Тарих пәнінен тест сұрақтарын жинақтап құрастырған: Арапова Айнұр Шанжарханқызы Нұр- сұлтан қаласы 2020-2021 жылы. Сұрақтар бойынша:(87027263537)



бет23/28
Дата27.05.2022
өлшемі0,66 Mb.
#145316
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Шпор Айнұр апай 2021 жыл-1

Мәнмәтін 41. Отырар – моңғолдардың жер қайысқан қолына бағынбай, алты ай бойы арпалысқан қала тұрғындары мен батыр бабаларымыздың жазықсыз төгілген қаны сіңген қала
• Отырар шайқасына түрткі болған оқиға: «Отырар опаты»
• Отыра шайқасы болған жыл: 1219ж
• Отырарды қоршауға алған Шыңғыс хан балалары: Шағатай мен Үгедей
• Моңғол шапқыншылығы кезіндегі Отырар қаласының билеушісі: Қайыр хан
• 6 ай бойы қорғанған Отырар қ-ң қақпасын ашып берген қолбасшы: Қараша-хажиб


Мәнмәтін 42. Адамзат қоғамының даму тарихында дәстүрлі, индустриалдық және постиндустриалдық үш кезең бөліп көрсетіледі
• Постиндустриалдық қоғ-ғы адам қызметінің басты объектісі: Ақпарат
• ХХғ соңында инд-қ қоғамнан постинд-қ қоғамға себепші болған төңкеріс Компьютерлік
• Батыста ғыл техн-ң жедел дамуы нәт-де инд-қ қоғ-ң пост-қ қоғамға айналуы: ХХғ 70-жж
• Постинд-қ қоғ-ң негізгі сипаттамасы: Қызмет көрсету саласының басымдығы
• Постинд-қ қоғ-ң тұжырымдамасын әзірлеуші американдық әлеуметтанушы Д. Белл


Мәнмәтін 43.Венецияның күшеюі
Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттердің ең куаттысы Солтүстік-Шығыс Италиядағы Венеция болды. Ол Еуропа мен Шығыстың арасьшдағы сауданың ірі делдалдық орталығына айналып, ХІ-ХІІ ғасырларда тенізде үстемдігін орнатқан бай мемлекет дәрежесіне жетті.

ХІІІ ғ. аяғынан бастап Венециядағы үкімет билігі бай көпестердің қолына көшті. Олар «үлкен кеңесті» сайлады. Кеңестің басында бүкіл өмір бойы сайланатын....отырды: дож


Венецияның қуаттылығы жағынан ең жоғары сатыға көтерілген кезі: XIV-XV ғғ.


Венецияның саудадағы басты бәсекелесі: Генуя
Венецияның саяси және экономикалық құлдырауының басты себебі: ұзаққа созылған Венеция-түрік соғысы

Ұлы жазушы У. Шекспирдің шығармасындағы венециялық басты кейіпкер: Отелло


Мәнмәтін 44.
Тыңды қып- қызыл зиян санап, қазаққа жасаған қиянат деп білетіндер баршылық. Тың игеру жылдарында жыртылмай қалған жерлер, ата қонысынан айырылмаған ел қалмады. Жерді тоздырды, елді бұзды. Малдың өрісін тарылтты. Орысты қаптатып, қазақ өз жеріне өзі кірме болып қалды.
Пайдасымен бірге зияны да болды. Соның қайсысы басым түскенін уақыт өткен соң таразылап, талдап байқасақ бір ғана мақтауға немесе даттауға келмейді. Тың игеру - шындығында, заманның күрделі құбылысы. Кең аймақта жүргізілген осы бір ұлы қозғалысқа сол кезде бүкіл ел, барлық халық араласты. Бір ғана ұлттың мүддесі, тіршілік қалпы ескеріліп жатпады. Онымен санасқан да жоқ. Осы кезде саясатта, экономика да осы талаптарға бағындырылғаны мәлім. Сөйтіп, қазақ жері «жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Жергілікті тұрғындар мен жаңадан көшіп келгендердің бастапқыда өзара тіресуі - табиғи нәрсе. Алайда, алғашқы тың игерушілер Қазақстан жеріне жас шағында келіп, олардың алдарында қандай қиындықтар тұрғындарын, осы қиындықтарды интернационалдық достық, қиялға берілген сезімдері, бірлігі және еңбекке деген жігерлі қарым-қагынасы арқылы қиындыктарды жеңді десе болады.
Тың игерудің жетістіктері мен зардаптары.

1954 жылы Қазақстанда жоспар артығымен орындалып, жыртылған жер көлемі: 6,5 млн га


Астық өндіруде сақталған әдіс: Экстенсивті әдіс
Тың игеру жүргізілген облыстар: Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Қостанай, Торғай, Солтүстік Қазақстан
Тың игеру кезінде астықтың өзге түрлерін де көгеру жоспарланды. Күріштен рекордты өнім алған: Ы. Жақаев
Тың игеру экономиканың өзге салаларының дамуына да оңды ықпал етті. Қазақстанда жаңадан пайда болған қалалар мен қала тұрпатты поселкелер саны: 15 қала, 86 қала тұрпатты поселке




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет