Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз



бет65/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

52. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз
Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерін тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 196 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді (21, 18).
Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұхара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
53. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз

1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл құжатта тарихи қадам жасалынып қазақ тілі елде алғаш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда мемлекеттік тілді дамытудың тиімді тетіктері мен жолдары айтылғанымен, іске асырылмады. 1997 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған. Аталған Заңда мемлекеттік тілді дамыту шараларына қатысты нақты істерден гөрі ұраншылдық басым түсіп жатқандай әсер қалдырды. Ал қазақ тілі науқаншылдықты көтермейді. Мұнда тек жүйелі жұмыстар атқарылуы керек. Төртіншіден, мемлекеттік тілді қоғамның жеке бір саласында ғана дамыту арқылы жетістіктерге жете алмаймыз. Бұл істе кешенділік принципін басшылыққа алуымыз қажет. Алдымен мемлекеттік тіл Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Бұл үшін елімізде ең кемінде 3-4 телеарна, 3-4 радио арнасы 24 сағат бойы қазақ тілінде сөйлеп тұруы шарт. Ақпараттық орысша, ағылшынша бағдарламаларындағы қазақша хабарлардың 50 пайыз болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақтар өз балаларын қазақ балабақшаларына, мектептеріне беруі тиіс. Қоғамдық ортаны да қазақ тілінде ойлантып, сөйлету міндетін дереу шешпесек болмайды. Мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы басшы қызметкерлер түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қою керек. Осы міндеттерді шешетін болсақ, онда елдегі 11 млн қазақтың ішіндегі қазақша білмейтін 2 миллион қазақ ана тілінде 4-5 жылда сөйлеп шыға келеді. Халықтың 60 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп, оқып қызмет етіп жатса, қалған 40 пайызы міндетті түрде көпшіліктің соңына еретіні ақиқат. Бесіншіден, мемлекеттік тілдің елдегі орны мен беделін жарнамалардан, көрнекті безендіру құралдарынан байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласының көшелерінде орыс, ағылшын тілдеріндегі жарнамалар қаптап кетті. Онысымен қоймай, суреттерде, құлаштай жарнамаларда славян тектес жігіттер мен қыз-келіншектер келбеті бейнеленеді. Тілді таптап тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Көшедегі жарнамалардың мемлекеттік тілге нұқсан келтірмеу жағын батыл қолға алатын мезгіл жетті. Алтыншыдан, орыс, неміс және басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындағанда мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігін қатаң ескеру керек. Олардың нақты үлгісі басқа этникалық топтар өкілдерінің қазақ тіліне көзқарасын түзейтіні даусыз. Жетіншіден, мемлекеттік тілге қатысты заңды талаптарды орындамаған мекемелерді, ұйымдарды, лауазымды қызметкерлерді сот арқылы айыппұл төлеуге, т.б. жауапқа тартуға, қызметтерінен босату шарасына дейін шара қолдануға ұсыныстар беретін Тіл комитеттерінің арнайы бөлімі болуы тиіс. Оны тіл инспекциясы, тіл полициясы, т.б. деп атауға болады. Айтылған міндеттерді орындау елдегі тіл саясатының тиімділігін арттырары сөзсіз. Сегізіншіден, білім жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлін көтермесек, ұлттық рухты ұлықтамасақ, жетістікке жете алмаймыз. Сондықтан қазақ тілі пәнін орыс мектептеріне оқыту кестесін 2 есеге көбейтуді, Қазақстан тарихы пәнінен міндетті мемлекеттік емтиханды қалпына келтіруді, мектептерде, колледждерде, университеттерде Қазақстан тарихының сағат санын көбейтуді қамтамасыз ету керек. Ұлттық сана мен рухты тәрбиелемей, қазақстандық патриотизмді тәрбиелей алмаймыз. Бір ғана мемлекеттің тілі болып отырған орыс тіліне жармаса бермей, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге түбегейлі бетбұрыс жасайтын мезгіл жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет