Тарих-кафедрасы



бет5/7
Дата19.10.2023
өлшемі44,35 Kb.
#186612
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ ЭТНОЛОГИЯ 2

3. Типологиялық жіктелім


Дүние жүзі тіліне құрылымдық ұқсастықтары мен өзгешеліктеріне сай типологиялық жіктелім жасалады. Дүние жүзі тілдері типологиялық жіктелімінің фонетика, морфология, синтаксис түрлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағаны морфология жіктелім. Морфология жіктелім өз ішінде төрт сыныпқа бөлінеді:



  • тұйықталған тілдер (қытай, вьетнам, тибет, тай, кхмер, т.б.). Бұл тілдер өзгеріске көп ұшырамайды, сөз өзгерімі аз, сөзжасамы әлсіз, сөздердің ретімен келу тәртібі мен интонацияның граммат. маңызы бар;

  • жалғамалы тілдер (түркі тілдері, моңғол, угро-финн тілдері, т.б.). Бұл тілде сөз өзгерімінің, сөзжасамның қосымшалы жүйесі дамыған. Қосымшаларының грамматика тұрақтылығы, сөзде рет тәртібінің қатаң сақталуы, тәуелдену, жіктелу және септелу үлгілерінің бірегейлігі мен фонетика өзгерістерінің аздығы — бұл топтағы тілдердің ерекшелігі;

  • инкорпоратив (жартылай синтет.) тілдер (чукот, коряк, т.б.). Бұл тілдерде сөзбен қатар инкорпоративтік кешен (етістік-баяндауыш объектісінде, кейде бастауышта) қолданылады;

  • флективті тілдер (үндіеуропа тілдері шоғыры). Бұл тілдер түбірдің фонетик. өзгеріске ұшырауымен, септелу мен тәуелдену типтерінде семантикалық және фонетика өзгерістердің кездесуімен, сөз шекарасында морфемалардың тұрақты бірлігімен ерекшеленеді.

Құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола беруі мүмкін.
Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық болады.
Мұны түсіну үшін, ең алдымен әр түрлі тілдердегі грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілдеріне, сөз, сөйлем кұрамындағы мағыналық бөлшектердің өзара байланысу сипатгарына, яғни синтаксистік қатынастардың берілу әдістеріне көңіл қою керек. Мысалға "М.Әуезовтың кітабын мен туыстарымнан алдым" деген сөйлемді оның "Книги М.Ауэзова я взял у родственников" деген орысшасымен салыстырып көрелік. Мұндағы ту+ыс+тар+ым+нан деген мен у род+ствен+ник+ов дегендерге көңіл қойсақ, олардың кұрылымдық ерекшеліктері мен байланысу тәсілдері, грамматикалық мағыналарды білдіру әдістері әр түрлі екенін байқауға болады. Анығырақ айтсақ, орыс тілінде грамматикалық мағыналар ішкі флексия арқылы да, сыртқы флексия арқылы да (Мыс: И. что? окно-окна, Р. чего? окна-окон; Д. чему? окну-окнам; В. что? окно-окна; Т. чем? окном-окнами; П. о чем? Об окне — об окнах) беріледі.
Ал қытай тілінде "Жаңа үй+де терезе+лер жоқ" деген ұғым "Терезе жаңа үй жоқ" деген формада айтылады. Өйткені бұл тілде сөздер түрленбейді. Олардың арасындағы синтаксистік байланыс екпін немесе интонация арқылы, орын тәртібі, көмекші сөздер арқылы белгілі болады.
Осы айтылған құрылымдық ерекшеліктеріне қарай дүние жүзі тілдері мынандай төрт типке бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет