Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Ғұндардың империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз



бет73/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

62.Ғұндардың империясының саяси тарихының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
Ежелгі Қазақ даласындағы этникалық, саяси, мәдени үдерістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Осынау жоғалып кеткен халық аты жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Атиллабастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.
Ғұндар б.э.д. IV-III ғасырларда қазiргi Монғолияда мемлекетiнiң территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстiк Сiбiр жерлерiнде көшпелi ғұн тайпаларының күштi саяси бiрлестiктерi қалыптасты.
​Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. 55 жылы аса ғұдыретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік батыс Монғолиядағы Қырғыз Нұр көліне таяу жерден теріскей ғұндардың билеушісі Шөже (Чжи Чжи) өз ордасын орнатады. Олар үйсіндерге шабуыл ұымдастырып тұрады. Шөже мен Қытай елі де жауласады, әсіресе Шөже қытай елшілерін өлтірткеннен кейін бұл жағдай одан әрі ушығып кетеді. Шөже мен оңтүстік ғұндар арасындағы бәсеке тартыс күшейе түседі. Осы кезде үйсіндер мен қаңлылар арасында да соғыс өрши түсті. Қаңлылар одақтас ретінде Шөжеге ұсыныстар жасап Талас өңіріндегі жерлерді беріп, әскеріне қолбасшылық құқығын береді. Оған қоса қаңлы билеушісі қызын береді. Бірақ оның үміті ақталмады. Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93жылы басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІV ғасырында олар Европадан бой көрсетеді. 
​Тарихшылардың басым көпшілігінің деректеріне сүйенетін болсақ, ғұндар түріктердің арғы ата бабалары, олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуібасталады. Б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.
​Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі өміріндегі басты рөлі жылқы мен қой атқарғаны белгілі. Өйткені, олар тебіндеп, жыл бойы жайыла алатын еді. Жылқылары моңғол тектес – жатаған, тұрпайы, бұлшық еттері мығым, қысқа да жалпақ басты болып келеді. Бұдан басқа өгіз, қодас, түйе табындары, орасан зор қой мен ешкі отарлары ұсталды. Мал отбасының меншігінде болды, әрбір отбасы мал жайылымы үшін ру аумағының бөлігін пайдалануға және өз руы тарапынан қорғауға алынды. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Олар малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстарды атып тіршілік қажетіне жаратқан. Біреуінің қылмысы үшін бүкіл ұжым жауап берді. Отбасылық қатынастарда көп әйел алу мен әмеңгерлік дәстүр үстем болды. 
​Ғұндардың қоғамы. Деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген. Кәсібі мен саудасы. Ғұндар арасында қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдарды көп табылғанынан белгілі. «Қабырғаларда кездесетін, қолдан немесе құмыра шеңберлерінде кездесетін керамика құмырал мен көзелер, саптыаяқтар» – құмырашы өнерінің жоғарғы дәрежеде екендігінің дәлелі. Қазба жұмыстары кезінде ғұндар қабырғаларынан шетелдік заттар табылған. Олар: жібек маталар, қытайдың ағаштан жасалған қымбат мүліктері, айналар мен нефриттен істелінген бұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет