Тарих талқысы Ұлттық тағдыр, Тұлға және тарихи көзқарас



бет5/24
Дата17.02.2017
өлшемі7,02 Mb.
#9675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Таң атқанша менiмен қалайда кезiгу үшiн хан барын салды, бiрақ ханның менiң үйiме келерлiк ешқандай мүмкiндiгi болмады, сондықтан да әлгi башқұрт Қыдыриястың көмегiмен өзге бiреу болып, үстiне жаман– жәутiк киiм киiп келсiн деп тапсырыпты, ал егер бүгiн түнде кездесе алмасақ, сөйтiп сөз байласып алмасақ, онда бiздiң екеумiзге де талай қиындықтар кезiгедi–мiс. Сондықтан бiр құдайға сиынып, ұлы мәртебелi император падишамыздың сәттiлiгiнен үмiттенiп, мен оған, яки ханға, жасырынып баруға бел байладым, бiр қазақтың жаман киiмiн киiп, башқұрт Қыдыриясқа iлесiп түн жамылып, айдалада ханмен кезiктiм» - деп баяндайды.
Осыны да ұлттың тағдырын шешкен хан мен елшiнiң арасындағы пәтуәластық деп бағалауға бола ма? Ханда да, елшiде де қандай қадыр қалды? Барымташылардың түнгi жорыққа шыққандағы жолығысулары бұдан көрi мырзалау және еркiн емес пе. Тақыс Тевкелев Әбiлқайырдың «қатын патшаны» алдап соққанын бiрден бiлiп тiкелей сұрақ қояды. Ары–берi жалтарған Әбiлқайырға шындығын айтқызып тынады:

«Мұның бәрiн басқалардың келiсiмiнсiз жалғыз өзiм iстедiм» - деген сөздi одан яки Әбiлқайыр ханнан естiген соң, мен Әбiлқайыр ханға: неге сенiң елшiлерiң Мәскеуге барғанда «Әбiлқайыр хан барлық хандардың hам күллi қазақ әскерiнiң ықтияры бойынша бүкiл Ресейдiң ұлы мәртебелi падишасының боданында боламын» -деген сөзiңдi жеткiздi, мұның барлығының жалған екендiгi бүгiн белгiлi болды, демек мұның бәрін сен жалғыз өзiң iстегенсiң ғой дедiм. Бұған ол яки Әбiлқайыр хан өзiнiң елшiлерiнiң барлық хандар мен билердiң келiсiмi бойынша бодан боламыз деген сөздi ауызекi жеткiзуiнiң себебi – егер оның елшiлерi Мәскеуде тек Әбiлқайырдың атынан сөз қозғаса, онда, ұлы падиша ағзам сенi мұнда жiберуге рұқсат етпес едi ғой, ендi құдайға шүкiр, сен мұнда келдiң , - деп жауап бердi.
Түн iшiнде айдалада өткен «барымташы мәмiлегерлiк» осылай аяқталды. Елшiнi өзiнiң ордасында қабылдай алмаған хан да, сұғанақ елшi де оған намыстанбады. Ығайға сығай боп табысты. Осы құжаттағы бiз үшiн ең маңызды мәлiмет: 1731 жылы ақпан айының 19 күнi Анна Иоановна падиша қол қойған Әбiлқайырдың хатының ешқандай мемлекеттiк мәмілеге жатпайтындығы және заңсыздығы туралы пiкiрдi өзге емес елшiнiң өзiнiң де мойндауы. Iстiң насырға шапқанын, өзiнiң де, ханның да басына қауiп төнгенiн бiлген Тевкелев пен Әбiлқайыр арбауға көштi. Екеуi билер мен бектердi, батырларды си – сияпатпен алдарқатуға тырысты. Барған сайын жұрттың оларға қысымы да күшей түстi.
«...Таң ата хан өзiнiң сенiмдi бiр адамын жiберiп: менен мәуiтi, шұға, құндыз, кәмшатпен қоса билерге тарту – таралғы ретiнде силайтын өзге де дүниелердi өзiне жылдам жiберудi өтiнiптi. Мен оған: қашан бодандықты қабылдағаны туралы ант бермейiнше ұлы мәртебелi падиша ағзамның тарту – таралғыға деп жолдаған дүние – мүкәммәлiн бере алмаймын – деп жауап бердiм: хан екiншi рет кiсi салды: билердiң ауызын алу үшiн тауларды маған тезiрек жеткiзсiн, ал егер сұрағанымды жiбермесе – өзiңе де, маған да үлкен қауiп төнiп тұр – дептi. Сондықтанда ұлы падиша ағзамның грамотасы мен аздаған мүкәммалдарды ханға алып баруға уәде бердiм, ұлы мәртебелi hам шапағатты падиша ағзамның айрықша ықыласы ретiнде тапсыр деген тонды, бөрiктi және қылышты ол яки хан ант берiп, дәргейге қол қойғанша силағым келмедi. Сөйтiп... Қазақ билерi ұлы мәртебелi падиша ағзамның грамотасы мен тарту – таралғысын әкелсiн деп рұқсат берiп, шабарман жiберiптi. Мен келгенде барлық билер бас қосып, әңгiме – дүкен құрып отыр екен, ұлы мәртебелi падиша ағзамның грамотасын хан орынынан тұрып қабылдады, маңдайына тигiзiп тәу етiп, жанына қойды. Тарту – таралғыны: мәуiтi шұғаны, құндызды, кәмшатты, былғарыны, түлкiнi, шәйдi қабылдап, алуға пәрмен етiп, хан өзiнiң сол тiзесiнен орын берiп, отырғызды. Содан ширек сағаттан кейiн маған хан ордасынан шығуды талап еттi, мен өзiме тiгiлген киiз үйге қарай бет алғаным сол едi, ұлы мәртебелi падиша ағзамның Әбiлқайыр ханға жiберген сыйы талапайға түстi, уласып – шуласып, жұлқысып, ұрсысып жүрiп хан ордасына әкелген тарту – таралғыны сабақты инесiне дейiн қалдырмай далаға алып шықты да әлгi заттарды бiр – бiрiне қамшы сiлтеп, қылыш қағыстырып, қырық пышақ боп қырлыса жүрiп бөлiске салды. Содан кейiн менi өлтiрудiң жайын ақылдасыпты: мұны естiген бiр башқұрт жүгiрiп келiп, қазақ ордасындағылар сенi өлтiрiп, тонап алуды ақылдасып жатыр деп хабарлады» - деп жазды Тевкелев.
Ханының қадiрi кеткен қарашаның елшi қабылдау рәсiмi осылай өттi. Бұл – билердiң дәстүрдi бiлмеуi емес, Әбiлқайырдың – жасырын халқын сатқандығына көрсеткен қарсылығы, намысты қысасы, елшiге жасаған айбаты. Олар үшiн Тевкелев жырық етек тiлмаш қана. Елшiнi құрметтеп қарсы алуға дәрменi мен пәрменi жетпеген хан ұлттың кепiлдiгiне жүре алмайды. Егерде өзiнiң осы дәрменсiздiгiне қорланып, хандық намысы ұстап грек Фемистокль сияқты шешiмге келгенде, мүмкiн Әбiлқайырды тарих ақтап алар ма едi, кiм бiлсiн. Бiрақ та ол тағы да бишара күйге түсiп, Тевкелевке шабарманын жiберiп:

«Бөкенбай батырды iздеп тапсын, одан басқа құтылатын жол жоқ, дәл қазiр мына жұртқа өзiм де күдiктене қарай бастадым – деп сәлем айтыпты. Содан кейiн әлгi башқұрттардан Бөкенбай батырды қалай жымын бiлдiртпей алып келесiңдер деп сұрадым, башқұрттардың арасындағы Шамов қана онымен бұрыннан дос-жаран екен, ақыры сол жiгiт оны күйеу баласымен және ағасымен бiрге қырда жүрген жерiнен тауып, оларды дегенiне көндiрiп, кешке қарай маған алып келдi. Бөкенбай батыр, оның күйеу баласына hам немере ағасына жағдайды баяндадым... Мен бұл жаққа бүкiл Ресейдiң ұлы мәртебелi hәм шарапатты падишасының пәрменiмен және Әбiлқайыр ханның шақыртуымен келiп отырмын... Мен сiздердi бодан етуге келген жоқпын, ал егер сiздер менi өлтiрсеңiздер... Ресейдiң шапағатты падиша ағзамы менiң қанымды текке төккiзiп қойып, қарап отырмайды ақырында күнәсiз төгiлген қан үшiн бүкiл ордаңыз күйреп, талан – таражға ұшырайды. Ұлы мәртебелi падиша ағзамның ұлы императорлық құзырында болып, бодандығын қабылдағыларыңыз келмесе, менi қайтадан Ресейге өз ерiктерiңмен қайтарып, жiбергендерiң жөн» - деп қазақ елiн бас идiруге келген шоқынды жалбарынғандай күйге түседi.
Сiрә, мұндай мәмiлегерлiк ешқандай мемлекеттiң тәжiрбиесiнде кездеспеген шығар. Антқа қол қоймай қайтарып жiберсе - қазақ ұлты басын ноқтаға сұқпас едi. Әттең «батыр – аңғал» деген. Оның үстiне қу дүние де қылқұрт емес пе. Әккi Мәмет аярлықпен бiрде қату, бiрде тату сөйлеп, бопсалап отырып Бөгенбай батырды оңқасынан түсiрдi. Бұған масаттанған елшi – тiлмаш:

«Сөйтiп, Бөкенбай батыр күйеу баласымен және немере ағасымен бiрге менiң сөзiме иланды, оларды яғный қазақтарды бүкiл Ресейлiк бодандыққа ант бергiзуге hам салық төлеуге, hам аманат бергiзуге көндiрдiм соған орай мен де оларға 500 сомның тауарын беруге уағда бердiм, олар содан кейiн аттанып кеттi» - деп желпiне жазды.

Жаугершiлiк заманның өз заңы бар. Бұл кезде батырдың мысы биден жоғары тұрады. Қан майданда қазақтың азаттығы үшiн жанын салған аңғал батыр ендi саясат майданында жеңiлiс тауып, өзi күресiп, ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзiмен қорғап жүрген ұлтының бостандығын 500 сомға қалай айырбастағанын бiлмей де қалды. Тевкелевтiң мұнда не үшiн келгенiн сұраған, iстiң мәнiсiн бiлген соң:



«Бiз Әбiлқайыр ханға бүкiл Ресейлiк бодандықты қабылдаймыз деп арнайы хат жаздырған жоқпыз, елшiлерiмiзге ақ патшаның өкiлiн шақыр, бұдан былай алым – салық төлеп тұрамыз, аманат беремiз – дегендi де айтқан жоқпыз... Бiз, қазақ билерi, ханымызға: егерде елшi жiберсең Ресеймен бейбiтшiлiкте болайық деген уәж айтсын дегемiз. Ал бодандықты қабылдаймыз деп ақыл қосқамыз жоқ, тiптi, қазiр де боздандықты қабылдайық деген ниетiмiз жоқ. Мiне, сондықтан да сенi өлтiре салса да болар едi» - деп жауап берген аты – жөнi аталмаған бидiң сөзi нақты саяси шындықтың бетiн ашады.
Бұл – мұқым ұлтының мүддесiн бiлдiретiн сөз едi. Ұлттық рух, мемлекеттiк ұлттық саясат, азаматтық мойнсынбау, рух бостандығы деген осы. Аты белгiсiз би мемлекеттiк және ұлттық тұрғыдан ойлап, елшiмен – елшi дәрежесiнде, мемлекет қайраткерi ретiнде тең сөйлесiп отыр. Оның сөзi – ұлттың сөзi. Өкiнiштiсi, «бұлғын iшiк» пен 500 сом тәуелсiздiктiң тағдырын шештi. Әуелде:

«Қазақ биiнiң осындай ғайбат сөзiнен соң мен пақырыңыздың зәресi зәр түбiне жеттi», - деп мүләйiмсiген Тевкелев берген сый – сияпатының арқасында:

«Күллi әлемде Ресей империясынан асқан, даңқы жер жарған бiрде – бiр мемлекет жоқ, ал мұндай даңқты монархтың сендермен, яғный, топас хайуандармен (иә, дегенiне жетiп, көз көрмеске кеткен соң бұлай жазуына кiм бөгет жасасын. Өйтпесе дәл осылай айтпағаны айдан анық - Т. Ж.) Бейбiтшiлiкте болуының қажетi жоқ. ... Егер сiздер бүкiл Ресейлiк империяның боданы болғыларыңыз келмесе hам мен сiздермен бейбiт келiсiмге келе алмасам, сөйтiп Ресей империясының даңқын арттырмасам, онда сiздер олардан әмәнда жеңiлiс тауып, талан – таражға түсесiздер. Әлде сiздер бүкiл Ресейлiк бодандықтан жиркенесiздер ме, онда сiздердiң нағыз түз тағысы болғандарыңыз» - деп желпiнiп шыға келдi.

Сый – сияпат өз құнын өтедi. Оның бағасы қазақ елiнiң бас бостандығымен, үш жүз жылдық отар ел болуымен өлшенедi. Билер келесiнде:



«Бөкенбай батыр сөйлеп, Әбiлқайыр ханға: сенiң қалауың бойынша бүкiл Ресейлiк бодандықты қабылдағымыз келедi және оны ант арқылы бекiтемiн» - дедi. Сөйтiп, Бөкенбай батыр және сонда отырған өзге де билер Әбiлқайырға ант бердi. Бiрақта билердiң басым көпшiлiгi бұған қарсы шығып, ант беруден бас тартты».
Мiне , нағыз тарихи шындық осы. Ханның қандай үкiмi болса да билер келесiнде бекiмеген соң, ол заңсыз болып есептеледi. Демек, Әбiлқайырдың Ресейге берген анты – мемлекетаралық пәрмендi күшi бар құжат емес. Кейiннен Әбiлқайыр мен Бөкенбай, Тевкелев үшеуi 30 биге жеке – жеке сый – сияпат үлестiрiп жүрiп, бiразының бармағын бастырды. Әрине, ол жасанды құжаттың санатына жататыны анық. Әбiлқайырдың Ресейдiң бодандығын қабылдауға соншама құштар болғанына қазақ даласын тепкiге түсiрген Тевкелев өзi де таңданады. Ол:

«Бұған дейiн Әбiлқайыр хан басқа хандар арасында үлкен құрметке ие болып келген екен, ендi бүкiл Ресейлiк бодандықты жалғыз өзi сұрағаны үшiн оған Әбiлқайыр ханға басқаларының қабағы қату. Көптеген әңгiмелесулерден кейiн мен Әбiлқайыр ханның шынайы пиғылын анық аңғардым, оның өзi де өзгелердiң келiсiмiнсiз бүкiл Ресейлiк бодандықты қабылдағысы келгендiгiнiң сырын ашып бердi. Бiрiншiден, мұның хандығының билiгi әлсiз екен. Екiншiден, бұған хандық атадан мұра ретiнде қалмаған. Ал ол, Әбiлқайыр хан ұлы мәртебелi падишаның қамқорлығының арқасында билiгi өктем хан болсам және хандық атадан балаға мирас болып қалса, сондай – ақ қалмақтарға не iстегiсi келсе де өз еркi өзiнде болған аюке хан сияқты еркiн болсам деп үмiттенедi екен».
Өзiнiң бас мүддесiн ұлтының мүддесiнен жоғары қойған, ұлтының намысын жығып, азат елдi басыбайлылыққа түсiрiп, қорлаған мұндай адамға қаншалықты дәрежеде қаракөктiң тұқымы болса да мемлекеттi басқаруды сенiп тапсыруға бола ма? Жоқ. Оны ақтауға бола ма? Жоқ. Ол адамның намысы – рудың, жүздiң, елдiң намысы, оның пәтуәсi – ұлттың пәтуәсi деуге бола ма? Жоқ. Өзiн – өзi силай бiлетiн, жатқа силата бiлетiн, ұлттық тұтастыққа жеткен ұлт:
«Өзiнiң тағдырын қандай да бiр жолмен болмасын тәңiрдiң ықыласына ие болған, оған халықты бастай алатындай парасат пен күш берген, табиғи түрде көсемдiк кемелiне келген адамға ғана сенiп тапсырады» (Чаадаев).
Онсыз ұлттың орға жығылуы мүмкiн. Әбiлқайыр тура сондай, ұлтты омақа астырған хан болды. Ол бодандықтың қамытын қазаққа кигiзгенi аздай, «қатын патшадан» ор мен жайық өзенiнiң қосылған тұсына бекет салып бер деп өтiндi. Сөйтiп, қазақ даласын қоршаған қамалдың алғашқы қазығын қағып, отарлаудың жаңа бiр сатыға көтерiлуiне «септiгiн» тигiздi.

Жоңғар шапқыншылығы тұсында Ресейдiң одақтастық туралы уағдасына сенген ұлы жүз бен орта жүздiң хандары әуелiде Әбiлқайырдың ығымен келiсiм шарт жасауға ырық бiлдiрдi. Алайда, iле ұлы жүздiң ханы өзiнiң алдыңғы берген антанан қайтып, оны заңсыз деп жариялады. Әбiлмәмет хан 1739 жылы орынборда протекторат туралы шартқа мөрiн басты. Ресейдiң түпкi пиғылын бiрден аңғарған Абылай сақтана қимылдады. Оның үстiне Ноғайлының ханы орыстың тұқымы, шоқынған князь В. А. Урусов Әбiлмәмет пен Абылайға «Ерекше сыбаға» дайындап қойған едi. Бодандыққа қорқытып қол қойдыру үшiн 1740 жылы 25 тамыз күнi жайықтың қазақ даласына ұласатын жағалауындағы «өлiм тауы» дейтiн төбенiң үстiнде патшаға қарсы шыққан башқұрттардың 11 адамын қазыққа отырғызған, 85 адамды дарға асқан, 21 адамның басын кескен. Сақмар өзеннiң бойында тағы 21 адамның басын қағып алып, 50 адамды дарға асып, 301 адамның мұрының, құлағын кескен. Мұндай хайуандықтан шошынған Абылай қайтып Ресейге жоламаған (Ғ. Ахмедов). Ол өзi хан боп сайланғанда да «орыстарға ант беруден үзiлдi – кесiлдi бас тартқан» (1778 жыл).

Осының барлығын бiле тұрып, Ресейге өз еркiмiзбен қосылмағанымызды санамызға «балғамен ұрып отырып шегелеуiмiз керек пе?» (Чаадаев). Тәуелсiз мемлекетiмiздiң мәртебесiн көтерiп, ұлттың рухын оятып, рухани тәуелдiлiктен арылтуымыз үшiн және ұлттық тәуелсiз тарихи көзқарасты қалыптастыруымыз үшiн жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырып:


  1. Әбiлқайыр мен Тевкелев арасындағы қазақ елiнiң ресейге бодан болуы туралы жасалған ресiмi жалған. 2. Онда тек қана сауда саттық пен бейбiт қатар өмiр сүру жөнiндегi одақтастық сыпаттағы келiсiмге қол қойылған. 3. Ресей бұл келiсiмдi заңсыз бұзып, тiкелей отарлау саясатын жүргiздi, одақтасқа емес отарына айналдырды. 4. Ресейге қазақ елi еркiмен қосылған жоқ. Саяси және мемлекеттiк билiгi зорлықпен тартып алынды. 5. Жерi де заңсыз телiмге түстi. Бекеттер салуы, елдi мекендердiң атын өзгертуi, қара шекпендер мен қазақтарды қоныстандыруы одақтастық туралы шартты бұзғандық. 6. Сондықтан да, қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы ұлт – азаттық қозғалысы үш жүз жылға (1731 – 1991 жылдар арасы) созылды. 7. «Алашорда» мемлекетiнiң құрылған күнi - қазақтың тәуелсiз мемлекетiнiң екiншi рет орнауы. Оны кеңес империясы, «коммунист - колонизаторлар» (С. Сәдуақасов) құлатты. 8. Патшаның тұсында да, кеңестiң де қуғынға ұшырап, қысым көрiп, жапа шеккен азаматтардың барлығы да ұлттық азаттық пен рухани бостандық жолында күрескен патриоттар едi – деп ұлттық тұжырым жасауымыз керек.

Мiне, сонда ғана тарихи шындық қалпына келедi. Дұрыс ұлттық тарихи көзқарас қалыптасады. Ұлттың еркiн рухы түлейдi.

Сонда ғана бiз өз ұрпақтарымызды: «сен американың болашақ президентiсiң» - деп америкалықтар: «жапония – сенiң арың, ал жапонияның ары - император» деген жапондықтар, «сен түрiк болып туғаның үшiн бақыттысың» дейтiн түрiктер сияқты ұлттық рухта тәрбиелей аламыз.

Сонда ғана ұлтымыздың рухы үшiн ұялмаймыз. Толық бостандық, толық тәуелсiздiк, рухани азаттық ұғымын сонда ғана толық сезiне аламыз.

Өзiн жат көзқарастың ықпалынан тыс, емiн – еркiн сезiнбеген, өз тарихына өзiнiң ұлттық көзқарасын қалыптастырмаған ұлт – кемелденген ұлттың қатарына қосылмайды. Ал қандай ұлттық қасиет тұрғысынан алып қарасаңыз да, қазақ ұлтының мұндай құрметке бөлiнуiне толық қақысы бар.




  1. Тұлғаларды тұншықтыру

Жаhангерлiк отарлау саясатының ең қауiптi және қатыгез құралы – рухани тәуелдiлiкке негiзделген ортақ идеялық ойлау жүйесiне құрылған идеология. Идеология бар жерде рухани бостандық пен пiкiр еркiндiгiне, идеологиядан тыс дербес өмiр сүруге жол жоқ. Мұндай қоғамда екi –ақ өлшем бар: не жан – тәнiңмен сол идеологияға сенетiн, ешқандай ақыл – ойдың көмегiнсiз жарлықтар мен қаулыларды заң күшi бар пәрмендердi бұлжытпай орындайтын бағыныштылардың бiрi боласың, не сол идеологиямен қаруланған мемлекеттiң, ұлттың, қоғамның жауы атанасың.

Екiнiң бiрi. Сенiң пiкiрiң – пiкiр емес, мыңның пiкiрi – пiкiр. Даналардың өзi де сол идеологияның ықпалында өмiр сүруге мәжбүр.

Ұлттық қасиет, таным, дәстүр, тарихи заңдылық дегеннiң барлығы әлгi идеология қалыптастырылған үстемдiк пен өктемдiлiктiң заңдылығына тiкелей бағынышты. Идеологияға негiзделген қоғам көпшiлiктiң тобырға айналуының белгiсi.

Онда жеке тұлға – ең жеккөрiнiштi адам болып есептеледi.

Ал биiктiлiктiң идеологиясы – ең қатыгез идеология. Онда аяушылық жоқ.

Мемлекеттiк негiзi мен саясаты жаhангерлiк пен отарлауға құрылған ресей империясы мұндай идеологиядан Петр І тұсынан берi бас тартып көрген емес. Патшаның кезiнде де, кеңес өкiметiнiң дәуiрiнде де билiктiң тұтқасы - бiр адамның қолында болды. Бұл ретте демократиялық централизм мен пролетариат диктатурасының самодержавиеден ешқандай айырмашылығы болмады, тек қана идеологиялық астардың орнын партия мен кеңес шенеунiктерi алмастырды.

Ал тұлғалар екi қоғамда да аяусыздықпен жанышталып отырды.

Мемлекеттiң иесi – халық емес, халықты билеп отырған өкiмет өкiлдерi болды. Егерде «күштi билiктiң» тiзгiнiн дәл осылай ұстамаса – Ресей империясы анық. «Единица кеткен соң, өңшең нольдi» басқару кез – келген көсемге өте оңай тидi әрi ақыл таластырып, ой қорытатын «iргелi кемел қалмады» (Абай).

Тұлғаны тұншықтыру – империялық саясаттың тұтқасына айналды.

Ресей империясы отар елдерге пушка мен қоса Пушкиндердi емес, поптарды ертiп жiбердi.

Оларға жердi иемдену, ұлтты басыбайлы ету жеткiлiксiз көрiнiп, рухани жаулауға құнықты. Тiптi, Кенесары сияқты қайсар, азат, тәуелсiз мемлекет болуды аңсаған ел иесiне патшаның атынан хат жолдап, «алла тағала билеушiңе қарсы келме деген. Шын мұсылман болсаң – патшаға бағын» - деген мазмұнда хат жазып, азғыруға тырысуы бұл пиғылдың аса мүдде екендiгiн танытады.

Идеологиялық қысымға түскен қоғам – құруға бет алған қоғам. Рухани бостандықсыз ұлт мүсәпiрлiкке ұшырайды. Халықты мүсәпiрлiктен құтқаратын – тәуекелсiз ақыл – ойға ие, дербес әрекет жасауға қабiлетi бар қайратты тұлға.

«Көпшiлiк - қоғамның шыңына шыққан белгiлi бiр қайрат иелерiне бағынады. Олар тiкелей өз беттерiнше ой қорыта алмады. Солардың арасында олардың мүддесiне түсiне бiлетiн даналар бар, мiне, солар ұлттың топтық санасына саңлау түсiредi және қозғалысқа келтiредi. Азшылық ой тұжырымдайды, көпшiлiк оны жан – тәнiмен сезiнедi, соның нәтижесiнде жалпыға ортақ ой қалыптасады. Бұл жер шарындағы барлық халыққа ортақ қасиет... Ал ендi менiң сұрағыма жауап берiңiздершi, бiздiң данышпандарымыз қайда, бiздiң ойышылдарымыз қайда осы? Бұрын – соңды бiз үшiн басын ауыртқандар болды ма, дәл қазiр бiз үшiн кiм ойлап жүр?» - деп П. А. Чаадаевтiң ашына сауал қойып жүргенi де сондықтан.
Тарих өзгередi, тарихпен қоса тарихи ойлау жүйесi де, тарихи көзқарас та, билiк идеологиясымен қоса оның үгiт – насихат әдiстерi мен жазалау тәсiлдерi де өзгередi деген қағида бар. Бiрақ дәл бұл қағида Ресей империясына жүрмедi. Идеологиялық жазалау саясатынан Ресей мемлекетi патша билеп – төстеген заманда да, кеңестiк өкiмет кезiнде де қол үзбедi. Қайта бұрынғыдан бетер үдей түстi.

Ұлттың әкесi, орыс пен православие дiнiнiң қорғаушысы деп есептелген патша ағзамның өзi де тұлғаны ұнатпады.

Отар елдiң өкiлдерiн былай қойғанда, Ресейдiң: «ақыл – ойының мақтанышы» болған Радищевтiң, Пушкиннiң, Лермонтовтың, Чаадаевтiң, Буниннiң, Бердяевтiң, Набоковтiң, Сахаровтың қуғынға ұшырауы соның айғағы. Ресей империясы өзiнiң қанды жолын адамдардың өлi денесiн көпiр етiп төсеу арқылы салды. Адам – идеологияның құрбандығынашалынды. Патшаның отарлау саясаты ендi өршiп келе жатқанда оның түпкi пиғылы мен даму жолын анық бағдарлай бiлген француз тарихшысы, әрi мемлекет қайраткерi А. Токвиль 1835 жылы:

«Әр түрлi бағытпен дамыса да өзара жақындасып келе жатқан бүкiл жер шарында екi – ақ ұлы халық бар: олар – орыстар мен ағылшындық америкалықтар. Олар елеусiз ғана санатқа қосылды... Өзге халықтардың барлығы да, менiң ойымша табиғаттың оларға берген мүмкiндiгiн сарқып бiттi, олардың ендiгi мiндетi сол қалпын сақтап қалу. Ал мына екi халық өрлеу дәуiрiнде...

Америкалықтар табиғаттың сиға тартқан кедергiсiмен күресiп жатса, орыстар жеке адаммен алысуда.

Бiрi – шөл даламен, тағылықпен арпалысса, екiншiсi - қару – жарағын асынып, цвилизациямен соғысуда: сондықтан да америкалықтардың жеңiсiнiң нәтижесiнен дихандарға – соқа, ресейлiктердiң шапқыншылығының нәтижесiнен жауынгерлерге – семсер соғылды.

Бiрiншiсi – өзiнiң мақсатына жету үшiн жеке тәжiрибесiне жүгiнедi, жеке адамдардың құқықғына ақылмен де, күшпен де нұқсан келтiрмей еркiн қимылдайды. Екiншi – бүкiл қоғамның күшiн бiр ағымға жиып бередi.

Бiрiншi үшiн – басты әрекет еркiндiк болып табылады, екiншiсi үшiн ол – тек қана мойынсындыру арқылы жүзеге асады.

Олардың бастапқы мақсаты да әр қилы, жүрген жолы да әр қилы: алайда олардың әрқайсысының түпкi мүддесi – әлемнiң тең жартысын өз қолымда ұстасам деген жасырын пиғылдың айналасына келiп тоғысады», - деп көрегендiкпен болжай бiлдi.
Францияның сыртқы iстер министрi А. Токвильдiң бұл айтқаны дәл келдi. Тұп – тура жүз жыл өткенде Америка мен Ресей дүниенi екiге қақ бөлiп исi адамзаттың тағдырын уысында ұстады. Олардың жеңiстерiнiң құны да бiр – бiрiне қарама - қайшы болды.

Америка экономикалық отарлауды мiсе тұтып, отар елдерiне өндiрiс салып, оның өнiмдерiн өз пайдасына жаратты. Ал Ресей империясы адамдардың рухын өлтiрiп, еңсесiн ездi. Әсiресе, отар ұлттардың тағдыры тәлкекке ұшырап, тiлiнен де, дiнiнен де, безуге мәжбүр еттi. Ұлт деген сөз – ең жеккөрiнiштi ұғымға, қарғыс атқан сөзге айналды. Ұлттық сана, ұлттық дербестiк, ұлттық мемлекет, ұлттық идея, рухани тәуелсiздiк қақында ой салатын жадымыздағы құбылыстардың барлығын жадылап, қилы - қилы қитұрқы амалдар арқылы арандатып, жазаға тартып отырды. Патшаның отра азияны отарлау жорығынан бас тартқан шоқанды, қазақтарды шоқындырудан арашалауға ұмтылған ыбырайды тiмiскi тыңшылары арқылы тұншықтырып тынды. Бiрiншi думаның алдына анна иоановна мен өбiлқайырдың қол қойған шарты бойынша ресейдiң қазақ жерiне баса көктеп кiруге қақысы жоқ екенiн дәлелдей келiп:



«Негiзгi заңда: қазақ жерi қазақ халқының мәңгiлiк меншiгi, оны ешкiмнiң де қосарлана иеленуiне жол жоқ - деп жазылуы тиiс. Қазақ жерiн мемлекеттiк меншiк және оған орыстарды қоныстандыру қажет – деген заң күшiн жойып, мүлдем сызылып тасталуы тиiс. Қазақтардың өзi рұхсат етпейiнше жердi уақытша не басыбайлы пайдалануға орыстардың құқы жоқ», - деген мазмұндағы бағдарлама ұсынған Әлихан Бөкейхановты империяның жауы ретiнде қудалады. Қазақ жерiне империяның қанды шеңгелiн салуына барынша құныға ұмтылған кауфман сияқтылар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет