Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз



бет66/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

54. «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызын көрсетіңіз

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы .
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монетасы айналыста болды.
1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат қөріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Үш күн өткен соң 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығына айналымға енгізілді
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты
1995 жылғы наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
- Инвестициялық монеталар
— Коллекциялық монеталар
— Айналыста жүретін монеталар.
1995 жылғы 30 наурыздағ ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.
ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
55. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді талдаңыз

Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
1941 жылы КСРО үкіметінің Эвакуация жөніндегі Кеңестің шешімімен Ресей және КСРО Ғылым Академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналасады. Қ.Сәтбаев талай кеңестік оқымысты ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырады. 1940 жылы бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалында 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. Бұл жерде 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары қызмет етті. Соғыс жылдары ғылыми кадралар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. Қ.Сәтбаев республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуына қыруар дайындық іс-шаралар жүргізді. Осы мақсатпен ғалым 1944 жылы 3 қантарда республика басшылығына бір орталықтан ұйымдастырылып, үлестіріп отыратын республикалық Ғылым Академиясын ашу мұқтаждығы көрсетіліп, қазақстандық ғылым дамуы туралы хат жолдайды. 1944 жылдың соңында Қ.Сәтбаев үкімет тапсырмасы бойынша ҒА ашуға жұмыстарына кірісе бастайды. ҚазКСР Ғылым Академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И.Вавилов кіреді.
Ұзақ дайындық жұмыстардан кейін 1946 жылы 1 маусымда ҚазақКСР Ғылым Академиясы құрылады. Ғылым ордасы алғашқыда қазіргі микробиология Институтының екіқабатты ғимаратында орналасты. Ғылым академиясының құрамында 18 ҒЗИ, 8 сектор, 7 тәжірибелі станция, 3 ботаникалық бақ болды. Қызметкерлердің саны 1400 адам, соның ішінде 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаттары. Қ.Сәтбаев бастамасымен 11 жаңа ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
Дегенмен, 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет