Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
62.Қаңлылардың мәдени мұрасы туралы баяндаңыз. Б.з.б. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Қаңлы мемлекеті. Оның Шығыс шекарасы Талас өзенінің бойымен өтті де, кейіннен б.з. ІІІ ғасырда Жетісудың оңтүстік-батысына дейін жетті. Мемлекеттің аумағы Ташкент жазирасын, сондай-ақ Сырдарияның төменгі және орта ағысын, Жаңадария, Қуандария өзендерінің аңғарларын, Арыс өзенін, Қаратау бөктерлерін қоса, Оңтүстік Қазақстанның байтақ кеңістігін алып жатты. Астанасы Битянь қаласы болды. Халқы 120 мың отбасы, 600 мың адамды, әскер саны 120 мың адамды құраған.Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті.Қаңлы тайпалары ІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген. Қаңлы мемлекетiнiң халықтары негiзiнен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады.
Қаңлы мемлекетi туралы алғаш рет бiздiң дәуiргедейiнгi ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Сол деректердiң қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттiңорталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Жапон ғалымы Сиратори ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді. Кейбiр мәлiметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетiн патшабасқарған. Олардың патшалары ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттiк аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшiсi болды. Қаңлы мемлекетінің заңы бойынша ұрлық жасаған үшін қолы кесілді. Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегін Оғыз ханмен байланыстырылады.
Кангюйлер мекендеген археологиялық ескерткіштері
қауыншы, 2) отырар-қаратау, 3) жетіасарархеологиялық мәдениеттеріне жатқызылады. 1) Ташкент; 2) Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, 3) Қуандария мен Ж
1) Қауыншы мәдениеті Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б.з.б. ІІІ ғ. мен б.з. І ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.
Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдария сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20м. жуық дөңгелек төбе (оба) ерекше көрінеді.
2) Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шақырым шаршы болатын 20 шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр: Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, шөлтөбе, т.б. Олардың ең ірісі: Көк-Мардан. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан қала орталығы болған.
б.з. Іғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді. Б.А.Литвинскийдіңпікірінше, кангюйлер иран тілдес сақтардың тұқымы. Оның ойынша, Кангюй атауы сақ тайпалары бірінің атауы болуы мүмкін, оны аударғанда — “тері киімді адамдар” (немесе сауат).
Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған.
1. Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы.
2. Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы.
3. Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы.
4. Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы.
5. Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы.
Дәл қай жерде орналасуы белгісіз.
Қаңлылардың билеуші титулы хан болды. Бүкіл елді басқару ісін 3 үәзірі атқарған. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді Қаңлылар туралы мәліметтерді Хань әулетінің «Цянь Ханьшудың» жерге орналасуды суреттеу» деген бөлімінде айтылады. Қаңлылар туралы зерттеулерде өздерінің елеулі үлес қосқан ғалымдар бұл А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, Л.Левина, Ю.Ф.Буряков.