Тарих кафедрасы


√ Тәрбие әлеуметтік тапсырмаға сәйкес болуы қажет және онымен бірге жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру қажет



бет3/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,52 Mb.
#944
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Тәрбие әлеуметтік тапсырмаға сәйкес болуы қажет және онымен бірге жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру қажет;


√ ортақ мақсатқа жету үшін балалардың бойындағы іскерліктерді біріктіруге тырысуды қалыптастыру (мысалы, өзін-өзі басқару);

√ Оқыту іскерлігін меңгерген, балаға әлеуметтік жағымды әсерді қолдайтын оқытушыны даярлау;

√ Баланы қоршаған макро- және микроәлеуметтік ортаны ескеру.

П.П. Блонский:

√ Оқыту мен тәрбиелеу бала дамуының заңдылығы туралы білім негізінде жүзеге асырылуы тиіс;

√ Баланың жеке тұлғасын, оның қажеттілігі мен қызығушылығын құрметтеу,

√ Бала жеке тұлғасының жан-жақты дамуы (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі).



А.С. Макаренко (1888-1939) негізгі еңбектері:

√ «Ұстаздық дастан»,

√ «Мұнара үстіндегі тулар»,

√ «Ата-аналар кітабы»,

√ «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және т.б.

Негізгі идеялары:

√ тәрбиелеушы ұжым теориясы педагогикалық процестің формасы ретінде;

√ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтауы, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық мүщелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны коллектив мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу;

√ ұжымда адамдар бірлестігіне тән нормалар, өмір стильдері, қарым-қатынас қалыптасады: әр түрлі жастағылардан құрылған отрядтар, командирлер советі, өзін-өзі басқару, коллектив өмірінде мажорлық оптимистік тон құру, «адамға неғұрлым көп мөлшерде талап қою және оған неғұрлым жоғары деңгейде құрмет көрсету»;

√ ұжымның өмір сүруінің маңызды заңын анықтаған, ол – ұжымның қозғалысы, өсуі, ілгері дамуы;

√ ұжымдағы балаға «параллельді әрекет ету» әдісін қолдану;

√ еңбек тәрбиесі – тәрбиенің маңызды элементтерінің бірі; оқытуды ұйымдастырылған өндірістегі еңбекпен біріктіру идеясы;

√ отбасы алғашқы ұжым болып табылады; отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған режим, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық, ата-аналар мен ересек отбасы мүшелерінің белделінің болуы.

√ шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоюы; ата-аналардың бір-біріне қатынасы, олардың қылықтары, еңбекке, затқа қатынастары – осының бәрі балаға әсер етеді де, оның жеке тұлғасын қалыптастырады.

В.А.Сухомлинский:

√ балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «класстың интеллектуалдық фоны»;

√ дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды;
√ балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін.

М.А. Данилов:

√ білімді сұрыптау, жеке тұлғаның ішкі күшін ынталандыру, өзбетті ойлау мен әрекетті талап ететін оқу еңбегін ұйымдастыру идеялары негізіне жатқызылған бастауыш білім беру концепциясы;

√ оқыту мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы ретінде.

М.А. Мельников:

√ дифференциалды оқыту жүйесі: таңдалған пәндер негізінде сабақтың бағдарламасы бойынша факультативті сабақтар, класстар және мектептер.



Л.В. Занков:

√ оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің приоритетіне негізделген кіші мектеп оқушыларын оқыту жүйесі.



Қазақстандық педагогтар:

Ш.Уәлиханов (1835 -1865):

√ Діннің прогреске бөгет болатынын, ғылым мен мәдениетке кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтқан;

√ Адам психикасы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады.

Ы.Алтынсарин (1841 -1889) – қазақтың тұңғыш педагогының еңбектері:

√ Қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан (1864ж),

√ Қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқу құралдарын жазды;

√ «Қазақ хрестоматиясы»,

√ «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық»,
√ Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берген: мектептің жанында бау-бақша, шеберхана жұмыс істеді;

√ Адамгершілік тәрбиесіне жете мән берді.



Абай Құнанбаев (1845-1904):

√ Мектепте жүйелі білім беру қажеттігін мойындады;

√ Жастарды орыс ғылымын үйренуге шақырады;

√ Оқыту процесінде ақыл-ойды дамыту; ойлау мен қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді; ақылда адам заттар мен құбылыстардың сырын ашып, одан дұрыс ой қорытындыларын жасай алады;

√ Білім алуға ең зиянды нәрсе – салақтық, пайымсыздық;

√ Оқыту жүйесі нәтижелі, әрі пайдалы болу үшін балаларға әуелі ана тілінде, оларға шын ғылыми білім беруді, содан кейін барып шетел тілдерінде, мәселен араб, парсы тілдеріне, үйретуге көшуді ұсынды;

√ Адамның ең жақсы қасиеттері: ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттік және шыншылдық, сыпайгершілік, еңбек сүйгіштік, білімге құмарлық және ақылдылық;

√ жастарды достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырды;

√ көркем сөздің, музыканың тәрбиелік маңызына тоқталды.

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шоқан, Абай, Ыбырайдың салған ағартушылық арна-дәстүрлерін әрі қарай жалғастырды.

Этика – ар ілімі дей келе ар мәселесіне ерекше ден қойған.



Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазақ тілі оқыту әдістемесінің іргетасын қалады. «Қазақ оқу құралы» (1912ж.), «Әліппе», «Тіл-құрал» (1915 ж.), «Баяншы» (1915 ж.) тағы басқа әдістемелік еңбектер жазды. Мұнда мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жөн-жобасын көрсетті.

Нәзипа Құлжанованың (1887-1934) «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу» (1924 ж.) атты еңбегі – Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиеге арналған алғашқы құнды еңбек.

Ж. Аймауытов (1889-1931) – педагогика, психология саласына арналған ғылыми зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі.

М. Жұмабаевтың (1893-1938) «Педагогикасы» (Ташкент,1922 ж.) - тұңғыш қазақ тілінде жазылған оқу құралы.

Шәрапи Әлжанов (1901-1938) – қазақтың тұңғыш профессоры. Тәлім-тәрбие саласында көптеген еңбектер жазып қалдырды. Ғалымның педагогика, психология, осы ғылымдардың тарихы жайлы еңбектері бар.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) – дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан ғалым. «Педагогика мәселелері» (1940 ж.), «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу» (1940 ж.) тағы басқа еңбектері әлі де өз құндылығын жойған жоқ.

Қ. Бержанов (1924-1976) – «Педагогика тарихы» (С. Мусинмен бірге) (1971 ж.), «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі» (1951 ж.), тағы басқа еңбектердің авторы.

Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Олар: Р.Г. Лемберг, А.И. Сембаев, Г.А. Уманов, Т.Тәжібаев, М. Ғабдуллин, тағы басқалар.



Ресейлік жаңашыл-педагогтардың жүйесі

Жаңашыл педагогтардың ізгілікті стратегияларының сипаты:

√ оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеу,

√ оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін дамыту,

√ өздігімен ойлау қабілетін дамыту,

√ жағымды эмоционалдық педагогикалық процесті қалыптастыру,

√ педагогикалық процесте педагогикалық зорлықтың барлық түрлерін аластату.

Жаңашыл педагогтар тәжірибелерінің төмендегідей ережелерге негізделуі:



  • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;

  • зорлықсыз оқыту;

  • күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • ірі блоктар идеясы;

  • тіректерді қолдану (С. Лысенкованың үлгілері, Е.Ильиннің тірек бөлшектері, В. Шаталовтың тірек белгілері және т.б.);

  • өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

  • ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • сыныптың интеллектуалдық фоны (оқушылардың алдына өмірлік маңызды мақсаттарды қою және олардың бағдарлама шеңберінен тыс білім алуы);

  • ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет (коммунарлық әдістеме) ;

  • оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;

  • тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • ата-аналармен ынтымақтастық құру.


Виктор Федорович Шаталов жүйесі: КСРО халық мұғалімі, Донецк ашық университетінің профессоры. Ол:

√ оқу материалы блок-схема қолданыла отырылып максимальды түрде нақты, қисынды түсіндіріледі, олар оқу материалының логикалық байланысын бейнелейді;

√ оқушылар ойда сақтап отырған блок-схеманы тірек ете отырып сұраққа жауап береді;

√ үйде алғашында сабақта шешілген есептер (жаттығулар) орындалады, нәтижесінде тіпті оқу деңгейі «төмен», бірақ оқуға ниеттері бар оқушылардың өзі нәтижеге жетпек;

√ оқушы білімін бағалау тақырыпты әрбір оқушы меңгергеннен кейін жүзеге асырылады.

В. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны белсенді оқуға тартуға, оның танымға өзіндік талпынысын қалыптастыруға, оның өз ар-намысы мен күш-жігерін сезінуге мүмкіндік береді.



Евгении Николаевич Ильин жүйесі: әдебиет пәнін оқытудың ерекше әдістемесін әзірлеген Санк-Петербург қаласындағы №ектептің әдебиет мұғалімі. Оның әдістемесінде:

√ әдебиет сабағы әрбір оқушыға адам болу тәлімін беретін өнер және адамгершілік-этикалық курсы;

√ адамды адам етіп қалыптастыру үрдісі, ол жай ғана жұмыс емес, қарым-қатынас үйлесімділігі, жай ғана оқытып-үйрету сабағы емес, тұғыры биік өнер, ол сабақ кестесіндегі сағаттар саны емес, нағыз өмір.

Бұл жаңашыл педагог жасөспірімге өз күшіне сенуге көмектесіп, оның ең жақсы қасиеттерін ашуға ықпалын тигізеді, оны ізгілік пен азаматтылықтың биік шыңына жетелейді.



Софья Николаевна Лысенкова жүйесі: Мәскеу қаласының № 587 мектебінің бастауыш мектеп мұғалімі, КСРО халық мұғалімі. Жаңашыл педагог С. Лысенкова қазіргі кездегі бір күрделі мәселенің басын ашты. Ол:

√ жаңа материалды «ірі блоктар» арқылы меңгеру;

√ оза отырып оқыту идеясы (сабақтың бастапқы бірнеше минутының сабақ барысында меңгерілетін ұғымдарға арналуы);

√ даму деңгейі әр түрлі балаларды қосымша сабақсыз, кез келген «теңеусіз», ата-аналардың көмегінсіз бірге оқытып, білім беру міндеті.



Шалва Александрович Аманошвили жүйесі: Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде академик Амонашвили Шалва Александрович – бастауыш мектеп оқушыларына эксперименталдық білім беруді енгізген жаңашыл мұғалім. Ол РБА академигі болып табылатын Грузия мен Ресейде танымал ғалым және практик педагог. Ш. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде

√ «мұғалім-оқушы» жүйесінде педагогикалық ынтымақтастық идеясы,

√ «гуманды педагогика» жеке тұлғаға ерекше көзқарас педагогикасы,

√ тіл мен математиканы оқытудың ерекше әдістемелері.

Оның жұмысының айрықша нәтижесі «Гуманистік-тұлғалық педагогика қағидалары негізінде бастауыш білім беру сот ісі туралы трактатта» суреттелген «Өмір мектебі» технологиясы болып табылады.

Игор Павлович Волков жүйесі: Ресей Федерациясының еңбегі сіңген мұғалім, жаңашыл педагог. Ол Мәскеу облысының Реутов қаласында істейді. И. Волков шығармашылықты дамыта оқыту технологиясын әзірлеп, әске асырды. Бұл:

√ әр түрлі іс-әрекет түрін оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерін дамыту үшін қолдану;

√ тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің оқушылардың әрқайсыларының өзінің жанына жақын істі еркін таңдаулары демек, «еркін шеберхана» идеясы және мұнда оқушы белсенділігіне шектеу жоқ;

√ «Өзің үйрендің бе – енді жолдасыңды үйрет» шығармашылық принципін жүзеге асыру.



Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың жүйесі.

Нұрғалиев Құмаш – қаһармандық, азаматтық, батылдық үлгісі. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ол 19 жасында I топ мүгедегі болып қалған. Рига түбіндегі шайқаста екі аяғы мен сол қолынан айырылған ол өмір сүруге ғана емес, өз өмірін, қабілетін, дарынын жас ұрпаққа білім беруге арнауға бекінген. Оны білім саласындағы «Қазақтың Мересьеві» деп атайды. Ол өзінің туған жері Боран ауылындағы мектепті қырық жылдан астам уақыт басқарған (1957-1988). 1975 жылы мектеп КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне, ал 1980 жылы Қазақстанның ХШЖҚ қатынасып, мектеп III орын алып, медалмен марапатталды. Қазір мектеп «Құмаш Нұрғалиевтың мектеп-гимназиясы» деп аталады.

Нұрғалиев Құмаш Ленин ордені иегері, КСРО және Қазақ КСР-інің білім беру озаты, Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі, КСРО халық мұғалімі.



Нұртазина Рафиқа Бекенқызы – Қазақстанның халық мұғалімі, Еңбек Ері, педагогика ғылымдарының кандидаты, әдіскер-ғалым, қоғам қайраткері әрі жазушы. Ол 240 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің, соның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған 15 оқулық пен оқу құралының авторы болып табылады. Ол Қазақстандағы ең танымал орыс тілінің мұғалімі.

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы - Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақ КСР-нің және КСРО білім беру ісінің озаты, Н. К. Крупская атындағы медаль иегері Бітібаева Қанипа 60 ғылыми-педагогикалық мақала, 13 кітаптың, соның ішінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша 2 оқулықтың авторы, ол 4000 дидактикалық материал, 300 көрнекі құрал әзірлеген. Қанипа Омарғалиқызының сабақтары – ынтымақтастық педагогикасы. Оның сабағында әрбір оқушы өзін тұлға деп сезінеді. Бұл жаңашыл педагог үшін ынтымақтастық педагогикасы адамгершілік педагогикасы болып табылады

Ысқақов Архимед Мыңбайұлы – Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісіне еңбегі сіңген қызметкер, «Тарлан» сыйлығының иегері, авторлық мектеп директоры. Ысқақов Архимедтің авторлық мектебі мақсаты – еңбек және қызықты оқу үрдісі мен оқушылардың жеке қабілеттерін, бейімдерін, қызығуын дамыту арқылы үйлесімді және қоғамда белсенді тұлғаны қалыптастыру.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Бержанов Қ., Мусин Б. Педагогика тарихы. А., 1984, 212-228 беттер.

2.Титов В.А. Педагогика начальной школы. Конспект лекций. М., 2003, С 14-16.

3.Джуринский А.Н. История педагогики.

4.Мұсаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006,146-149б.


3-тақырып. Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның жеке тұлғасы
1.Педагогикалық іс-әрекеттің мәні: мақсаты, педагогикалық әрекет тарихи, динамикалық құбылыс ретінде.

2. Педагогтың жеке тұлғасы: негізгі кәсіби маңызды сапалары.

3. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал – ахуал).

Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогтың жеке тұлғасы, кәсіби сапалар.
1. Педагогикалық іс-әрекет – оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.

  • Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары

  • мақсаттылық;

  • түрткі (мотив);

  • пәнділік;

  • өнімділік.


2. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:

  • педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

  • ғылым салаларын терең меңгеру;

  • педагогикалық мақсат қоя білушілік;

  • педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

  • педагогикалық интуиция (сезімталдық);

  • педагогикалық импровизиация (суырып салмалық, жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);

  • педагогикалық байқағыштық;

  • педагогикалық көрегендік.

Митина Л.М. бойынша кәсіби сапалар:

  • әдептілік;

  • сыпайылық;

  • сезімталдық;

  • тәрбиелілік;

  • зейінділік;

  • ізденімпаздық;

  • шыдамдылық;

  • адамгершілік;

  • іскерлік;

  • тәртіптілік;

  • белсенділік;

  • саяси сауаттылық;

  • сыншылдық;

  • патриоттық;

  • болжағыштық;

  • өзбеттілік;

  • принципшілдік;

  • батырлық;

  • кешірімшілдік;

  • кішіпейілдік;

  • балаға деген сүйіспеншілік.

М.М.Мұқанов бойынша педагог мамандығына лайықты сапалар:

  • педагогтың идеялық сенімі;

  • педагогтың қабілеті;

  • педагогтың ұстамдылығы;

  • әділеттілік және абырой.

Осының ең ортасы, өзегі, яғни жеке бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:

        • Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.

        • Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.

        • Экспрессивті-перцептивті – байқағыштық, креативтілік, интеллектуалдық, белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы, икемділік.

        • Кәсіби қабілеттілігі

        • Дене және психикалық денсаулығы- эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.

Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша)

Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі), ғылыми дайындығы, қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.

Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.

  • Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша)

  • Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;

  • Эгоцентрлік бағыт – ұстаздың тек өзіне, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар аударуы;

  • Бюрократтық (төрешілдік) бағыт – ұстаздың әкімшіліктің нұсқауларын, жоғарыдан келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.

  • Конформистік бағыт – ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі.

  • Авторитеттік бағыт – ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына сүйенуі.

  • Когнитивтік бағыт – ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі.

  • Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М. Тален бойынша)

«Сократ» – пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.

«Генерал» - екі ойлылықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатаң түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, оқушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.

«Топ дискуссиясының жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлін атқарады.

«Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнынды сапалы бағалауға, талдауға ұмтылады.

«Шебер» - өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.

«Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мұнда бір команданың мүшесі сияқты, әрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ал бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог - топқа дем беруші, мұндағы ең басты соңғы нәтиже – жеңіс, табыс.

«Гид» - білімді, жан-жақты, энциклопедист бейнесінде. Қысқа сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұраққа жауабы үнемі дайын.

3. Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал – ахуал).

Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің тиімділігі ондағы моральдық - психологиялық климатқа байланысты. Осы моральдық-психологиялық климатқа мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық әрекетте бар ынтасымен жұмыс істеуі байланысты.

Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны бойынша ол психологиялық жағдайлардың бірлігінде байқалатын, біріккен нәтижелі іс-әрекет пен топта жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын тұлғааралық қарым-қатынастың сапалы жағын береді.

Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологилық сипат топтың даму деңгейіне байланысты және әрбір мұғалімнің шығармашылығының өлшемін анықтайды. Педагогикалық ұжымның психологиялық климатына оның бірнеше жағының тиімді сабақтастығы тән, атап айтқанда:



  • мектеп әкімшілігінің басқару стилі;

  • еңбек ету жағдайы;

  • мұғалімдер - ұжым мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестігі;

  • әлеуметтік – психологиялық мақсатты мұғалімнің жүзеге асыруы;

  • әкімшілік тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік – психологиялық мақсат.

· Жайлы психологиялық атмосфера – педагогикалық ұжымда төмендегі сапалардың болуын болжайды:

  • еңбек қуанышы;

  • оптимизм;

  • сергектік;

  • қорғаныш сезімі;

  • қарым – қатынастағы қуаныш;

  • сенім;

  • сүйеніш сезімі.

Жалпы мақсат қана емес, достық, бір-бірін құрметтеу, ұнату негізінде қалыптасқан педагогикалық ұжым балаларға білім береде, тәрбиелейде алады.

· Педагогикалық ұжымдағы іс - әрекет жетістігінің критерийлері:



  • оқушылардың білімділігі;

  • оқушылардың тәрбиелілігі;

  • педагогтардың кәсіби біліктілігі;

  • педагогикалық ұжымның туындаған міндеттерді жедел шешу қабілеттілігі;

  • педагогтардың жеке тұлғалық сапаларының жетілуі.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Алматы, 2005, Б. 291-316.



2. Логвинов И., Сарычев С., Силаков А. Педагогическая психология в схемах и комментариях. Питер, 2005, С. 152, 162 – 167.

  1. Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. М., 1984, С.155.


4 – тақырып . Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
1. Н.В. Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері. 2.А.И. Щербакова бойынша педагогикалық іс-әрекеттің педагогикалық процесті іске асыру кезіндегі компоненттері.

3.Н.Д. Хмель бойынша педагогикалық іс-әрекет компоненттері.

4.Педагог педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде: педагогтың позициясы, педагогтың әлеуметтік, кәсіби позициясы.

5.Л.Б. Ительсон бойынша негізгі рөлдік педагогикалық позицияға сипаттама.

6. Профессиограмма - педагогикалық білім мақсатының бейнесі ретінде.
1. Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары

  • мақсаттылық;

  • түрткі (мотив);

  • пәнділік;

  • өнімділік.

  • Педагогикалық іс-әрекет формалары

  • әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика;

- шеберханадағы жұмыс;

  • сабақ;

  • лекция;

  • семинар;

  • сынақ;

  • практикум;

  • тренингтер және т.б.

  • Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс-әрекет дәрежесі

І - (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

ІІ - (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

ІІІ - (орташа) локальды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндеп енгізу); орташа продуктивті.

IV – (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V – (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.

  • Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны

    • мотивация,

    • мақсат;

    • пән;

    • құралдар;

    • тәсілдер;

    • өнім;

    • нәтиже.

      • Педагогикалық іс-әрекет пәні дамудың шарты мен негізі ретінде оқытушылардың пәндік, әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.

      • Педагогикалық іс-әрекет құралдары:

        • Ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім, ғылыми білімнің көмегімен және солардың негізінде оқушылар тезаурусы қалыптастырылады;

        • Білімді «тасымалдаушы» ретінде оқулықтағы мәтіндер немесе пәннің ақиқат фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайындағы (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері;

        • Қосымша құралдарға жататын техникалық, компьютерлік, графикалық, т.б. құралдар.

          • Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері:

            • түсіндіру;

            • көрсету (иллюстрация);

            • оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;

            • оқушы тәжірибесі;

            • тренингтер және т.б.

          • Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.

Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:

1. Педагогтың шығармашалық потенциалы мен педагогикалық стеоретипті жою мүмкіндіктері проблемасы.

2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.

3. Мұғалімді психологиялық даярлау проблемасы.

4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.

5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.



6. Мұғалімнің инновациялық процестерді жете ұғынуы проблемасы.

    • Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар

  • Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;

  • Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;

  • Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;

  • Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;

  • Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;

  • Әлеуметтік-кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.

Мұғалім функциялары

  • Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау;

  • Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық, бақылау және коррекциялық функциялар;

  • Аналитикалық функция;

  • Педагогикалық білімді насихаттаушы функция.

2. А.И. Щербакова бойынша педагогикалық іс - әрекеттің психологиялық функциялары:

  • Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері);

  • Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару);

  • Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның, оның мотивінің, идеалының бағыттылығы);

  • Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл – ой әрекетін белсендіру, олардың өзбеттілігін дамыту);

  • Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс, тәжірибе жүргізу іскерлігі, тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру).

Оқытушы мен оқушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар

  • Конструктивті: білім мазмұны мен пәннің практикалық мәнін талдау мен түсіндірудегі оқытушы мен оқушының педагогикалық әрекеттері .

  • Ұйымдастырушылық: Бірлесе мағмұматтандыру мен оқу-тәрбиелік әрекет нәтижесіне жауапкершілікпен жетудегі оқытушы мен оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

  • Коммуникативті-стимулдандыру: Оқу-танымдық іс-әрекеттің әр түрлі формаларының үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық), педагогикалық ынтымақтасу мақсатында өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру.

  • Ақпараттық-білім берушілік: қоғамдық өмір аумағындағы жаңалықтарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіндірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.

  • Эмоционалдық-түзетушілік: Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін ауыстыру барысында, оқытушы мен оқушылардың сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру.

  • Бақылау-бағалау функциясы: Оқытушылар мен оқушылардың өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнің кәсіби қасиеттерін жетілдіру.

  1. Кәсіби білім беру психологиясы әдістері

1.Бақылау

2.Эксперимент

3.Анкета

4.Қызмет нәтижесін зерттеу

5.Профессиография

Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты еңбек процесі, оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады (техникалық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, сондай-ақ мамандық психограммасы құрылады. Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әрекетті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті».


5 – тақырып. Педагогтың кәсіби компетенттілігі (құзырлығы)

1. «Компетенттілік»,«кәсіби компетенттілік» туралы ұғым.

2.Кәсіби компетенттілік мазмұны және педагогтың педагогикалық шеберлігі.

3. «Іскерлік» ұғымы. Педагогикалық іскерлік.
Негізгі ұғымдар: Компетенттілік, кәсіби компетенттілік, іскерлік, педагогикалық шеберлік
1. ²Компетенттілік² ұғымы (қазақша құзырлылық) әр түрлі түсіндіріледі. Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде ²компетентті² ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам, француз тілінде (Сompetent) – компетентті, құқылы. Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен аударғанда (Competentia) ²дегеніме жетемін², ²сәйкеспін², ²лайықпын² деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені білдіреді. Адамдағы таным мен тәжірибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы. Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету.

С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардарлық, жете білушілік.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компетенттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам.

Сонымен қатар ғылымда кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші-ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген.

«Кәсіби компетенттілік - кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейі» (Н.Н.Тарасевич).

«Кәсіби компетенттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың өзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері ретінде қарастырған» (А.К.Маркова).

«Кәсіби компетенттілік - тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі» (Бергоун).

«Кәсіби компетенттілік – психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы» ( Н.В.Кухарев).

«Кәсіби компетенттілікті үш компонентке бөледі: кәсіби -білім берушілік, кәсіби -әрекеттік, кәсіби–жеке тұлғалық» (Н.Н. Лобанова).

«Кәсіби компетенттілік - педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін білім, практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік» (М.И. Лукьянова).

«Кәсіби компетенттілік – маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» (Л.Ю. Кривцов).

«Кәсіби компетенттілік – кәсіби кәмелеттілік, кәсіби іс -әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру» (Педагогикалық әдебиеттер).

Сонымен, кәсіби компетенттілік – ерекше міндетіне оны жүзеге асыруда қолданылатын барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас.

Кәсіби компетенттілік - мамандық иесіне, мамандыққа, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті немесе жағдайы.

Жалпы түрде кәсіби компетенттілік – белгілі еңбек функцияларын өз бетті, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеттілігі.



2. Психологияда кәсіби компетенттілік арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, даралық (индивидуалдық) кәсіби компетенттіліктен тұратын кешенді білім ретінде қарастырылады.
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет