Тарихы ( Ерекше әшекей )



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі7,9 Mb.
#34413
  1   2   3   4   5   6
Тарихы ( Ерекше әшекей )

Фильц- арнайы инемен, жүнмен жасалатын қолөнер түрі.Қазіргі күндегі кең матаға немесе өзін тығу,айналдыру процесі «фильц» деген мағынаны білдіреді.

Әдісін бастау үшін келесі құралдар керек: жүн, губка, арнайы астар, сентифон, арнайы инелер.Иненің кесінділері жұмыс жасайтын бағытына қарама-қарсы жасалған, ол жүнді араластырып нығыздау, бастыру, үйлестіру және заттың пішінін шығару үшін.Тереңдету үшін инені тек бір жерге қайталап кіргізу керек. Ине жуан болған сайын жылдам фильц басылады, жүнде тесік тәрізді іздері де қалады. Жұмысты басында жуан инемен бастап соңында жіңішкесімен аяқтаймыз. Әдісті қолданғанда иненің бірнешеуін алған жөн. Себебі инелер нәзік, сынғыш болып келеді. Қауіпсіздік мақсатында құралдарды дұрыс сақтау керек.Осы әдіспен жасалатын әшекейлер: сәнді сақина, сырға, алқалар, тұмар, сәнді тереуіштер. Сондай-ақ әдемі жұмсақ жүннен жасалған панно: «жазғы табиғат», «қазақша натюрморт», «көктем гүлдерін», «күнбағыс шоғырынан панно», «мак гүлі», тағы да басқа коптеген заттар жасауға болады.

Материалдар мен құралдар арқылы жұмысты: Илеу техникасы кәдімгі иірілмеген жүннен кез келген бұйымды жасауға мүмкіндік береді.Фильц әдісінде илеуге, иірілмеген жүнді де пайдалануға болады. Бұл материал сулы және құрғақ илеу техникасында, сонымен қатар аралас техникаға да келеді.

Илеу әдістері мен техникасы: Илеудің екі негізгі әдісі бар:сулы және құрғақ.

Құрғақ илеу әдісі: Құрғақ әдісімен илеу кезінде жүннен басқа арнайы инелер, сентифон, губка жатады. Техникасы өте қарапайым. Өзімізге қажетті кез келген поролонның үстіне жүнді саламыз.Әдемі гүлдің бейнесін сала отырып, және мүмкіндігімізше оған керекті пішінді бере отырып, түрлі-түсті ашық жүнді пайдаланамыз. Жүн бөліктерін бірге жинай отырып, арнайы инемен көп мөлшерде бір рет қадап, жүн қабатының әр төселген қабатын бекітеміз. Мұндай қарапайым тесудің арқасында жүн басылады. Жүннің бір жағы иленген бойда, губканың бетінен жаймен суыра отырып, бұйымды аударамыз және оны екінші жағынан «тесе» бастаймыз. Егер ол мықты, бүтін, біртұтас болса, бұйым дайын болады. Иненің ұшы үшқырлы қима болып келеді. Сондықтанда қырларында, ине қозғалысы кезінде төменнен жоғарыға жүн талшықтарын тартып, шиеленістіретін арнайы сызықтар бар.Үш түрлі өлшемдегі инелер болады: қалың(бастапқы, илеу үшін), орташа(жұмысты аяқтау үшін), жұқа (инемен жол салу үшін).

Илеудің құрғақ әдісімен негізінде әртүрлі ерекше әшекей бұйымдар, қолданбалы қол өнер панно жасауға болады



Шебер класс
Күнбағыс шоғыр бейнесі
Композиция сабағында әр түрлі бағытта жұмыс жасауға болады. Қажетті құралдар техникасы арқылы, кәдімгі иірілмеген жүннен кез келген қолдаңбалы өнер бұйымдарын жасауға болады.Негізгі ретінде табиғи немесе синтетикалық синтефон, және жүннен жасалған астар пайдаланады.
Қажетті құрал мен материалдар


  1. Меринос жүні ақ түсті немесе синтефон - 25 грамм

  2. Әр түске боялған жүндер: зәйтін түсті, ашық жасыл түсті, күңгірт жасыл түсті, майлы тжәне қоңыр түстер , қосымша бөлшектері үшін қажетті.

  3. кергіш (20х20см),қатырма қағаз

  4. поролон

  5. сабын ерітіндісі

  6. түкті сүлгі

  7. тесіп жасайтың құрал \фильцерлеу\ инесі

  8. қайшы





Шебер класс
Жұмыс жасау әдістері

Каталог: uploads -> doc -> 0350
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0350 -> Сабақ Тақырыбы: § 29 «Солтүстік Америка материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы» Пән мұғалімі: Жанжигитова М. М. 2015-2016 оқу жылы Сабақ жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет