Тарих кафедрасы


СОӨЖ - 8. Тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары (1 сағ)



бет6/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,52 Mb.
#944
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
СОӨЖ - 8. Тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары (1 сағ)

Мақсаты мен мазмұны:“Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау

Бақылау формасы: Баяндама

Әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттер

Әдістемелік нұсқау

Берілген әдебиеттердің негізінде педагогтардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтауға тырысу, осы мәселелерге арналған әдебиеттерді, ғылыми деерктерді жинақтау қажет.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН КЕҢЕСТЕР (НҰСҚАУЛАР)

  • Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ие болу керек).

  • Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

  • Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор.

  • Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.

  • Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау, бақылау және т.б. түрінде жүргізіледі.

Қойылатын талаптар:

1.СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;

2.СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі);

3.СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс;


  1. СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде, А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс.

Бақылау әдісі.

Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.



Күрделі бақылау – зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.

Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.

Бақылау – еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі – зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру.

Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.

Зерттеушінің зертеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.

Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.

Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зертеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зертеушінің дайындығына байланысты.

Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.

Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.

Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.



Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.

Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері – оқушының мәдениетттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.

Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.

1. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдарын дәл жазылуы керек.

Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады.

Студенттердің психологиялық-педагогикалық бақылау іскерлігін, өзін-өзі бақылау, дамыту мақсатында өзінің дамуын жоспарлау, бақылау нәтижелерін психологиялық тұрғыдан анализдеу, өз өмірлерінің кейбір кезеңдерін анализдеу үшін курсты меңгеру барысында студенттердің әрқайсысы бір дәптер ашып онда берілген 6 тапсырманы орындайды.

Дәптер семестр соңында оқытушыға тапсырылады. Оның бірінші бетінде студенттің аты-жөні, жасы, курсы, тобы, дәптердің басталған және аяқталған уақыты жазылады.
ТАПСЫРМА 1. Мен кіммін? Өзіңіздің бойыңыздағы 10 ерекше қасиеттеріңізді жазыңыз. Оннан көп қасиет-сапаларыңызды да көрсетуіңізге болады.
ТАПСЫРМА 2. Қосыла бақылау. Бұл туысыңызды немесе досыңызды, жолдас қызыңызды бақылау, және бақыланушы адам өзінің бақыланушы екендігін білмеуі тиіс.

Бақылау тақырыбы: Бір күнгі көңіл-күй. Ең алдымен жеке бір бетке бақылау кестесі сызылады:



Уақыты

(+) КӨҢІЛ-КҮЙ

(-) КӨҢІЛ-КҮЙ

10.00-12.00







Өмірлік жағдаят







12.00-14.00







Өмірлік жағдаят







6 сағат бойы үздіксіз бақылау жүргізудің қажеті жоқ. Бақылау аралық үзіліс болуы мүмкін (мысалы, бақыланушы дүкенге кеткен уақыт және т.б.). Бірақ мүмкіндігінше толықтай бір күнгі әрекетті бақылаған дұрыс. Сіз бақыланушыға білдірмей оның көңіл-күйін, көңіл-күйінің өзгеруін, оған әсер етуші адамдар, ситуациялар және т.б. дәптерге түсіріп отырыңыз.

Соңғы бақылау сеансы аяқталғаннан кейін мінез-құлық пен көңіл-күй динамикасын анализдеңіз. Анықталады: бақыланушының көңіл-күйі, көңіл-күйінің өзгеруіне әсер етуші себептер, ситуациялар, ойлар, еске түсулер және т.б. Кейде бақыланушының көңіл-күйіне әсер еткен себептерді сұрап білуге де болады. Ең маңыздысы бақыланушы эмоционалды теріс жағдайдан шыға алды ма, егер шыға алған болса оған не әсер етті, соны ұғыну.

ТАПСЫРМА 3. Өзін-өзі бақылау. Бақылау тақырыбы бізге белгілі : Бір күнгі көңіл-күй. Бақылау схемасы да алғашқыдағыдай. Сіз енді өзіңіздің көңіл-күйіңізді және көңіл-күйіңіздің осылай болуына нендей жағдайлар әсер еткендігін араға 2 сағат салып кестеге түсіріп отырыңыз. Күннің соңына қарай көңіл-күйіңіздің өзгеру динамикасын және оған әсер етуші факторларды анализдеуіңіз керек.

ТАПСЫРМА 4. Ересектермен, құрбыларыңызбен, ересектермен конфликтілі жағдайлар кезеңдерін ретроспективті анализдеу. Қалыпты жағдайда сіз өзіңіздің өміріңіздегі ең конфликтілі жағдайды есіңізге түсіріп (неше жаста), оның туындауына не әсер етті және кіммен болғандығын, сол кездегі сіздің көңіл-күйіңізді, тілегіңіз бен ойларыңызды дәптер бетіне түсіріңіз. Егер сіздің өміріңіздегі конфликт бірнешеу болса, олардың барлығын сол кездегі жасыңызды көрсете отырып дәптер бетіне түсіріңіз.

Тапсырманың соңында сол болған конфликтілерге сіздің бүгінгі көзқарасыңызды білдіріңіз, ең алдымен сол кездегі сіздің қобалжуыңыз бен әрекетіңізге.

ТАПСЫРМА 5. Жоспарлау тренингі. Бір апта бойы (лекция курсы кезінде) Сіз өзіңізді-өзіңіз дамыту күнделігін бастайсыз. Күнделікте ең бірінші сізді дамытатын бір аптаға арналған 2 өзіндік міндетіңізді анықтап жазасыз. Ол туған-туыстарыңызбен қарым-қатынас стиліне немесе құрбыларыңызбен қарым-қатынасқа, күнделікті күн тәртібін орындауға, оқу мақсатына жетуге, сіздің белгілі бір нәрсеге алаңдауыңызға және т.б. арналуы мүмкін. Өзіндік міндетіңізді неғұрлым ақиқат жағдайға сәйкес қойғаныңыз жөн, демек ол сіздің жағдайыңызда орындалатындай болуы тиіс. Енді өзіңіздің ойыңызды жүзеге асыру жоспарын құрыңыз. Мысалы, аптаның қай күнінде мен міндетіме жетуге орай қандай әрекет жасаймын. Немесе керісінше мынадай істен аулақ боамын деген сияқты.

Сіз алты күн бойы түнгі ұйқыға кетер алдыңызда құрылған жоспарыңыз бойынша орындалған әрекеттеріңізді бағалап оның орындалу деңгейін 5 баллдық шкала негізінде күнделікке түсіріп отырасыз:

100% орындалса -5 ұпай; 75% орындалса – 4 ұпай; 50% орындалса – 3 ұпай; 25% орындалса –2 ұпай; 0% орындалса – 1 ұпай.

Аптаның соңында 6+6 өзін-өзі бағалау деңгейі шығады. Келесі кезекте сіз бірінші міндеттің орташа орындалу деңгейін анықтайсыз (СВ1): алты өзіңізді бағалау ұпайларын бір-біріне қосып 6-ға бөлесіз (шыққан санды үтірден кейінгі екі санымен қоса есімізде сақтаймыз). Осылайша екінші міндетке жетудің орташа деңгейі анықталады (СВ2).

Соңында, сіз дамытушы міндеттің 100% орындалмауына нендей жағдайлар себеп болды және туындаған кедергілерді, қиыншылықтырды анализдеп, қорытып күнделігіңізге түсіріңіз.

ТАПСЫРМА 6. Төмендегідей сұрақтарға толықтай жауап берсеңіз:


  • Мен неліктен педагогика және психология аймағындағы мамандықты таңдадым және «Қайнар» (Семей) университетінде оқығым келді

  • Менің өз эмоциямды, ойларымды, іс-әрекеттерімді жайсыз да ауыр ситуацияларда психикалық реттеу тәсілдерім.


Реферат тақырыптары

1.Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде

2.Педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениеті

3.Педагогтың кәсіби сапалары

4.Педагогтың жеке тұлғалық сапалары

5.Педагогикалық құндылық мәселелері

6.Педагогтың кәсіби құзырлығы мәселесі

7.Педагогикалық деонтология мәселелері

8.Педагогикалық акмеология мәселелері

9.Педагогтың басқа мамандықөкілдерімен байланысы

10.Қазақстан Республикасындағы жаңашыл педагогтар тәжірибелері



  1. Педагогикалық іскерлікті қалыптастыру мәселелері

  2. Педагогикалық этика мәселелері

  3. Педагогикалық практиканың маманды даярлаудағы орны

14. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.

15. Педагогикалық білім беру жүйесінде педагог жеке тұлғасының дамуы.

16. Студенттің оқу еңбегі мәдениеті.

17. Студент-болашақ педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі, студент-педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру негіздері.


ХІІІ. Лекция тақырыптарын ашуда мультимедиялық аппаратуралар қолданылады.
ХІУ. Сабақ педагогика және психология кабинетінде жүргізіледі.

Глоссарий

Білім – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол, сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндеттері шартты болып табылады.білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатта, айналаны танып –білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде айқындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі.

Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.


Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.

Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.

Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.

Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық зерттеу міндеті – педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау.

Педагогикалық зерттеу пәні - зерттеу объектісінің нақты бөлігі ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.

Педагогикалық кәсіптік борыш – педагогтың кәсіптік іс -әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.

Педагогикалық консилиум – оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.

Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.

Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес. Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.


Рефлексия – лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет