Тарихи дерек ұғымы



бет10/12
Дата18.12.2021
өлшемі67,54 Kb.
#103114
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Акшулакова Бибигуль источниковедение

Бір құдайға сыйынып,

Кел балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Ыбырай 1884 жылы Қазан қаласында өзінің атақты «Ислам Шариаты» атты кітабын шығарды. Қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған бұл еңбегінде ол мұсылмандықтың негізгі қағидаларын қазақ мәдениетіне шебер қоса білді. Шығыс Ренессансында қалыптасқан дін мен білімнің арасындағы үйлесімділік идеясын (әл-Фараби, ибн-Сина т.б.) Ыбырай өз заманына байланысты дамыта білді. Қай дінде болсын, адамдар бір-бірін сыйлау керек делінеді, ал мәдениетсіздіктің негізгі себептеріне надандық, жалқаулық және мақтаншақтық жатқызылады. «Ендігі жерде мынадай ақылды бұлжытпай ұстаңыз, — дейді Ыбырай Н.А. Мазохинге жазған хатында, — бұл менің айтып отырған ақылым емес, атақты философ-педагог Коменскийдің ақылы. Ол кісі: «Қолындағы барын қанағат ете білетін адам, шын бақытты адам және біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам шын бақытты адам», — деген екен; ал тағы бір араб философы бақыттылық пен байлық неде — дегенде — «ынсаптылықта», — деп жауап берген екен; міне осы ақылды алыңыз». Шын мәнісінде, Шоқан мен Ыбырайдың қызметі мен шығармашылығы кейін XX ғасырдағы Қазақстан жеріндегі большевизмге емес, керісінше ұлт-азаттық қозғалысына демеу болды.

Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы — ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрінен арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді.

Абай туралы көптеген еңбектерде бір-біріне қарама-қарсы пікірлер айтылып жүр. Әсіресе, тоталитарлық жүйе кезінде Абай қазақ арасында орыс мәдениетін насихаттаушы болды, ол жер ауып келген Ресей ғұламаларының ықпалымен дәстүрлі көшпелі мәдениет құндылықтарынан бас тартты деген пікірлер жиі айтылды. Тағы бір көп тараған пікір Абайды дала феодализмімен қабаттастырып қою мен оған «діни философ», «пантеист», «ағартушы» сияқты айдарларды тағумен байланысты. Ортағасырлық озық мәдениетінен, қалалары мен төл жазуынан айырылған халықтың бар сенімі фольклор еді. Көшпелі мәдениетке қолайлы форма — ауыз әдебиеті, ел басқарудың ұтымды түрі — билер соты. Алайда 19 ғасырдың екінші жарты сынан бастап Қазақстанды Ресей өзінің тікелей отарына айналдырып, жаңа әкімшілік тәртібін енгізді. Қысқаша айтқанда, көшпелілік мәдениет орыс империясының әсерінен біртіндеп шайқала бастады. Қалалар салынып, фабрика мен зауыттарда қазақ жұмысшылары көбейе берді. Ресей экспансиясы қазақ сахарасындағы көне Шығыс мәдениетін ығыстыруды өзінің негізгі мақсаттарыньщ бірі деп санады. «Абай, — дейді Ғ. Есімов, — тұтас ел болудан қалған, отаршылйқ жағдайда күн кешкен қоғамда туған, оның ойшыл болып қалыптасуы 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының басынан кешкен ауыр тұрмысына сәйкес келеді. Абайды тек ақын қылмай, ойшыл гуманист дәрежесіне де көтерген осы өтпелі қоғам қайшылығы». (Хакім Абай. Алматы, 1994, 31— 32-бет). Қазақ халқының ауыз әдебиетінен нәр алған Абай жаңа ұлттық жазба мәдениетке көшуге негіз салды. Батыс (Ресей) мен Шығыстың (Ислам) өркениеттерінің арасындағы Қазақстан болашаққа қарай жол іздеуге мәжбүр болды. Далалық мәдениет осы екі ағынның ортасында өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылды. Абай орыстық білім мен техниканы насихаттағанымен, христиан дінінен қазақты аулақ болуға шақырады. Ислам — халықтық мәдениеттің тірегі, оның рухани қазығы.



Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас соз еш уакытта жалған болмас.

Абай исламды қазақ халқына тұрақты жаңа өркениетті, жоғары имандылықты қалыптастыру құралы ретінде уағыздады. 28-сөзінде ол былай дейді: «Құдайтағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен... Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдайтағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неден болады?» Жоғарыда келтірілгеннен Абай діншіл, ескіні жақтаушы тәрізді пікірлер тумауы тиісті. Оның мұраты — парасат және мәдениетке қолдаушы болатын ислам. Абайды ағартушы діни ғұлама деп бағалаған дұрыс. Алла жаратушы болғанымен, дүниенің тұтқасы, белдігі — адам. Сопылық бағытпен жақсы таныс Абай Алла мен Адамды қосатын күш ретінде махаббатты ұсынады: Дененің барша қуаты, Өнерге салар бар күшін. Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса төңірі үшін... Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Абайдың өз шығармашылығында қойып отырған үлкен мәселенің бірі — мәдени сабақтастық. Көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа ауыса бастауына, Батыс мәдениетінің қазақ еліне таралуына қатысты дәстүрлік мәдениет пен өзгерістердің арақатынасын анықтау қажет еді. Ренессанстық парсы — араб өркениетін жоғары бағалаған Абай, ескі мұраны қайтадан жандандыруға шақырды. Абай нәр алған қайнарлардың бірі — классикалық Шығыс поэзиясы мен суфизм. Физули, Шэмси, Сәйхали, Навои, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз — бу һөммеси Мөдет бер я шағири, фәрияд. Бұрынғы мұра туралы сөз болғанда, оны тек араб-парсы мәдениетімен шектемеу керек. Түрік елінен шыққан Әбунасыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Мүхамед Хайдар Дулати т.б. шығармашылығымен Абай жақсы таныс болған. Ол — этностық мәдениеттің насихатшысы. Ұлы ойшыл ақын сонымен бірге ежелгі мұра мен Бұқаралық мәдениеттегі теріс жақтарды да анық көре білген. Ол ислам дінін өз мақсаттарына бұрмалаған кейбір діни өкілдерді әділ сынға алады. Дәстүрлі мәдениет туралы Абай өзінің 39-сөзінде былай дейді: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуірді біржола жоғалтып алдық. Осы күндегілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік». Бұл жерде екі мінез деп Абай елдік намысты, бірлікті, өзара дау-жанжалдан аулақ болуды айтады. Зарзаман ақындарынан Абайдың бір айырмашылығы, ол әлі құрыған уайым мен мұңның орнына қазақ мәдениетінің кертартпа жақтары мен кемшіліктерін түсінетін көзашықтық пен оларды емдеу жолдарын көрсетеді. Мәдениетті елдер қатарына қосылу үшін, дейді Абай, ең алдымен қазақ халқы төмендегідей кеселді қылықтардан құтылу керек: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің. Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады. Залымдық — Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады». Осындай теріс қылықтарды атап айтқан Абай өз халқының бойындағы кемшіліктерді де көрсетеді. Бұл жерде ол «біз ең жақсы халықпыз» сияқты құр далбасалықтың орнына көршілес ұлттардың жақсы жақтарын қабылдауға шақырады: «Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп... Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың «ахиреттігін», тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды... Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына құзғын тамағымыз үшін біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз... Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз». Абай бұл сөздерін қазақ халқын жамандау үшін айтпаған. Ол осы тарихи тұманнан шығу жолын іздейді. Абай қазақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді, көрісіне малыңды дұрыстап бақ дейді, атқа мінген жақсыларына елді іріткіге салмай, адал еңбек қыл, парызыңды атқар дейді. Абайдың қазақ мәдениетіне қосқан тағы бір үлесі Ақыл мен Жүректің арақатынасын заман талабына сәйкес шешуінде жатыр. Бұл мәселе ежелден Шығыс өркениетінде жан-жақты талқыланған. Әл-Фараби мен суфизм фәлсафасында белгіленген екі бағыт кейін де талай ғұламаларды толғандырды. Абайдың пікірі бойынша, ақылды жетілдіру үшін Солтүстіктен Логосты, Білімді қабылдау қажет. 25-сөзінде ол орыс тілі, оның мәдениеті арқылы Еуропа өркениетін меңгеру қажет дейді. Алайда бұдан Абай Ресей империясының саясатын қолдады деген пікір тумау керек, ол отаршылық әкімшіліктің итаршыларын қатты сынға алады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет