Тарих кафедрасы



бет4/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,52 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Арнайы


Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдыларын ең жоғарғы деңгейде қалыптастыру, өзінің кәсіби дамуының перспективасын анықтау қабілеттілігі
  • Тұлғалық


Өзінің кәсібилік деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін меңгеру
  • Әлеуметтік


Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік
  • Даралық (индивидуалдық)


Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі.

Арнайы компетенттілік мазмұнын мыналар құрайды:

  • Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының ролін, орнын, спецификасын түсіну;

  • Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білімі және басқа мамандықтармен өзара байланысы;

  • Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін);

  • Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция;

  • Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру;

  • Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерін оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі;

  • Кәсіби еңбектің жоғары эффективтілігі мен нәтижесінің тұрақтылығы;

  • Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және көрсеткіштерімен салыстыра білу;

  • Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік;

  • Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға жеткізу);

  • Кәсіби еңбек мәдениетін игеру.

Әлеуметтік компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Өзін кәсіби қауымға енгізуі;

  • Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру;

  • Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы;

  • Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік;

  • Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі;

  • Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттығын дәлелдей алу іскерлігі;

  • Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара байланыс жасау іскерлігі (²горизонтальды² өзара байланыс);

  • Басшылар және қарамағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі (²вертикальды² өзара байланыс);

  • Басқара алу және бағына білу іскерлігі;

  • Ұжымда жұмыс істей білу іскерлігі (топ айналысып жатқан жалпы міндетті сақтай отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі);

  • Басқа адамның позициясына көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия);

  • Социумда өзінің кәсіби іс-әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты тудыра білу іскерлігі;

  • Өзгеріске даяр болу, өзара қарым – қатынас процесінде әрекеттесу іскерлігі;

  • Өзара бәсекелестікке қабілеттілік.

Тұлғалық компетенттілік мазмұнын мыналар құрайды:

  • Кәсіби мотивацияның тұрақтылығы;

  • Позитивті ²Мен² –концепциясының болуы;

  • Кәсіби міндеттерді қоя және шеше білудегі өзбеттілік;

  • Мінез –құлық еріктілігі, кәсіби әрекет процесінде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілеттілігі;

  • Саналы кәсіби шығармашылық;

  • Өз мамандығын саналы түрде байыту;

  • Өзін мамандыққа, мамандықты өзіне бейімдеу;

  • Икемді бейімділік;

  • Кәсіби әрекетті орындау барысындағы жағымды эмоционалды көңіл – күйдің басымдылығы;

  • Кәсіби еңбекпен қанағаттану;

  • Кәсіби білім мен іскерлікті дербес жетілдіру қабілеттілігі;

  • Өзінің кәсіби іс -әрекетін жоспарлау, бақылау, реттеу және түзету қабілеттілігі.

Даралық кәсіби компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Тұтастай кәсіби өзіндік сана;

  • Кәсіби әрекеттің дара стилін құру;

  • Кәсіби қабілеттілігін өздігінен дамыту;

  • Өзін кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде қабылдау;

  • Өз бойындағы жетістігі мен кемшілгінің туындау себептерін іздеу;

  • Кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің үнемі тереңдеуі;

  • Өзіндік мотивация, кедергіге тұрақтылық;

  • Өзіндік кәсіби жетілу стратегиясын құру мен жүзеге асыру;

  • Кәсіби деңгейдің жетілуіне сәйкес дараланудың артуы;

  • Кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық және әрекеттік аймағындағы келісімділіктің болуы;

  • Кәсіби сауаттылық;

  • Кәсіби тәжірибелерді тірек ету;

  • Қиын жағдаяттарда өзін-өзі қолдау мүмкіндігі, өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгейлігі.

    • Психологиялық-педагогикалық компетенттіліктің негізгі компоненттері үш блокта қарастырылады:

      • Психологиялық-педагогикалық білімділік – жалпы кәсіби деп аталатын білім.

  • Дифференциалды-психологиялық, демек оқу материалын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім;

  • әлеуметтік психологиялық –топтық және оның жеке мүшесінің оқу –танымдық және коммуникативтік әрекеті ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім;

  • аутопсихологиялық - ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және өз жеке басына тән сапалардың жиынтығы туралы білім.


3. Іскерлік - белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы.

Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік-кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді.

Педагогикалық іскерліктің А.К.Маркова 9 тобын сипаттаған.



1-топ. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру процесінің белсенді даму үстіндегі қатысушы ретінде оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуацияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және жедел түрде нақтылау, белгісіздік жағдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау, педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардың өзгеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагогикалық жағдаяттардан абыроймен шығу; педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер.

2-топ: 3 топшадан тұрады.

І-ші топша: «Нені оқыту керек». Оқу материалымен жұмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оқу пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алу, оқу пәнін жаңарту (ұғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалық жаңалықтарды талдау қабілеттілігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

ІІ-топша: «Кімді оқыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының оқуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен ІІ-ші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б.

ІІІ-топша: «Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс таңдап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру; қолайлы жол таңдау.

3-топ: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мұғалімдердің тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту барысында жоспар жасай білу іскерлігі.

4-топ: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялық қауіпті болдырмау, жою.

5-топ: Жоғары дәрежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойынша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудың демократикалық стилінің басымдығы; оқушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, оқушының сөзін бөлмеу, оқушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу.

6-топ: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәнділігін түсінетін , оның әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылығы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті; өзінің педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оның көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес, сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінің эмоционалдық күйін басқару; өзінің және оқушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінің «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.

7-топ: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру, жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу.

8-топ: Оқу жылының басы мен аяғында оқушының білім деңгейіне сипаттама бере алу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін табу (оқушыға көмек көлемі, үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жалпылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру.

9-топ: Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнің бағалау іскерлігі; мінез-құлық арқылы оқушының адамгершілік нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, алаңдаушылық коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуге жағдай жасау).
Қолданылған әдебиеттер:

1.Григорович Л.А. Введение в профессию «психолог». Учебное пособие, М., 2004, С. 39-42.



6 – тақырып. Педагог тұлғасын кәсіби қалыптастыруға даярлау. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті
1. Педагогтың жалпы педагогикалық даярлығының қазіргі кезеңдегі жағдайы.

2.Болашақ педагогтың жалпы педагогикалық білім, іскерлік деңгейлері. Жалпы педагогикалық білімнің, іскерліктің, дағдының қалыптасу кезеңдері.

3.Педагогикалық пәндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы кешенділік.

4.Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.

5. Педагогикалық білім беру жүйесінде педагог жеке тұлғасының дамуы.

6.Студенттің оқу еңбегі мәдениеті. Студент-болашақ педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі, студент-педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру негіздері.
Негізгі ұғымдар: білім, іскерлік, дағды, мотивтер, іс-әрекет мотивациясы, оқу еңбегі мәдениеті.
1. Мамандарды даярлау мәселесімен айналысқан ғалымның бірі профессор М.А. Құдайқұлов. Ғалымның пікірінше, «мұғалімді даярлау» ұғымы кез-келген пән мұғалімін жалпы педагогикалық қызметке дайындауға қатысты қолданылады, сондықтан мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік даярлығын, жалпы әдістемелік даярлықтан ажырату үшін «кәсіптік-әдістемелік даярлық» деген ұғымды енгізген дұрыс болады. Және де мұндай «кәсіптік-әдістемелік даярлықты» жақсартудың бірден-бір жолы ретінде педагогикалық жоғары оқу орнындағы студентті оқытуға, тәрбиелеуге, қалыптастыруға бағытталған барлық жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануын атай отырып, оны төмендегідей көрсетеді:

  • ЖОО оқылатын барлық оқыту пәндерінің кәсіптік педагогикалық бағдарлануы;

  • Студент жастар арасында жүргізілетін тәрбиелік және мәдени көпшілік шаралардың кәсіптік-педагогикалық бағдарлануы;

  • Аудиториядан тыс (өзіндік жұмыстардың, өз білімін жетілтірудің және т.б.) жұмыстардың кәсіптік педагогикалық бағдарлануы;

  • Кафедралардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарының кәсіптік педагогикалық бағдарлануы және т.б.

ЖОО студенттерінің танымдық ізденімпаздығының қалыптасуының даму деңгейлерін П.И. Пидкасистый былай сиапттайды:

  • репродуктивті деңгей (неғұрлым төменгі) – студент танымдық тапсырманы үлгі бойынша ғана орындайды;

  • қайта жаңғыртушы деңгей – студент белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді;

  • вариантты (ішінара іздену) – жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орындайды;

  • шығармашылық (жоғары) – студент мәселені өзі талқылап, өзі шешеді.

Н.А. Половникова оқушының танымдық ізденімпаздығының мынадай деңгейлерін көрсетті:

  • бірінші деңгей (көшірмелі ізденімпаздық) –танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;

  • екінші деңгей (өндіру-таңдау ізденімпаздығы) –танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану;

  • үшінші деңгей (шығармашылық ізденімпаздығы) – танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметке кәсіби даярлығын бағалау картасы


Даярлық мазмұны

Студенттің даярлығын бағалау көрсеткіштері

Балл

0 1 2 3


Ғылыми-теориялық даярлығы

І.І І. Пәннің ғылыми-теориялық негіздері туралы білімі



1.Ғылымның мақсаттары мен міндеттеін білу

2. Ғылымның негізгі заңдылықтарын білу

3.Ғылыми терминологияны білу

4. 4.Ғылымның логикасын түсіну






ІІ. Пәннің ғылыми әдістері туралы білімі

1.Түрлі ғылыми таным әдістеріне бағдарлай білу

2.Ғылымда қолданылатын әдістердің мәнін түсіну

3.Пәнді оқыту процесіндегі ғылыми әдістерді қолдану мүмкіндігін білу





ІІІ. Ғылымның тарихи дамуы мен жетістіктері туралы білімі

1.Ғылымдағы жаңалықтардың ашылу тарихын білу

2.Ғылыми жаңалықтардың пәнді игеру процесінде қлданудың қажеттілігін түсіну

3.Ғылым жетістіктері туралы білімнің болуы

4.Бұл білімді оқытуда пайдалану реті мен ролі туралы түсінігінің болуы






Әдістемелік даярлығы

І. Оқу пәні бойынша оқушыларды оқыту мазмұнын игеруге даярлау



1.Оқу пәнінің оқыту жүйесінде, дамыту мен тәрбиелеудегі ролін білу

2.Оқу пәні бойынша оқушыларды оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсіну

3.Оқу пәнін оқытудағы бағдарламаны пайдалана білу

4.Оқыту процесіне қажетті білім мен білікті және дағдыны қалыптастыру






ІІ. Пәнді оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер туралы білімі

1.Әдістер мен тәсілдердің пәнді оқыту мақсаты мен мазмұнына сай келуі

2.Оқушыларға білім беруде түрлі әдіс-тәсілдердің мақсатқа бағытталуын қадағалау

3.Әдістер мен тәсілдердің оқыту процесіндегі мәні және оны қолдану

4. Жаңа әдістер мен тәсілдерді пайдалану






ІІІ. Пәнді оқытудағы ұйымдастыру формаларын білу

1.Пәнді оқыту формасы мен әдістері және олардың мазмұнының өзара байланысын түсіну

2. Түрлі оқыту формаларын пайдаланудың мәні мен тиімділігін ескеру






ІУ. Оқыту құралдарын білу

1.Түрлі оқыту құралдарын пайдалану. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін дамытуда оқыту құралдарының ролін түсіну және олардың оқуға қызығушылығын оятудағы, басқа да педагогикалық міндеттерді шешудегі ролін ескеру




Психологиялық-педагогикалық даярлығы

І. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу



1.Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу және оқытудың әдістері мен тәсілдерін, мазмұны мен формасын таңдауда ескеру

2.Оқыту компонентін, оның мәні мен логикалық өзара байланысын білу

3.Түрлі жас топтарындағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамытудың психологиялық негіздерін білу





ІІ. Педагогиканың теориялық негіздерін білу

1.Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінде педагогикалық өзара әрекет міндеттері мен мақсаттарын түсіну

2.Оқушылардың білімі мен тәрбиесі деңгейін анықтау әдістерін білу

3.Сабақтың психологиялық сипатын білу

4.Оқыту әдістерін топтау және әрқайсысына сипаттама беру






ІІІ. Педагогикалық технология туралы білімі

1.Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін басқару мен ондағы мұғалімнің қажеттігін түсіну

2.Өзінің және оқушылардың еңбегін ұйымдастыру мен жоспарлау тәсілдерін білу

3.Оқыту процесінде оқушылардың бақылау-талдау әрекетіндегі мазмұнын білу

4.Педагогикалық іс-әрекет техникасын игеру







2. Білім:

Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі.

Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі.

Іскерлік:

Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам тарапынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері



Дағды:

Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.



Білім түрлері

Ұғым және терминдер



  • Фактілер туралы білім

  • Заңдар туралы білім

  • Теориялар туралы білім

  • Таным әдістері мен іс-әрекет амалдары туралы білім

Білім түрлерінің өзара байланысы

Ұғым - заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне.

Пікір – бір зат туралы не мақұлдау , не теріске шығаруда көрінетін ой;

Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі.

Дәлелдеу – ақиқаттығы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасының ақиқаттығын дәлелдейтін ой.

Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу.

Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдан ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам.

Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы.

Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):

  1. Тану;

  2. Қайта жаңғырту;

  3. Түсіну;

  4. Таныс жағдаяттарда қолдану;

  5. Таныс емес жағдаяттарда қолдану;

  6. Бағалау.

Меңгеру деңгейлері:

Репродуктивті (үлгі бойынша стандартты жағдаяттарда қолдану);

Продуктивті (проблеманы іздеу, білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдану).

Білім өлшемдері

Білімнің кеңдігіұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі;

Білімнің жеделдігі - әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі;

Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі;

Білімнің икемділігі - бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу.

Білімнің нақтылығы және жалпылығы - жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру:

Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;

Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі;

Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.

4. Мотив (франц. мotif - себеп, лат. мoveo – қозғаймын) - субъектінің өмір сүру жағдайы ықпалымен қалыптасатын және оның белсенділігінің бағытын анықтайтын әрекетті туғызушы.

Мотив ұғымы субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін қолданылады.

Мотив – адамды түрлі іс - әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі.

Мотив түрлері: А.К.Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді:

1 Танымдық мотивтер – оқу іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен байланысты.

Кең танымдық



  • мәселені шешуді қабыл алу;

  • қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б.

    • Оқу-танымдық

  • әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет;

  • жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б.

Өз бетімен білім алу мотивтері

  • оқу еңбегін ұтымды ұйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу;

  • өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б.

2) Әлеуметтік мотивтер – оқушының басқа адамдармен әлеуметтік өзара қарым-қатынасымен байланысты.

Кең әлеуметтік мотивтер



  • оқушының борыш пен жауапкершілікті түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б.

Тар әлеуметтік мотивтер

  • құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және олардың арасында беделге ие болуға ұмтылыс;

  • жолдастарына көмек көрсету және т.б.

Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері

  • Ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну.

Білімге алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады:

  • Талпындырушы (іс-әрекетін бағыттайды);

  • Бағыттаушы (мінез-құлқын бағыттап, ұйымдастырады);

  • Мән-мағыналық (іс-әрекетіне жеке тұлғалық мән мен мағына береді).

Мотивтер ішкі және сыртқы деп те бөлінеді.

Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың іштей өзінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен туындайды.

• жазалау;

• мадақтау;

• сес көрсету және талап ету;

• материалдық пайда табу;

• топқа қысым түсіру.



Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады. Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі.

• білімге деген қызығушылығы;

• мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс;

• зеректік;

• жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік.

Мотивация – субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.

Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.

Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттың іс-әрекетін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.

Мотивация құрылымынан 4 компонентті бөліп алуға болады:



  • іс-әрекетке қанағаттану;

  • іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;

  • іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;

  • жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру.

Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар:

Ынталандырушы мотивтік факторлардың бірінші түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді. Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.

Ынталандырушы мотивтік факторлардың екінші түрі организм белсенділігінің бағыттылығын анықтайды.

Ынталандырушы мотивтік факторлардың үшінші түрі – бұл эмоциялар, сезімдер және бағдар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді.

“Оқу мотивациясы жиі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынасқа түсіп отыратын итермелеуші күштің нәтижесінде қалыптасады (оқушы үшін оқудың қажеттілігі мен мағынасы, оның мотивтері, мақсаты, эмоциясы, қызығушылықтары). Сондықтан мотивацияның қалыптасуы тек қана оқуға деген жақсы қатынастың дамуы немесе кері қатынастың бой алуы емес, ол соның арғы жағында тұрған мотивациялық аймақ құрылымының күрделенуі әрі соған енетін итермелеуші күштің, жаңа кейде олардың арасындағы қарама-қайшы қатынастың пайда болуы” (А.К. Маркова).



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет