлі тілдер қатарына жатқызып жүр. Бірақ мұндай көзқарастың негізсіздігін соңғы жылдардағы зерттеулер көрсетіп отыр;

  • тохар тілдері тобы. Бұл топқа тохар А және тохар Б өлі тілдері жатады;

  • армян тілі тобы. Оған армян тілі (грабар) жатады;

  • фриг тілі тобы: фриг тілі(өлі тіл);

  • фрак тілі тобы: фрак тілі (өлі тіл);

  • иллир тілдер тобы: иллир және мессапс тілдері (өлі тілдер);

  • албан тілі тобы: албан тілі;

  • венет тілі тобы: венет тілі (өлі тіл);

  • грек тілдері тобы: көне грек және орта грек тілдері (өлі тілдер), жаңа грек тілі;

  • итали тілдері тобы: латын және умбр тілдері (өлі тілдер);

  • роман тілдері. Оған француз, окситан (провансал), испан, каталан, галлисий, португал, итальян, сард (сардин), ретороман, румын, молдаван, арумын (аромун, македон-румын), исторумын, мегленит (19 ғасырдың аяғынан өлі тіл қатарында), далматын тілдері жатқызылады;

  • кельт тілдері тобы: галль және мэн (өлі тілдер), вали (уэль), бретон, ирлан, гэль (шотлан) тілдері;

  • герман тілдері. Оған гот, жоғарғы неміс тілі, оның ішінде көне жоғарғы неміс және орта жоғарғы неміс (өлі тілдер) тілдері, неміс, идиш (жаңа еуропа), голланд (нидерлан), африкаанс (бур), исланд, дат, швед, норвег (риксмол және лансмол — екі әдеби тіл түрінде) тілдері жатқызылады;

  • балтық тілдері тобы. Оған парус, ятваж, голяд, шалау, курш, селон өлі тілдері және литва, латыш тілдері жатады;

  • славян тілдері тобы. Оған ескі славян, полаб, жоғарғы лужа, төменгі лужа (өлі тілдер), болгар, македон, серб, хорват, словен (словин), чех, словак, поляк, кашуб, орыс, украин, беларусь тілдері жатады.

Алтай тілдері макрошоғыры
Дүние жүзі тілдерінің ішіндегі ірі тілдер шоғырының бірі — Алтай тілдері макрошоғыры. Бұл шоғыр шығу тегінің бірлігіне, туыстығына қарай түркі тілдерін, моңғол, тұнғыс-маньчжур тілдерін, сондай-ақ, аталған тілдерден алшақтап, тұйықталған корей және жапон тілдерін қамтиды: түркі тілдері — Қиыр Шығыстан Жер Орта тілі мен Үнді мұхитына дейінгі кең-байтақ өлкеде тұрып жатқан 40-тан астам туыс халықтардың тілі. Бұл тілдерде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992). Олар лексика, грамматика, фонетика құрылымы жағынан бір-біріне өте жақын. Тек чуваш, саха (якут) тілдері ғана басқа туыс тілдерден оқшаулау тұр. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:

  • алтай дәуірі;

  • ғұн дәуірі;

  • көне түркі дәуірі (5 - 6 ғасырлар);

  • орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі;

  • жаңа түркі дәуірі немсе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 - 19 ғасырлар);

  • ең жаңа дәуір (20 ғасыр) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі. Түркітану ғылымында Баскаков жасаған түркі тілдерінің төмендегідей жіктелім үлгісі орныққан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет