Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз



бет99/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

89Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз 
Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылы әлемдік қоғамдастықтың көз алдында. Осы орайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына биыл (ҰҚШҰ) төрағалық жасап отырған еліміздің ұстанған негізгі бағытын ерекше атап өтуге болады.
Жалпы, ауқымы кең БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ және ҰҚШҰ секілді бірлестіктердің қызметінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ядролық қаруды жою және таратпау, кедейшілікпен күрес, азық-түлік қауіпсіздігі, саяси-экономикалық ынтымақтастық, экологиялық түйткілдер сынды басқа да өзекті мәселелерді қамтыған қазақстандық бастамалар бойынша қолға алынған шаралар жеткілікті. Бұлардың арасында аймақтық бірлестік болғанымен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өзіндік зор ықпалын тигізіп отырған, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері мүше болып табылатын ҰҚШҰ жұмысын жандандыруда шешуші рөлге ие Қазақстан тарапы белгілеген басымдықтардың аталған ұйымның негізгі бағыт-бағдарын айқындаудағы маңызы айрықша.
Былтыр бұл бірлестікке мүше мемлекеттер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл және осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанын атап өткені белгілі. Саясат және қауіпсіздік саласында маңызы зор бұл екі бірдей мерейтойдың Минскіде (Беларусь) өткен қорытынды жиыны – ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында аталған бірлестіктің 2018 жылғы төрағасы болып Қазақстан бекітілген-ді.
Осы алқалы жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық және халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету секілді стратегиялық басымдықтар қамтылған негізгі міндеттерді нақтылап берген болатын. Халықаралық және аймақтық бірлестіктерге төрағалық етуде мол тәжірибе жинақтаған Қазақстан бұл жолы да әлемдік сын-қатерлерді екшеп, оларды алдын-алуға байланысты басты мәселелердің күн тәртібіне қойылуына мұрындық болды.
Осы арада жоғарыда айтылып өткен, Минскіде ұйымдастырылған мерейтойлық сессияда Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен басым міндеттерге қысқаша тоқтала кетейік.
Мемлекет басшысы Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық жасайтын 2018 жылы мүше елдердің әскери саладағы өзара ынтымақтастығын, іс-қимыл көлемін кеңейту ісіне баса назар аударылатынын жеткізді. Осы орайда әскери-техникалық саладағы серіктестікті нығайтудың маңызы айқындала түседі. Бұл өз кезегінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау мен сын-қатерлердің алдын алуға оң ықпалын тигізеді. Сондай-ақ Елбасы ұйымның лаңкестік әрекеттерге қарсы тұрудың әлемдік жүйесін қалыптастыруға атсалысуын қамтамасыз ету қажеттігін күн тәртібіне шығарды. Бұл бірінші кезекте бірлестіктің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуға, олармен бірлесе жұмыс істеуіне кеңінен жол ашады. Қазіргі таңда терроризм деген аждаһа барлық қауіп-қатерлердің басында тұрғанын ескере сөйлесек, ұжымдық күштерді ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызы арта түсетіні анық.
Бұлардан бөлек, ұйымға мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге ауызбіршілікпен қарсы тұру, заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимылды жандандыру тәрізді бағыттар мен міндеттер де Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылды. Міне, осы аталған басымдықтар қазіргі таңда ҰҚШҰ-ның жұмысында басшылыққа алынып отыр.
Негізінде біздің еліміз күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық мәселелерді нақтылап, саяси тұрғыда дұрыс бағамдап, оларды шешу жолдарын көрсетіп қана қоймай, өзіндік батыл іс-қимылдарымен көптеген түйткілдерді оңтайландыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл іс-қимылдар шежіресіне тереңірек шолу жасар болсақ, тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытындағы Қазақстанның бітімгершілік бастамаларының, саяси кикілжің орын алған аймақтардағы дағдарыстарды дипломатиялық жолмен реттеудегі қадамдарының, адамзатты толғандырып отырған түрлі жағдаяттарды шешуге қатысты аса маңызды жобаларының тұтас тарихына куә боламыз. Әсіресе еліміздің әлемдік ауқымдағы іс-қимыл үдерісі 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымен, осы Кеңеске 2018 жылдың қаңтарында төрағалық етуімен жаңаша сипатқа ие болды. Бұл жасампаздық жолы Қазақстанның ҰҚШҰ-ға жетекшілік жасауы арқылы өз сәтімен жалғасын тауып отыр.
Әлемдік қоғамдастықтан жоғары бағасын алып, беделді ұйымдар қатарынан көріне білген ҰҚШҰ жұмысының нәтижелі болуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан енгізілген ұсыныстардың оң әсерін тигізгенін баса атап өткеніміз жөн. Аймақтық бірлестік ретінде құрылғалы 15 жылдан астам уақытты артқа тастаған ҰҚШҰ аясындағы келісімдердің нәтижесінде қазіргі кезеңде елімізге шетелдік қару-жарақ, әскери техникаларды жеңілдікпен сатып алуға жол ашылып отыр. Мұның бюджет қаржысын үнемдеп, әскери құрылымдарымызды, құқық қорғау саласын жаңа әрі озық үлгідегі қару-жарақтармен және техникамен қамтамасыз етуге берілген үлкен мүмкіндік екенін түсінуіміз қажет. Бұл мәселеге қатысты ҰҚШҰ көлемінде көпжылдық Әскери-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілгенін, соның арқасында әскери техника мен қару-жарақтар саласында қызмет көрсететін құрылымдардың жүйесін құру ісі жүзеге асырылып жатқанын айта кетуіміз керек. Бұл өз кезегінде отандық әскери өнеркәсіптің әлеуетін көтеруге, заман талабына сай дамытуға кеңінен жол ашатыны анық.
Сонымен қатар әскери сала мамандарын бірлесе дайындау шарасы да ҰҚШҰ шеңберінде оңтайлы жүзеге асуда. Бұл еліміздің әскери сала қызметшілерінің Ресей мен Беларусь елдерінде әскери жоғары оқу орындарында ақысыз немесе жеңілдікпен оқуына мүмкіндік береді.
Бүгінде ұйым аясында құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар қызметі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін, бітімгершілік күштерді қамтып отырған ұжымдық қауіпсіздік жүйесі өз деңгейінде жұмыс істеп тұр. Қазір халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күреске ерекше көңіл аударып отырған ҰҚШҰ-ның жұмысында аталған жүйенің қызметі зор. Жоғарыда айтылып өткен бөлімшелер түрлі оқу-жаттығу шараларына белсене қатысып, уақыт талабына сай өз деңгейлерін көтеруде.
Биыл Қазақстан төрағалық етіп отырған ҰҚШҰ арнайы бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде өз жұмысын жүргізуде. 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын бұл жоспар әлемдік және өңірлік сын-қатерлерді ескере отырып, ұжымдық күштерді біріктіруді, өзара әріптестікті нығайту арқылы қауіп-қатерлермен жұмыла күресуді көздейді. Сондай-ақ орта мерзімге арналған аталған құжатта ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты арттыру ісі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – әлемдік маңызды мәселе. Осы орайда халықаралық және аймақтық қауіпсіздік шаралары тең дәрежеде қарастырылуы тиіс. Сондықтан Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды бір ізге түсіре үйлестіруде маңызды құрал болып табылатын ҰҚШҰ-ның қызметі біз үшін өзге де ұйымдар секілді аса маңызды. Сол себепті біз ұйымның Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, ең тиімді әскери топтасу болып саналатын Ұжымдық жедел ден қою күштерінің және Ұжымдық әуе күштерінің қызметіне, түрлі келеңсіз жағдаяттардың алдын алу шараларын қамтитын, бірлестік аясында өтетін «Канал», «Нелегал» сынды операцияларға айырықша маңыз берілуінің мәнісін түсіне білуіміз қажет. Өйткені Қазақстан тарапы белсене атсалысып отырған ҰҚШҰ аясындағы әрбір шара халықаралық және өңірлік тұрақтылықты сақтауға, жаңа сын-қатерлерге қарсы лайықты күресуге негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет